Инспирон (сироп) Продажа приостановлена

МНН: Фенспирид
Производитель: Галичфарм АО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Fenspiride
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№019159
Информация о регистрации в РК: 21.08.2017 - 21.08.2022

Инструкция

Саудалық атауы

Инспирон

Халықаралық патенттелмеген атауы

Фенспирид

Дәрілік түрі

2 мг/мл шәрбат, 150 мл

Құрамы

5 мл шәрбаттың құрамында белсенді зат – фенcпирид гидрохлориді, 10 мг құрғақ затқа шаққанда;

қосымша заттар: метилпарагидроксибензоат (Е 218), пропилпарагидроксибензоат (Е 216), калий сорбаты, бал-жөке хош иісі, мия тамырының сығындысы, ванилин, глицерин, натрий сахарині, қант, тазартылған су.

Сипаттамасы

Өзіне тән иісі бар түссіз немесе сарғыш түсті сұйықтық.

Жеңіл бозаңдануына жол беріледі.

Фармакотерапиялық тобы

Тыныс жолдарының обструктивті ауруларын емдеуге арналған препараттар.

Тыныс жолдарының обструктивті ауруларын емдеу үшін жүйелі қолдануға арналған басқа да препараттар. Фенспирид.

АТХ коды R03D X03

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Қан плазмасында ең жоғары концентрациясына орташа алғанда 2,3-2,5 сағаттан соң (ауытқу шегі 0,5-8 сағат) жетеді. Жартылай шығарылу кезеңі – 12 сағат. Организмнен сыртқа негізінен несеппен шығарылады.

Фармакодинамикасы

Инспирон бронх кеңейтетін және қабынуға қарсы қасиеттерін көрсетеді. Фенспирид: Н1-гистаминдік рецепторларын бөгейді, бронхтар тегіс бұлшықеттеріне антигистаминдік, спазмолитикалық әсер береді және ісінудің дамуын болдырмайды, мұрыннан шырыштың бөлінуін және бронх секреті мөлшерін азайтады; қабынуға қарсы әсер етеді, бұл қабыну факторларының түзілуі мен секрециясына байланысты (цитокиндер, ТNF-, арахидон қышқылының туындылары, простагландиндер, лейкотриендер, тромбоксан, бос радикалдар); тұтқыр шырыш секрециясын көтермелейтін 1-адренорецепторларды тежейді.

Қолданылуы

ЛОР мүшелері мен тыныс жолдарының жедел және созылмалы қабыну үдерістерін емдеуде:

- ринофарингиттер және ларингиттер

- отиттер және синуситтер

- ринотрахеобронхиттер

- бронхиттер

- қызылша, тұмау

Демікпе және оның асқынуларында демеуші ем ретінде.

Қолдану тәсілі және дозалары

Ішуге арналған. Тамақтанар алдында, құтының ішіндегісін алдын ала шайқап барып қолданады. Препараттың тәуліктік дозасын 2-3 қабылдауға бөлу керек.

2-ден 14 жасқа дейінгі балаларға ұсынылатын тәуліктік доза дене салмағына 4 мг/кг құрайды. Препаратты бөтелкедегі бала тамағына қосуға болады.

Дене салмағы 10 кг дейінгі балаларға ұсынылатын тәуліктік доза – 10-20 мл шәрбат (2-4 шай қасық), дене салмағы 10-45 кг балаларға – 30-90 мл шәрбат (2-6 ас қасық).

Ересектер мен 14 жастан асқан балаларға фенспирид дәрілік затының таблетка түрін қолданған дұрыс.

Емдеу ұзақтығын дәрігер белгілейді және ол қолдану көрсетілімдері мен аурудың ағымына байланысты болады. Жедел жағдайлардың ең аз емдеу курсы – 7-10 күн, созылмалы жағдайларда – 2-6 ай.

Жағымсыз әсерлері

Жағымсыз реакциялар болуы мүмкін:

Жиі:

- диспепсия, жүрек айну, іштің ауыруы

Сирек:

- орташа тахикардия, дозаны төмендеткенде азаяды

- ұйқышылдық

- аллергиялық реакциялар: эритема, бөртпе, есекжем, Квинке ісінуі, бекіген пигментті эритема

Жиілігі анықталмаған:

- диарея, құсу

- астения, шаршау, бас айналу

- жүрек соғуының жиілеуі, гипотензия (тахикардиямен байлнысты болуы мүмкін)

- терінің қышынуы, уытты эпидермальді некролиз, Стивенс-Джонсон синдромы

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- фенспирид гидрохлоридіне немесе препараттың басқа да компоненттеріне жоғары сезімталдық

- фруктозаны туа бітетін көтере алмаушылық, глюкоза мен галактоза мальабсорбциясы синдромы, сахароза тапшылығы

- жүктілік, бала емізу кезеңі

- 2 жасқа дейінгі балалар.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Тыныштандыратын препараттармен және алкогольмен біріктіру ұсынылмайды.

Айрықша нұсқаулар

Препарат құрамына қант (бір шай қасықта 3 г) кіреді, сондықтан құрамында қант төмен емдәмде отырған, сондай-ақ қант диабеті бар емделушілерге Инспиронды қолданған кезде сақ болу қажет.

Препаратпен емдеу антибиотиктермен ем жүргізудің орнын ауыстырмайды.

Қолданар алдында шайқау керек.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препарат ұйқышылдықты туындататындықтан автокөлік басқарғанда және басқа механизмдермен жұмыс істегенде сақтық танытқан жөн.

Артық дозалануы

Симптомдары: ұйқышылдық, қозғыштық, жүрек айнуы, құсу, синусты тахикардия болуы мүмкін.

Емі: асқазанды шаю, электрокардиограммаға мониторинг жүргізу қажет. Симптоматикалық ем.

Шығарылу түрі және қаптамасы

150 мл-ден алғашқы ашылуы бақыланатын және балалардан қорғанышы бар пластик қалпақшалармен жабылған шыны құтыларда.

1 құтыдан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулық және өлшеуіш қасықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, 25 ºС -ден аспайтын температурада.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Мұздатып қатыруға болмайды.

Сақтау мерзімі

2 жыл

Ашқаннан кейін 30 тәуліктен асырмай сақтау керек.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Галичфарм» АҚ, Украина, 79024, Львов қ., Опрышковская к-сі, 6/8

Тіркеу куәлігінің иесі

«Галичфарм» АҚ, Украина, 79024, Львов қ., Опрышковская к-сі, 6/8

Қазақстан Республикасында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

Қазақстан Республикасындағы «Артериум» корпорациясының өкілдігі

050060, Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы 97 үй, 3 подъезд, «54» кеңсе

Тел/факс: 8(727)315-82-09; 8(727)315-82-10;

Е-mail: Almaty@arterium.ua

Прикрепленные файлы

130326091477977082_ru.doc 62 кб
779275361477978254_kz.doc 59 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники