Инестом (5 мл)
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Инестом
Халықаралық патенттелмеген атауы
Левокарнитин
Дәрілік түрі
Инъекцияға арналған ерітінді, 1 г/5 мл
Құрамы
1 мл препараттың құрамында
белсенді зат – 200.0 мг левокарнитин,
қосымша заттар: 10% хлорсутек қышқылы, инъекцияға арналған су.
Сипаттамасы
Түссізден сарғыш түске дейінгі мөлдір ерітінді.
Фармакотерапиялық тобы
АІЖ ауруларын және зат алмасу бұзылуын емдеуге арналған басқа да препараттар. Амин қышқылдары және олардың туындылары. Левокарнитин.
АТХ коды А16АА01
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Парентеральді енгізгенде левокарнитин барлық тіндерге жақсы өтеді, жоғары концентрациялары қаңқа бұлшықеттерінде және миокардта түзіледі. Қан плазмасындағы ең жоғары концентрациясы 9 сағат бойы тұрақталады. Парентеральді енгізгеннен кейін левокарнитин аздап метаболизмге ұшырайды.
Көбінесе ацильді эфирлер түрінде бүйрекпен шығарылады, бос карнитин қайта сіңіріледі.
Фармакодинамикасы
Левокарнитин жануарлар, микроорганизмдер мен өсімдіктер тіндерінде табиғи компонент ретінде қатысады. Адам организмінде қалыпты метаболизм қажеттілігі құрамында карнитин бар өнімдерді тұтыну есебінен, сондай-ақ метил тобының донорлары болып табылатын лизин және метиониннің бауыр мен бүйректегі эндогенді синтезі есебінен толығады. Тек карнитин (левокарнитин) L-изомері биологиялық белсенді болып табылады және амин қышқылдары тізбегінің буыны ретінде липид алмасуында, кетонды денелер метаболизмінде негізгі рөл атқарады. Левокарнитин митохондрияларда ұзын тізбекті май қышқылдары тасымалдануына қатысады (май қышқылдары тотығуына көмектеседі), яғни митохондрияда цитоплазмадан жасуша жарғақшалары арқылы май қышқылдарын тасымалдаушы ретінде қатысады, онда олар АТФ түріндегі метаболикалық энергияның үлкен мөлшерін түзе отырып, бета-қышқылдану үдерісіне ұшырайды. Левокарнитин Кребс циклінің жұмысын жақсартады (СоА босату, СоА әсер етуі жолымен, карнитин-ацилтрансфераза ферменті қатысуымен), қаңқа бұлшықеттерінде пируват дегидрогеназа белсенділігін және амин қышқылдары тізбегінің тармақталған буындарының тотығуын көтермелейді. Осылайша, левокарнитин әртүрлі зат алмасу үдерістеріне тікелей немесе жанама қосылады және май қышқылдары мен кетонды денелер тотығуының ғана емес, сондай-ақ глюкоза және кейбір амин қышқылдары маңызды факторы болып табылады.
Левокарнитин анаболиялық тиімді әсер етеді, ақуыздық және көмірсулық молекулалардың ыдырауын баяулатады, асқазан сөлінің бөлінуін стимуляциялайды. Артық мөлшерлі салмақ қаупін кемітеді, әрі бұлшықеттегі май құрамын азайтады.
Левокарнитин нейротрофикалық әсер етеді, апоптоздың дамуын тежейді, жүйке тінінің зақымдану аймағын шектейді, әрі құрылымын қалпына келтіреді; балалардың өсуі мен дамуына ықпал етеді.
Левокарнитин миокард метаболизмінде маңызды рөл атқарады, өйткені миокардта энергияның өндірілуі үшін қажетті май қышқылдарының тотығуы левокарнитин мөлшерінің жеткілікті болуымен байланысты. Левокарнитин тапшылығы туғызған миокардиопатияларда препараттың тиімділігі анықталды.
Қолданылуы
- ересектердегі, балалардағы, соның ішінде сәбилер мен жаңа туған нәрестелердегі левокарнитиннің алғашқы (генетикалық) және салдарлы тапшылығында
- бүйрек ауруларының терминалдық сатысы бар пациенттердегі левокарнитиннің салдарлы тапшылығында, олар гемодиализде ұзақ болады және келесі жай-күйлермен қатар жүреді: айқын тұрақты бұлшықет түйілулері, қаңқа бұлшықеттері әлсіздігі, миопатия, бұлшықет массасының жоғалуы, артериялық гипотензия симптомдары, анемия, кардиомиопатия, емдеуге әсер етпейді немесе эритропоэтиннің үлкен дозаларын қажет етеді.
Қолдану тәсілі және дозалары
Инестом, инъекцияға арналған ерітінді, бұлшықет ішіне, вена ішіне (2-3 минут бойы) баяу енгізіледі.
Ұтымды дозаны анықтау үшін еркін және ацильді левокарнитиннің қан плазмасындағы және несептегі деңгейлерін өлшей отырып, емді бақылау ұсынылады. Қан плазмасындағы еркін левокарнитиннің деңгейі 35-60 моль/л болуға тиіс. Ацильді левокарнитиннің қан плазмасындағы еркін левокарнитин деңгейіне арақатынасы 0.35-тен жоғары болмауға тиісті.
12 жасқа дейінгі балалар
Левокарнитиннің алғашқы және салдарлы тапшылығы: жедел декомпенсация жағдайында препаратты тәулігіне 3-4 енгізетін 50-100 мг/кг дозада тағайындайды. Қажет болғанда, препаратты жоғарырақ дозаларда қолдануға болады, алайда бұл жағымсыз реакциялардың, әсіресе диареяның жоғары даму қаупімен байланысты.
Гемодиализ алатын созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінің терминалдық сатысы бар пациенттердегі левокарнитиннің салдарлы тапшылығында: препаратты гемодиализдің әр емшарасының соңынан (аптасына гемодиализдің үш емшарасын өткізгенде) тәулігіне 10-20 мг/кг дозада тағайындайды. Емдеу, кем дегенде, үш ай созылуға тиіс. Әдетте емнің қайталанған курсы қажет болады.
Ересектер және 12 жастан асқан балалар
Левокарнитиннің алғашқы және салдарлы тапшылығы: жедел декомпенсация жағдайында әдетте ұсынылатын доза - тәулігіне 3-4 енгізілетін 50-100 мг/кг. Қажет болғанда, препаратты жоғарырақ дозаларда қолдануға болады, алайда бұл жағымсыз реакциялардың, әсіресе диареяның жоғары даму қаупімен байланысты.
Гемодиализ алатын созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінің терминалдық сатысы бар пациенттердегі левокарнитиннің салдарлы тапшылығында: препаратты гемодиализдің әр емшарасының соңынан енгізетін (аптасына гемодиализдің үш емшарасын өткізгенде) тәуліктік 20 мг/кг дозада тағайындайды. Венаішілік емдеу ұзақтығы 3 айдан аспайтын уақыт құрайды, бұл - бұлшықеттердегі левокарнитин құрамының қалыпты деңгейін орнына келтіру үшін қажетті кезең. Қайталанған емдеу курсын өткізу қажеттілігі қан плазмасындағы левокарнитин құрамы арқылы анықталады, оны бақылауды ұдайы жүргізген жөн.
Жағымсыз әсерлері
Инестомды дәрігердің нұсқауларына сай қолданғанда жағымсыз әсерлер байқалмайды.
Сирек
- жүрек айнуы, құсу, іштің ауыруы, диарея
Дозаны азайтумен жағымсыз әсерлерді жоюға болады.
- уремиясы бар науқастардағы бұлшықет әлсіздігі
- құрысулар
- аллергиялық реакциялар
- жылдам енгізген кезде вена бойындағы ауырудың білінуі мүмкін, ол енгізу жылдамдығын азайтқанда басылады.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Инестомды инсулин немесе ішу арқылы қабылданатын гипогликемиялық препараттар алатын қант диабеті бар пациенттерге тағайындау глюкозаның жоғары қорытылуы салдарынан болатын гипогликемияны туғызуы мүмкін. Сондықтан пациенттердің осы санатында Инестом препаратымен емделу кезінде гипогликемиялық препараттарды дозалау тәртібін реттеу үшін қан плазмасындағы глюкоза деңгейін үнемі бақылау керек.
Глюкокортикостериодтар препараттың тіндерде (бауырдан басқа) жиналуына ықпал етеді.
Липой қышқылы, анаболиктер левокарнитиннің тиімді әсерін күшейтеді.
Инестоммен бірге қандай да бір басқа дәрілерді қолданған жағдайда, бұл жөнінде емдеуші дәрігерді хабарландыру қажет.
Айрықша нұсқаулар
Инестом дағдылануды немесе тәуелденуді туғызбайды.
Препараттың көтерімділігін емдеудің алғашқы аптасы кезінде және дозаны әрбір арттырудан кейін бақылау керек.
Кез келген жайсыз реакция қаупін азайту үшін препаратты медицинада қолдану жөніндегі нұсқаулықты қатаң қадағалау қажет. Нұсқаулықта сипатталмаған жайсыз реакциялар білінгенде емдеуші дәрігерге қаралған дұрыс.
Жүктілік және лактация кезеңі
Инестом тек аса қажетті жағдайларда тағайындалады.
Көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді.
Артық дозалануы
Симптомдары: левокарнитиннің үлкен дозалары диареяны туғызуы мүмкін.
Емі: қажет болғанда - симптоматикалық ем жүргізу.
Шығарылу түрі және қаптамасы
5 мл препараттан сындыру сақинасы бар күңгірт шыны ампулада.
5 ампуладан поливинилхлоридтен жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады. 1 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты пайдалануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
Хелп С.А., Валаоритоу көшесі, 10, 144 52, Афины, Греция
Телефон +30 210 281 5353, факс +30 210 281 1850
Тіркеу куәлігінің иесі
Хелп С.А., Афины, Греция
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы «AVITA (АВИТА)» ЖШС, 050040, Алматы қ., Сейфуллин көшесі, 458-460/95, 315 кеңсе,
телефон/факс 8/727/2794732
Қазақстан Республикасы аумағында дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электрондық пошта)
«AVITA (АВИТА)» ЖШС, 050040, Алматы қ., Сейфуллин көшесі, 458-460/95, 315 кеңсе,
телефон/факс 8/727/2794732
электрондық пошта: infoavita@mail.ru