Зомета®

МНН: Золедроновая кислота
Производитель: Новартис Фарма Штейн АГ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Zoledronic acid
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№005510
Информация о регистрации в РК: 27.06.2018 - 27.06.2023
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)
Предельная цена закупа в РК: 14 747.29 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Зомета®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Золедрон қышқылы

Дәрілік түрі

Инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған 4 мг/5 мл концентрат

Құрамы

1 құтының ішінде

белсенді зат - 4 мг сусыз золедрон қышқылы,

қосымша заттар: маннитол, натрий цитраты, инъекцияға арналған су, азот.

Сипаттамасы

Мөлдір түссіз ерітінді

Фармакотерапиялық тобы

Сүйек ауруларын емдеуге арналған препараттар. Сүйектердің құрылымына және минералдануына әсер ететін препараттар. Бисфосфонаттар. Золедрон қышқылы.

АТХ коды М05ВА08

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Золедрон қышқылының фармакокинетикалық көрсеткіштерінің мәндері дозаға тәуелді емес. Золедрон қышқылы in vitro Р450 ферментін тежемейді және биоөзгеріске ұшырамайды. Золедрон қышқылы өзгермеген күйінде бүйрек арқылы шығарылады. Бауыр функциясының жағдайы золедрон қышқылы фармакокинетикасына елеулі әсер етпейді.

Золедрон қышқылының инфузиясы басталғаннан кейін плазмада препарат концентрациялары жылдам ұлғайып, инфузиялық кезең соңына қарай жоғарғы шегіне жетеді, содан кейін концентрацияның 4 сағаттан соң < 10% жоғарғы шегіне дейін және 24 сағаттан соң < 1% жоғарғы шегіне дейін жылдам азаюы болады, әрі қарай препараттың 28-ші күнгі екінші инфузиясына дейін 0,1% жоғарғы шегінен аспайтын өте төмен концентрацияларының ұзақ кезеңіне ұласады.

Таралуы

Золедрон қышқылының қанның жасушалық компоненттерімен жақындығы төмен болады, қан және плазмадағы концентрациясының орташа арақатынасы 30 нг/мл бастап 5000 нг/мл дейінгі концентрациялар диапазонында 0,59 құрайды. Плазма ақуыздарымен байланысуы төмен, байланыспаған фракциясы золедрон қышқылы 2 нг/мл кезінде 60%-дан, 2000 нг/мл кезінде 77% дейін ауытқып тұрады.

Көктамыр ішіне енгізілген золедрон қышқылы бүйрекпен үш сатыда шығарылады: 0,24 сағат және 1,87 сағат жартылай шығарылу кезеңдері бар препараттың жүйелік айналымнан жедел екі фазалық шығарылуы және 146 сағат құрайтын соңғы жартылай шығарылу кезеңі бар ұзаққа созылатын фаза. Золедрон қышқылы метаболизмге ұшырамайды және бүйрек арқылы өзгермеген күйде шығарылады.

Алғашқы 24 сағат ішінде несептен 39±16% енгізілген доза табылады. Препараттың қалған мөлшері негізінен сүйек тінімен байланысады. Артынан золедрон қышқылының сүйек тінінен жүйелі айналымға кері босатылуы және оның бүйрекпен шығарылуы баяу жүреді.

Препараттың жалпы плазмалық клиренсі 5,04±2,5 л/сағ. құрайды. Ол препарат дозасына, пациенттің жынысына, жасына, нәсілдік ерекшелігіне және дене салмағына байланысты емес. Инфузия ұзақтығының 5 минуттан 15 минутқа дейін артуы инфузия соңында қандағы золедрон қышқылы концентрациясының 30% төмендеуіне әкеледі, бірақ «концентрация-уақыт» қисығы астындағы аудан (AUC) шамасына еш әсер етпейді.

Золедрон қышқылының бүйректік клиренсі креатинин клиренсімен тікелей байланысқан. Золедрон қышқылының бүйректік клиренсі 75±33 % креатинин клиренсінен орташа 84±29 мл/мин (22-ден 143 мл/минутқа дейінгі диапазон) құрады. Креатинин клиренсі 20 мл/минуттан (ауыр бүйрек жеткіліксіздігі) 50 мл/минутқа дейінгі (орташа бүйрек жеткіліксіздігі) науқастарда золедрон қышқылының салыстырмалы клиренсі, пациентнің 84 мл/мин креатинин клиренсімен салыстырғанда, тиісінше, 37% немесе 72% болады.

Жедел бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттердегі фармакокинетикасы жөнінде деректер (креатинин клиренсі <30 мл/мин) шектеулі. Жедел бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде Зомета® препаратын қолдану ұсынылмайды.

Фармакодинамикасы

Золедрон қышқылы сүйекке таңдамалы әсер ететін бисфосфанаттардың жаңа класына жатады және сүйек тіні резорбциясының тежегіші болып табылады.

Бисфосфанаттардың сүйекке таңдамалы әсер етуі олардың минералданған сүйекпен жоғары тектестігіне байланысты, алайда остеокластар белсенділігінің тежелуін қамтамасыз ететін дәл молекулалық механизм әлі күнге дейін анықталмаған күйде қалумен келеді. Золедрон қышқылы сүйектің қалыптасуына, минералдануына және механикалық қасиеттеріне қолайсыз әсер көрсетпестен сүйек резорбциясын тежейді.

Остеокластық сүйек резорбциясын тежеуден басқа, золедрон қышқылы адамдағы сүт безінің обыры мен миеломаның өскінделген жасушаларына тікелей ісікке қарсы әсер көрсетеді, бұл ісіктік жасушалар апоптозының пролиферациясы мен индукциясын бәсеңдетумен жүзеге асады.

Ісіктен туындаған гиперкальциемиясы бар пациенттердегі золедрон қышқылының әсері сарысудағы кальций концентрациясының төмендеуімен және оның несеппен шығарылуының азаюымен сипатталады.

Қолданылуы

- қатерлі ісік туғызған гиперкальциемияда (қан сарысуындағы ≥ 12 мг/дл немесе 3 ммоль/л альбумин деңгейі бойынша түзетілген кальций концентрациясында)

- сүйектегі метастаздармен қатар жүретін қатерлі жаңа түзілімдері бар пациенттердегі сүйек тінінің патологиясымен байланысты симптомдардың (патологиялық сынулар, омыртқа бағанасының компрессиясы, сүйектерге жасалатын хирургиялық араласулардан және сәулемен емдеуден кейінгі асқынулар, ісікпен индукцияланған гиперкальциемия) профилактикасында

- менопауза алдындағы кезеңде әйелдердегі ерте сатыдағы сүт безінің гормонға тәуелді рецептор-оң обырын гонадотропин-рилизинг гормонының агонистері қамтылатын гормональді еммен бірге адъювантты емдеуде

- менопаузадан кейінгі кезеңде ерте сатыдағы сүт безінің обыры бар, ароматаза тежегіштерімен ем алатын әйелдердегі сынулар мен сүйек тіні резорбциясының профилактикасында

Қолдану тәсілі және дозалары

Қатерлі ісікпен байланысты гиперкальциемияны емдеу

Ересектер және егде жастағы пациенттер

Гиперкальциемияда (альбуминнің > 12 мг/дл немесе 3 ммоль/л деңгейі бойынша түзетілген кальций концентрациясы) ұсынылған препарат дозасы инфузияға арналған ерітіндімен (натрий хлоридінің 100 мл 0,9% ерітіндісі немесе 5% глюкоза ерітіндісі) сұйылтылған 4 мг құрап, 15 минуттан кем емес бір реттік көктамырішілік инфузия түрінде тағайындалады.

Зомета препараты енгізілгенше пациенттің гидратация дәрежесі бағалану керек. Инфузияны пациент талапқа сай гидратацияланған жағдайда жүргізеді.

Сүйектегі метастаздармен қатар жүретін қатерлі жаңа түзілімдері бар пациенттердегі сүйек тінінің патологиясымен байланысты симптомдардың (патологиялық сынулар, омыртқа бағаны компрессиясы, сүйектегі хирургиялық араласулардан және сәулемен емдеуден кейінгі асқынулар, ісікпен индукцияланған гиперкальциемия) профилактикасы

Ересектер және егде жастағы пациенттер

Ұсынылатын доза – 4 мг Зомета® препараты. Концентрат натрий хлоридінің 100 мл 0,9% ерітіндісінде немесе 5% глюкоза ерітіндісінде сұйылтылуы тиіс. Әр 3-4 апта сайын 15 минуттан кем емес көктамырішілік инфузия түрінде тағайындалады.

Пациенттер, сонымен бірге, 500 мг дозада қандай да бір кальций препаратын және 400 ХБ Д витаминін күнделікті қабылдауы тиіс.

Менопауза алдындағы кезеңдегі әйелдерде ерте сатыдағы сүт безінің гормонға тәуелді рецепторлы-оң обырын (ӘЕСБО) гонадотропин-рилизинг гормонының агонистері қамтылатын гормональді еммен бірге адъювантты емдеу

Ұсынылатын доза – әр 6 ай сайын көктамырішілік инфузия түріндегі 4 мг Зомета® препараты.

Пациенттер, сонымен бірге, 500 мг дозада қандай да бір кальций препаратын және 400 ХБ Д витаминін күнделікті қабылдауы тиіс.

Менопаузадан кейінгі кезеңде ерте сатыдағы сүт безінің обыры бар, ароматаза тежегіштерімен ем алатын әйелдердегі сынулар мен сүйек тіні резорбциясының профилактикасы

Ересектер және егде жастағы пациенттер

Ұсынылатын доза – әр 6 ай сайын 4 мг Зомета® препараты. Концентрат натрий хлоридінің 100 мл 0,9% ерітіндісінде немесе 5% глюкоза ерітіндісінде сұйылтылуы тиіс. 15 минуттан кем емес көктамырішілік инфузия түрінде тағайындалады.

Пациенттер, сонымен бірге, 500 мг дозада қандай да бір кальций препаратын және 400 ХБ Д витаминін күнделікті қабылдауы тиіс.

Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде қолдану

Қатерлі ісік туғызған гиперкальциемия кезіндегі бүйрек жеткіліксіздігі

Айқын бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде қатерлі ісік туғызған гиперкальциемияны Зомета® препаратымен емдеу осы емнің қатері мен пайдасын бағалаудан кейін ғана тағайындалу керек. Сарысуда < 400 мкмоль/л немесе < 4,5 мг/дл креатинин деңгейі, қатерлі ісік туғызған гиперкальциемиясы бар пациенттерде дозаны түзету қажет емес.

Сүйекті зақымдайтын асқынған қатерлі жаңа түзілімдері бар пациенттердегі сүйек тіні патологиясымен байланысты симптомдардың профилактикасы кезіндегі және менопаузадан кейінгі кезеңдегі сүт безі обырының ерте сатысында ароматаза тежегіштерімен ем алатын әйелдердегі сынулар мен сүйек тіні резорбциясының профилактикасы кезіндегі бүйрек жеткіліксіздігі

Көптеген миеломасы немесе ауқымды ісіктер кезінде сүйектерінің метастаздық зақымдануы бар пациенттерді, сондай-ақ менопаузадан кейінгі кезеңде сүт безі обырының ерте сатысында ароматаза тежегіштерімен ем алатын әйелдерді емдеуді бастамас бұрын сарысудағы креатинин деңгейі және креатинин клиренсін анықтаған дұрыс. Креатинин клиренсін Кокрофт-Голт формуласы бойынша сарысудағы креатинин деңгейі негізінде есептеп шығарады. Зомета® емнің басталуына дейін креатинин клиренсі < 30 мл/мин болатын айқын бүйрек жеткіліксіздігі болған пациенттерге ұсынылмайды.

Сүйегінде метастаздары бар пациенттерге және менопаузадан кейінгі кезеңде сүт безінің обырының ерте сатысында ароматаза тежегіштерімен ем алатын әйелдерге, Зомета® препаратымен емдеу басталғанша жеңіл немесе орташа бүйрек жеткіліксіздігінде (анықталған креатинин клиренсі 30-60 мл/мин) препараттың келесі дозалары ұсынылған:

Бастапқы креатинин клиренсі (мл/мин)

Препараттың* ұсынылатын дозасы

> 60

4,0 мг

50-60

3,5 мг

40-49

3,3 мг

30-39

3,0 мг

* Дозалар 0,66 (мг · сағ./л) құрайтын (креатинин клиренсі = 75 мл/мин) мақсатты AUC негізінде есептелген. Бүйрек жеткіліксіздігімен азайтылған дозалар, креатинин клиренсі 75 мл/мин пациенттердегідей, дәл сол AUC мәндеріне жетуді қамтамасыз етеді деп жорамалданады.

Ем басталғаннан кейін Зомета® препаратының әр дозасын енгізер алдында қан сарысуындағы креатинин деңгейін өлшеген жөн. Бүйрек функциясының бұзылуында емдеуді тоқтату керек. Клиникалық зерттеулерде бүйрек функциясының бұзылуы былайша анықталды:

  • сарысудағы креатининнің бастапқы деңгейі қалыпты пациенттер үшін (<1,4 мг/дл) – көрсеткіштің 0,5 мг/дл артуы

  • сарысудағы креатининнің бастапқы деңгейі өзгерген пациенттер үшін (> 1,4 мг/дл) – көрсеткіштің 1 мг/дл артуы.

Клиникалық зерттеулерде Зомета® препаратымен емдеу креатинин деңгейі бастапқы шамасының 10% шектегі мәніне оралған соң жаңғыртылды. Препаратпен емдеуді ем үзілісіне дейінгі дозада жаңғыртқан жөн.

Зомета® препаратының азайтылған дозаларын әзірлеу жөніндегі нұсқаулар

Қажетті сұйық концентраттың тиісті көлемі алынады:

3,5 мг доза үшін - 4,4 мл

3,3 мг доза үшін - 4,1 мл

3,0 мг доза үшін - 3,8 мл

Концентраттың жинап алынған мөлшерін 100 мл натрий хлоридінің стерильді 0,9% ерітіндісінде немесе 5% глюкоза ерітіндісінде сұйылту қажет. Инфузияға дайын болған ерітіндіні 15 минуттан кем емес уақыт бойы бір реттік көктамырішілік инфузия түрінде енгізу керек.

Салқындатылған ерітіндіні қолданар алдында бөлме температурасына жеткенше оны алдын ала қойып қою қажет.

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі (≥ 1/10)

- гипофосфатемия

Жиі (≥ 1/100 < 1/10)

- анемия

- бас ауыру, парестезия

- ұйқының бұзылуы

- конъюнктивит

- жүрек айну, құсу, тәбеттің төмендеуі, іш қату

- гипергидроз

- сүйектердің ауыруы*, миалгия*, артралгия*, денеде жайылған ауыру, буындардың қимылының шектелуі

- гипертензия

- бүйрек жеткіліксіздігі

- жедел фазалық реакция, қызба, тұмау тәрізді аурулар (шаршау, қалтырау, дімкәстану мен қан кернеулерін қоса)

- шеткергі ісінулер, астения

- қандағы креатинин мен мочевина деңгейлерінің жоғарылауы, гипокальциемия

Жиі емес (≥ 1/1,000 < 1/100)

- тромбоцитопения, лейкопения

- аса жоғары сезімталдық реакциясы

- бас айналу, дәм сезудің нашарлауы, гипостезия, гиперстезия, тремор

- мазасыздық

- анық көрмеу

- диарея, абдоминальді ауыру, диспепсия, стоматит, ауыздың құрғауы

- диспноэ, жөтел

- қышыну, бөрту (эритематозды және макулярлы бөртуді қоса)

- жақсүйек остеонекрозы, бұлшықеттердің түйілуі*

- гипотензия

- жедел бүйрек жеткіліксіздігі, гематурия, протеинурия

- инъекция салған жердегі реакциялар (ауырсыну, тітіркену, ісіп кету, тығыздалу, қызаруды қоса)

- кеуденің ауыруы

- денеге салмақ қосу

- гипомагниемия, гипокалиемия

Сирек (≥ 1/10,000 <1/1,000)

- панцитопения

- ангионевротикалық ісіну

- сананың шатасуы

- увеит

- интерстициальді өкпе ауруы

- брадикардия, жүрек аритмиясы (гипокальциемия аясында)

- артрит және буындардың ісіп кетуі (жедел фазадағы реакция симптомы ретінде)

- гиперкалиемия, гипернатриемия

Өте сирек (<1/10,000)

  • құрысулар, гипестезия және тетания (гипокальциемия аясында)

* анағұрлым жоғары жиілігі менопауза алдындағы, гонадотропин-босатып шығаратын гормон (ГБГ) агонисінің қолданылуын қоса, гормональді ем алатын ӘЕСБО оң гормон-рецепторымен әйелдерде, және ароматаза тежегіштері қатар қолданылатын ем қабылдайтын ӘЕСБО бар менопаузадан кейінгі әйелдерде байқалуы мүмкін

Постмаркетингтік бақылаулар (жиілігі белгісіз)

- анафилаксиялық реакциялар/шок

- ұйқышылдық

- эписклерит, склерит және көз ұясының қабынуы

- жыпылықтағыш аритмия

- бірінші кезекте, қауіп факторлары бар пациенттерде естен тануға немесе тамыр жеткіліксіздігіне әкелетін гипотензия

- бронх түйілуі

- есекжем

- сүйектердің, буындардың және/немесе бұлшықеттердің жедел, кейде қимылдатқызбайтын ауыруы, ортан жіліктің атипті ұршық асты және диафизарлы сынулары (Зомета® препаратын қоса, бисфосфонаттар туғызатын жайсыз реакциялар)

Жекелеген жағымсыз реакциялар сипаттамасы

Бүйрек функциясының бұзылуы

Зомета® препаратын қолдану бүйрек функциясының бұзылуы дамуымен астасқан. Сүйек зақымдануымен таралған қатерлі жаңа түзілімдері бар пациенттерде қаңқа тарапынан асқынулардың профилактикасы мақсатында препаратты клиникалық зерттеулерде қолданғанда препарат қолдануға байланысты бүйрек функциясы бұзылуының туындау жиілігі келесі түрде берілген: көптеген миелома (3,2%), қуық асты безінің обыры (3,1%), сүт безі обыры (4,3%), өкпе обыры және басқа да ауқымды ісіктер (3,2%). Бүйрек функциясының нашарлау қаупін арттыруы мүмкін факторларға мыналар: дегидратация, бұрыннан бар бүйрек функциясының бұзылуы, Зомета® препаратымен және басқа бисфосфонаттармен емнің көптеген курстары, нефроуытты препараттарды бір мезгілде қолдану немесе препаратты ұсынылуынан қысқа уақыт кезеңінде енгізу жатады.

Бүйрек функциясының нашарлауы, бүйрек жеткіліксіздігіне дейін жететін бүйрек функциясының бұзылуының үдегені және Зомета® препаратының бастапқы дозасын немесе бір реттік дозасын енгізген соң гемодиализ жүргізу қажеттігі анықталды.

Жақсүйек остеонекрозы

Бисфосфонаттармен, оның ішінде Зомета® препаратымен емдегенде, негізінен онкологиялық аурулары бар пациенттерде остеонекроз (негізінен жақ сүйектің, бірақ сондай-ақ және басқа жерде орналасқан, оның ішінде жамбас сүйегі, ортан жілік және сыртқы есту өзекшесінің) дамуының жағдайлары анықталған. Көптеген пациенттерде жергілікті инфекциялық үдеріс белгілері, оның ішінде остеомиелит анықталды; бұндай жағдайлардың көбінде онкологиялық аурулары бар пациенттерде тіс экстракциясынан кейін немесе стоматологиялық операциялық араласулардан кейін анықталды. Жақсүйек остеонекрозының дамуына әкелетін қатерлі жаңа түзілім, бір уақыттағы ем (мысалы, химиотерапия, антиангиогенді препараттар, сәулелік ем, глюкокортикостероидтар) және қатарлас жүретін жай-күйлер (мысалы, анемия, коагулопатия, инфекциялар, бұрыннан бар ауыз қуысының аурулары) сияқты ауқымды белгілі көптеген қауіп факторлары бар. Себеп-салдарлы байланысы анықталмаса да, сауығу үдерісі ұзаққа созылуы мүмкіндігінен, инвазиялық стоматологиялық операциялық араласулардан аулақ болған жөн. Қолда бар деректерден жақсүйек остеонекрозының даму жиілігі ісік сипатына байланысты (таралған сүт безінің обыры, көптеген миелома).

Жедел фаза реакциялары

Бұл жағымсыз реакциялар төмендегі симптомдар кешенін білдіреді: дене температурасының жоғарылауы, жалпы әлсіздік, сүйектердің ауыруы, қалтырау, тұмауға ұқсас синдром. Әдетте Зомета® препаратының инфузиясынан кейін ≤3 күн аралығында басталады. Сондай-ақ реакция «тұмауға ұқсас» немесе «дозадан кейінгі» симптомдар терминдерін пайдаланғанда да еске алынады. Симптомдар әдетте бірнеше күннен кейін қайтады.

Жүрекшелер фибрилляциясы

Остеопорозы бар постменопауза кезеңіндегі пациенттерде 3 жыл бойына золедрон қышқылын (жылына бір рет 5 мг дозада) қолданған клиникалық зерттеулердің бірінде жүрекшелер фибрилляциясының дамуының жалпы жиілігі плацебо тобындағы 1,9%-бен (3852-ден 75) салыстырғанда 2,5 % (3862-ден 96 адам) құраған. Ауыр гемодинамикалық бұзылулармен бірге жүретін жүрекшелер фибрилляциясының дамуының жиілігі золедрон қышқылы және плацебо үшін тиісінше 1,3% (3862-ден 51) және 0,6% (3852-ден 22) құраған. Осындай теңгерімсіздік золедрон қышқылының басқа клиникалық зерттеулерінде, оның ішінде онкологиялық аурулары бар пациенттерде әр 3-4 апта сайын бір рет Зомета® препаратын 4 мг дозада қолданғанда анықталмады. Постменопаузальді остеопорозы бар пациенттерде золедрон қышқылы емінің аясындағы жүрекшелер фибрилляциясы дамуының жиілігі жоғарылауының себебі анықталмады.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- золедрон қышқылына, басқа бисфосфонаттарға немесе препарат құрамына кіретін басқа компоненттерге жоғары сезімталдық

- ауыр бүйрек жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі < 35 мл/мин)

- жүктілік және лактация кезеңі

- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Клиникалық зерттеулерде Зомета® препараты ісікке қарсы препараттармен, диуретиктермен (ілмектік диуретиктерді қоспағанда), антибиотиктермен және анальгетиктермен қатарлас қолданылды. Препараттың клиникалық елеулі өзара әрекеттесулері анықталмаған. Зомета® препараты сияқты бисфосфонаттарды аминогликозидтермен, кальцитонинмен немесе ілмектік диуретиктермен қолданғанда сақ болуға кеңес беріледі, өйткені препараттарды бір мезгілде қолдану сарысудағы кальций деңгейінің қажеттісінен ұзағырақ төмендеуіне әкелуі мүмкін. Зомета® препараты мен нефроуыттылығы зор басқа да препараттарды тағайындағанда сақтық шарасын қадағалау керек. Зомета® препараты мен антиангиогенді препараттарды тағайындағанда сақ болу керек, себебі осы препараттарды қатар қолданғанда пациенттерде жақсүйек остеонекрозы жағдайларының жиілегені байқалды.

Емдеу басталғанша, бүйрек жеткіліксіздігі жеңіл және орташа дәрежедегі пациенттерді қоспағанда, талидомидпен бірге қолданғанда Зомета® препаратының дозасын түзету қажет емес. Талидомидті (тәулігіне 100 немесе 200 мг) Зомета® препаратымен бір мезгілде тағайындау көптеген миеломасы бар пациенттерде золедрон қышқылының фармакокинетикасына және креатинин клиренсіне елеулі ықпалын тигізбейді.

Айрықша нұсқаулар

Зомета® препаратын енгізер алдында, бүйрек функциясы жеңіл және орташа бұзылған пациенттерді қоса, пациенттердің жеткілікті гидратацияланғанына көз жеткізген жөн. Жүрек жеткіліксіздігінің даму қаупі бар пациенттерде шамадан тыс гидратациялануға жол бермеген жөн.

Зомета® препаратымен емдеуді бастаған соң сарысудағы альбумин, фосфат және магний, сондай-ақ креатинин деңгейі бойынша түзетілген қан сарысуындағы кальций деңгейлері сияқты гиперкальциемиямен байланысты стандартты метаболизмдік параметрлер мұқият тексерілуі тиіс. Гипокальциемия, гипофосфатемия немесе гипомагниемия кезінде қосымша қысқа мерзімді ем қажет болуы мүмкін. Ем алмаған гиперкальциемиясы бар пациенттерде бүйрек функциясының кейбір бұзылу дәрежесі болады, сондықтан бүйрек функциясы көрсеткіштеріне тиянақты мониторинг жасау қажет.

Зомета® препаратының құрамында да, Акласта® препараты сияқты, әсер етуші зат (золедрон қышқылы) бар болғандықтан, Зомета® препаратымен ем алатын пациенттерге Акласта® препаратын тағайындау ұсынылмайды. Зомета® препаратымен ем алатын пациенттер басқа бисфосфонаттарды да бір мезгілде қолданбауы тиіс. Аяқталмаған остеогенездің ауыр түріне шалдыққан ересек пациенттерде Зомета® препаратын қолдану қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған.

Зомета® препаратының клиникалық зерттеулері барысында бронх түйілуінің даму жағдайлары болмаған. Бисфосфонаттар қабылдайтын ацетилсалицил қышқылына сезімтал демікпесі бар пациенттердегі бронх түйілуі хабарланды.

Қатерлі ісіктен болатын гиперкальциемиясы және бүйрек функциясының нашарлауының белгілері бар пациенттер, дәрігер емнің болжамды қаупінен әлеуетті пайдасын бағалағанша, мұқият тексеруден өтуі тиіс.

Сүйек тінінің зақымдануымен байланысты симптомдарды болдырмау мақсатында сүйектерінде метастаздары бар пациенттерді емдеу жөнінде шешім қабылдағанда ем әсерінің 2-3 айдан соң біліне бастайтынын есепке алу керек.

Бисфосфонаттар қолдану кезінде бүйрек функциясының нашарлауы жөніндегі хабарламалар орын алған. Бүйрек функциясының нашарлау мүмкіндігін арттыратын факторларға дегидратация, бұрыннан келе жатқан бүйрек функциясының бұзылуы, Зомета® препаратының және басқа бисфосфонаттардың, сондай-ақ басқа нефроуытты дәрілік препараттардың көп реттік циклдары жатады, сондай-ақ нефроуытты дәрілер қолдану немесе қазіргі уақыттағыдан едәуір қысқа мерзімде инфузия жасау ұсынылады. Зомета® препаратын 4 мг дозада 15 минуттан кем емес уақыт бойы енгізгенде қатер азайса да, бүйрек функциясы нашарлап кетуі мүмкін. Зомета® препаратының бастапқы немесе бір реттік дозасын енгізгеннен кейін пациенттерде бүйрек функциясының нашарлауы, бүйрек жеткіліксіздігіне және диализге дейін үдеуі жөнінде хабарланды. Сарысудағы креатинин деңгейінің көтерілуі сүйек тінінің зақымдануымен байланысты симптомдардың пайда болуына жол бермеу мақсатында, бұл мейлінше жиі болмаса да, ұсынылған дозаларда препаратты тұрақты қабылдайтын кейбір пациенттерде де байқалады.

Зомета® препаратының әр дозасын енгізер алдында пациенттерде қан сарысуындағы креатинин деңгейлерін бағалау қажет. Емдеу басталған соң, қатерлі ісіктен болатын гиперкальциемиясы бар пациенттерді қоспағанда, бүйрек функциясы болымсыз немесе орташа нашарлаған пациенттерге Зомета® препаратының едәуір төмен дозалары ұсынылады. Емделу кезінде бүйрек функциясының нашарлау белгілері бар пациенттерде препарат қабылдауды креатинин деңгейі бастапқы шамасының 10% шегіндегі мәніне оралғанда ғана жаңғыртуға болады.

Зомета® препаратын қоса, бисфосфонаттардың бүйрек функциясына әлеуетті әсер етуіне, қауіпсіздігі жөніндегі ауқымды клиникалық деректер мен фармакокинетикалық мәліметтердің болмауына орай, бүйрек функциясының ауыр бұзылулары бар пациенттерде (клиникалық зерттеулерде қатерлі ісіктен болатын гиперкальциемиясы бар пациенттерге тән сарысудағы креатининнің ≥ 400 мкмоль/л немесе ≥ 4,5 мг/дл деңгейіне және қалған пациенттер үшін, тиісінше, ≥ 265 мкмоль/л немесе ≥ 3,0 мг/дл сарысу креатининіне сәйкес; фармакокинетикалық зерттеулерде < 30 мл/мин креатинин клиренсіне сәйкес болды) Зомета® препаратын қолдану ұсынылмайды.

Бауыр жеткіліксіздігі ауыр пациенттерге арналған белгілі бір нұсқаулар жоқ, өйткені шектеулі ғана клиникалық деректер қолжетімді.

Остеонекроз

Жақсүйек остеонекрозы

Емдеуде бисфосфонаттар, соның ішінде Зомета® препараты қамтылатын онкологиялық пациенттерде көбінесе жақсүйек остеонекрозы туралы хабарланған. Осы пациенттердің көпшілігі сонымен бірге химиялық ем және кортикостероидтар алған. Көпшілігінде, остеомиелитті қоса, жергілікті инфекция белгілері болған. Постмаркетингтік тәжірибеге және әдебиет деректеріне сүйенгенде, хабарламалардың көпшілігі онкологиялық аурулары бар пациенттерге (кешеуілді сатыдағы сүт безі обыры, көптеген миелома), тіс жұлудан кейінгі, пародонт ауруы бар, талапқа сай орнатылмаған тіс протездерінен болатын жарақаттарды қоса, жергілікті жарақаттары бар пациенттерге қатысты болды. Пациенттер бисфосфонаттармен емдеу басталғанша ауыз қуысының гигиенасын сақтап, тиісті профилактикалық санациялаумен ауыз қуысын тексеруден өткізуі тиіс. Емделу кезінде осы пациенттер, мүмкіндігінше, инвазиялық стоматологиялық емшаралардан аулақ болуы тиіс. Бисфосфонаттармен емдеу кезінде жақсүйек остеонекрозы дамыған пациенттерде стоматологиялық операция жай-күйін нашарлатуы мүмкін. Бисфосфонаттармен емдеуді тоқтату жақсүйек остеонекрозының даму қаупін төмендете ме әлде жоқ па, оны жорамалдау үшін стоматологиялық емшараларды қажет ететін пациенттерге қатысты деректер жоқ. Дәрігер, клиникалық баға бере отырып, қауіп пен пайданың жекеше бағалануына негізделген әр пациентні жүргізу жоспарын жетекшілікке алуы тиіс.

Басқа жерде орналасқан остеонекроз

Басқа жерде орналасқан, оның ішінде жамбас сүйегі, ортан жілік, сыртқы есту өзекшесіндегі остеонекроз жағдайлары сипатталған, ол негізінен бисфосфонаттармен, оның ішінде Зомета®препаратымен ем қабылдаған, онкологиялық аурулары бар ересек пациенттерде болған.

Ортан жіліктің атипті сынулары

Бисфосфонаттармен емдеуде көбінесе остеопороз кезінде ұзақ уақыт ем алған пациенттерде ортан жіліктің атипті ұршықастылық сынулары мен диафизінің сыну жағдайлары хабарланды. Көлденең немесе қысқа қиғаш сынулар, кіші ұршықтың тура төмен нүктесінен бастап және тура айдаршық үстіндегі кеңею нүктесімен аяқталатын ортан жіліктің кез келген бөлігінде пайда болуы мүмкін. Бұл сынулар тым аз жарақаттық әсер ету нәтижесінде немесе онсыз пайда болуы мүмкін, ал кейбір пациенттерде ортан жіліктің толық сынуы дамығанша бірнеше апта немесе ай бұрын ұршық буыны аумағында немесе шап аумағында ауыру сезімі болуы мүмкін. Сынулар, әдетте, екі жақты болып келеді; сондықтан Зомета® препаратымен ем алатын пациенттерде және ортан жіліктің диафиздік сынуларына ұшырағандарда екінші аяқтың ортан жілігін де бағалау қажет. Сонымен қатар, мұндай сынулардың нашар бітісіп кетуі де хабарланған. Ортан жіліктің атипті сынуы күдік тудыратын пациенттерде қатері мен пайдасының жекеше бағалануын бағдарға ала отырып, Зомета® препаратымен емдеуді тоқтату мүмкіндігін қарастыру керек. Зомета® препаратын алған пациенттерде санның атипті сынулары хабарланды, алайда Зомета® препаратын қолданумен себеп-салдарлы байланысы анықталмаған.

Пациенттерге препаратпен емделу кезінде санындағы, ұршық буынындағы немесе шаптағы кез келген ауырулар жөнінде хабарлауға кеңес беру қажет. Осындай симптомдары бар пациенттерді ортан жіліктің толық емес сынуының бар-жоғына тексерту керек.

Бұлшықет ауырулары

Постмаркетингтік зерттеулерде бисфосфонаттар, соның ішінде, Зомета® препаратын қабылдаған пациенттерде сүйектердегі, буындардағы жедел, кейде мүгедектікке ұшырататын ауырулар және/немесе бұлшықет ауырулары хабарланды. Симптомдар басталуына дейінгі уақыт емдеу басталғаннан бастап бір күннен бірнеше айға дейін ауытқумен болды. Пациенттердің көпшілігінде емдеу тоқтатылғаннан кейін симптомдар айқындылығының азаюы жүрді. Пациенттердің осы санатында, егер емдеу сол дәрілік затпен немесе басқа бисфосфонатпен жаңғыртылса, симптомдардың қайталануы болды.

Гипокальциемия

Зомета® препаратын алған пациенттерде гипокальциемия жөнінде хабарламалар болды. Ауыр гипокальциемияға қатысты салдарлы жүрек аритмиялары және неврологиялық жағымсыз реакциялар (құрысулар, тетания, ұйып қалу сезімі) хабарланды. Кейбір жағдайларда гипокальциемия өмірге қатер төндіруі мүмкін.

Зомета® препаратын гипокальциемия туындататын басқа препараттармен тағайындағанда сақ болу ұсынылады, өйткені ауыр гипокальциемияға әкелетін синергиялық әсері болуы мүмкін («Дәрілермен өзара әрекеттесуі» бөлімін қараңыз). Зомета® препаратын қолдануды бастар алдында қан сарысуындағы кальций деңгейін анықтау және гипокальциемияны түзету керек. Пациенттердің кальций препараттары мен D витаминінің талапқа сай дозаларын қабылдағандары жөн.

Дәрілік заттың автокөлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препараттың автокөлік басқару немесе механизмдер пайдалану қабілетіне әсер етуіне қатысты зерттеулер жүргізілмеген, бірақ ОЖЖ тарапынан жағымсыз әсерлер пайда болған жағдайда осындай қызмет түрлерінен аулақ болу керек.

Артық дозалануы

Зомета® препаратының артық дозалануы кезінде жедел уыттану жөнінде шектеулі клиникалық деректер бар.

Симптомдары: препараттың ұсынылған мөлшерден асып кететін дозаларын алатын пациенттер мұқият қадағалауда болуы тиіс, өйткені бүйрек функциясының бұзылуы (бүйрек жеткіліксіздігін қоса) және сарысу электролиттері (кальций, фосфор және магнийді қоса) деңгейлерінің бұзылулары хабарланған.

Емі: клиникалық елеулі гипокальциемияны кальций глюконатының инфузиясымен бейтараптандыруға болады.

Шығарылу түрі және қаптамасы

5 мл препараттан сұр резеңке тығындармен тығындалған және пластик қақпақшалары бар алюминий қалпақшалармен қаусырылған мөлдір пластик құтыларға салады.

Құты медициналық қолдануы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

30°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Препаратты қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Новартис Фарма Штейн АГ

Шаффхаузерштрассе 4332 Штейн

Швейцария

Тіркеу куәлігінің иесі

Новартис Фарма АГ, Швейцария

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы

Қазақстандағы Новартис Фарма Сервисэз АГ филиалы

050051 Алматы қ., Луганский к-сі, 96

тел.: (727) 258-24-47 

факс: (727) 244-26-51

e-mail: drugsafety.cis@novartis.com

 

 

Прикрепленные файлы

935603061477976834_ru.doc 49.22 кб
433554821477977994_kz.doc 152.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники