Зинфоро™

МНН: Цефтаролина фосамил
Производитель: Факта Фармачеутичи С.п.А.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Цефтаролина фосамил
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№021294
Период регистрации: 15.04.2015 - 15.04.2020
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Предельная цена закупа в РК: 16 846.5 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Зинфоротм

Халықаралық патенттелмеген атауы

Цефтаролин фосамил

Дәрілік түрі

Инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақ, 600 мг

Құрамы

Бір құтының ішінде

белсенді зат - 600,0 мг цефтаролин фосамилге cәйкес

668,4 мг цефтаролин фосамил ацетат моногидраты,

қосымша заттар - L-аргинин 395,0 мг

Сипаттамасы

Бозғылт сарғыш-ақтан ашық-сары түске дейінгі ұнтақ

Фармакотерапиялық тобы

Жүйелі пайдалануға арналған бактерияға қарсы препараттар. Басқа да бактерияға қарсы бета-лактамды препараттар. Басқа цефалоспориндер және пенемдер. Цефтаролин фосамил

АТХ коды J01DI02

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Цефтаролиннің ең жоғары концентрациясы (Cmax) және «концентрация-уақыт» қисығы астындағы ауданы (AUC) препаратты 50-ден 1000 мг дейінгі дозалар ауқымында бір рет енгізгенде дозаға пропорционал дерлік ұлғаяды. Бүйрек функциясы қалыпты дені сау еріктілерге препаратты 14 күн бойы әр 12 сағат сайын 60 минут ішінде 600 мг дозада көктамыр ішіне көп рет енгізген соң цефтаролиннің елеулі жинақталуы байқалмаған.

Таралуы

Цефтаролиннің плазма ақуыздарымен байланысу дәрежесі төмен (шамамен 20%), препарат эритроциттерге өтпейді. Дені сау ересек ерлерде тепе-тең жағдайда таралу көлемінің медианасы изотоппен таңбаланған 600 мг цефтаролин фосамилін көктамыр ішіне бір рет енгізген соң жасушадан тыс сұйықтық көлемі сияқты дерлік 20,3 л құрады.

Метаболизмі

Қан плазмасында фосфатазалардың әсер етуімен цефтаролин фосамил ізашар дәрісі белсенді цефтаролинге тез өзгереді, ізашар дәрінің концентрацияларын көбінесе көктамырішілік инфузия кезінде плазмада өлшеуге болады. Цефтаролиннің бета-лактамды сақинасының гидролизінде микробиологиялық белсенді емес метаболит – цефтаролин М-1 түзіледі. Дені сау еріктілерге 600 мг цефтаролин фосамилін көктамыр ішіне бір рет енгізген соң қан плазмасындағы цефтаролин М-1 орташа AUC мәндерінің цефтаролинге арақатынасы шамамен 20‑30% құрайды.

Цефтаролин метаболизмі P450 цитохромы жүйесі ферменттерінің қатысуынсыз өтеді.

Экскрециясы

Цефтаролин көбінесе бүйрекпен шығарылады. Цефтаролиннің бүйректік клиренсі бүйректегі шумақтық сүзіліс жылдамдығына шамамен тең немесе одан аздап төмен, тасымалдағыштардың in vitro зерттеуі белсенді секрецияның цефтаролиннің бүйректік элиминациясына ықпал етпейтінін көрсетеді. Дені сау ересек адамдардағы цефтаролиннің орташа жартылай шығарылу кезеңі шамамен 2,5 сағат құрайды. Дені сау ересек ерлерге изотоппен таңбаланған 600 мг цефтаролин фосамилін көктамыр ішіне бір рет енгізген соң шамамен 88% радиобелсенділігі несептен және 6% нәжістен табылған.

Емделушілердің ерекше топтары

Бүйрек жеткіліксіздігі

Бүйрек функциясы қалыпты, жеңіл және орташа бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілерде 60 минут ішіндегі 600 мг цефтаролин фосамилінің бір реттік көктамырішілік инфузиясынан кейін плазмадағы цефтаролин Cmax, тиісінше, 28,4 ± 6,9 мкг/мл, 28,2 ± 5,4 мкг/мл және 30,8 ± 4,9 мкг/мл құрады. Цефтаролин Cmax мәніне инфузия басталғаннан кейін шамамен 60 минуттан соң жеткен. Бүйрек функциясы қалыпты, жеңіл және орташа бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілерде цефтаролин AUC бүйрек жеткіліксіздігі дәрежесіне пропорционал ұлғайып, тиісінше, 75,6 ± 9,7 мкг×сағ./мл, 92,3 ± 25,3 мкг×сағ./мл және 114,8 ± 14,1 мкг×сағ./мл құрады.

Бүйрек жеткіліксіздігі орташа емделушілерде (креатинин клиренсі (КК) 30 < КК ≤ 50 мл/мин) дозаны түзету қажет болады («Қолдану тәсілі және дозалары» бөлімін қараңыз).

Гемодиализде жүрген науқастарды қоса, бүйрек жеткіліксіздігі ауыр емделушілерде (КК ≤ 30 мл/мин) және бүйрек жеткіліксіздігінің терминалдық сатысындағы емделушілерде дозаны түзетуге қатысты нұсқаулар жөнінде деректер жеткіліксіз.

Бауыр жеткіліксіздігі

Бауыр жеткіліксіздігі бар емделушілерде цефтаролин фармакокинетикасына зерттеулер жүргізілмеген. Цефтаролин бауыр метаболизміне айтарлықтай дәрежеде ұшырамайтындықтан, бауыр жеткіліксіздігінің цефтаролин жүйелі клиренсіне елеулі ықпал етуі күтілмейді. Сондықтан, бауыр жеткіліксіздігі бар емделушілерде препарат дозасын түзету ұсынылмайды.

Егде жастағы емделушілер (≥ 65 жас)

Көктамыр ішіне 600 мг цефтаролин фосамилін бір рет енгізген соң препарат фармакокинетикасының параметрлері егде жастағы дені сау адамдарда (≥ 65 жас) және жас дені сау емделушілерде (18‑45 жас) ұқсас болды. Егде жастағы еріктілерде AUC0-∞ аздап жоғарылауы ( 33%) білінді, ең алдымен, бұл бүйрек функциясының жас ерекшеліктік өзгерістерінен болады. Креатинин клиренсі 50 мл/мин жоғары егде жастағы емделушілерде препарат дозасын түзету қажет емес.

Балалар

18 жасқа дейінгі балаларда Зинфоро™ препаратының қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған.

Жынысы

Ерлер мен әйелдерде цефтаролин фармакокинетикасының параметрлері ұқсас болды. Емделушінің жынысына қарай дозаны түзету қажет емес.

Нәсілі

Әртүрлі этникалық топтарға жататын емделушілерде цефтаролин фармакокинетикасы параметрлерінің елеулі айырмашылықтары байқалмаған. Емделушінің нәсіліне қарай препарат дозасын түзету қажет емес.

Фармакодинамикасы

Зинфоротм көктамыр ішіне енгізілген соң цефтаролин фосамил белсенді цефтаролинге тез айналады.

Әсер ету механизмі

Цефтаролин – грамоң және грамтеріс микроорганизмдерге қатысты in vitro белсенділігі бар цефалоспориндер класына жататын антибиотик. Цефтаролиннің бактерицидті әсері пенициллин байланыстырушы ақуыздармен (ПБА) байланысу есебінен бактериялардың жасушалық қабырға биосинтезінің тежелісіне әкеледі. Цефтаролин ПСА2a жоғары аффинділігі есебінен Staphylococcus aureus қатысты және ПСА2a жоғары тектестігі есебінен Streptococcus pneumoniae қатысты бактерицидті белсенділік танытады.

Фармакокинетикасы мен фармакодинамикасының байланысы

Цефтаролиннің микробқа қарсы белсенділігі, басқа бета-лактамды антибиотиктердегі сияқты, препараттың концентрациялары жұқпа жұқтырушы микроорганизмге тән тежегіш ең төмен концентрациялардан (ЕТК) жоғары күйде қалатын уақыт кезеңімен (%T > ЕТК) өзара жақсы байланыста болады.

Төзімділік механизмі

Цефтаролин TEM, SHV немесе CTX-M тектестігінің әсер ету ауқымы кең бета-лактамазаларын (ESBLs), серинді карбапенемазалар (СKP), В класты немесе С класты металл-бета-лактамазалар (AmpC цефалоспориназалары) өндіретін Enterobacteriaceae штамдарына қатысты белсенді емес. Айқаспалы төзімділіктің дамуы мүмкін екеніне қарамастан, басқа цефалоспориндерге төзімді кейбір штамдар цефтаролинге сезімтал болуы мүмкін.

Сезімталдығы

Белгілі бір микроорганизмдерде антибиотиктерге жүре пайда болған төзімділіктің таралуы аймаққа және уақытқа байланысты құбылуы мүмкін. Төзімділігі туралы жергілікті мәліметтерді, әсіресе, ауыр жұқпаларды емдегенде ескеру ұсынылады. Егер жергілікті төзімділік препараттың кейбір жұқпаларға қатысты тиімділігі күдік тудыратындай сипатта болса, сарапшының кеңесіне жүгіну қажет.

Цефтаролинге сезімталдық стандартты әдістер көмегімен анықталуы тиіс. Нәтижелердің түсіндірілуін жергілікті нұсқауларға сай атқару қажет.

Әдеттегі сезімтал микроорганизмдер

Грамоң микроорганизмдер

Staphylococcus aureus* (метициллинге сезімтал және метициллинге төзімді)

Streptococcus agalactiae*

Streptococcus anginosus тобы (S. anginosus, S. intermedius және S. constellatus қамтылады)*

Streptococcus dysgalactiae*

Streptococcus pneumoniae*

Streptococcus pyogenes*

Грамтеріс микроорганизмдер

Haemophilus influenzae*

Haemophilus parainfluenzae*

Анаэробтар

Fusobacterium spp.

Peptostreptococcus spp.

Prevotella spp.

Propionibacterium acnes

Жүре пайда болған төзімділік кінәраты өзекті болатын микроорганизмдер

Грамтеріс микроорганизмдер

Citrobacter freundii

Citrobacter koseri

Enterobacter aerogenes

Enterobacter cloacae

Escherichia coli*

Klebsiella oxytoca*

Klebsiella pneumoniae*

Morganella morganii*

Табиғи төзімділік иеленетін микроорганизмдер

Chlamydophila spp.

Legionella spp.

Mycoplasma spp.

Pseudomonas aeruginosa

Proteus spp.

* клиникалық зерттеулерде қанағаттанарлық тиімділігі көрініс берген қоздырғыштар.

Қолданылуы

- мынадай грамоң және грамтеріс микроорганизмдердің сезімтал штамдары туғызған терінің және жұмсақ тіндердің асқынған жұқпалары: Staphylococcus aureus (метициллинге сезімтал және метициллинге төзімді штамдарды қоса), Streptococcus pyogenes, Streptococcus agalactiae, Escherichia coli, Klebsiella pneumoniae, Klebsiella oxytoca және Morganella morganii;

- мынадай грамоң және грамтеріс микроорганизмдердің сезімтал штамдары туғызған ауруханадан тыс пневмония: Streptococcus pneumoniae (бактериемиямен қатар жүретін жағдайларды қоса), Staphylococcus aureus (тек метициллинге сезімтал штамдар), Haemophilus influenzae, Haemophilus parainfluenzae, Klebsiella pneumoniae, Klebsiella oxytoca және Escherichia coli

Қолдану тәсілі және дозалары

Зинфоро™ 60 минут ішіндегі инфузия түрінде көктамыр ішіне енгізіледі (қараңыз: «Инфузияға арналған ерітіндіні дайындау»).

Ем ұзақтығы жұқпаның типі мен ауырлығына, емделушінің емге жауабына қарай белгіленуі тиіс.

Мына дозалау режимі ұсынылады:

 

Дозасы

Енгізу жиілігі

Инфузия уақыты

Ем ұзақтығы

Терінің және жұмсақ тіндердің асқынған жұқпалары

600 мг

әр

12 сағатта

60 минут

5-14 күн

Ауруханадан тыс пневмония

600 мг

әр

12 сағатта

60 минут

5-7 күн

Емделушілердің ерекше топтарында қолдану

Бүйрек жеткіліксіздігі

Бүйрек жеткіліксіздігі ауыр (КК ≤ 30) немесе бүйрек жеткіліксіздігінің терминалдық сатысындағы емделушілерде қарсы көрсетілімді.

Егер креатинин клиренсі 30 < КК ≤ 50 мл/мин құраса, доза былайша түзетілуі тиіс:

Креатинин клиренсі

(мл/мин)

Дозасы

Енгізу жиілігі

Инфузия уақыты

30 < КК ≤ 50

400 мг

әр

12 сағатта

60 минут

Бауыр жеткіліксіздігі

Бауыр жеткіліксіздігі бар емделушілерде препарат дозасын түзету қажеттілігі жоқ.

Егде жастағы емделушілер (≥ 65 жас)

Егде жастағы КК > 50 мл/мин емделушілерде препарат дозасын түзету қажет емес .

Балалар

18 жасқа дейінгі балаларда Зинфоро™ препаратының қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған.

Инфузияға арналған ерітіндіні дайындау

Препаратты дайындағанда және енгізгенде стандартты асептика ережелерін қадағалау қажет. Әр құты бір рет қолдануға ғана арналған.

Инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған концентрат әзірлеу үшін Зинфоро™ ұнтағын инъекцияға арналған 20 мл стерильді суда еріту керек. Бір мл концентрат құрамында 30 мг цефтаролин фосамил бар. Алынған концентратты сақтамай, дереу пайдалану қажет (ұнтақты ерітуден бастап көктамырішілік инфузияларға арналған ерітіндіні толық дайындауға дейінгі уақыт 30 минуттан аспауы тиіс).

Инфузияға арналған ерітіндіні дайындау үшін алынған концентратты сілкіп, құрамында төменде аталатын үйлесімді инфузиялық сұйықтықтардың бірі болатын инфузиялық құтыға аударады:

  • инъекцияға арналған 9 мг/мл (0,9%) натрий хлориді ерітіндісі,

  • инъекцияға арналған 50 мг/мл (5%) декстроза ерітіндісі,

  • инъекцияға арналған 4,5 мг/мл натрий хлориді ерітіндісі және 25 мг/мл декстроза ерітіндісі (0,45% натрий хлориді ерітіндісі және 2,5% декстроза ерітіндісі),

  • Рингер лактат ерітіндісі.

Препараттың 600 мг дозасын қолданғанда үйлесімді инфузиялық сұйықтығы бар құтыға алынған концентратты түгел (20 мл), 400 мг дозасын қолданғанда 14 мл концентратты аударады.

Инфузияға арналған ерітіндіні көлемі 50 мл, 100 мл немесе 250 мл инфузиялық сұйықтығы бар құтыға концентратты қосу арқылы дайындауға болады.

Инфузияға арналған ерітіндіні дайындаған соң, оны әзірленген сәттен бастап 6 сағат ішінде пайдалану керек. Инфузия үшін дайындалған ерітінді тоңазытқышта (2-8°С) сақталғанда 24 сағат бойы тұрақтылығын сақтайды. Инфузияға арналған ерітіндіні тоңазытқыштан шығарғанда бөлме температурасында 6 сағат ішінде пайдалану қажет.

Пайдаланылмаған препарат немесе қалдықтар жергілікті талаптарға сай жойылуы қажет.

Жағымсыз әсерлері

Төменде терінің және жұмсақ тіндердің асқынған жұқпаларының көрсетілімдері бойынша 3 фазадағы біріккен клиникалық зерттеулерде білінген жағымсыз реакциялар және ауруханадан тыс пневмония (Зинфоромен™ емдеу тобындағы 1305 ересек емделуші) берілген. Жағымсыз реакциялар жиілігі мына градация түрінде өрнектелген: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥ 1/100,< 1/10), жиі емес (≥ 1/1000, < 1/100), сирек (≥ 1/10000,< 1/1000).

Өте жиі

- оң тіке Кумбс сынамасы

Жиі

- диарея

- жүрек айну

- құсу

- іштің ауыруы

- іш қату

- бас ауыру

- бас айналу

- бөртпе

- қышыну

- трансаминазалар белсенділігінің жоғарылауы

- флебит

- брадикардия

- гипергликемия

- гипокалиемия

- қызба

Жиі емес

- протромбин уақытының (ПТУ) ұзаруы, халықаралық қалыптасқан қатынастың (ХҚҚ) жоғарылауы

- құрысулар

- есекжем

- инфузия орнындағы реакциялар

- анемия

- тромбоцитопения

- аса жоғары сезімталдық

- Clostridium difficileт1 туғызған колит

- бүйрек функциясының бұзылуы (қан креатинині концентрациясының көтерілуі)

Сирек

- анафилактикалық реакция, ангионевротикалық ісіну

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- цефтаролин фосамиліне немесе L-аргининге жоғары сезімталдық

- бета-лактамды құрылымы бар бактерияға қарсы кез келген дәріге (мысалы, цефалоспориндерге, пенициллиндерге немесе карбапенемдерге) жоғары сезімталдық

- ауыр бүйрек жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі (КК) ≤ 30 мл/мин) немесе бүйрек жеткіліксіздігінің терминалдық сатысы

- 18 жасқа дейінгі балаларға

Сақтықпен: сыртартқыдағы құрысу синдромы

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Цефтаролинмен дәрілік өзара әрекеттесуін зерттеуге қатысты клиникалық зерттеулер жүргізілмеген.

Іn vitro зерттеулерінде цефтаролин P450 цитохромының CYP1A1, CYP1A2, CYP2A6, CYP2B6, CYP2C8, CYP2C9, CYP2C19, CYP2D6, CYP2E1 және CYP3A4 изоферменттерін тежемеген және CYP1A2, CYP2B6, CYP2C8, CYP2C9, CYP2C19 немесе CYP3A4/5 изоферменттерін индукцияламаған. Осыған орай, P450 цитохромы жүйесі изоферменттерінің әсер етуімен метаболизденетін препараттармен цефтаролиннің өзара әрекеттесу ықтималдығы төмен. Цефтаролин P450 цитохромы изоферменттерінің әсер етуімен in vitro метаболизденбейді, сондықтан P450 цитохромы изоферменттерінің индукторларымен немесе тежегіштерімен бірге қолданғанда цефтаролин фармакокинетикасының параметрлеріне ықпал ету ықтималдығы аз.

In vitro цефтаролин P‑gp немесе BCRP эффлюксті тасымалдағыштарымен ауыспайды. Цефтаролин P‑gp тежемейді, демек, дигоксин сияқты субстраттармен өзара әрекеттесуі күтілмейді. Цефтаролин әлсіз BCRP тежегіші болып табылады, бірақ аталған әсері клиникалық мәнді емес.

Іn vitro зерттеулері цефтаролиннің субстрат емес екенін және органикалық катиондар (OCT2) мен бүйректегі аниондардың (OAT1, OAT3) тасымалдағыштарын тежемегенін көрсетті; сондықтан, белсенді бүйрек секрециясын тежейтін препараттармен (мысалы, пробенецид) немесе тасымалдағыштардың субстраттары болып табылатын препараттармен өзара әрекеттесу ықтималдығы аз.

Басқа да бактерияға қарсы препараттармен өзара әрекеттесу

Іn vitro тестілерінде цефтаролин мен басқа да жиі пайдаланылатын бактерияға қарсы препараттарды (мысалы, амикацин, азитромицин, азтреонам, даптомицин, левофлоксацин, линезолид, меропенем, тигециклин және ванкомицин) бірге қолдану кезіндегі антагонизм анықталмаған.

Айрықша нұсқаулар

Препаратты қолдану кезінде бактерияға қарсы препараттарды талапқа сай пайдалануға қатысты ресми нұсқауларды жетекшілікке алу қажет.

Аса жоғары сезімталдық реакциялары

Барлық бета-лактамды антибиотиктерді қолдану кезіндегідей, аса жоғары сезімталдықтың күрделі реакциялары (кейде өліммен аяқталатын) дамуы мүмкін.

Сыртартқысында цефалоспориндерге, пенициллиндерге немесе басқа да бета-лактамды антибиотиктерге аса жоғары сезімталдығы бар емделушілерде де цефтаролинге аллергиялық реакция дамуы мүмкін. Зинфоро™ препаратымен емді бастар алдында бета-лактамды антибиотиктерге аса жоғары сезімталдық реакцияларын анықтау тұрғысынан емделушіні тиянақты тексеруден өткізген жөн.

Ауыр аллергиялық реакция дамығанда дәрілік препарат енгізуді тоқтатып, тиісті шаралар қабылдау қажет.

Clostridium difficile-мен астасқан диарея

Барлық дерлік бактерияға қарсы препараттарды, соның ішінде Зинфоро™ препаратын қолданғанда ауырлығы бойынша жеңілден өмірге қатерлі түрлеріне дейін құбылатын антибиотикпен астасқан колит және жалған жарғақшалы колиттің дамуы хабарланды. Цефтаролин фосамил қолдану аясында диарея пайда болғанда колиттің даму мүмкін екеніне көңіл бөлу керек. Бұл жағдайда Зинфоро™ препаратымен емделуді тоқтатып, демеуші шаралар жүргізу және Clostridium difficile спецификалық емін тағайындау қажет.

Сыртартқысында құрысу синдромы бар емделушілер

Басқа цефалоспориндер қолдану кезіндегідей, цефтаролиннің уыттылық зерттеулерінде препаратты Смах 7-25 есе асып кететін дозаларда қабылдау кезінде құрысулардың дамуы байқалған. Сыртартқысында құрысу синдромы бар емделушілерде цефтаролин қолдану тәжірибесі шектеулі, осыған орай, емделушілердің осы тобында Зинфоро™ препаратын қолданғанда сақ болу керек.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Бүйрек жеткіліксіздігі ауыр және бүйрек жеткіліксіздігінің терминалдық сатысындағы емделушілерде цефтаролин қолдану тәжірибесі шектеулі. Сондықтан науқастардың осы қауымында Зинфоро™ препаратын қолдану қарсы көрсетілімді.

Тіке антиглобулиндік тест (Кумбс сынамасы)

Цефалоспориндер қолдану аясында оң тіке антиглобулиндік тест (ТАТ) алуға болады. Цефтаролин алған емделушілерде 3 фазадағы біріккен зерттеулерде оң ТАТ жиілігі 10,7% құрады. Цефтаролин қолдану аясында оң ТАТ бар бір де бір емделушіде гемолиз белгілері анықталмаған.

Жүктілік және лактация

Жүкті әйелдерде цефтаролин қолдану жөніндегі клиникалық деректер жоқ немесе шектеулі. Жануарларға жүргізілген зерттеулерде цефтаролин фосамилдің фертильділікке, буаздыққа, тууға немесе туудан кейінгі дамуға жайсыз әсер етуі анықталмаған. Зинфоро™ препаратын, ана үшін әлеуетті пайдасы ұрыққа төнетін болжамды қауіптен асып түсетін жағдайларды қоспағанда, жүктілік кезінде қолдануға болмайды.

Цефтаролиннің емшек сүтіне өтуі жөнінде деректер жоқ. Алайда, көптеген бета-лактамды антибиотиктердің ана сүтімен бөлінуіне байланысты, Зинфоро™ препаратымен ем қажет болған жағдайда емшекпен қоректендіруді тоқтату ұсыналады.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Зинфоро™ препаратының автокөлік жүргізу және өзге механизмдерді басқару қабілетіне ықпал етуіне зерттеулер жүргізілмеген. Болжамды жағымсыз әсерлерінің дамуын ескеріп, көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару кезінде сақтану керек.

Артық дозалануы

Артық дозалануы туралы деректер шектеулі. Бүйрек функциясы бұзылған емделушілерде артық дозалану ықтималдығы жоғары. Препаратты ұсынылуынан жоғары дозаларда қолданғанда, препаратты ұсынылған дозаларда қолдану кезіндегідей, ұқсас жағымсыз реакциялар байқалған.

Емі: демеуші және симптоматикалық.

Цефтаролин ішінара гемодиализ арқылы шығарылады.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Препарат ақ түсті пластмасса қақпақтары бар алюминий қалпақшалармен қаусырылған және сұр түсті резеңке тығындармен тығындалған сыйымдылығы 20 мл түссіз шыны құтыларға салынады.

1 құтыдан немесе 10 құтыдан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

30С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші/қаптаушы

Факта Фармачеутичи С.п.А., Италия, Терамо

Тіркеу куәлігінің иесі

АстраЗенека АБ, Швеция, Содерталье

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар)

сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«АстраЗенека ЮК Лимитед» ЖАҚ өкілдігі

Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, 05000, Наурызбай батыр к-сі 31, «Премиум» бизнес орталығы, № 84 кеңсе

Телефон: +7 727 226 25 30, факс: +7 727 226 25 29

e-mail: Aigul.Doszhanova@astrazeneca.com

Зинфоротм – АстраЗенека компаниялар тобының жекеменшігі болып табылатын тауар белгісі

Прикрепленные файлы

094568221477976543_ru.doc 105 кб
911303011477977713_kz.doc 140 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники