Золотая Звезда Ингасепт (0,3 %)

МНН: Бензидамин
Производитель: Данафа Фармасьютикал Джойнт Сток Компани
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Benzydamine
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№021234
Период регистрации: 05.03.2015 - 05.03.2020

Инструкция

Саудалық атауы

Золотая Звезда Ингасепт

Халықаралық патенттелмеген атауы

Бензидамин

Дәрілік түрі

Жергілікті қолдануға арналған спрей, 0.15 % 30 мл және 0.3 % 15 мл

Құрамы

Бір құтының құрамында:

белсенді зат: бензидамин гидрохлориді

Спрей 0,15% - 45 мг

Спрей 0,3% - 45 мг

қосымша заттар: глицерол, этанол, натрий сахаринаты, «Жалбыз» хош иістендіргіші, тазартылған су

Сипаттамасы

Жалбызға тән иісі бар мөлдір түссіз ерітінді

Фармакотерапиялық тобы

Стоматологиялық препараттар. Ауыз қуысын емдеуге арналған өзге де препараттар. Бензидамин.

АТХ коды А01АD02

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Жергілікті қолданғанда препарат шырышты қабық арқылы жақсы сіңіріледі және қабынған тіндерге өтеді.

Препарат экскрециясы негізінен метаболиттер немесе конъюгация өнімдері түрінде бүйрекпен және ішек арқылы жүреді.

Жергілікті қолануға арналған дәрілік түрлер жүйелі әсерге ие емес және емшек сүтіне өтпейді.

Фармакодинамикасы

Бензидамин қабынуға қарсы препарат, индазолдар тобына жатады. Қабынуға қарсы және жергілікті ауыруды басатын әсер көрсетеді, кең ауқымды микроорганизмдерге қарсы антисептикалық әсерге ие.

Препараттың әсер ету механизмі жасушалық жарғақшалардың стабилизациясымен және простагландиндер синтезінің тежелуімен байланысты.

Бензидамин артынша жасуша құрылымын зақымдай, метаболизмдік үдерістерді және жасуша лизосомаларын бұза отырып микроорганизмдердің жарғақшалары арқылы жылдам өтуі есебінен антибактериялық, зеңге қарсы және спецификалық антимикробтық әсер көрсетеді.

Қолданылуы

Кешенді ем құрамында:

  • Ауыз қуысының қабыну ауруларында (гингивит, глоссит, стоматит)

  • ЛОР-органдардың қабыну ауруларында (фарингит, ларингит)

  • Тіс экстракциясынан кейінгі жағдайда, тонзилэктомияда

Қолдану тәсілі және дозалары

Жергілікті қолдануға арналған спрей (ауыз қуысы мен тамаққа бүрку) 0,15% (0,255 мг/доза).

6-12 жастағы балаларға - әрбір 1,5-3 сағат сайын 4 дозадан. Ересектер мен егде жастағы емделушілерге әрбір 1,5-3 сағат сайын 4-8 дозадан.

Жергілікті қолдануға арналған спрей (ауыз қуысы мен тамаққа бүрку) 0,3% (0,510 мг/доза).

6-12 жастағы балаларға - әрбір 1.5-3 сағат сайын 2 дозадан. Ересектер мен егде жастағы емделушілерге әрбір 1.5-3 сағат сайын 2-4 дозадан тағайындайды.

Емдеу курсы:

  • ауыз қуысы мен ЛОР-органдардың қабыну ауруларында (түрлі этиологиядағы) – 4 күннен 15 күнге дейін,

  • одонто-стоматологиялық патологияда - 6 күннен 25 күнге дейін,

  • операциялық араласымдар мен жарақаттардан кейін (тонзиллэктомия) – 4 күннен 7 күнге дейін.

6 жасқа дейінгі балаларға ұсынылмайды.

Препаратты ұзақ қолданғанда (7 күннен астам) дәрігердің консультациясы қажет.

 

Жағымсыз әсерлері

  • тіндердің жансыздануы және ауыз қуысындағы шымылдату сезімі, ауыздың құрғауы, тамақтың тітіркенуі, жөтел

  • шөл

  • ұйқышылдық, бас ауыруы

  • аллергиялық реакциялар (тері бөртпесі, қышыну, ларингоспазм, бронх түйілуі, ентігу)

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

  • 6 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Золотая Звезда Ингасепт препаратының басқа дәрілік заттармен клиникалық тұрғыдан маңызды өзара әрекеттесуі анықталмады.

Айрықша нұсқаулар

Жұқпалы-қабыну ауруларында біріктірілген ем құрамында қолдану қажет. Бұл препараттың ұсынылған дозасын арттырмаңыз. Ұзақ (7 күннен астам) емдеуді дәрігердің бақылауымен жүргізу қажет. Спрейдің көзге түсуіне жол бермеңіз. Ол байқаусызда көзге түскен жағдайда көп мөлшердегі сумен шайыңыз.

Жүктілік және лактация кезеңі

Препаратты жүктілік және лактация кезінде қолдану қауіпсіздігі бойынша деректер жоқ.

Дәрілік заттың көлік құралдарын басқару және қауіпті деп саналатын механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Препарат ұсынылған дозаларда көлік құралдарын басқару және қауіпті деп саналатын механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне ықпал етпейді.

Артық дозалануы

Қазіргі уақытта Золотая Звезда Ингасепт препаратымен артық дозалану жағдайлары байқалмады.

Шығарылу түрі және қаптамасы

30 мл (0,15 % концентрация үшін) немесе 15 мл (0,3 % концентрация үшін) препараттан пластиктен жасалған бүріккіш құрылғысы бар қорғағыш қақпақпен жабдықталған пластик құтыға құяды.

Бір құтыдан медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде 30 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«ДАНАФА ФАРМАСЬЮТИКАЛ ДЖОЙНТ СТОК КОМПАНИ»

Вьетнам, Дананг қ-сы, Тхань Тхе ауданы, Зунг Си Тхань Тхе к-сі, 253 үй.

Тіркеу куәлігінің иесі

«ДАНАФА ФАРМАСЬЮТИКАЛ ДЖОЙНТ СТОК КОМПАНИ»

Вьетнам, Дананг қ-сы, Тхань Тхе ауданы, Зунг Си Тхань Тхе к-сі, 253 үй.

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөнінде шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қ-сы, Айтиев к-сі 46-18

Тел/Факс: +7 (727) 395 91 13

Моб. тел: +7 (701) 718 25 92

Электрондық поштасы: layka16@mail.ru

Прикрепленные файлы

891124531477976526_ru.doc 52.5 кб
656005151477977688_kz.doc 58 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники