Иммуно-Тон
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Иммуно-тон
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Шәрбат
Құрамы
5 мл шәрбаттың құрамында
белсенді заттар: сұйық элеутерококк сығындысы (1:1) - 0,98 г; қанқызыл эхинацея тарамтамырларының тұндырмасы (1:10) - 0,47 г; шайқурай тұндырмасы (1:5) - 0,49 г
қосымша зат - қант шәрбаты
Сипаттамасы
Сары-қоңырдан қызыл-қоңыр түске дейінгі сұйықтық. Сақтау барысында тұнба түсуі мүмкін.
Фармакотерапиялық тобы
Иммуномодуляторлар. Иммуностимуляторлар. Басқа да иммуностимуляторлар
АТХ коды L03 AX
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикаcы
Зерттелмеген.
Фармакодинамикасы
Иммуно-тон эхинацея, элеутерококк және шайқурайдың биологиялық белсенді заттарының қасиеттері арқылы біріктірілген адаптогендік және иммунитетті стимуляциялайтын әсер береді. Иммуно-тон экстремальді жағдайларда қоршаған ортаның жағымсыз факторларына (соның ішінде суықтауға) организмнің табиғи қорғаныш күштерін арттырады, сондай-ақ ауыр сырқаттарды бастан өткергеннен кейін иммундық жүйені стимуляциялайды, орталық жүйке жүйесіне жеңіл сергіткіш әсер береді. Иммуно-тонның айқын радиопротекторлы, стрессопротекторлық, антидепрессанттық, қабынуға қарсы, актопротекторлық (антиоксиданттық және гипоксияға қарсы) әсері бар.
Иммуно-тон тіндерде көмірсу-фосфор алмасудың энергетикалық шығынын оңтайландырады (көмірсулар синтезі артады, мұндайда майлардың синтезі тежеледі және олардың утилизациясы жоғарылайды), ақуыз синтезі жоғарылайды, ақыл-ой және дене жұмысына қабілеті жоғарылатады, психоэмоциональді және дене жүктемелерінде қажуды төмендетеді.
Иммунитетті түрлендіруші әсері, көбіне жасушалық иммунитеттің стимуляциялануымен, Т-лимфоциттер санының артуымен, лейкоциттердің фагоцитарлы белсенділігінің жоғарылауымен, кейбір цитокиндердің босап шығуымен жүзеге асады.
Қолданылуы
- созылмалы рецидивті қабыну ауруларындағы астениялық және иммунитет тапшылығы жағдайларында
- операциялық араласулардан кейінгі жағдайларда және антибиотикпен емдеуде
- цитостатикалық, иммунодепрессивтік, сәулемен емдеуде
- дене және ақыл-ой жүктемесі жоғары болғанда, физикалық және психоэмоционалдық қажығыштықта
- қоршаған ортаның экстремальді факторларына резистенттіліктің жоғарылауында (соның ішінде суықтап қалу)
- суық тию аурулары мен тұмаудың алдын алуда
Қолдану тәсілі және дозалары
Ересектерге және 12 жастан асқан балаларға 2-3 шай қасықтан (10-15 мл) күніне 2 рет (күннің алғашқы бөлігінде, тамақтан кейін) тағайындайды. Шәрбатты шаймен, коктейльдермен, сүтпен және басқа да сусындармен бірге қабылдауға болады. Емдеу курсының ұзақтығы – 7-10 күн. Емдеуді 1-2 аптадан кейін қайталауға болады.
Суық тиюден болған аурудың және тұмаудың алдын алу үшін Иммуно-тон 1 шай қасықтан (5 мл) күніне 2 рет (күннің алғашқы бөлігінде, тамақтан кейін) 5-7 күн бойы тағайындайды.
Жағымсыз әсерлері
Әдетте Иммуно-тонның көтерімділігі жақсы. Препараттың құрамына кіретін қанқызыл эхинацея ауыр тыныс алу, бас айналу немесе қан қысымының төмендеуі түріндегі аса жоғары сезімталдық реакциялары дамуына ықпал етеді. Препаратты қолданғанда болуы мүмкін:
- ас қорыту жолы тарапынан: диспепсиялық құбылыстар
- аллергиялық реакциялар: тері бөртпесі, қышыну, ісіну, гиперемия, есекжем, қалтырау, фотосенсебилизациямен байланысты тері реакциялары
- жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан: артериялық қысымның жоғарылауы, жүрек ырғағының бұзылуы
- орталық және шеткергі жүйке жүйесі тарапынын: ұйқысыздық, жүйкенің жоғары қозғыштығы, үрейлену жағдайы
- басқалар: гиперсаливация
Ұзақ уақыт қолданғанда иммундық жүйе қызметінің тежелу көріністері дамуы мүмкін.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық
- туберкулез
- лейкоз
- коллагенозд
- жайылған склероз
- аутоиммундық аурулар, ЖИТС
- қызба жағдайы
- артериялық гипертензия
- жұқпалы және соматикалық аурулардың жедел кезеңі
- жүрек ырғағының бұзылуы
- ұйқысыздық
- миокард инфарктісі
- нейроциркуляторлық дистония
- күрделі гүлдер тұқымдас өсімдіктерге аллергия
- онкологиялық аурулар
- жүйелі қызыл жегі
- жүктілік, бала емізу кезеңі
- 12 жасқа дейінгі балалар
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Хлоралгидрат, барбитураттар, аминазиннің ұйықтатқыш және орталық жүйке жүйесін бәсеңдеткіш әсерлерін төмендетеді, адреналиннің, натрий салицилатының кейбір әсерлерін басады. Препарат алкогольдің, орталыққа әсер ететін психостимуляциялаушы және гипотензиялық дәрілік заттардың әсерлерін үдетуі мүмкін. Иммунодепрессанттармен бірге, олардың тиімділігінің төмендеуіне байланысты қолдануға болмайды, сондай-ақ алдағы уақытта ағзалары ауыстырылатын, иммунодепрессанттармен емдеу көрсетілген науқастарға да тағайындамау керек. Антидепрессанттармен бірге қолданған жағдайда жағымсыз әсерлердің даму ықтималдығы туындайды.
Препаратты протеаза тежегіштерімен, транскриптазаның нуклеозидтік тежегіштерімен, тікелей емес антикоагулянтпен, циклоспоринмен, ішу арқылы қабылданатын контрацептивті дәрілермен, дигоксинмен, теофиллинмен, құрысуға қарсы препараттармен, серотонинді кері қармап қалатын тежегіштермен, суматриптанмен, кортикостероидтармен бір мезгілде тағайындамаған жөн.
Айрықша нұсқаулар
Аллергиялық реакциялардың пайда болу мүмкін екендігіне байланысты, Иммуно-тонды бронх демікпесі, атопиялық дерматиті, аллергиянық риниті бар науқастарға, сондай-ақ бауыр қызметі бұзылған науқастарға абайлап тағайындаған жөн.
Ультракүлгін сәулеленумен бір мезгілде қолданғанда препарат фотосенсибилизацияны тудыруы мүмкін.
Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Көлік құралдарын басқару және жоғары зейін қою және психомоторлық реакциялар жылдамдығын талап ететін қызметтерден бас тарта тұрған жөн.
Артық дозалануы
Симптомдары: жүректің айнуы, құсу, ұйқысыздық, гипергликемия, аллергиялық тері реакциялары.
Емі: көрсетілген құбылыстар едәуір айқын болғанда асқазанды шайған, антигистаминдік препараттар тағайындау, симптоматикалық ем жүргізу керек.
Шығарылу түрі және қаптамасы
100 мл препараттан шыны банкілерге немесе құтыларға немесе 200 мл препараттан алюминий қақпақпен немесе қалпақшамен тығындалған шыны құтыларға салынады. Банкіге немесе құтыға заттаңба жапсырылған. 1 банкі немесе құтыдан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен және өлшеуіш қасықпен бірге пәшкеге қапталады.
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында, 25С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
«Галичфарм» АҚ, Украина, 79024, Львов қ., Опрышковская к-сі, 6/8.
Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі
«Галичфарм» АҚ, Украина
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:
«Артериум» корпорациясының Қазақстан Республикасындағы өкілдігі
050060, Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы, 97 үй, 3 подъезд, «54» кеңсе,
Тел/факс: 8(727)315-82-09; 8(727)315-82-10;
Е-mail: office@arterium.kz