Ингавирин® (60 мг) (Pentanedioic acid imidazolyl ethanamide)

МНН: Имидазолилэтанамид пентандиовой кислоты
Производитель: Валента Фарм АО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие противовирусные препараты
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№022444
Информация о регистрации в РК: 04.06.2021 - 04.06.2031
Номер регистрации в РБ: 11201/22
Информация о регистрации в РБ: 29.11.2022 - 29.11.2027

Инструкция

Саудалық атауы

Ингавирин®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі, дозасы

Капсулалар, 60 мг

Фармакотерапиялық тобы

Жүйелі қолдануға арналған инфекцияға қарсы препараттар. Тікелей әсер ететін вирусқа қарсы препараттар. Вирусқа қарсы басқа препараттар. Имидазолилэтанамид пентандион қышқылы.

АТХ коды J05AX21

Қолданылуы

  • 7-ден 17 жасқа дейінгі балаларда А және В тұмауы мен басқа жедел респираторлық вирустық инфекцияларды (аденовирустық инфекция, парагрипп, респираторлық-синцитиальді инфекция, риновирусты инфекция) емдеуде.

  • 7-ден 17 жасқа дейінгі балаларда А және В тұмауы мен басқа жедел респираторлық вирустық инфекциялардың профилактикасы.

Қолданудың басталуына дейінгі қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • әсер етуші затқа (заттарға) немесе препараттың кез келген басқа компонентіне аса жоғары сезімталдық

  • тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Lapp (ЛАПП)-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы

  • жүктілік және бала емізу кезеңі

  • 7 жасқа дейінгі балалар

Қолдану кезіндегі қажетті сақтық шаралары

Дәрігердің алдын ала кеңесінсіз, басқа вирусқа қарсы препараттармен бір мезгілде қабылдауға болмайды.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Ингавирин® басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесу жағдайлары сипатталмаған.

Арнайы ескертулер

Ингавирин® құрамында лактоза моногидраты бар. Бұны тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Lapp (ЛАПП)-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар пациенттерге назарда ұстау керек.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Клиникаға дейінгі зерттеу деректері бойынша Ингавирин® препараты эмбриоуытты және тератогенді әсер көрсетпеді. Жүкті әйелдерде бақыланатын зерттеулер жүргізілген жоқ, сондықтан препаратты пациенттердің бұл санатында қолдануға болмайды.

Лактация кезінде препаратты қолдану зерттелмеген, сондықтан лактация кезеңінде препаратты қолдану қажет болса, бала емізуді тоқтату керек.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Зерттелмеген, алайда әсер ету механизмі мен жағымсыз реакциялардың бейінін ескере отырып, препарат көлік құралдарын, механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді деп болжауға болады.

Нұсқаулықты сақтаңыз. Ол қайтадан қажет болуы мүмкін. Егер сізде сұрақтар туындаса, дәрігерге жүгініңіз.

Қолдану бойынша ұсынымдар

Дозалау режимі

7-ден 17 жасқа дейінгі балаларда тұмауды және жедел респираторлық вирустық инфекцияны емдеу үшін 1 капсуладан (60 мг) күніне 1 рет тағайындайды. Препаратты қабылдауды аурудың бірінші симптомдары байқалғанда, ең дұрысы ауру басталғаннан кейін 2 тәуліктен кешіктірмей бастаған дұрыс.

Айқын симптомдар кезінде, сондай-ақ қатарлас жүретін аурулар болған кезде (тыныс алу және жүрек-қантамыр жүйесі аурулары, қант диабеті, семіздік), аурудың алғашқы үш күнінде препараттың екі еселенген дозасын қабылдау керек, содан кейін әдеттегі дозада 2-4 күн бойы қабылдауды жалғастыру керек.

Ауру науқастармен қарым-қатынастан кейін тұмау және жедел респираторлық вирустық инфекциялар профилактикасы үшін 7-ден 17 жасқа дейінгі балаларға 7 күн бойы күніне 1 рет 1 капсуладан (60 мг) тағайындайды.

Егер 5 күн емнен кейін жақсару болмаса немесе симптомдар нашарласа немесе жаңа симптомдар пайда болса, дәрігермен кеңесу қажет. Препаратты тек нұсқаулықтарда көрсетілген көрсеткіштерге, қолдану тәсіліне және дозаларға сәйкес қолданыңыз.

Енгізу әдісі мен жолы

Ішке, ас қабылдауға байланыссыз.

Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі

Күніне бір рет, бір уақытта қабылдаған дұрыс.

Емдеу ұзақтығы

Емдеу ұзақтығы 5-7 күн (жай-күйінің ауырлығына байланысты).

Артық дозаланғанда қабылдануы қажет шаралар

Ингавирин® препаратымен осы уақытқа дейін артық дозалану жағдайлары туралы хабарланған жоқ.

Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алу кезіндегі қажетті шаралар

Жекелеген дозларды өткізіп алғанда препараттың қосарлы дозасын қабылдау қажет емес.

Тоқтату симптомдарының болу қаупіне нұсқау

Тоқтату симптомдарының жағдайлары туралы осы уақытқа дейін хабарланған жоқ.

Дәрілік препратты қабылдамас бұрын дәрігерге кеңес алу үшін жүгініңіз.

ДП стандартты қолдану кезінде көрініс табатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдануы керек шаралар

Сирек

  • аллергиялық реакциялар.

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әрекеттер) бойынша тікелей ақпараттық дерекқорға жүгіну

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

http://www.ndda.kz

Қосымша мәліметтер

Дәрілік препараттың құрамы

Бір капсуланың құрамында

белсенді зат – имидазолилэтанамид пентандион қышқылы (витаглутам) 100% затқа шаққанда, 60.0 мг,

қосымша заттар – лактоза моногидраты, картоп крахмалы, коллоидты кремнийдің қостотығы (аэросил), магний стеараты,

капсула қабығының құрамы – титанның қостотығы Е171, темірдің сары тотығы бояғышы Е 172, желатин,

логотипке арналған сиялар құрамы – шеллак, пропиленгликоль Е1520, титанның қостотығы Е171.

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Сары түсті қатты желатинді капсулалар. Капсуланың қақпақшасына сақина тәрізді және сақина ішінде И әрпі түріндегі ақ түсті логотип салынған. Капсула ішіндегісі – ақ немесе ақ дерлік түсті түйіршіктер немесе ұнтақ; жеңіл басқан кезде оңай үгілетін конгломераттар түзілуіне жол беріледі.

Шығарылу түрі және қаптамасы

7 немесе 10 капсуладан поливинилхлоридті үлбір мен баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

Бір пішінді ұяшықты қаптама қазақ және орыс тіліндегі медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге тұтынушылық ыдысқа арналған картон қорапшаға салынады.

Сақтау мерзімі

3 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз.

Өндіруші туралы мәліметтер

«Валента Фарм» АҚ, Ресей

141101, Ресей, Мәскеу облысы, Щелково қ., Фабричная к-сі, 2-үй.

Телефон: +7 (495) 933-48-62, факс +7 (495) 933-48-63

Электронды пошта: info@valentapharm.com

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

«Валента Фарм» АҚ, Ресей

141101, Ресей, Мәскеу облысы, Щелково қ., Фабричная к-сі, 2-үй.

Телефон: +7 (495) 933-48-62, факс +7 (495) 933-48-63

Электронды пошта: info@valentapharm.com

Қазақстан Республикасының аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасы бойынша шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың қауіпсіздігін тіркеуден кейінгі бақылауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

«Валента Фармацевтика» акционерлік қоғамының Қазақстан Республикасындағы өкілдігі

Қазақстан Республикасы, 050009, Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Абай даңғылы, № 151 үй,  № 1106 кеңсе

Тел: +7 (727) 3341551 ішкі 4027

Ұялы +7 771 779 79 37

Электронды пошта: asia@valentapharm.com

Прикрепленные файлы

ЛВ_-_Ингавирин®,_60_мг_(рус.)_-_28_.02_.2022_.docx 0.05 кб
ЛВ_-_Ингавирин_каз.docx 0.05 кб
11201_22_s.pdf 2.18 кб
11201_22_p.pdf 1.72 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники