Инсти со вкусом малины
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Таңқурай дәмі бар Инсти, Қарақат дәмі бар Инсти
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі, дозасы
Өсімдік түйіршіктері
Фармакотерапиялық тобы
Басқа да препараттар. Барлық басқа емдік препараттар. Басқа дәрілік препараттар.
АТХ коды V03AХ
Қолданылуы
Жөтелмен, қызбамен, ринитпен, бас және бұлшықет ауыруларымен қатар жүретін тұмауды, ЖРВЖ симптоматикалық емдеу
Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препарат компоненттеріне жекелей жоғары сезімталдық
- аспириндік демікпе
- қант диабеті
- 18 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдер
Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары
Ақпарат жоқ.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Жөтелге қарсы препараттармен, сондай-ақ қақырықтың түзілуін азайтатын дәрілік заттармен бір мезгілде қабылдау ұсынылмайды.
Бір мезгілде қабылдағанда қан ұюына қарсы дәрілер мен ацетилсалицил қышқылының әсерін күшейтеді.
Арнайы ескертулер
Препарат құрамында сахароза бар, оны қант диабеті, экссудативті диатезі бар науқастар, сондай-ақ калориясы төмен диетада ескеру керек.
Егер респираторлық ауру тыныс алудың қиындауымен, қызбамен, іріңді немесе қан аралас қақырықпен қатар жүретін болса, дәрігерге қаралу керек.
Педиатрияда қолдану
Балалар үшін балаларға арналған Инсти препаратын қолдану ұсынылады.
Жүктілік және лактация кезеңі.
Жүкті әйелдерде және лактация кезеңінде препараттың тиімділігі мен қауіпсіздігін растайтын клиникалық зерттеу деректері жоқ.
Дәрілік заттардың көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді және машиналарды басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері.
Әсер етпейді
Қолдану жөніндегі нұсқаулар
Дозалау режимі
Ересектер
Күніне 2-3 рет 1 пакеттен.
Пакет ішіндегісін бір стақан ыстық суда ерітіп және асықпай ішу керек.
Енгізу әдісі мен жолы
Ішке қабылдау үшін.
Емдеу ұзақтығы
Емдеу курсы 5-7 күн
Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажет шаралар
Ақпарат жоқ.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкеріне кеңес алуға жүгіну бойынша ұсынымдар.
ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар
Жағымсыз әсерлері
Өте сирек
- препарат компоненттеріне аллергиялық реакциялар
- қан ұю көрсеткіштерінің төмендеуі
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Қосымша мәліметтер
Дәрілік препараттың құрамы
1 пакеттің ішінде
белсенді заттар:
Ақ тал қабығы қою экстрактісі 275 мг
Жалаң мия тамырларының қою экстрактісі 205 мг
Тамырлы Адхатода жапырақтарының қою экстрактісі 115 мг
Қытай шайы жапырақтарының қою экстрактісі 50 мг
Жұпар шегіргүл шөбінің қою экстрактісі 40 мг
Дәрілік шүйгіншөп тамырсабағымен тамырларының
қою экстрактісі 40 мг
Кәдімгі арамсарбас жемісінің қою экстрактісі 30 мг
Шар тәрізді эвкалипт жапырақтарының қою экстрактісі 15 мг
қосымша заттар¹: кристалды ментол, жүгері крахмалы, сахароза, таңқурай хош иістендіргіші (ұнтақ), таңқурай хош иістендіргіші (сұйықтық).
¹ - Таңқурай дәмі бар Инсти үшін
қосымша заттар² : кристалды ментол, жүгері крахмалы, сахароза, қарақат хош иістендіргіші (ұнтақ), эвкалипт майы.
² - Қарақат дәмі бар Инсти үшін
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ұсақтау кезінде шығатын таңқурай иісі бар қоңыр түсті түйіршіктер (Таңқурай дәмі бар Инсти үшін).
Ұсақтау кезінде шығатын қарақат иісі бар қоңыр түсті түйіршіктер (Қарақат дәмі бар Инсти үшін).
Шығарылу түрі және қаптамасы
5.6 г түйіршіктер пакетте (саше).
5 және 10 пакеттен (саше) медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші туралы мәліметтер
Хербион Пәкістан Пвт. Лтд.
30/28 Коранги өнеркәсіптік аймағы,
Карачи, Пәкістан
Телефон: (92-21) 92-21-35040405-6
Факс: (90-11) 35044263
Тіркеу куәлігінің ұстаушысы
Хербион Пәкістан Пвт. Лтд., Пәкістан
30/28 Коранги өнеркәсіптік аймағы,
Карачи, Пәкістан
Телефон: (92-21) 92-21-35040405-6
Факс: (90-11) 35044263
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасы жөніндегі шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)
«Фармация Юниверсал» ЖШС
Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы, 15 үй, 4В корпус, 1604 кеңсе
Телефон: 311-10-80
Е-mail:info.kz@herbion.com