Инфликсимаб (Инфликсимаб)

МНН: Инфликсимаб
Производитель: Биокад ЗАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Infliximab
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№025559
Информация о регистрации в РК: 25.01.2022 - 25.01.2027

Инструкция

Саудалық атауы

Инфликсимаб

Халықаралық патенттелмеген атауы

инфликсимаб

Дәрілік түрі, дозасы

Вена ішіне енгізуге арналған ерітінді дайындау үшін концентрат дайындауға арналған лиофилизат, 100 мг

Фармакотерапиялық тобы

Антинеопластикалық және иммуномодуляциялайтын препараттар. Иммуносупрессанттар. Альфа-ісік некрозы факторының тежегіштері. Инфликсимаб.

АТХ коды: L04AB02

Қолданылуы

Ревматоидты артрит

Метотрексатпен біріктірілген инфликсимаб ауру симптомдарын азайту және төмендегілерде функциялық жағдайды жақсарту үшін көрсетілген:

- белсенді түрдегі ревматоидты артриті бар, бұдан бұрын метотрексатты қоса, қабынуға қарсы базистік препараттармен (БҚҚП) жүргізілген ем тиімсіз болған ересек пациенттерді емдеу.

- белсенді түрдегі ауыр үдемелі ревматоидты артриті бар,  бұдан бұрын метотрексатпен немесе басқа ҚҚБП-мен ем жүргізілмеген ересек пациенттерді емдеу.

Пациенттердің осы топтарында инфликсимабты қолдану кезінде буындардың құрылымдық зақымданулары үдеуінің төмендеуі рентгенологиялық тұрғыдан көрсетілді.

Ересектердегі Крон ауруы

Инфликсимаб келесілерді емдеу үшін көрсетілген:

- белсенді түрдегі, орташа немесе ауыр дәрежелі Крон ауруы бар, кортикостероидтармен және/немесе иммунодепрессанттармен емге толық жауап бермеген, немесе ондай ем жақпайтын немесе оны жүргізуге медициналық қарсы көрсетілімдері бар ересек пациенттерді.

- дәстүрлі емге толық жауап бермейтін ересек пациенттерде (антибиотиктерді, дренаждауды және иммуносупрессанттарды қоса алғанда) белсенді фазадағы Крон ауруының фистула түзетін түрін.

Балалар мен жасөспірімдердегі Крон ауруы

Инфликсимаб белсенді түрдегі, орташа немесе ауыр дәрежедегі Крон ауруы бар 6-дан 17 жасты қоса алғанға дейінгі балалар мен жасөспірімдерді емдеу үшін, глюкокортикостероидтарды және/немесе иммунодепрессанттарды қамтитын стандартты емнің тиімсіздігі, жақпаушылығы немесе  қарсы көрсетілімдері бар болған кезде көрсетілген. Инфликсимаб дәстүрлі иммуносупрессанттармен біріктірілімде ғана зерттелді.

Ересектердегі ойықжаралы колит

Инфликсимаб кортикостероидтарды және 6-меркаптопуринді немесе азатиопринді қоса алғанда, дәстүрлі емдеу әдістеріне толық жауап бермейтін немесе осы әдістерге жақпаушылығы немесе оларды жүргізуге медициналық қарсы көрсетілімдері бар, орташа және ауыр дәрежелі ойықжаралы колиті бар ересек пациенттерді емдеу үшін көрсетілген.

Балалар мен жасөспірімдердегі ойықжаралы колит

Инфликсимаб ауырлық дәрежесі ауыр ойықжаралы колиті бар, глюкокортикостероидтарды, 6-меркаптопуринді немесе азатиопринді қолдана отырып, стандартты емге жеткіліксіз жауабы бар 6-дан 17 жасты қоса алғанға дейінгі дейінгі балалар мен жасөспірімдерді емдеу үшін, немесе стандартты емге жақпаушылығы емесе қарсы көрсетілімдері болған кезде көрсетілген.

Шорбуынданатын спондилит

Инфликсимаб айқын аксиальді симптомдармен байқалатын шорбуынданатын спондилиті және стандартты емге жауап бермеген қабыну белсенділігінің зертханалық белгілері бар пациенттерді емдеу үшін көрсетілген.

Псориаздық артрит

Инфликсимаб белсенді түрдегі үдемелі псориаздық артриті бар, БҚҚП-ға талапқа сай емес жауабы бар ересек пациенттерді емдеуге арналған.

Инфликсимаб препараты метотрексатпен біріктіріп немесе метотрексат жақпайтын жағдайларда немесе оған қарсы көрсетілімдер болғанда монотерапия түрінде қолданылады. Инфликсимаб псориаздық артриті бар пациенттердің физикалық жағдайын жақсартады, аурудың полиартикулярлық, симметриялық қосалқы типі бар пациенттерде шеткері буындардың құрылымдық зақымдануларының үдеуін төмендетеді, бұл рентгенологиялық тұрғыдан дәлелденген.

Псориаз

Инфликсимаб орташа ауыр және ауыр түйіндақты псориазы бар ересек пациенттерді жауабы жеткіліксіз болғанда немесе қарсы көрсетілімдері болған кезде немесе циклоспоринді, метотрексатты немесе ПУВА-емді қоса алғанда, стандартты жүйелік емге жақпаушылығы кезінде емдеу үшін көрсетілген.

Қолданудың басталуына дейінгі қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • Инфликсимабқа, тышқанның басқа да ақуыздарына, сондай-ақ препараттың қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық реакциясы.

  • Ауыр инфекциялық процесс, мысалы, сепсис, абсцесс, туберкулез, оппортунистік инфекциялар.

  • Жүрек функциясының NYHA жіктемесі бойынша III-IV функциялық класқа жататын жеткіліксіздігі.

Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары

Қадағалануы

Биологиялық дәрілік препараттардың қолданылуын қадағалауды жақсарту үшін, пациенттің медициналық картасында препараттың атауын және сериясын көрсету ұсынылады.

25°С температурада 6 айдан асырмай, бірақ картон қорапшадағы «дейін жарамды:» деген жолда көрсетілген күннен кешіктірмей бір мезгіл (еріткенге дейін) сақтауға жол беріледі.

Инфузиялық реакциялар және аса жоғары сезімталдық реакциялары

Инфликсимабты пайдалану анафилаксиялық шокты және баяу типті аса жоғары сезімталдық реакциясын (БТС) қоса, жедел инфузиялық реакциялардың дамуымен байланысты болуы мүмкін.

Анафилаксиялықты қоса, жедел инфузиялық реакциялар инфузия кезінде  (секундтар ішінде) немесе инфузиядан кейін бірнеше сағаттың ішінде дамуы мүмкін. Жедел реакция пайда болған кезде инфузия жүргізуді дереу тоқтату керек. Инфузия жүргізген кезде шұғыл көмек заттары (эпинефрин, антигистаминдік дәрілер, гидрокортизон және/немесе өкпені жасанды желдету сияқтылар) қолжетімді болуға тиіс. Жеңіл, әрі өтпелі әсерлерді болдырмау үшін антигистаминдік дәрілерді, гидрокортизонды және/немесе парацетамолды алдын ала енгізуге жол беріледі.

Инфликсимабқа антиденелердің түзілуі ықтимал, бұл инфузиялық реакциялардың жиілігі артуымен байланысты болуы мүмкін. Инфузиялық реакциялардың аздаған бөлігі күрделі аллергиялық реакциялар болды. Инфликсимабқа антиденелердің түзілуі мен емдеуге жауап ұзақтығының азаюы арасындағы байланыс байқалды. Иммуномодуляторлармен бірге қолдану инфликсимабқа  антиденелердің түзілу жағдайларының саны азаюымен және инфузиялық реакциялар жиілігінің азаюымен байланысты болды. Иммуномодуляторлармен бірге емдеудің әсері демеуші емдегі пациенттерге қарағанда мезгіл-мезгіл ем алған пациенттерде айқынырақ болды. Инфликсимабпен емге дейін немесе ем кезінде иммунодепрессанттарды пайдалануды тоқтатқан пациенттерде антиденелердің түзілу қаупі жоғары. Инфликсимабқа антиденелер сарысу үлгілерінен әрдайым табыла бермеуі мүмкін. Күрделі реакция дамыған кезде симптоматикалық емдеуді тағайындау қажет, Инфликсимаб препаратының келесі инфузияларын енгізбеген жөн. Клиникалық зерттеулерде БТС реакциясының дамыған жағдайлары туралы хабарланды. Қолда бар деректер Инфликсимаб препаратын қабылдамау аралығының артуы БТС реакциясының даму қаупін арттырады деп болжауға мүмкіндік береді. Кез келген жағымсыз құбылыс дамыған кезде пациенттер дереу медициналық көмекке жүгінуі керек. Ұзақ үзілістен кейін пациенттерді емдеуді қайта жаңғыртқан кезде БТС реакциясының белгілері мен симптомдарын мұқият бақылау керек.

Инфекциялар

Емге дейін, ем кезінде және ол аяқталған соң туберкулезді қоса, ықтимал инфекция белгілерін анықтау үшін пациентке мұқият бақылау жүргізу керек. Инфликсимабтың шығарылуы 6 ай бойы жүретіндіктен, пациентке осы кезең ішінде бақылау жүргізу керек. Пациентте күрделі инфекция немесе сепсис дамыған жағдайда инфликсимабпен емді тоқтату керек.

Инфликсимабты анамнезінде созылмалы инфекциялары немесе қайталанатын инфекциялары болған, оның ішінде иммунодепрессанттармен қатарлас ем алып жүрген пациенттерде қолданған кезде сақтық танытқан жөн. Пациенттер инфекция дамуының ықтимал қауіп факторларының әсерінен сақтануы керек.

Алфа-ісігі некрозының факторы (αІНФ) қабыну медиаторы және жасушалық иммунитет модуляторы болып табылады. Эксперименттік деректер αІНФ жасушаішілік инфекциядан тазару үшін қажет екенін көрсетті. Клиникалық тәжірибе инфликсимабпен емделіп жүрген кейбір пациенттерде инфекцияға қарсы иммунологиялық қорғаныш бәсеңдеуі мүмкін екенін көрсетеді. 

αІНФ белсенділігінің тежелуі инфекцияның қызба сияқты симптомдарын бүркемелеуі мүмкін екенін ескерген жөн. Күрделі инфекциялардың атипиялық клиникалық біліністерін және сирек әрі типтік емес инфекциялардың типтік клиникалық біліністерін ерте анықтау диагностика  мен емдеуді кешіктіру мерзімін қысқарту үшін маңызды.

ІНФ тежегіштерімен ем алып жүрген пациенттер күрделі инфекциялар дамуының үлкен қаупіне ұшырайды.

Туберкулез, сепсис пен пневмонияны қоса бактериялық инфекциялар, инвазиялық зеңдік, вирустық немесе басқа оппортунистік инфекциялар инфликсимабты қабылдаған пациенттерде байқалды. Бұл инфекциялардың кейбіреулері өліммен аяқталған. 5%-дан асатын өлім деңгейімен ең жиі хабарланған оппортунистік инфекциялар пневмоцистозды, кандидозды, листериозды және аспергиллезді қамтыды.

Инфликсимаб препаратымен емдеу кезінде инфекция дамыған пациенттерді мұқият бақылау және толық диагностикалық тексеру жүргізу керек. Пациентте жаңа күрделі инфекция немесе сепсис дамыған жағдайда Инфликсимаб препаратын қолдануды тоқтату және инфекциялық процесті бақылауға қол жеткенге дейін бактерияға қарсы немесе зеңге қарсы емді тағайындау керек.

Туберкулез

Инфликсимабты қабылдаған пациенттерде белсенді туберкулез дамыған жағдайлар хабарланған. Туберкулез жағдайларының көпшілігі өкпеден тыс оқшауланған немесе диссеминацияланған түрде болды.

Инфликсимаб препаратымен емдеуді бастағанға дейін белсенді, сондай-ақ латентті туберкулездік процестің бар-жоғын анықтау үшін пациентті мұқият тексеру керек. Тексеру мұқият анамнез жинауды қамтуға тиіс, соның ішінде пациентте бұдан бұрын туберкулез ауруы болды ма, туберкулезбен ауырғандармен байланыста болды ма, сондай-ақ иммунодепрессанттармен ем жүргізілді ме немесе жүргізілуде ме, анықтау қажет. Қажетті скрининг-тестілерді (кеудені рентгенологиялық зерттеу, туберкулиндік сынама) жүргізу керек. Бұл ретте науқасы ауыр пациенттерде, иммуносупрессиялы пациенттерде жалған-теріс туберкулиндік сынама алынуы мүмкін екенін ескерген жөн.

Белсенді туберкулез диагностикаланған кезде инфликсимабпен емді бастауға болмайды.

Латентті туберкулезге күдіктенгенде фтизиатрдан кеңес алу керек. Бұдан әрі сипатталған барлық жағдайларда Инфликсимаб препаратымен емнің қаупін/пайдасын мұқият бағалау керек.

Латентті туберкулез диагностикаланғанда Инфликсимаб препаратымен ем басталғанға дейін тиісті емді бастау керек.

Туберкулез дамуының бірнеше немесе елеулі қауіп факторлары бар, бірақ латентті туберкулез тест арқылы расталмаған пациенттерде  Инфликсимаб препаратымен ем басталғанға дейін туберкулезге қарсы емнің қажеттілігін қарастыру керек. Анамнезінде белсенді немесе латентті туберкулезі бар, олар үшін талапқа сай ем курсын бекітуге болмайтын пациенттерде Инфликсимаб препаратымен ем басталғанға дейін туберкулезге қарсы емді пайдалану қажеттілігін қарастыру керек.

Латентті туберкулезді емдеу кезінде және емнен кейін инфликсимабты алған пациенттерде белсенді туберкулез дамуының бірнеше жағдайлары туралы хабарланған.

Инфликсимаб препаратымен емдеу кезінде және емнен кейін туберкулездің белгілері мен симптомдары (басылмайтын жөтел, жүдеу/салмақтың азаюы, субфебрильді қызба) пайда болғанда пациенттер дәрігерге көрінуі керек.

Инвазиялық зеңдік инфекциялар

Пациентте күрделі жүйелі ауру туындаған кезде инфликсимабты қабылдаған пациенттер тобында аспергиллез, кандидоз, пневмоцистоз, гистоплазмоз, кокцидиомикоз немесе бластомикоз сияқты инвазиялық зеңдік инфекцияларға әрқашанда күдіктену қажет. Мұндай пациенттерді тексергенде ерте сатысында инвазиялық зеңдік ауруларды диагностикалау және емдеу жөнінде маманмен кеңес өткізу керек. Инвазиялық зеңдік инфекциялар оқшауланған емес, диссеминацияланған зақымданулармен білінуі мүмкін, ал антигендер мен антиденелерге талдау нәтижелері белсенді инфекциясы бар кейбір пациенттерде теріс болуы мүмкін. Күрделі зеңдік инфекцияның даму қаупін де, зеңге қарсы емнің салдарларын да ескере отырып, зертханалық зерттеулер аяқталғанға дейін зеңге қарсы эмпирикалық емді бастау қажеттілігіне баға беру керек.

Гистоплазмоз, кокцидиомикоз немесе бластомикоз сияқты инвазиялық зеңдік инфекциялар бойынша эндемиялық аймақтарда тұратын немесе барған пациенттер үшін Инфликсимаб препаратымен емді бастағанға дейін Инфликсимаб препаратымен емнің пайдасы мен қаупі мұқият бағалануға тиіс.

Крон ауруының жыланкөздік түрі

Жедел іріңді жыланкөздермен байқалатын Крон ауруы бар пациенттерге инфекцияның басқа да ықтимал ошағын, әсіресе абсцессті анықтағанға және жойғанға дейін инфликсимабпен емді бастауға болмайды.

В гепатиті вирусының реактивациясы

В гепатиті вирусының реактивациясы инфликсимабты қоса, ІНФ антагонистерін алған, вирусты созылмалы тасымалдаушы пациенттерде байқалды, оның ішінде кейбір жағдайлар өліммен аяқталды. Инфликсимаб препаратымен емделуді бастағанға дейін міндетті түрде HBV-инфекцияға тест жүргізу керек. Тесті оң нәтиже берген пациенттер созылмалы В вирустық гепатитін емдеу тәжірибесі бар дәрігерден кеңес алуға жіберіледі. Инфликсимаб препаратымен емдеуді қажет ететін, В гепатиті вирусын тасмалдаушыларда бүкіл курс бойында және ол аяқталғаннан кейін бірнеше ай бойы инфекцияның белсенділену белгілері мен симптомдарын мұқият бақылау керек.

Созылмалы вирус тасымалдаушы пациенттерде вирусқа қарсы емді (вирустың қайта белсенділенуін болдырмау үшін) және αІНФ тежегіштерін үйлестіріп қолданудың тиімділігі туралы жеткілікті деректер жоқ.

В гепатиті қайта белсенділенгенде инфликсимабпен ем тоқтатылуға және вирусқа қарсы сәйкес ем тағайындалуға тиіс.

Бауыр мен өт шығару жолдары тарапынан өзгерістер

Инфликсимабты тіркеуден кейінгі пайдалану кезеңінде сарғаю және инфекциялық емес гепатит жағдайлары, кейде аутоиммундық гепатит белгілерімен байқалды. Өлімге әкеліп соққан немесе бауырды ауыстырып салуды қажет еткен бауыр жеткіліксіздігінің бірлі-жарым жағдайлары туралы хабарланды. Бауыр функциясының бұзылу белгілері немесе симптомдары бар пациенттер бауыр зақымдануының бар-жоғына тексерілуге тиіс. Сарғаю немесе АЛТ белсенділігінің қалыптың жоғары шегінен 5 есе асатын деңгейге дейін жоғарылауы пайда болған жағдайда инфликсимабты тоқтату және пайда болған бұзылысқа мұқият тексеру жүргізу керек.

αІНФ тежегішін және анакинраны бір мезгілде қолдану

Анакинраны және басқа αІНФ тежегішін (этанерцепті) бір мезгілде қолдану клиникалық зерттеулерде күрделі инфекциялардың және нейтропенияның дамуымен қатар жүрді және этанерцепт монотерапиясымен салыстырғанда қосымша клиникалық әсерге әкеліп соққан жоқ. Анакинрамен және этанерцептпен бір мезгілде емдеу кезінде байқалатын жағымсыз әсерлердің сипатына қарағанда, уыттылықтың осыған ұқсас түрлері анакинрамен және басқа αІНФ тежегіштерімен біріктірілген ем кезінде де туындауы мүмкін. Осыған байланысты Инфликсимаб препаратын және анакинраны бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.

αІНФ тежегішін және абатацепті бір мезгілде қолдану

Клиникалық зерттеулерде клиникалық әсерді күшейтпей, ІНФ тежегіштерінің өзін ғана қолданумен салыстырғанда ІНФ тежегіштерін және абатацепті үйлестіріп қолдану күрделі инфекцияларды қоса, инфекциялардың даму қаупінің жоғарылауымен байланысты болды. Инфликсимаб пен абатацепті бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.

Басқа биологиялық препараттармен бір мезгілде қолдану

Инфликсимабты және  дәл сол көрсетілім бойынша қолдануға арналған басқа биологиялық препараттарды бірге қолдануға қатысты деректер жеткіліксіз. Инфекцияның және басқа ықтимал фармакологиялық әсерлердің даму қаупі артуы мүмкін болғандықтан, инфликсимабты аталған препараттармен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.

Басқа биологиялық препараттан ауысу

Бір биологиялық препараттан басқасына ауысқан кезде сақтық таныту керек, өйткені айқаспалы биологиялық белсенділік жағымсыз құбылыстардың, оның ішінде инфекцияның даму қаупін арттыруы мүмкін.

Вакцинация

Барлық пациенттерге мүмкіндігінше Инфликсимаб препаратымен ем басталғанға дейін профилактикалық екпелердің ағымдағы күнтізбесіне сәйкес вакцинациядан өту ұсынылады. Тірі вакциналарды қоспағанда, инфликсимаб қабылдаған пациенттер бір уақытта бірнеше вакцинаны қабылдауы мүмкін.

Ревматоидты артритпен ауыратын 90 ересек пациенттің қосалқы тобында әр емдеу тобындағы үлесі ұқсас пациенттердің ASPIRE зерттеуінде (метотрексат плюс: плацебо [n = 17 ]; 3 мг / кг [n = 27 ] немесе 6 мг/кг инфликсимаб [n = 46]) поливалентті пневмококктық вакцинаға титрлердің тиімді екі есе артқаны анықталды, бұл инфликсимабтың Т-жасушалық гуморальды иммундық жауапқа араласпайтынын көрсетеді. Дегенмен, медициналық әдебиеттерде жарияланған әртүрлі көрсетілімдер бойынша зерттеулер (мысалы, ревматоидты артрит, псориаз, Крон ауруы) инфликсимабты қоса алғанда, анти-ІНФ препараттарымен емдеу кезеңінде тірі емес вакциналармен вакцинациялау анти-ІНФ препараттарымен ем қабылдамайтын пациенттермен салыстырғанда төменірек иммундық жауаппен байқалуы мүмкін екенін көрсетеді.

Тірі вакциналар және құрамында инфекциялық агенттер бар дәрілік препараттар

αІНФ тежегіштерімен ем қабылдайтын пациенттерде тірі вакциналарды қолдану кезінде вакцинацияға жауап немесе инфекцияның салдарлы берілу мүмкіндігі туралы деректер жеткіліксіз. Тірі  вакциналарды қолдану диссеминацияланған инфекцияны қоса, инфекцияның клиникалық көрінісіне әкелуі мүмкін. Тірі  вакциналарды және Инфликсимаб препаратын бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.

Құрсақішілік әсеріне ұшыраған жаңа туған нәрестелер

Инфликсимабтың құрсақішілік әсеріне ұшыраған жаңа туған нәрестелер арасында БЦЖ вакцинациясынан кейін диссеминацияланған БЦЖ инфекциядан туындаған өліммен аяқталу оқиғалары хабарланған. Инфликсимабтың құрсақішілік әсеріне ұшыраған жаңа туған нәрестелерге дүниеге келгеннен кейін тірі вакциналарды, кем дегенде, 12 айға кейінге қалдыра тұру ұсынылады. Егер сәби сарысуындағы инфликсимаб деңгейі анықтау шегінен төмен деңгейде болса немесе инфликсимабты енгізу жүктіліктің бірінші триместрімен шектелген болса, егер нәресте үшін айқын клиникалық пайдасы болса, тірі вакцинаны ертерек енгізу туралы мәселені қарастыруға болады («Арнайы сақтандырулар» бөлімін қараңыз).

Емшек сүті арқылы нәрестелерге әсер етуі

Сәбилер сарысуындағы инфликсимаб деңгейі анықтау шегінен төмен болмаса, анасы инфликсимабпен ем қабылдап жатқанда емшек еметін нәрестеге тірі вакциналарды тағайындау ұсынылмайды («Арнайы сақтандырулар» бөлімін қараңыз).

Емдік инфекциялық агенттер

Құрамында тірі аттенуирленген бактериялар сияқты инфекциялық агенттер бар препараттарды пайдалану (мысалы, обырды емдеу үшін қуыққа БЦЖ инстилляциялау) диссеминацияланған инфекцияны қоса, инфекцияның клиникалық көрінісіне әкелуі мүмкін. Инфликсимаб препараты мен құрамында инфекциялық агенттер бар дәрілік препараттарды бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.

Аутоиммундық процестер

Сирек жағдайларда анти-ІНФ емінен туындаған αІНФ салыстырмалы тапшылығы аутоиммундық процестің дамуына түрткі болуы мүмкін. Инфликсимаб препаратымен ем кезінде жегі тәрізді синдромның симптомдары пайда болғанда және қос спиральді ДНҚ-ға антиденелердің оң тестілерінде Инфликсимаб препаратымен ем тоқтатылуға тиіс («ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар» бөлімін қараңыз).

Неврологиялық бұзылулар

Инфликсимабты қоса, ІНФ тежегіштерін қолдану сирек жағдайларда орталық жүйке жүйесінің (шашыранды склерозды қоса) және Гийен-Барре синдромын қоса, шеткері жүйке жүйесінің демиелиндеуші ауруларының клиникалық және/немесе рентгенологиялық белгілерінің пайда болуымен немесе өршуімен қатар жүрген. Бұрыннан бар немесе жақында пайда болған демиелиндеуші аурулары бар пациенттерде Инфликсимаб препаратын тағайындар алдында анти-ІНФ емінің пайдасы мен қаупін мұқият таразылау қажет. Мұндай аурулар дамыған жағдайда инфликсимабпен ем тоқтатылуға тиіс.

Қатерлі жаңа түзілімдер және лимфопролиферациялық бұзылыстар

Анти-ІНФ дәрілерін қолданып клиникалық зерттеулер жүргізген кезде бақылау тобынағы пациенттерге қарағанда анти-ІНФ дәрілерін қабылдаған пациенттерде лимфоманың жиірек дамығаны байқалған. Инфликсимабтың клиникалық зерттеулерінде барлық мақұлданған көрсетілімдер бойынша лимфоманың туындауы сирек байқалды, бірақ жалпы тұрғындарда күтілгендегісінен жиірек. Тіркеуден кейінгі кезеңде ІНФ антагонистерін қабылдаған пациенттерде лейкоздардың дамығаны туралы хабарланды. Ұзаққа созылған белсенділігі жоғары қабыну ауруымен байқалатын ревматоидты артриті бар пациенттерде лимфома мен лейкемияның даму қаупі жоғары болғандықтан, қауіпке баға беру қиын.

Инфликсимабты ықтимал жаңа көрсетілімде – өкпенің созылмалы обструкциялық ауруында (ӨСОА) (ауыр және орташа ауырлық дәрежесінде) қолдануды зерттеу жөніндегі клиникалық зерттеулерде – шылым шегетін (немесе бұрын шылым шеккен) пациенттерде жаңа түзілімдердің даму жиілігі бақылау тобына қарағанда инфликсимабты алған топта жоғарырақ болды. Шылым шегуге байланысты қатерлі жаңа түзілімдердің даму қаупі жоғары пациенттерге анти-ІНФ емін тағайындаған кезде сақтық таныту керек.

Қолда бар деректер бойынша, ІНФ тежегіштерін қабылдап жүрген пациенттерде лимфомалардың және басқа қатерлі жаңа түзілімдердің даму қаупін жоққа шығаруға болмайды. ІНФ тежегіштерін анамнезінде қатерлі жаңа түзілімдері бар пациенттерге тағайындағанда немесе дамыған қатерлі жаңа түзілімдері бар пациенттерді емдеуді жалғастырған кезде сақтық таныту керек.

Анамнезінде псориазы бар немесе иммунодепрессанттармен қарқынды ем алған немесе ұзақ уақыт ПУВА-терапия алған пациенттерде де сақтық таныту керек. Тіркеуден кейінгі зерттеулер барысында инфликсимабты қоса, ІНФ тежегіштерін алған балалардың, жасөспірімдердің және кәмелетке толған жас адамдардың (22 жасқа дейінгі) арасында кейбіреулері өліммен аяқталған қатерлі ісіктердің түзілу жағдайлары хабарланған (емнің басталуы ≤ 18 жас). Оқиғалардың жартысына жуығында лимфомалар туралы хабарланды. Басқа оқиғалар әдетте иммуносупрессиямен байланысты болатын қатерлі ісіктерді қоса, бірқатар әртүрлі қатерлі ісіктер түрінде болды. ІНФ тежегіштерін алған пациенттерде қатерлі жаңа түзілімдердің даму қаупін жоққа шығаруға болмайды.

Тіркеуден кейінгі кезеңде инфликсимабты қоса, ІНФ тежегіштерімен емдеген кезде гепатолиенальді Т-жасушалық лимфоманың дамыған сирек жағдайлары туралы хабарламалар алынды. Т-жасушалық лимфоманың бұл сирек түрі аурудың өте агрессиялы ағымымен сипатталады және әдетте өліммен аяқталады. Пациенттердің барлығы дерлік ІНФ тежегіштерімен емделумен бірге немесе ІНФ тежегіштерімен емделудің алдында ғана азатиопринді немесе 6-меркаптопуринді қабылдаған. Инфликсимабпен ем кезінде жағдайлардың басым бөлігі Крон ауруы немесе ойықжаралы колиті бар пациенттерде тіркелген, олардың көпшілігі еркек жынысты жасөспірімдерде немесе жас ересектерде байқалды. Азатиопринді немесе 6-меркаптуринді және Инфликсимаб препаратын бір мезгілде қолданудың ықтимал қаупіне мұқият баға беру керек.

Инфликсимабты қабылдайтын пациенттерде гепатолиенальді лимфоманың даму қаупін жоққа шығаруға болмайды.

Инфликсимабты қоса, αІНФ блокаторларын қабылдаған пациенттерде Меркель кар циномасының және меланоманың дамыған жағдайлары туралы хабарланды. Пациенттерде, әсіресе терінің қатерлі жаңа түзілімдері дамуының қауіп факторлары бар пациенттерде тері жабындарын мезгіл-мезгіл тексеріп тұру ұсынылады.

Швед денсаулық сақтау саласындағы ұлттық тізілімдерінің деректері пайдаланылған ретроспективті когорталық популяциялық зерттеу ревматоидты артриті бар, инфликсимабпен ем қабылдаған әйелдерде бұдан бұрын биологиялық препараттармен емделмеген пациент әйелдермен немесе жалпы популяциялық деңгеймен, оның ішінде 60 жастан асқан әйелдер арасындағымен салыстырғанда жатыр мойны обырымен ауырушаңдықтың жоғарылағанын анықтады. Инфликсимабпен емдеу және жатыр мойны обырының арасындағы себеп-салдарлық байланысты жоққа шығаруға болмайды. Инфликсимаб препаратымен ем алып жүрген әйелдерге, 60 жастан асқан пациент әйелдерді қоса, мезгіл-мезгіл профилактикалық тексеру жүргізуді жалғастыру керек.

Ойықжаралы колиті бар, тоқ ішектің дисплазиясының немесе карциномасының даму қаупі жоғарылаған  (мысалы, ұзаққа созылған ойықжаралы колиті немесе бастапқы беріштенгіш холангиті бар пациенттер) немесе осы аурулар бұрын диагностикаланған барлық пациенттерді ем алдында және одан кейін дисплазияға қатысты тұрақты бақылап отыру керек. Бақылау  қабылданған нсұқауларға байланысты колоноскопияны және биопсияны қамтуға тиіс. Инфликсимабпен емдеу тоқ ішек дисплазиясының немесе обырының даму қаупіне ықпал ете ме, белгісіз.

Алғаш рет диагностикаланған дисплазиясы бар, инфликсимабпен ем қабылдайтын пациенттерде қатерлі жаңа түзілімдердің даму қаупінің жоғарылау ықтималдығы анықталмағандықтан, Инфликсимаб препаратымен емнің қаупі мен пайдасына мұқият баға беру және емді жалғастыру немесе тоқтату туралы шешім қабылдау керек.

Жүрек функциясының жеткіліксіздігі

Инфликсимабты жүрек функциясының NYHA жіктемесі бойынша I-II функциялық класына жататын созылмалы жеткіліксіздігі бар пациенттерде сақтықпен қолдану керек. Пациенттер бақылауға алынуға тиіс, және жүрек функциясы жеткіліксіздігінің белгілері жаңадан пайда болған немесе бұрыннан бары нашарлаған жағдайда Инфликсимаб препаратымен ем тоқтатылуға тиіс.

Гематологиялық реакциялар

Инфликсимабты қоса, ІНФ тежегіштерін алған пациенттерде панцитопения, лейкопения, нейтропения және тромбоцитопения туралы хабарлар бар. Қан дискразиясының белгілері мен симптомдары (персистирленген қызба, қанталаулар, қан кетулер, бозару) дамыған барлық пациенттер дереу тексерілуі қажет. Айқын гематологиялық бұзылыстар жағдайында Инфликсимаб препаратымен ем тоқтатылуға тиіс.

Натрий мөлшері

Бұл препараттың құрамында натрий 1 ммоль-ден (23 мг) аз, яғни іс жүзінде құрамында натрий жоқ. Алайда препаратты инфузия үшін натрий хлоридінің 0.9% ерітіндісімен сұйылтады. Натрий диетасы бақыланатын пациенттерде бұған көңіл бөлу керек.

Басқалары

Хирургиялық араласымдар оның ішінде артропластика жүргізілген пациенттерде инфликсимабты қолданудың қауіпсіздігі туралы деректер шектеулі. Операция жоспарланса, инфликсимабтың жартылай шығарылу кезеңінің ұзақтығын ескеру қажет. Инфликсимаб препаратымен ем қабылдайтын пациенттерге операция жасаған кезде инфекцияға мұқият мониторинг жасау және олар пайда болған жағдайда дер кезінде емдеу қажет.

Крон ауруын емдеуге жауаптың болмауы хирургиялық емдеуді қажет етуі мүмкін бекіген фиброздық стриктураның бар екенін көрсетуі ықтимал. Қолда бар деректер инфликсимаб стриктураның нашарлауына немесе түзілуіне жағдай туғызбайды деп болжауға мүмкіндік береді.

Пациенттердің ерекше топтары

Қарттар (≥65 жас)

Егде жастағы пациенттерде (≥ 65 жас) күрделі инфекциялардың жиілігі 65 жасқа толмағандарға қарағанда жоғарырақ болды. Бұл инфекциялардың біразы өліммен аяқталды. Егде жастағы пациенттерді емдеген кезде инфекцияның даму қаупіне ерекше көңіл бөлу керек.

Балалар жасындағы пациенттер

Инфекциялар

Клиникалық зерттеулерде инфекциялар ересек пациенттерге қарағанда балалар жасындағы пациенттерде жиірек хабарланған.

Вакцинация

Балар жасындағы пациенттерге мүмкіндігінше инфликсимабпен ем басталғанға дейін профилактикалық екпелердің ағымдағы күнтізбесіне сәйкес толық вакцинациядан өту ұсынылады. Тірі вакциналарды қолдануды қоспағанда, инфликсимаб қабылдайтын балалар жасындағы пациенттер бір уақытта бірнеше вакцинаны қабылдауы мүмкін.

Қатерлі жаңа түзілімдер және лимфопролиферациялық бұзылыстар

Тіркеуден кейінгі зерттеулер барысында инфликсимабты қоса, ІНФ тежегіштерін алған балалардың, жасөспірімдердің және кәмелетке толған жас адамдардың (22 жасқа дейінгі) арасында кейбіреулері өліммен аяқталған қатерлі ісіктердің түзілу жағдайлары хабарланған (емнің басталуы ≤18 жас). Оқиғалардың жартысына жуығында лимфомалар туралы хабарланды. Басқа оқиғалар әдетте иммуносупрессиямен байланысты болатын қатерлі ісіктерді қоса, бірқатар әртүрлі қатерлі ісіктер түрінде болды. ІНФ тежегіштерін алған пациенттерде қатерлі жаңа түзілімдердің даму қаупін жоққа шығаруға болмайды.

Тіркеуден кейінгі кезеңде инфликсимабты қоса, ІНФ тежегіштерімен емдеген кезде гепатолиенальді Т-жасушалық лимфоманың дамыған жағдайлары туралы хабарламалар алынды. Т-жасушалық лимфоманың бұл сирек түрі аурудың өте агрессиялы ағымымен сипатталады және әдетте өліммен аяқталады. Пациенттердің барлығы дерлік ІНФ тежегіштерімен емделумен бірге немесе ІНФ тежегіштерімен емделудің алдында ғана азатиопринді немесе 6-меркаптопуринді қабылдаған. Инфликсимабпен ем кезінде жағдайлардың басым бөлігі Крон ауруы немесе ойықжаралы колиті бар пациенттерде тіркелген, олардың көпшілігі еркек жынысты жасөспірімдерде немесе жас ересектерде байқалды. Азатиопринді немесе 6-меркаптуринді және Инфликсимаб препаратын бір мезгілде қолданудың ықтимал қаупіне мұқият баға беру керек. Инфликсимабты қабылдайтын пациенттерде гепатолиенальді лимфоманың даму қаупін жоққа шығаруға болмайды.

Ревматоидты артриті, шорбуынданатын спондилиті, псориаздық артриті немесе псориазы бар балалар мен 17 жасты қоса алғанға дейінгі жасөспірімдерді емдеу, сондай-ақ Крон ауруы немесе ойықжаралы колиті бар 6 жасқа дейінгі балаларды инфликсимабпен емдеу зерттелмеген. Инфликсимабтың қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы деректер алынғанға дейін препаратты сәйкес жас топтарында бұл көрсетілімдер бойынша қолданбаған жөн.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Өзара әрекеттесуіне арнайы зерттеулер жүргізілмеген.

Ревматоидты артриті, псориаздық артриті және Крон ауруы бар пациенттерде метотрексатпен немесе басқа иммуномодуляторлармен бір мезгілде қолдану  инфликсимабқа антиденелердің түзілуін төмендетеді әрі соңғысының плазмадағы  концентрациясын жоғарылатады. Алайда қан сарысуында инфликсимабтың концентрациясын және инфликсимабқа антиденелерді анықтауға пайдаланылатын әдістің шектеулеріне байланысты, нәтижелері біркелкі болып шықпайды.

Глюкокортикостероидтар инфликсимабтың фармакокинетикасына клиникалық маңызды ықпалын тигізбейді.

Инфликсимаб препараты мен дәл сондай көрсетілімдер бойынша қолданылатын басқа да биологиялық препараттарды, оның ішінде анакинрамен және абатацептпен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.

Инфликсимаб препаратын және тірі вакциналарды бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.

Инфликсимабтың құрсақішілік әсеріне ұшыраған жаңа туған нәрестелерге дүниеге келгеннен кейін тірі вакциналарды, кем дегенде, 12 айға кейінге қалдыра тұру ұсынылады. Егер сәби сарысуындағы инфликсимаб деңгейі анықтау шегінен төмен деңгейде болса немесе инфликсимабты енгізу жүктіліктің бірінші триместрімен шектелген болса, егер нәресте үшін айқын клиникалық пайдасы болса, тірі вакцинаны ертерек енгізу туралы мәселені қарастыруға болады («Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары» бөлімін қараңыз).

Сәбилер сарысуындағы инфликсимаб деңгейі анықтау шегінен төмен болмаса, анасы инфликсимабпен ем қабылдап жатқанда емшек еметін нәрестеге тірі вакциналарды тағайындау ұсынылмайды («Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары»және «Арнайы сақтандырулар» бөлімдерін қараңыз).

Инфликсимаб препаратын және құрамында инфекция қоздырғыштары бар емдік препараттарды бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.

Арнайы сақтандырулар

Жүктілік немесе лактация кезінде

Бала туатын жастағы әйелдер инфликсимабпен емделу кезеңінде және ол аяқталғаннан кейін кем дегенде 6 ай бойы контрацепцияның сенімді әдістерін пайдалануға тиіс.

Жүктілік

Жүктілік кезінде инфликсимабты (оның ішінде 1100-ге жуығы бірінші триместрде) қабылдаған пациент әйелдерден алынған деректер жаңа туған нәрестелерде туа біткен даму бұзылулары жиілігінің жоғарылағанын көрсеткен жоқ.

Бақыланатын зерттеулер нәтижесінде солтүстік Еуропада жоғары қауіп (OR, 95% CI; p-мәні) С-бөлімі үшін (1.50, 1.14-1.96; p=0.0032), мезгілінен бұрын босану (1.48, 1.05-2.09, р = 0.024), осы гестациялық жас үшін төмен масса (2.79, 1.54-5.04, р = 0.0007), және туған кезде нәресте салмағының төмен болуы (2.03, 1.41-2.94, р = 0.0002), жүктілік кезінде иммуномодуляторларды және/немесе кортикостероидтарды қабылдаған әйелдермен (жүктіліктің 6 460 жағдайы) салыстырғанда, инфликсимаб (иммуномодуляторлармен/ кортикостероидтармен немесе оларсыз, жүктіліктің 270 жағдайы) қабылдаған әйелдерде байқалды. Инфликсимабтың және/немесе негізгі ауру ауырлығының осыларға әсер етуінің потенциалды нәтижесі айқын емес.

αІНФ тежелуі нәтижесінде, инфликсимабты жүктілік кезінде қабылдау жаңа туған нәрестенің қалыпты иммундық жауабына ықпал етуі мүмкін. Тышқандардағы уыттылық зерттеулерінің деректері бойынша, ұқсас (тышқанның αІНФ белсенділігін іріктеп тежейтін) антиденені пайдаланған кезде буаз ұрғашылары үшін уыттылық, эмбриоуыттылық немесе тератогенділік белгілері анықталған жоқ.

Қолда бар клиникалық тәжірибе шектеулі. Инфликсимабты жүктілік кезінде тек айқын қажеттілік болған жағдайда ғана пайдалану керек.

Инфликсимаб плацента арқылы өтеді және туғаннан кейін 12 ай ішінде нәрестелердің қан сарысуынан анықталады. Инфликсимабтың құрсақішілік әсері нәтижесінде жаңа туған нәрестелерде өлімге әкеліп соғуы ықтимал диссеминацияланған инфекцияны қоса, инфекцияның пайда болу қаупі артуы мүмкін («Басқа дәрілік  препараттармен өзара әрекеттесуі» және «Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары» бөлімдерін қараңыз). Жатыр ішінде инфликсимабтың әсеріне ұшыраған балаларға тірі вакциналарды (мысалы, БЦЖ вакцинасын) енгізу нәрестеге туғаннан кейін 12 ай ішінде ұсынылмайды. Егер сәби сарысуындағы инфликсимаб деңгейі анықтау шегінен төмен деңгейде болса немесе инфликсимабты енгізу жүктіліктің бірінші триместрімен шектелген болса, егер нәресте үшін айқын клиникалық пайдасы болса, тірі вакцинаны ертерек енгізу туралы мәселені қарастыруға болады. Сондай-ақ агранулоцитоз жағдайлары мәлімделген.

Бала емізу кезеңі

Жарияланған әдеби дереккөздерден алынған шектеулі мәліметтер инфликсимабтың төмен деңгейі емшек сүтінде ана сарысуындағы деңгейінен 5% - ға дейінгі концентрацияда анықталғанын көрсетеді. Инфликсимаб емшек сүті арқылы инфликсимаб әсерінен кейін сәбилердің сарысуында да табылды. Емшек сүтімен келіп түсетін инфликсимабтың сәбилерге жүйелі әсер етуі төмен болады деп күтілсе де, инфликсимаб асқазан-ішек жолында елеулі дәрежеде протеолиздік ыдырауға ұшырайтындықтан, анасы инфликсимабпен ем алу кезеңінде емшек еметін жаңа туған нәрестеге тірі вакциналарды тағайындау нәрестелер сарысуындағы инфликсимаб деңгейі анықтау шегінен төмен деңгейде болған жағдайларды қоспағанда, ұсынылмайды. Бала емізу кезеңінде инфликсимабты қолдану қажеттілігін бағалау керек.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Инфликсимаб автокөлікті басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне елеусіз ықпал етуі мүмкін. Көлік құралдарын басқарғанда және зейін қоюдың жоғарылығы мен психомоторлық реакциялардың жылдамдығын қажет ететін басқа да қауіптілігі зор әрекет түрлерімен шұғылданған кезде сақтық таныту керек, өйткені Инфликсимаб препараты осы қабілеттерге ықпал етуі бас айналуын және басқа жағымсыз әсерлерді туғызуы мүмкін.  

Қолдану жөніндегі нұсқаулар

Инфликсимаб биобаламалы (биоұқсас дәрілік препарат) болып табылады.

Дозалау режимі

Ревматоидты артритті емдеу

Инфликсимаб препаратының бастапқы бір реттік дозасы вена ішіне 3 мг/кг құрайды. Содан соң препарат дәл сол дозада алғашқы енгізуден кейін 2 аптадан кейін және 6 аптадан кейін енгізіледі, және әрі қарай әрбір 8 апта сайын енгізіледі

Инфликсимаб препаратымен емдеуді метотрексат қолданумен бір мезгілде жүргізу керек.

Пациенттердің көпшілігінде клиникалық жауапқа 12 аптаның ішінде қол жеткізіледі. Жауап жеткіліксіз болса немесе егер емдеудің әсері кейінгі кезеңде жоғалып кетсе, Инфликсимаб препаратының  дозасын 1,5 мг/кг қадаммен, әр 8 апта сайын 7,5 мг/кг дейін арттыруға, немесе Инфликсимаб препаратын 3 мг/кг дозада енгізу аралықтарын 4 аптаға дейін қысқартуға болады. Клиникалық жауапқа жеткен кезде емдеу тиісті дозада және тиісті дозалау режимінде жалғастырылуға тиіс.

Алғашқы 12 аптаның ішінде емдеуден әсер болмаған кезде, сондай-ақ Инфликсимаб препаратының дозасын арттыруға немесе инфузиялар арасындағы аралықтарды қысқартуға жауап ретінде емдеуді жалғастырудың мақсатқа сәйкестігі туралы мәселені қарастыру керек.

Ересектердегі ауыр немесе орташа дәрежедегі Крон ауруының белсенді түрін емдеу

Инфликсимаб препаратының бастапқы дозасы вена ішіне 5 мг/кг құрайды, біріншісінен кейін 2 аптадан кейін сол дозада екінші инфузия. Екі рет енгізуден кейін жауап болмаған кезде Инфликсимаб препаратын одан әрі қолдану мақсатқа сай болмайды. Қолда бар деректер бірінші инфузиядан кейін 6 апта ішінде жауапқа жетпеген пациенттерде инфликсимабпен емдеуді жалғастыруды қолдамайды. Жауабы болған пациенттер үшін Инфликсимаб препаратымен  емдеуді жалғастыруға болады, мұндайда емдеудің ықтимал екі нұсқасының біреуін таңдау керек:

- демеуші ем: бірінші енгізуден кейін 6 аптадан соң, содан кейін әр 8 апта сайын 5 мг/кг дозада қосымша инфузия;

- қайталап қолдану: препарат ауру қайталанғанда 5 мг/кг дозада енгізіледі («Қайталап тағайындау» және «ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар» бөлімдерін қараңыз).

Салыстырмалы деректердің жеткіліксіздігіне қарамастан, қолда бар деректер бастапқыда 5 мг/кг дозамен емге жауап берген, бірақ кейіннен жауабы жоғалған кейбір пациенттер дозаны арттырған кезде қайтадан жауапқа ие болуы мүмкін екенін көрсетеді. Дозаны өзгерткеннен кейін емдік жақсару белгілері болмаған пациенттерде емді жалғастыру мүмкіндігіне мұқият баға беру керек.

6-дан 17 жасты қоса  алғанға дейінгі балалар мен жасөспірімдерде ауыр немесе орташа дәрежедегі Крон ауруының белсенді түрін емдеу

Инфликсимаб препаратының бастапқы дозасы вена ішіне 5 мг/кг құрайды. Содан соң препарат дәл сол дозада алғашқы енгізуден кейін 2 аптадан кейін және 6 аптадан кейін енгізіледі, және әрі қарай әрбір 8 апта сайын енгізіледі. Алғашқы 10 апта ішінде әсері болмаған жағдайда Инфликсимаб препаратын одан әрі қолдану ұсынылмайды.

Кейбір пациенттерге клиникалық әсерді сақтау үшін инфузиялар арасындағы неғұрлым қысқа аралық қажет болуы мүмкін, ал пациенттердің бір бөлігі үшін неғұрлым ұзақ аралық жеткілікті болуы мүмкін. Инфузиялар арасындағы аралық 8 аптаға дейін қысқартылған пациенттерде жағымсыз құбылыстардың даму қаупі артуы мүмкін. Дозалау аралығы өзгергенде емдеудің қосымша әсері болмаған жағдайда емдеуді жалғастыру қажеттілігін мұқият бағалау керек.

6 жасқа дейінгі пациенттерде инфликсимабтың тиімділігі мен қауіпсіздігі зерттелмеген.

Ересектердегі жыланкөздердің пайда болуымен байқалатын Крон ауруын емдеу

Инфликсимаб препаратын вена ішіне 5 мг/кг дозада енгізеді, содан кейін препаратты алғашқы енгізуден кейін 2 аптадан және 6 аптадан кейін дәл сол дозада енгізеді. Осы үш дозаны енгізгеннен кейін жауап болмаған кезде Инфликсимаб препаратымен емдеуді жалғастыру мақсатқа сай емес. Егер жауап болса, емдеуді жалғастыруға болады, ал емдеудің екі ықтимал нұсқасының біреуін таңдау керек:

- демеуші ем: әр 8 апта сайын қосымша инфузия;

- қайталап қолдану: ауру қайталанған кезде препарат 5 мг/кг дозада, одан кейін препарат әрбір 8 апта сайын 5 мг/кг дозада енгізіледі («Қайталап тағайындау» және «ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар» бөлімдерін қараңыз).

Салыстырмалы деректердің жеткіліксіздігіне қарамастан, қолда бар деректер бастапқыда 5 мг/кг дозамен емге жауап берген, бірақ кейіннен жауабы жоғалған кейбір пациенттер дозаны арттырған кезде қайтадан жауапқа ие болуы мүмкін екенін көрсетеді. Дозаны өзгерткеннен кейін емдік жақсару белгілері болмаған пациенттерде емді жалғастыру мүмкіндігіне мұқият баға беру керек.

Крон ауруын емдеудің көрсетілген екі нұсқасына салыстырмалы зерттеу жүргізілген жоқ. Препаратты емдеудің екінші нұсқасы бойынша (қайталанған жағдайда қайтадан енгізу) қолдану туралы қолда бар деректер шектеулі.

Ересектердегі ойықжаралы колитті емдеу

Инфликсимаб препаратының бастапқы дозасы вена ішіне 5 мг/кг құрайды. Содан соң препарат дәл сол дозада алғашқы енгізуден кейін 2 аптадан кейін және 6 аптадан кейін енгізіледі, және әрі қарай әрбір 8 апта сайын енгізіледі. Қолда бар деректер емдеу әсерінің 14 аптаға дейінгі мерзімде (3 дозаны енгізгеннен кейін) басталғанын айғақтайды. Егер осы уақыт ішінде әсері болмаса, емдеуді жалғастырудың мақсатқа сәйкестігі туралы мәселені шешу керек. Емдеуге жауап бар болған кезде Инфликсимаб препаратымен емдеудің жалпы ұзақтығын емдеуші дәрігер анықтайды.

6-дан 17 жасты қоса  алғанға дейінгі балалар мен жасөспірімдерде ойықжаралы колитті емдеу

Инфликсимаб препаратының бастапқы дозасы вена ішіне 5 мг/кг құрайды. Содан соң препарат дәл сол дозада алғашқы енгізуден кейін 2 аптадан кейін және 6 аптадан кейін енгізіледі, және әрі қарай әрбір 8 апта сайын енгізіледі. Қолда бар деректер бірінші инфузиядан кейін 8 апта ішінде әсері болмаған кезде инфликсимаб қолдануды ұсынуға мүмкіндік бермейді.

6 жасқа дейінгі пациенттерде инфликсимабтың тиімділігі мен қауіпсіздігі зерттелмеген.

Шорбуынданатын спондилитті емдеу

Инфликсимаб препаратының бастапқы дозасы вена ішіне 5 мг/кг құрайды. Содан соң препарат дәл сол дозада алғашқы енгізуден кейін 2 аптадан кейін және 6 аптадан кейін енгізіледі, және әрі қарай әрбір 6-8 апта сайын енгізіледі. 6 апта ішінде әсер болмаған кезде (екі дозаны енгізгеннен кейін) емдеуді жалғастыру мақсатқа сай болмайды.

Псориаздық артритті емдеу

Инфликсимаб препаратының бастапқы дозасы вена ішіне 5 мг/кг құрайды. Содан соң препарат дәл сол дозада алғашқы енгізуден кейін 2 аптадан кейін және 6 аптадан кейін енгізіледі, және әрі қарай әрбір 8 апта сайын енгізіледі.

Псориазды емдеу

Инфликсимаб препаратының бастапқы дозасы вена ішіне 5 мг/кг құрайды. Содан соң препарат дәл сол дозада алғашқы енгізуден кейін 2 аптадан кейін және 6 аптадан кейін енгізіледі, және әрі қарай әрбір 8 апта сайын енгізіледі. 14 апта ішінде әсері болмаған кезде (төрт дозаны енгізгеннен кейін) инфликсимабпен емдеуді жалғастыру мақсатқа сай болмайды.

Ревматоидты артрит және Крон ауруы кезінде қайталап тағайындау

Ауру қайталанған жағдайда Инфликсимаб препараты соңғы дозаны енгізгеннен кейін 16 аптаның ішінде қайта тағайындалуы мүмкін. Клиникалық зерттеулерде аса жоғары сезімталдық реакциялары жиі болған жоқ және егер қайталап енгізер алдында инфликсимабты пайдаланбаған аралық 1 жылдан аз болған жағдайда байқалды. Инфликсимабты 16 аптадан асатын аралықпен қайталап енгізудің тиімділігі мен қауіпсіздігі зерттелмеген. Бұл Крон ауруы және ревматоидты артриті бар пациенттерге қатысты.

Ойықжаралы колит кезінде қайталап тағайындау

Инфликсимабты басқа сызба бойынша (әр 8 апта сайын емес) қайталап қолдану кезіндегі тиімділігі мен қауіпсіздігі зерттелмеген.

Шорбуынданатын спондилит кезінде қайталап тағайындау

Инфликсимабты басқа сызба бойынша (әр 6-8 апта сайын емес) қайталап қолдану кезіндегі тиімділігі мен қауіпсіздігі зерттелмеген.

Псориаздық артрит кезінде қайталап тағайындау

Препаратты басқа сызба бойынша (әр 8 апта сайын емес) қайталап қолдану кезіндегі тиімділігі мен қауіпсіздігі зерттелмеген.

Псориаз кезінде қайталап тағайындау

Инфликсимабтың бір дозасын 20 апталық аралықтан кейін қайталап енгізудің шектеулі тәжірибесі емдеудің әсері аз болып шығуы және бастапқы индукциялық режиммен салыстырғанда инфузиялық реакциялардың (жеңіл және орташа ауырлық дәрежесіндегі) жоғары жиілігімен қатар жүруі мүмкін деп болжауға мүмкіндік береді.

Ауру өршігеннен кейін инфликсимабты  индукция режимінде қайталап тағайындаудың шектеулі тәжірибесі емдеудің әр 8 апта сайын енгізу режимімен салыстырғанда инфузиялық реакциялардың (оның ішінде ауыр дәрежедегі) жоғары жиілігімен қатар жүруі мүмкін деп болжауға мүмкіндік береді.

Көрсетілімдерге байланыссыз қайталап тағайындау

Демеуші емдегі үзіліс жағдайында және емдеуді қайта жаңғырту қажет болғанда Инфликсимаб препаратын индукция режимінде қайталап тағайындау ұсынылмайды. Емді қайта жаңғыртуды бір инфузия режимінде жүргізіп, кейіннен демеуші ем режимінде инфузия тағайындау керек.

Пациенттердің ерекше топтары

Бүйрек және/немесе бауыр функциясы бұзылған пациенттер

Пациенттердің бұл санатында инфликсимабтың тиімділігі мен қауіпсіздігі зерттелмеген.

Егде жастағы пациенттер

Егде жастағы пациенттерде инфликсимабтың тиімділігі мен қауіпсіздігі зерттелмеген. Клиникалық зерттеулерде препараттың таралуы мен шығарылуында жасқа байланысты ешқандай елеулі айырмашылықтар байқалған жоқ. Дозаны түзету қажет емес.

Енгізу әдісі мен жолы

Препарат вена ішіне енгізіледі.

Инфузиялық ерітіндіні дайындау жөніндегі нұсқаулық

  • Инфликсимаб препаратының дозасын және құтыларының (әр құтыда 100 мг инфликсимаб бар) қажетті саны мен препараттың дайын ерітіндісінің қажетті көлемін есептеңіз.

  • Әр құтының ішіндегісін асептикалық жағдайларда кіші калибрдегі немесе 21 (0,8 мм) инесі бар шприцті пайдаланып инъекцияға арналған 10 мл суда ерітіңіз. Еріткішті енгізер алдында құтының пластик қақпағын шешіп, тығынды 70% этил спиртінің ерітіндісімен сүртіңіз. Шприц инесін құтыға резеңке тығынның ортасы арқылы енгізіңіз, су ағынын құтының қабырғасы бойына бағыттаңыз.

  • Лиофилизат толық ерігенше ерітіндіні құтыны айналдыра отырып, абайлап араластырыңыз. Ұзақ, әрі тербетіп араластырудан аулақ болыңыз.

    СІЛКУГЕ БОЛМАЙДЫ. Еріткенде көбік пайда болуы мүмкін, мұндайда ерітіндіні 5 минут бойы қойып қойыңыз.

    Алынған ерітінді түссіз немесе сәл сары түсті және бозарған болуы тиіс. Онда аз мөлшерде ұсақ мөлдір бөлшектер болуы мүмкін, өйткені инфликсимаб ақуыз болып табылады. Мөлдір емес бөлшектер, бөгде қосындылар болған және түсі өзгерген жағдайда ерітіндіні пайдалануға болмайды.

  • Инфликсимаб ерітіндісінің дайындалған дозасының жалпы көлемін 0,9 % натрий хлоридінің инъекцияға арналған ерітіндісімен 250 мл дейін жеткізіңіз. Басқа еріткіштерді пайдалануға жол берілмейді. Ол үшін ішінде 250 мл 0,9% натрий хлориді ерітіндісі бар шыны құтыдан немесе инфузиялық қапшықтан инъекцияға арналған суды пайдаланып дайындалған инфликсимаб ерітіндісінің көлеміне тең келетін көлемді алып тастаңыз. Содан кейін инфликсимабтың бұрын дайындалған ерітіндісін 0,9% натрий хлоридінің ерітіндісі бар бөтелкеге немесе инфузиялық қапшыққа баяу қосыңыз және абайлап араластырыңыз. ПРЕПАРАТТЫ СҰЙЫЛТПАЙ ЕНГІЗУГЕ БОЛМАЙДЫ! 250 мл-ден асатын көлемдерді дайындау үшін үлкен көлемдегі (мысалы, 500 мл, 1000 мл) инфузиялық қапшықты пайдаланады немесе дайындалған инфузиялық ерітіндінің концентрациясы 4 мг/мл-ден аспайтынына (мысалы, семіздігі бар пациенттер үшін) кепілдік беру үшін көлемі 250 мл бірнеше инфузиялық қапшықтарды пайдаланады.

  • Инфузияны ұсынылғаннан кем емес уақыт ішінде жүргізіңіз. Ақуыз байланыстыратын белсенділігі төмен (саңылау өлшемі 1,2 мкм-ден аспайтын) кіріктірілген стерильді апирогендік сүзгісі бар инфузиялық жүйені ғана пайдаланыңыз. Препаратта консервант болмауына байланысты, инфузиялық ерітіндіні енгізуді мүмкіндігінше тезірек, бірақ оны дайындағаннан кейін 3 сағаттан кешіктірмей бастаңыз. Еріту мен сұйылтуды асептика жағдайларында жүргізу керек.

  • Инфликсимабты қандай да бір басқа дәрілік препараттармен бір инфузиялық жүйе арқылы енгізбеңіз.

  • Инфузиялық ерітіндіні енгізуді бастар алдында көзбен қарап тексеріңіз. Мөлдір емес бөлшектер, бөгде қосындылар болған және түсі өзгерген жағдайда ерітіндіні пайдалануға болмайды.

  • Инфузиялық ерітіндінің пайдаланылмаған бөлігі одан әрі пайдалануға жатпайды және оны жою қажет.

  • Қабылдау уақытының көрсетілуімен қолдану жиілігі

    Қатысты емес.

    Емдеу ұзақтығы

    Әрбір нақты жағдайда емнің тиімділігі мен жағымдылығын ескере отырып, Инфликсимабпен емдеу ұзақтығы туралы шешімді  емдеуші дәрігер қабылдауға тиіс.

    Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар

    Инфликсимабты 20 мг/кг дозада бір рет енгізу уыттылық әсерін туғызған жоқ. Артық дозалануы туралы клиникалық деректер жоқ. Қажет болса симптоматикалық емдеу жүргізу керек.

    Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алу кезіндегі қажетті шаралар

    Қатысты емес.

    Тоқтату синдромы қаупінің болуына көрсетілім

    Қатысты емес.

    Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі кеңестер

    Дәрілік препаратты қабылдамас бұрын дәрігер немесе фармацевт кеңесіне жүгініңіз Инфликсимаб препаратын тағайындау туралы шешімді  емдеуші дәрігер ғана қабылдауға тиіс. Инфликсимабты енгізуді тиісті тәжірибесі бар дәрігерлердің бақылауымен жүзеге асыру қажет.

    Дәрілік препаратты стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау  керек шаралар

    Тыныс алу жолдарының инфекциялары туралы клиникалық зерттеулерде хабарланған ең жиі жағымсыз реакциялар жоғары тыныс алу жолдарының инфекциялары болды. Олардың жиілігі бақылау тобындағы 16,5%-бен салыстырғанда инфликсимабты қабылдаған пациенттерде 25,3% құрады. Инфликсимабты қолдану кезінде хабарланған, ІНФ тежегіштерін пайдаланумен байланысты ең күрделі жағымсыз реакциялар В гепатиті вирусының реактивациясын, жүрек функциясының созылмалы жеткіліксіздігін, күрделі инфекцияларды (сепсисті, оппортунистік инфекцияларды және туберкулезді қоса), сарысу құю ауруын (баяу типті аса жоғары сезімталдық реакциялары), гематологиялық реакцияларды, жүйелі қызыл жегіні/жегі тәрізді синдромды, демиелиндеуші синдромды, гепатобилиарлық бұзылыстарды, лимфоманы, гепатолиенальді Т-жасушалық лимфоманы, лейкозды, Меркель карциномасын, меланоманы, балалардағы қатерлі жаңа түзілімдерді, саркоидоз/саркоидоз типтес реакцияны, интестиндік немесе перианустық абсцесті (Крон ауруы кезінде) және күрделі инфузиялық реакцияларды қамтыды («Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары» бөлімін қараңыз).

    Клиникалық зерттеулерде байқалған және тіркеуден кейінгі кезеңде хабарланған барлық жағымсыз реакциялар (оның ішінде өліммен аяқталғандар) төменде келтірілген.

    Жағымсыз реакциялардың даму жиілігі былай жіктеледі: өте жиі (≥1/10); жиі (≥1/100, бірақ <1/10); жиі емес (≥1/1000, бірақ <1/100); сирек (≥/10000, бірақ <1/1000).

    Өте жиі

    - вирустық инфекциялар (мысалы, тұмау, герпес)

    - бас ауыру

    - жоғарғы тыныс жолдарының инфекциялары

    - синусит

    - іштің ауыруы

    - жүрек айнуы

    - инфузиялық реакциялар

    - ауырсыну

    Жиі

    - бактериялық инфекциялар (мысалы, сепсис, целлюлит, абсцесс)

    - нейтропения

    - лейкопения

    - анемия

    - лимфаденопатия

    - респираторлық аллергиялық реакциялар

    - депрессия

    - ұйқысыздық

    - вертиго

    - бас айналу

    - гипестезия

    - парестезия

    - конъюнктивит

    - тахикардия

    - жүрек қағысын сезіну

    - артериялық қысымның төмендеуі

    - артериялық қысымның жоғарылауы

    - экхимоз

    - ысыну

    - төменгі тыныс алу жолдарының инфекциялары (мысалы, бронхит, пневмония)

    - ентігу

    - мұрыннан қан кету

    - асқазан-ішектен қан кету

    - диарея

    - диспепсия

    - асқазан-өңеш рефлюксі

    - іш қату

    - бауыр функциясының бұзылуы

    - «бауыр» трансаминазаларының жоғарылауы

    - псориаздың пайда болуы немесе нашарлауы, пустулезді псориазды қоса (көбінесе алақан-табандық түрі)

    - есекжем

    - бөртпе

    - қышу

    - аса тершеңдік

    - терінің құрғауы

    - зеңдік дерматит

    - экзема

    - алопеция

    - артралгия

    - миалгия

    - арқаның ауыруы

    - несеп шығару жолдарының инфекциясы

    - кеуденің ауыруы

    - шаршағыштық

    - қызба

    - енгізу орнындағы реакциялар

    - қалтырау

    - ісіну

    Жиі емес

    - туберкулез

    - зеңдік инфекциялар (мысалы, кандидоз, онихомикоз)

    - тромбоцитопения

    - лимфопения

    - лимфоцитоз

    - анафилаксиялық реакциялар

    - жегі тәрізді синдром

    - сарысу құю ауруы немесе сарысу құю ауруы тәрізді реакциялар

    - дислипидемия

    - амнезия

    - мазасыздық

    - сананың шатасуы

    - ұйқышылдық

    - күйгелектік

    - эпилепсиялық талма

    - нейропатия

    - кератит

    - периорбиталық ісіну

    - теріскен

    - жүрек жеткіліксіздігі (пайда болуы немесе нашарлауы)

    - аритмия

    - естен тану

    - брадикардия

    - шеткері қанайналымның бұзылуы

    - тромбофлебит

    - гематома

    - өкпе ісінуі

    - бронх түйілуі

    - плеврит

    - плевралық жалқық

    - ішек тесілуі

    - ішек стенозы

    - дивертикулит

    - панкреатит

    - хейлит

    - гепатит

    - гепатоцеллюлярлық зақымдану

    - холецистит

    - буллезді бөртпе

    - себорея

    - розацеа

    - тері папилломасы

    - гиперкератоз

    - тері пигментациясының бұзылуы

    - пиелонефрит

    - вагинит

    - жаралардың баяу жазылуы

    - аутоантиденелердің пайда болуы

    Сирек

    - менингит

    - инвазиялық зеңдік инфекциялар сияқты оппортунистік инфекциялар (пневмоцистоз, гистоплазмоз, аспергиллез, кокцидимикоз, криптококкоз, бластомикоз), бактериялық инфекциялар (атипиялық микобактериялық инфекция, листериоз, сальмонеллез), және вирустық инфекциялар (цитомегаловирустық инфекция)

    - паразиттік инфекциялар

    - В гепатитінің реактивациясы

    - лимфома

    - ходжкиндік емес лимфома

    - Ходжкин ауруы

    - лейкоз

    - меланома

    - жатыр мойны обыры

    - агранулоцитоз (инфликсимабтың құрсақішілік әсерінен кейінгі жаңа туған нәрестелерді қоса)

    - тромбоздық тромбоцитопениялық пурпура

    - панцитопения

    - гемолиздік анемия

    - идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпура

    - анафилаксиялық шок

    - васкулит

    - саркоидоз типтес реакциялар

    - апатия

    - көлденең миелит

    - орталық жүйке жүйесінің демиелиндеуші бұзылыстары (шашыранды склероз, көру жүйкесінің невриті типі бойынша)

    - шеткері жүйке жүйесінің демиелиндеуші бұзылыстары (Гийен-Барре синдромы, созылмалы қабынбалы демиелиндеуші полинейропатия және мультифокальді моторлық нейропатия)

    - эндофтальмит

    - цианоз

    - перикардиалық жалқық

    - циркуляторлық жеткіліксіздік

    - петехия

    - тамырлардың түйілуі

    - өкпенің интерстициальді ауруы (тез үдейтін ауруды, өкпе фиброзын және пневмонитті қоса)

    - аутоиммундық гепатит

    - сарғаю

    - уытты эпидермалық некролиз

    - Стивенс-Джонсон синдромы

    - мультиформалы эритема

    - фурункулез

    - желілік IgA- тәуелді буллездік дерматоз (LABD)

    - жедел жайылған экзантематозды пустулез (AGEP)

    - лихеноидтық реакциялар

    - гранулематозды ошақтардың пайда болуы

    - комплемент факторлары өндірілуінің бұзылуы

    Жиілігі белгісіз

    - вакцинациядан кейінгі жұқтыру (инфликсимабтың құрсақішілік әсерінің нәтижесінде)*

    - гепатосплениялық Т-жасушалық лимфома (көбінесе Крон ауруы және ойықжаралы колиті бар жасөспірімдер мен еркек жынысты жас адамдарда)

    - Меркель карциномасы

    - Капоши саркомасы

    - инфузиямен уақыт жағынан жақын байланысы бар ми қанайналымының жедел бұзылуы

    - инфузия кезінде немесе одан кейін 2 сағат ішінде көздің уақытша көрмей қалуы

    - бауыр функциясының жеткіліксіздігі

    - дерматомиозит симптомдарының нашарлауы

    - миокард ишемиясы/миокард инфарктісі

    өгіз туберкулезін қоса (диссеминацияланған БЦЖ инфекция), «Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары» бөлімін қараңыз.

    Инфузиялық реакциялар

    Клиникалық зерттеулер жүргізу кезінде инфузия кезінде немесе одан кейін 1 сағат ішінде туындаған кез келген жағымсыз реакциялар қарастырылды. 3 фазадағы клиникалық зерттеулерде инфликсимаб тобындағы инфузиялық реакциялардың даму жиілігі шамамен 18% - ды және плацебо тобында шамамен 5% - ды құрады. Жалпы инфликсимабпен монотерапия алған пациенттерде инфузиялық реакциялардың жиілігі иммуномодуляторларды бір мезгілде пайдалана отырып, инфликсимаб қабылдаған пациенттерге қарағанда жоғарылау болды. Пациенттердің шамамен 3% инфузиялық реакциялардың дамуына байланысты емді тоқтатуға мәжбүр болды, бұл ретте барлық пациенттерде реакциялар қайтымды болды (дәрі-дәрмектік емнен кейін немесе онсыз). Инфликсимаб қабылдаған және индукциялық кезеңде (6 аптадан) инфузиялық реакцияларды бастан өткерген пациенттерден демеуші кезеңде 27% - да (7-ден 54 аптаға дейін) қайталама реакциялар дамыған. Индукциялық кезеңде инфузиялық реакциялар тіркелмеген пациенттерден 9% - да демеуші кезеңде осы реакциялардың дамығаны байқалған.

    Күрделі инфузиялық реакцияларсыз кемінде үш 2 сағаттық инфликсимаб инфузиясын өткерген ревматоидты артриті бар пациенттерде ASPIRE клиникалық зерттеуінде инфузия ұзақтығын кемінде 40 минутқа дейін қысқартуға жол берілген. Осы зерттеуде пациенттердің 66% - ы (1040-тың 686-ы) 90 минутқа дейін немесе одан азға қысқартылған кемінде бір инфузия алды, пациенттердің 44% - ы (1040-тың 454-і) 60 минутқа дейін немесе одан азға қысқартылған кемінде бір инфузия алды. Инфликсимабтың кем дегенде бір қысқартылған инфузиясын алған пациенттерде инфузиялық реакциялар пациенттердің 15% - ында, ал күрделі инфузиялық реакциялар пациенттердің 0,4% - ында тіркелді.

    Крон ауруы бар пациенттерде SONIC клиникалық зерттеуінде инфузиялық реакциялар инфликсимабпен монотерапия алған пациенттердің 16,6% - ында (163-тен 27-сі), инфликсимабпен және азатиопринмен біріктірілген ем алған пациенттердің 5% - ында (179-дан 9-ы), азатиопринмен монотерапия алған пациенттердің 5,6% - ында (161-ден 9-ы) тіркелді. Бір күрделі инфузиялық реакция (пациенттердің кемінде 1%) инфликсимабпен монотерапия тобында тіркелді.

    Тіркеуден кейінгі кезеңде инфликсимабты қолдану кезінде жұтқыншақтың/көмейдің ісінуін және бронхтың айқын түйілуін қоса алғанда, ұстамалар мен анафилактоидтық реакциялардың даму жағдайлары байқалды («Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары» бөлімін қараңыз). Инфузия кезінде немесе одан кейінгі 2 сағаттың ішінде дамыған уақытша көрмей қалу жағдайлары туралы хабарланған. Сондай-ақ инфликсимаб инфузиясымен өзара тығыз уақыт байланысында дамыған миокард ишемиясы/миокард инфарктісі (кейбіреуі өліммен аяқталған) және аритмия жағдайлары туралы да хабарланды. Сондай-ақ инфликсимаб инфузиясымен өзара тығыз уақыт байланысында дамыған цереброваскулярлық жедел бұзылулар туралы хабарланды.

    Инфликсимабты қайта енгізгеннен кейінгі инфузиялық реакциялар

    Ауру өршігеннен кейін инфликсимабты пайдаланудың индукциялық режимімен салыстырғанда ұзақ мерзімді демеуші емнің тиімділігі мен қауіпсіздігін бағалау үшін орташа немесе ауыр дәрежелі псориазы бар пациенттерде клиникалық зерттеу жүргізілді (0, 2, 6 және 14 аптаға ең көп дегенде 4 инфузия). Пациенттер иммуносупрессанттармен қатар ем қабылдаған жоқ. Индукциялық ем тобында күрделі инфузиялық реакциялар демеуші терапия тобындағы 1% - дан (222-нің 1) азымен салыстырғанда 4% (219-дың 8) пациентте дамыды. Күрделі инфузиялық реакциялардың көпшілігі 2 инфузия кезінде байқалды (2-апта). Соңғы демеуші доза мен алғашқы қайталанған индукциялық доза арасындағы аралық 35-тен 231 күнге дейін болды. Симптомдарға диспноэ, есекжем, беттің ісінуі және артериялық қысымның төмендеуі кірді (бірақ олармен шектелмеді). Барлық жағдайларда инфликсимабпен емді тоқтатқаннан кейін және/немесе басқа емнің басында белгілер мен симптомдар толық қайтты.

    Баяу типті аса жоғары сезімталдық реакциясы

    Клиникалық зерттеулерде БТС реакциялары жиі емес болды және инфликсимабты қайталап енгізу алдындағы аралық 1 жылдан аз болғанда орын алды. Псориаз зерттеулерінде БТС реакциялары емдеу курсының басында орын алды. Белгілері мен симптомдары қызбамен және/немесе бөртпемен қатар жүретін миалгияны және/немесе артралгияны қамтыды. Кейбір пациенттерде қышыну, беттің, еріннің немесе қолдардың ісінуі, дисфагия, есекжем, тамақтың ауыруы және бас ауыруы байқалды.

    Инфликсимабты қайталап енгізу алдындағы аралық 1 жылдан асқандағы БТС реакцияларының даму жағдайларының саны туралы деректер жеткіліксіз. Алайда клиникалық зерттеулердің шектеулі деректері инфликсимабты қабылдаусыз аралықтың ұзарған кезінде БТС реакцияларының даму қаупі артатынын болжайды («Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары» бөлімін қараңыз).

    Крон ауруы бар пациенттерге инфузияны қайталап жүргізген 1 жылға созылған клиникалық зерттеуде (ACCENT I), сарысу құю ауруы типтес реакцияның даму жағдайларының саны 2‚4% құрады.

    Иммуногенділігі

    Инфликсимабқа антиденелер пайда болған пациенттерде инфузиялық реакциялар дамуының ықтималдылығы жоғары болды (шамамен 2-3 есе). Иммуносупрессанттарды қатар қолдану инфузиялық реакциялардың даму ықтималдығын төмендетті.

    Клиникалық зерттеулерде инфликсимабты 1-ден 20 мг/кг дейінгі дозаларда бір рет және көп рет енгізген кезде инфликсимабқа антиденелер кез келген иммунодепрессанттармен бір мезгілде жүрзіліген емі бар пациенттердің 14% - ында және иммунодепрессанттармен емдеусіз 24% - да анықталды. Метотрексатпен бір мезгілде қайта емдеу үшін ұсынылған инфликсимаб дозасын ревматоидты артриті бар пациенттердің 8% - ында инфликсимабқа антиденелер анықталды. Метотрексатты бір мезгілде қабылдау арқылы немесе онсыз 5 мг/кг инфликсимаб инфузиясын алған псориздық артриті бар пациенттердің 15% - ында инфликсимабқа антиденелер анықталды (метотрексатты қабылдаған пациенттердің 4% - ында және метотрексатты бастапқы алмаған пациенттердің 26% - ында). Инфликсимабпен демеуші ем қабылдаған, Крон ауруы бар пациенттерде инфликсимабқа антиденелер иммунодепрессанттар қабылдаған пациенттердің 3,3% - ында және иммунодепрессанттар қабылдамаған 13,3% - да анықталды. Эпизодтық ем жағдайларының саны 2-3 есе артты. Антиденелерді анықтау әдісінің шектеулеріне байланысты теріс нәтиже инфликсимабқа антиденелердің барын жоққа шығармады. Антиденелер титрі жоғары кейбір пациенттерде инфликсимабпен емдеу тиімділігінің төмендеу белгілері болған. Иммуномодуляторларды бір мезгілде қолданбай демеу режимінде инфликсимабпен ем қабылдаған псориазбен ауыратын пациенттердің шамамен 28% - ында инфликсимабқа антиденелер анықталды.

    Инфекциялар

    Инфликсимаб қабылдаған пациенттерде туберкулезді, сепсис пен пневмонияны қоса алғанда, бактериялық инфекциялар, инвазиялық зеңдік, вирустық немесе басқа да оппортунистік инфекциялар байқалған. Бұл инфекциялардың кейбіреулері өліммен аяқталды, ең жиі хабарланған, өлім-жітім деңгейі 5% - дан астамды құрайтын оппортунистік инфекциялар пневмоцистозды, кандидозды, листериозды және аспергиллезді қамтыды.

    Инфликсимабпен емдеу тобындағы клиникалық зерттеулерде пациенттердің 36% - ы плацебо тобындағы осындай пациенттердің 25% - ымен салыстырғанда қосымша инфекцияға қарсы ем алды.

    Ревматоидты артриттің клиникалық зерттеулерінде пневмонияны қоса алғанда, күрделі инфекциялар жағдайларының саны, әсіресе инфликсимабты 6 мг/кг және одан жоғары дозаларда, тек метотрексат қабылдаған пациенттер тобымен салыстырғанда инфликсимабпен және метотрексатпен қатарлас ем алған пациенттер тобында жоғарырақ болды.

    Тіркеуден кейінгі кезеңде инфекциялар ең жиі хабарланған күрделі жағымсыз реакциялар болды, кейбір жағдайларда өліммен аяқталды. Барлық өліммен аяқталудың шамамен 50% - ы инфекциялық асқынулармен байланысты болды. Туберкулездің даму жағдайлары, соның ішінде милиарлық туберкулез және өкпеден тыс орналасқан туберкулез, кейбір жағдайларда өліммен аяқталған жағдайлары туралы хабарланды.

    Қатерлі жаңа түзілімдер және лимфопролиферациялық аурулар

    5780 пациент (5494 пациент-жас) ем қабылдаған инфликсимабтың клиникалық зерттеулерінде лимфома жағдайларының болмауымен және 1600 пациентте (941 пациент-жас) қатерлі жаңа түзілімнің 1 жағдайымен салыстырғанда лимфоманың 5 жағдайы және қатерлі жаңа түзілімнің 26 жағдайы (лимфомадан бөлек) диагностикаланды.

    Инфликсимабтың клиникалық зерттеулеріне қатысатын 3210 пациентті (6234 пациент-жас) ұзақ мерзімді (5 жылға дейін) бақылау кезінде лимфоманың 5 жағдайы және қатерлі жаңа түзілімнің 38 жағдайы (лимфомадан бөлек) хабарланды.

    Лимфоманы қоса алғанда, қатерлі жаңа түзілімдер жағдайлары тіркеуден кейінгі кезеңде де хабарланды.

    Темекі тартқан немесе бұрын темекі тартқан ӨСОА (орташа немесе ауыр дәрежедегі) бар пациенттерді қамтитын клиникалық зерттеуде 157 ересек пациент ревматоидты артрит пен Крон ауруын емдеуге арналған дозаларға ұқсас дозаларда инфликсимабпен ем алды. Осы пациенттердің 9-ында қатерлі жаңа түзілімдер пайда болды, оның ішінде лимфоманың 1 жағдайы. Кейінгі бақылау ұзақтығының медианасы 0,8 жылды құрады (жағдайлардың жиілігі 5,7% (95% СА 2,65 - 10,6%)). 77 пациенттің бақылау тобында қатерлі жаңа түзілімнің 1 жағдайы тіркелді (кейінгі бақылау ұзақтығының медианасы 0,8 жыл, жиілігі 1,3% (95% СА 0,03-7,0%)). Қатерлі жаңа түзілімдердің көпшілігі өкпеде немесе бас пен мойында диагностикаланды.

    Ретроспективті когорталық популяциялық зерттеу инфликсимабпен ем қабылдаған ревматоидты артриті бар әйелдерде бұрын биологиялық препараттар қабылдамаған пациенттермен, оның ішінде 60 жастан асқан пациенттермен немесе жалпы популяциялық деңгеймен салыстырғанда жатыр мойны обырымен сырқаттанушылықтың жоғарылағанын анықтады.

    Тіркеуден кейінгі кезеңде инфликсимаб қабылдаған пациенттерде гепатолиенальді Т-жасушалық лимфоманың сирек жағдайлары хабарланды. Жағдайлардың басым көпшілігі Крон ауруы және ойықжаралы колитпен ауыратын пациенттерде болды, пациенттердің көбісі еркекжынысты жасөспірімдер немесе жас ересек адамдар болды.

    Жүрек-қантамыр жеткіліксіздігі

    Инфликсимабты клиникалық зерттеудің II фазасында жүрек функциясының созылмалы жеткіліксіздігі бар пациенттерде инфликсимабпен емдеу аясында, әсіресе 10 мг/кг жоғары дозаны (ұсынылған ең жоғары емдік дозаны екі есе арттыру) қолдану кезінде жүрек функциясы жеткіліксіздігінің үдеуіне байланысты өлім-жітімнің артуы байқалды. Осы зерттеуде жүрек функциясының NYHA жіктемесі бойынша III-IV функциялық кластағы жеткіліксіздігі бар 150 пациент (солжақ қарыншаның лықсыту фракциясы ≤ 35%) 6 апта ішінде инфликсимабтың 5 мг/кг, 10 мг/кг 3 инфузиясын немесе плацебо алды. 38-аптада плацебо тобындағы (49 пациент) бір өліммен салыстырғанда инфликсимабты алған 101 пациенттің 9-ы (5 мг/кг алған 2 пациент және 10 мг/кг алған 7 пациент) өлді.

    Тіркеуден кейінгі кезеңде қосымша факторлар болған немесе болмаған кезде инфликсимаб қолдану аясында жүрек функциясы жеткіліксіздігінің үдеу жағдайлары туралы да хабарланды. Бұдан басқа, жүрек функциясының алғаш рет анықталған жеткіліксіздігі туралы, оның ішінде бұрын жүрек-қантамыр жүйесі аурулары болмаған пациенттерде хабарламалар болды. Бұл пациенттердің кейбіреулері 50 жасқа дейін болды.

    Бауыр мен өт шығару жолдары тарапынан өзгерістер

    Клиникалық зерттеулерде пациенттерде инфликсимабпен емдеу аясында бауырдың айқын зақымдануын дамуынсыз АЛТ және ACT белсенділігінің әлсіз немесе орташа жоғарылағаны байқалды. АЛТ қалыптың жоғарғы шегінің 5 есе мәніне тең немесе одан асатын деңгейге дейін жоғарылағаны байқалды (1-кестені қараңыз). Аминотрансферазалар белсенділігінің жоғарылауы (ACT-ке қарағанда АЛТ үлкен дәрежеде) бақылау тобына қарағанда инфликсимаб қабылдаған пациенттер тобында жиірек байқалды. Аминотрансферазалар белсенділігінің ондай жоғарылауы инфликсимабты монотерапия ретінде қолданған жағдайда да, оны басқа иммунодепрессанттармен біріктіріп қолданған кезде де байқалды. Көптеген жағдайларда аминотрансферазалар белсенділігінің артуы өткінші болды, алайда пациенттердің аз бөлігінде бұл жоғарылау ұзағырақ болды. Тұтас алғанда, АЛТ және АСТ белсенділігінің жоғарылауы симптомсыз өтті, мұндайда осы көрсеткіштердің азаюы немесе бастапқы мәндеріне оралуы инфликсимабпен емнің жалғасқанына немесе тоқтатылғанына, немесе қатар жүретін емнің өзгертілгеніне байланыссыз жүзеге асты.

    Тіркеуден кейінгі кезеңде инфликсимабты қабылдаған пациенттерде сарғаюдың және кейбір жағдайларда аутоиммундық гепатиттің белгілері бар гепатиттің пайда болғаны туралы хабарламалар болды.

    1-кесте. Клиникалық зерттеулерде АЛТ белсенділігі артқан пациенттердің арақатынасы.

    Көрсетілімі

    Пациенттер саны 3

    Келесі бақылау медианасы (апталар)44

    қалыптың жоғарғы шегінен ≥ 3

    қалыптың жоғарғы шегінен ≥ 5

    Плацебо

    инфликсимаб

    Плацебо

    инфликсимаб

    Плацебо

    инфликсимаб

    Плацебо

    инфликсимаб

    Ревматоидты

    артрит1

    375

    1087

    58,1

    58,3

    3,2%

    3,9%

    0,8%

    0,9%

    Крон ауруы 2

    324

    1034

    53,7

    54,0

    2,2%

    4,9%

    0,0%

    1,5%

    Балалардағы Крон ауруы

    -

    139

    -

    53,0

    -

    4,4%

    -

    1,5%

    Ойықжаралы колит

    242

    482

    30,1

    30,8

    1,2%

    2,5%

    0,4%

    0,6%

    Балалардағы ойықжаралы колит

    -

    60

    -

    49,4

    -

    6,7%

    -

    1,7%

    Шорбуынданатын спондилит

    76

    275

    24,1

    101,9

    0,0%

    9,5%

    0,0%

    3,6%

    Псориаздық артрит

    98

    191

    18,1

    39,1

    0,0%

    6,8%

    0,0%

    2,1%

    Түйіндақты псориаз

    281

    1175

    16,1

    50,1

    0,4%

    7,7%

    0,0%

    3,4%

    1Плацебо тобындағы пациенттер метотрексат қабылдады, инфликсимаб тобының пациенттері инфликсимаб және метотрексат қабылдады.

    2Крон ауруына жүргізілген үшінші фазадағы екі клиникалық зерттеуде (ACCENT I және ACCENT II) плацебо тобының пациенттері зерттеудің бас кезінде 5 мг/кг инфликсимабты және демеуші сатыда плацебоны қабылдады. Демеуші сатыда плацебо тобына рандомизацияланған, содан соң инфликсимаб тобына ауыстырылған пациенттердің деректері АЛТ белсенділігін талдау кезінде инфликсимаб тобы ретінде есепке алынды. 3b фазадағы SONIC клиникалық зерттеуінде плацебо тобының пациенттері плацебо инфузиясына қосымша белсенді бақылау ретінде күніне 2,5 мг/кг азатиоприн қабылдады.

    3АЛТ белсенділігіне баға берілген пациенттер саны.

    4Кейінгі бақылау медианасы ем қабылдаған пациенттер санына негізделген.

    Антинуклеарлық антиденелер (АНА)/қосспиральді ДНҚ-ға (қсДНҚ) антиденелер

    Клиникалық зерттеулердің деректері бойынша инфликсимаб қабылдаған пациенттер санының шамамен жартысында және емге дейін антиядролық антиденелері (АNА) жоқ плацебо қабылдаған пациенттер санының шамамен 1/5-інде ем аясында антиядролық антиденелер анықтала бастады. Қос спиральді нативті ДНҚ-ға антиденелер (anti-dsDNA) инфликсимабты қабылдаған пациенттердің шамамен 17%-да анықтала бастады, және плацебо қабылдаған пациенттерде анықталған жоқ. Қорытынды тексеру кезінде инфликсимаб қабылдаған пациенттердің 57% - ында қосспиральды ДНҚ-ға антиденелер анықталды. Алайда, жегінің немесе жегілік тәрізді синдромның дамитыны туралы хабарламалар жиі емес болды («Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары» бөлімін қараңыз).

    Балалар жасындағы пациенттер

    Балалар жасындағы, ювенильдік ревматоидты артритпен ауыратын пациенттер

    Инфликсимаб метотрексатпен емге жауап бермейтін белсенді ювенильдік ревматоидты артритпен ауыратын балалар жасындағы 120 (жас диапазоны: 4-тен 17 жасқа дейін) пациентке жүргізілген клиникалық зерттеуде зерттелді. Пациенттер инфликсимабты 3-тен 6 мг/кг-ға дейінгі дозада 3 дозалы индукциялық режим ретінде қабылдады (сәйкесінше 0, 2, 6 және 14, 16, 20 апта), содан кейін метотрексатпен біріктірілімде әр 8 апта сайын демеуші емге ауысты.

    Инфузиялық реакциялар

    Инфликсимабты 3 мг/кг дозада қабылдаған ювенильдік ревматоидты артриті бар пациенттердің 35% - нда инфликсимабты 6 мг/кг дозада қабылдаған пациенттердің 17,5% салыстырғанда инфузиялық реакциялар дамыды. 3 мг/кг инфликсимаб тобында 60 пациенттің 4-уінде күрделі инфузиялық реакция болды, 3 пациентте ықтимал анафилаксиялық реакция туралы хабарланды (олардың 2-і күрделі инфузиялық реакциялар ішінде болды). 6 мг/кг тобында 57 пациенттің 2-уінде күрделі инфузиялық реакция дамыды, олардың біреуінде анафилаксиялық реакция болуы мүмкін («Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары» бөлімін қараңыз)

    Иммуногенділігі

    Инфликсимабқа антиденелер инфликсимабты 6 мг/кг дозада қабылдаған пациенттердің 12% салыстырғанда инфликсимабты 3 мг/кг дозада қабылдаған балалар жасындағы пациенттердің 38% -нда анықталды. Антиденелер титрі 3 мг/кг тобындағы пациенттерде 6 мг/кг тобымен салыстырғанда айтарлықтай жоғары болды.

    Инфекциялар

    52 апта ішінде 3 мг/кг дозада инфликсимаб қабылдаған балалардың 68% - нда (41/60), 38 апта ішінде 6 мг/кг дозада инфликсимаб қабылдаған балалардың 65% - нда (37/57) және 14 аптадан астам бойы плацебо қабылдаған балалардың 47% -нда (28/60) инфекциялар анықталды («Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары» бөлімін қараңыз)

    Крон ауруы бар балалар жасындағы пациенттер

    Крон ауруы бар ересек пациенттерге қарағанда балаларда келесі жағымсыз құбылыстар жиірек байқалды (REACH зерттеулерінің деректері): анемия (10,7%), қан аралас нәжіс (9,7%), лейкопения (8,7%), «ысыну» (8,7%), вирустық инфекциялар (7,8%), нейтропения (6,8%), сүйек сынықтары (6,8%), бактериялық инфекциялар (5,8%), тыныс алу жолдары тарапынан аллергиялық реакциялар (5,8%).

    Инфузиялық реакциялар

    REACH зерттеуінің деректері бойынша 17,5% рандомизацияланған пациенттерде бір немесе одан көп инфузиялық реакция байқалған. Күрделі инфузиялық реакциялар болған жоқ, зерттеуде 2 пациентте күрделі емес анафилаксиялық реакциялар байқалды.

    Иммуногенділігі

    Инфликсимабқа антиденелер балалар жасындағы 3 пациентте (2,9%) анықталды.

    Инфекциялар

    Инфекцияның қосылуы REACH зерттеуінде рандомизацияланған пациенттердің 56,3% - ында байқалды. REACH зерттеуінде инфекциялар 12 апта аралығымен (тиісінше 73,6% және 38,0%) инфликсимаб инфузиясын қабылдаған пациенттерге қарағанда 8 апта аралықпен инфликсимаб инфузиясын қабылдаған пациенттерде жиірек кездесті. Сонымен қатар, күрделі инфекциялар 8 апталық ем аралығымен топтағы 3 пациентте және 12 апталық ем аралығымен топтағы 4 пациентте байқалды. Ең жиі кездесетін жұқпалы асқынулар жоғарғы тыныс жолдарының инфекциялары және фарингит болды, ең жиі кездесетін күрделі инфекциялық асқыну абсцесс болды. Пневмонияның үш жағдайы (1 күрделі) және Herpes zoster вирусын анықтаудың 2 жағдайы (екеуі де күрделі емес) байқалды.

    Ойықжаралы колиті бар балалар жасындағы пациенттер

    Тұтас алғанда клиникалық зерттеуде (С0168Т72) ойықжаралы колиті бар балалар жасындағы пациенттердегі жағымсыз құбылыстардың жиілігі ересектердегі клиникалық зерттеулердегі (АСТ 1 және АСТ 2) жиілігімен салыстырымды болды. C0168T72 зерттеуінде ең жиі кездесетін жағымсыз құбылыстар жоғарғы тыныс жолдарының инфекциясы, фарингит, іштің ауыруы, қызба және бас ауыруы болды. Ең жиі жағымсыз құбылыс ойықжаралы колит ағымының нашарлауы болды, оның жиілігі әрбір 8 апта режимімен салыстырғанда әрбір 12 апта сайын инфликсимаб қабылдаған пациенттер тобында жоғарылау болды.

    Инфузиялық реакциялар

    60 пациенттің 8-де (13,3%) бір немесе одан көбірек инфузиялық реакция тіркелген, оның ішінде демеуші ем топтарында: әр 8 аптадағы 22 пациенттің 4-де (18,2%) және әр 12 аптадағы 23 пациенттің 3-де (13,0%). Күрделі  инфузиялық реакциялар тіркелген жоқ, барлық реакциялар қарқындылығы бойынша жеңіл немесе орташа болды.

    Иммуногенділігі

    Инфликсимабқа антиденелер 4 (7,7%) пациентте 54 аптаға дейін анықталды.

    Инфекциялар

    С0168Т72 зерттеуінде 60 пациенттің 31-де (51,7%) инфекция тіркелген, бұл ретте 22 (36,7%) пациентке парентеральді немесе микробқа қарсы пероральді ем қажет болған. С0168Т72 зерттеуінде ойықжаралы колиті бар балалар жасындағы пациенттерде инфекциялардың жиілігі Крон ауруы бар балалар жасындағы пациенттермен (REACH зерттеуі) салыстырымды болды, бірақ бұл ретте ересек пациенттерге қарағанда біршама жоғарырақ болды (ACT 1 және ACT 2 зерттеулері). Тұтас алғанда инфекциялардың жиілігі С0168Т72 зерттеуінде әр 8 апта сайын демеуші ем тобында 59% құрады‚ әр 12 апта сайын демеуші ем тобында - 60‚9%. Тыныс алу жүйесі тарапынан ең жиі тіркелген жағымсыз құбылыстар жоғарғы тыныс алу жолдарының инфекциялары (12%) және фарингиттер (8%) болды. Күрделі инфекциялар ем қабылдаған 12% пациенттерде байқалды.

    Аталған зерттеуде 12-ден 17 жасқа дейінгі пациенттер саны 6-дан 11 жасқа дейінгі пациенттерден көбірек болды (60-тан 45, 75%). Әр кіші топтағы пациенттердің саны жасқа байланысты қауіпсіздігіне әсері туралы белгілі бір қорытынды жасау үшін тым аз болса да, жас пациенттер тобында жағымсыз құбылыстар мен жағымсыз құбылыстарға байланысты емді тоқтату жағдайларының саны көп болды. Инфекциялары бар пациенттердің саны жас пациенттер тобында да көп болғанына қарамастан, екі топта да күрделі инфекциялар саны салыстырмалы болды. Тұтас алғанда жағымсыз құбылыстардың және инфузиялық реакциялардың саны екі жас топтарында да салыстырымды болды.

    Тіркеуден кейінгі кезең деректері

    Тіркеуден кейінгі кезеңде балалар жасындағы пациенттерде өздігінен болатын күрделі жағымсыз құбылыстар қатерлі жаңа түзілімдер жағдайларын (оның ішінде гепатолиеналдық Т-жасушалық лимфома), «бауыр» ферменттерінің өткінші бұзылыстарын, жегі тәрізді синдромды және аутоантиденелердің пайда болуын қамтыды.

    Тұрғындардың ерекше топтары

    Қарттар (≥65 жас)

    Ревматоидты артриттің клиникалық зерттеулерінде метотрексатты және инфликсимабты қабылдаған пациенттер арасында күрделі инфекциялардың жиілігі 65 жастан кіші пациенттерге (4,6%) қарағанда егде жастағы пациенттерде (≥ 65 лет) жоғарырақ (11,3%) болды. Тек қана метотрексатты қабылдаған пациенттер арасында күрделі инфекциялардың жиілігі егде жастағы пациенттерде 5,2% құрады, 65 жастан кіші пациенттерде - 2,7% («Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары» бөлімін қараңыз).  

    Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек

    ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

    http://www.ndda.kz

    Қосымша мәліметтер

    Дәрілік препараттың құрамы

    Бір құтының ішінде

    белсенді зат: инфликсимаб – 100,0 мг;

    қосымша заттар: Натрий гидрофосфат дигидраты, Натрий дигидрофосфат дигидраты, Сахароза, Полисорбат 80.

    Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

    Балқу белгілерінсіз, құрамында бөгде қосындылары жоқ, ақ түсті тығыз масса түріндегі лиофилизат.

    Шығарылу түрі және қаптамасы

    100 мг инфликсимаб I гидролитикалық кластағы түссіз бейтарап шыныдан жасалған, алюминий қалпақшалармен қаусырылған резеңке тығындармен тығындалған, «flip-off» типті пластик қақпақшасы бар құтыларда.

    Әрбір құтыға өздігінен желімделетін заттаңба жапсырылады. 

    1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге  картоннан жасалған  қорапшаға салынған.

    Сақтау мерзімі

    3 жыл.

    Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

    Сақтау шарттары

    Жарықтан қорғалған жерде, 2°С-ден 8°С-ге дейінгі температурада сақтау керек.

    Мұздатып қатыруға болмайды!

    Дайын ерітінді 2 ºС - 8 ºС температурада сақтағанда 28 күн бойы және тағы 25 ºС-де 24 сағат жарамды.

    Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

    Дәріханалардан босатылу шарттары

    Рецепт арқылы.

    Өндіруші туралы мәліметтер

    «БИОКАД» АҚ, Ресей, Санкт-Петербург қ., қаланың ішкі аумағы Стрельна кенті, Стрельна кенті, Связь к-сі, 38-үй, 1-құр.

    Телефон: +7 (812) 380-49-33

    факс: +7 (812) 380-49-34

    e-mail: biocad@biocad.ru

    «Қарағанды фармацевтикалық кешені» ЖШС

    Қазақстан Республикасы

    100009, Қарағанды қ., Ғазалиев к-сі, 16 құрылым

    Тел. (7212) 908051, факс (7212)90-65-49, e-mail: kphk@kphk.kz

    Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

    «БИОКАД» АҚ, Ресей, 198515, Санкт-Петербург қ., қаланың ішкі аумағы Стрельна кенті, Стрельна кенті, Связь к-сі, 38 -үй, 1-құр., 89 орын-жай.

    Телефон: +7 (812) 380-49-33

    факс: +7 (812) 380-49-34

    e-mail: biocad@biocad.ru.

    Жағымсыз реакциялардың дамуы туралы ақпаратты мына мекенжайға жолдау керек:

    safety@biocad.ru

    Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттар сапасына қатысты шағымдар (ұсыныстар) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

    «НеоТекФарм» ЖШС, Қазақстан Республикасы, 050013, Алматы қ.,Тимирязев к-сі 18А.

    Телефон нөмірі +7 (727)332 40 49 қос. 1131.

    Электронды пошта: phv@neotechpharm.kz

    Прикрепленные файлы

    Инфликсимаб_ИМП.docx 0.11 кб
    Инфликсимаб_ЛВ_.KZ_.02_.04_06_.12_.2022(kk)_.docx 0.1 кб

    Отправить прикрепленные файлы на почту

    Источники

    Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники