Ингалипт (30 мл)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Ингалипт
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі, дозасы
Жергiлiктi қолдануға арналған аэрозоль
Фармакотерапиялық тобы
Респираторлық жүйе. Тамақ ауруларын емдеуге арналған препараттар. Антисептиктер. Басқа да препараттар.
АТХ коды R02AA20
Қолданылуы
- ауыз қуысы мен жұтқыншақтың қабыну аурулары кезінде (тонзиллит, фарингит, афтозды және ойық жаралы стоматит) ингаляция үшін микробқа қарсы және қабынуға қарсы дәрі ретінде қолданады
Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препараттың кез келген компоненттеріне жоғары сезімталдық
- жүктілік және бала емізу кезеңі
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Басқа дәрілік заттармен үйлесімді, клиникалық мәнді өзара әрекеттесуі туралы деректер жоқ.
Әсер ету ауқымын кеңейту және тиімділікті көтермелеу мақсатында басқа да жергілікті микробтарға қарсы дәрілермен бір мезгілде қолдануға болады.
Арнайы ескертулер
2 аптадан артық қабылдаған кезде тістің зақымдануы мүмкін.
Бір реттік дозада этанолдың мөлшері – 10 мг, тәуліктік дозада - 40 мг (абсолютті спиртке шаққанда).
Жағымсыз реакциялар пайда болған кезде препаратты қолдануды тоқтатып, дәрігерге көріну қажет. Әдеттен тыс реакциялар пайда болған жағдайда препаратты одан әрі қолданудың орындылығы туралы дәрігермен кеңесу керек.
Педиатрияда қолдану
Балаларға Ингалипт препараты тек дәрігердің ұсынымы бойынша ғана қолданылады.
Жүктілік немесе лактация кезінде
Ингалипт препаратын жүктілік кезінде және емшек емізу кезінде қолдануға болмайды. Препараттың құрамына плацента арқылы өтетін және шарананың қанында кездесетін сульфаниламидтер кіреді. Тератогендік әсер дамуы мүмкін. Емшекпен емізу кезінде препаратты қолдану қажет болған жағдайда бала емізуді тоқтату керек, өйткені сульфаниламидтер емшек сүтіне енеді және жаңа туған нәрестелерде ядролық сарғаю тудыруы мүмкін.
Препараттың көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препаратты қолдану жоғары зейін қою мен психомоторлық реакциялар жылдамдығын талап ететін қауіптілігі зор қызмет түрлерін орындау қабілетіне әсер етпейді.
Қолдану жөніндегі нұсқаулар
Дозалау режимі
Құтыдан сақтандыру қалпақшасын алып және қоса беріліп отырған бүріккішті кигізіп, жүзіндіні ауыз қуысына 1-2 секунд бүркеді. Препаратты ауыз қуысында 5-7 минут ұстау керек. Ауыз қуысын алдын ала қайнаған сумен шайқап, сосын тәулігіне 3-4 рет ем қолданылады.
Шашыратқыш тесігінің бітеліп қалуын болдырмас үшін, манипуляция жасаған соң оны үрлеп немесе таза су құйылған стақанға салған жөн.
Баллонды қолданғанда қатаң түрде тік қалыпта ұстау керек.
Белгіленген уақыты бойынша қолдану жиілігі
Тәулігіне 3-4 рет шаю қоладанады
Емдеу узақтығы
7-10 күн.
Артық дозаланған жағдайда қолданылуы қажет шаралар
Симптомдары: препараттың бөлігін жұтумен байланысты жүрек айнуы, құсу
Емі: арнайы антидоты жоқ, симптоматикалық және демеуші ем.
Тоқтату симптомдары қаупінің болуын көрсету
Анықталмаған.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну жөніндегі ұсынымдар
Әрқашан препаратты осы қосымша параққа немесе емдеуші дәрігер мен дәріхана қызметкерінің ұсыныстарына сәйкес қабылдаңыз. Күмәнданған жағдайда емдеуші дәрігермен немесе дәріхана қызметкерімен кеңесіңіз.
ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар
Жиілігі белгісіз
аллергиялық реакциялар (терінің бөртуі, қышыну)
қысқа мерзімді тамақты күйдіру немесе ашу сезімі болуы мүмкін.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Қосымша мәліметтер
Дәрілік препараттың құрамы
Бір баллонның ішінде
белсенді заттар - сульфаниламид натрий (еритін стрептоцид) - 0,750 г, сульфатиазол натрий пентагидраты 0,750 г, эвкалипт майы 0,015г, бұрыш жалбыз майы 0,015г, тимол 0,015 г.
қосымша заттар: этанол (этил спирті 95%), сахароза (ақ қант), глицерол (глицерин), полисорбат-80, тазартылған су, азот.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ашық-сарыдан күңгірт-сары түске дейінгі, баллоннан шашырап шыққанда тимолға және ментолға тән иіс түзетін мөлдір сұйықтық.
Шығарылу түрі және қаптамасы
30 мл-ден құрамдас бөліктері полиоксиэтиленнен, резеңкеден, алюминийден, тот баспайтын болаттан және полиэтиленнен, бүріккіш қондырмасы полипропиленнен және сақтандырғыш қалпақшасы полиэтиленнен жасалған үздіксіз әрекетті клапанмен жабдықталған аэрозолді алюминий баллонда.
Аэрозолді алюминий баллонға өздігінен жабысатын заттаңба жапсырылады.
Әрбір баллон қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Сақтау мерзімі
2 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
30 ºС-ден аспайтын температурада.
Құлаудан, соққыдан және тікелей күн сәулесінің түсуінен сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші туралы мәліметтер
«Алтайвитамины» ЖАҚ, Ресей Федерациясы
Адрес: 659325, Ресей, Алтай өлкесі, Бийск қ., Заводская к-сі, 69
Телефон: (3854) 338-719, 326-948
Факс (3854) 326-943
Эл. пошта: office@altayvitamin.ru
Тіркеу куәлігінің ұстаушысы
«Алтайвитамины» ЖАҚ, Ресей Федерациясы
659325, Ресей, Алтай өлкесі, Бийск қ., Заводская к-сі, 69
Тел.: (3854) 338-719, 326-948
Факс: (3854) 326-943
Эл. пошта: office@altayvitamin.ru
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттардың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)
Кысмуратова А.Т. ЖК, Қазақстан Республикасы, 050010, Алматы қ., Төле би к-сі, 23 а, ұялы тел. 8 777 230 64 94
электронды пошта: gulnarareg@mail.ru