Иммунокинд
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Иммунокинд
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Таблеткалар
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді заттар:
Calcium carbonicum Hahnemanni trit. D6 20.00 мг
Calcium fluoratum trit. D6 20.00 мг
Calcium phosphoricum trit. D6 20.00 мг
Sulfur jodatum trit. D12 20.00 мг,
қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, тальк, магний стеараты.
Сипаттамасы
Жалпақ цилиндр пішінді, ойығы бар, ақ немесе ақ дерлік түсті таблеткалар.
Фармакотерапиялық тобы
Басқа да иммуностимуляторлар
АТХ коды L03AX
Фармакологиялық қасиеттері
Иммунокинд организмнің қорғайтын күштерін көтермелейтін дәрі ретінде жақсы танылған гомеопатиялық кешенді препарат. Препараттың белсенді ингредиенттері суық тию ауруларында, тонзиллит, отит және бронхит сияқты қайталанатын инфекциялық ауруларда, сондай-ақ толық сауығу баяулағанда тиімді.
Гомеопатиялық емнің ауруларды анықтау мен дәрілік препараттарды қолдану жағынан дәстүрлі медицинадан елеулі айырмашылығы бар. Гомеопатиялық дәрілер организмнің дербес қорғаныш механизмдерін көтермелейді және сонысымен өздігінен сауығу қабілетін белсендіреді. Организмнің гомеопатиялық дәріге жауап реакциясы жеке дара. Осыған байланысты нақты дозаларға фармакологиялық сипаттамаларын, фармакодинамикалық немесе фармакокинетикалық сипаттамаларын анықтау мүмкін емес.
Фармакодинамикасы
Әсер етпейді
Қолданылуы
- емшектегі және кіші жастағы балалардың тыныс алу жолдарының жиі және қайталанатын жедел инфекциялары кезінде иммун жүйесін демеуде
Қолдану тәсілі және дозалары
Өзге нұсқаулар болмағанда Иммунокинд мынадай түрде қолданылады:
6 жасқа дейінгі балалар: 1 таблеткадан күніне 3 рет.
Таблеткаларды олардың ауызда баяу еруіне мүмкіндік бере отырып, тамақтануға дейін жарты сағат бұрын немесе одан кейін жарты сағаттан соң қабылдау керек. Емшек еметін балаларды емдегенде таблеткаларды шамамен 20 мл (2 ас қасықпен) қайнаған және суыған суда ерітуге болады..
Жағымсыз әсерлері
Жағымсыз әсерлері анықталмаған. Препарат компоненттерінің біріне аллергиялық реакциялар болуы мүмкін.
Егер Сіз Иммунокинд препаратын қабылдағаннан кейін Сіздің балаңызда жағымсыз әсерлерінің белгілері байқалып келе жатқанына күдіктенсеңіз, бұл туралы дәрігеріңізге немесе фармацевке айтуыңыз керек..
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- белсенді заттардың біріне немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- галактозаны көтере алушылықтың сирек тұқым қуалайтын бұзылулары
- лопарилер (саамдар) лактаза жеткіліксіздігі немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Басқа дәрілік препараттармен ешқандай өзара әрекеттесуі айқындалмаған. Бұл гомеопатиялық дәрілік препаратты қолдану басқа дәрілік заттардың қолданылуын жоққа шығармайды.
Айрықша нұсқаулар
Препарат құрамында лактоза бар, сондықтан оны қолдануға болмайтын жағдайлар бөлімінде аталған науқастарға тағайындамаған жөн.
Жағдайы жақсармағанда, жай-күйі айқын болмағанда немесе жаңа симптомдар пайда болғанда дәрігерге көрініңіз, өйткені мұндай жағдайда дәрігерлік көмекті қажет ететін аурулар жайында сөз болуы мүмкін.
Гомеопатиялық дәрілік заттарды қабылдау кезінде орын алған жай-күйі уақытша нашарлауы (бастапқы гомеопатиялық асқыну) мүмкін. Мұндай жағдайларда пациенттер препарат қабылдауды тоқтатып, дәрігерге қаралуы тиіс..
Иммунокинд препаратын қолдануды бастардың алдында, егер олардың баласы қалқанша без ауруымен зардап шегетін болса, ата-аналары дәрігермен кеңесулері тиіс.
Ата-аналар Иммунокиндті дәрігердің кеңесінсіз ұзақ уақыт пайдаланбаулары тиіс.
Артық дозалануы
Анықталмаған
Артық дозаланған жағдайда симптоматикалық ем.
Шығарылу түрі және қаптамасы
150 таблеткадан нығыздағыш алюминий дискісі және бұрандалы пластик қақпағы бар қоңыр шыны құтыда. 1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Сақтау шарттары
25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
5 жыл
Контейнер алғаш ашылғаннан кейінгі қолдану кезеңі 12 ай.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
ӨндірушіДойче Хомеопати -Унион ДХУ- Арцнаймиттель ГмбХ & Ко. КГ,
Оттоштрассе 24, 76227 Карлсруэ, Германия
Шығарылуын бақылайтын ұйым
Др. Пайтнер КГ нунмер ГмбХ & Ko, Австрия
Тіркеу куәлігінің ұстаушысы/Дәрілік затты қаптаушы ұйым
Дойче Хомеопати -Унион ДХУ- Арцнаймиттель ГмбХ & Ко. КГ,
Оттоштрассе 24, 76227 Карлсруэ, Германия
Эксклюзивті өкілі
Альпен Фарма АГ
Берн, Швейцария
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
«Альпен Фарма» ЖШС
Алматы обл., Қарасай ауданы, Елтай ауылдық округі,
Көкөзек а., 1044 учаске
Тел./факс + 7 727 232-34-73,
+ 7 727 232-34-74
Дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты тұлғаның ұялы тел. +7 701 035 70 69.
E-mail: info.kazakhstan@alpenpharma.com