Ингалипт-Здоровье форте с ромашкой

МНН: Мяты перечной масло, Ромашки аптечной цветки, Сульфаниламид, Сульфатиазол, Тимол, Шалфея лекарственного листьев экстракт, Эвкалипта прутовидного листьев масло
Производитель: Фармацевтическая компания Здоровье ООО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№020124
Информация о регистрации в РК: 05.09.2024 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Ингалипт-Здоровье форте түймедақ қосылған

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Ауыз қуысына арналған 30 мл спрей

Құрамы

1 баллонның (30 мл) ішінде

белсенді заттар: 0,75 г еритін стрептоцид,

0,54 г сусыз натрий сульфатиазолға шаққанда натрий сульфатиазолы (гексагидрат),

0,015 г тимол,

0,015 г эвкалипт майы,

0,015 г бұрыш жалбызының майы,

1,26г сәлбеннің дәрілік жапырағының сұйық сығындысы (1:10),

1,26 г түймедақтың сұйық сығындысы (6:10),

қосымша заттар: 96% этанол, қант-рафинад, глицерин, полисорбат 80, тазартылған су.

Сипаттамасы

Өзіне тән иісі бар, сарыдан қоңыр түске дейінгі мөлдір сұйықтық

Фармакотерапиялық тобы

Тамақ ауруын емдеуге арналған препараттар. Антисептиктер.

АТХ коды R 02А А20

Фармакологиялық қасиеттері

Жергілікті қолдануға арналған препарат.

Препараттың фармакологиялық әсері оның құрамына кіретін компоненттердің әсерімен жүзеге асады, олардың біріктірілімі ауыз қуысының және жоғарғы тыныс жолдарының шырышты қабықтарының қабыну ауруларының кешенді патогенетикалық емін қамтамасыз етеді.

Стрептоцид және натрий сульфатиазолы ауыз қуысының және жұтқыншақтың ауруларын туындататын грамоң және грамтеріс бактерияларға қатысты микробтарға қарсы әсер береді.

Тимолдың антисептикалық, қақырықты түсіретін және спазмолитикалық әсері бар.

Эвкалипт майы қабынуға қарсы және антисептикалық белсенділік танытады.

Сәлбен микробтарға қарсы әсер етеді, ол эвкалипт майының әсерін күшейтеді.

Бұрыш жалбызының майы шырышты қабықтарға жаққан кезде жергілікті орташа жансыздандырғыш әсер береді.

Түймедақ сығындысы қабынуға қарсы және микробтарға қарсы әсер етумен қатар, тіндердің регенерациясын стимуляциялайды.

Препарат қабынуға қарсы, микробтарға қарсы әсер етеді, грамоң және грамтеріс бактерияларға, сондай-ақ Candida тектес саңырауқұлақтарға қатысты белсенді.

Қолданылуы

- тонзиллитте

- фарингитте

- ларингитте

- афтоздық және ойық жаралы стоматиттерде

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектерде және 6 жастан асқан балаларда ауыз және мұрын-жұтқыншақ қуысының шырышты қабықтарына препаратты ауыз қуысына 1-2 секунд бойы бүрке отырып, сулау жолымен жағады.

Ересектерде сулауды тәулігіне 3-4 рет жүргізеді.

6 жастан асқан балаларда, егер дәрігердің ерекше нұсқаулары болмаса, өңдеуді тәулігіне 1-2 рет жүргізеді. Препаратты қолдану ұзақтығы ауру барысына байланысты және әдетте 3-10 тәулікті құрайды.

Қолдану жиілігін және ұзақтығын дәрігер әр адамға жекелей белгілейді және ол ауырудың ауырлығына байланысты!

Баллонды пайдалану тәртібі:

1. Баллоннан қорғағыш қалпақшасын алып қояды.

2. Баллон қақпақшасының штогына, оның тазалығына алдын ала көз жеткізе отырып, жанына қоса салынған мойын қондырғысын (бүріккішті) кигізеді.

3. Баллонды 1 минут бойы сілкілеп және дисперсті сорғалап ағу пайда болғанша қондырманы 5 реттен асырмай басу керек. Сорғалап ағу болмаса, тағы бір рет қайталауға болады.

4. Бүріккіштің бос ұшын ауыз қуысына енгізеді де, баллонды тігінен ұстап, бүріккіштің мойнын басу керек. Бүрку ұзақтығы – 1-2 секунд.

5. Сулауды аяқтағаннан кейін бүріккішті баллон қақпақшасының штогынан шешіп алып, ластанбауы үшін баллонды қорғағыш қалпақшасымен жабу керек.

6. Бүріккішті күн сайын оны жылы су ағынымен шайып, әрі қарай жылы жерде кептіріп, таза ұстау керек.

Жағымсыз әерлері

Сирек

- жүректің айнуы, құсу

- ауыздың күю немесе тамақтың жыбырлау сезімі

- аллергиялық реакциялар

Өте сирек

- балаларда бронхтың түйілуі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жекелей жоғары сезімталдық (соның ішінде сульфаниламидтердің, эфир майларының немесе препараттың басқа да компоненттерінің жақпаушылығы)

- 6 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Параамино-бензой қышқылының туындылары препараттарымен (новокаин, анестезин, дикаин) бір мезгілде қолданғанда Ингалипт-Здоровье Форте түймедақ қосылған препаратының микробтарға қарсы әсері бәсеңдеуі мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Препаратты қолданар алдында ауызды жылы сумен шаю керек. Ауыздың зақымданған (ойық жара, эрозия) жерінен некроздық өңезді стерильді тампонның жәрдемімен алып тастау керек. Ауыз қуысын препаратпен сулағаннан кейін 15-30 минут бойы тамақтанбаған жөн.

Препаратты көзге тигізіп алмау керек.

Препаратты балаларға қолданған кезде 1-2 секунд ішінде бүркілетін препараттың бір реттік дозасында 0,0076-0,0152 мл этанол (96%) бар екендігін ескерген жөн, бұл 6-12 жастағы балаларға (дене салмағы – 21-38 кг) бір рет қабылдануға 0,0002-0,0007 мл/кг құрайды.

Жүктілік және лактация кезеңінде қолдану

Препаратты жүктілік және емшек емізу кезеңінде қолдануға қарсы көрсетілімдер жоқ, бірақ препараттың дозалау режимін қатаң сақтау қажет.

Дәрілік заттың көлік құралдарын басқару және күрделі механизмдермен жұмыс жасау қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Препарат көлік құралдарын және механизмдерді басқару қабілетіне ықпалын тигізбейді, алайда автокөлік жүргізушілері алкогольді тексеру нәтижелерін бұрмалауы мүмкін екендігін ескерген жөн.

Артық дозалануы

Симптомдары: айқын білінетін жүректің айнуы, құсу, ауыздың күю немесе тамақтың жыбырлау сезімі, аллергиялық реакциялар.

Емдеу: препаратты тоқтату, ауыз қуысын қайнаған жылы сумен шаю. Симптоматикалық ем.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Сорғы-клапанмен, бүріккіш-қондырмамен және қорғағыш қалпақшамен жабдықталған алюминий баллонда 30 мл-ден.

Сорғы-клапанмен, бүріккіш-қондырмамен және қорғағыш қалпақшамен жабдықталған 1 баллон медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.

Сақтау шарттары

25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

1 жыл 6 ай

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткен препаратты пайдалануға болмайды!

Босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Здоровье» фармацевтикалық компаниясы» ЖШҚ.

Украина, 61013, Харьков қ-сы, Шевченко к-сі, 22.

Тіркеу куәлігінің иесі

«УкрФармЭкспорт» ЖШҚ, Украина

Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөнінде шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Здоровье» фармацевтикалық компаниясы» ЖШҚ.

Украина, 61013, Харьков қ-сы, Шевченко к-сі, 22.

Телефон: (057) 714-96-22

Факс: (057) 714-96-22

Электронды поштасы: Bronina@zt.kharkov.ua

 

Прикрепленные файлы

096415561477976851_ru.doc 53 кб
499261481477978008_kz.doc 59 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники