Ибукем (400 мг)

МНН: Ибупрофен
Производитель: Алкем Лабораториз Лтд
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Ibuprofen
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№024477
Информация о регистрации в РК: 29.01.2020 - 29.01.2025

Инструкция

Саудалық атауы

Ибукем

Халықаралық патенттелмеген атауы

Ибупрофен

Дәрілік түрі, дозасыҮлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 200 мг, 400 мг

Фармакотерапиялық тобы

Сүйек-бұлшықет жүйесі. Қабынуға қарсы және ревматизмге қарсы препараттар. Қабынуға қарсы және ревматизмге қарсы стероидты емес препараттар. Пропион қышқылының туындылары. Ибупрофен.

АТХ коды M01AE01

Қолданылуы

- ревматоидты артритте, соның ішінде жасөспірімдік артритте немесе Стилл-Шоффар ауруында, шорбуынданған спондиллитте, остеоартритте және ревматоидты емес басқа да (серонегативті) артропатияларда және жедел подагралық артритте

- иық-жауырын периартриті (капсулит), бурсит, тендинит, тендосиновит және арқаның төменгі бөлігінің ауыруы сияқты буыннан тыс ревматизмдік және периартикулярлық зақымдануларда

- жұмсақ тіндердің зақымдануларында, мысалы, байламдардың созылуында және кедергісінде

- әлсіз және орташа ауыруды азайтуда, мысалы, алғашқы дисменореяда, тіс ауырғанда және операциядан кейінгі ауыруда, эпизиотомиядан кейінгі ауыруда, босанудан кейінгі ауыруда, бас ауыруын, соның ішінде бас сақинасын симптоматикалық емдеуде

- гипертермияда

Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдықта

- анамнезде ацетилсалицил қышқылын немесе қабынуға қарсы стероидты емес басқа да дәрілерді қабылдаудан кейін бронхтың түзілу реакциялары, демікпе, ринит немесе секжем бар болғанда

- қан түзудің шығу тегі айқын емес бұзылуларында

- қазір немесе бұрын қайталанатын пептидтік ойық жаралар/қан кетулер бар болғанда (айғақталған ойық жара ауруының немесе қан кетулердің екі немесе көбірек жекелеген көріністері)

- анамнезінде бұрын тағайындалған ҚҚСД емімен байланысты асқазан-ішектік қан кетулер немесе тесілулер бар болғанда

- цереброваскулярлық қан кетулерде немесе қазіргі уақытта бар басқа қан кетулерде

- айқын сусыздану (құсу, диарея немесе сұйықтықты жеткіліксіз пайдалану)

- гемофилия және қан ұюдың басқа да бұзылулары (соның ішінде гипокоагуляциялар), геморрагиялық диатездер

- бүйрек немесе бауыр функцияларының ауыр бұзылуларында

жүрек функциясының ауыр жеткіліксіздігінде (NYHA бойынша IV класы)

- жүктіліктің үшінші триместрі

- 12 жасқа дейінгі балаларға

- тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, Lapp-лактоза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдарға

Қолдану кезіндегі қажетті сақтық шаралары

Препаратты барынша ықтимал қысқа курспен және симптомдарды жою үшін қажетті ең аз тиімді дозада қабылдау ұсынылады.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Ибупрофен (басқа да ҚҚСП сияқты) келесі дәрілік заттармен бірге қабылдағанда аса сақтықты қажет етеді:

Циклооксигеназа-2 селективті тежегіштерін және салицилаттарды қоса, басқа да ҚҚСП:

Бірнеше ҚҚСП бір мезгілде қабылдау синергиялық әсерінің себебінен асқазан-ішек жолының ойық жарасы және қан кетулер қаупін арттыруы мүмкін. Осыған байланысты ибупрофенді және басқа ҚҚСД бір мезгілде пайдалану ұсынылмайды.

Фенитоин, литий:

Ибукем препаратын фенитоинмен немесе литиймен бір мезгілде қолдану осы дәрілік заттардың плазмадағы концентрациясын арттыруы мүмкін. Дұрыс қолданған жағдайда литийдің, фенитоинның сарысудағы концентрациясын бақылауды, әдеттегідей, қажет етпейді.

Диуретиктер, АӨФ тежегіштері, бета-блокаторлар және ангиотензин II антагонистері:

ҚҚСП диуретиктердің және басқа да гипотензиялық препараттардың тиімділігін төмендетуі мүмкін. Бүйрек функциясы бұзылған кейбір пациенттерде (мысалы, сусыздануға шалдыққан пациенттерде, немесе бүйрек функциясы бұзылған егде жастағы пациенттерде) АӨФ тежегіштерін, бета-блокаторларды немесе ангиотензин II антагонистерін, сондай-ақ циклооксигеназа жүйесін басатын заттарды бірге тағайындау, әдеттегідей, қайтымды болып табылатын бүйрек функциясының жеткіліксіздігін қоса, бүйрек функциясының әрі қарай төмендеуін туындатуы мүмкін. Сондықтан осы препараттарды бірге қолдануды, әсіресе егде жастағы пациенттерде, сақтықпен тағайындау керек. Пациенттер сұйықтықтың жеткілікті мөлшерін қабылдауы тиіс. Бірге емдеуді бастағаннан кейін де, сонымен қатар соңында да бүйрек функциясына мезгіл-мезгіл мұқият бақылау жүргізу керек. Диуретиктер ҚҚСД нефроуыттылық қаупін арттыруы мүмкін.

Ибукем препаратын және калий жинақтайтын диуретиктерді бір мезгілде қабылдағанда гиперкалиемия дамуы мүмкін.

Кортикостероидтар:

Асқазан-ішек жолы ойық жарасының немесе қан кетулердің туындау қаупі жоғары.

Тромбоциттер агрегациясының тежегіштері және серотонинді кері қармап қалатын селективті тежегіштер (СКҚСТ):

Асқазан-ішектік қан кетулердің даму қаупі жоғары.

Жүрек гликозидтер:

ҚҚСД шумақтық сүзілу жылдамдығын қысқарта және плазмадағы гликозидтер деңгейін арттыра отырып, жүрек функциясының жеткіліксіздігін өршітуі мүмкін.

Ацетилсалицил қышқылы:

Ибупрофенді және ацетилсалицил қышқылын бірге тағайындау, жағымсыз әсерлердің күшеюі мүмкін болғандықтан, жалпы алғанда, ұсынылмайды.

Экспериментальді деректер ибупрофенді бір мезгілде қолдану тромбоциттердің агрегациясына ацетилсалицил қышқылының аз дозаларының әсерін бәсекелі түрде тежеуі мүмкін деп болжам жасауға негіз береді. Осы деректердің клиникалық жағдайға қатыстылығында белгісіздік бар болса, ибупрофенді ұдайы, ұзақ уақыт қолдану ацетилсалицил қышқылының төмен дозаларының кардиопротективтік әсерін төмендетуі мүмкін екендігін жоққа шығаруға болмайды. Ибупрофенді жүйесіз қолданған жағдайда клиникалық тұрғыдан маңызды әсерлер екіталай болып табылады.

Метотрексат:

Метотрексатты қабылдауға дейін немесе кейін 24 сағат ішінде Ибукем препаратын қабылдау метотрексат концентрациясының артуына және оның уытты әсерінің ұлғаюына әкелуі мүмкін.

Циклоспорин:

Қабынуға қарсы стероидты емес кейбір дәрілерді қатарластыра қабылдау циклоспориннің нефроуыттық әсерін күшейтеді. Бұл әсер циклоспоринді ибупрофенмен біріктіргенде де жоққа шығарылған жоқ.

Мифепристон:

ҚҚСД мифепристонның әсерін төмендетуі мүмкін екендігіне байланысты, мифепристонды қабылдағаннан кейін 8-12 күннен соң ҚҚСД қолданбаған жөн.

Антикоагулянттар:

ҚҚСП варфарин сияқты антикоагулянттардың әсерін күшейтуі мүмкін.

Сульфонилмочевина препараттары:

Клиникалық зерттеулер қабынуға қарсы стероидты емес дәрілердің диабетке қарсы пероральді дәрілермен (сульфонилмочевина препараттарымен) дәрілік өзара әрекеттесуін айғақтайды. Ибупрофеннің сульфонилмочевина препараттарымен дәрілік өзара әрекеттесуі жөнінде тиісті ақпараттың жоқтығына қарамастан, осы дәрілік заттарды бір мезгілде қолданғанда, қауіпсіздігіне қатысты, қандағы қант деңгейін бақылау ұсынылады.

Такролимус:

Осы екі препаратты бір мезгілде қабылдау нефроуыттық әсер қаупін арттырады.

Зидовудин:

ҚҚСД-ні зидовудинмен бірге қабылдағанда гематологиялық уыттылық қаупі артады. Гемофилияға шалдыққан, АИТВ-инфекцияланған пациенттерде зидовудинді және ибупрофенді бір мезгілде қолданғанда гемартроздардың және гематомалардың даму қауіптілігінің ұлғаятындығына дәлелдер бар.

Хинолонды антибиотиктер

Клиникаға дейінгі деректерде ҚҚСД хинолонды антибиотиктерді қабылдаумен байланысты құрысулар қаупін арттыруы мүмкін екендігі көрсетілген. ҚҚСД және хинолонды антибиотиктерді қабылдап жүрген пациенттерде құрысудың даму қаупі жоғары болады.

Пробенецид және сульфинпиразон:

Құрамында пробенецид және сульфинпиразон бар дәрілік препараттар организмнен ибупрофеннің шығарылуын кідіртуге қабілетті.

Арнайы ескертулер

Асқазан-ішек жолына қатысты қауіпсіздігі

Ибукем препаратын, циклооксигеназа-2 селективті тежегіштерін қоса, қабынуға қарсы стероидты емес препараттармен (ҚҚСП) бірге қолдануға жол бермеу керек.

Егде жастағы пациенттер

Егде жастағы пациенттерде ҚҚСД-ге жағымсыз реакциялардың, әсіресе өмірге қауіп төндіруі мүмкін асқазан-ішектік қан кетулер және ойық жаралардың тесілуі сияқтылардың туындау жиілігі жоғарылайды.

Асқазан-ішектік қан кету, ойық жара ауруы және ойық жараның тесілуі:

Асқазан-ішектік қан кету, ойық жараның түзілуі немесе оның тесілуі кейбір жағдайларда өліммен аяқталуы емдеудің әртүрлі кезеңдерінде ізашар симптомдардың барына немесе анамнезінде АІЖ тарапынан күрделі патологияның болуына қарамастан байқалады.

Анамнезінде ойық жарасы бар науқастарда, әсіресе қан кетудің асқынуынан немесе перфорациясынан, асқазан-ішектік қан кетулердің, ойық жараның пайда болуының немесе оның тесілуінің даму қаупі ҚҚСП дозасының артуымен жоғарылайды. Осы пациенттерді емдеуді ықтимал өте төмен дозадан бастау керек. Осы пациенттер, сондай-ақ төмен дозаларда аспиринмен қатар емдеуді немесе асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар қаупін арттыратын басқа препараттарды қабылдауды керек ететін пациенттерде препарат-протекторлармен, мысалы, мизопростолмен немесе протонды сорғы тежегіштерімен біріктірілген емді қолдану мүмкіндігін қарастырған жөн.

Анамнезінде АІЖ қатысты уыттылық бар пациенттер, әсіресе егде жастағылар, емдеудің бастапқы сатыларында іш аймағындағы әдеттегідей емес кез келген сезімдер туралы (әсіресе асқазан-ішектік қан кетулер туралы) айтуы тиіс.

Ойық жараның немесе қан кетулердің даму қаупін арттыруға қабілетті препараттармен бір мезгілде қабылдағанда аса сақтық таныту керек. Мұндай препараттарға пероральді кортикостероидтар, варфарин, серотонинді кері қармайтын селективті тежегіштер сияқты антикоагулянттар, немесе аспирин сияқты антиагреганттар жатады.

Ибукем препаратын қолданғанда асқазан-ішектік қан кетулер және ойық жаралар туындаған жағдайда препаратпен емдеуді тоқтату қажет.

Анамнезінде асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулары (спецификалық емес ойық жаралы колит, Крон ауруы) бар пациенттеге, олар өршуі мүмкін болғандықтан, ҚҚСД сақтықпен тағайындау керек.

Жүрек-қантамыр жүйесіне және ми қан айналымына әсер етуі

Препаратты анамнезінде артериялық гипертониясы және/немесе жүрек функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттерге сақтықпен тағайындау керек (дәрігердің немесе фармацевтінің кеңесі міндетті түрде), өйткені ҚҚСД-мен емдегенде тіндерде сұйықтықтың іркілуі, артериялық гипертониялар және ісінулердің дамуы байқалған.

Ибупрофенді қолдану, әсіресе жоғары дозаларда (тәулігіне 2400 мг) артериялық тромбоздар (мысалы, миокард инфарктісі немесе инсульт) қаупінің біршама жоғарылауымен қатар жүруі мүмкін. Жалпы алғанда, эпидемиологиялық зерттеулер ибупрофеннің аз дозалары (мысалы, тәулігіне 1200 мг) артериялық тромбоздардың даму қаупінің артуына әкелмейтіндігін көрсетеді.

Бақыланбайтын гипертониясы, жүрек функциясының іркілген жеткіліксіздігі (NYHA жіктемесі бойынша II-III класс), жүректің айғақталған ишемиялық ауруы, шеткері артериялардың және/немесе ми қантамырларының аурулары бар пациенттерге ибупрофенді жағдайға мұқият баға берілгеннен кейін ғана тағайындауға болады. Препараттың жоғары дозаларына (тәулігіне 2400 мг) жол бермеу керек.

Жағдайға мұқият баға беру жүрек-қантамыр ауруларының даму факторлары (мысалы, артериялық гипертензия, гиперлипидемия, қант диабеті және темекі тарту) бар пациенттерде, әсіресе егер ибупрофеннің жоғары дозалары (тәулігіне 2400 мг) қажет етілсе, ұзақ емдеуді бастар алдында жүргізілуі тиіс.

Тері реакциялары

Эксфолиативті дерматитті, Стивенс-Джонсон синдромын және уытты эпидермальді некролизді қоса, кейбіреулері өліммен аяқталған күрделі тері реакциялары ҚҚСП пайдаланумен байланысты сирек хабарланады. Пациенттер емдеудің алғашқы айында көп жағдайларда пайда болатын емнің ерте сатыларында осы реакциялардың ең жоғары қаупіне ұшырайды.

Құрамында ибупрофен бар препараттарға қатысты жедел жайылған экзантематозды пустулез (AGEP) туралы хабарланды. Ибупрофен тері бөртпесі, шырышты қабықтың зақымдануы немесе аса жоғары сезімталдықтың кез келген басқа белгілері сияқты күрделі тері реакцияларының белгілері мен симптомдары алғаш пайда болғанда тоқтатылуы керек.

Желшешегі бар пациенттерде ҚҚСП қолдану тері мен теріасты шелмайының инфекциялық-қабыну ауруларының ауыр іріңді асқынуларының (мысалы, некроздаушы фасциттің) даму қаупінің жоғарылауымен байланысты болуы мүмкін. Осыған байланысты, препараттың желшешек кезінде қолданылуына жол бермеу ұсынылады. Басқа да нұсқаулар

Ибукем препаратын пайда/қаупі арақатынасына мұқият баға берілгеннен кейін ғана келесі жағдайларда қолдануға болады:

- жүйелік қызыл жегіде (ЖҚЖ) және аралас коллагеноздарда

- асептикалық менингиттің туындау қаупі жоғарылағанда.

Әсіресе мыналарда мұқият дәрігерлік бақылау қажет болады:

- асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылуларда немесе анамнезінде ішектің созылмалы қабыну аурулары (өзіне тән емес ойық жаралы колит, Крон ауруы) бар болғанда;

- артериялық қысым жоғарылағанда немесе жүрек функциясының жеткіліксіздігінде;

- бүйрек функциясы бұзылғанда;

- бауыр функциясы бұзылғанда;

- тікелей ауқымды хирургиялық араласымдардан кейін;

- тозаңдарға аллергияда, мұрын полиптерінде және тыныс алу жолдарының созылмалы обструкциялық ауруларында, өйткені мұндай пациенттерде аллергиялық реакциялардың туындау қаупі жоғарылаған. Бұл ракциялар демікпе ұстамалары (анальгетикалық демікпе деп аталатын), Квинке ісінуі немесе есекжем түрінде көрініс беруі мүмкін;

  • басқа дәрілік препараттарға аллергияларда, өйткені мұндай пациенттерде аса жоғары сезімталдық реакцияларының туындау қаупі, соның ішінде Ибукем препаратымен емдеген кезде жоғарылайды.

Өте сирек жағдайларда ауыр дәрежедегі жоғары сезімталдықтың жедел реакциялары (мысалы, анафилаксиялық шок) байқалды. Ибукем препаратын қабылдаудан кейін аса жоғары сезімталдық реакцияларының алғашқы белгілері пайда болған кезде емдеуді дереу тоқтату керек. Қажетті емдік шаралар білікті мамандармен және симптоматикасына байланысты қабылдануы тиіс.

Ибупрофен, Ибукем препаратының белсенді заты, тромбоциттердің функциясын (тромбоциттердің агрегациясын) уақытша басуы мүмкін. Осыған байланысты қанның ұйығыштығы бұзылған пациенттерді мұқият дәрігерлік бақылау қажет.

Ибукем препаратын ұзақ қабылдағанда бауыр функциясының, бүйрек функциясының көрсеткіштерін, сондай-ақ қанға жалпы талдауды ұдайы бақылап отыру қажет.

Бас ауыруын емдеу үшін қолданылатын ауыруды сездірмейтін кез келген дәрілерді ұзақ пайдалану оның күшеюіне әкелуі мүмкін. Осындай жағдай немесе оған күдіктену бар болған кезде емдеуді тоқтату және медициналық жәрдем алуға жүгіну қажет. Дәрілік препаратты шамадан тыс пайдаланудан туындаған бас ауыру диагнозына күдіктену, бастың ауыруына дәрілік заттарды ұдайы қабылдағанына (немесе салдарынан) қарамастан, бас ауыру жиі немесе күн сайын болатын пациенттерде туындайды.

Жалпы алғанда, анальгетиктерді, әсіресе ауыруды басатын бірнеше дәрілерді дағдылы қабылдау бүйрек функциясының жеткіліксіздігі қаупі бар бүйректің қайтымсыз зақымдануына (анальгетикалық нефропатияға) әкелуі мүмкін.

Алкогольмен бір мезгілде ҚҚСД қабылдау белсенді заттардың, әсіресе асқазан-ішек жолына немесе орталық жүйке жүйесіне жағымсыз әсерін күшейтуі мүмкін.

Әйелдердің ұрпақ өрбіту қабілетіне ықпалы туралы.

Балалар және жасөспірімдер

Сусызданған кезде жасөспірімдерде бүйректің зақымдану қаупі бар.

Жасырын инфекциялардың симтомдарын бүркемелеу:

Ибукем қызу және ауырсыну сияқты инфекциялардың белгілерін бүркемелеуі мүмкін. Сондықтан Ибукем инфекцияның тиісті емін кейінге қалдыруы мүмкін, бұл асқыну қаупінің артуына әкелуі мүмкін. Бұл бактериялардан туындаған пневмонияда және желшешекке байланысты бактериялық тері инфекцияларында байқалды. Егер сіз бұл дәріні инфекция кезінде қабылдасаңыз, ал инфекция белгілері сақталса немесе нашарласа, дереу дәрігерге қаралыңыз.

Жүктілік және лактация кезінде

Жүктілік

Простагландин синтезінің басылуы жүктілікке және/немесе ұрықтың және шарананың дамуына жағымсыз ықпалын тигізуі мүмкін. Жүктіліктің ерте сатыларында қолданылатын простагландиндердің синтезін басатын препараттар өздігінен болатын түсік, сондай-ақ жүрек кемістігінің туындау және алдыңғы құрсақ қабырғасының бітпеу қауіптілігін арттыруға қабілетті. Қауіп препарат дозасының және емдеу ұзақтығының артуымен ұлғаяды деп саналады. Жүрек-қантамыр жүйесі ауытқулары туындауының абсолюттік қаупі 1%-дан азырақтан бастап, шамамен 1,5%-ға артты.

Жүктіліктің бірінші және екінші триместрі кезінде ибупрофен тек өмірлік көрсеткіштері бойынша ғана тағайындалуы мүмкін. Жүктілікті жоспарлап жүрген әйелдерге, немесе жүктіліктің алғашқы және екінші триместріндегі әйелдерге ибупрофенді тағайындағанда өт аз ықтимал доза және ұзақтығы ең төмен ем ұсынылады.

Жүктіліктің үшінші триместрінде простагландин синтезінің барлық тежегіштері

- шаранада мыналардың туындауына әкелуі мүмкін:

- жүрек-өкпелік уыттылық (артериялық ағынның мезгілінен бұрын жабылуы және өкпе артериялары жүйесіндегі гипертензия);

- бүйрек функциясының бұзылулары, ол үдеуі және олигогидрамнионмен бірге бүйрек функциясының жеткіліксіздігіне көшуі мүмкін;

- жүктіліктің соңында анасында және жаңа туған нәрестеде келесі ауытқулар болуы мүмкін:

- қан кетулер уақытының ықтимал артуы – тромбоциттер агрегациясының тежелу әсері, тіпті препаратты өте төмен дозаларда қолданғанның өзінде болуы ықтимал;

- босану қызметінің кідіруіне немесе босанудың ұзаққа созылуына әкелетін, жатырдың жиырылу белсенділігінің бәсеңдеуі.

Осыған байланысты жүктіліктің үшінші триместрінде ибупрофенді қолдануға болмайды.

Лактация кезеңі

Әсер етуші зат ибупрофен және оның ыдырау өнімдері аздаған мөлшерде емшек сүтіне түседі. Жаңа туған нәрестелер үшін жағымсыз салдарлары туралы мәлімдемелер қазіргі таңға дейін түспегендіктен, қысқа мерзімдік емдеу кезінде емшек емізуді, әдеттегідей, доғара тұру талап етілмейді.

Фертильділік

Циклооксигеназаны/простагландиндер синтезін тежейтін дәрілік препараттар овуляцияға әсер ету арқылы әйелдердің ұрпақ өрбіту қабілетіне теріс ықпалын тигізуге қабілетті екендігі айғақтайтын мәліметтер бар. Мұндай әсер емдеуді тоқтатқаннан кейін қайтымды.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Жоғары дозаларда Ибукем препараты орталық жүйесі тарапынан шаршау және бас айналу сияқты жағымсыз әсерлерді туындатуға қабілетті болғандықтан, жекелеген жағдайларда реакциялары төмендеуі және көше қозғалысына белсене қатысу немесе механизмдермен қызмет көрсету қабілетінің бұзылуы ықтимал. Көрсетілген құбылыстар препаратты алкогольмен бірге қабылдағанда күшейеді.

Қолдану жөніндегі нұсқаулар

Дозалау режимі

Енгізу әдісі және жолы

Ішке қабылдауға арналған. Тек қысқа уақыттық қолдану үшін. Препаратты қабылдар алдында нұсқаулығын мұқият оқып шығыңыз.

Ересектерге және 12 жастан асқан балаларға: тәулігіне 3 рет 1 таблеткадан (200 мг). Емдік әсерге тезірек жету үшін ересектерде доза тәулігіне 3 рет 400 мг-ге дейін (200 мг 2 таблетка немесе 400 мг 1 таблетка) артырылуы мүмкін.

Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі

Қабылдау арасындағы аралық симптоматикаға және ең жоғары тәуліктік дозаға байланысты, қабылдауды 6 сағаттан ерте қайталау ұсынылмайды.

Ең жоғары тәуліктік доза: 1200 мг (200 мг 6 таблетка немесе 400 мг 3 таблетка).

Емдеу ұзақтығы

Егер препаратты қабылдағанда симптомдар 2-3 күн бойы сақталса немесе күшейсе, емдеуді тоқтату және дәрігерге қаралу керек. Препаратты қабылдау қажеттілігінде 12-ден 18 жасқа дейінгі балалар үшін 3 күннен көбірек, ал ересектерде 10 күннен көбірек болғанда, дәрігерге қаралу қажет.

Төмен тиімді дозаны симптомдарды жеңілдету үшін қажетті қысқа мерзім ішінде қолдану керек. Егер сізде инфекция болса, симптомдар (мысалы, қызба мен ауырсыну) сақталса немесе нашарласа, дереу дәрігерге қаралу қажет.

Пациенттердің ерекше топтары

Егде жастағы пациенттер

Дозаны арнайы түзету қажет емес. Егде жастағы пациенттердің жағдайын, әсіресе ықтимал жағымсыз әсерлерге байланысты, мұқият бақылау қажет.

Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі

Бүйрек функциясының ауырлығы жеңіл және орташа дәрежедегі бұзылулары бар пациенттер үшін препарат дозасын азайтудың қажеті болмайды.

Бауыр функциясының жеткіліксіздігі

Бауыр функциясының ауырлығы жеңіл және орташа дәрежедегі бұзылуларында дозаны төмендету қажет емес.

Балалар және жасөспірімдер

Балаларда 12 жастан бастап қолдану жөнінде нұсқаулар. Егер осы препаратты қабылдау жасөспірімдерде 3 күннен көбірек болса, немесе симптомдар өршісе, дәрігерге қаралу керек.

Қолдану тәсілі

Ибукемді тамақ ішу кезінде немесе одан кейін шайнамай және сұйықтықтың көп мөлшерімен ішіп қабылдау керек.

Асқазаны сезімтал науқастарға Ибукемді тамақ ішу кезінде қабылдау ұсынылады.

Артық дозаланғанда қабылдануы қажет шаралар

Балаларда симптомдар дене салмағына шаққанда 400 мг/кг-ден асатын дозаларды қабылдағаннан кейін туындауы мүмкін. Ересектерде дозаға тәуелді әсер азырақ білінеді. Артық дозаланғанда жартылай шығарылу кезеңі 1,5-3 сағатты құрайды.

СимптомдарыҚҚСД клиникалық тұрғыдан едәуір мөлшерін қабылдаған пациенттердің көпшілігінде келесіден көп емес симптомдар пайда болуы мүмкін: жүректің айнуы, құсу, эпигастрияның ауыруы, сирек диарея. Құлқтың шуылдауы, бас ауыру және асқазан-ішектік қан кеулр де болуы ықтимал. Көбірек күрделі улануларда орталық жүйке жүйесінде, ұйқышылдық, кейде қозу және бағдардан адасу немесе кома ретінде көрініс беретін, уыттылық байқалады. Кейде пациенттерде құрысулар дамиды. Күрделі улануларда метаболизмдік ацидоз және протромбин уақытының/ ХҚҚ артуы дамуы мүмкін, бұл, сірә, препараттың және айналымдағы қан ұю факторларының өзара әрекеттесулерімен байланысты. Бүйрек функциясының жедел жеткіліксіздігі және бауырдың зақымдануы туындауы мүмкін. Бронх демікпесі бар пациенттерде осы ауру өршуі мүмкін.

ЕміЕмдеу симптоматикалық және демеуші болуы тиіс және тыныс алу жолдары өткізгіштігінің бос болуын және жүрек қызметіне және пациенттің жағдайы қалыпқа келгенше өмір сүрудің негізгі көрсеткіштеріне мониторинг жүргізуді міндетті түрде қамтамасыз етуді қамтиды. Препараттың потенциалды уытты мөлшерін қабылдаудан кейін 1 сағат ішінде белсенділендірілген көмірді пероральді түрде қолдану ұсынылады. Жиі және ұзаққа созылатын құрысуларды диазепамды немесе лоразепамды вена ішіне енгізу арқылы басу керек. Бронх демікпесінде бронходилататорларды қолдану ұсынылады.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкеріне кеңес беру үшін ұсынымдар

Дәрілік препаратты қабылдағанға дейін кеңес алу үшін дәрігерге қаралыңыз.

ДП стандартты қолдану кезінде көрініс табатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдануы керек шаралар

Жағымсыз әсерлердің туындау жиілігіне баға беру негізінде келесі критерийлер белгіленді: Өте жиі: ( 1/10), Жиі: ( 1/100-ден  1/10 дейін), Кейде: ( 1/1 000-нан  1/100 дейін), Сирек: ( 1/10 000-нан  1/1 000 дейін), Өте сирек: ( 1/10 000), Белгісіз: олда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес).

Келесі жағымсыз әсерлердің тізімі өзіне ревматизмге шалдыққан пациенттерді ибупрофенмен емдеген кезде, соның ішінде жоғары дозалармен ұзақ уақыт ем жүргізгенде орын алған барлық жағымсыз әсерлерді қамтиды. Өте сирек жағдайларды қоса, белгіленген жиілік пероральді дәрілік түр үшін 1200 мг-ге дейінгі тәуліктік дозалардағы ибупрофенмен қысқа мерзімдік емдеуге қатысты.

Препараттың келесі жағымсыз әсерлері негізінен дозаға және пациенттердің жекелей ерекшеліктеріне байланысты өзгеріп отыратындығын айта кету қажет.

Жиі ( 1/100-ден 1/10 дейін)

- бас ауыру, бас айналу

- диспепсия, диарея, жүректің айнуы, құсу, іштің ауыруы, метеоризм, іш қату, мелена, гематемезис, асқазан-ішектік қан кету

- бөртпе

- қажығыштық

Жиі емес (1/1000-нан ˂1/100 дейін)

- ринит

- аса жоғары сзімталдық

- ұйқысыздық, мазсыздық

- парестезия, ұйқышылдық

- көрудің нашарлауы

- естудің нашарлауы, құлақтың шуылдауы немесе шыңылдауы, вертиго

- демікпе, бронхтың түйілуі, ентігу

- гастрит, он екі елі ішектің ойық жарасы және асқазанның ойық жарасы, ойық жаралы стоматит, асқазан-ішектің тесілуі

- гепатит, сарғаю, бауыр функциясының бұзылуы

- есекжем, қышыну, пурпура, ангионевроздық ісіну, фотосезімталдық

- әртүрлі формадағы уытты нефропатия, соның ішінде тубулоинтерстициальді нефрит, нефроздық синдром, бүйрек функциясының жеткіліксіздігі

Сирек (≥1/10000-нан ˂1/1000 дейін)

- асептикалық менингит

- лейкопения, тромбоцитопения, нейтропения, агранулоцитоз, апластикалық анемия және гемолиздік анемия

- анафилаксиялық реакция

- депрессия және сананың шатасуы

- көру жүйкесінің невриті

- көру жүйкесінің уытты невропатиясы

- ісіну

Өте сирек (˂ 1/10000)

- панкреатит

- бауыр функциясының жеткіліксіздігі

- терінің ауыр реакциялары, мысалы, мультиформалы эритема, буллездік реакциялар, соның ішінде Стивенс-Джонсон синдромы және уытты эпидермальді некролиз

- жүрек функциясының жеткіліксіздігі, миокард инфарктісі («Айрықша нұсқаулар» бөлімі қараңыз)

- гипертензия

Жиілігі белгісіз (жиілігіне қолда бар деректер бойынша баға беру мүмкін емес)

- колит және Крон ауруы

- эозинофилиясы және жүйелік біліністері бар дәрілік реакция (DRESS синдромы)

- жайылған жедел экзантематоздық пустулёз (AGEP)

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

http://www.ndda.kz

Қосымша мәліметтер

Дәрілік препараттың құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат – ибупрофен 200 мг 400 мг

қосымша заттар: лактоза моногидраты, жүгері крахмалы, гипромеллоза 6 CPS, сусыз кремнийдің қостотығы, микрокристалды целлюлоза (GR 102), натрий кроскармеллозасы, магний стеараты

қабықтың құрамы: Opadry White 03G28692 – гипромеллоза, титанның қостотығы (Е 171), макрогол 4000, макрогол 600, су

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Ақ түсті үлбірлі қабықпен қапталған, жастық пішіндес, бір жақ бетінде ʽ235ʼ өрнегі бар жән басқа жақ беті тегіс таблеткалар (200 мг дозасы үшін).

Ақ түсті үлбірлі қабықпен қапталған, жастық пішіндес, бір жақ бетінде ʽ236ʼ өрнегі бар және басқа жақ беті тегіс таблеткалар (400 мг дозасы үшін).

Шығарылу түрі және қаптамасы

Поливинилдинхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 10 таблеткадан салынған.

Пішінді ұяшықты 1 қаптамадан медициналық қолдану жөнінде қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші туралы мәліметтер

Alkem Laboratories Ltd, Үндістан

Alkem House «Devashish»

Senapati Barat Marg

Lower Parel

Mumbai- 400013, India.

Phone +91-22-39829999

Fax +91-22-24952955

Email: contact@alkem.com

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

Alkem Laboratories Ltd, Индия

Alkem House «Devashish»

Senapati Barat Marg

Lower Parel

Mumbai- 400013, India.

Phone +91-22-39829999

Fax +91-22-24952955

Email: contact@alkem.com

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдардысыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттардың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

«The Pharma Network» («Зэ Фарма Нэтворк») ЖШС

Алматы қ., Сейфуллин к-сі, №404/67/9 үй

Телефон нөмірі +7 727 244 66 11, +77715065566

Электронды пошта: rgm@tpnalkem.com

Прикрепленные файлы

Ибукем_ИМП_ЛВ_рус.docx 0.06 кб
Ибукем_табл_каз.doc 0.15 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту