Инсти для детей

Производитель: Хербион Пакистан Пвт. Лтд
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Другие комбинированные препараты, применяемые при простудных заболеваниях
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№014226
Информация о регистрации в РК: 15.08.2024 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Балаларға арналған Инсти

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Түйіршіктер, 3.5 г

Құрамы

1 пакет ішінде

белсенді заттар:

Ақ тал қабығының қою сығындысы 172.0 мг

Жалаң мия тамырларының қою сығындысы 128.0 мг

Тамырлы адхатода жапырақтарының қою сығындысы 72.0 мг

Қытай шайы жапырақтарының қою сығындысы 31.0 мг

Жұпар иісті шегіргүл жапырақтарының қою сығындысы 25.0 мг

Дәрілік шүйгіншөп тамырларының қою сығындысы 25.0 мг

Кәдімгі аскөк жемістерінің қою сығындысы 19.0 мг

Шар тәрізді эвкалипт жапырақтарының қою сығындысы 9.0 мг

қосымша заттар: «Тутти-фрутти хош иістендіргіші: апельсин майы, жүзімнің, құлпынайдың, бананның дәмдеуіш заттары, метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидроксибензоат, су», ментол, жүгері крахмалы, сахароза.

Сипаттамасы

Қоңыр түсті түйіршіктер.

Фармакотерапиялық тобы

Суық тию симптомдары мен жөтелді жоюға арналған препараттар. Суық тию симптомдарын жоюға арналған басқа препараттар біріктірілімі.

АТХ коды R05Х

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Балаларға арналған Инсти препаратының әсері оның компоненттерінің біріккен әсері болып табылады, сондықтан фармакокинетикалық зерттеулерді жүргізу мүмкін емес: барлық компоненттер бірге маркерлердің немесе биозерттеулердің көмегімен бақыланбайды. Осы себептерге байланысты препарат метаболиттерін де анықтау мүмкін емес.

Фармакодинамикасы

Балаларға арналған Инсти, түйіршіктер – қақырық түсіретін, муколитикалық, бронхолитикалық, ыстықты түсіретін және спазмолитикалық әсері бар кешенді фитопрепарат. Балаларға арналған Инсти препараты жоғарғы және төменгі тыныс жолдарының қабыну үдерістерімен қатар жүретін уыттану симптомдарын (гипертермия, тершеңдік, әлсіздік) бәсеңдетеді, антисептикалық әсер етеді, қарқындылығын төмендетеді және жөтел өнімділігін арттырады.

Ақ талдың құрамында салицин, тремулацин гликозидтері бар. Ыстықты түсіретін, қабынуға қарсы, ауырғанды басатын әсер етеді.

Тамырлы адхатода құрамында вазицин, вазицинон алкалоидтары бар. Бронхты кеңейтетін, қақырық түсіретін әсерге ие, қақырықтың тұтқырлығын басады және бронх эпителийлері кірпікшелерінің қозғалыс белсенділігін арттырады, бұл қақырықтың шығуын жақсартуға ықпал етеді. Сурфактант өндірілуін көтермелейді, бұл тыныс алу мускулатурасына «тыныс алу/тыныс шығару» толыққанды циклін орындау мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Гистаминнің әсерінен туындаған бронх түйілуінен қорғай отырып, демікпеге қарсы әсер етеді.

Жұпар иісті шегіргүл құрамында виолин, фриделин, эфир майы бар. Антигистаминді, қақырық түсіретін, ыстықты түсіретін, терлететін әсер етеді.

Жалаң мия құрамында глицирризин, флавоноид, аспарагин гликозидтері бар. Қақырық түсіретін және қабынуға қарсы қасиеттерге ие. Мия құрамындағы глицирризин қышқылы жергілікті сияқты жалпы иммунитетті де көтермелей отырып, иммунитет көтермелейтін әсерді қамтамасыз етеді.

Қытай шайы құрамында танин, кофеин, теофиллин бар. Тұтқыр, сергітетін, несеп айдайтын әсерге ие.

Кәдімгі аскөк құрамында эфир майлары, дипентин бар. Бронхтардың секреторлы функциясын күшейтеді және муколитиктік әсер етеді, сондай-ақ антисептикалық және қабынуға қарсы қасиеттерге ие.

Шар тәріздес эвкалипт құрамында эфир майлары (цинеол, пинен, миртенол, пинокарвон, эйдесмол), иіткіш заттар бар. Антисептикалық әсерге ие, әсіресе стрептококктарға, стафилококктарға қатысты, қабынуға қарсы әсер туындатады. Регенерация үдерістерін көтермелейді, тіндердің гипоксияға төзімділігін арттырады.

Дәрілік шүйгіншөп құрамында эфир майлары (изовалериан қышқылы, валереналь, борнеол, а-пинен), алкалоидтар (шүйгіншөп, хатинин), сапониндер, кетондар бар. Орталық жүйке жүйесінің қозғыштығын төмендетеді, тегіс бұлшықетті органдардың түйілуін азайтады.

Балаларға арналған Инсти емделушілердің жағдайын жақсартады, жоғары температураны және жөтелдің қарқындылығын төмендетеді. Қабылдағаннан кейін 24 сағат ішінде ринит, фарингит, трахеит симптомдарының жылдам басылуына ықпал етеді. Дағдылану мен ұйқышылдықты туындатпайды. Ыстық суда жылдам ериді.

Қолданылуы

Жөтелмен, қызбамен, ринитпен, бас және бұлшықет ауыруларымен қатар жүретін тұмауды, ЖРВЖ белгісіне қарай емдеуде.

Қолдану тәсілі және дозалары

Пакеттің ішіндегісін стақандағы ыстық суға салып ерітіп және оны асықпай ішу керек.

3 жастан 10 жасқа дейінгі балаларға: 1 пакеттен күніне 2 рет.

10 жастан үлкен балаларға: 1 пакеттен күніне 3 рет.

Емдеу курсы 5-7 күн

Жағымсыз әсерлері

  • препарат компоненттеріне аллергиялық реакциялар

  • қан ұйығыштығы көрсеткіштерінің төмендеуі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттеріне жоғары жеке сезімталдық

  • аспириндік демікпе

  • қант диабеті

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Жөтелге қарсы препараттармен, сондай-ақ қақырық түзілуін азайтатын дәрілік заттармен бір мезгілде қабылдау ұсынылмайды.

Бір мезгілде қабылдағанда ацетилсалицил қышқылы мен қан ұюына қарсы дәрілердің әсерін күшейтеді.

Айрықша нұсқаулар

Гипокалориялық емдәм ұстанатын емделушілерге тағайындағанда Балаларға арналған Инсти түйіршіктерінің құрамына сахароза кіретінін ескеру қажет. Балаларға арналған Инсти препаратының құрамында метилпарагидроксибензоат және пропилпарагидроксибензоат бар, бұл аллергиялық реакцияларды (тіпті баяу жүретін) туындатуы мүмкін.

Егер респираторлық аурулар ауыр тыныс алумен, қызбамен, іріңді немесе қан аралас қақырықпен қатар жүретін болса, дәрігерге қаралу керек.

Балалар

3 жасқа дейінгі балаларда препараттың қауіпсіздігі және тиімділігі жеткілікті зерттелмеген.

Жүктілік және лактация кезеңі

Клиникалық деректер болмағандықтан, препаратты жүктілік кезінде және бала емізу кезеңінде қолдану ұсынылмайды.

Дәрілік заттың көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді және машиналарды басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Балаларға арналған Инсти препаратымен артық дозалану жағдайлары жөнінде хабарланбаған.

Шығарылу түрі және қаптамасы

3.5 г түйіршіктен үш қабатты алюминий фольгадан жасалған пакеттерге салады.

5 пакеттен медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.

Сақтау шарттары

25º С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Хербион Пәкістан Пвт. Лтд.

30/28 Коранги өнеркәсіп аймағы,

Карачи қ., Пәкістан

 

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Фармация Юниверсал» ЖШС

Алматы қ., Чаплин/Халиуллин к-сі, 71/66

Тел: 234-48-53, 234-44-88

Факс: 234-41-77

Е-mail: info.kz@herbion.com

Прикрепленные файлы

811733091477976671_ru.doc 48 кб
512707691477977805_kz.doc 63.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники