Ивкер

Производитель: Хималайя Драг Компании
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты для лечения гинекологических заболеваний
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№021086
Информация о регистрации в РК: 16.09.2020 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Ивкер

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Капсулалар

Құрамы

1 капсуланың құрамында

белсенді заттар:

Құрғақ сығынды:

 

Үнді саракиінің қабықтарынан

85 мг

Дашамула тамырларынан

35 мг

Салалы симплокос қабықтарынан

35 мг

Жүрекшежапырақты тиноспора сабақтарынан

35 мг

Қара алқаның тұтас өсімдіктерінен

35 мг

Салалы қояншөп тамырларынан

35 мг

Шашыраңқы берхавия тамырларынан

35 мг

Ақ сантал ағаштарынан

25 мг

Дөңгелек сәлемшөп түйнектерінен

25 мг

Трифал **

20 мг

Тармақты адатода жапырақтарынан

20 мг

Капоковты бомбаксының қабықтарынан

15 мг

Алоэ вера жапырақтарынан

Трикату*** 20 мг

25 мг

Ұнтақтар:

 

Kasisa godanti bhasma 35 мг

Yashada bhasma 20 мг

 

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, магний стеараты, кросповидон, коллоидты кремнийдің қостотығы

Фармакотерапиялық тобы

Гинекологиялық ауруларды емдеуге арналған басқа да препараттар.

АТХ коды G02C

Сипаттамасы

Қақпағында «EveCare» жазуы бар, ашық-қоңырдан күңгірт-қоңыр түске дейінгі түйіршіктермен толтырылған, өлшемі «0», ақшыл көк түсті қатты желатинді капсулалар

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Ивкер капсулалары шөптер негізінде жасалған көп компонентті дәрілік препарат болғандықтан фармакокинетикалық зерттеулер жүргізу мүмкін емес.

Фармакодинамикасы

Ивкер көп компонентті өсімдік тектес препарат, ол жатыр функциясына өзінің стимуляциялайтын әсер беруі есебінен етеккір оралымын реттейді. Аналық без тіндеріне стимуляциялайтын әсер беруі есебінен аталмыш препарат эндогендік гормональді секрецияның жоғарылауына, эндометрийдің қарқынды түрде қалпына келуіне ықпал етеді және жатырдан қан кетуін тоқтатады. Дашамула сулы сығындысы эндометрийге қатысты қабынуға қарсы және регенерациялаушы әсер етуі есебінен клиникалық тиімді. Жүрекшежапырақты тиноспора ауыруды басатын, спазмолитикалық қасиеттерімен етеккір кезінде ауыруды азайтады. Салалы симплокос құрамына етеккір оралымының бұзылулары кезінде тиімді болатын бетулин, олеанол қышқылдары кіреді. Бұл өсімдік қабығының сығындысы гиперполименореяны және дағдылы түсік тастау жағдайларын емдеуде пайдаланады. Үнді саракасы, Қара алқа, Шашыраңқы берхавия, Салалы қояншөп гиперменорея, дисменорея кезінде етеккір алды синдромын қайтару үшін қолданылады. Алоэ вера спазматикалық дисменореяны емдеген кезде, сондай-ақ әйелдерде фертильдікті жоғарылату үшін пайдаланылады, бұл ұрықтануға қабілеттілікті арттырудағы Ивкер препаратының пайдалылығын растайды. Дөңгелек сәлемшөп медицинада антибактериялық және қабынуға қарсы дәрі ретінде қолданылады, ол етеккір кезінде ауыруды жеңілдетуге қабілетті, сондай-ақ жамбас аймағында қан іркілуін жою есебінен кейбір гинекологиялық ауруларда қолданылады, жыныстық белсенділікті көтермелейді. Тармақты адатода қабынуға қарсы белсенділік байқатады, өсімдік құрамында болатын вазицин миометрийге сергітетін әсер береді, мұндай әсерін күші жағынан окситоцин мен метилэргометриннің әсер етуімен салыстыруға болады. Трифала үш дәрілік өсімдік - Дәрілік эмблика, Терминалия хебула, Терминалия белерика жемістерінің қоспасы, 2,2 – дифенил-1-пикрилгидразил және супероксид секілді бос радикалдарды сіңіруге қабілетті. Бұл қасиет фенолды компоненттердің болуына негізделген, осыған байланысты Трифаланы етеккір оралымы бұзылуын туындататын әртүрлі гормональді бұзылыстарды жоюға қолдануға болады.

Капоковты бомбаксыдан алынған мангиферин антиоксидантты және ауыруды басатын белсенділік байқатады.

Қолданылуы

- етеккір алдындағы синдромда

- дисменореяда

- дисфункциялық жатырдан қан кетуде

- етеккір айналымының бұзылуында

- гиперменореяда

- ациклдік жатырдан қан кетуде

- олигоменореяда

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектерге күніне 1-2 капсуладан, емдеу курсы 3 ай және одан асады немесе дәрігердің тағайындауы бойынша.

Жағымсыз әсерлері

- аллергиялық реакциялар болуы мүмкін

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

- препаратты гормональді препараттармен қабылдау әсерін арттырады

Айрықша нұсқаулар

Жүктілік және лактация уақытында

препаратты қолдану ұсынылмайды

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді.

Артық дозалануы

Препараттың қосарлы ұсынылған дозасынан асыруға болмайды.

Шығарылу түрі және қаптамасы

30 капсуладан тығыздығы жоғары полиэтиленнен жасалған ақ түсті құтыда. 1 құтыдан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Мұздатып қатыруға болмайды.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу тәртібі

Рецептісіз

Өндіруші

Хималайя Драг Компани

Макали, Бангалор 562123, Үндістан

www.himalayahealthcare.com

Тіркеу куәлігінің иесі

«Хималайя Драг Компани»Үндістан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Трансатлантик Алматы ЖШС»

Алматы қ. Жангелдин к-сі 31

200 кеңсе «Жар-Су» Бизнес орталығы

тел/факс 278-59-99/94

e-mail reg@transatlantic.kz

 

Прикрепленные файлы

592759501477976532_ru.doc 59 кб
939268341477977687_kz.doc 60.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники