Золедронат-Тева

МНН: Золедроновая кислота
Производитель: Плива Хрватска д.о.о.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Zoledronic acid
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№121861
Период регистрации: 10.12.2015 - 10.12.2020
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)
Предельная цена закупа в РК: 10 323.1 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Золедронат-Тева

Халықаралық патенттелмеген атауы

Золедрон қышқылы

Дәрілік түрі

Инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған концентрат, 4 мг/5 мл

Құрамы

1 құтының ішінде

белсенді зат – золедрон қышқылы (золедрон қышқылының моногидраты түрінде) - 4.00 мг,

қосымша заттар: маннитол, натрий цитраты, инъекцияға арналған су.

Сипаттамасы

Мөлдір ерітінді

Фармакотерапиялық тобы

Сүйек ауруларын емдеуге арналған препараттар. Сүйектердің құрылымы мен минералдануына әсер ететін препараттар. Бисфосфонаттар. Золедрон қышқылы.

АТХ коды М05ВА08

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Фармакокинетикалық параметрлері дозасына тәуелді емес. Инфузия басталғаннан кейін қан плазмасындағы концентрациясы жылдам артады, Cmax инфузияның соңында жетеді, ары қарай 4 сағаттан соң концентрациясының 10 %-ға және 24 сағаттан соң Cmax 1 %-дан азға жылдам азаюы, ары қарай 28 күні қайталанатын инфузияға дейін Cmax 0.1 % аспайтын төмен концентрациясының ұзақ кезеңімен жүреді. Плазма ақуыздарымен байланысуы – 56 %. Метаболизмге ұшырамайды. Бүйрекпен өзгеріссіз күйде 3 сатыда шығарылады: 1 және 2 фазаларда – золедрон қышқылының жүйелі қанайналымнан жартылай шығарылуының (T1/2) сәйкесінше 0.24 сағат және 1.87 сағат кезеңдерімен жылдам шығарылуы және 3 фаза – T1/2 146 сағаттық ұзақ шығарылуы. Әр 28 күн сайын қайталап енгізген кезде препараттың жинақталғаны байқалмаған. Бастапқы 24 сағат ішінде несепте 23-55%-ы анықталады. Золедрон қышқылының қалған мөлшері сүйек тінімен байланысады, содан кейін оның жүйелі қан ағымына баяу кері босап шығуы және бүйрекпен шығарылуы жүреді; нәжіспен 3 %-дан азы шығарылады. Жалпы плазмалық клиренсі – 2.54-7.54 л/сағат, золедрон қышқылының дозасына, пациенттің жынысына, жас шамасына, нәсілі мен дене салмағына тәуелді емес. Инфузия ұзақтығын 5-тен 15 минутқа дейін арттыру золедрон қышқылы концентрациясының инфузия соңында 30%-ға азаюына алып келеді, бірақ «концентрация-уақыт» қисығы астындағы ауданына (AUC) әсер етпейді. Бүйректік клиренсі креатинин клиренсімен (КК) өзара оң байланыста болады және орташа алғанда 55-113%-ды құрайтын КК 42-108%-ын құрайды. Бүйректің ауыр (КК минутына 20 мл аз) және орташа жеткіліксіздігі бар пациенттерде (КК минутына 20-дан 50 мл дейін) золедрон қышқылының клиренсі золедрон қышқылының КК минутына 84 мл пациенттердегі клиренс мәндерінен сәйкесінше 37 және 72%-ын құрайды.

Фармакодинамикасы

Золедрон қышқылы сүйек тініне іріктелген әсері бар бисфосфонаттарға жатады. Остеокластарға әсер ете отырып, сүйек тінінің шамадан тыс резорбциясын бәсеңдетеді. Остеокластардың белсенділігінің тежелуін қамтамасыз ететін дәл механизм әлі де анықталған жоқ. Золедрон қышқылы сүйектің қалыптасуына, минералдануы мен механикалық қасиеттеріне жағымсыз әсер етпейді.

Қатерлі ісіктер индукциялаған гиперкальциемиясы бар пациенттерде, золедрон қышқылының бір реттік инфузиясы қан сарысуындағы кальций мен фосфор концентрациясының төмендеуімен және кальций мен фосфордың несеппен экскрециясының жоғарылауымен қатар жүреді.

Қатерлі жаңа түзілімдер мен сүйек метастаздары кезіндегі гиперкальциемия дамуының негізгі патофизиологиялық механизмі сүйек тіні резорбциясының жоғарылауына алып келетін остеокластардың аса жоғары белсенділігі болып табылады. Сүйектердің резорбциясы салдарынан кальцийдің қанға шамадан тыс босап шығуы полиурияға және асқазан-ішек жолы (АІЖ) тарапынан үдемелі дегидратациямен және шумақтық сүзіліс жылдамдығының төмендеуімен қатар жүретін бұзылуларға алып келеді, бұл өз кезегінде кальцийдің бүйректе кері сіңуінің артуына алып келеді, жүйелі гиперкальциемияны одан әрі ушықтырады және «шарасыз тұйыққа тірелуді» қалыптастырады. Сүйек тінінің шамадан тыс резорбциясының бәсеңдеуі мен сұйықтықтың талапқа сай түсуін қамтамасыз ету қатерлі жаңа түзілімнен туындаған гиперкальциемияны емдеуге қажет жағдайлар болып табылады.

Қатерлі жаңа түзілімдерден туындаған гиперкальциемиясы бар пациенттерді гиперкальциемия дамуының патофизиологиялық механизмі бойынша екі топқа бөлуге болады: гуморальді гиперкальциемиясы бар пациенттер және ісіктің сүйек тініне инвазиясы салдарынан болған гиперкальциемиясы бар пациенттер. Гуморальді гиперкальциемия кезінде остеокластардың белсенділенуі мен сүйек резорбциясының стимуляциясын ісік жасушаларынан өндіріліп шығатын және жүйелі қан ағымына түсетін паратиреоидты гормон-байланысқан протеин сияқты факторлар жүзеге асырады. Гуморальді гиперкальциемия, әдетте өкпенің, бас пен мойынның сквамозды-жасушалық қатерлі жаңа түзілімдері немесе бүйректік-жасушалық карцинома немесе аналық бездердің обыры сияқты несеп-жыныс жүйесінің ісіктері кезінде дамиды. Бұл пациенттерде сүйек метастаздары болмауы немесе өте аз болуы мүмкін.

Ісік жасушаларының сүйек тініне жайылған инвазиясы кезінде олар сүйектердің остеокласттық резорбциясын белсендіретін жергілікті әсер ететін заттарды өндіріп шығарады, бұл да гиперкальциемияның дамуына алып келеді. Жергілікті-гиперкальциемиядан болған жаңа түзілімдерге әдетте, кеуде обыры мен көптеген миелома жатқызылады.

Қатерлі жаңа түзілімнен туындаған гиперкальциемиясы бар пациенттердегі сарысудағы кальций концентрациясының жалпы көрсеткіші қатарлас гипоальбуминемияның болуы салдарынан, гиперкальциемияның ауырлығын білдірмеуі де мүмкін. Гиперкальциемиялық жағдайларды диагностикалау және емдеу үшін, дұрысында иондалған кальций концентрациясын анықтау қажет, алайда, көптеген клиникалық жағдайларда бұл зерттеу қолжетімсіз немесе жеткілікті дәрежеде жылдам орындалмайды. Соған байланысты, иондалған кальцийді анықтаудың орнына көбінесе, альбумин деңгейіне түзету енгізе отырып (түзетілген сарысу кальцийі (ТСК) қан сарысуындағы кальций концентрациясының жалпы көрсеткіші пайдаланылады. Мұндай есептеулерді жүргізуге арналған бірнеше номограмма бар.

Қолданылуы

- қатерлі ісіктер индукциялаған гиперкальциемияда (ТСК концентрациясы 12 мг/дл немесе 3 ммоль/л аз емес)

- ауқымды қатерлі ісіктер кезіндегі сүйектердің метастаздық зақымдануында және миелома ауруында (патологиялық сынулардың, жұлын-ми компрессиясын, ісік түрткі болатын гиперкальциемияның қаупін төмендету, және сәулемен ем жүргізу қажеттілігін төмендету үшін).

Қолдану тәсілі және дозалары

Көктамырішілік (к/і) инфузия түрінде кемінде 15 минут бойы.

Қатерлі ісіктер индукциялаған гиперкальциемия (ТСК концентрациясы 12 мг/дл немесе 3 ммоль/л кем емес)

Золедрон қышқылын қолданудың талапқа сайлығы қатерлі ісіктермен байланысты гиперкальциемияның ауырлық дәрежесін де, көріністерін де ескере отырып анықталуы тиіс. Гиперкальциемияның жұмсақ, симптомсыз формаларын емдеу үшін тұзды ерітінділерді енгізу арқылы (ілмектік диуретиктерді қолдана отырып немесе қолданбай) күшті гидратациялау жеткілікті болуы мүмкін.

Ең жоғарғы ұсынылатын дозасы: бір реттік к/і инфузия түрінде 4 мг кемінде 15 мин бойы. Егер кальций концентрациясы қалыпқа түспесе немесе нақты клиникалық әсерінен кейін нашарлау басталса, қайталанатын дозасын, енгізуге болады. Бастапқы дозасының толық клиникалық әсер етуін жүзеге асыру үшін, қайталап енгізер алдындағы аралық кемінде 7 тәулікті құрауы тиіс.

Барлық емдеу курсы бойына талапқа сай гидратацияны (тұзды ерітінділермен) қамтамасыз ету қажет, алайда әсіресе жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде шамадан тыс гидратацияны болдырмау керек. Тәулігіне 2 л жуық диурезді барлық емдеу кезеңі бойына ұстап тұру ұсынылады. Диуретиктерді тек гиповолемияны түзеткеннен кейін ғана қолдануға болады.

Ауқымды қатерлі ісіктер кезіндегі сүйектердің метастаздық зақымдануы және миелома ауруы

Ісікке қарсы стандарты еммен бірге ұсынылатын дозасы: әр 3-4 апта сайын кемінде 15 минут бойы бір реттік к/і инфузия түрінде 4 мг.

Гипокальциемияның алдын алу және гомеостазды сақтау үшін, пациенттер де кальций препараттарын тәулігіне 500 мг дозада және құрамында D витамині бар поливитаминдерді ісікке қарсы стандартты емге сәйкес, тәулігіне 400 ХБ есебінен қабылдауы тиіс.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер

Золедрон қышқылын енгізу нефроуыттылық синдромының даму қаупінің артуына алып келеді. Бүйрек функциясының бастапқы орташа бұзылуымен жүретін гиперкальциемиясы бар пациенттерде (креатинин концентрациясы 4.5 мг/дл аспайтын) дозасын түзету қажет емес. Бүйрек функциясы нашарлауының белгілер пайда болса, ары қарай емдеудің ықтимал пайдасы мен мүмкін болатын қаупінің арақатынасын анықтау үшін, сәйкесінше тексеру жүргізу қажет. Креатинин концентрациясы 4.5 мг/дл асатын (400 мкмоль/л) пациенттерде золендрон қышқылы тек күтілетін пайдасы бүйрек жеткіліксіздігі дамуының ықтитмал қаупінен басым түсетін жағдайда ғана қолданылады.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде ауқымды қатерлі ісіктер кезіндегі сүйектің метастаздық зақымданулары мен миелома ауруын емдеу кезінде дозасын бүйрек функциясы бұзылуының көрсеткіштеріне сәйкес түзетеді:

- золедрон қышқылын креатинин концентрациясы 3 мг асатын пациенттерге енгізу ұсынылмайды:

- КК минутына 60 мл көп болса, препараттың ұсынылатын дозасы 4.0 мг (5.0 мл концентрат);

- КК минутына 50-ден 60 мл дейін болса, препараттың ұсынылатын дозасы 3.5 мг (4.4 мл концентрат);

- КК минутына 40-тан 49 мл дейін болса, препараттың ұсынылатын дозасы 3.3 мг (4.1 мл концентрат);

- КК минутына 30-дан 39 мл дейін болса, препараттың ұсынылатын дозасы 3.0 мг (3.8 мл концентрат);

- КК минутына 30 мл аз болса, золендрон қышқылы қолданылмайды.

Емдеу кезінде бүйрек функциясының үдемелі бұзылуы білінген пациенттерге, емдеу қан сарысуындағы креатинин концентрациясы бастапқысынан 10% шегінде төмендегеннен кейін қайтадан басталады.

Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер

Золедрон қышқылын бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде қатерлі жаңа түзілімдер индукциялаған гиперкальциемияны емдеуде қолдану тәжірибесі шектеулі, ал алынған мәліметтер мұндай пациенттерде белгілі бір дозалау режимін немесе қауіпсіз қолдану тактикасын ұсынуға мүмкіндік бермейді.

Инфузияға арналған ерітіндіні дайындау

Препаратты енгізер алдында концентрат (бір құтының ішіндегісін немесе азғантай мөлшерін) инфузияға арналған құрамында кальций жоқ 100 мл ерітіндіде (0.9% натрий хлоридінің ерітіндісі немесе 5% декстроза ерітіндісі) сұйылтады.

Золедронат-Тева препаратын басқа дәрілік препараттармен, құрамында кальций немесе басқа еківалентті катиондар бар ерітінділермен, соның ішінде Рингер-лактат ерітіндісімен араластыруға болмайды. Золедрон қышқылының дайындалған ерітіндісін дайындағаннан кейін бірден к/і инфузияға арналған бөлек жүйені пайдалана отырып енгізу қажет.

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі (≥1/10)

  • гипофосфатемия

Жиі (≥1/100 <1/10)

  • анемия

  • бас ауыруы, парестезия

  • ұйқының бұзылуы

  • конъюнктивит

  • жүрек айнуы, құсу, анорексия, іштің қатуы

  • гипергидроз

  • сүйектің ауыруы, миалгия, артралгия, жайылған ауыру, буындардың құрысуы

  • гипертензия

  • бүйрек жеткіліксіздігі

  • жедел фазалы реакция, қызба, тұмаутәрізді аурулар (шаршауды, қалтырауды, дімкәстану мен ысынуларды қоса)

  • шеткергі ісінулер, астения

  • қан креатинині мен мочевина деңгейлерінің жоғарылауы, гипокальциемия

Жиі емес (≥1/1,000 <1/100)

  • тромбоцитопения, лейкопения

  • аса жоғары сезімталдық реакциясы

  • бас айналуы, дәм сезудің бұзылуы, гипостезия, гиперстезия, тремор

  • мазасыздық

  • көру жітілігінің нашарлауы

  • диарея, абдоминальді ауыру, диспепсия, стоматит, ауыздың құрғауы

  • диспноэ, жөтел

  • қышыну, бөртпе (эритоматоздық және макулярлық бөртпені қоса)

  • жақсүйек остеонекрозы, бұлшықет түйілулері

  • гипотензия

  • бүйректің жедел жеткіліксіздігі, гематурия, протеинурия

  • инъекция орнындағы реакциялар (ауыруды, тітіркенуді, іштің кебуін, тығыздануын қоса)

  • кеуденің ауыруы

  • гипомагниемия, гипокалиемия

  • дене салмағының жоғарылауы

Сирек (≥1/10,000 <1/1,000)

  • панцитопения

  • сананың шатасуы

  • брадикардия

  • ангионевроздық ісіну

  • артрит және жедел фазалы реакцияның симптомы ретінде буындардың ісінуі

  • гиперкалиемия, гипернатриемия

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • золедрон қышқылына, басқа бисфосфонаттарға немесе препарат құрамына кіретін кез келген басқа компоненттерге жоғары сезімталдық

  • бүйректің ауыр жеткіліксіздігі (КК минутына 30 мг аз)

  • жүктілік және лактация кезеңі

  • балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Золедрон қышқылын ісікке қарсы препараттармен, диуретиктермен (ілмектік диуретиктерден басқа), антибиотиктермен және анальгетиктермен бір мезгілде қолданғанда препараттың клиникалық маңызды өзара әрекеттесулері анықталған жоқ. Золедронат-Тева препараты сияқты бисфосфонаттарды аминогликозидтермен, кальцитонинмен немесе ілмектік диуретиктермен параллель қолданған кезде сақтық таныту ұсынылады, өйткені препараттарды бір мезгілде қолдану, сарысудағы кальций деңгейінің қажеттісінен ұзағырақ төмендеуіне алып келуі мүмкін. Золедронат-Тева препараты мен нефроуыттылығы зор басқа препараттарды тағайындаған кезде сақтық таныту керек. Золедронат-Тева препараты мен антиангиогендік препараттарды тағайындаған кезде сақ болу керек, өйткені бұл препараттарды бір мезгілде қолданған кезде пациенттерде жақсүйек остеонекрозының жиілігі артқаны байқалған.

Талидомидпен бірге қолданған кезде емдеу басталғанға дейін бүйрек жеткіліксіздігінің жеңіл және орташа дәрежесі бар пациенттерден басқаларға Золедронат-Тева препаратының дозасын түзету қажет емес. Талидомидті (тәулігіне 100 немесе 200 мг) Золедронат-Тева препаратымен бір мезгілде тағайындау көптеген миеломасы бар пациенттерде золедрон қышқылының фармакокинетикасы мен креатинин клиренсіне елеулі әсер етпейді.

Айрықша нұсқаулар

Емдеуді бастар алдында және барлық емдеу курсы бойына дегидратация және гиповолемия симптомдарының түзету жүргізу қажет. Тәулігіне 2 л жуық диурезді /барлық емдеу курсы бойына ұстап тұру ұсынылады.

Емдеу басталғаннан кейін қан сарысуындағы кальций, фосфор және магний концентрациясына мұқият мониторинг жүргізу қажет. Золедрон қышқылы бастапқы гипокальциемиясы бар пациенттерде қолданылмайды. Электролиттік теңгерімнің бұзылуы (гипокальциемия, гипомагниемия немесе гипофосфатемия) қысқамерзімді орнын толтырушы ем жүргізуді қажет етеді.

Әр дозасын енгізер алдында бүйрек функциясын анықтау үшін креатинин концентрациясын анықтау қажет.

Үздіксіз емдеудің күтілетін пайдасының қауіптен басымдығын анықтау үшін, золедрон қышқылын бүйрек функциясының расталған үдемелі бұзылуымен жүретін қатерлі жаңа түзілімдер кезіндегі гиперкальциемияны емдеу үшін қабылдап жүрген пациенттердің жағдайына сәйкесінше баға берілуі тиіс. Бүйрек функциясының бүйрек жеткіліксіздігіне дейін клиникалық маңызды нашарлауы мүмкіндігіне байланысты, бір реттік дозасы 4 мг-ден аспауы және инфузия ұзақтығы кемінде 15 минутты құрауы тиіс.

Жүрек жеткіліксіздігі бар шамадан тыс гидратацияны болдырмау керек.

Обыр ісігі бар пациенттердегі жақсүйек остеонекрозы жағдайлары туралы хабарламалар бар, оларды емдеу сызбасына бифосфонаттар кірістірілген. Бұл пациенттердің көпшілігі химиотерапияны және кортикостероидтарды да қабылдаған. Хабарламалардың көпшілігі тіс жұлу сияқты стоматологиялық емшаралар жүргізілген пациенттерге қатысты болды, сонымен қатар остеомиелиттерді қоса, жергілікті инфекция белгілері де болды.

Сыртарқысында обыр ісіктері, химиотерапия, кортикостероидтарды қабылдау, ауыз қуысы гигиенасының қиындықтары сияқты қауіп факторлары бар пациенттерге бисфосфонаттармен емдеу басталғанға дейін тістерін тексеру және санация жасау ұсынылады. Бисфосфонаттармен емдеу кезінде бұл пациенттер, мүмкіндігінше, жарақаттайтын стоматологиялық емшаралардан аулақ болуы тиіс, өйткені бисфосфонаттар жақсүйек остеонекрозының туындауына жағдай жасауы мүмкін. Стоматологиялық емшаралар жүргізілуі қажет пациенттерде бисфосфонаттардың дозасын азайтқан кезде немесе бисфосфонаттармен емдеуді тоқтатқан кезде жақсүйек остеонекрозының даму қаупінің төмендегені туралы хабарламалар жоқ. Пациентті емдеудің клиникалық сызбасын бұл жағдайда емдеуші дәрігер анықтайды және пайда/қауіп арақатынасына жекелей баға беруге негізделеді.

Дәрілік заттың көлік құралдары мен қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препараттың автокөлік басқару және механизмдерді пайдалану қабілетіне әсер етуіне қатысты зерттеулер жүргізілген жоқ, алайда жүйке жүйесі тарапынан зейін шоғырландыру мен психомоторлық реакциялардың төмендеуін туғызуға қабілетті жағымсыз әсерлер (бас айналуы, ұйқышылдық) дамыған жағдайда сақтық таныту керек.

Артық дозалануы

Симптомдары: препарат жедел артық дозаланған кезде (мәліметтер шектеулі) бүйрек функциясының бұзылуы (соның ішінде бүйрек жеткіліксіздігі), электролиттік құрамның (соның ішінде, қан плазмасындағы кальций, фосфаттар мен магний концентрацияларының) өзгеруі байқалған. Препаратты ұсынылғаннан артық дозада қабылдаған пациент тұрақты қадағалауда болуы тиіс.

Емі: клиникалық маңызды көріністері бар гипокальциемия, гипофосфатемия немесе гипомагниемия туындаған жағдайда, сәйкесінше кальций глюконатының, натрий немесе калий фосфатының, магний сульфатының инфузиясын жүргізу көрсетілген.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған концентрат, 4 мг/5 мл

5 мл препараттан мөлдір пластиктен жасалған, бромбутил каучуктен жасалған тығындары және полипропиленнен жасалған қорғағыш қақпақпен жабдықталған алюминий қалпақшалары бар құтыларда.

ПВХ-дан жасалған мөлдір тұғырға орнатылған 1 құты, немесе түғырсыз 1 құты медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

30 С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші /Қаптаушы

Плива Хрватска д.о.о., Загреб, Хорватия

Тіркеу куәлігінің иесі

Teva Pharmaceutical Industries Ltd, Петах Тиква, Израиль

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөнінде шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«ратиофарм Қазақстан» ЖШС

050040 Қазақстан Республикасы

Алматы қ., Әл-Фараби д-лы 19,

Нұрлы Тау бизнес орталығы 1 Б, 603 кеңсе

Телефон, факс (727) 311-09-15; 311-07-34

E-mail teva@teva.co.il

Прикрепленные файлы

997100201477976310_ru.doc 87.5 кб
719647351477977554_kz.doc 116.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники