Ингалипт М
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Ингалипт М
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі, дозасы
20 мл және 30 мл спрей
Фармакотерапиялық тобы
Респираторлық жүйе. Тамақ ауруларын емдеуге арналған препараттар. Антисептиктер. Басқа да препараттар.
АТХ коды R02АА20
Қолданылуы
- ауыз қуысы, көмей және мұрынжұтқыншақтың жедел және созылмалы инфекциялық-қабыну ауруларында: тонзиллит, фарингит, афтозды және ойық жаралы стоматит
Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- сульфаниламидті препараттарға және қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- жүктілік және бала емізу кезеңі
- 6 жасқа дейінгі балалар
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Басқа дәрілік заттармен үйлесімді, клиникалық мәнді өзара әрекеттесулер туралы деректер жоқ.
Әсер ету спектрін кеңейту және тиімділігін жоғарылату мақсатында басқа жергілікті микробқа қарсы дәрілермен бір мезгілде қолдануға болады.
Арнайы ескертулер
Ауыз қуысын бүрку алдында қайнаған жылы сумен шаю керек. Ауыз қуысының (ойық жаралы, эрозивті беткейінен) зақымданған жерінен стерильді тампонмен абайлап некрозды өңезді алып тастау керек.
Педиатрияда қолдану
6 жасқа дейінгі балаларда қолдануға болмайды.
Жүктілік немесе лактация кезінде
Препаратты жүктілік және бала емізу кезеңінде қолдануға болмайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препарат көлік құралын басқару және жоғары зейін қою мен психомоторлық реакциялар жылдамдығын қажет ететін басқа да қауіптілігі зор механизмдермен айналысу қабілетіне әсер етпейді.
Қолдану жөніндегі нұсқаулар
Дозалау режимі
Ауыз қуысының шырышты қабығын шаю үшін ересектер мен 6 жастан асқан балаларға жергілікті тағайындайды. Шаюды тамақ қабылдағаннан кейін 2-3 сағаттан соң немесе тамақ қабылдау аралығында тәулігіне 3-4 рет жүзеге асырады. Емдеу курсы 7 күннен аспауы қажет.
Құтыдан қолданар алдында, оны тек тігінен ұстап тұрып мөлдір қорғаушы қалпақты шешіп алып, құтыға 90 º бұрышпен қондырманы қою керек.
Қондырманы ауызға апарып сұйық шашырандыны өңдейтін жерге бағыттай отырып, бүріккішті 3-4 рет басу керек. Бүріккіш ластанбау үшін оны үрлеу немесе қайнаған сумен жуу ұсынылады.
Артық дозаланған жағдайда қабылдануы тиіс шаралар
Симптомдары: артық дозаланған жағдайда препараттың жағымсыз әсерлері күшеюі мүмкін.
Емі: препарат қабылдауды тоқтату қажет; симптоматикалық ем.
Дәрілік препараттың қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алуға жүгіну жөніндегі ұсынымдар
Әрқашан препаратты осы қосымша параққа немесе емдеуші дәрігер мен дәріхана қызметкерінің ұсыныстарына сәйкес қабылдаңыз. Күмән болған жағдайда емдеуші дәрігермен немесе дәріхана қызметкерімен кеңесіңіз.
ДП стандартты қолданған кезде байқалатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдауға тиісті шаралар
- аллергиялық реакциялар (терідегі бөртпелер, қышыну),
- тамақтағы қысқа мерзімді күйдіру немесе ашытуды сезіну.
Жағымсыз реакциялар пайда болғанда препарат қолдануды тоқтатып, дәрігерге қаралу қажет.
Жағымсыз реакциялар пайда болған жағдайда препаратты одан әрі қолдану туралы дәрігермен кеңескен жөн.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Қосымша мәліметтер
Дәрілік препараттың құрамы
20 мл препараттың құрамында
белсенді заттар: 0,5 г еритін стрептоцид, 0,5 г натрий норсульфазолы,
қосымша заттар: тимол, эвкалипт майы, бұрыш жалбыз майы, 96 % этил спирті, қант, глицерин (глицерол), твин 80 (полисорбат), тазартылған су.
30 мл препараттың құрамында
белсенді заттар: 0,75 г еритін стрептоцид, 0,75 г натрий норсульфазолы,
қосымша заттар: тимол, эвкалипт майы, бұрыш жалбыз майы, 96 % этил спирті, қант, глицерин (глицерол), твин 80 (полисорбат), тазартылған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Өзіне тән иісі бар, ашық-сарыдан күңгірт-сарғыш түске дейінгі мөлдір сұйықтық.
Шығарылу түрі және қаптамасы
20 мл немесе 30 мл препараттан күңгірт шыныдан жасалған құтыға салып, жинау түтіктен, дозалаушы сорғы мен бүріккіш қондырмадан құралған дозалаушы құрылғымен тығындайды. Бүріккіш қондырмаға мөлдір қақпақ орнатылады.
Әрбір құты қазақ және орыс тіліндегі қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Сақтау мерзімі
18 ай
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде 25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші туралы мәліметтер
КК «Флумед-Фарм» ЖШҚ
Молдова Республикасы
Четатя Албэ к-сі , 176, Кишинев мун.
Тел./факс: (+373 22) 52-14-52
e-mail: flumed-farm@hushmail.com
Тіркеу куәлігінің ұстаушысы
КК «Флумед-Фарм» ЖШҚ
Молдова Республикасы
Четатя Албэ к-сі , 176, Кишинев мун.
Тел./факс: (+373 22) 52-14-52
e-mail: flumed-farm@hushmail.com
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)
«Faber-Pharm» ЖШС
Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Шарипов к-сі 90, 302/4 кеңсе
Тел.: +7 701 554 22 42
e-mail: faber-pharm@mail.ru