Иммутин® 100 (капсулы)

МНН: Иматиниб
Производитель: Компания "НОБЕЛ АЛМАТИНСКАЯ ФАРМАЦЕВТИЧЕСКАЯ ФАБРИКА"
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Imatinib
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-3№020867
Период регистрации: 13.10.2014 - 13.10.2017
Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)

Инструкция

Саудалық атауы

ИММУТИН® 100

Халықаралық патенттелмеген атауы

Иматиниб

Дәрілік түрі

Капсулалар 100 мг

Құрамы

Бір капсуланың құрамында

белсенді зат – иматиниб мезилаты 119.47мг, тиісінше 100 мг иматинибке баламалы;

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза РН 101 (Авицелл РН 101), L-гидроксипропилцеллюлоза (L-HPC LH 11), поливинилпироллидон К 30 (ПВП К 30), кросповидон (Колидон CL), кросповидон CL-F (Колидон CL-F), коллоидты кремнийдің қостотығы (Аэросил 200), магний стеараты;

желатинді капсула: темірдің (ІІІ) қызыл тотығы (E172), титанның қостотығы (Е 171), темірдің (ІІІ) сары тотығы (E172), желатин.

Сипаттамасы

Өлшемі №2 корпусы күңгірт және ашық-қоңыр түсті қақпақшасы бар қатты желатинді капсулалар. Капсула ішіндегісі – сарғыш-ақ ұнтақ.

Фармакотерапиялық тобы

Ісікке қарсы басқа да препараттар. Протеинтирозинкиназа тежегіштері.

Иматиниб.

АТХ коды L01XE01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Бір рет қолданғанда иматиниб әсері 25-тен 1000 мг-ға дейінгі дозалар диапазонында зерттелді. Фармакокинетикалық профильдері қолданудың 1-ші күні, сондай-ақ 7-ші және 28-ші күні, яғни қан плазмасында тепе-тең концентрацияға жеткен кезде зерттелді.

Сіңуі

Препараттың биожетімділігі орта есеппен алғанда 98 құрайды. «Концентрация-уақыт» қисығы астындағы аудан (АUС) көрсеткіші үшін ауытқу коэффициенті 40-60-ды құрайды. Препаратты құрамындағы май мөлшері жоғары тағаммен бірге тағайындағанда, ашқарынға қабылдағанмен салыстырғанда, сіңу дәрежесінің аздап төмендегені байқалды.

Таралуы

Қан плазмасының ақуыздарымен байланысуы 95-ға жуықты құрайды (негізінен, альбуминмен және қышқыл альфа-гликопротеиндермен, аздаған дәрежеде – липопротеиндермен)

Шығарылуы

Өзгермеген күйінде дозаның 25-ға жуығы (20-ы нәжіспен және 5-ы несеппен бірге) шығарылады. Препараттың қалған мөлшері метаболиттер түрінде шығарылады.

Иматинибтің жартылай шығарылу кезеңі дені сауларда 18 сағатқа жуықты құрайды. 25-тен 1000 мг-ға дейінгі дозалар диапазонында АUС мәнінің доза шамасына тікелей байланысты екендігі байқалды.

Фармакодинамикасы

ИММУТИН® 100 - Всr-Аbl-тирозинкиназа ферментін жасушалық деңгейде тиімді тежейді. ИММУТИН® 100 пролиферацияны іріктеп басады және Всr-Аbl бойынша позитивті жасушалық желілерінің, сондай-ақ оң филадельфиялық хромосомасы (Ph+) бар созылмалы миелолейкозда және жедел лимфобласттық лейкозда жетілмеген лейкоз жасушаларының апоптозын тудырады. ИММУТИН® 100 созылмалы миелолейкозы бар науқастардың қан жасушаларынан алынған Bcr-Abl-позитивті колонияларды іріктеп тежейді. ИММУТИН® 100 тромбоциттер өсу факторы (ТӨФ) және діңгектік жасушалар факторы (ДЖФ) үшін тирозинкиназа, трансжарғақшалық тирозинкиназа (с-Kit) рецепторларының күшті әсер ететін тежегіші болып табылады, сондай-ақ жоғарыда аталған факторлардан болатын жасушалық реакцияларды басады. ИММУТИН® 100 пролиферацияны тежейді және kit-мутацияны экспрессиялайтын асқазан-ішек жолдарының стромальді ісік жасушаларының апоптозын индукциялайды.

ТӨФ немесе Bcr-Abl тирозинкиназаның едәуір белсенділенуі MДС/MПА (миелодиспластикалық /миелопрофелиративтік) аурулар, ГЭС/CЭЛ (гиперэозинофильді синдром/созылмалы эозинофильді лейкемия) және операция жасауға жатпайтын рекуррентті және/немесе метастаздалатын бұдырлы дерматофибросаркомалар (БДФС) патогенезіне қатысатын ТӨФ|конструктивна,установча| | синтезінің стимуляциялануы немесе әртүрлі ақуыздармен интеграциялануы нәтижесі болып табылады. Иммутин 100 белсенсіздендірілген ТӨФ-пен және Bcr-Abl-тирозинкиназа қызметімен қатар жүретін жасушалар пролиферациясына дабылды тежейді. Препараттың тиімділігі созылмалы миелолейкозы (СМЛ), жедел лимфобластты лейкозы (Ph+-ЖЛЛ), MДС/MПА, БДФС бар науқастарда гематологиялық және цитогенетикалық жауаптың жалпы жылдамдығымен және асқорыту жолдары ағзаларының стромаларының қатерлі ісігі бар емделушілердегі жауаптың объективті жылдамдығымен іске асады.

Қолданылуы

  • балалар мен ересектерде алғаш диагностикаланған созылмалы миелолейкозда;

  • балалар мен ересектерде акселерация, бласттық криз фазасындағы, сондай-ақ мұның алдында альфа-интерферонымен жүргізілген ем сәтсіз болған созылмалы фазадағы созылмалы миелолейкозда;

  • ересек емделушілерде алғаш диагностикаланған позитивті (лейкоциттерде филадельфиялық хромомсоманың қатысуымен (Ph+)) жедел лимфобласттық лейкозда (Ph+-ЖЛЛ) (химиялық ем құрамында);

ересек емделушілерде жедел лимфобласттық лейкоздың (Ph+-ЖЛЛ) қайталану cатысында немесе химиотерапияға тұрақты төзімділік кезінде монотерапия ретінде;

- ересек емделушілерде тромбоцитарлы өсу факторы рецепторының белсенділенуіне байланысты миелодиспластикалық /миелопролиферативтік ауруларда

- D816V, c-Kit мутациясы жоқ жүйелі мастоцитозда немесе с-Kit мутациялық статусы жөнінде деректер жоқ ересек емделушілерде;

- ересектердегі гиперэозинофильді синдром және/немесе созылмалы эозинофильді лейкемияда;

- ересек емделушілерде асқазан-ішек жолдары (АІЖ) ағзаларының операция жасауға келмейтін және/немесе метастазды қатерлі стромальді ісіктерінде;

- ересектерде операция жасауға келмейтін және/немесе метастазды бұдырлы дерматофибросаркомада.

Қолдану тәсілі және дозалары

Иммутин® 100 тәулігіне бір рет 400 мг немесе 600 мг дозада тағайындалады. Капсуланы жұта алмайтын емделушілер (оның ішінде 2 жастан үлкен балалар) үшін оны бір стақан суда немесе алма шырынында ерітуге болады. Капсулалардың қажетті мөлшерін сұйықтықтың тиісті көлеміне (100 мг бір капсула үшін шамамен 50 мл және 100 мг-дан 4 капсула үшін 200 мл) салып, араластырады, нәтижесінде суспензия пайда болады. Суспензия дайындалғаннан кейін бірден қабылдану керек.

Созылмалы миелолейкозда (СМЛ) Иммутин® 100-дің ұсынылатын дозасы аурудың фазасына байланысты. Созылмалы фазада доза тәулігіне 400 мг құрайды; акселерация фазасында және бласттық кризде – тәулігіне 600 мг. Препаратты тамақтану кезінде тәулігіне бір рет толық бір стақан сумен ішу керек.

Препаратпен емдеуді әсері сақталғанша жүргізеді. Дозаны аурудың созылмалы фазасындағы емделушілерде 400 мг-дан 600 мг немесе 800 мг-ға дейін және акселерация фазасы және бласттық криз кезіндегі емделушілер үшін тәулігіне 600 мг-дан ең жоғарғы 800 мг-ға дейін арттыру жайлы мәселе ауыр жағымсыз әсерлер жоқ болған жағдайда және негізгі аурумен байланысты емес нейтропения немесе тромбоцитопения жоқ болған жағдайда қарастырылуы мүмкін. Дозаны осылайша арттыру мынадай жағдайларда қажет болуы мүмкін: аурудың өршуі (кез келген сатыда); 3 ай емдегеннен кейін қанағаттанарлықтай гематологиялық жауаптың жоқ болуы; 12 ай емдегеннен кейін цитогенетикалық жауап жеткіліксіз болғанда; бұрын қол жеткізген гематологиялық және/немесе цитогенетикалық жауапты жоғалтқанда. 2 жастан асқан балаларға дозалау режимін есептеу дене беткейінің (мг/м2) алаңына негізделеді. СМЛ созылмалы фазасы кезінде ұсынылатын доза тәулігіне 260 мг/м2 және тиісінше СМЛ акселерация фазасы кезінде тәулігіне 340 мг/м2. Балаларда жалпы тәуліктік доза ересектерге арналған 400 мг және 600 мг баламалы дозадан аспау керек. Препараттың тәуліктік дозасын бірден қабылдауға немесе – таңертең және кешке теңдей етіп екі қабылдауға бөлуге болады.

Позитивті филадельфиялық хромосомасы (Ph+-ЖЛЛ) бар жедел лимфобласттық лейкозда.

Жедел лимфобласттық лейкозы бар емделушілер үшін (Ph+-ЖЛЛ) Иммутин® 100 препаратының ұсынылатын дозасы күніне 600 мг құрайды.

Миелодиспластикалық/миелопролиферативтік ауруларда (МДА/МПА)

Миелодиспластикалық/миелопролиферативтік аурулары (МДА/МПА) бар емделушілер үшін Иммутин® 100 препаратының ұсынылатын дозасы күніне 400 мг құрайды.

Бұдырлы дерматофибросаркомалар (БДФС) кезінде.

Операция жасауға келмейтін және/немесе метастаздық дерматофибросаркомалары бар (БДФС) емделушілер үшін ИММУТИН® 100 ұсынылатын дозасы күніне 800 мг құрайды.

АІЖ операция жасауға келмейтін және/немесе метастаздық стромальді ісіктерде (ГИСО) ИММУТИН® 100 ұсынылатын дозасы тәулігіне 400 мг құрайды. Жағымсыз реакциялар болмағанда және емге жауап жеткіліксіз болғанда доза 400-ден 600 мг-ге дейін немесе 800 мг-ге дейін арттырылуы мүмкін.

Препаратпен емдеуді аурудың үдеуінің белгілері байқалып тұрғанда жалғастыра береді.

Гиперэозинофильді синдромда және/немесе созылмалы эозинофильді лейкемияда (ГЭС және/немесе СЭЛ)  доза күніне 400 мг құрайды.

FIP1L1-PDGFR α-тирозинкиназа белсенділігінің деңгейі артқан емделушілер үшін, тәулігіне ұсынылатын алғашқы доза - 100 мг. Дозаның тәулігіне 400 мг-ге дейін арттырылуы, жағымсыз әсерлері болмағанда және емге жауап жеткіліксіз болған жағдайда қарастырылуы мүмкін.

Жүйелі мастоцитоз кезінде (ЖМ).

Иммутин® 100 ұсынылатын дозасы Д816В с-Kit мутациясы жоқ ЖМ бар емделушілер үшін күніне 400 мг құрайды. α-тирозинкиназа  FIP1L1-PDGFR синтезімен байланысты клональді гематологиялық патологияда, эозинофилиямен астасқан ЖМ бар емделушілер үшін ұсынылатын доза күніне 100 мг құрайды. 100 мг-ден 400 мг-ге дейін дозаның арттырылуы, жағымсыз әсерлері болмағанда және емге жауап жеткіліксіз болған жағдайда қарастырылуы мүмкін

Созылмалы миелолейкозы (СМЛ) және асқазан-ішек жолдарының стромасының ісігі бар емделушілерде жағымсыз реакцияларда дозаны әр адамға жекелей таңдау.

Гематологиялық емес жағымсыз әсерлер

Ауыр гематологиялық емес жағымсыз реакциялар пайда болған жағдайда науқастың жағымсыз жағдайы түзелгенше емдеуді тоқтата тұру керек. Бұдан басқа, жағымсыз құбылыстар қаупін бағалау және емдеуді жалғастыруға қатысты шешімді қабылдау керек.

Билирубиннің деңгейін жоғарғы қалып шегінен 3 есе арттырған кезде немесе бауыр трансаминазалары деңгейін 5 еседен астамға арттырған кезде ИММУТИН® 100 билирубиннің концентрациясы жоғарғы қалып шегінен 1,5-тен аз мәнге және бауыр трансаминазаларының концентрациясы 2,5-тен аз мәнге дейін төмендегенге дейін тоқтата тұру керек. ИММУТИН® 100 емдеу азайтылған тәуліктік дозада жалғастырылуы мүмкін. Ересектер үшін доза тәулігіне 400 мг-ден 300 мг-ге дейін, немесе тәулігіне 600 мг-ден 400 мг-ге дейін, немесе тәулігіне 800-ден 400 мг-ге дейін азайтылады. Балалар үшін тәулігіне 260-тан 200 мг/мг2 дейін немесе тәулігіне 340-тан 260 мг/м2 дейін.

Гематологиялық жағымсыз әсерлер

Нейтропенияның және тромбоцитопенияның даму дәрежесіне байланысты ұсынылған дозаны азайту кестеде көрсетілген.

СМ, эозинофилия

мен астасқан

(бастапқы доза 100 мг)

Нейтрофилдердің абсолютті саны (НАС) < 1,0 x109/л

және/немесе

тромбоциттер

<50 x109/л

  • НАС  1,5 x109/л және тромбоциттер  75 x109/л жеткенге дейін ИММУТИН® 100 емдеуді тоқтату керек.

  • ИММУТИН®100 емін алдыңғы дозада жаңғырту керек.

ГЭС және ХЭЛ синтезі бар FIP1L1-PDGFRα киназ

(бастапқы доза 100 мг)

Нейтрофилдердің абсолютті саны (НАС)

< 1,0 x109/л және/немесе

тромбоциттер

<50 х109/л

  • НАС  1,5 x109/л және тромбоциттер  75 x109/л жеткенге дейін ИММУТИН® 100 емін тоқтату керек.

  • ИММУТИН® 100 алдындағы дозада жаңғырту керек.

СМЛ, MДС/МПА

және ГИСІ созылмалы фазасы (ересектер үшін бастапқы доза - 400 мг)

Нейтрофилдердің абсолютті саны (НАС)

< 1,0 x109/л

және/немесе

тромбоциттер < 50 x109/л

1. ИММУТИН® 100 емдеуді НАС 1,5x109/л және тромбоциттер 75x109/л жеткенге дейін тоқтату керек.

2. ИММУТИН® 100 алдыңғы дозада емді жаңғырту керек.

3. НАС < 1,0x109/л және/немесе тромбоциттер < 50x109/л қайта төмендеген жағдайда, 1 қадамды қайталау және емді 300 мг дозада жаңғырту керек.

СМЛ созылмалы фазасы (2 жастан үлкен балалар үшін бастапқы доза - 260 мг/м2)

Нейтрофилдердің абсолютті саны (НАС)

< 1,0 x109/л және/немесе

тромбоциттер

<50 х109/л

1. ИММУТИН® 100 емдеуді НАС ≥ 1,5x109/л және тромбоциттер ≥ 75х109/л деңгейге жеткеннен кейін тоқтату керек.2. ИММУТИН® 100 алдыңғы дозада жаңғырту керек (яғни, ауыр жағымсыз реакциялар дамығанға дейін қабылданған дозаны).3. НАС <1,0×109/л және/немесе тромбоциттер <50×109/л қайта төмендеу жағдайында 1қадамды қайталау және препаратпен емдеуді 260мг/м2 дозада жаңғырту керек.

Ph+- ЖЛЛ, акселерация және бласттық криз фазасындағы СМЛ,

(ересектер үшін алғашқы доза – 600 мг, СМЛ бар балалар үшін -

- 340 мг/м2 )

Емдеудің бір және одан көп айынан кейін нейтрофилдердің абсолютті саны

(НАС) <0,5 x109/л және/немесе тромбоциттер

<10 х109/л

  • Цитопенияның лейкемиямен байланысын тексеру (биопсия).

  • Цитопенияның лейкемияға байланысты болу жағдайында дозаны 400 мг-ға дейін азайту керек (СМЛ бар балаларда – 260 мг/м2).

  • Цитопения 2 апта бойы сақталған жағдайда дозаны 300 мг дейін азайту керек (СМЛ бар балаларда - 200 мг/м2 ).

  • Цитопения 4 апта бойы сақталған және лейкемиямен байланысты болмаған жағдайда ИММУТИН® 100 емдеуді НАС  1 x109/л-ге дейін және тромбоциттер  20 x109/л-ге дейін жеткенше тоқтатып, содан соң дозаны 300 мг-ға дейін азайту керек (СМЛ бар балаларда - 260 мг/м2 ).

БДФС -

бастапқы доза 800 мг

Нейтрофилдердің абсолютті саны (НАС)

< 1,0 x109/л және/немесе

тромбоциттер

< 50 x109/л

  • ИММУТИН® 100 емдеуді НАС  1,5 x109/л және тромбоциттер  75 x109/л жеткенше тоқтату керек.

  • ИММУТИН® 100 емдеуді 600 мг дозада жаңғырту керек.

  • НАС < 1,0x109/л және/немесе тромбоциттер < 50x109/л қайталап төмендеген жағдайда, 1 қадамды қайталау және емдеуді 400 мг дозада жаңғырту керек.

Бауыр жеткіліксіздігі

Иматиниб метаболизмі негізінен бауырда жүретіндіктен бауыр функциясының аздаған, орташа немесе ауыр бұзылулары бар емделушілерге тәулігіне 400 мг ең аз ұсынылатын дозаны тағайындаған жөн. Егер емделушіде жол берілмейтін уытты әсер пайда болса, дозаны азайтуға болады.

Бүйрек жеткіліксіздігі

ИММУТИН® 100 бүйрек клиренсі аз болғандықтан, бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілерде организмнің жалпы клиренсі төмендейді деп күтілмейді. Алайда бүйректің ауыр жеткіліксіздігінде сақ болу керек.

Егде емделушілер

Жасы ұлғайған емделушілерде фармакокинетика толығымен зерттелмеген.

65 жастан асқан емделушілер үшін дозалау бойынша арнайы ұсынымдар талап етілмейді.

Жағымсыз әсерлері

Созылмалы миелолейкоздың немесе АІЖ стромальді ісіктерінің өрістеу сатысында науқастарда қатарласа жүретін аурулармен, олардың үдеуімен және түрлі дәрілік препараттарды қабылдаумен байланысты бірқатар симптомдардың тұтас қатарына байланысты жағымсыз әсерлерді бағалауды қиындататын қатарласа жүретін көптеген бұзылулар болуы мүмкін.

Көптеген емделушілерде емдеудің белгілі бір сатысында жеңіл немесе елеулі дәрежелі жағымсыз әсерлер пайда болды: жақында диагностикаланған науқастардың 2%-да ғана, емделушілердің 4% интерферонмен сәтсіз емдегенен кейін кешеуілдеген созылмалы фазасында, емделушілердің 4% интерферонмен сәтсіз емдегенен кейін жылдамдатылған фазасында және науқастардың 5%-да интерферонмен сәтсіз емдегеннен кейін бласттық кризбен байқалған жағымсыз әсерлерге байланысты препарат тоқтатылады. АІЖ стромальді ісігімен емделушілерге клиникалық зерттеулерде препараттың жағымсыз әсерлеріне байланысты тағайындауды тоқтату жағдайдың 4%-на талап етілді.

Жағымсыз әсерлері екі ерекшелікті қоспағанда екі нозология бойынша да ұқсас. АІЖ стромальді ісігі бар емделушілерде миелосупрессия байқалған жоқ, ал ісікішілік қан кету тек сол топтағыларда байқалған.

Препаратты қабылдаумен байланысты жиі болған жағымсыз әсерлер, жеңіл түрде жүрек айнуы, құсу, диарея, абдоминальді ауырулар, шаршағыштық, миалгия және бұлшықеттердің құрысуы, бөртпе болады, олар жеңіл түрде басылды. Жиі шеткергі ісінулер, негізінен периорбитальді аймақта немесе аяқ-қолдың ісінуі анықталды. Алайда олар айқын сипатта сирек болды және диуретиктермен жақсы емделеді, ал кейбір науқастарда ИММУТИН® 100 дозасын төмендеткеннен кейін өтпелі болған.

ИММУТИН® 100 химиотерапиялық препараттермен жоғары дозада біріктіріп емдегенде Ph+-ЖЛЛ бар емделушілерде трансаминаза деңгейінің жоғарылауы және гипербилирубинемия түрінде бауыр функциясының транзиторлы бұзылуының білінгені кездесті.

Плевралық жалқық, асцит, өкпе ісінуі және шеткергі ісінуімен немесе онсыз дене салмағын жылдам қосу сияқты біріккен жағымсыз әсерлер, негізінен “сұйықтықтың іркілуі” ретінде квалификациялануы мүмкін. Жоғарыда көрсетілген жағымсыз әсерлерді жою үшін, әдетте, ИММУТИН® 100 емдеуді уақытша тоқтатып, диуретиктер қолданады. Сонда да кейбір жағдайларда бұл құбылыстар күрделі, тіпті өмірге қауіпті дәрежеге дейін жеткен. Мысалы, бласттық кризі және плевралық жалқық, іркілісті жүрек жеткіліксіздігі және бүйрек жеткіліксіздігі сияқты клиникалық бұзылулар кешені бар емделушілерде бір өлім жағдайы тіркелген.

Бірен-саран бақылауларға қарағанда жиірек тіркелген жағымсыз әсерлер төменде пайда болу жиілігі көрсетіліп берілген.

Жиілігін анықтау: өте жиі (≥1/10), жиі (≥1/100 ≤ 1/10), кейде (≥ 1/1000 < 1/100), сирек (≥1/10000 <1/1000), өте сирек (≤1/10000), жекелеген жағдайларды қоса.

Өте жиі

- дене салмағының артуы

- нейтропения, тромбоцитопения, анемия

- бас ауыру

- диспепсия, іштің ауыруы, жүрек айнуы, құсу, диарея

- периорбитальді ісіну, дерматит, экзема, тері бөртпесі

- бұлшықет түйілулері және құрысулар, қаңқа-бұлшықеттерінің ауыруы (милагия, артралгия, сүйек аурулары)

- сұйықтықтың іркілуі, ісінулер

- қажу

Жиі

- фебрильді нейтропения, панцитопения

- анорексия, дәмнің бұзылуы, ауыз қуысының ойылуы

- бас айналу, ұйқының бұзылуы

- парестезия, гипестезия

- конъюнктивит, көз жасының бөлініп шығуының ұлғаюы, “көрудің бұлыңғырлануы” “құрғақ” көз синдромы

- эпистаксия, диспноэ, мұрыннан қан кету, жөтел

- гастро-эзофагеальді рефлюкс, ауыздың құрғауы, гастрит, метеоризм, іштің қатуы

- бауыр ферменттері белсенділігінің жоғарылауы

- беттің, қабақтың ісінуі

- қышыну, эритема, терінің құрғауы, алопеция, фотосенсибилизация реакциялары

- буындардың ісінуі

- қызба, әлсіздік, қалтырау, дірілдеу, түнгі тершеңдік, ентігу

- мұрыннан қан кету

- шаштың түсуі

- дене салмағының азаюы

Кейде

- сепсис, пневмония

- қарапайым ұшық, белдемелі герпес, жоғарғы тыныс жолдарының жұқпалары, несеп шығару жолдарының жұқпалары, целлюлит, синусит және т.б.

- дегидратация

- гиперурикемия, подагра

- гипокалиемия, гиперкалиемия, гипонатриемия, гипофосфатемия

- тәбеттің бұзылуы: артуы немесе төмендеуі

- бас сақинасы, ұйқышылдық, естен тану, есте сақтаудың бұзылуы

- депрессия, үрейленгіштік, либидоның төмендеуі

- көздің тітіркенуі, көз коньюнктивасына қан құйылу, блефарит, макулярлық ісіну

- вертиго, құлақтағы шуыл, естудің төмендеуі

- жүрек қызметінің жеткіліксіздігі, тахикардия; артериялық гипертензия, гипотензия, бет гиперемиясы

- өкпенің ісінуі

- тромбоз, эмболия

- аяқ-қолдың салқындауы, Рейно синдромы

- жөтел, плевралық жалқық, фаринго-ларингеальді ауыру

- стоматит, дисфагия, эзофагит, кекіру, асқазан ойық жарасы, панкреатит, асқазан-ішектен қан құйылулар, қан құсу, ішектің бітелуі, ішектің тесілуі, асцит, мелена

- геморрагиялық инсульт

- сарғаю, гепатит, гипербилирубинемия

- петехиялар, қан тебулер, гематомалар, геморрагиялар

- тырнақтардың зақымдануы, пурпура, гипотрихоз, хейлит, гиперпигментация, псориаз, эксфолиативті дерматит және буллезді бөртпе, есекжем

- ишиас, буынның және бұлшықеттің сіресуі, радикулит, шеткергі нейропатия, аяқтың “шаршау” синдромы, тремор

- бүйрек қызметінің жеткіліксіздігі, бүйрек тұсының ауыруы, несептің бөлініп шығуының күшеюі, гематурия

- гинекомастия, сүт бездерінің ұлғаюы, емшек ұшының ауыруы, меноррагиялар, ұманың ісінуі, етеккір оралымының бұзылуы, эректильді дисфункция, сексульді дисфункция

- қатты дімкәстік

Сирек

- сананың шатасуы

- шеткергі нейропатия, гипостезия, құрысулар, бассүйекішілік қысымның жоғарылауы

- папилоэдема, ретинальді геморрагия, шыны тәрізді денедегі геморрагиялар, дискінің ісінуі, көру жүйкесінің ісінуі, глаукома, катаракта

- есту және вестибулярлы бұзылулар

- жыпылықтаушы аритмия, жүрекше фибрилляциясы, перикардиальді жалқық, перикардит, жүрек тампонадасы, тромбоз/эмболия, стенокардия, миокард инфарктісі, жүректің тоқтап қалуы

- пневмофиброз, интерстициальді пневмония, өкпе гипертензиясы, өкпелік қан кету

- колит, дивертикулит, илеус, ішектің қабынуы

-бауыр жеткіліксіздігі, некротикалық гепатит

- ангионевротикалық ісіну, везукулярлы бөртпе, мультиформалы эритема, лейкоцитокласттық васкулит, Стивенс-Джонсон синдромы, жедел фебрильді нейтрофильді дерматоз (Свит синдромы), тырнақ түсінің өзгеруі

- асептикалық некроз/жамбас остеонекрозы

- анасарка

Өте сирек

- мидың ісінуі, бассүйекішілік қысымның жоғарылауы, конвульсиялар

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- иматинибке және препараттың басқа да компоненттеріне жоғары сезімталдық

- жүктілік және лактация кезеңі - 2 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

ИММУТИН® 100 мыналармен бірге қолданғанда:

- Р450 цитохромының CYP3A4 изоферментін тежейтін препараттармен (мысалы кетоконазол, итраконазол, эритромицин, кларитромицин) – қан плазмасында иматиниб концентрациясы артуы мүмкін. Иматиниб және кетоконазолды бір мезгілде бір рет қолданғанда Cmax 26%-ға және AUC 40%-ға артқандығы жөнінде мәлімдемелер бар;

- CYP3A4 индукторлары болып табылатын препараттармен (мысалы, дексаметазон, фенитоин, карбамазепин, рифампицин, фенобарбитал, немесе шайқурай препараттарымен (hypericum perforatum) – иматинибтің әсері әлсіреуі мүмкін. Рифампицин немесе СYР 3А4 басқа да индукторлары тағайындау ұсынылған емделушілерге ферменттерді индукциялау қабілеті аз альтернативті емдік дәрілер қарастырылуы тиіс;

- симвастатинмен – иматиниб симвастатиннің Cmax және AUC мәндерін, тиісінше, 2 және 3.5 есе арттырады;

- варфаринмен – протромбиндік уақыттың ұзаруы байқалған.

Варфаринге балама ретінде гепариннің төмен молекулалы туындыларын пайдалану жөніндегі мәселені қарастырған жөн.

- кумарин туындыларымен – иматинибпен емдеудің басында және соңында, сондай-ақ ИММУТИН® 100 дозалау режимін өзгерткенде протромбиндік уақытты қысқа мерзім мониторингілеу қажет.

- ИММУТИН® 100 СYP3A4 метаболизденген басқа да дәрілік заттардың (мысалы триазол-бензодиазепиндер, кальций өзекшелерінің дигидропиридиндік блокаторлары, ГМГ-КоА – редуктаза тежегіштері) қан плазмасындағы концентрацияларын арттыруы мүмкін.

ИММУТИН® 100 Р450 цитохромының CYP2D6 изоферментін CYP3A4 тежейтіндей концентрацияларда тежейді. Осыған орай, ИММУТИН® 100 бірге қолданғанда CYP2D6 изоферментінің субстраттары болып табылатын препараттардың әсері күшеюі мүмкін екендігін ескеру керек. Препарат парацетамол/ацетаминофеннің О-глюкуронидациясын тежейді.

α-тироксинмен тиреоидэктомиядан кейін иматинибті және CYP3A4 субстраттары болып табылатын және тар ауқымды емдік концентрацияға ие препараттармен (мысалы, циклоспоринмен немесе пимозидпен) бір уақытта қолданғанда сақ болу керек.

α-аспарагиназамен біріктірілген химиялық ем құрамында.

Айрықша нұсқаулар

АІЖ тарапынан жағымсыз құбылыстар пайда болу қаупін азайту мақсатында препаратты тамақтану кезінде судың біршама мөлшерімен ішіп қабылдаған жөн.

ИММУТИН® 100 қабылдағанда 1-2% жағдайларда сұйықтықтың айқын іркілуі (плевралық жалқық, шеткергі ісінулер, өкпе ісінуі, асцит) байқалған, сондықтан емделушілердің салмағын ұдайы өлшеп отыру керек. Дене салмағы кенеттен жылдам артқанда науқасты тексеруден өткізіп және қажет болғанда тиісті демеуші ем мен күтім тағайындаған жөн.

Бауырының ауыр жеткіліксіздігі, бүйрек функциясының ауыр бұзылуы бар емделушілерге немесе гемодиализ емшарасын ұдайы жүргізгенде Иммутинді абайлап тағайындау керек.

Бауыр функциясының бұзылуы бар емделушілер. Иматиниб негізінен бауырда метаболизденетіндіктен, бауыр функциясының жеңіл, орташа немесе ауыр бұзылуы бар емделушілерге ИММУТИН® 100 ең аз тәуліктік дозада – 400 мг тағайындау керек.

ИММУТИН® 100 тағайындаған кезде, Ph+-ЖЛЛ бар емделушілерде ИММУТИН® 100 мен химиялық препараттардың жоғары дозаларын біріктіріп емдегенде сақ болған жөн, өйткені гепатоуыттылық әсерлері, трансаминазалар деңгейінің жоғарылауы және гипербилирубинемия түрінде бауыр қызметінің транзиторлы бұзылуының пайда болғаны байқалды, сондай-ақ гепатоциттер некрозының және жедел бауыр жеткіліксіздігі дамуы мүмкін, сондықтан бауыр функциясының (трансаминаза, билирубин, сілтілік фосфатаза) көрсеткіштерін анықтау үшін қанның биохимиялық талдауларын ұдайы бақылау ұсынылады. Жағымсыз уытты әсерлер пайда болған жағдайда ИММУТИН® 100 дозасын азайту немесе препаратты уақытша тоқтату ұсынылады.

Бүйрек функциясының бұзылуы бар емделушілер. Иматинибтің және оның метаболиттерінің шығарылуында бүйрек айтарлықтай рөл атқармайды. Бүйрек функциясының бұзылуы жеңіл немесе орташа емделушілерде ИММУТИН® 100 емдеуді ең аз тиімді дозадан – тәулігіне 1 рет 400 мг-ден бастау керек. Алайда бүйрек функциясының бұзылуы ауыр емделушілерде немесе гемодиализ емшарасын ұдайы жүргізуде иматинибті қолдану тәжірибесі шектеулі болғанымен, бұл категориядағы науқастарды да ИММУТИН® 100 емдеуді тәулігіне 1 рет 400мг-ден бастауға болады. Препаратты көтере алмаушылықта алғашқы доза төмендетілуі, ал тиімділігі жеткіліксіз болғанда – арттырылуы мүмкін. ИММУТИН® 100 емдеуде шеткергі қанға толық клиникалық талдау жүйелі түрде жүргізу керек. Созылмалы миелолейкозы бар науқастарға препаратты қолдануда нейтропения, гиперэозинофилия және тромбоцитопения байқалған, алайда олардың пайда болуы аурудың фазасына байланысты. Бласттық кризде және акселерация фазасында бұл жағымсыз құбылыстар аурудың созылмалы фазасына қарағанда жиі кездеседі. Миелодиспластикалық/миелопрофилерациялық аурулар, эозинофилдердің жоғары деңгейімен астасуы мүмкін. Бұл жағымсыз құбылыстар пайда болған кезде препаратты уақытша тоқтату немесе дозаны азайту ұсынылады.

Жүрек функциясының бұзылуы бар емделушілер. Гиперэозинофилия синдромы және жүрек ауруы бар емделушілерде кардиогенді шоктың, сол жақ қарынша жеткіліксіздігі дамуының жекелеген жағдайы байқалған. Бұл жағымсыз құбылыстар жүйелік глюкокортикостероидтарды енгізгеннен, қан айналымын демеуге бағытталған шараларды қолданғаннан және ИММУТИН® 100 уақытша тоқтатқаннан кейін басылады.

МДС/МПА бар және эозинофилдер деңгейі жоғары емделушілерде ЭКГ-зерттеулер жүргізу және тропониннің сарысулық деңгейін анықтау керек. Емдеудің басында қалыптан ауытқулар байқалғанда ИММУТИН® 100 бір мезгілде 1-2 апта бойы жүйелі глюкокортикостероидтарды (1-2мг/кг) қабылдау мүмкіндігін қарастыру керек.

ГИСІ бар емделушілерде (5,4%) АІЖ қан кетулер және 2,7% емделушілерде ісік метастаздары орындарында қанағыштық байқалған. Ісік ошақтарының орналасуына қарай құрсақішілік, сондай-ақ бауырішілік ісіктік геморрагиялар байқалған.

Левотироксинмен алмастыратын емді алып жүрген және тиреоидэктомияны бастан өткерген емделушілерде, ИММУТИН® 100 қолдану аясында гипотиреоздың дамуы жөнінде хабарламалар бар болғандықтан, бұл категориядағы науқастарға тиреотропты гормон деңгейін анықтауды ұдайы жүргізу керек.

Педиатрияда қолдану

2 жасқа дейінгі балаларда емдеудің клиникалық тәжірибесі шектеулі.

Жүктілік және лактация кезеңі

Қазіргі уақытта жүкті әйелдерде иматинибті қолдану бойынша деректер жоқ. Репродуктивті функциясына уытты әсер еткені байқалған, алайда ұрық үшін әлеуетті қаупі әзірге белгісіз. ИММУТИН® 100 жүктілік кезінде, егер мұның өмірге қажетті жағдайын қоспағанда тағайындамау керек, алайда ұрық үшін мұндай жағдайда әлеуетті қауіптің бар екендігі жөнінде емделушіге ескерту керек. Бала туатын жастағы әйелдер ИММУТИН® 100 емделу кезінде контрацепцияның тиімді әдістерін қолдану керек. ИММУТИН® 100 қабылдап жүрген әйелдер бала емізуді тоқтатулары керек.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

ИММУТИН® 100 емделу кезінде емделушілерді оларда естен тану немесе анық көрмеу сияқты жағымсыз реакциялардың пайда болуы мүмкін екендігі жөнінен хабардар ету керек. Сондықтан автокөлікті немесе басқа да қауіптілігі зор механизмдерді басқарғанда сақ болу керек.

Артық дозалануы

Симптомдары: жүрек айнуы, құсу, диарея, іштің ауыруы, бас ауыру, тәбеттің төмендеуі, әлсіздік, гипертермия, бөртпелер, эритема, эдема, ісіну, қажу, тромбоцитопения, панцитопения, қан сарысуындағы креатинин деңгейінің жоғарылауы, асцит, бауыр трансаминазалары белсенділігінің жоғарылауы, билирубин деңгейінің артуы, бұлшықет құрысулары.

Препараттың артық дозалануының жекелеген жағдайы жөнінде хабарлар бар. Бір жағдайда 1200 мг дозада иматинибті 6 күн бойы қабылдағанда СМЛ бар емделушіде бласттық криз фазасында жағымсыз әсерлерден төмендегілер байқалды: қан сарысуындағы креатинин деңгейінің 1 дәрежелі жоғарылауы, 2 дәрежелі асцит, бауыр трансаминазалары белсенділігінің жоғарылауы, 3 дәрежелі билирубин деңгейінің артуы. Сондай-ақ, 6 күн бойы тәулігіне 1600 мг дозада иматинибті қабылдағаннан кейін бұлшықеттің қатты құрысуларының дамығаны жөнінде хабарлар бар.

Емі: медициналық бақылау және симптоматикалық ем жүргізу ұсынылады. ИММУТИН® 100 у қайтарғысы белгісіз.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Поливинилхлоридті мөлдір үлбірден және баспалы алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 10 капсуладан салынған.

3 немесе 6 пішінді қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге өндіруші фирманың голограммасы бар картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Сақтау мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Нобел Алматы Фармацевтикалық Фабрикасы» АҚ

Қазақстан Республикасы

Алматы қ., Шевченко к-сі 162 Е

Тіркеу куәлігінің иесі

«Нобел Алматы Фармацевтикалық Фабрикасы» АҚ

Қазақстан Республикасы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Нобел Алматы Фармацевтикалық Фабрикасы» АҚ

Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Шевченко к-сі 162 Е.

Телефон нөмірі: (+7 727) 399-50-50

Факс нөмірі: (+7 727) 399-60-60

Электрондық пошта:  nobel@nobel.kz

 

Прикрепленные файлы

216023891477976681_ru.doc 117.5 кб
304802521477977835_kz.doc 146.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники