Итраконазол-РТ

МНН: Итраконазол
Производитель: Павлодарский фармацевтический завод ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Itraconazole
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-3№122074
Период регистрации: 16.02.2016 - 16.02.2019
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)
Предельная цена закупа в РК: 151.19 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Итраконазол-РТ

Халықаралық патенттелмеген атауы

Итраконазол

Дәрілік түрі

100 мг капсулалар

Құрамы

Бір капсуланың құрамында

белсенді зат - итраконазол 100 мг,

қосымша заттар: бутилметакрилат сополимері негізгі (Эудрагит Е100), гипромеллоза (гидроксипропилметилцеллюлоза), қант сферасы, макрогол - 20000 типі (полиэтиленгликоль-20000), тальк,

капсула құрамы: желатин, титанның қостотығы (Е171).

Сипаттамасы

Ақ түсті корпусы мен қақпақшасы бар қатты желатин капсулалар. Капсула ішіндегісі – ақшыл қоңыр түсті пеллеттер.

Фармакотерапиялық тобы

Жүйелі пайдалануға арналған зеңге қарсы препараттар.

Триазол туындылары. Итраконазол

АТХ коды J02AC02

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Итраконазол фармакокинетикасы дені сау субъектілерде, емделушілердің ерекше топтарында, сондай-ақ препаратты бір рет және қайталап тағайындағанда зерттелді.

Сіңуі

Итраконазол пероральді қабылдағаннан кейін жылдам сіңеді. Плазмадағы өзгермеген дәрілік препарат ең жоғары концентрациясына пероральді қабылдағаннан кейін 2-5 сағат ішінде жетеді. Итраконазол биожетімділігінің абсолютті деңгейі 55% жуықты құрайды. Пероральді биожетімділігі капсулаларды тойып тамақ ішкеннен кейін қабылдағанда ең жоғары болады. Плазмадағы тепе-теңдік концентрациясына препаратты күніне бір рет 100 мг, күніне бір рет 200 мг және күніне екі рет 200 мг пероральді қабылдағанда тиісінше Cmax 0,5 мкг/мл, 1,1 мкг/мл және 2,0 мкг/мл 15 күн ішінде жетеді. Емді тоқтатқаннан кейін итраконазолдың плазмадағы концентрациясы 7 күн ішінде айырмасы жоқ дерлікке дейін төмендейді. Итраконазолды жоғарырақ дозаларда қабылдағанда оның клиренсі төмендейді, бұл бауырдағы метаболизм жүйесінің қанығуына байланысты.

Таралуы

Итраконазолдың плазмадағы басым бөлігі ақуыздармен (99,8%) байланысты, негізінен альбуминмен (99,6% гидрокси-метаболит үшін). Сондай-ақ итраконазолдың липидтерге айқын тектестегі бар. Плазмадағы итраконазолдың бос фракциясы тек 0,2% құрайды. Итраконазолдың организмдегі таралуы үлкен болжамды таралу көлемімен (> 700 л) жүреді, бұл тіндердегі қарқынды таралуын болжауға мүмкіндік береді. Өкпедегі, бүйректегі, бауыр, сүйектердегі, асқазандағы, көкбауырдағы және бұлшықеттердегі препарат концентрациясы плазмадағы сәйкес концентрациялардан екі-үш есе жоғары. Препараттың мидағы және плазмадағы деңгейінің арақатынасы 1 шамасына тең. Итраконазолдың құрамында кератин бар тіндерге, атап айтқанда теріге түсу деңгейі плазмадағыға қарағанда төрт есе жоғары.

Метаболизмі

Итраконазол нәтижесінде метаболиттердің көп саны түзілетін бауырдағы қарқынды метаболизмімен сипатталады. Негізгі метаболиті итраконазолмен салыстырғанда in vitro зеңге қарсы белсенділік танытатын гидрокси-итраконазол болып табылады. Плазмадағы гидрокси-метаболит концентрациясы итраконазолдың сәйкес концентрациясынан шамамен екі есе жоғары. In vitro зерттеулеріндегі бақылауларға сәйкес, CYP3A4 итраконазол метаболизміне қатысатын негізгі фермент болып табылады.

Шығарылуы

Итраконазол жүйелі қан ағынында жақсы сіңеді. Плазмадағы ең жоғары концентрациясына пероральді қабылдағаннан кейін 2-5 сағат ішінде жетеді. Итраконазол нәтижесінде метаболиттердің көп саны түзілетін бауырдағы қарқынды метаболизмімен сипатталады. Негізгі метаболиті плазмадағы концентрациясы өзгермеген дәрілік заттың концентрациясынан шамамен екі есе жоғары гидрокси-итраконазол болып табылады. Итраконазолдың жартылай ыдырауының соңғы кезеңі бір реттік дозасын қабылдағаннан кейін 17 сағатқа жуықты құрайды, препаратты қайталап қабылдағанда 34-42 сағатқа дейін жоғарылайды. Итраконазол фармакокинетикасы дозаға байланысты емес, тиісінше препарат плазмада қайталап қабылдағаннан кейін жиналады. Итраконазол организмнен белсенді емес метаболиттер түрінде шығарылады: 35% дейіні бірінші аптада несеппен шығарылады, 54% дейіні – нәжіспен шығарылады. Бастапқы препараттың бүйрекпен шығарылу деңгейі дозаның 0,03% азы құрайды, өзгермеген дәрілік препараттың нәжіспен шығарылуы дозадан 3-тен 18% дейін ауытқиды. Итраконазолдың құрамында кератин бар тіндерге қайта таралу деңгейі елеусіз болғандықтан оның бұл тіндерден шығарылуы эпидермистің регенерациясына байланысты жүреді.

Плазмадан айырмасы, препараттың терідегі концентрациясы 4 апталық курс біткеннен кейін 2-4 апта бойына сақталады, ал тырнақ пластиналарының кератинінде – ол арада итраконазол ем басталғаннан кейін 1 аптадан кейін-ақ анықталады – 3 айлық емдеу кезеңі аяқталғаннан кейін ең кемі алты ай ішінде анықталады.

Емделушілердің ерекше тобы

Бауыр жеткіліксіздігі бар емделушілер

Итраконазол көбіне бауырда метаболизденеді. Бауыр циррозы бар емделушілерде дені сау еріктілермен салыстырылған бағалау жүргізілген:

итраконазолдың бір реттік пероральді дозасынан кейін (100 мг бір капсула)

Cmax, AUC және жартылай ыдырауының соңғы кезеңінің көрсеткіштері өлшенген және топтар арасында салыстырылған. Бауыр циррозы бар емделушілерде итраконазолдың Cmax орташа көрсеткіші елеулі төмендеген

Қолдану тәсілі және дозалары

Бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілер

Бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілерде итраконазолдың дәрілік түрлерін пероральді қолдану бойынша деректер шектеулі. Емделушілердің қарастырылатын тобын емдеу сақтықпен жүргізілуі тиіс.

Фармакодинамикасы

Итраконазол белсенділігі кең ауқымдағы, триазол қатарының препараты. In vitro зерттеулерінде итраконазолдың зең жасушаларында эргостерол синтезін бұзатыны көрсетілген. Эргостерол зеңдердің жасуша жарғақшасының өмірлік маңызы бар компоненті болып табылады. Ал бұл заттың синтезі бұзылуы препараттың зеңге қарсы әсерімен түйінделеді. Итраконазол үшін сезімталдық деңгейі беткейлік микоздарда бөлінетін тек Candida зең штаммдары үшін ғана анықталған (CLSI M27-A2 әдісі бойынша (сұйық қоректік ортада сұйылту көмегімен сезімталдығын анықтаудың эталондық әдісі), EUCAST критерий бойынша баға беру жүргізілмеген). Микроорганизмдердің сезімталдық деңгейі CLSI әдісі көмегімен анықталды: жоғары сезімтал (≤ 0,125 мкг/мл); сезімталдығы әлсіз (0,25 - 0,5 мкг/мл), резистентті ( > 1 мкг/мл). Мицелиальді зеңдердің сезімталдық деңгейі анықталмаған. In vitro зерттеулерінде итраконазол әдетте зеңдердің үлкен ауқымда өсуін адам үшін патогенді ≤ 1 мкг/мл тең концентрациясында тежейтіні көрсетілген. Олардың арасында: дерматофиттер (Trichophyton spp., Microsporum spp., Epidermophyton floccosum); ашытқы (C. albicans,, Cryptococcus neoformans, Malassezia spp., Trichosporon spp., Geotrichum spp. қоса, Candida spp.); Aspergillus spp.; Histoplasma spp.; Paracoccidioides brasiliensis; Sporothrix schenckii; Fonsecaea spp.; Cladosporium spp.; Blastomyces dermatitidis; Coccidiodes immitis; Pseudallescheria boydii; Penicillium marneffei; және ашытқы мен зеңдердің басқа түрлері.

Candida krusei, Candida glabrata және Candida tropicalis әдетте итраконазолға сезімталдығы төмендігімен сипатталады.

Әртүрлі Candida штаммдарының кейбір изоляттары in vitro жағдайларында итраконазолға бірдей емес дәрежедегі резистенттілік танытады.

Итраконазол тежей алмайтын зеңдердің негізгі типтеріне зигомицеттерді (мысалы, Rhizopus spp., Rhizomucor spp., Mucor spp. және Absidia spp.), Fusarium spp., Scedosporium spp. және Scopulariopsis spp. жатқызуға болады.

Азол қатарының зеңге қарсы препараттарына резистенттілік баяу дамиды, көбіне бірнеше генетикалық мутация салдары болып табылады. Резистенттілік дамуының анықталған механизміне негізгі фермент 14α-деметилазаны кодтайтын ERG11 генінің шамадан тыс синтезі, препараттың нысанаға тектестігі төмендеуіне алып келетін ERG11 генінің нүктелік мутациясы және/немесе эффлюкс жоғарылауына алып келетін тасымалдағыштың шамадан тыс синтезі жатады.

Кластың бір өкіліне резистенттілік болуы басқа препаратқа міндетті түрдегі резистенттілікті білдірмесе де, Candida spp. үшін азол қатары препараттарының жеке өкілдері арасындағы айқаспалы резистенттілік анықталды. Итраконазол-резистентті штаммдар Aspergillus fumigatus туралы хабарланған.

Қолданылуы

- гинекологиялық ауруларды (вульвавагиналдық кандидозда), ауыз қуысының кандидозын емдеуде

- дерматофиттармен және/немесе ашытқы зеңдерден туындайтын (жүйелік және беткейлік микоз, түрлі-түсті теміреткі, зеңдік кератитті қоса) дерматомикозда және онихомикозда

  • иммундық жүйесі әлсіреген емделушілердегі криптококкозда (криптококктық менингитті қоса) және бірінші желінің тиімсіз емінде иммундық статусына байланыссыз орталық жүйке жүйесінің криптококкозында

  • жүйелік аспергиллезда және кандидозда

  • гистоплазмозда

  • бластомикозда

  • терілік лимфалардың және терінің споротрихозында

  • паракокцидиоидомикозда

Қолдану тәсілі және дозалары

Итраконазол-РТ капсулаларын оңтайлы сіңуі үшін тойып ішкен тамақтан кейін дереу қабылдау керек. Капсулаларды тұтас жұту керек.

Көрсетілімі

Дозасы

Емнің ұзақтығы

Вульвовагиналдық кандидоз

200 мг күніне екі рет немесе 200 мг күніне бір рет

1 күн немесе 3 күн

Дерматомикоз

200 мг күніне бір рет немесе 100 мг күніне бір рет

7 күн немесе 15 күн

Терінің жоғары дәрежелі кератинизациясы бар табан және алақанның дерматофитиясы

200 мг күніне екі рет немесе 200 мг күніне бір рет

7 күн немесе 30 күн

Түрлі-түсті теміреткі

200 мг күніне бір рет

7 күн

Ауыз қуысының кандидозы

100 мг күніне бір рет

15 күн

Иммундық жағдайы әлсіреген кейбір емделушілерде (мысалы, нейтропениясы бар, ЖИТС-пен немесе ағзалар трансплантациясын өткерген) Итраконазол-РТ капсулаларынан итраконазолдың пероральді биожетімділігі төмендеуі мүмкін. Демек, дозаны екі еселеу талап етілуі мүмкін.

Зеңдік кератит

200 мг күніне бір рет

21 күн (емнің ұзақтығы клиникалық жауап бойынша түзетілуі тиіс).

Дерматофиттерде және/немесе ашытқы зеңдерден туындаған онихомикозда

Пульс-терапия

Дозасы және емнің ұзақтығы

 

Пульс-терапияда бір апта бойына күніне екі рет екі капсуладан қабылдауды қосады (200 мг күніне екі рет). Қол саусақтары тырнақтарының зеңдік зақымдануы жағдайында екі курс жүргізу ұсынылады, ал аяқ басы тырнақтарының зеңдік зақымдануы жағдайында - үш курс. Пульс-терапия курсы әркез 3 апталық үзіліске бөлінуі тиіс. Клиникалық жауапқа емді тоқтатқаннан кейінгі тырнақ регенерациясы жатады.

 Онихомикоз орналасқан орны

1 апта

2 апта

3 апта

4 апта

5 апта

6 апта

7 апта

8 апта

9 апта

Аяқ басы тырнақтарының қол

саусақтарының тырнақтарының зақымдануымен/онсыз

Пульс 1

Итраконазолмен емдеу курсы арасындағы үзіліс

Пульс 2

Итраконазолмен емдеу курсы арасындағы үзіліс

Пульс 3

Тек қол бастарының тырнақ зақымдануы

Пульс 1

Итраконазолмен емдеу курсы арасындағы үзіліс

Пульс 2

 

Онихомикоз

Ұзақ емдеу

Дозасы

Емнің ұзақтығы

Аяқ басы тырнақтарының қол

саусақтарының тырнақтарының зақымдануымен/онсыз

200 мг күніне бір рет

3 ай

Итраконазол препаратының теріден және тырнақ пластиналарынан шығарылуы плазмадан шығарылуына қарағанда баяулау жүреді.

Осылайша, оңтайлы клиникалық және микологиялық жауапқа терінің зеңдік инфекцияларындағы емдеу аяқталғаннан кейін 2-4 аптадан соң жетеді және тырнақтың зеңдік инфекцияларын емдеу аяқталғаннан кейін 6-9 айдан кейін жетеді.

Жүйелік микоздар

Көрсетілімі

Дозасы

Ем ұзақтығының медианасы1

Ескертулер

Аспергиллез

200 мг күніне бір рет

2-5 ай

Инвазиялық немесе диссеминирленген аурулар жағдайында дозаны күніне екі рет 200 мг дейін жоғарылатады.

Кандидоз

100 - 200 мг күніне бір рет

3 апта – 7 ай

Инвазиялық немесе диссеминирленген аурулар жағдайында дозаны күніне екі рет 200 мг дейін жоғарылатады

Менингиальді емес криптококкоз

200 мг күніне бір рет

2 ай – 1 жыл

 

Криптококкты менингит

200 мг күніне екі рет

2 ай – 1 жыл

Демеуші ем: «Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз

Гистоплазмоз

200 мг күніне бір рет

– 200 мг күніне екі рет

8 ай

 

Бластомикоз

100 мг күніне бір рет

– 200 мг күніне екі рет

6 ай

 

Тері лимфаларының және терінің споротрихозы

100 мг күніне бір рет

3 ай

 

Паракокцидиоидо-микоз

100 мг күніне бір рет

6 ай

ЖИТС бар емделушілердегі

паракокцидиоидомикозды көрсетілген дозада емдеуде

Итраконазол-РТ

капсуласының тиімділігі бойынша деректер қол жетімсіз.

1 Емнің ұзақтығы клиникалық жауап бойынша түзетілуі тиіс.

Бауыр жеткіліксіздігі бар емделушілерде қолданылуы

Бауыр жеткіліксіздігі бар емделушілерде итраконазолдың пероральді дәрілік түрінің қолданылуы бойынша деректер шектеулі. Қарастырылған топтағы емделушілердегі ем сақтықпен жүргізілуі тиіс.

(«Фармакокинетикалық қасиеттері, Емделушілердің ерекше топтары, Бауыр жеткіліксіздігі бар емделушілер» бөлімін қараңыз) Бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілерде қолданылуы

Бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілерде итраконазолдың пероральді дәрілік түрінің қолданылуы бойынша деректер шектеулі. Қарастырылған топтағы емделушілердегі ем сақтықпен жүргізілуі тиіс.

Жағымсыз әсерлері

Бірлі-жарым мәлімдеулерді қоса, өте сирек (<1/10 000):

  • лейкопения, нейтропения, тромбоцитопения

  • сарысу құю ауруы, ангионевроздық ісіну, анафилактикалық, анафилактоидтық және аллергиялық реакциялар

  • гипертриглицеридемия, гипокалиемия 

  • шеткергі нейропатия, парестезия, гипестезия, бас ауыруы, бас айналуы

  • көрудің анық болмауы және бұлыңғырлығы, диплопия  

  • құлақ шыңылдауы/шуылдауы, естудің өтпелі немесе тұрақты жойылуы

  • іркілісті жүрек жеткіліксіздігі

  • ентігу, өкпе ісінуі

  • панкреатит, іштің ауыруы, құсу, диспепсия, жүрек айнуы, диарея, іш қатуы, тәбет төмендеуі, дәм сезу бұзылуы

  • бауыр ферменттерінің қайтымды жоғарылауы, гепатит, бауырдың ауыр уытты зақымдануы, оның ішінде өліммен аяқталатын жедел бауыр жеткіліксіздігі жағдайлары

- уытты эпидермальді некролиз, Стивенс-Джонсон синдромы, жедел

жайылған экзантематозды пустулез, мультиформалы эритема,

эксфолиативті дерматит, лейкоцитокластық васкулит, есекжем, алопеция,

фотосезімталдық, бөртпе, қышыну

  • миалгия, артралгия 

  • поллакиурия, несеп ұстамау

  • етеккір оралымының бұзылуы, эректильді дисфункция

  • ісіну, қызба

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • итраконазолға немесе қандай да бір қосымша заттарына белгілі аса жоғары сезімталдығы

  • Итраконазол-РТ препаратымен ем уақытында келесі дәрілік препараттарды қабылдауға қарсы көрсетілім бар (сондай-ақ «Дәрілермен өзара әрекеттесулері» бөлімін қараңыз): 

  • CYP3A4 метаболизденетін, QT аралығын ұзартуы мүмкін, мысалы, астемизол, бепридил, цизаприд, дофетилид, левацетилметадол (левометадила), мизоластин, пимозид, хинидин, сертиндол және терфенадин сияқты препараттар. Оларды бір мезгілде қабылдау бұл дәрілік заттардың плазмадағы концентрациясы артуына алып келуі мүмкін, бұл QT аралығы ұзаруын, сирек жағдайларда - пируэтті-қарыншалық тахикардияны туындатуы мүмкін.

  • CYP3A4 метаболизденетін, ловастатин және симвастатин сияқты ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштері

  • триазолам және мидазоламның пероральді дәрілік түрлері

  • дигидроэрготамин, эргометрин (эргоновин), эрготамин және метилэргометрин (метилэргоновин) сияқты қастауыш алкалоидтары

  • нисолдипин.

  • қарыншалық дисфункция белгілері, мысалы, іркілісті жүрек жеткіліксіздігі (ІЖЖ) немесе сыртартқысында ІЖЖ бар емделушілерге, өмірге қауіп төндіретін ем жағдайында немесе басқа да күрделі инфекцияларды қоспағанда. «Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз

  • жүктілік және лактация кезеңі

- 18 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдік кезең

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Итраконазол сіңуін бұзатын дәрілік препараттар

Итраконазолдың капсуладан сіңуін асқазан сөлінің қышқылдығын төмендететін дәрілік препараттар бұзады («Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз).

Итраконазол метаболизмін бұзатын дәрілік препараттар

Итраконазол көбіне цитохром CYP3A4 жүйесімен метаболизденеді.

CYP3A4 ферменті индукторлары болып табылатын рифампицином, рифабутином и фенитоинмен өзара әрекеттесулеріне зерттеулер жүргізілді. Бұл зерттеулерде анықталған итраконазол және гидрокси-итраконазолдың биожетімділігінің төмендеуі зерттелетін заттың тиімділігінің төмендеуін болжайды, сондықтан итраконазолды осы фермент индукторларымен бір мезгілде тағайындау ұсынылмайды. Карбамазепин, фенобарбитал және изониазид сияқты басқа фермент индукторларының ресми зерттеулері әлі қол жетімсіз, алайда осыған ұқсас бақылауларды күтуге болады. Ритонавир, индинавир, кларитромицин және эритромицин сияқты бұл ферменттік жүйенің тежегіштері итраконазол биожетімділігін жоғарылатуы мүмкін.

Итраконазолдың басқа дәрілік препараттардың метаболизміне әсері

Интраконазол цитохром 3А тектестермен метаболизденетін дәрілік препараттардың метаболизміне тежегіш әсер береді. Бұл олардың әсерінің, оның ішінде жағымсыз әсерінің күшеюіне және/немесе ұзаруына алып келеді. Препараттарды тағайындамас бұрын олардың метаболизм жолдарын анықтау керек. Итраконазолмен ем тоқтатылғаннан кейін оның плазмадағы концентрациясы дозаға және ем ұзақтығына қарай біртіндеп төмендейді («Фармакокинетика» бөлімін қараңыз). Бұл туралы итраконазолдың бір мезгілде тағайындалатын дәрілік препараттарға тежегіш әсерін болжағанда ескеру керек.

Одан әрі қарай мысалдар келтірілген:

Итраконазолмен ем уақытында келесі препараттарды қабылдау қарсы көрсетілімде: 

• астемизол, бепридил, цизаприд, дофетилид, левацетилметадол (левометадил), мизоластин, пимозид, хинидин, сертиндол және терфенадил: оларды бір мезгілде тағайындау плазмадағы бұл дәрілік заттардың концентрациясының жоғарылауына алып келуі мүмкін, бұл QT аралығының ұзаруын, сирек жағдайларда – пируэтті-қарыншалық - тахикардияны туындатуы мүмкін;

• ловастатин және симвастатин сияқты CYP3A4 метаболизденетін ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштері;

• триазолам және мидазоламның пероральді дәрілік түрлері;

• дигидроэрготамин, эргометрин (эргоновин), эрготамин және метилэргометрин (метилэргоновин) сияқты қастауыш алкалоидтары;

• нисолдипин.

ІЖЖ даму қаупі жоғарылауына байланысты итраконазол және кальций өзекшелерінің блокаторларын бір мезгілде тағайындау сақтықпен жүргізілуі тиіс. CYP3A4 дәрілік метаболизмі ферменті арқылы болатын болжамды фармакокинетикалық өзара әрекеттесулерімен қатар кальций өзекшелерінің блокаторлары теріс инотроптық әсерге ие, бұл итраконазолдың сәйкес әсерін күшейтуі мүмкін.

Төмендегі дәрілік препараттар сақтықпен тағайындалуы тиіс, бұл олардың плазмадағы концентрациясын, тиімділігін немесе жағымсыз әсерін бақылауды білдіреді. Қажет болғанда дозасы төмендетілуі мүмкін:

• пероральді антикоагулянттар;

• индинавир, ритонавир және саквинавир сияқты АИТВ-протеаза тежегіштері ;

• бусульфан, доцетаксел, триметрексат және қабіршөп алкалоидтары сияқты кейбір ісікке қарсы препараттар;

• дигидропиридиндер және верапамил сияқты CYP3A4 метаболизденетін кальций өзекшелерінің блокаторлары;

• кейбір иммунодепрессанттар: циклоспорин, рапамицин (сиролимус) және такролимус;

• аторвастатин сияқты CYP3A4 метаболизденетін кейбір ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштері;

• будесонид, дексаметазон, флутиказон және метилпреднизолон сияқты кейбір глюкокортикостероидтар;

• дигоксин (Р-гликопротеин тежелуі арқылы өзара әрекеттеседі)

• басқа да препараттар: алфетанил, алпразолам, бротизолам, буспирон, карбамазепин, цилостазол, дизопирамид, эбастин, элетриптан, фентанил, галофантрин, мидазолам В/В, ребоксетин, репаглинид, рифабутин.

Итраконазол және зидовидин және флувастатин арасында өзара әрекеттесулер анықталмаған. Итраконазолдың этинилэстрадиол және норэтистерон метаболизміне әсері анықталмаған.

Ақуыздарымен байланысуына әсері. In vitro зерттеулерде плазма ақуыздарымен байланысқанда итраконазол және имипрамин, пропранолол, диазепам, циметидин, индометацин, толбутамид және сульфаметазин

сияқты препараттар арасында өзара әрекеттесулер жоқтығын көрсеткен.

Айрықша нұсқаулар

Итраконазолдың теріс инотроптық әсері бар екені анықталған. Итраконазолды және дәл сондай әсер ете алатын кальций өзекшелері блокаторларын бір мезгілде қабылдағанда сақ болу керек. Итраконазол қабылдауға байланысты іркілісті жүрек жеткіліксіздігі дамыған жағдайлар туралы хабарланған. Итраконазол препаратын, болжамды пайдасы потенциалды қаупінен елеулі астам болған жағдайды қоспағанда, созылмалы жүрек жеткіліксіздігі бар немесе сыртартқысында осы ауру бар емделушілерге қабылдауға болмайды. Пайдасы мен қаупінің арақатынасын жеке бағалағанда көрсетілім күрделілігі, дозалау режимі факторларын және іркілісті жүрек жеткіліксіздігі туындау қаупінің жеке-дара факторларын ескеру керек. Қауіп факторына жүректің ишемиялық ауруы немесе клапандар зақымдануы сияқты жүрек ауруларының; өкпенің обструктивті зақымдануы сияқты өкпенің күрделі ауруы; бүйрек жеткіліксіздігі немесе ісінумен бірге жүретін басқа аурулар жатады. Бұндай емделушілерді іркілісті жүрек жеткіліксіздігі белгілері мен симптомдары туралы хабардар ету керек. Ем сақтықпен жүргізілуі керек, бұл арада науқасты іркілісті жүрек жеткіліксіздігі симптомдары туындау белгілеріне мониторингтеу керек. Олар анықталғанда итраконазол қабылдауды тоқтату керек.

Асқазан қышқылдығы төмендегенде: бұл жай-күйде Итраконазол-РТ капсуласынан итраконазол сіңуі бұзылады. Антацидті препараттар (мысалы, алюминий гидроксиді) қабылдайтын емделушілерге оларды Итраконазол-РТ капсуласын қабылдағаннан кейін кемінде 2 сағат өткен соң пайдалану ұсынылады.

Ахлоргидриялы немесе Н2-блокаторларын немесе протон помпалары тежегіштерін қолданатын емделушілерге итраконазол капсулаларын кока-коламен қабылдау ұсынылады.

Өте сирек жағдайларда итраконазол қабылдағанда өліммен аяқталатын жедел бауыр жеткіліксіздігін қоса, бауырдың ауыр уытты зақымдануы дамыған. Бұл көп жағдайларда бұрыннан бауыр ауруы бар емделушілерде, жүйелі көрсетілімдер бойынша итраконазолмен ем қабылдаған басқа да ауыр аурулары бар емделушілерде, сондай-ақ гепатоуытты әсері бар басқа да дәрілік заттар қабылдаған емделушілерде анықталған. Кейбір емделушілерде бауыр зақымдануына қатысты көрініп тұрған қауіп факторлары анықталмаған. Бұндай бірнеше жағдай емнің бірінші айында, ал кейбіреулері – емнің бірінші аптасында туындаған. Осыған байланысты итраконазолмен ем қабылдайтын емделушілерде бауыр функциясын ұдайы бақылау ұсынылады. Емделушілерге гепатит туындауына болжам жасайтын симптомдар жағдайларында, атап айтқанда: анорексия, жүрек айнуы, құсу, әлсіздік, іш ауыруы және несеп күңгірттенуі болғанда өз дәрігерімен дереу байланысу қажеттігі туралы ескерту керек. Бұндай симптомдар пайда болған жағдайларда емді дереу тоқтату керек және бауыр функциясына зерттеу жүргізу керек. Болжамды пайдасы бауыр зақымдануы қаупін ақтайтын жағдайларда болмаса, бауыр ферменттері деңгейінің жоғарылауы бар немесе бауыр ауруы белсенді фазадағы немесе бауырдың уытты зақымдануын өткерген және басқа да препараттарды қабылдағанда емделушілерге итраконазол препаратымен ем тағайындауға болмайды. Бұл жағдайларда бауыр ферменттері деңгейін емдеу кезінде бақылау керек.

Бауыр функциясы бұзылуы: итраконазол көбіне бауырда метаболизденеді. Бауыр функциясы бұзылуы бар емделушілерде итраконазолдың жартылай шығарылуының толық кезеңі біршама ұлғайғандықтан плазмадағы итраконазол концентрациясына бақылау жүргізу және қажет болғанда препарат дозасын түзету ұсынылады.

Бүйрек функциясының бұзылуы: бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілерде итраконазолдың жартылай шығарылуының толық кезеңі біршама ұлғайғандықтан плазмадағы итраконазол концентрациясына бақылау жүргізу және қажет болғанда препарат дозасын түзету ұсынылады.

Иммундық тапшылығы бар емделушілер: пероральді қабылдағанда иммунитет бұзылуы бар кейбір емделушілерде, мысалы нейтропениясы бар, ЖИТС-пен ауыратын немесе ағза трансплантациясы бойынша операция өткерген науқастарда итраконазолдың биожетімділігі төмен болуы мүмкін.

Өмірге қауіп төндіретін жүйелік зеңдік инфекциялары бар емделушілер:

Фармакокинетикалық сипаттамасы салдарынан Итраконазол капсула түрінде емделушінің өміріне қауіп төндіретін жүйелік микозды емдеуді бастау үшін ұсынылмайды.

ЖИТС-пен науқастар: қайталану қаупі бар, жүйелік зеңдік инфекция себебінен: мысалы, споротрихоз, бластомикоз, гистоплазмоз немесе криптококкозда (менингеальді, сондай-ақ менингеальді емес) бұрын ем қабылдаған ЖИТС-пен науқастарға демеуші емді тағайындау қажеттігін емдеуші дәрігер бағалауы тиіс.

Итраконазол-РТ капсулаларын қабылдаумен байланысты болуы мүмкін шеткергі нейропатия туындағанда емді тоқтату керек.

Итраконазолға және басқа да азолды зеңге қарсы препараттарға айқаспалы аса жоғары сезімталдық туралы деректер жоқ.

Естімей қалу. Итраконазолмен ем кезінде уақытша немесе тұрақты естімей қалу туралы хабарланды. Бірнеше мәлімдеулерде хинидинді бір мезгілде қабылдау қолданылуына қарсы көрсетілімде болатыны ескертілген (итраконазолдың басқа дәрілік препараттардың метаболизміне әсері туралы «Қолдануға болмайтын жағдайлар» және «Дәрілік өзара әрекеттесулері» бөлімін қараңыз). Әдетте есту қабілеті ем тоқтатылған соң қалпына келеді, алайда кейбір емделушілерде естімей қалу сақталып қалуы мүмкін.

Жүктілік. Жүктілік уақытында Итраконазол-РТ препаратын қолдану бойынша деректер шектеулі. Жүктілік уақытында Итраконазол-РТ препаратын қолдану қарсы көрсетілімде.

Итраконазол қабылдайтын, ұрпақ өрбіту жасындағы әйелдерге барлық емдеу курсы бойына контрацепцияның талапқа сай әдісін ол аяқталғаннан кейін бірінші етеккір басталғанға дейін толық пайдалану керек.

Лактация. Итраконазол ана сүтінде өте аз мөлшерде анықталады. Бала емізу кезеңінде Итраконазол-РТ препаратымен емдеуде емнің болжамды пайдасына және емшекпен емізуді жалғастырудың потенциалды қаупіне мұқият бағалау жүргізу керек. Емшек емізуді емдеу кезеңінде уақытша тоқтату керек.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Жалпы алғанда, итраконазол автомобиль басқару қабілетіне әсер етпейді, бірақ кейбір емделушілерде ол бас айналуын туындатуы мүмкін. Сондықтан бұл препаратты қабылдаудан кейін бас айналуын сезінген емделушілердің автомобиль немесе басқа да потенциалды қауіпті механизмдерді басқармауы керек.

Артық дозалануы

Симптомдары: жағымсыз әсерлерінің күшеюі.

Емі: кездейсоқ артық дозаланғанда бірінші сағатта асқазан шаюды жүргізу керек және белсендірген көмір тағайындау керек, егер бұл қажет болса, демеуші шаралар жүргізеді. Итраконазол организмнен гемодиализбен шығарылмайды. Қандай да бір спецификалық у қайтарғысы жоқ.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Поливинилхлоридті үлбірден немесе осыған ұқсас импорттық және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған немесе осыған ұқсас импорттық пішінді ұяшықты қаптамаға 10 капсуладан салынады.

1 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге тұтыну ыдысына арналған картоннан жасалған немесе осыған ұқсас импорттық қаптамаға салынады.

Біріншілік қаптама медициналық қолдану жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтың тиісінше мөлшерімен бірге немесе екіншілік қаптама гофрланған картоннан жасалған жәшікке салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Павлодар фармацевтикалық зауыты» ЖШС

Қазақстан, 140011, Павлодар қ., Қамзин к-сі, 33

Қаптаушы

«Павлодар фармацевтикалық зауыты» ЖШС

Қазақстан, 140011, Павлодар қ., Қамзин к-сі, 33

Тіркеу куәлігінің иесі

«Павлодар фармацевтикалық зауыты» ЖШС, Қазақстан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Павлодар фармацевтикалық зауыты» ЖШС, Қазақстан Павлодар қ., 140011, Қамзин к-сі, 33, тел./факс: 8 (7182) 61-79-62/61-79-61, pfz@romat.kz.

 

Прикрепленные файлы

318402951477976286_ru.doc 122.5 кб
456152641477977476_kz.doc 149 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники