Имуно Тайсс форте
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Имуно Тайсс форте
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Ішуге арналған ерітінді, 50 мл
Құрамы
100 мл ерітіндінің құрамында
белсенді зат – қызыл күрең Эхинацея жаңа гүлдегенде сығылған табиғи шырын (жаңа алынған өсімдік: сығып алынған шырынның арақатынасы 1.5 - 2.5 : 1) - 75.6 мл,
қосымша зат: 96 % этанол.
Сипаттамасы
Өзіне тән иісі бар, жасыл-қоңыр түсті және өзіне тән күйдіргіш дәмі бар бұлыңғыр сұйықтық.
Фармакотерапиялық тобы
Респираторлық жүйе. Жөтел және суық тию аурулары кезінде қолданылатын препараттар. Суық тию аурулары кезінде қолданылатын басқа препараттар.
АТХ коды R05Х
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Фармакокинетикасы және биожетімділігі бойынша зерттеулердің деректері жеткіліксіз.
Фармакодинамикасы
Препарат иммунитет стимуляциялайтын және қабынуға қарсы әсерге ие. Нейтрофильдер мен макрофагтардың фагоцитарлық белсенділігін жоғарылатады; плазмалық жасушаларда В-лимфоциттерге ауысуын демейді; бауырда, бүйректе және көк бауырда алмасу үдерісін жақсартады.
Қолданылуы
- қысқа мерзімді суық тию ауруларының профилактикасы және емі үшін
Қолдану тәсілдері және дозалары
Ересектер мен 12 жастан үлкен балаларға 55 тамшыдан ( 2,75 мл құрайды) күніне 3-4 рет қабылдау керек. Тамшыларды таза немесе суда ерітілген түрінде қабылдауға болады. Қабылдау ас ішуге қатысы жоқ.
Суық тию ауруларын емдеу және алдын алу үшін 10 күннен асырмай қолдану керек. Суық тию ауруларын емдеу кезінде препаратты аурудың алғашқы белгілері кезінде қабылдай беру керек.
Жағымсыз әсерлері
- бөртпе, есекжем, қышыну, беттің ісінуі түріндегі аса жоғары сезімталдық реакциялары
- Стивенс-Джонсон синдромы, терінің ангионевроздық ісінуі, Квинке ісінуі сияқты аса жоғары сезімталдық
- тыныс алу жолдарының обструкциясымен бронх түйілуі
- демікпе және анафилаксиялық шок
- атопиясы бар пациенттерде аллергиялық реакциялар
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- белсенді затқа немесе күрделігүлді тұқымдастарға жататын өсімдіктерге жоғары сезімталдық (Compositae)
- 12 жасқа дейінгі балаларға
- жүктілік және лактация кезеңінде
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі туралы деректер жоқ, алайда, егер шәрбатпен бір мезгілде немесе бұрын қандай да бір дәрілік препараттарды қабылдасаңыз, міндетті түрде дәрігерге хабарлаңыз.
Айрықша нұсқаулар
Үдемелі жүйелік бұзылулар, аутоиммундық аурулар, иммун тапшылығы, иммуносупрессиялар және лейкоциттер жүйесінің аурулары жағдайларында қолдану ұсынылмайды.
Егер препаратты қабылдау кезінде симптомдар нашарласа немесе жоғары температура пайда болса, дәрігермен кеңесу керек.
Атопиясы бар пациенттерде аса жоғары сезімталдық реакцияларының пайда болу ықтималдығы бар. Атопиясы бар пациенттер эхинацеяны пайдаланар алдында дәрігермен кеңесуі тиіс.
Имуно Тайсс форте құрамында 23 көл.%, яғни 0,5 г-ға дейін дозада этанол (спирт) бар, бұл бір дозада 12,6 мл сыра, 5,3 мл шарапқа баламалы.
Жүкті немесе бала емізетін әйелдерге, балалар мен бауыр, эпилепсия сияқты ауруларымен ауыратын және маскүнемдікке шалдыққан жоғары қауіп тобындағы пациенттерде ескеруі қажет.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе басқа қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері.
Автокөлікті басқару және механикалық жабдықтармен жұмыс істеу кезінде сақ болу керек.
Артық дозаланғанда
Артық дозалану жағдайлары туралы хабарланған жоқ.
Артық дозаланған жағдайларда жағымсыз әсерлер ұзақ болуы мүмкін.
Емі
Артық дозаланған жағдайда симптоматикалық ем қолдану керек.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Тығыздығы жоғары полиэтиленнен жасалған бекіткіш сақинасы бар немесе онсыз полипропиленнен жасалған бұрандалы қақпақпен және жиекке қондырылған тығыздығы төмен полиэтиленнен жасалған пипеткамен III гидролитикалық класты янтарь шыны құтыда препарат 50 мл-ден құйылған.
Бір құтыдан мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 25 0С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Құтыны ашқаннан кейінгі препараттың сақталу мерзімі – 6 айдан артық емес.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
Др. Тайсс Натурварен ГмбХ,
Мишелинштрассе 10, 66424 Хомбург, Германия
Тел./факс: + 49-6841-709-0/+ 49-6841-709-265
Тіркеу куәлігінің ұстаушысы
Др. Тайсс Натурварен ГмбХ, Германия
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта):
«Натусана» ЖШС, 050046, Алматы қ., Гайдар көш., 198
Тел./факс: 8 (727) 268-31-66