ИНОСЕДА
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
ИНОСЕДА, 250 мг/5 мл, 120 мл, шәрбат
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Фармакотерапиялық тобы
Жүйелі қолдануға арналған инфекцияға қарсы препараттар. Жүйелі қолдануға арналған вирусқа қарсы препараттар. Тікелей әсер ететін вирусқа қарсы препараттар. Вирусқа қарсы басқа да препараттар. Инозин Пранобекс.
АТХ коды J05AX05
Қолданылуы
- герпес инфекциясы сияқты, иммундық статусы төмен пациенттердегі вирустық этиологиядағы инфекциялық аурулар.
Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
белсенді затқа немесе препараттың кез келген компонентіне аса жоғары сезімталдық
Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары
Қан сарысуындағы және несептегі несеп қышқылы деңгейінің ықтимал жоғарылауына байланысты Иноседа подаграсы бар пациенттерге сақтықпен тағайындалуы керек. Препаратты ұзақ уақыт қолданғанда мұндай пациенттерде қан сарысуындағы және несептегі несеп қышқылының деңгейін үнемі бақылап отыру керек.
Қосымша заттар
Сахароза
Препарат құрамында 1 мл-де 500 мг сахароза бар, оны қант диабеті бар пациенттер ескеруі керек.
Сирек кездесетін тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы немесе сахараза-изомальтаза тапшылығы бар пациенттерге препаратты қабылдауға болмайды.
Препаратты ұзақ уақыт қолданғанда (2 апта және одан көп) тістің зақымдануы мүмкін.
Натрий
Препарат құрамында 1 мл-де 0,056 мг натрий бар, оны натрийдің түсуін шектейтін диетадағы пациенттерге ескеру қажет.
Метилпарагидроксибензоат және пропилпарагидроксибензоат
Препарат құрамында аллергиялық реакцияларды (оның ішінде баяу типті) туындатуы мүмкін метилпарагидроксибензоат және пропилпарагидроксибензоат бар.
Этанол
Препарат құрамында шамамен 2,5 көл.% этил спирті (1 мл шәрбатта 20 мг этанол 96 көл.%), яғни ересек пациенттер үшін ең жоғары тәуліктік дозада (80 мл) 1600 мг этанолға дейін, бұл 40 мл сыраға, шамамен 17 мл шарапқа баламалы.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Препаратты дәрілік заттың фармакологиялық белсенділігіне теріс әсер ететін кортикостероидтармен, иммуноглобулиндермен, цитостатиктермен, антилимфоцитарлық иммуноглобулиндермен бір мезгілде қолданбаған жөн.
Қолдану жөніндегі нұсқаулар
Дозалану режимі
Балалардағы тәуліктік доза аурудың ауырлығына байланысты 50-100 мг/кг құрайды. Орташа тәуліктік доза 30 мл шәрбатты құрайды (тәулігіне 3 рет 10 мл-ден). 10 мл шәрбаттың құрамында 500 мг инозин пранобекс бар.
Препаратты дозалау үшін қаптамада бар өлшеуіш стақанды пайдаланады. Жоғарыда көрсетілген дозалау режимін қолдану, әдетте, вирустық инфекциялардың көпшілігін емдеу үшін жеткілікті. Емдеу ұзақтығы аурудың түріне байланысты өзгереді.
Әдетте, препаратпен емдеу симптомдар жоғалғаннан кейін 1 немесе 2 күн бойы жалғасады.
Қолдану тәсілі
Препарат ішке қабылдауға арналған.
ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар (қажет болса)
Препаратты қолдану кезінде тұрақты байқалатын жалғыз жағымсыз реакция қан сарысуындағы және несептегі несеп қышқылы деңгейлерінің қысқа мерзімді жоғарылауы болып табылады, олар емдеуді тоқтатқаннан кейін бірнеше күннен кейін қалыпты мәндерге оралады.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттарды және медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Қосымша мәліметтер
Дәрілік препараттың құрамы
5 мл шәрбаттың құрамында
белсенді зат – 250.00 мг инозин пранобекс,
қосымша заттар: метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидроксибензоат, натрий сахаринаты, сахароза, глицерин, 96 % этанол, қаражидек хош иістендіргіші, ванилин, тазартылған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ақшыл-қызғылт түсті мөлдір сұйықтық.
Шығарылу түрі және қаптамасы
120 мл препараттан бұрандалы қақпақпен тығындалған бұралатын мойны бар кәріптас шыны құтыға салынған.
1 құтыдан өлшеуіш стақанмен және медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.
Сақтау мерзімі
Жарамдылық мерзімі 3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Алғашқы ашылуынан кейінгі қолдану кезеңі 180 күн.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші туралы мәліметтер
«Уорлд Медицин Илач Сан. ве Тидж. А.Ш.»,
15 Теммуз Мах. Джами Йолу Джад. № 50, Гюнешли Багджылар/Стамбул, Түркия.
Телефон: + 90 212 474 70 50
Факс: + 90 212 474 09 01
Электронды пошта info@worldmedicine.com.tr
Тіркеу куәлігінің ұстаушысы
«УОРЛД МЕДИЦИН ЛТД.»
Бербути к-сі, 10/ Алмасиани к-сі, 19-21, 26 кеңсе (корп.II), Тбилиси қ., Грузия
Тел: + 995 32 2 21 28 12, факс: + 995 32 2 21 28 13,
Электронды пошта: worldmedicine.llc.geo@gmail.com
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)
Тұтынушылар шағымдарын мына мекенжайға жолдау керек:
«TROKA-S PHARMA» ЖШС, Алматы қ., Сүйінбай даңғ., 222 б
Тел/факс: 8 (7272) 529090
Ұялы тел: +7 701 786 33 98
pvpharma@worldmedicine.kz