Инцена®
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Инцена®
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Гомеопатиялық тамшылар, 20 және 50 мл
Құрамы
100 мл препараттың құрамында
белсенді заттар:
Бұршаққынды бұрыш (Capsicum) D2 – 1 мл,
Кәдімгі итжидек (Belladonna) D6 – 10 мл,
Шалғындық шанышқақ (Pulsatilla) D6 – 10 мл,
Бал ара (Apis) D12 – 10 мл,
Сурукуку жыланының уы (Lachesis) D12 – 10 мл
қосымша заттар: этил спирті 43%
Сипаттамасы
Өзіне тән иісі мен дәмі жоқ, түссізден сәл сарғыш түске дейінгі мөлдір сұйықтық
Фармакотерапиялық тобы
Басқа да емдік өнімдер
Басқа да дәрілік препараттар
АТХ коды V03AX
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Қазіргі уақытқа дейін, олардың сұйылтылуы жоғары екендіктен, гомеопатиялық медициналық препараттардың фармакокинетикалық қасиеттері туралы хабарланбаған.
Фармакодинамикасы
Инцена® тамшылары – бұл бұрыннан келе жатқан жекелеген гомеопатиялық дәрілердің қоспасы. Тиімділіктері жағынан бірін-бірі толықтыратын ингредиенттердің спецификалық біріктірілімі бір бағытта әсер көрсетеді.
Бұршаққынды бұрыш, бұрыш дәндерінің күйдіргіштігі немесе өткірлігі екі негізгі екі зат - капсаицин мен дигидрокапсаициннен тұратын капсаициноидтар концентрациясына байланысты. Капсаицин мынадай фармакологиялық әсер көрсетеді: тегіс бұлшықеттерді жиырады, ұсақ тамырларды кеңейтеді және тамырлардың өткізгіштігін арттырады, осылайша, қан плазмасы ақуыздарын өткізеді. Капсаицинді қайта енгізу афферентті нейрондардың рецепторға тәуелді кальций өзектерінің қабылдағыштығын азайтады және белсенділігінен айырады.
Кәдімгі итжидек кәдімгі итжидек препараттарының әсері оның белсенділігі жоғары алкалоидтары, атап айтқанда, атропиннің фармакологиялық қасиеттерімен шартталған.
Итжидек алкалоидтары ауыруды, түйілуді басатын әсерге ие, жүрек қызметін күшейтеді және жақсартады, сондай-ақ бронх кеңейтетін, қарашықты ұлғайтатын және көзішілік қысымды көтеретін қабілеті бар.
Шалғындық шанышқақ, шалғындық шанышқақта анемонин, сапониндер, фитонцидтер, иіткіш заттар мен шайырлар болады.
Өсімдік несеп айдағыш, бактерицидті, тыныштандыратын және ауыруды басатын қасиетке ие.
Бал арасы, ара уында гистамин, ферменттер (гиалуронидаза, фосфолипаза