Инксанта 80

МНН: Фебуксостат
Производитель: PRECISE BIOPHARMA PVT. LTD
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Фебуксостат
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№121719
Период регистрации: 09.10.2015 - 09.10.2020

Инструкция

Саудалық атауы

Инксанта 80

Халықаралық патенттелмеген атауы

Фебуксостат

Дәрілік түрі

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 80 мг

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат - 80 мг фебуксостат,

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза (РН -102), лактоза моногидраты, натрий кроскармеллозасы, гидроксипропилцеллюлоза, кремнийдің коллоидты қостотығы, магний стеараты,

KFCUWG жабындысының құрамы: гидроксипропилметилцеллюлоза

(15 cps), гидроксипропилметилцеллюлоза (5 cps), тальк, титанның қостотығы (Е 171), кремний шөгіндісі, полиэтиленгликоль 400.

Сипаттамасы

Дөңгелек пішінді, екі беті дөңес, екі жағы тегіс, ақ түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Подаграға қарсы препараттар. Несеп қышқылы түзілімінің тежегіштері. Фебуксостат

АТХ коды М04АА03

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Фебуксостат ішке қабылдаудан кейін жылдам және жақсы сіңеді. Фебуксостатқа тән ең жоғары плазмалық концентрациясы (Cmax) және концентрация-уақыт қисығы астындағы ауданы (AUC) препаратты 10 мг-ден 120 мг дейінгі дозаларда бір рет және бірнеше рет енгізгеннен кейін дозаға пропорционал арта түсті. Фебуксостаттың 120 мг-ден 300 мг дейінгі дозаларында дозаға пропорционалдысынан көбірек AUC ұлғаюы білінді. Әр 24 сағат сайын 10 мг-240 мг дозаларында енгізгенде препараттың жиналуы білінбеген. Фебуксостаттың орташа болжамды терминалдық жартылай шығарылу кезеңі (t1/2) 5-8 сағатқа жуық құрайды.

Сіңуі

Организмге түскеннен кейін фебуксостат барынша жылдам (tmax 1,0-1,5 сағат) және жақсы (кемінде 84%) сіңеді. Фебуксостатты тәулігіне 1 рет 80 мг немесе 120 мг дозаларда бір рет немесе бірнеше рет ішке қабылдағанда Cmax, тиісінше, 2,8-3,2 мкг/мл және 5,0-5,3 мкг/мл шамасын құрайды. Таблеткалар түріндегі фебуксостаттың абсолютті биожетімділігі талданбаған.

Майлы тағаммен бірге тәулігіне 1 рет 80 мг дозада бірнеше рет қабылдағанда немесе 120 мг дозада бір рет қабылдағанда Cmax, тиісінше, 49% және 38%, ал AUC 18% және 16% төмендейді. Алайда, бұл несеп қышқылының сарысулық концентрациясының азаю дәрежесінің клиникалық мәнді өзгеруімен (80 мг дозада бірнеше рет қабылдағанда) қатар жүрмейді. Осылайша, фебуксостатты ас ішуге байланыссыз қабылдауға болады.

Таралуы

Фебуксостатты 10-300 мг дозада ішке қабылдаудан кейін тепе-тең жағдайдағы (Vss/F) болжамды таралу көлемі 29-дан 75 л дейін құбылады. Плазма ақуыздарымен (ең алдымен, альбуминмен) байланысу дәрежесі 99,2% жетеді және дозаны 80 мг-ден 120 мг дейін арттырғанда өзгермейді. Препараттың белсенді метаболиттеріне тән плазма ақуыздарымен байланысу дәрежесі 82%-дан 91% дейін ауытқиды.

Биотрансформациясы

Фебуксостат уридиндифосфатглюкуронилтрансферазаның (УГТ) қатысуымен конъюгация арқылы және P450 (CYP) цитохромы жүйесі ферменттерінің қатысуымен тотығу арқылы белсенді метаболизмге ұшырайды. Барлығы фебуксостаттың төрт фармакологиялық белсенді гидроксильді метаболиті сипатталған; олардың үшеуі адам плазмасынан бөлініп шыққан. Адамның бауыр микросомаларына жасалған in vitro зерттеулерінде бұл тотығу метаболиттерінің көбінесе CYP1A1, CYP1A2, CYP2C8 немесе CYP2C9 әсерімен түзілетіні көрсетілген, ал фебуксостат глюкурониді, ең алдымен, 1A1, 1A8 және 1A9 УГТ әсер етуімен түзіледі.

Шығарылуы

Фебуксостат организмнен бауыр және бүйрек арқылы шығарылады. 14C-фебуксостат 80 мг дозада ішке қабылданғаннан кейін шамамен 49% өзгермеген фебуксостат (3%), әсер етуші заттың ацилглюкурониді (30%), белгілі тотыққан метаболиттер және олардың конъюгаттары (13%) және басқа да белгісіз метаболиттер (3%) түрінде несеппен бөлінді. Бүйрек экскрециясынан тыс, шамамен 45% өзгермеген фебуксостат (12%), әсер етуші заттың ацилглюкурониді (1%), олардың белгілі тотыққан метаболиттері және олардың конъюгаттары (25%) және басқа да белгісіз метаболиттері (7%) түрінде нәжіспен шығарылды.

Бүйрек функциясының бұзылуы

Бүйрек функциясы жеңіл, орташа немесе ауыр дәрежеде бұзылған емделушілерде препаратты 80 мг дозада бірнеше рет қабылдағанда, бүйрек функциясы қалыпты емделушілермен салыстырғанда, фебуксостат Cmax өзгерістері анықталмаған. Фебуксостаттың орташа жалпы AUC мәні бүйрек функциясы қалыпты емделушілердегі 7,5 мкг·сағат/мл-ден бастап, бүйрек жеткіліксіздігі ауыр емделушілердегі 13,2 мкг·сағат/мл дейін шамамен 1,8 есе ұлғайды. Белсенді метаболиттердің Cmax және AUC мәндері, тиісінше, 2 және 4 есе жоғарылады. Осылайша, бүйрек жеткіліксіздігінің ауырлық дәрежесі жеңіл немесе орташа емделушілерде препарат дозасын түзету қажет емес.

Бауыр функциясының бұзылуы

Бауыр жеткіліксіздігінің ауырлық дәрежесі жеңіл (Чайлд-Пью шкаласы бойынша А класы) немесе орташа (Чайлд-Пью шкаласы В класы) емде-лушілерде препаратты 80 мг дозада бірнеше рет қабылдағанда, бауыр функциясы қалыпты емделушілермен салыстырғанда, фебуксостат пен оның метаболиттерінің елеулі Cmax және AUC өзгерістері білінбеген. Бауыр жеткіліксіздігі ауыр емделушілерде препарат зерттеулері (Чайлд-Пью шкаласы С класы) жүргізілмеген.

Жас

Егде жастағы емделушілерде препаратты ішке бірнеше рет қабылдағанда, дені сау жас еріктілермен салыстырғанда, фебуксостат пен оның метаболиттерінің елеулі AUC өзгерістері білінбеген.

Жынысы

Препаратты ішке бірнеше рет қабылдағанда әйелдердегі фебуксостат Cmax және AUC ерлердегіден, тиісінше, 24% және 12% жоғары болды. Дегенмен дене салмағы бойынша түзетілген Cmax және AUC мәндері екі топта да ұқсас болды. Осыған орай, емделушінің жынысына қарай препарат дозасын өзгерту қажет емес.

Фармакодинамикасы

Несеп қышқылы адамдағы пуриндер метаболизмінің соңғы өнімі болып табылады және келесі реакция барысында түзіледі: гипоксантин  ксантин  несеп қышқылы. Осы реакцияның екі сатыларында да катализатор ретінде ксантиноксидаза әрекет етеді. Фебуксостат 2-арилтиазол туындысы болып табылады. Оның емдік әсері ксантиноксидазаның селективті тежелісі арқылы несеп қышқылының сарысулық концентрациясының азаюына негізделген. Фебуксостат ксантиноксидаза (NP-SIXO) пуриндік емес селективті тежегіші түрінде болады, оның Ki (тежеліс константасы) in vitro 1 нМ аз құрайды. Фебуксостат едәуір дәрежеде ксантиноксидазаның тотыққан да, қалпына келтірілген де түрінің белсенділігін бәсеңдетеді. Емдік концентрацияларында фебуксостат гуаниндезаминаза, гипоксантингуанинфосфорибозилтрансфераза, оротатфосфорибозилтрансфераза, оротидинмонофосфатдекарбоксилаза немесе пуриннуклеозидфосфорилаза сияқты пуриндер немесе пиримидиндер метаболизміне қатысатын басқа ферменттерге ықпал етпейді.

Қолданылуы

- ураттар кристалдарының жиналуымен қатар жүретін аурулар кезінде созылмалы гиперурикемияны емдеуде (соның ішінде қазіргі уақытта немесе сыртартқыда тофустар және/немесе подагралық артрит болғанда).

Қолдану тәсілі және дозалары

Инксанта 80 препараты ас ішуге байланыссыз ішке қабылданады.

Инксанта 80 препаратының ұсынылатын дозасы тәулігіне 1 рет ас ішуге байланыссыз ішке қабылданатын 80 мг құрайды. Егер сарысудағы несеп қышқылының концентрациясы 2-4 апта емделуден кейін 6 мг/дл-ден асып кетсе (357 мкмоль/л), Инксанта 80 препаратының дозасын тәулігіне 1 рет 120 мг дейін арттыруға болады.

Инксанта 80 препаратының әсері мейлінше тез басталады, бұл несеп қышқылының сарысулық концентрациясын 2 аптадан соң қайта анықтауға мүмкіндік береді. Емдеу мақсаты несеп қышқылының концентрациясын азайтуды және оның 6 мг/дл-ден (357 мкмоль/л) аз деңгейде сақталуын көздейді.

Подагра ұстамаларының алдын алу емінің ұзақтығы – кемінде 6 ай.

Егде жастағы емделушілер

Егде жастағы емделушілерде препарат дозасын түзету қажет емес.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Бүйрек функциясы ауыр бұзылған емделушілерде (креатинин клиренсі <30 мл/мин) препарат тиімділігі мен қауіпсіздігі жеткіліксіз зерттелген.

Бүйрек функциясы жеңіл немесе орташа дәрежеде бұзылған емделушілерде препарат дозасын түзету қажет емес.

Бауыр функциясының бұзылуы

Бауыр функциясы ауыр бұзылған (Чайлд-Пью шкаласы бойынша С класы) емделушілерде фебуксостат тиімділігі мен қауіпсіздігінің зерттеулері жүргізілмеген.

Бауыр функциясының жеңіл дәрежелі бұзылуында ұсынылған препарат дозасы 80 мг құрайды. Бауыр функциясының ауырлығы орташа дәрежедегі бұзылуында препаратты қолдану тәжірибесі шектеулі.

Балалар мен жасөспірімдер жасындағы емделушілер

Инксанта 80 препаратының қауіпсіздігі мен тиімділігі балалар мен 18 жасқа толмаған жасөспірімдерде анықталмаған. Тиісті деректері жоқ.

Жағымсыз әсерлері

Фебуксостаттың біріктірілген рандомизациялық кеңейтілген ұзақ мерзімді зерттеулерінің III фазасында және  постмаркетингтік кезеңде байқалған жағымсыз әсерлері:

Жиі 1/100-ден < 1/10 дейін

  • подагра ұстамалары

  • бас ауыру

  • диарея**, жүрек айну

  • бауыр функциясының бұзылулары**

  • бөртпе (төмен жиілікте болатын бөртпенің әр алуан түрлерін қоса, төменнен қараңыз)

  • ісіну

Жиі емес 1/1,000-нан < 1/100 дейін

  • қандағы тиреостимуляциялаушы гормон деңгейінің жоғарылауы

  • қант диабеті, гиперлипидемия, тәбеттің төмендеуі, дене салмағының артуы

  • либидо төмендеуі, ұйқысыздық

  • бас айналу, парестезиялар, гемипарез, ұйқышылдық, дәм сезудің өзгеруі, гипестезия, гипосмия

  • жүрекшелер фибрилляциясы, жүректің жиі соғуы, ЭКГ-дағы бұзылулар

  • артериялық гипертензия, қан кернеу, ысынулар.

  • диспноэ, бронхит, жоғарғы тыныс жолдарының жұқпалары, жөтел

  • іштің ауыруы, іштің кебуі, гастроэзофагеальді рефлюкс ауруы, құсу, ауыздың кеберсуі, диспепсия құбылыстары, іш қату, нәжістің жиілеуі, метеоризм, іштің жайсыздануы

  • холелитиаз

  • дерматит, есекжем, тері бөртпесі, тері түсінің өзгеруі, тері зақымданулары, петехиялар, макулярлы бөртпе, макула-папулезді бөртпе, папулезді бөртпе

  • артралгия, артрит, миалгия, қаңқа-бұлшықет ауыруы, бұлшықет әлсіздігі, бұлшықеттердің құрысуы, бұлшықет ширығуы, бурсит

  • бүйрек жеткіліксіздігі, нефролитиаз, гематурия, поллакиурия, протеинурия

  • эректильді дисфункция

  • әлсіздік, кеуде қуысының ауыруы, кеуде қуысы аумағындағы жайсыздық

  • қандағы амилазаның жоғарылауы, тромбоциттер санының төмендеуі, лейкопения, лимфопения, қандағы креатиннің көтерілуі, қандағы креатининнің көтерілуі, гемоглобиннің төмендеуі, қандағы мочевина деңгейінің жоғарылауы, қандағы триглицеридтердің артуы, қандағы холестериннің көбеюі, гематокриттің төмендеуі, қандағы лактатдегидрогеназаның жоғарылауы, қандағы калий деңгейінің көтерілуі

Сирек 1/10,000-нан < 1/1,000 дейін

  • панцитопения, тромбоцитопения

  • анафилактикалық реакциялар*, препаратқа аса жоғары сезімталдық*

  • анық көрмеу

  • дене салмағының төмендеуі, тәбеттің артуы, анорексия

  • күйгелектік

  • тиннит

  • панкреатит, ойық жаралы стоматит

  • гепатит, сарғаю*, бауырдың зақымдануы

  • уытты эпидермалық некролиз, Стивенс-Джонсон синдромы*, ангионевроздық ісіну*, жайылған бөртпе*, эритема, эксфолиативті бөртпе, фолликулярлы бөртпе, везикулярлы бөртпе, іріңді бөртпе, қышытатын бөрту*, эритематозды бөртпе, қызылша тәрізді бөртпе, алопеция, гипергидроз, эозинофилиямен және жүйелік симптомдармен дәрілік реакция

  • рабдомиолиз*, буындар қозғалмауы, қаңқа бұлшықеттері қозғалысының шектелуі

  • тубулоинтерстициальді нефрит*, несеп шығаруға императивті қысылу

  • шөлдеу

  • қандағы глюкоза деңгейінің жоғарылауы, ішінара белсендірілген тромбопластин уақытының ұзаруы, эритроциттер мөлшерінің төмендеуі, қандағы сілтілі фосфатаза деңгейінің жоғарылауы

* - постмаркетингтік кезеңде хабарланған жағымсыз реакциялар

** - 3 фазаның біріктірілген зерттеуінде және бір мезгілде колхицин алған емделушілерде жиірек бауыр функциясының бұзылуы мен жұқтырылмаған диареяны емдеуде

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

- галактозаны көтере алмаушылықпен, туа біткен лактаза жеткіліксіздігімен немесе глюкоза/галактоза сіңуінің бұзылуымен байланысты сирек тұқым қуалайтын аурулары бар емделушілер

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Меркаптопурин/азатиоприн

Фебуксостаттың әсер ету механизмін ескеріп (ксантиноксидаза тежелісі), бірге тағайындау ұсынылмайды. Фебуксостаттың ксантиноксидазаны тежеуі осы препараттар концентрациясының жоғарылауын туындатуы мүмкін, бұл олардың уытты әсеріне алып келеді. Ксантиноксидазамен метаболизденетін препараттармен өзара әрекеттесуіне зерттеулер жүргізілмеген.

Фебуксостаттың цитоуытты химиялық препараттармен өзара әрекеттесуіне зерттеулер жүргізілмеген.

Цитоуытты химиялық препараттармен ем кезінде фебуксостат қолдану қауіпсіздігі жөнінде деректер жоқ.

Теофиллин

Фебуксостаттың теофиллинмен өзара әрекеттесуіне жекелеген зерттеулер жүргізілмесе де, ксантиноксидаза тежелісінің теофиллин концентрациясының жоғарылауымен қатар жүруі мүмкін екені белгілі (осы ферменттің басқа тежегіштерінің қатысуымен теофиллин метаболизмінің бәсеңдеуі хабарланған). Осыған орай, фебуксостатты теофиллин алатын емделушілерге абайлап тағайындау қажет. Аталған препараттар бірге тағайындалғанда теофиллин концентрациясын бақылау қажет.

Напроксен және басқа да глюкурондану тежегіштері

Фебуксостат метаболизмі уридиндифосфат-глюкуронилтрансфераза (УГТ) ферментінің белсенділігіне байланысты. Глюкурондану үдерісін бәсеңдететін дәрілік препараттар, мысалы, ҚҚСП және пробеницид фебуксостаттың шығарылуын теория жүзінде өзгертуі мүмкін. Дені сау еріктілерде фебуксостат пен напроксен тәулігіне 2 рет 250 мг-ден бір мезгілде қабылданғанда фебуксостат әсерінің күшеюі байқалды (Cmax (ең жоғары плазмалық концентрациясы) – 28%, ҚАА – 41% және t1/2 (жартылай шығарылу уақыты) – 26%). Клиникалық зерттеулерде напроксен немесе басқа ҚҚСП/ЦОГ-2 тежегіштерін қолдану жағымсыз құбылыстардың клиникалық мәнді күшеюімен қатар жүрмеген.

Осылайша, фебуксостатты напроксенмен препараттардың дозасын өзгертпей-ақ бірге тағайындауға болады.

Глюкурондану индукторлары

УГТ қуатты индукторлары метаболизмді күшейтіп, фебуксостат тиімділігін азайтуы мүмкін. Қуатты глюкурондану индукторларын алатын емделушілерде осылай біріктірілген емнің 1-2 аптасынан соң несеп қышқылының сарысулық концентрациясын бақылау ұсынылады. Глюкурондану индукторы тоқтатылғанда фебуксостаттың плазмалық концентрациясы жоғарылауы мүмкін.

Колхицин/индометацин/гидрохлоротиазид/варфарин

Фебуксостатты колхицинмен немесе индометацинмен препараттардың дозасын өзгертпей-ақ бірге тағайындауға болады.

Сонымен қатар, гидрохлоротиазидпен бірге тағайындалғанда фебуксостат дозасын өзгерту қажет емес.

Фебуксостат варфаринмен бірге тағайындалғанда соңғысының дозасын өзгерту қажет емес. Дені сау еріктілерде фебуксостатты (тәулігіне бір рет 80 мг) варфаринмен қабылдау варфарин фармакинетикасына ықпал етпейді. Фебуксостатпен бір мезгілде қабылдау протромбин уақыты (ХҚҚ) мен VII фактор белсенділігіне де ықпал етпеген.

Дезипрамин/CYP2D6 субстраттары

Іn vitro зерттеулерінен алынған деректер бойынша, фебуксостат CYP2D6 әлсіз тежегіші болып табылады. Дені сау еріктілерге жүргізілген зерттеуде фебуксостатты тәулігіне 1 рет 80 мг дозада қабылдау аясында дезипрамин (CYP2D6 субстраты) ҚАА (қисық астындағы ауданы) 22% ұлғаюы білінген, бұл фебуксостаттың in vivo әлсіз тежеу әсерін айғақтайды. Осылайша, фебуксостат пен CYP2D6 субстраттары бірге тағайындалғанда препараттардың дозасын өзгерту қажеттілігі жоқ.

Антацидтер

Құрамында магний гидроксиді немесе алюминий гидроксиді бар антацидтермен бірге қабылдағанда фебуксостат сіңуінің баяулауы (шамамен 1 сағат) және Cmax 32 % азаюы білінген, алайда препараттың ҚАА елеулі өзгермейді. Осылайша, фебуксостатты антацидтер қабылдаумен біріктіруге болады.

Айрықша нұсқаулар

Жүрек-қантамыр аурулары

Фебуксостат ишемиялық жүрек ауруы немесе іркілісті жүрек жеткіліксіздігі бар емделушілерде қолдану ұсынылмайды.

APEX және FACT зерттеулерінде, фебуксостаттың жалпы тобында, аллопуринол тобымен салыстырғанда, CONFIRMS зерттеуінен ерекшелігі, зерттеушілер АЕБТТ (жүрек-қантамырлық аурудан болатын өлімді, өліммен аяқталмайтын миокард инфарктісін, өліммен аяқталусыз инсультті қоса, антитромбоцитарлық емнің біріккен талдауы (АЕБТТ) тобындағы соңғы нүктелерді анықтау) жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан бұзылулар санының көбейгенін хабарлады (100 емделуші-жасына (ЕЖ) 0,3 жағдаймен салыстырғанда, 1,3). 3 фазадағы біріктірілген зерттеулерде  (APEX, FACT және CONFIRMS зерттеулері) зерттеушілер хабарлаған АЕБТТ жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан болатын бұзылулар жиілігі 100 емделуші-жасына 0,6 жағдай жиілігімен салыстырғанда 0,7 құрады. Ұзақ мерзімді кең ауқымды зерттеулер аясында зерттеушілер хабарлаған АЕБТТ жүрек-қантамырлық бұзылулар жиілігі фебуксостат пен аллопуринол үшін, тиісінше, 100 емделуші-жасына 1,2 және 0,6 жағдайдан келді. Айырмашылықтар статистикалық тұрғыда сенімді емес, ал аталған бұзылулар мен фебуксостат арасында себеп-салдарлы байланыс болмаған. Осындай емделушілерде қауіп факторлары ретінде атеросклероз және/немесе миокард инфарктісі немесе сыртартқыдағы іркілісті жүрек жеткіліксіздігі негізінде туындайтын аурулардың бар екені анықталған.

Бауыр аурулары

Фебуксостат алған емделушілерде біріктірілген клиникалық зерттеулердің үшінші фазасында бауыр көрсеткіштерінің болымсыз өзгерістері байқалған (5,0 %). Осыған орай, фебуксостаттың тағайындалуына дейін, ал артынан көрсетілімдер болғанда емделу кезінде функционалдық бауыр көрсеткіштерін тексеру ұсынылады.

Подаграның өршуі (ұстамасы)

Фебуксостатпен емдеуді подаграның өршуі басылған соң ғана бастау керек. Препарат емнің басында тіндік деподан ураттардың шығуымен қатар жүретін несеп қышқылы концентрациясының өзгеруі есебінен подагра ұстамаларына түрткі болуы мүмкін. Фебуксостатпен емделудің басында подагра ұстамаларының алдын алу үшін кемінде 6 ай ҚҚСП немесе колхицин тағайындау ұсынылады.

Фебуксостат қабылдау аясында ұстама дамығанда емдеуді жалғастырады. Подагра өршуінің сәйкесті емін бір мезгілде жүргізеді. Фебуксостат ұзақ уақыт қабылданғанда подагра ұстамаларының жиілігі мен ауырлығы азаяды.

Ксантиндер жиналуы

Ураттар түзілуі жеделдеп кеткен емделушілерде (мысалы, қатерлі жаңа түзілімдер аясында немесе Леш-Нихан синдромында) сирек жағдайларда несептегі ксантиндердің абсолютті концентрациясы едәуір жоғарылап, олардың несеп жолдарында жиналуымен қатар жүруі мүмкін. Аталған жағдайда фебуксостат қолдану тәжірибесінің шектеулі екеніне орай, ол мұндай емделушілерге көрсетілмеген.

Аллергия/дәрілік препаратқа аса жоғары сезімталдық

Постмаркетингтік бақылау кезеңінде өмірге қатер төндіретін Стивенс-Джонсон синдромы мен жедел анафилактикалық реакция/шокты қоса, ауыр аллергиялық реакциялар/аса жоғары сезімталдық реакциялары туралы сирек хабарламалар орын алған. Көпшілік жағдайларда аталған реакциялар фебуксостатпен емнің алғашқы айында болады. Кейбіреулер, бірақ осы емделушілердің бәрі емес, бүйрек жеткіліксіздігінің және/немесе осының алдындағы аллопуринолға аса жоғары сезімталдықтың болғанын хабарлаған. Кейбір жағдайларда аса жоғары сезімталдықтың ауыр реакцияларында патологиялық үдеріске бүйрек немесе бауыр қосылған.

Емделушілер белгілер мен симптомдар туралы хабарланған болуы тиіс және аллергиялық реакциялар/аса жоғары сезімталдық реакцияларының симптомдары тұрғысынан мұқият бақылауда болуы тиіс. Стивенс-Джонсон синдромын қоса, ауыр аллергиялық реакциялар/аса жоғары сезімталдық реакциялары пайда болған жағдайда фебуксостатпен емдеуді дереу тоқтату қажет, бұл препаратты ерте тоқтатуда ауру болжамын жақсартады. Емделушіде Стивенс-Джонсон синдромы мен жедел анафилактикалық реакция/шокты қоса, аллергиялық реакциялар/аса жоғары сезімталдық реакциялары туындаған жағдайда, ол енді ешқашан фебуксостат қабылдауды жаңғыртпауы тиіс.

Меркаптопурин/азатиоприн

Фебуксостатты меркаптопурин/азатиоприн алатын емделушілерге тағайындауға болмайды.

Егер біріктірілген қабылдаудан аулақ болу мүмкін емес жағдайда, емделушіні мұқият қадағалау қажет. Қан түзу жүйесіне олардың әсер ету мүмкіндігіне жол бермеу мақсатында, меркаптопурин немесе азатиоприн дозасын азайту ұсынылады.

Ағзалар трансплантациясы жасалған емделушілер

Ағзалар трансплантациясы жасалған емделушілерде фебуксостат қолдану тәжірибесі жоқ, сондықтан ондай емделушілерге препарат ұсынылмайды.

Теофиллин

Фебуксостат теофиллин алатын емделушілерге сақтықпен тағайындалу керек. Осы препараттар бірге пайдаланылғанда теофиллин концентрациясын бақылау қажет.

Қалқанша без аурулары

Ұзақ мерзімді кеңейтілген ашық зерттеулерде ұзақ уақыт бойы фебуксостат алған емделушілерде (5,5 %) ТТГ жоғарылауы (>5,5 мкХБ/мл) білінген. Сондықтан препаратты қалқанша без функциясы бұзылған емделушілерге сақтықпен тағайындау керек.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік кезінде фебуксостат қолданудың шектеулі тәжірибесі препараттың жүктілік ағымына және ұрықтың/жаңа туған нәрестенің денсаулығына жайсыз әсерінің болмағанын айғақтайды. Жануарларға жүргізілген зерттеулерде препараттың жүктілік ағымына, эмбрион/ұрықтың дамуына және босану үдерісіне тікелей немесе жанама жағымсыз әсерлері білінбеген. Препараттың адам үшін әлеуетті қаупі белгісіз. Осыған орай, фебуксостат жүктілік кезінде қарсы көрсетілімді.

Фебуксостаттың адамда емшек сүтіне бөлінуі белгісіз. Жануарларға жүргізілген зерттеулерде препараттың әсер етуші затының ана сүтіне өтетіні және қоректендірілетін жаңа туған нәрестелердің дамуына теріс әсерін тигізетіні атап өтілген. Осылайша, емшек еметін балалар үшін препараттың қаупін жоққа шығаруға болмайды. Осыған орай, фебуксостат бала емізу кезінде қарсы көрсетілімді.

Фертильділік

Препарат тәулігіне 48 мг/кг дейінгі дозада пайдаланылған жануарлардағы фертильділік зерттеулерінде жағымсыз әсерлерінің дозаға байланысты екені анықталмаған. Адамның репродуктивтік функциясына препараттың әсері белгісіз.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Фебуксостатпен емделу аясында ұйқышылдық, бас айналу, парестезиялар және бұлыңғыр көрудің пайда болуы жөнінде хабарламалар бар.

Осыған орай, препарат қабылдайтын емделушілерге көлік құралдарын басқару, механизмдер қызметін қамту және емделуші осы қызметке препараттың жайсыз әсерінің жоқ екеніне нық сенімді болмайынша, қауіптілігі бар қызметке қатысу тұрғысынан сақтық шарасын қадағалауға кеңес беріледі.

Артық дозалануы

Симптомдары: жағымсыз реакциялардың күшеюі.

Емі: симптоматикалық.

 

Шығарылу түрі және қаптамасы

Поливинилхлоридті үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 10 таблеткадан салады.

Пішінді 2 қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 30 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші ұйымның атауы және елі

«PRECISE BIOPHARMA PVT. LIMITED», Үндістан

Тіркеу куәлігі иесінің атауы және елі

«FORHEALTH PHARMACEUTICALS» ЖШС, Қазақстан Республикасы

Қаптаушы ұйымның атауы және елі

«PRECISE BIOPHARMA PVT. LIMITED», Үндістан

Қазақстан Республикасы аумағында өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«FORHEALTH PHARMACEUTICALS» ЖШС,

Қазақстан Республикасы

Алматы қ. Төле би к-сі, 23а үй

тел.+7 (727) 313 13 84

 

Прикрепленные файлы

455393221477976372_ru.doc 93 кб
212247881477977569_kz.doc 131.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники