Инфлюцид

Производитель: Дойче Хомеопати-Унион ДХУ-Арцнаймиттель Гмбх и Ко.КГ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Другие комбинированные препараты, применяемые при простудных заболеваниях
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№021065
Период регистрации: 31.12.2014 - 31.12.2019

Инструкция

Саудалық атауы

Инфлюцид

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді заттар: Aconitum trit. D3 25 мг, Gelsemium trit. D3 25 мг, Ipecacuanha trit. D3 25 мг, Phosphorus trit. D5 25 мг, Bryonia trit. D2 25 мг, Eupatorium perfoliatum trit. D1 25 мг,

қосымша заттар: лактоза моногидраты, магний стеараты, бидай крахмалы.

Сипаттамасы

Ойығы бар жайпақ цилиндр пішінді ақ немесе ақ дерлік түсті таблеткалар. Елеусіз теңбілденуі мүмкін.

Фармакотерапиялық тобы

Суық тию симптомдары мен жөтелді қайтаруға арналған препараттар. Суық тию симптомдарын қайтаруға арналған препараттардың басқа да біріктірілімі.

АТХ коды  R05Х

 

Фармакологиялық қасиеттері

Инфлюцид кешенді гомеопатиялық препарат болып саналады, ол қызба синдромымен жүретін жоғарғы тыныс алу жолдарының жұқпасын емдеуде өзін жақсы көрсеткен дәрі. Алты белсенді ингредиент температураның жоғарылауы, бас ауыруы немесе аяқ-қолдың ауыруы, сондай-ақ катаральды құбылыстар (ринит, фарингит) сияқты жұқпаға тән симптомдарды жылдам жоюға әкеледі. Инфлюцид организмнің қорғаушы күшін нығайтады және емдеп жазу және жылдам сауығу үдерісін демейді. Жұқпаның алғашқы белгілері пайда болған кезде немесе жұқпалы аурулармен ауырған науқастармен бірге болғанда препаратты дер кезінде қабылдау аурудың дамуын болдыртпайды.

Қолданылуы

- тұмау және жоғарғы тыныс жолдары жедел респираторлы вирустық жұқпаларының алдын алуда және емдеуде

Қолдану тәсілі және дозалары

Өзге нұсқамалар болмағанда Инфлюцид төмендегідей қолданылады:

жедел жағдайларда: 12 жасқа дейінгі балалар жақсаруы басталғанша 1 таблеткадан (бірақ күніне 8 таблеткадан асырмай) әрбір екі сағат сайын; одан әрі –1 таблеткадан күніне 3 рет қабылдайды.

Ересектер мен 12 жастан асқан балалар жақсаруы басталғанша 1 таблеткадан (бірақ күніне 12 таблеткадан асырмай) әрбір сағат сайын; одан әрі –1-2 таблеткадан күніне 3 рет қабылдайды.

Емдеу ұзақтығы – 7-10 күн (симптомдар толық жоғалғанға дейін).

Дененің жоғары температурасы сақталған кезде немесе ол 39°С-ден жоғары болғанда, не болмаса аурушаңдық күйі сақталғанда немесе нашарлай бастаса, онда басқа тиісті ем тағайындау керек.

Ересектер мен 12 жастан асқан балаларда жұқпаның алдын алу үшін күніне 1-2 таблеткадан 3 рет; ал 12 жасқа дейінгі балаларға –1 таблеткадан күніне 3 рет тағайындайды; профилактикалық емдеу жақын айналадағы ортада жұқпаның алғашқы жағдайы кезінде бастайды.

ЖРВЖ немесе тұмаумен ауыратын науқастармен қарым-қатынастан кейін қолдану ұзақтығы – 7 күн.

Таблетканың ауызда баяу еруіне мүмкіндік бере отырып, тамақтанудан жарты сағат бұрын немесе жарты сағаттан кейін қабылдау керек;  3 жасқа дейінгі балаларды емдегенде таблетканы судың аздаған мөлшерінде еріту ұсынылады.

Жағымсыз әсерлері

- өте сирек: тері бөртулері немесе асқазан-ішек бұзылыстары. Мұндай жағдайда Инфлюцид қабылдауды тоқтатып, дәрігерге қаралған жөн.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат ингредиенттерінің кез келгеніне белгілі жоғары сезімталдық

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған.

Егер Сіз таяуда басқа да дәрі-дәрмекті, оның ішінде рецептісіз алуға болатындарын, қабылдап жүрсеңіз немесе таяуда қабылдаған болсаңыз, дәрігерді немесе фармацевті хабардар еткеніңіз дұрыс.

Гомеопатиялық дәрілік заттардың әсері өмір сүру салтына қатысты күшті әсер ететін препараттар, алкоголь ішу және темекі шегу сияқты жалпы жағымсыз факторлардың ықпал етуінен төмендеуі мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Төмендегі жағдайларда емдеуді бағалау міндетті болып табылады:

- егер жағдайы жақсармаса немесе нашарласа

- егер қосымша шағымдар пайда болса

- егер температура 39°С тұрақтап қалса немесе одан жоғарыласа

Симптомдар тұрақты, түсініксіз немесе қайтадан пайда болса, дәрігерге көріну керек. Бұл әсіресе, жоғары температураның, жұтқыншақта жағымсыз сезімдердің (фарингит), қатты бас ауыруының, буындар, бұлшықеттер мен сегізкөз ауыруының кенеттен пайда болуына, сондай-ақ ауыр түрдегі жалпы дімкәстіктікке қатысты. Мұндай жағдайда міндетті түрде дәрігерге көріну керек.

Препарат глютендік ауруымен науқастарды емдеу үшін жарамды, бірақ оны бидайға аллергиясы бар (глютендік ауруда айырмашылығы бар) науқастар қабылдауға болмайды.

Кейбір қанттарға көтере алмаушылық кезінде, аталмыш дәріні қабылдауды бастамас бұрын, дәрігермен кеңесу керек.

Препаратты тұқым қуалайтын лактоза көтере алмаушылығы, Lapp-лактаза ферменті тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы кезінде қабылдауға болмайды.

Гомеопатиялық дәрілік заттарды қабылдау кезінде ауру симптомдарының өтпелі күшеюі мүмкін (алғашқы нашарлауда); мұндай жағдайда препарат қабылдауды тоқтатып, дәрігермен кеңесу керек.

Педиатрияда қолданылуы

Инфлюцид препаратын дәрігермен алдын ала кеңескеннен кейін ғана, 1 жасқа дейінгі балаларды емдеуге қолдануға болады.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік және лактация кезеңінде ана үшін күтілетін пайдасы мен ұрыққа/балаға төнетін ықтимал қаупі арасындағы арақатынасты мұқият бағалаудан кейін ғана, Инфлюцид препаратын қолдануға болады.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді.

Артық дозалануы

Анықталмаған

Шығарылу түрі және қаптамасы

20 таблеткадан ПВХ/ПВДХ үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада. 3 пішінді қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

15°С-ден 25°С-ге дейінгі температурада сақтау керек. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Тіркеу куәлігінің иесі

Дойче Хомеопати-Унион ДХУ-Арцнаймиттель ГмбХ & Ко. КГ

Оттоштрассе 24, 76227 Карлсруэ, Германия.

Қаптаушы ұйым

Др. Вильмар Швабе ГмбХ & Ко. КГ.

Эксклюзивті өкілі

Альпен Фарма АГ

Берн, Швейцария

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Альпен Фарма» ЖШС Алматы қ., Жетысу-2 ы/а, 80 үй, 54 пәтер

Тел./факс + 7 727 2265306

E-mail: info.kazakhstan@alpenpharma.com

 

 

Прикрепленные файлы

343089691477976532_ru.doc 45.5 кб
026331561477977691_kz.doc 59 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники