Ибуфен® Ультра

МНН: Ибупрофен
Производитель: Фармацевтический завод "Польфарма" АО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Ibuprofen
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№018920
Информация о регистрации в РК: 26.10.2021 - 26.10.2031

Инструкция

Саудалық атауы

Ибуфен® Ультра

Халықаралық патенттелмеген атауы

Ибупрофен

Дәрілік түрі

200 мг капсулалар

Құрамы

Бір капсуланың құрамында

белсенді заттар - 200 мг ибупрофен,

қосымша заттар: макрогол 600, калий гидроксиді, тазартылған су,

қабығы: кристалданбайтын сұйық сорбитол, сұйық мальтитол, патенттелген көк Е131, желатин.

Сипаттамасы

Сопақша пішінді көк түсті, жартылай мөлдір қабығы бар, құрамында тұтқыр сұйықтық бар желатинді капсулалар

Фармакотерапиялық тобы

Қабынуға қарсы стероидты емес препараттар. Пропион қышқылының туындылары

ATЖ коды М01АЕ01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Ибупрофенді ішу арқылы қолданғаннан кейін 80%-дан астамы ас қорыту жолынан сіңеді. Препараттың 90%-ы қан плазмасы ақуыздарымен байланысады (негізінен альбуминдермен).

Аш қарынға қабылдағанда қан плазмасындағы ең жоғарғы концентрациясына жету кезеңі – 45 минут, тамақтан кейін қабылдағанда – 1,5-2,5 сағат; синовиальді сұйықтықта – 2-3 сағат, мұнда қан плазмасындағыға қарағанда, жоғары концентрациялары құралады.

Препарат ағзада жинақталмайды.

Ибупрофен негізінен бауырда метаболизденеді. Жүйеалды және жүйеден кейінгі метаболизмге ұшырайды. Сіңірілгенде 60%-ға жуық фармакологиялық белсенді емес R түріндегі ибупрофен белсенді S түріне баяу өзгереді.

Препараттың 60-90%-ы метаболиттер және олардың глюкурон қышқылымен қосылған өнімдері түрінде бүйрекпен, азғантай дәрежеде өтпен шығарылады және өзгеріссіз күйде 1% артық емесі бөлініп шығады. Бір реттік дозасын қабылдағаннан кейін препарат 24 сағат ішінде толығымен шығарылады.

Фармакодинамикасы

Ибуфен® Ультра пропион қышқлының туындысы болып табылады. Ауыруды басатын, ыстықты түсіретін және қабынуға қарсы әсер етеді.

Ибуфен® Ультраның әсер ету механизмі ең алдымен, арахидон қышқылының простагландиндерге, простациклин мен тромбоксанға айналуын реттейтін циклооксигеназа (ЦОГ) – ферментінің белсенділігін төмендетуі есебінен простагландиндер биосинтезін бәсеңдетуіне негізделеді. Сонымен бірге арахидон қышқылы метаболизмінің циклооксигеназалық жолының қайтымсыз тежелуі нәтижесінде простагландиндердің түзілуі азаяды. Қабынған жердегі простагландиндер концентрациясының төмендеуі брадикининнің, эндогенді пирогендердің, биологиялық белсенді заттардың, оттегі радикалдары мен NO түзілуінің азаюымен қатар жүреді. Мұның барлығы қабыну үдерісі белсенділігінің төмендеуіне алып келеді (ибупрофенның қабынуға қарсы әсері) және ауыру рецепциясының азаюымен қатар жүреді (ауыруды басатын әсері). Ми-жұлын сұйықтығындағы простагландиндер концентрациясының азаюы дене температурасының қалыпқа келуіне алып келеді (пиретикаға қарсы әсері).

Ибуфен® Ультра жұмсақ желатинді капсулаларының құрамында сұйық түрдегі ибупрофен бар. Желатинді капсула оған салынған заттарды дозалаудың жоғары дәлдігін қамтамасыз етеді. Капсула қабығы әсер етуші затты жарықтың, ауа мен ылғалдың әсерінен қорғауды қамтамасыз етеді, сондай-ақ қабылдаған кезе дәрілік заттың жағымсыз дәмі мен иісін болдырмайды. Капсула АІЖ-да драже мен таблеткаларға қарағанда тез ыдырайды, ал оның ішіндегі сұйықтық ибупрофеннің биожетімділігін қамтамасыз ете отырып, адам ағзасында тезірек және жеңіл сіңіріледі.

Қолданылуы

Мына жағдайлардағы шығу тегі әр түрлі дене температурасының жоғарылауы:

- суық тию ауруларында

- жедел респираторлы вирустық жұқпаларда (ангинада, фарингитте)

- тұмауда

- дене температурасының жоғарылауымен қатар жүретін балалар жұқпаларында

Мына жағдайлардағы шығу тегі әртүрлі әлсіз және орташа қарқынды ауыру синдромы:

- ортаңғы құлақ қабынуы кезіндегі құлақ ауруында

- тістердің ауыртып шыққан кезіндегі ауыруында

- бас ауыруында, бас сақинасында

- ауырсынумен жүретін етеккірде

- невралгияларда

- ревматикалық ауыруларда

- бұлшықеттердің, буындардың ауыруында

- тірек-қимыл аппаратының жарақаттарында.

Қолдану тәсілі мен дозалары

Ішке қолданылады. Капсуланы тұтастай, азғантай су көлемімен ішіп жұту қажет. Әр 4-6 сағат сайын 1-2 капсуладан. Ең жоғарғы тәуліктік дозасы 6 капсула (1200 мг ибупрофен).

Кезекті дозалары арасындағы ең төменгі аралық 4-6 сағатты құрайды.

Препаратты дәрігердің қадағалауынсыз ауыруды басатын дәрі ретінде 4 күннен артық және ыстықты түсіретін дәрі ретінде 3 күннен артық қолданбау керек.

Жағымсыз әсерлері

Туындау жиілігіне байланысты жағымсыз әсерлердің мына топтары көрсетілген:

Жиі (>1/100, <1/10)

- жүрек айнуы, құсу, қыжыл, диарея, іштің ауыруы, метеоризм, іштің қатуы

Жиі емес (>1/1000, <1/100)

- жүрек айнуы, қыжыл, диарея, іштің ауыруы

- бас ауыруы, бас айналуы, қозу, ұйқысыздық, ашушаңдық, шаршағыштық, депрессия, сананың шатасуы, елестеулер

- көрудің бұзылуы

- тері бөртпесі, қышу, есекжем

Сирек (>1/10000, <1/1000)

- құлақтағы шуыл

- бауыр мен бүйрек қызметінің бұзылуы

Өте сирек (<1/10000)

- асқазан-ішек жолының эрозиялы-ойық жаралы зақымданулары, ауыздың құрғауы, ойық жаралы стоматит, жедел колит, Крон ауруы, эндогастрит, гепатит, панкреатит, бауыр қызметінің бұзылуы

- гипертония

- тахикардия, жүрек жеткіліксіздігі, миокард инфарктісі, инсульт

- эзофагит, панкреатит, ішектің диафрагма тәрізді тарылуы

- бүйректің жедел жеткіліксіздігі, нефротикалық синдром, аллергиялық нефрит, полиурия, цистит

- анемия (соның ішінде, гемолитикалық, апластикалық), тромбоцитопения және тромбоцитопениялық пурпура, агранулоцитоз, лейкопения

- психотикалық реакциялар, депрессия

- Квинке ісінуі, ангионевротикалық ісіну, анафилактоидтық реакциялар, анафилактикалық шок, бронх түйілуі, қызба, көптүрлі экссудативті эритема (соның ішінде, Стивенс-Джонсон синдромы), уытты эпидермальді некролиз (Лайел синдромы), эозинофилия, аллергиялық ринит

- көру жүйкесінің қайтымды уытты невриті, көру жітілігінің бұлыңғырлануы, диплопия, конъюктивит

- қатты терлеу

- қан кетулер (асқазан-ішектен, қызыл иектен, жатырдан, геморроидальді)

- асептикалық менингит

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- ибупрофенге немесе препараттың басқа компоненттеріне, сондай-ақ басқа қабынуға қарсы стероидты емес дәрілік препараттарға жоғары сезімталдық

- бұрын бір кездері ацетилсалицил қышқылын немесе басқа стероидты емес қабынуға қарсы препараттарды қолданғаннан кейін тұмау, терінің бөртуі немесе бронхоспастикалық реакциялар түріндегі аллергия симптомдарының пайда болуы

- өршу сатысындағы асқазан мен он екі елі ішектің ойық жаралы ауруы

- асқазан-ішектен қан кетулер

- жүректің ауыр жеткіліксіздігі

- бауыр мен бүйрек қызметінің айқын жеткіліксіздігі

- глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы

- қан аурулары (гемофилия, гипокоагуляция, геморрагиялық диатез)

- жүктілік және лактация кезеңі.

- балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Ибуфен® Ультраны (қабынуға қарсы стероидты емес препараттар тобының басқа да дәрілік заттары сияқты) төменде атап көрсетілген дәрілік заттармен бір мезгілде қолданбау керек:

ацетилсалицил қышқылымен немесе басқа қабынуға қарсы стероидты емес препараттармен – асқазан-ішек жолы тарапынан жағымсыз әсерлер қаупі жоғарылайды,

гипертензияға қарсы дәрілік заттармен және диуретиктермен – қабынуға қарсы стероидты емес препараттар тобының дәрілік заттары бұл дәрілердің тиімділігінің төмендеуін туғызуы мүмкін,

антикоагулянттармен – кейбір клиникалық мәліметтер көрсеткендей, стероидты емес қабынуға қарсы препараттар қанның ұйығыштығын төмендететін дәрілік заттардың әсерін күшейтуі мүмкін, дигоксинмен, фенитоинмен, литиймен және метотрексатпен – қабынуға қарсы стероидты емес препараттар бұл дәрілік заттардың плазмадағы концентрациясының жоғарылауын туғызуы мүмкін екендігі дәлелденген. Ибупрофен мен зидовудинді, бір мезгілде қабылдайтын емделушілерде қан кету уақытының ұлғайғанына дәлел бар, минералокортикоидтармен, глюкокортикоидтармен – жағымсыз әсерлер күшейеді, сульфонилмочевина туындылары - гипогликемиялық әсері күшейеді, антацидтер мен холестирамин сіңірілуін төмендетеді, кофеин ауыруды басатын әсерін күшейтеді.

Циклоспоринмен қабылдау нәтижесінде бүйрекке уытты әсері күшейеді. Құрамында пробенецид немесе сульфинпиразон бар дәрілік препараттар ибупрофеннің шығарылуын баяулатуы мүмкін. Ибуфен® Ультраны калий сақтаушы диуретиктермен бір мезгілде қабылдау гиперкалиемияға алып келуі мүмкін (қан сарысуындағы калий концентрациясына бақылау жүргізу ұсынылады). ҚҚСП Мефипрестонның әсерін әлсіретуі мүмкін, Мефипрестонды қолданғаннан кейін 8-12 сағат ішінде ҚҚСП қолданудан бас тартқан жөн. Такролимус пен Ибуфен® Ультраны бір мезгілде қолданғанда нефроуыттылық әсерінің қаупі артады.

Ибуфен® Ультра мен алкогольді бір мезгілде қолданғанда препараттың АІЖ мен ОЖЖ тарапынан жағымсыз әсерлері күшеюі мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Ибуфен® Ультра препаратын қабылдар алдында, егер бұрын: бронх демікпесі, есекжем, бауыр мен бүйрек аурулары, сыртартқысында асқазан мен он екі елі ішектің ойық жаралы ауруы, артериялық гипертония расталған болса, дәрігермен кеңесу қажет.

Ұзақ уақыт емдеу кезінде шеткергі қан көрінісін және бауыр мен бүйректің функциональді қызметінің жағдайын бақылау қажет. Гастропатия симптомдары пайда болған жағдайда, эзофагогастродуоденоскопия жүргізуді қоса, жалпы қан талдауы (гемоглобинді анықтау), нәжістегі жасырын қанға тексеру жүргізу кіретін мұқият бақылау көрсетілген. 17-кетостероидты анықтау қажет болса, препаратты тексеруге дейін 48 сағат бұрын тоқтату керек.

Артериялық қан қысымы бақыланбайтын, қанайналым жеткіліксіздігі және жүректің ишемиялық ауруымен емделушілерде Ибуфен® Ультраны сақтықпен тағайындау керек.

Құрамында мальтитол болғандықтан, фруктозаны сирек кездесетін генетикалық көтере алмаушылығы бар емделушілерСүйек кемігі Ибуфен® Ультраны қабылдамауы тиіс.

Дәрілік заттың көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Ибуфен® Ультра препаратын қабылдағанда автокөлік басқару мен механизмдермен жұмыс жасаудан бас тартқан жөн.

Артық дозаланғанда

Белгілері: іштің ауыруы, құсу, мәңгіру, бас ауыруы, құлақтағы шуыл, депрессия, ұйқышылдық, метаболикалық ацидоз, кома, геморрагиялық диатез, АҚ төмендеуі, құрысулар, бүйректің жедел жеткіліксіздігі, бауыр қызметінің бұзылуы, тахикардия, брадикардия.

Емі: белсенділендірілген көмір, белгілеріне қарай емдеу.

Шығарылу түрі мен қаптамасы

10 капсуладан поливинилхлоридті/поливинилдихлоридті үлбірден (ПВДХ/ПВХ) және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салады.

қолданылуы

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамада, 25 0С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Сақтау мерзімі

2 жыл.

Препаратты жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Медана Фарма» АҚ

98-200 Серадз, В. Локетка к-сі 10, Польша

Тіркеу куәлігінің иесі

«Химфарм» АҚ, Қазақстан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Химфарм» АҚ, Шымкент қ-сы, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ,

Рашидов к-сі, н/ж, т/ф: 560882

Телефон нөмірі 7252 (561342)

Факс нөмірі 7252 (561342)

Электронды поштасы standart@santo.kz

 

Прикрепленные файлы

428985191477977100_ru.doc 90 кб
772709741477978267_kz.doc 111.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники