Ибуфен®

МНН: Ибупрофен
Производитель: Медана Фарма АО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Ibuprofen
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№003031
Информация о регистрации в РК: 06.11.2020 - 06.11.2030
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)
Предельная цена закупа в РК: 500.25 KZT
Предельная цена реализации в РК: 1 080.02 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

ИБУФЕН®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Ибупрофен

Дәрілік түрі

Ішуге арналған суспензия, 100 мг/5 мл 100 мл

Құрамы

100 мл суспензияның құрамында

белсенді зат – 2.0 г ибупрофен,

қосымша заттар: гипромеллоза, ксантан шайыры, глицерин, натрий бензоаты, сұйық мальтит, натрий цитраты дигидраты, лимон қышқылы моногидраты, натрий сахаринаты, натрий хлориді, таңқурай хош иістендіргіші, тазартылған су.

Сипаттамасы

Таңқурай иісі бар ақ немесе ақ дерлік түсті біртекті суспензия.

Фармакотерапиялық тобы

Қабынуға қарсы және ревматизмге қарсы препараттар. Қабынуға қарсы стероидты емес препараттар. Пропион қышқылының туындылары. Ибупрофен.

АТХ коды M01AE01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетика

Сіңуі

Ішу арқылы қабылдағанда 1 сағаттан соң қан плазмадағы ең жоғары концентрациясына жете отырып, 80% астам ибупрофен асқазан-ішек жолдарынан сіңеді.

Ас ішу ибупрофен сіңуін баяулатады, бірақ оның биологиялық жетімділігін азайтпайды. Ибупрофенді балалар 10 мг/кг дозада суспензия түрінде қабылдағанда, оның қандағы ең жоғары концентрациясы 55 мкг/мл құрайды. Ибупрофен тамақпен бірге қабылдағанда баяу сіңеді: (t max) бұл кезде аш қарынға қабылдағанға қарағанда 30-60 минутқа ұзақ және 1,5-3 сағатты құрайды.

Таралуы

Ибупрофен қан плазмасының ақуыздарымен 99%-дан аса байланысады. Дәрілік затты байланыстыратын негізгі ақуыздар альбуминдер болып табылады. Ибупрофеннің таралу көлемі ересектерде шамамен дене салмағына 0,12 л/кг, ал дене қызуы жоғары 11 жастан кіші балаларда ол жоғары және дене салмағына қарай 0,2 л/кг құрайды. Ақуыздармен жоғары байланысу дәрежесі ибупрофеннің синовиальді және жұлын-ми сұйықтығында өту жылдамдығын шектейді. Сондықтан ибупрофен синовиальді сұйықтыққа баяу өте отырып, ұзақ уақыт емдік концентрациясын сақтайды.

Метаболизмі

Дәрілік зат негізінен бауырда биотрансформацияланады.

Шығарылуы

70-90% қабылданған доза несеппен бірге метаболиттер және олардың глюкурон қышқылымен конъюгациясы өнімдері түрінде шығарылады.

Дозаның қалған бөлігі нәжіспен өзгермеген түрде және метаболиттер түрінде шығарылады. Дәрілік зат организмде жинақталмайды.

Фармакодинамикасы

Ибупрофен ыстықты түсіретін, ауыруды басатын және қабынуға қарсы әсері бар пропион қышқылының туындысы болып табылады.

Ибупрофеннің әсер ету механизмі ең алдымен арахидон қышқылының простагландиндерге, простациклин және тромбоксанға айналуын реттейтін ферменті–циклооксигеназа (ЦОГ) белсенділігін төмендету есебінен простагландиндер биосинтезін бәсеңдетуімен шартталған. Бұл кезде арахидон қышқылының метаболизмнің циклооксигеназалы жолын қайтымсыз тежеу нәтижесінде простагландиндер түзілуі азаяды. Қабынған жерде простагландиндер концентрациясын төмендету брадикинин, эндогенді пирогендер, басқа биологиялық белсенді заттардың, оттек радикалдары және азот оксидінің түзілуінің азаюымен қатар жүреді. Мұның барлығы қабыну барысының белсенділігі төмендеуіне әкеп соқтырады (ибупрофеннің қабынуға қарсы әсері) және ауыру рецепциясының азаюымен қатар жүреді (ауыруды басатын әсері). Цереброспинальді сұйықтықта простагландиндер концентрациясының азаюы дене қызуының қалыпты болуын туындатады (антипиретикалық әсері). Қабылдағаннан кейін 30 минуттан соң дене қызуының төмендеуінің әсері басталады, оның ең жоғары әсері 3 сағаттан соң байқалады.

Қолданылуы

Мына жағдайлардағы шығу тегі әртүрлі дене температурасының жоғарылауында:

  • суық тию ауруларында

  • жедел респираторлық вирустық инфекцияларда

  • тұмауда

  • баспада (фарингитте)

- дене температурасының жоғарылауымен қатар жүретін балалар

инфекциясында

- вакцинациядан кейінгі реакцияларда

Мына жағдайлардағы әлсіз және орташа қарқындылықтағы шығу тегі әртүрлі ауыру синдромында:

  • тіс ауырғанда, тіс жарып шыққандағы ауыруында

  • бас ауыруында, бас сақинасында

  • тірек-қозғалыс аппаратының жарақаты салдарынан бұлшықет ауырғанда

  • ортаңғы құлақтағы қабыну үдерісінде болатын құлақтағы ауыруда

Қолдану тәсілі және дозалары

Ішу арқылы қабылдауға арналған.

5 мл суспензияның құрамында 100 мг ибупрофен бар.

Қолданар алдында біртекті суспензияны алғанға дейін шайқау керек.

Дәрілік препаратты ас ішкеннен кейін судың мол мөлшерімен бірге қабылдайды.

Суспензияны дәл дозалау үшін құтыға дозатор қоса беріледі (қасық немесе еккіш).

Доза баланың жасына және дене салмағына байланысты анықталады.

Ибуфен® препаратының тәуліктік дозасы дене салмағына 20-30 мг/кг құрайды. Препаратты төменде көрсетілген сызба бойынша бір реттік дозаларда тағайындайды:

3 айдан 6 айға дейінгі емшектегі балалар (5-7,6 кг): тәулік бойы 2,5 мл-ден 3 рет (ол тәулігіне 150 мг ибупрофенге сәйкес).

6 айдан 12 айға дейінгі емшектегі балалар (7,7-9 кг): тәулік бойы 2,5 мл-ден 3-тен 4 ретке дейін (ол тәулігіне 150 мг-200 мг ибупрофенге сәйкес).

1 жастан 3 жасқа дейінгі балалар (10-15 кг): тәулік бойы 5 мл-ден 3 рет (ол тәулігіне 300 мг ибупрофенге сәйкес).

4 жастан 6 жасқа дейінгі балалар (16-20 кг): тәулік бойы 7,5 мл-ден 3 рет (ол тәулігіне 450 мг ибупрофенге сәйкес).

7 ден 9 жасқа дейінгі балалар (21-29 кг): тәулік бойы 10 мл-ден 3 рет (ол тәулігіне 600 мг ибупрофенге сәйкес).

10-нан 12 жасқа дейінгі балалар (30-40 кг): тәулік бойы 15 мл-ден 3 рет (ол тәулігіне 900 мг ибупрофенге сәйкес). Көрсетілген дозадан аспауы керек.

Ұсынылатын дозадан аспауы керек.

Дәрілік зат симптоматикалық емдеуге арналған.

Емдеудің ұзақтығы:

- ыстықты түсіретін зат ретінде 3 күннен асырмай

- ауыруды басатын дәрі ретінде 5 күннен асырмай.

Препарат дозасын 6 - 8 сағаттық аралықпен (немесе егер бұл қажет болса, кемінде қабылдаудың 4 сағаттық аралығын сақтау) қолданады.Балаларға өмірінің 6 айлығына дейінгі жаста дәрілік препаратты тек дәрігер кеңесінен кейін және препаратты дәрігер тағайындағаннан кейін енгізу керек.

Егер 3 айдан 5 айға дейінгі жастағы балаларда препаратты қабылдағаннан кейін 24 сағат ішінде симптомдар сақталса немесе күшейсе, дәрігерге қаралу керек. Егер препаратты 6 айдан 12 жасқа дейінгі сәбилерде препарат қабылдау аясында симптомдар 3 күннен астам сақталса дәрігерге қаралуы қажет.

Препараттың ұсынылатын дозасын арттыруға болмайды.

Препарат симптоматикалық емге арналған. Егер симптомдар сақталса немесе күшейсе, немесе жаңа симптомдар пайда болса, дәрігерге көрінуі тиіс.

Вакцинациядан кейін дене температурасының жоғарылауы

Бір рет 2,5 мл суспензия енгізеді, қажет болған жағдайда дозаны 6 сағаттан кейін қайталауға болады. 24 сағат ішінде 2,5 мл суспензиядан екі дозадан астам енгізуге болмайды. Бұндай симптомдар туындаған жағдайда дәрігерге қаралу керек.

Еккіш түріндегі дозаторды қолдану жөніндегі нұсқаулық

1. құтының қалпақшасын бұрап алып (төмен қарай басып жаншу керек, сағат тіліне қарсы бұрау керек).

2. құтының мойнындағы саңылауға дозаторды қатты басу керек.

3. құтының ішіндегісін қатты сілку керек.

4. дозаторды толтыру үшін, құтыны басын төмен қаратып төңкеру керек, содан соң дозатордың поршенін төмен қарай абайлап ауыстыру керек, ішіндегісін шкаладағы қажетті белгіге дейін құю керек.

5. құтыны қайта төңкеріп, оны ақырын бұрай отырып, одан дозаторды алу керек.

6. дозатордың ұштығын баланың ауыз қуысына орналастырып, содан соң поршеньге баяу баса отырып, дозатор ішіндегісін енгізу керек.

7. қолданғаннан кейін құтының қақпағын бұрау арқылы жауып, дозаторды сумен шаяды және құрғатады.

Жағымсыз әсерлері мен реакциялары

Жиі емес: ( 1/1000-нан 1/100 дейін)

- тері бөртпесі және қышымамен аллергиялық реакциялар

- іш ауыруы, жүрек айнуы, диспепсия

Сирек (>1/10000 - <1/1000 дейін)

- құсу, метеоризм, диарея, іш қатуы

- бас ауруы, бас айналуы, ұйқысыздық, қозғыштық, ашушаңдық, шаршағыштық сезім

Өте сирек ( 1/10000)

  • жоғары сезімталдықтың ауыр реакциялары: беттің, тілдің және көмейдің ісінуі, ентігу, тахикардия, артериялық гипотензия (анафилаксия, Квинке ісінуі немесе ауыр шок)

  • бронх демікпесі, бронх демікпесінің және бронх түйілуінің өршуі

  • пептикалық ойық жара, ойық жараның тесілуі немесе асқазан-ішек жолынан қан кету, мелена, қан құсу (әсіресе егде жастағы пациенттерде кейде өлімге әкелетін), ойық жаралы стоматит, гастрит, ойық жаралы колиттің және Крон ауруының өршуі

  • көрудің бұзылуы

  • қан түзудің бұзылуы (анемия, лейкопения, тромбоцитопения, панцитопения, агранулоцитоз).

  • ҚҚСП тобының препараттарын қолдануға байланысты ісіну, артериялық гипертензия, жүрек жеткіліксіздігі пайда болуы

  • жедел бүйрек жеткіліксіздігі, қан сарысуындағы (әсіресе ұзақ қабылдағанда) мочевинаның жоғарылауымен және ісінулермен астасқан папиллонекроз

  • бауыр функциясының бұзылуы, әсіресе ұзақ қабылдаған кезде

  • көп формалы эритеманы, уытты эпидермальді некролизді, Стивенс-Джонсон синдромын қоса буллездік реакциялар сияқты тері реакцияларының ауыр түрлері дамуы мүмкін

  • асептикалық менингиттің симптомдары: желке бұлшықеттерінің сіресуі, бас ауыруы, жүрек айнуы, құсу, қызба немесе әсіресе осының алдында аутоиммундық бұзылулары (жүйелі қызыл жегі, дәнекер тіннің аралас аурулары) болған пациенттердегі бағдардың бұзылуы.

  • психоздық реакциялар, депрессия

Жағымсыз әсерлері пайда болғанда препаратты қолдануды тоқтату керек.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • ибупрофенге немесе препараттың басқа компоненттеріне, сондай-ақ басқа да қабынуға қарсы стероидты емес дәрілік препараттарға жоғары сезімталдық

  • ацетилсалицил қышқылын (салицилаттар) немесе басқа ҚҚСД қабылдау түрткі болған бронх демікпесі, есекжем, ринит

  • спецификалық циклооксигеназа-2 тежегіштерін қоса, басқа ҚҚСД бірге мезгілде қолдану

  • асқазан-ішек жолының ойық жаралы зақымдануы (асқазанның және он екі елі ішектің ойық жара ауруы, ойық жаралы колит)

  • асқазан-ішектен қан кету

  • сыртартқысында ҚҚСД емдеумен байланысты асқазан-ішектен қан кетудің немесе тесілуінің болуы

  • геморрагиялық васкулит

  • қан ауруы (қан кетуге, гемофилияға, гипокоагуляцияға бейімділік)

  • бүйректің немесе бауырдың ауыр жеткіліксіздігі

  • ауыр дәрежелі жүрек жеткіліксіздігі

  • жүктіліктің III триместрі

  • 3 айға дейінгі балалық жас

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Ибуфен® препаратын (ҚҚСД тобының басқа да дәрілік заттары сияқты) төменде аталған дәрілік препараттармен бір мезгілде қолдануға болмайды:

  • ацетилсалицил қышқылымен, басқа да ҚҚСД-мен және кортикостероидтармен: АІЖ тарапынан жағымсыз әсерлерінің даму қаупі артады

Келесі препараттармен бір мезгілде қолданғанда сақ болу қажет:

  • гипертензияға қарсы препараттармен және диуретиктермен: ҚҚСД-мен бір мезгілде қолданған кездегідей олардың тиімділігі төмендейді

  • антитромбоздық препараттарымен: ҚҚСД қан ұюын төмендететін препараттардың әсерін күшейтеді

  • литиймен, метотрексатпен, дигоксинмен және фенитоинмен: ҚҚСД бұл препараттардың плазмадағы концентрациясын арттыруы мүмкін (олардың сарысудағы концентрациясын мезгіл-мезгіл бақылау ұсынылады)

  • зидовудинмен: ибупрофенмен бір мезгілде қолданғанда қан кету уақытының артуы мүмкін

  • антиагреганттық дәрілік препараттармен және серотонинді кері қармайтын селективті тежегіштерімен (СКҚСТ): асқазан-ішектен қан кету қаупі дамуының жоғарылауы мүмкін

  • мифепристонмен: мифепристонды қабылдағаннан кейін ҚҚСД 8-12 күн бойы қолдануға болмайды, себебі ҚҚСД оның әсерін әлсіретуі мүмкін

  • такролимуспен, циклоспоринмен: ибупрофенді бұл дәрілік препараттармен бір мезгілде қолданғанда нефроуытты әсерінің қаупі артады

  • хинолонды антибиотиктермен: ҚҚСД және хинолондарды біріктіріп қабылдаған пациенттер құрысулардың пайда болу қаупіне ұшырауы мүмкін

  • калий жинақтаушы диуретиктермен: ибупрофенмен бір мезгілде қолдану гиперкалиемияның дамуына әкелуі мүмкін

  • пробеницидпен, сульфинпиразонмен: бұл препараттар ибупрофеннің шығарылуын тежеуі мүмкін

Айрықша нұсқаулар

Бүйрек жеткіліксіздігі, қан айналымы жүйесінің жеткіліксіздігі немесе бауыр функциясының бұзылуы бар адамдарға сақ болған жөн.

Бронх демікпесі немесе ацетилсалицил қышқылына аллергиялық реакциялары, сондай-ақ басқа дәрілік заттарды (гипертензияға қарсы, диуретиктік, кардиотропты және психотропты дәрілік заттар) қабылдайтын адамдарға препаратты аса сақ болған жағдайда қолдануға болады.

Ибупрофенді қолданғанда уытты амблиопияның бірлі-жарымды жағдайлары байқалған.

Ас қорыту жүйесі тарапынан бұзылулар пайда болу мүмкіндігін ескере отырып, ибупрофенді ульцерогенді әсері бар заттармен немесе дәрілік препараттармен (оның ішінде ацетилсалицил қышқылымен, кортикостероидтармен) бір мезгілде қабылдамаған жөн.

Асқазан-ішек қан кетулері, ойық жара түзілуі және тесілуі.

Кейбір жағдайларда өліммен аяқталатын асқазан-ішек жолдарынан қан кету, ойық жаралануы немесе тесілуі емнің әр кезеңінде алдыңғы симптомдарымен немесе онсыз немесе асқазан-ішек жолдарынан қан кету эпизодтарымен немесе онсыз (спецификалық емес ойық жаралы колит, Крон ауруын қоса) ҚҚСП қолданудан кейін анықталды.

Асқазан-ішек жолдарынан қан кету, ойық жаралануы немесе тесілуінің қаупі сыртартқысында ойық жара ауруы бар пациенттерде, әсіресе қан кету немесе тесілумен асқынған, сондай-ақ егде жастағы адамдарда ҚҚСП дозасы жоғарылауымен қоса артады.

Асқазан-ішек жолдарынан қан кету немесе ойық жаралануы басталған жағдайда дәрілік препаратты қабылдауды дереу тоқтату керек.

Сыртартқысында асқазан-ішек жолдарының аурулары бар пациенттерге, әсіресе егде жастағы адамдарға асқазан-ішек жолдары тарапынан болатын барлық типтік емес симптомдар туралы (әсіресе қан кетулер), әсіресе емнің басында дәрігерге хабарлау керектігі туралы ескерту керек. Бұл пациенттер дәрілік препараттың ең аз тиімді дозасын қабылдауы тиіс.

Бір мезгілде дәрілік препараттарды қабылдайтын пациенттер асқазан-ішек бұзылуы немесе қан кетуі қаупін ұлғайтуы мүмкін кортикостероидтар, варфарин, серотонинді кері қармаудың селективті тежегіштері сияқты қан ұюына қарсы препараттарды немесе антиагреганттар (ацетилсалицил қышқылы сияқты) сияқты басқа да дәрілік препараттарды қабылдай отырып, сақ болуы керек

Жүрек-қан тамырлар жүйесі және ми қан айналымы тарапынан бұзылулар

Сыртартқысында гипертониясы және/немесе ауырлығы жеңіл және орташа дәрежедегі жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттер бақылауларды және кеңес алуды қажет етеді, өйткені ҚҚСП емдегенде сұйықтық іркілуі, артериялық қысым артуы және ісінулер анықталуы мүмкін.

Клиникалық зерттеулердің және эпидемиологиялық деректер нәтижесіне сәйкес ибупрофенді, әсіресе жоғары дозаларда (күнделікті 2400 мг) және ұзақ уақыт бойына қолданғанда артериялық тромбоз қаупі (мысалы, миокард инфарктісі немесе инсульт) жоғарылауымен қатар жүруі мүмкін. Негізінен эпидемиологиялық зерттеулер ибупрофеннің төмен дозалары (мысалы, тәулігіне 1200 мг аз) миокард инфарктісі даму қаупі артуына алып келмейтінін көрсетті.

Тері реакциялары

ҚҚСП қолдануға байланысты айқын тері реакцияларының өте сирек жағдайлары (кейде өліммен аяқталған), мысалы, эксфолиативті дерматит, Стивенс-Джонсон синдромы және уытты эпидермальді некролиз (Лайелл синдромы) өте сирек сипатталған.

Шамасына қарай, тері реакциясының көбірек даму қаупіне пациенттер емнің бастапқы кезеңінде бейім болады, өйткені көп жағдайларда көрсетілген реакциялар емнің бірінші айында дамиды. Тері бөртпесінің бірінші белгілерінде, ауыз қуысының шырышты қабығының зақымдануында немесе басқа да аса жоғары сезімталдықтың симптомдарында препарат қабылдауды тоқтату керек.

Ерекше жағдайларда, желшешек тері және жұмсақ тіндер тарапынан күрделі инфекциялық асқынулардың себебі болуы мүмкін. Қазіргі кезде бұндай инфекцияларды емдегенде ҚҚСП рөлін жоққа шығаруға болмайды. Сондықтан шешекте ибупрофен қолданудан аулақ болу ұсынылады.

Сонымен бірге әртүрлі анальгетикалық дәрілік препараттарды ұзақ уақыт қолдану бүйрек жеткіліксіздігі даму қаупі бар (анальгетикалық нефропатия) бүйрек зақымдануына әкелуі мүмкін. Ибупрофенді қолданғанда уытты амблиопияның жеке-дара жағдайлары анықталды, сондықтан көрудің барлық бұзылулары туралы дәрігерді хабардар ету керек.

Сусыздануы бар балалар мен жасөспірімдерде бүйрек жеткіліксіздігі қаупі бар.

Бұл препараттың құрамында сұйық мальтитол бар. Тұқым қуалайтын фруктоза көтере алмауы (сирек генетикалық ауруы) бар пациенттерде бұл препаратты қолдануға болмайды.

Жүктілік және лактация кезеңі

Ибупрофенді жүктілік кезінде әйелдерде қолдану қауіпсіздігіне қатысты егжей-тегжейлі ақпарат жоқ. Простагландиндер синтезі бәсеңдеуінің адам ұрығына әсері белгісіз болғандықтан, ибупрофенді жүктіліктің бірінші және екінші триместрінде қолдану ұсынылмайды. Ибупрофенді жүктіліктің III триместрінде қолдануға болмайды, себебі бұл артериялық түтіктің мерзімінен бұрын жабылуына ықпал етеді және жаңа туған балада өкпелік гипертензияны туындатуы мүмкін, сондай-ақ жатырдың жиырылу белсенділігін бәсеңдетеді, бұл босанудың басталуын тежейді және босану әрекетін ұзартады, сондай-ақ ана мен балада қан кету қаупін арттырады.

Лактация

Ибупрофен және оның метаболиттері өте төмен концентрацияларда емшек сүтіне түседі. Емшектегі балалар үшін жағымсыз салдары туралы хабарламалар әлі күнге дейін түспегендіктен, препаратты қысқа мерзімде қолданғанда бала емізуді тоқтату қажеттілігі туындамайды.

Фертильділігі

Овуляцияға әсер етуі және сонысымен әйелдің ұрпақ өрбіту қабілетіне теріс әсер етуі мүмкін циклооксигеназа/простагландиндер синтезін тежейтін дәрілік препараттарды қолдану туралы хабарлар бар. Бұндай әсерлер препаратты қолдануды тоқтатқан соң жойылады. ҚҚСП инфекцияның және қызбаның симптомдарын бүркемелеуі мүмкін.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Ибуфен® препаратын қабылдау кезінде бас айналуы пайда болатындықтан, мұны көлік құралын басқарғанда және қозғалыстағы механизмдерге қызмет көрсеткенде ескеру керек.

Артық дозалануы

Симптомдары: бас ауруы, бас айналуы, естен тану алдындағы жай-күй және сананың шатасуы (балалардағы миоклониялық құрысулар), іштің ауыруы, жүрек айнуы және құсу сияқты жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар. Асқазан-ішектен қан кетулер, бауыр және бүйрек тарапынан функционалдық бұзылуы, артериялық қысым төмендеуі, тыныс алу бәсеңдеуі және цианоз дамуы мүмкін.

Емі: соңынан адсорбенттер қабылдаумен асқазан шаю жүргізеді. Қажет болғанда симптоматикалық ем жүргізіледі. Спецификалық у қайтарғысы жоқ.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Балалардың ашуынан қорғалатын сақинасы және қорғаныс жүйесі бар, бұралатын полиэтилен қақпақпен тығындалған адаптері бар ПЭТ-тен жасалған құтыларда 100 мл препараттан.

Әр құтыға заттаңба жапсырылады.

1 құтыдан еккіш-дозаторы және медициналық қолдануы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бекітілген нұсқаулықпен картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек. Түпнұсқалық қаптамада сақтау керек. Құтыны қатты жауып сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Қаптамасын алғаш ашқаннан кейін құтыны 6 ай ішінде пайдалану керек

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші ұйымның атауы және елі

Медана Фарма АҚ, Польша

Тіркеу куәлігі иесінің атауы және елі

«Химфарм» АҚ, Қазақстан Республикасы

Қаптаушы-ұйымның атауы және елі

Медана Фарма АҚ, Польша

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы туралы түскен шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Химфарм» АҚ, Шымкент қ., Қазақстан Республикасы,

Рашидов к-сі, 81

Телефон нөмірі: 7252 (561342)

Факс нөмірі: 7252 (561342)

Электронды поштасы: infomed@santo.kz

 

 

 

Прикрепленные файлы

166648511477976327_ru.doc 57.16 кб
615931301477977573_kz.doc 111.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники