Инванз (1 г)

МНН: Эртапенем
Производитель: Лаборатории Мерк Шарп и Доум-Чибрет
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Meropenem
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№014787
Период регистрации: 16.10.2014 - 16.10.2019
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Предельная цена закупа в РК: 11 602.05 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Инванз

Халықаралық патенттелмеген атауы

Эртапенем

Дәрілік түрі

Көктамыр ішіне енгізу үшін ерітінді дайындауға арналған 1 г лиофилизат

Құрамы

Бір құтының ішінде

белсенді зат – 1.213 г натрий эртапенемі (бос қышқыл түріндегі 1 г эртапенемге баламалы) бар.

қосымша заттар: 203 мг натрий гидрокарбонаты, рН 7.5 дейін түзету үшін натрий гидроксиді

Сипаттамасы

Ақ немесе ақ дерлік түсті қатты біртекті масса.

Фармакотерапиялық тобы

Жүйелі пайдалануға арналған бактерияға қарсы препараттар. Бактерияға қарсы басқа да бета-лактамдық препараттар. Карбапенемдер. Эртапенем.

АТХ коды J01DH03

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Қан плазмасындағы концентрациялар. Дені сау ересек еріктілерге (25-тен 45 жасқа дейінгі) бір реттік 30 минуттық көктамырішілік 1г инфузия жасағаннан кейін эртапенемнің қан плазмасындағы орташа концентрациялары дозаны енгізгеннен кейін (инфузияны аяқтағаннан кейін) 0.5 сағаттан соң – 155мкг/мл (Cmax), дозаны енгізгеннен кейін 12 сағаттан соң - 9 мкг/мл және дозаны енгізгеннен кейін 24 сағаттан соң 1 мкг/мл құрады.

Қан плазмасында эртапенем концентрациясының қисығы (AUC) ересектерде 0.5-тен 2 г-ға дейінгі доза диапазонында дозаға тура пропорционалды.

0.5-тен 2 г-ға дейінгі диапазонда дозаны көп рет көктамыр ішіне енгізгеннен кейін ересектерде эртапенемнің жинақталуы жүрмейді.

3-тен 23 айға дейінгі пациенттерде 15 мг/кг (1 г ең жоғары дозаға дейін) дозада бір реттік 30 минуттық көктамырішілік инфузия жасағаннан кейін қан плазмасында эртапенемнің орташа концентрациялары дозаны енгізгеннен кейін (инфузияны аяқтағаннан кейін) 0.5 сағаттан соң - 103.8 мкг/мл (Cmax), дозаны енгізгеннен кейін 6 сағаттан соң - 13.5 мкг/мл және дозаны енгізгеннен кейін 12 сағаттан соң 2.5 мкг/мл құрады.

2-ден 12 жасқа дейінгі пациенттерде 15 мг/кг (1 г ең жоғары дозаға дейін) дозада бір реттік 30 минуттық көктамырішілік инфузия жасағаннан кейін қан плазмасында эртапенемнің орташа концентрациялары дозаны енгізгеннен кейін (инфузияны аяқтағаннан кейін) 0.5 сағаттан соң - 113.2 мкг/мл (Cmax), дозаны енгізгеннен кейін 6 сағаттан соң - 12.8 мкг/мл және дозаны енгізгеннен кейін 12 сағаттан соң 3.0 мкг/мл құрады.

13-тен 17 жасқа дейінгі пациенттерде 20 мг/кг (1 г ең жоғары дозаға дейін) дозада бір реттік 30 минуттық көктамырішілік инфузия жасағаннан кейін қан плазмасында эртапенемнің орташа концентрациялары дозаны енгізгеннен кейін (инфузияны аяқтағаннан кейін) 0.5 сағаттан соң - 170.4 мкг/мл (Cmax), дозаны енгізгеннен кейін 12 сағаттан соң - 7.0 мкг/мл және дозаны енгізгеннен кейін 24 сағаттан соң 1.1 мкг/мл құрады.

Үш пациентте (13-тен 17 жасқа дейінгі) бір реттік 30 минуттық көктамырішілік 1 г инфузия жасағаннан кейін қан плазмасында эртапенемнің орташа концентрациялары дозаны енгізгеннен кейін (инфузияны аяқтағаннан кейін) 0.5 сағаттан соң - 155.9 мкг/мл (Cmax) және дозаны енгізгеннен кейін 12 сағаттан соң 6.2 мкг/мл құрайды.

Таралуы. Эртапенем адамның қан плазмасы ақуыздарымен жеңіл байланысады. 25-тен 45 жасқа дейінгі дені сау адамдарда ақуыздармен байланысуы қан плазмасындағы концентрациясы < 50 мкг/мл болғанда шамамен 95%-ға байланысудан қан плазмасындағы концентрациясы шамамен 155 мкг/мл болғанда (орташа концентрациялар 1 г дозаның көктамырішілік инфузиясының аяқталуына қарай жеткен) шамамен 92%-ға байланысуға дейін қан плазмасында концентрацияларды арттырғанда төмендейді.

Ересектерде эртапенемнің таралу көлемі (Vdss) - шамамен 8 л (0.11 л/кг), 3 айдан 12 жасқа дейінгі балаларда – шамамен 0.2 л/кг және 13-ден 17 жасқа дейінгі балаларда – шамамен 0.16 л/кг құрайды.

Тері күлдіреуіктерінде болатын эртапенем концентрациялары тәулігіне 1 рет 1 г дозада көктамыр ішіне енгізгеннен кейін үшінші күні тері күлдіреуіктеріндегі AUC пен плазмадағы AUC-қа 0.61 арақатынасын көрсетті.

In vitro зерттеулер ақуыздармен жеңіл байланысатын препараттардың (варфарин, этинилэстрадиол және норэтиндрон) қан плазмасы ақуыздарымен байланысуына эртапенемнің әсері елеусіз екенін көрсетті. 1 г дозаны енгізгеннен кейін қан плазмасында эртапенемнің ең жоғары концентрацияларында өзгеруі және байланысуы <12 % құрады. In vivo, пробенецид 500 мг дозада әр 6 сағат сайын, 91-ден 87 %-ға дейінгі жағдай диапазонында көктамыр ішіне бір реттік 1 г дозаны енгізген адамдарда инфузияның соңына қарай қан плазмасында эртапенемнің байланысу фракциясын төмендетті. Осындай әсерлер қысқа мерзімдік болып табылатыны болжанып отыр. Препараттарды эртапенеммен немесе керісінше ығыстыру салдарынан олардың клиникалық маңызды өзара әрекеттесуінің туындау ықтималдығы аз.

In vitro зерттеулер эртапенемнің дигоксин немесе винбластиннің Р-гликопротеин-арқылы тасымалдануын тежемейтінін және өзі оның субстраты болып табылмайтынын көрсетті.

Метаболизмі. 23-тен 49 жасқа дейінгі дені сау ересектерде радиактивті таңбаланған 1 г эртапенемді көктамыр ішіне инфузиялағаннан кейін қан плазмасындағы эртапенем мөлшері 94% құрады. Эртапенемнің негізгі метаболиті бета-лактамдық сақинаның дегидропептидаза-I-арқылы гидролизінде қалыптасқан ашық сақинасы бар туынды болып табылады.

Адам бауырының микросомаларына жүргізілген іn vitro зерттеулер эртапенемнің 6 негізгі CYP изоформаларының: 1A2, 2C9, 2C19, 2D6, 2E1 және 3A4 қандай да бірі арқылы жүрген метаболизмді тежемейтінін көрсетті.

Шығарылуы. Дені сау жас ересектерге (23-тен 49 жасқа дейінгі) радиоактивті таңбаланған 1 г эртапенемді көктамыр ішіне енгізгеннен кейін препараттың шамамен 80 %-ы несеппен және 10 %-ы нәжіспен шығарылады. Несеппен шығарылған препараттың 80 %-ының шамамен 38 %-ы өзгермеген эртапенем түрінде және 37 %-ға жуығы ашық сақинасымен метаболит түрінде шығарылады.

Дені сау жас ересектерде (18-ден 49 жасқа дейінгі) және 13-тен 17 жасқа дейінгі пациенттерде 1 г дозаны көктамыр ішіне енгізгенде қан плазмасынан орташа жартылай шығарылу кезеңі 4 сағатқа жуықты құрайды. 3 айдан 12 жасқа дейінгі балаларда қан плазмасынан орташа жартылай шығарылу кезеңі 2.5 сағатқа жуықты құрайды. Эртапенемнің несептегі орташа концентрациялары дозаны енгізгеннен кейін 0-2 сағат ішінде 984 мкг/мл артады және дозаны енгізгеннен кейін 12-ден 24 сағатқа дейінгі кезең ішінде 52 мкг/мл артады.

Жеке топтар

Жынысы. Қан плазмасында эртапенем концентрациялары ерлер мен әйелдерде салыстырмалы.

Егде жастағылар. 1 және 2 г дозада эртапенемді көктамыр ішіне енгізгеннен кейін қан плазмасындағы концентрациялары барынша жас пациенттерге (< 65 жас) қарағанда егде жастағы (≥65 жас) дені сау адамдарда біршама жоғары (шамамен тиісінше 39 және 22 %). Бүйрек функциясы бұзылуының ауыр түрі болмағанда егде жастағы пациенттерде дозаны түзету қажет емес.

Балалар. Қан плазмасында эртапенем концентрациялары 13-тен 17 жасқа дейінгі балаларда және тәулігіне 1 г дозада көктамыр ішіне енгізгеннен кейін ересектерде салыстырмалы болды.

20 мг/кг дозада (1 г ең жоғары дозаға дейін) енгізгеннен кейін фармакокинетика көрсеткіштері 13-тен 17 жасқа дейінгі пациенттерде әдетте дені сау ересек жастардағы көрсеткіштермен салыстырғанда салыстырмалы болды.

Фармакокинетика деректерін бағалау мақсатында осы жас тобындағы барлық пациенттер препаратты 1 г дозада қабылдаған, деректер дозаға байланысты болған жағдайда 1 г дозаға түзетумен есептелген. Нәтижелерді салыстыру 13 – 17 жастағы және ересек пациенттерде 1 г дозаны тәулігіне 1 рет енгізгенде эртапенем салыстырмалы фармакокинетикалық бейініне жететінін көрсетті. AUC үшін арақатынастар (13–17 жас/ересектер), инфузия соңындағы концентрациялар және орташа уақытша қолдану нүктесінде тиісінше 0.99, 1.20 және 0.84 % құраған.

3 айдан 12 жасқа дейінгі пациенттерде 15 мг/кг дозада эртапенемді бір рет көктамыр ішіне енгізгеннен кейін қолданудың орташа уақыты нүктесінде қан плазмасындағы концентрациялар ересектерде 1 г дозада эртапенемді бір рет көктамыр ішіне енгізгеннен кейін орташа уақытша қолдану нүктесінде қан плазмасындағы концентрациялармен салыстырмалы болып табылады. 3 айдан 12 жасқа дейінгі пациенттерде эртапенемнің плазмалық клиренсі (мл/мин/кг) ересектермен салыстырғанда шамамен 2 есеге жоғары. 3 айдан 12 жасқа дейінгі пациенттерде 15 мг/кг дозада AUC көрсеткіші мен қан плазмасындағы концентрациялары қолданудың орташа уақыт нүктесінде эртапенемді 1 г дозада көктамыр ішіне қабылдаған дені сау жас ересектердегі көрсеткіштермен салыстырмалы болды.

Бауыр функциясының бұзылуы. Бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттерде эртапенемнің фармакокинетикасы зерттелмеген. Эртапенемнің бауырдағы шектеулі метаболизмі себебінен препарат фармакокинетикасының бауыр функциясы бұзылғанда өзгеретіні күтілмейді. Сондықтан бауыр функциясы бұзылған пациенттерде дозаны түзету қажет емес.

Бүйрек функциясының бұзылуы. Эртапенемді 1 г дозада ересектерге бір реттік көктамыр ішіне енгізгеннен кейін жалпы эртапенем (байланысқан және байланыспаған) мен байланыспаған эртапенемнің AUC көрсеткіштері жеңіл дәрежедегі ауырлықпен бүйрек функциясының бұзылуы бар (креатинин клиренсі 60-тан 90 мл/мин/1.73 м2 дейін) пациенттерде және дені сау адамдарда (25-тен 82 жасқа дейін) ұқсас. Орташа дәрежедегі ауырлықпен бүйрек функциясының бұзылуы бар (креатинин клиренсі 31-ден 59 мл/мин/1.73 м2 дейін) пациенттерде жалпы эртапенем мен байланыспаған эртапенемнің AUC көрсеткіштері дені сау адамдармен салыстырғанда тиісінше шамамен 1.5 және 1.8 есеге арттырылған. Ауыр түрдегі бүйрек функциясының бұзылуы бар (креатинин клиренсі 5-тен 30 мл/мин/1,73 м2 дейін) пациенттерде жалпы эртапенем мен байланыспаған эртапенемнің AUC көрсеткіштері дені сау адамдармен салыстырғанда тиісінше 2.6 және 3.4 есеге арттырылған. Гемодиализ жүргізілетін пациенттерде жалпы эртапенем мен байланыспаған эртапенемнің AUC көрсеткіштері дені сау адамдармен салыстырғанда диализ сеанстары арасында шамамен тиісінше 2.9 және 6.0 есеге арттырылған. Гемодиализ сеансын жүргізер алдында тікелей 1 г бір реттік көктамырішілік енгізуден кейін дозаның шамамен 30 %-ы диализатпен шығарылған. Бүйрек функциясының бұзылуы бар балаларға қатысты деректер жоқ.

Дозасы бойынша ұсынымдарды белгілеу үшін терминальді сатыдағы бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерде және гемодиализ жүргізу қажет пациенттерде эртапенемнің қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы тиісті деректер жоқ. Сондықтан эртапенемді пациенттердің осы тобында қолдануға болмайды.

Фармакодинамикасы

Әсер ету механизмі. Эртапенем пенициллинбайланыстырушы ақуыздарға (ПБА) қосылумен қатар жүретін жасушалық жақтау синтезін тежейді. Өте күшті аффинділік (2 және 3 ПБА-ға байланысуға қабілеттілік) Escherichia coli-де байқалады.

Фармакокинетикалық/фармакодинамикалық (ФК/ФД) өзара байланысуы. Клиникаға дейінгі зерттеулерде ФК/ФД басқа бета-лактамды антибиотиктерге плазмада эртапенем концентрациясы қоздырғыштың ең төменгі тежегіш концентрациясынан арту уақытымен тиімділіктің тікелей өзара байланыстылығы бар екені көрсетілген.

Төзімділік механизмі. Еуропада жүргізілген төзімділікті қадағалау жөніндегі зерттеулерге сәйкес кейбір төзімді штаммдарда карбапенемдер класының бактерияға қарсы препараттарына төзімділік байқалған. Эртапенем пенициллиназалар, цефалоспориназалар және ауқымы кең бета-лактамазаларды қоса, бета-лактамазалардың көптеген класына, бірақ металло-бета-лактамазаларға емес гидролизге тиімді тұрақты.

Метициллин-төзімді стафилококктар мен энтерококктар ПБА мақсатқа сезімталдық еместігі себеппен эртапенемге төзімді болып табылады; P. aeruginosa және басқа да ферментативтік емес бактериялар, өтуі шектеулі болуы және белсенді ағып шығуы салдарынан әдетте, төзімді болып табылады.

Төзімділігі энтеробактерияларда сирек бақыланады; эртапенем әдетте ауқымы кең бета-лактамазалармен (АКБЛ) энтеробактерияларға қатысты белсенді. Алайда төзімділігі АКБЛ немесе басқа да белсенділігі жоғары бета-лактамазалар (мысалы, AmpC типтердің) бір немесе одан көп пориндерді (сыртқы жарғақша ақуыздары) жоғалту салдарынан немесе ағып кетудің белсенділенуі кезінде туындаған әлсіз өткізгіштікпен бір мезгілде байқалады. Төзімділігі айқын карбапенем-гидролиздеуші белсенділікпен (мысалы, IMP және VIM металло-бета-лактамазалар немесе KPC-типтер) бета-лактамазаларды қалыптастыру салдарынан да туындауы мүмкін, бірақ бұл сирек байқалады.

Эртапенемнің әсер ету механизмі хинолондар, аминогликозидтер, макролидтер және тетрациклиндер сияқты басқа кластағы антибиотиктердің механизмінен ерекшеленеді. Эртапенем мен осы препараттар арасында нысанаға байланысты айқаспалы төзімділік жоқ. Алайда микроорганизмдер механизм кейбір заттардың және/немесе эфлюкстік помпаның өткізбеушілігіне байланысты (немесе қамтитын) болғанда бактерияға қарсы препараттардың бір кластан көбіне төзімділігін көрсете алады.

Концентрациялардың шектік мәндері

MIC EUCAST келесі:

Enterobacteriaceae: S 0.5 мг/л және R> 1 мг/л

Streptococcus A,B,C,G: S 0.5 мг/л және R> 0.5 мг/л

Streptococcus pneumoniae: S 0.5 мг/л және R> 0.5 мг/л

Haemophilus influenzae: S 0.5 мг/л және R> 0.5 мг/л

M. catarrhalis: S 0.5 мг/л және R> 0.5 мг/л

Грам-теріс анаэробтар: S 1 мг/л және R> 1 мг/л

Штаммдармен байланысты емес ақырғы нүктелер: S 0.5 мг/л және R> 1 мг/л

(NB: стафилококктардың эртапенемге сезімталдығы метициллинге сезімталдығына байланысты)

Емдеуші дәрігер жергілікті MIC туралы ақпаратты назарға алуы тиіс (ақпарат болған кезде).

Микробиологиялық сезімталдығы. Белгілі бір штаммдар үшін төзімділіктің болуы уақыт пен географиялық қалпына байланысты ауытқып отырады, бұны ауыр инфекцияларды емдеген кезде ескеру қажет. Еуропалық Одақ елдерінде топтық инфекция жағдайлары туралы деректер бар. Төменде берілген ақпарат микроорганизмдердің ықтималды сезімталдығын немесе сезімтал еместігіне тек болжамды мәлімет береді.

Сезімтал микроорганизмдер:

Грамм-оң аэробтар: Метициллин-сезімтал стафилококктар (Staphylococcus aureus қоса)*

Streptococcus agalactiae*, Streptococcus pneumoniae*†, Streptococcus pyogenes

Грамтеріс аэробтар: Citrobacter freundii, Enterobacter aerogenes, Enterobacter cloacae, Escherichia coli*, Haemophilus influenzae*, Haemophilus parainfluenzae, Klebsiella oxytoca, Klebsiella pneumoniae*, Moraxella catarrhalis*, Morganella morganii, Proteus mirabilis*, Proteus vulgaris, Serratia marcescens

Анаэробтар: Bacteroides fragilis және B. fragilis*тобының штаммдары, Clostridium (C. Difficile басқа )* тектес микроорганизмдер, Eubacterium* тектес микроорганизмдер, Fusobacterium* тектес микроорганизмдер, Peptostreptococcus*, Porphyromonas asaccharolytica* тектес микроорганизмдер, , Prevotella* тектес микроорганизмдер

Төзімділігі жүре пайда болған штаммдар:

Метициллин-төзімді стафилококтар +#

Төзімді микроорганизмдер:

Грамоң аэробтар: Corynebacterium jeikeium, Enterococcus faecalis және Enterococcus faecium қоса энтерококктар

Грамтеріс аэробтар: Aeromonas тектес микроорганизмдер, Acinetobacter, Burkholderia cepacia, Pseudomonas aeruginosa, Stenotrophomonas maltophilia тектес микроорганизмдер

Анаэробтар: Lactobacillus тектес микроорганизмдер

Басқалар: Chlamydia тектес микроорганизмдер, Mycoplasma тектес микроорганизмдер, Rickettsia тектес микроорганизмдер , Legionella тектес микроорганизмдер

* Клиникалық зерттеулерде белсенділігі қанағаттанарлық түрде көрсетілген.

†Пенициллин-төзімді Streptococcus pneumoniae туғызған ауруханадан тыс пневмонияны емдеген кезде ИНВАНЗ препаратының тиімділігі анықталмаған.

+ Кейбір қатысушы елдерде жүре пайда болған төзімділіктің жиілігі > 50 %.

# Метициллин-төзімді стафилококктар (MRSA қоса) бета-лактамдарға үнемі төзімді.

Қолданылуы

Емі

  • ересектер мен 3 айлықтан бастап 17 жасқа дейінгі балаларда микроорганизмдердің сезімтал штаммдарымен туындаған келесі инфекцияларды емдеу үшін, сондай-ақ антибиотикті парентеральді түрде енгізу қажет болған кезде старттық эмпириялық бактерияларға қарсы ем ретінде:

- интраабдоминальді инфекцияларда

- ауруханадан тыс пневмонияда

- гинекологияда жедел инфекцияларда

- диабеттік табан синдромында тері мен жұмсақ тін инфекцияларында

Профилактика

  • ересектерде колоректальді аймаққа жоспарлы хирургиялық операция кезінде хирургиялық жара инфекциясының профилактикасы үшін (антибиотиктерді тиісінше қолдану жөніндегі ресми нұсқауларды ескере отырып)

Қолдану тәсілі және дозалары

Дозасы

Емі

Ересектер және жасөспірімдер (13-тен бастап 17 жасқа дейін) Инванз дозасы көктамыр ішіне тәулігіне 1 рет 1 г құрайды.

Нәрестелер және балалар (3 айлықтан бастап 12 жасқа дейін) Инванз дозасы көктамыр ішіне тәулігіне 2 рет 15 мг/кг құрайды (тәулігіне 1 г дозаны арттырмай).

Профилактика

Ересектер. Жоспарлы колоректальді хирургиялық операция жүргізгенде хирургиялық жара инфекцияларының профилактикасы үшін, ұсынылатын доза хирургиялық араласудан 1 сағат бұрын көктамыр ішіне бір реттік 1 г құрайды.

Балалар. Деректердің жоқ болуы салдарынан Инванздің қауіпсіздігі мен тиімділігі 3 айлыққа дейінгі балаларда анықталған жоқ.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер. Инванзді бүйрек функциясының жеңіл және орташа ауырлықтағы бұзылуы бар ересек пациенттердегі инфекцияны емдеу үшін қолдануға болады. Креатинин клиренсі > 30 мл/мин/1.73 м2 болатын пациенттерде дозаны түзетудің қажеті жоқ. Бүйрек функциясының ауыр түрдегі бұзылуы бар пациенттерде эртапенемнің қауіпсіздігі мен тиімділігі жөніндегі деректер жеткіліксіз, сондықтан эртапенемді мұндай пациенттерге қолданбаған жөн. Бүйрек бұзылулары бар балалар мен жасөспірімдерге қатысты деректер жоқ.

Гемодиализдегі пациенттер. Гемодиализ жүргізіліп жатқан пациенттерде эртапенемнің қауіпсіздігі мен тиімділігі жөнінде деректер жеткіліксіз, сондықтан эртапенемді мұндай пациенттерге қолданбаған жөн.

Бауыр функциясының бұзылуы. Бауыр функциясы бұзылған пациенттер үшін дозаны түзетудің қажеті жоқ.

Егде жастағы пациенттер. Бүйрек функциясының ауыр жеткіліксіздігі жағдайларынан басқасында, Инванздің ұсынылған дозасын қолданған жөн.

Қолдану тәсілі

Көктамыр ішіне енгізу. Инванзді инфузия түрінде 30 минут бойы енгізген жөн.

Инванзбен емдеудің әдеттегі ұзақтығы аурудың және оны тудырған патогенді микроорганизмнің (микроорганизмдердің) түріне байланысты 3-тен 14 күнге дейінді құрайды. Клиникалық көрсетілімдері бар болғанда, клиникалық жақсару жағдайында әрі қарай микробтарға қарсы пероральді емге көшуге жол беріледі.

Қолданылуы жөніндегі нұсқаулық:

Тек бір реттік қолдануға арналған.

Қалпына келтірілген ерітіндіні дайындап болу бойына бірден 0.9% (9 мг/мл) натрий хлоридінің ерітіндісінде сұйылтқан жөн.

Көктамыр ішіне енгізуге арналған ерітіндіні әзірлеу

Инванзді енгізер алдында қалпына келтіріп, содан кейін сұйылтқан жөн.

Ересектер және жасөспірімдер (13 жастан 17 жасқа дейінгі)

Қалпына келтіру

Шамамен 100 мг/мл концентрацияда қалпына келтірілген ерітіндіні алу үшін инъекцияға арналған 10 мл суды немесе 0.9% (9 мг/мл) натрий хлориді ерітіндісін қосу арқылы 1 г Инванз препаратымен құтының ішіндегісін қалпына келтіріңіз. Толық ерітілгенше араластыру қажет.

Сұйылту

  • мл-лік қапшықтарда еріту үшін: 1 г доза үшін - қалпына келтірілген препараты бар құтының ішіндегісін 0.9% (9 мг/мл) натрий хлоридінің ерітіндісі бар 50 мл-лік қапшыққа дереу көшіріңіз; немесе

  • мл-лік құтыларда еріту үшін: 1 г доза үшін - 0.9% (9 мг/мл) натрий хлоридінің ерітіндісі бар 50 мл-лік құтыдан 10 мл алыңыз. Құтының ішіндегісін 0.9% (9 мг/мл) натрий хлоридінің ерітіндісі бар 1 г қалпына келтірілген препаратпен 50 мл-лік құтыға көшіріңіз.

    Инфузия

    Инфузия түрінде 30 минут бойы енгізу керек.

    Балалар (3 айдан 12 жасқа дейінгі)

    Қалпына келтіру

    Шамамен 100 мг/мл концентрацияда қалпына келтірілген ерітіндіні алу үшін инъекцияға арналған 10 мл суды немесе 0.9% (9 мг/мл) натрий хлоридінің ерітіндісін қосу арқылы 1 г Инванз препаратымен құтының ішіндегісін қалпына келтіріңіз. Еріту үшін жақсылап араластырыңыз.

    Сұйылту

    Қапшықтарда еріту үшін: 20 мг/мл немесе одан төмен түпкілікті концентрация алу үшін 0.9% (9 мг/мл) натрий хлоридінің ерітіндісі бар қапшыққа дене салмағының 15 мг/кг баламалы (тәулігіне 1 г дозадан асырмай) көлемді тасымалдаңыз;

    немесе

    Құтыларда еріту үшін: 20 мг/мл немесе одан төмен түпкілікті концентрация алу үшін 0.9% (9 мг/мл) натрий хлоридінің ерітіндісі бар құтыға дене салмағының 15 мг/кг баламалы (тәулігіне 1 г дозадан асырмай) көлемді тасымалдаңыз.

    Инфузия

    Инфузия түрінде 30 минут бойы енгізу керек

    Инванздің көктамыр ішіне енгізуге арналған, құрамында натрий гепарині және калий хлориді бар ерітінділермен үйлесімділігі айғақталды.

    Парентеральді енгізуге арналған дәрілік препараттарды пайдаланар алдында бөгде бөлшектердің бар-жоқтығын немесе түсінің өзгерген-өзгермегенін анықтау үшін көзбен тексеріп шығу керек. Инванз ерітіндісінің түсі түссізден бозғылт-сары түске дейін ауытқып отырады (түсінің осы шекте өзгеруі препараттың белсенділігіне ықпалын тигізбейді).

    Пайдаланылмаған барлық препаратты немесе қалдықтарды жергілікті талаптарға сай жойған жөн.

Жағымсыз әсерлері

Инванз қабылдаған пациенттерде емдеу кезеңінде де, сонымен қатар емдеуді тоқтатқаннан кейін 2 апта ішінде келесі жиіліктегі жағымсыз реакциялар жөнінде мәлімделді: жиі (1/100, <1/10), жиі емес (≥1/1 000, <1/100), сирек (≥1/10 000, <1/1 000), өте сирек (<1/10 000), белгісіз (қолда бар деректермен анықтау мүмкін емес).

Ересектерде (18 жастан және одан жоғары)

Жиі (≥1/100, <1/10):

- бас ауыру

- постинфузиялық көктамырлық асқынулар, флебит/тромбофлебит

- жүректің айнуы, құсу, диарея

- бөртпе, қышыну

- АЛТ, ACT, сілтілік фосфатазаның жоғарылауы

- тромбоциттер деңгейінің жоғарылауы

Жиі емес (≥1/1000, <1/100):

- ауыз қуысының кандидозы, кандидоз, зеңді инфекция, жалған жарғақшалы энтероколит, вагинит

- анорексия

- ұйқысыздық, сананың шатасуы, бас айналу, ұйқышылдық, дәм сезудің бұрмалануы, құрысулар

- синустық брадикардия

- артериялық гипотензия

-диспноэ, фарингеальді жайсыздық

- іш қатуы, қышқыл кекіру, ауыздың құрғауы, диспепсия, іштің ауыруы

- эритема, есекжем

- қанталау, астения/әлсіздік, қызба, ісіну/ісінушілік, кеуде қуысының ауыруы

- тікелей, тікелей емес және жалпы билирубин, сарысулық креатинин, мочевина және глюкоза деңгейлерінің жоғарылауы

- лейкоциттер, тромбоциттер, сегментоядролық нейтрофилдер, гемоглобин және гематокрит деңгейлерінің төмендеуі; эозинофилдер деңгейінің, белсендірілген ішінара тромбопластин уақытының, протромбин уақытының, сегментоядролық нейтрофилдер мен лейкоциттер деңгейінің төмендеуі

- несепте бактериялар, лейкоциттер, эпителиальді жасушалар мен эритроциттер мөлшерінің жоғарылауы, несепте ашытқы зеңдердің болуы

- Clostridium difficile токсиндеріне оң тест

Сирек (≥1/10000, <1/1000):

-пневмония, дерматомикоз, операциядан кейінгі жараның инфекциясы, несеп шығару жолының инфекциясы,

-нейтропения, тромбоцитопения

- аллергия

-гипогликемия

- ажитация, мазасыздық, депрессия

- тремор, синкопе

- ақ қабық патологиясы

- аритмия, тахикардия

- қан кету, АҚ жоғарылауы

- мұрынның бітелуі, жөтел, мұрыннан қан кету, сырылдар/құрғақ сырылдар, ысқырып дем алу

- дисфагия, нәжісті ұстай алмау, пельвиоперитонит

- холецистит, сарғаю, бауыр функциясының бұзылуы

- дерматит, десквамация

- бұлшықеттердің түйілуі, иықтардың ауыруы

- бүйрек функциясының бұзылуы, бүйрек функциясының жедел бұзылуы

- аборт

- генитальді қан кету

- инъекция орнының қатаюы, әлсіздік

- қан сарысуында бикарбонат, креатинин және калий деңгейлерінің төмендеуі, қан сарысуында лактатдегидрогеназа, фосфаттар және калий деңгейлерінің жоғарылауы

- лимфоциттер мөлшерінің төмендеуі, таяқшаядролы нейтрофилдер, лимфоциттер, метамиелоциттер, моноциттер мөлшерінің жоғарылауы, атипиялық лимфоциттердің пайда болуы

- уробилиноген деңгейінің жоғарылауы

Белгісіз (қолда бар деректермен анықтау мүмкін емес)

- анафилактоидтық реакцияларды қоса, анафилаксия

- психикалық жағдайлардың бұзылулары (озбырлық, делириум, бағдардан жаңылу, ментальді статустың өзгеруін қоса)

- елестеулер, сана деңгейінің төмендеуі, дискинезия, миоклонус, жүрістің бұзылуы

- тістердің боялуы

- эозинофилиямен және жүйелік көріністермен (Dress-синдром) қатар жүретін дәрілік бөртпе

-бұлшықет әлсіздігі

Балалар мен жасөспірімдерде (3 айдан 17 жасқа дейінгі)

Жиі (≥1/100, <1/10):

- диарея

- жаялық дерматиті

- инъекция орнының ауыруы

- АЛТ, АСТ жоғарылауы

- нейтрофилдер деңгейінің төмендеуі

Жиі емес (≥1/1000, <1/100):

- бас ауыруы

- ысынулар, артериялық гипертензия

- нәжіс түсінің өзгеруі, мелена

- эритема, бөртпе, петехия

- күйдіру, қышыну, эритема және инфузия орнында жылылықты сезіну, инъекция орнының қызаруы, инъекция орнында жылылықты сезіну

- тромбоциттер деңгейінің, ішінара белсендірілген тромбопластин уақытының, протромбин уақытының жоғарылауы, гемоглобин деңгейінің төмендеуі

Белгісіз (қолда бар деректер бойынша анықтау мүмкін емес)

- психикалық жағдайдың бұзылуы (озбырлықты қоса), елестеулер

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

  • карбапенемдер тобының кез келген басқа антибиотигіне аса жоғары сезімталдық

  • сыртартқыда басқа бета-лактамды антибиотиктерге (мысалы, пенициллин және цефалоспорин антибиотиктері) ауыр аса жоғары сезімталдық реакциясы (мысалы, анафилаксиялық реакция, тері реакциясының ауыр түрі)

  • 3 айлыққа дейінгі балаларға

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Дәрілік заттардың Р-гликопротеин-арқылы клиренсінің немесе CYP-арқылы клиренсінің тежелуінен туындаған өзара әрекеттесулер болуы мүмкін емес.

Вальпрой қышқылы деңгейінің емдік диапазон деңгейінен төмендеу жағдайлары вальпрой қышқылы мен карбапенемдік препараттарды бірге енгізгенде тіркелген. Вальпрой қышқылының төмен деңгейі құрысуларды талапқа сай бақылай алмауға әкелуі мүмкін, сондықтан эртапенем мен вальпрой қышқылын/натрий вальпроатын бір мезгілде қолдану ұсынылмайды, бұл жағдайлар үшін баламалы бактерияға қарсы немесе құрысуға қарсы емді қолдану мүмкіндігін қарастыру керек.

Айрықша нұсқаулар

Аса жоғары сезімталдық. Бета-лактамдық антибиотиктермен ем қабылдаған пациенттерде аса жоғары сезімталдықтың ауыр және кейде өлімге ұшырататын реакциялары (анафилаксиялық реакциялар) жөнінде мәлімделді. Сыртартқысында әртүрлі аллергендерге аса жоғары сезімталдығы бар пациенттерде осындай реакциялардың туындау мүмкіндігі жоғары. Эртапенеммен емдеуді бастар алдында пациенттерден бұрын пенициллиндерге, цефалоспориндерге, басқа бета-лактамдық антибиотиктерге және басқа да аллергендерге пайда болған аса жоғары сезімталдық реакциялары жөнінде мұқият сұрап білген жөн. Егер эртапенемге аллергиялық реакция пайда болса, емдеуді дереу тоқтатқан жөн. Ауыр анафилаксиялық реакциялар шұғыл емдеуді қажет етеді!

Суперинфекция. Эртапенемді ұзақ қолдану сезімтал емес микроорганизмдердің шамадан тыс өсуіне әкеп соғуы мүмкін. Пациенттің жағдайына қайталап баға беру қажет. Егер емдеу барысында суперинфекция пайда болса, тиісті ем жүргізген жөн.

Антибиотиктерді қолдану нәтижесінде болған колит. Эртапенемді қолданған кезде антибиотикті қолданумен байланысты колиттің және ауырлығы жеңілден өмірге қауіп төндіруге дейін өзгеретін жалған жарғақшалы колиттің дамығаны жөнінде мәлімделді. Сондықтан бактерияларға қарсы препараттарды қолданғаннан кейін пайда болған диареясы бар пациенттерде осындай диагнозға көңіл бөлу маңызды. Инванзді қолдануды тоқтату және Clostridium difficile спецификалық ем тағайындау жөніндегі мәселені қарастырған жөн. Ішектің жиырылуын басатын препараттарды тағайындамаған жөн.

Құрысулар. Клиникалық зерттеулер барысында эртапенеммен (тәулігіне 1 рет 1 г) ем қабылдаған ересек пациенттерде емдеу кезінде немесе емдеуді тоқтатқаннан кейінгі 14 күн ішінде пайда болған құрысулар жөнінде мәлімделді. Құрысулар көбіне егде жастағы пациенттерде, сондай-ақ ОЖЖ тарапынан бұрыннан бұзылулары бар (мысалы, сыртартқыда мидың зақымдануы немесе құрысулар) және/немесе бүйрек функциясының бұзылулары бар пациенттерде пайда болды. Осындай жағдайлар постмаркетингтік кезеңде де орын алды.

Вальпрой қышқылымен бір мезгілде қолдану. Эртапенемді және вальпрой қышқылын/натрий вальпроатын бір мезгілде қолдануға ұсыныс жасалмайды.

Субоптимальді экспозиция. Қолда бар деректер нәтижесінде хирургиялық араласулардың ұзақтығы 4 сағаттан асып кететін кейбір жағдайларда пациенттердің эртапенем концентрациясының жеткіліксіз болуы әсеріне және мұның салдары ретінде емдеудің потенциалды тиімсіздігі қаупіне ұшырайтынын жоққа шығару мүмкін емес. Осындай жағдайларда дәрігердің тактикасы емдеудің жергілікті стандарттарына негізделуі тиіс.

Қосымша заттар. Бұл препараттың құрамында 6.0 мЭкв-ге жуық (шамамен 137 мг) 1.0 г доза натрий бар, мұны бақыланатын натрий диетасын ұстанатын пациенттерді емдеген кезде ескерген жөн.

Пациенттердің арнайы топтарында қолдану. Пенициллин-резистентті Streptococcus pneumoniae-ден туындаған ауруханадан тыс пневмонияны емдеуде және қатар жүретін остеомиелиті бар диабеттік табан синдромындағы инфекцияны емдеуде Инванздің тиімділігі анықталған жоқ. Ауырлық дәрежесі ауыр болатын инфекциялық ауруларда эртапенемді қолдану тәжірибесі шектеулі.

2 жасқа толмаған балаларда эртапенемді қолдануға қатысты тәжірибе көп емес. Осы топта инфекция жұқтырған микроорганизм(дер)дің эртапенемге сезімталдығын анықтауға ерекше көңіл бөлген жөн. 3 айлыққа толмаған балаларда қолдану қауіпсіздігі жөнінде деректер дәл қазір жоқ.

Жүктілік және лактация кезеңі. Жүкті әйелдерге препаратты қолдану жөнінде жеткілікті клиникалық тәжірибе жоқ. Инванзді жүктілік кезінде, ана үшін әлеуетті пайдасы ұрық үшін ықтималды қаупінен басым болған жағдайлардан басқасында, қолданбаған жөн. Эртапенем емшек сүтімен бірге бөлініп шығады және ұрықта жағымсыз реакциялардың туындау мүмкіндігі бар, сондықтан эртапенеммен емделу кезеңінде әйелдердің бала емізбегені жөн.

Дәрілік препараттың көлік құралын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Инванздің автокөлікті және механизмдерді басқару қабілетіне ықпалы жөнінде зерттеулер жүргізілген жоқ. Инванз пациенттің автокөлікті және механизмдерді басқару қабілетіне ықпал етуі мүмкін. Пациенттер Инванзді қолданған кезде бас айналу мен ұйқышылдықтың дамуы жөнінде мәлімделгенін білуі тиіс.

Артық дозалануы

Симптомдары: препараттың жағымсыз әсерлері симптомдарының күшеюі байқалған жоқ.

Емі: Инванздың артық дозалануын емдеу жөнінде арнайы ақпарат жоқ. Инванзбен артық дозалану жағдайында, препаратты қабылдауды тоқтатқан және дәрі бүйректер арқылы шығарылғанға дейін жалпы демеуші ем жүргізген жөн. Инванзды организмнен гемодиализ арқылы шығаруға болады. Алайда артық дозалануды емдеу үшін гемодиализді қолдану жөнінде ақпараттар жоқ.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Сұр түсті резеңке тығынмен тығындалған және ақ түсті пластмасса қақпағы бар алюминий қалпақшамен қаусырылған, сыйымдылығы 20 мл, түссіз шыныдан жасалған құтыларға 1 г лиофилизаттан (белсенді затына шаққанда) салынған.

Бір құты медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Мерк Шарп және Доум-Чибрет Лабораториялары, Риом, Франция.

Тіркеу куәлігінің иесі

Шеринг-Плау Сентрал Ист АГ, Люцерн, Швейцария.

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөніндегі шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

Шеринг-Плау Сентрал Ист АГ компаниясының Қазақстандағы өкілдігі, Алматы қ., Достық д-лы, 38, «Кең Дала» бизнес орталығы, 5 қабат

Тел. +7(727) 330-42-66, +7(727) 259-80-84

Факс +7(727) 259-80-90

эл. поштасы: dpoccis2@merck.com, pharmacovigilance.ukraine&cis@merck.com

 

S-WPC-MK0826-IV-IM-062015

Прикрепленные файлы

969391661477976645_ru.doc 140.5 кб
314399061477977794_kz.doc 174 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники