Импаза

МНН: Антитела к эндотелиальной NO-синтазе
Производитель: Материа Медика Холдинг НПФ ООО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Препараты для лечения нарушений эрекции
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№020562
Период регистрации: 20.05.2014 - 20.05.2019

Инструкция

Саудалық атауы

ИМПАЗА

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Соруға арналған таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат: Аффиннді тазартылған эндотелиальді NO синтазаға антиденелер - 0,003 г*.

қосымша заттар: лактоза моногидраты, микрокристалды целлюлоза, магний стеараты.

* лактоза моногидратына құрамында әсер етуші заттың белсенді түрі 10-15 нг/г артық емес сулы-спирт түріндегі қоспа жағылады.

Сипаттамасы

Сызығы және ойығы бар, жалпақ цилиндр пішінді, ақтан ақ дерлік түске дейінгі таблеткалар. Сызығы бар жалпақ бетінде MATERIA MEDICA жазуы бар, екінші жалпақ бетіне IMPAZA жазуы жазылған.

Фармакотерапиялық тобы

Эрекция бұзылуын емдеуге арналған препараттар.

АТХ коды G04BE

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Препарат құрамында белсенді ингредиенттер дозасы шамадан тыс аз болғандықтан фармакокинетикалық зерттеулер жүргізу мүмкіндігі жоқ.

Фармакодинамикасы

Эндотелиалдық NO синтаза белсенділігін жоғарылатады, сексуалдықты стимуляциялауда эндотелийдің азот оксидін (NO) өндіруін қалпына келтіреді, тегіс бұлшықеттерде циклдық гуанозин-монофосфаты құрамын (цГМФ) арттырады және олардың босаңсуына ықпал етеді, бұл кеуекті денелердің қанға толуын арттыруға алып келеді, күші және ұзақтығы бойынша жеткілікті эрекцияны қамтамасыз етеді.

Препарат либидоны (жыныстық елігу) және жыныстық актімен қанағаттануды жоғарылатады.

Препаратты ұдайы қабылдау сарысудағы тестостерон құрамының артуына ықпал етеді (бастапқы деңгейі орташа төмендегенде).

Қолданылуы

Шығу тегі әртүрлі эрекция (эректильді дисфункция) бұзылуында. Еркектердегі климактериялық кезеңдегі вегетативтік бұзылыстарда (әлсіздік, қажығыштық, дене күші белсенділігінің төмендеуі, либидо төмендеуі және т.б.).

Қолдану тәсілі және дозалары

Бір рет қабылдауға - 1 таблетка (толық ерігенше ауызда ұстап тұру – тамақ ішу кезінде емес).

Ұдайы қабылдау. Жыныстық потенцияны (жыныстық актіге қабілеті) тұрақтандыру үшін ұзақтығы 12 аптадан кем емес емдік-профилактикалық курс ұсынылады. Эректильді дисфункцияның айқындығына қарай қабылдау жиілігі ауытқуы мүмкін: күн ара 1 таблеткадан бастап бір таблеткадан күнде екі рет қабылдауға дейін, дұрысы кешкі уақытта.

Қажет болғанда курстық емді 3-6 айдан кейін қайталауға болады.

Кезеңмен қабылдау. Эрекцияны эпизодтық стимуляциялау үшін препаратты жыныстық акті алдында 1-2 сағат бұрын 2 таблетка қабылданады.

Жағымсыз әсерлері

- аллергиялық реакциялар

Қолдануға болмайтын жағдайлар

Препарат компонентіне жеке жоғары сезімталдық.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Импазаны жүректің ишемиялық ауруы бар науқастарда (I-II функционалды класты жүктемелік стенокардия) нитраттар қабылдау аясында қолданылуы мүмкін, сондай-ақ бета-адреноблокаторлармен, диуретиктермен, ангиотензин-өзгертуші фермент (АӨФ) тежегіштерімен, кальций антагонистерімен қоса қолданылуы мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Препарат құрамына лактоза моногидраты кіреді, осыған байланысты оны туа біткен галактоземиясы, глюкоза немесе галактоза мальабсорбция синдромы, болмаса туа біткен лактаза жеткіліксіздігі бар емделушілерге тағайындау ұсынылмайды.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препарат автокөлік және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозалануы

Симптомдары – Кездейсоқ артық дозаланғанда дәрілік түрінің құрамына кіретін толтырғыштарға байланысты диспепсиялық құбылыстар болуы мүмкін.

Емі – симптоматикалық терапия

Шығарылу түрі және қаптамасы

Соруға арналған таблеткалар.

Поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 20 таблеткадан.

1 пішінді ұяшықты қаптамадан медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«МАТЕРИА МЕДИКА ХОЛДИНГ» ҒӨФ» ЖШҚ, Ресей, 127473, Мәскеу қ., 3-ші Самотечный қысқа к-сі., д.9. Тел./факс: (495) 684-43-33.

Тіркеу куәлігінің иесі

«МАТЕРИА МЕДИКА ХОЛДИНГ» ҒӨФ» ЖШҚ, Ресей.

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«МАТЕРИА МЕДИКА ХОЛДИНГ» ҒӨФ» ЖШҚ ҚР өкілдігі

Алматы қ., Жібек жолы к-сі 64, 206 кеңсе.

Тел./факс: 2734713

E-mail: materiamedica.kz@mail.ru

 

 

 

Прикрепленные файлы

882070751477976706_ru.doc 46.5 кб
133648831477977842_kz.doc 49.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники