Зидоас (300 мг)

МНН: Зидовудин
Производитель: Абди Ибрахим Глобал Фарм ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Zidovudine
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-3№021548
Период регистрации: 04.08.2015 - 04.08.2018
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)
Предельная цена закупа в РК: 86.95 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Зидоас

Халықаралық патенттелмеген атауы

Зидовудин

Дәрілік түрі

Қабықпен қапталған таблеткалар, 300 мг

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат - 300 мг зидовудин,

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, натрий крахмал гликоляты, магний немесе кальций стеараты,

қабығы: опадрай ақ Y-1-7000 ( гипромеллоза, полиэтиленгликоль/макрогол, титанның қостотығы (Е171)).

Сипаттамасы

Дөңгелек пішінде, екі беті дөңес, ақ түсті қабықпен қапталған таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Жүйелі түрде қолдануға арналған вирусқа қарсы препараттар. Нуклеозидтер – кері транскриптаза тежегіштері. Зидовудин

АТХ коды J05AF01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Ересектердегі фармакокинетикасы

Сіңуі

Зидовудин ішектен жақсы сіңеді. Биожетімділігі 60-70 %-ды құрайды. Капсуладағы зидовудинді 200 мг дозада әрбір 4 сағатта қабылдағаннан кейін орташа CSS max және CSS min сәйкесінше 4,5 мкМ (немесе 1,2 мкг/мл) және 0,4 мкм (немесе 0,1 мкг/мл) құрайды.

Таралуы

Ересектерде ішке қабылдағаннан кейін 2-4 сағат өткеннен соң жұлын сұйықтығы мен қан плазмасындағы зидовудин концентрациясының орташа арақатынасы 0,5 құрайды, ал балаларда 0,5-4 сағаттан соң бұл көрсеткіш 0,52-0,85-ке теңеседі. Зидовудин плацента арқылы өтіп, амниотикалық сұйықтықтан және ұрықтың қанынан анықталады. Зидовудин сондай-ақ шәуhеттен және емшек сүтінінен табылды. Егер 200 мг зидовудинді бір рет қабылдағаннан кейін препараттың ана сүтіндегі орташа концентрациясы қан плазмасындағы концентрацияға сәйкес болады. Препараттың плазма ақуыздарымен байланысуы – 34 - 38%, тиісінше орын басу механизмі бойынша басқа препараттармен бәсекелес байланысуы болжанбайды.

Метаболизмі

Зидовудин вируспен зақымданған және зақымданбаған жасушаларда жасушалық тимидинкиназа көмегімен монофосфатты (МФ) туындыларға дейін фосфорланады.

5'-глюкуронид зидовудиннің негізгі метаболиті болып саналады, ол плазмадан да және несептен де табылады және препарат дозасының шамамен 50-80%-ын құрайды, ол бүйрек арқылы шығарылады.

Шығарылуы

Жартылай шығарылудың орташа кезеңі, орташа жалпы клиренсі және таралу көлемі, тиісінше, 1,1 сағат, 27,1 мл/мин/кг және 1,6 л/кг құрайды.

Зидовудиннің бүйректік клиренсі креатинин клиренсінен әлдеқайда жоғары, бұл оның шығарылуы негізінен өзекшелік секреция жәрдемімен жүретіндігін көрсетеді.

Егде жастағылар

65 жастан асқан емделушілерде фармакокинетикасын зерттеу бойынша жұмыстар жүргізілмеген.

Бүйрек функциясының бұзылуы

Бүйрек функциясының ауыр жеткіліксіздігіне шалдыққан емделушілерде зидовудиннің қан плазмасындағы ең жоғарғы концентрациясы бүйрек функциясы бұзылмаған емделушілердікімен салыстырғанда 50%-ға жоғарылаған. Препараттың жүйелік экспозициясы (уақыт-концентрация арақатынасы қисығы астындағы аудан ретінде анықталады) 100%-ға жоғарылаған, препараттың жартылай шығарылу кезеңі елеулі өзгермейді. Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі жағдайында негізгі метаболит глюкуронидтің едәуір жиналып қалғаны байқалады, бірақ мұндайда уытты әсер ету белгілері білінбейді. Гемодиализ және перитонеальді диализ зидовудиннің шығарылуына ықпал етпейді, дегенмен мұндайда глюкуронидтердің шығарылуы күшейеді.

Бауыр функциясының бұзылуы

Бауыр функциясының жеткіліксіздігі кезінде глюкуронизацияның төмендеуі салдарынан зидовудиннің жинақталып қалғаны байқалуы мүмкін, бұл препараттың дозасын өзгертуді қажет етеді, бірақ деректердің шектеулі болуына байланысты емделушілердің бұл категорияларына нақты ұсыныстар жоқ.

Жүкті әйелдерде

Жүктіліктің соңғы триместріндегі әйелдерде зидовудин фармакокинетикасы бойынша деректер бар. Жүктіліктің мерзімінің өсуі барысында зидовудиннің жинақталу әсері байқалмаған. Зидовудин фармакокинетикасы жүкті емес әйелдердегі деректерге сәйкес болды. Зидовудиннің плацента арқылы өтуінің пассивті механизміне байланысты, оның ұрық плазмасындағы концентрациясы анасының плазмасындағы концентрацияға сәйкес болды.

Фармакодинамикасы

Зидоас – адамдағы иммунитет тапшылығы вирусын (АИТВ) қоса есептегенде, ретровирустарға қатысты өте белсенді, вирустарға қарсы препарат.

Зидовудин-монофосфатының зидовудин ди- және трифосфатына (ТФ) дейін одан әрі фосфорлануы жасушалық тимидинкиназамен және арнайы емес киназалармен тиісінше катализденеді.

Зидовудин трифосфаты (ТФ) вирустың кері транскриптазасы үшін тежегіш және субстрат ретінде әсер етеді. Вирус ДНҚ-сының түзілуі оның тізбегіне зидовудин-ТФ енуі арқылы бөгеледі, бұл тізбектің үзілуіне әкеледі. АИТВ кері транскриптазасы үшін зидовудин-ТФ бәсекелесуі адамның жасушалық ДНҚ α-полимеразасымен салыстырғанда шамамен 100 есе күшті. Зидоас вирусқа қарсы басқа препараттарға (ламивудин, диданозин, интерферон-альфа, абакавир) қатысты антагонизм иеленбеген.

Резистенттілігі

Тимидин аналогтарына (зидовудин – олардың біреуі) резистенттіліктің дамуы 6 кодонда (41, 67, 70, 210, 215 және 219) АИТВ-ның кері транскриптазасының арнайы мутациясының біртіндеп пайда болуы нәтижесінде жүреді.

Вирустар 41 және 215 кодондарда кем дегенде 6 мутацияның 4-нің мутациясының немесе жинақталуының біріктірілімі нәтижесінде тимидин аналогтарына фенотиптік резистенттілік иеленеді. Мутациялар басқа нуклеозидтерге айқаспалы резистенттілік туындатпайды, ол АИТВ-жұқпасын емдеу үшін кері транскриптазаның басқа тежегіштерін қолдануға мүмкіндік береді.

Мутацияның екі түрі көптеген дәрілік резистенттіліктің дамуына әкеледі.

Бір жағдайда мутация АИТВ кері транскриптазасының 62, 75, 77, 116 және 151 кодондарында жүреді, және екінші жағдайда осы позицияға сәйкес келетін, азоттық негіздің 6-шы жұбы қалпындағы қондырғымен Т69S мутациясы туралы айтылды, ол зидовудинге, сондай-ақ кері транскриптазаның басқа да нуклеозидті тежегіштеріне фенотиптік резистенттіліктің пайда болуымен жүреді.

Осы мутацияның екі түрі де АИТВ-жұқпасында емдік мүмкіндікті айтарлықтай шектейді.

Зидовудинге сезімталдықтың төмендеуі АИТВ-жұқпасын Зидоаспен ұзақ уақыт емдеуде байқалды. Бар деректер көрсеткендей АИТВ-жұқпасының ерте сатысында сезімталдықтың in vitro жиілігі мен дәрежесінің төмендеуі аурудың кеш сатысына қарағанда айтарлықтай төмен.Қазіргі уақытта зидовудинге in vitro сезімталдық пен емнің клиникалық әсері арасындағы байланыс әзірге зерттелген жоқ. Зидовудинді ламивудинмен біріктірілімде қолдану егер емделушілерге бұрын антиретровирусті ем жүргізілмесе вирустың зидовудинге резистентті штаммдарының пайда болуы іркіледі. Зидовудин кері транскриптазаның басқа да нуклеозидті тежегіштері мен басқа топтан препараттармен (протеаза тежегіштері, кері транскриптазаның нуклеозидті емес тежегіштері) біріктірілген антиретровирусты емде бірге қолданылады.

Қатынастан кейінгі АИТВ профилактикасы

АИТВ жұқпаланған қанның кездейсоқ әсерінен, мысалы инені кіргізіп алудан, АИТВ жұқпасы берілуінің алдын алу бойынша Халықаралық басшылық зидовудин және ламивудиннің біріктірілген емін әсер етуден кейін 1-2 сағат ішінде бастауды ұсынады. Жұқтырудың жоғарырақ қаупі жағдайында емдеу режиміне протеаза тежегіштерін қосу керек. Төрт апта бойына антиретровирусты профилактиканы жалғастыру ұсынылады. Бұл ұсыныстарды демеу үшін бақыланатын клиникалық зерттеулер шектеулі. Антиретровирусты препараттармен тиісті емдеуге қарамастан, сероконверсия болуы мүмкін.

Қолданылуы

- ересектерде АИТВ-жұқпасын емдеу үшін біріктірілген антиретровирустық ем құрамында

Қолдану тәсілі және дозалары

Зидоас препаратымен емдеуді АИТВ жұқтырған емделушілерді емдеу тәжірибесі бар дәрігер жүргізуі тиіс.

Ересектер

Басқа антиретровирусты препараттармен біріктірілімде ұсынылатын доза тәулігіне екі рет 300 мг (1 таблетка) құрайды.

Бүйрек жеткіліксіздігінде

Бүйректің ауыр жеткіліксіздігінде ұсынылатын доза тәулігіне 300-400 мг құрайды. Шеткергі қан тарапынан болатын реакцияларға және клиникалық тиімділігіне байланысты дозаға бұдан әрі де түзету енгізілуі мүмкін. Гемодиализ және перитонеальді диализ зидовудиннің элиминациясына әсер етпейді, сонымен бірге глюкуронидтің шығарылуы күшейеді. Бүйрек жеткіліксіздігінің терминальді сатысындағы, гемодиализде немесе перитонеальді диализдегі емделушілер үшін Зидоас препаратының ұсынылатын дозасы – әрбір 6-8 сағат сайын 100 мг құрайды.

Бауыр жеткіліксіздігінде

Бауыр циррозы бар емделушілерден алынған деректер глюкуронизацияның төмендеуі салдарынан зидовудиннің жинақталу мүмкіндігін болжайды, бұл препарат дозасын түзетуді талап етуі мүмкін, бірақ деректердің шектеулі болуына байланысты орташа және ауыр дәрежедегі бауыр жеткіліксіздігімен емделушілер үшін нақты ұсыныстар жоқ. Егер плазмада зидовудиннің деңгейіне мониторинг жасау мүмкін болмаса, онда дәрігер аурудағы препарат жақпауының клиникалық белгілеріне ерекше көңіл бөлгені жөн және қажет болған жағдайда дозаға түзету енгізу және/немесе дозаларды енгізу аралығын ұзарту керек.

Қан түзу ағзалары тарапынан болатын жағымсыз реакциялар дамуында дозаны түзету.

Зидоас препаратының дозасын өзгерту немесе оны қабылдауды тоқтату қан түзу ағзалары тарапынан болатын жағымсыз реакциялары бар, мысалы, гемоглобин мөлшері 75-90 г/л-ге (4,65-5,59 ммоль/л) азайған немесе нейтрофилдердің саны 0,75-1,0 х 109/л-ге дейін төмендейтін емделушілерде қажет етілуі мүмкін.

Егде жастағы емделушілерде

65 жастан асқан емделушілерде зидовудиннің фармакокинетикасы зерттелген жоқ. Алайда жасқа байланысты бүйрек функциясының төмендеуін, шеткергі қан көрсеткіштерінде болуы мүмкін өзгерістерді есепке ала отырып, мұндай емделушілерге Зидоасты тағайындаған кезде аса сақтық таныту және препаратпен емдеуді бастарда және емдеу кезінде оларға тиісті бақылау жасалуы керек.

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі (>1/10), жиі (>1/100, <1/10), жиі емес (>1/1,000, <1/100), сирек (>1/10,000, <1/1,000), өте сирек (<1/10,000)

Өте жиі

- бас ауруы

- жүрек айнуы

Жиі

- анемия (гемотрансфузияны қажет етуі мүмкін), нейропения және лейкопения; бұл жағдайлар Зидоастың жоғарғы дозасын қабылдаған кезде (тәулігіне 1200-1500 мг) және ауыр дәрежелі АИТВ жұқпасымен емделушілерде (әсіресе, емді бастағанға дейін сүйек кемігінің қоры азайған емделушілерде), көбіне CD4 жасушаларының саны 100/мм3 кем болғанда; мұндай жағдайда Зидоастың дозасын төмендету немесе қабылдауды тоқтату талап етілуі мүмкін; нейропенияның даму жиілігі емдеудің басында сарысудағы нейтрофильдер санының, гемоглобин мен B12 витамині мөлшерінің азаюы байқалған емделушілерде арта түседі.

- гиперлактатемия

- бас айналуы, дімкәстік

- құсу, іш аумағының ауыруы, диарея

- билирубин және бауыр ферменттері деңгейінің жоғарылауы, бауырдың майлы дистрофиясы

- миалгия

Жиі емес

- тромбоцитопения және панцитопения (сүйек кемігінің гипоплазиясымен)

- ентігу

- метеоризм

-тері бөртпесі, тері қышымасы

- миопатия, миозит, миалгия

-қызба, ауыру синдромы, астения

Сирек

- сүйек кемігі қызыл өскінінің аплазиясы

- сүт қышқылды ацидоз

- анорексия

- май қабаттарының жинақталуы/ қайта таралуы (мультифакторлық этиологиясы бар, ішінара, антиретровирустық прерпараттармен біріктірілген ем қолдану)

- ұйқысыздық, парестезиялар, ұйқышылдық, ойлау жылдамдығының төмендеуі, құрысулар, үрейлену сезімі, депрессия

- кардиомиопатия

- ауыз қуысының шырышты қабатының пигментациясы, стоматит, тәбеттің болмауы, дәм сезудің бұзылуы, диспепсия, панкреатит, іш қату

- стеатозбен айқын гепатомегалия, спленомегалия

- тырнақтардың және терінің пигментациясы, терлеудің күшеюі

- лимфоаденопатия

- ангионевротикалық ісіну және васкулитті қоса, анафилактикалық реакциялар, тері бөртпесі, қышыну, есекжем

- кіші дәреттің жиілеуі

- гинекомастия

-қалтырау, кеудедегі ауырулар, тұмауға ұқсас синдромдар, мұрынның бітелуі, тұмау

- жөтел

-мазасыздық, депрессия

Өте сирек

- апластикалық анемия

- симптомсыз немесе қалдық оппортунистік жұқпаларға қабыну реакциялары, гипертриглицеридемия, гиперхолистеринемия

Сирек жағдайларда

  • остеонекроз

Бірнеше апта емдеуден кейін Зидоасқа жүректің айнуы және өте кең таралған басқа да жағымсыз әсерлердің пайда болу жиілігі азаяды.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- зидовудинге немесе препараттың кез келген басқа компонентіне өте жоғары сезімталдық

- нейтропения (нейтрофилдер саны 0,75х 109/ л немесе 750/мкл төмен болса)

- миопатия

- бауырдың майлы дистрофиясы

- анемия ( гемоглобин деңгейі 7,5 г/дл немесе 4,65 ммоль/ л-ден аз болса)

- бауыр жеткіліксіздігінің ауыр дәрежесі

- трансаминазалар белсенділігінің және қан сарысуында креатинин деңгейінің қалыптың жоғары шегімен салыстырғанда 3 еседен артық жоғарылауы

- жүктілік және лактация кезеңі

- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер

Сақтықпен:

- орташа және жеңіл дәрежедегі ауырлықтағы бауыр жеткіліксіздігі.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Зидовудин көбіне белсенді емес метаболит түрінде бауыр метаболизмі арқылы шығарылатындықтан әсер ету механизмі (глюкоронизация) осыған ұқсас препараттар Зидоастың метаболизмін потенциалды бәсеңсіте алады.

Төменде көрсетілген препараттардың өзара әрекеттесуі тізімінен бәрі де көрсетілді деп санамаған жөн, алайда олар зидовудинмен бірге қолданылғанда сақтық танытуды қажет ететін препараттарға тән.

Атоваквон: зидовудин атоваквонның фармакокинетикасын бұзбайды.

Алайда, фармакокинетика деректері атоваквон зидовудиннің оның метаболиті 5̕ глюкуронидке метаболизмдену жылдамдығын төмендететінін көрсетеді (AUC зидовудиннің мақсатты концентрациясына жетуде 33% жоғарылады, глюкуронидтің плазмалық шыңдық концентрациясы 19% төмендеді). Зидовудинді тәулігіне 500 немесе 600 мг дозада жедел пневмоцистік пневмонияны емдеу үшін атоваквонмен бір уақытта үш апталық емге қолдану зидовудиннің плазмалық концентрациясының жоғарылауына байланысты жағымсыз реакциялар жылдамдығын жоғарылатуға алып келу ықтималдығы болжамды. Атоваквонмен ұзақ уақыт емдеу аясында аса сақ болу керек.

Кларитромицин: кларитромицин таблеткалары зидовудиннің сіңуін төмендетеді. Зидовудин мен кларитромицинді кемінде екі сағаттық аралықпен жеке-жеке қабылдау жолымен бұны болдырмауға болады.

Ламивудин: ламивудинмен бірге тағайындағанда зидовудиннің Сmax (28%) орташа жоғарылайды, алайда жалпы экспозициясы (AUC) мұндайда бұзылмайды. Зидовудин ламивудиннің фармакокинетикасына ықпалын тигізбейді.

Фенитоин: қанда фенитоинның концентрациясын төмендетеді, (фенитоин концентрациясы жоғарылауының бірлі-жарым жағдайлары бақыланған) бұл оны Зидоаспен бірге тағайындағанда қандағы фенитоинның деңгейін бақылап отыруды қажет етеді.

Пробеницид: Зидовудиннің глюкуронизациясын төмендетеді және оның AUC пен жартылай шығарылуының орташа кезеңін арттырады. Пробеницидтің қатысуымен глюкуронидтің және зидовудиннің өзінің бүйрек арқылы шығарылуы төмендейді.

Рифампицин: Рифампицинмен біріктіру зидовудиннің AUC 48%+34% төмендеуіне әкеледі, бірақ бұл өзгерістің клиникалық мәні белгісіз.

Ставудин: зидовудин ставудиннің жасушаішілік фосфорлануын төмендетуі мүмкін, осыған байланысты препараттарды бірге қолдану ұсынылмайды.

Басқалары: мынандай дәрілік заттар: аспирин, кодеин, метадон, морфин, индометацин, кетопрофен, напроксен, оксазепам, лоразепам, циметидин, клофибрат, дапсон, изопринозин, бауырда глюкуронизацияны бәсекелі түрде тежеу немесе микросомальді метаболизмді тікелей басу арқылы, зидовудиннің метаболизмін бұзуы мүмкін. Осы препараттарды Зидоаспен бірге қолдану мүмкіндігіне, әсіресе ұзақ уақыт емдеуде, сақтық танытқан жөн.

Зидоасты әсіресе әлеуетті нефроуытты және миелоуытты деп саналатын препараттармен (мысалы, пентамидинмен, дапсонмен, пириметаминмен, ко-тримоксазолмен, амфотерицинмен, флюцитозинмен, ганцикловирмен, интерферонмен, винкристинмен, винбластинмен, доксорубицинмен) бірге жедел жағдайларды емдеу кезінде біріктіру Зидоасқа жағымсыз реакциялардың даму қаупін арттырады. Бүйрек функциясын, қан көрсеткіштерін қадағалап, егер керек болса, препараттың дозасын төмендету қажет.

Оппортунистік жұқпаларды ко-тримоксазол, пентамидин, аэрозоль түрінде пириметамин және ацикловир препараттарымен емдеу Зидоастың жағымсыз реакцияларының пайда болу жиілігінің елеулі қаупімен қатар жүрмейді.

Айрықша нұсқаулар

Емделушілер Зидоасты емдеуші дәрігерді хабардар етпей басқа препараттармен бірге қолданудың қауіптілігі жөнінде және Зидоасты қолдану АИТВ жұқпасының жыныстық қатынас немесе жұқпаланған қан арқылы жұғуының алдын ала алмайтындығы жөнінде хабардар болуы тиіс. Мұндайда тиісті қауіпсіздік шаралары қажет болады.

Зидоас АИТВ жұқпасын емдеп жаза алмайды және емделушілер арасында иммунитеті төмендейтін және оппортунистік жұқпалар мен қатерлі ісіктер пайда болатын аурудың толық көрінісінің даму қаупі сақталады. Препараттың оппортунистік жұқпалардың даму қаупін төмендететіні көрсетілген, алайда лимфоманы қоса, жаңа түзілімдер дамуы бойынша деректер шектеулі. АИТВ жұқпасының кеш сатысында ем қабылдаған емделушілер туралы деректер лимфоманың даму қаупі емделмеген емделушілердегіге ұқсас екенін көрсетеді. Ұзақ уақыттық терапияда жүрген АИТВ ауруының ерте сатысындағы емделушілерде лимфома дамуының қаупі белгісіз.

Халықаралық нұсқауларға сай, АИТВ-ті қан арқылы абайсызда жұқтырған кезде шұғыл түрде, жұқтырғаннан кейінгі алғашқы 1-2 сағаттың ішінде, зидовудинмен және ламивудинмен біріктірілген ем тағайындау керек. Жұқтыру қаупі жоғары болған жағдайда емдеу үлгісіне протеаза тежегіштері тобына жататын препарат енгізілуі тиіс. Алдын алу емін 4 апта бойы жүргізу керек. Емнің осындай антиретровирустық препараттармен тез басталғанына қарамай-ақ, сероконверсия бәрібір болуы мүмкін.

Зидоастың жағымсыз реакциялары ретінде қабылданатын симптомдар негізгі аурулардың белгісі немесе АИТВ жұқпаларын емдеу үшін қолданылатын басқа препараттарды қабылдағанға реакциялар болуы мүмкін.

Дамыған симптомдар мен Зидоастың әсерінің өзара байланысын, әсіресе АИТВ жұқпаларының клиникалық толық картинасында анықтау өте қиын. Бұндай жағдайларда препараттың дозасын төмендету немесе оны тоқтату керек.

Қан тарапынан болатын жағымсыз реакциялар

Анемия (әдетте Зидоасты бастап қолданғаннан кейін 6 аптадан соң байқалады, бірақ кейде одан да ерте пайда болуы мүмкін); нейтропения (әдетте Зидоаспен емдеуді бастағаннан кейін 4 аптадан соң дамиды, кейде одан да ерте пайда болады); лейкопения Зидоасты әсіресе жоғарғы дозада (тәулігіне 1200 мг - 1500 мг), қабылдап жүрген және емді бастағанға дейін сүйек кемігінде қанның түзілуі төмендеген, АИТВ жұқпасының клиникалық көрінісі толық емделушілер арасында кездесуі мүмкін.

Зидоасты қабылдау кезінде АИТВ жұқпасының толық клиникалық көрінісі бар емделушілерде емнің алғашқы 3 айы ішінде 2 аптада кем дегенде бір рет, содан кейін ай сайын қан талдауларын қадағалап отыру қажет. ЖИТС-тің бастапқы сатыларында (сүйек кемігінің қан түзуі әлі де қалыпты жағдайда болғанда) қан тарапынан жағымсыз реакциялардың дамуы сирек, сондықтан қан талдауы емделушінің жалпы жағдайына байланысты сирек, 1-3 айда бір рет жүргізіледі.

Егер гемоглобиннің мөлшері 75-90 г/л-ге (4,65-5,59 ммоль/л) дейін төмендесе, нейрофильдер саны 0,75x109/л -1,0x109/л дейін төмендейді, онда Зидоастың тәуліктік дозасы қан көрсеткіштері қалпына келгенше азайтылуы тиіс, немесе Зидоасты қабылдау қан көрсеткіштері қалпына келгенше 2-4 аптаға тоқтатылады. Әдетте қан көрінісі 2 аптадан кейін қалпына келеді, одан соң Зидоас препаратының төмен дозалары қайтадан тағайындалуы мүмкін. Зидоас препаратының дозасын төмендеткенге қарамастан, айқын анемиясы бар емделушілер қан құюды қажет етеді.

Сүтқышқылды ацидоз және стеатозбен айқын гепатомегалия.

Сүтқышқылды ацидоз және бауырдың майлы дистрофиясы бар айқын гепатомегалия, оның ішінде өліммен аяқталатыны бар, нуклеозидтардың антиретровирустық аналогтарын монотерапия режимінде, сондай-ақ және Зидоаспен біріктірілімде тіркелген. Бұл асқынулардың даму қаупі әйелдерде басым болып келеді. Зидоасты сүт қышқылды ацидоздың гепатитпен немесе гепатитсіз зертханалық (бұнда тіпті маркер-трансаминаза деңгейі жоғарыламаған жағдайда да гепатомегалия және стеатоз болуы мүмкін) немесе клиникалық (жалпы әлсіздік, анорексия, кенеттен және түсініксіз салмақ жоғалту, гастроинтестинальді симптомдар, ентігу, тахипноэ) белгілері білінуінің барлық жағдайларында тоқтату керек.

Бауыр жеткіліксіздігі дамуы үшін белгілі қауіп факторлары бар емделушілерге Зидоас препаратын сақтықпен қолдану керек.

Май шөгінділерінің қайта таралуы

Біріктірілген антиретровирусты ем қабылдаушыларда май шөгінділерінің жинақталуы/қайта таралуы, орталықтық семіруді қоса алғанда, дорсоцервикальді типті (буйвол өркеші) семіру, бет аумағын қоса шеткергі жинақталулар, гинекомастия, қанда липидтер және глюкоза деңгейінің жоғарылауы кейбір емделушілерде жеке түрде немесе бірге бақыланды.

Сонымен қатар протеаза тежегіштері және кері нуклеозид транскриптаза тежегіштері тобының барлық препараттары липодистрофияның жалпы синдромына біріктірілетін жоғарыда аталған жағымсыз әсерлердің біреуінің және одан көп пайда болуымен астасатындықтан, деректер тиісті терапевтік кластардың жеке топтары емделушілері арасында липодистрофия туындау қаупінде айырмашылық бар екенін көрсетеді.

Бұдан басқа, липодистрофия синдромына мультифакторлық тән: АИТВ ауруы сатысы, жасының үлкендеу болуы және антиретровирусты терапия жүргізілу уақытының ұзақтығы, бәрі жиналып синергиялық рөл атқаруы мүмкін.

Қазіргі уақытта бұл әсерлердің ұзақ мерзімдік салдары анықталмаған. Майдың қайта таралу белгілерін физикальді бағалау клиникалық зерттеуге қамтылуы тиіс. Қандағы сарысулық липидтер мен глюкоза деңгейін анықтау туралы мәселені шешу керек. Липидтер деңгейінің бұзылуы тиісті клиникалық шешімді талап етеді.

Иммунитетті қалпына келтірудің қабыну синдромы

Күрделі иммунитет тапшылығы бар АИТВ жұқтырған емделушілерде антиретровирусты терапия (АРТ) басында симптомсыз немесе қалдық шартты-патогенді жұқпаларға қабыну реакциялары қатар жүретін аурулардың клиникалық симптомдарының нашарлауын туындатуы мүмкін.

Әдетте АРТ бастағаннан кейін алғашқы бірнеше апта немесе ай ішінде симптомсыз немесе қалдық шартты-патогенді жұқпаларға қабыну реакциясы қатар жүретін аурулардың клиникалық симптомдарының нашарлауын туындатуы мүмкін.

Әдетте АРТ басталған бастапқы бірнеше апта немесе ай ішінде цито- жайылған және/немесе ошақты микобактериялық жұқпа және пневмоцистті пневмония байқалған. Кез келген қабыну симптомдарын мезгілінде анықтау керек және қажет болғанда қабынуға қарсы тиісті терапия жүргізілгені жөн. Иммунитетті қалпына келтірудің қабыну синдромында аутоиммундық бұзылудың (полимиозит, Джуллиан-Барр синдромы, диффузды уытты зоб) туындау жағдайлары туралы хабарланған, алайда аурудың басы біршама ауытқымалы – ем басталғаннан бастап бірнеше айға дейін және әдеттегіден тыс симптомдармен қатар жүруі мүмкін.

Қатарлас жүретін С гепатиті вирусты жұқпасы бар емделушілер

АИТВ емдеуде АРТ құрамында Зидоаспен үйлестіре емдеу аясында рибавирин қабылдауға байланысты анемия асқынуы бақыланған; өзара әрекеттесудің дәл механизмі анықталмаған. Рибавирин мен Зидоасты бір мезгілге тағайындау ұсынылмайды, бұл арада АРТ құрамында зидовудин болған жағдайда оны алмастыру туралы мәселені шешу керек. Бұл сыртартқысында зидовудинмен емдеу аясында анемиясы болған емделушілерде ерекше маңызды.

Жүктілік және лактация кезеңі

Фертильділік

Зидоас препаратының әйелдің бала туу функциясына әсері туралы деректер жоқ. Еркектерде Зидоас препаратын қабылдау шәуһет құрамына, морфологиясына және сперматозоидтардың қозғалғыштығына әсер етпейді.

Жүктілік

Зидовудин плацента арқылы өтеді. Зидоасты жүктілікте қолдануға болмайды.

Лактация

АИТВ жұқпасы бар әйелдерге бала емізу ұсынылмайды, алайда басқаша тамақтандыру мүмкін болмағанда антиретровирусты емде жүрген әйелдердің бала емізу мүмкіндігін қарастыруда ресми ұсыныстарға жүгіну керек.

Зидоас препаратын 200 мг дозада тағайындауда емшек сүтіндегі зидовудиннің концентрациясы плазма сарысуындағыға сәйкес болатынын ескеру керек.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Зидоас препаратының автомобильді және басқа да механизмдерді басқару қабілетіне ықпалы зерттелген жоқ. Сонда да, автомобилді және басқа да механизмдерді басқару жөнінде мәселені шешкен кезде, Зидоас препаратын қабылдаған кездегі емделушінің жағдайын және жағымсыз реакциялардың (бас айналу, ұйқышылдық, есеңгіреу, құрысулар) дамуы мүмкін екендігін ескерген жөн.

Артық дозалануы

Симптомдары: Зидоас препаратымен артық дозалануда белгіленген қажығыштық, бас ауыруы, құсу және қан көрсеткіштері тарапынан сирек өзгерістер сияқты жағымсыз реакциялардан басқа спецификалық симптомдары немесе белгілері анықталмады.

Емдік концентрациялармен салыстырғанда зидовудиннің плазмадағы деңгейінің 16 есе артуы тіркелген, бұл қандай да бір клиникалық, биохимиялық немесе гематологиялық салдарлармен қатарлас жүрмеген.

Емі: емделушіде уыттану белгілерінің дамуына бақылау жасау және симптоматикалық демеуші ем. Зидовудинді организмнен шығару үшін гемодиализ бен перитональді диализдің тиімділігі жоғары емес, бірақ оның метаболиті глюкуронидтің шығарылуын жеделдетеді.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Поливинилхлоридті үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 10 таблеткадан салынған.

6 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Абди Ибрахим Глобал Фарм» ЖШҚ, Қазақстан Республикасы Алматы қ-сы, Жандосов к-сі 184 «г», тел.: +7 (727) 309-74-07, факс: +7 (727) 309-74-14.

Электронды поштасы: info@aigp.kz

Тіркеу куәлігінің иесі

«Абди Ибрахим Глобал Фарм» ЖШҚ, Қазақстан Республикасы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Абди Ибрахим Глобал Фарм» ЖШҚ, Қазақстан Республикасы Алматы қ-сы, Жандосов к-сі 184 «г», тел.: +7 (727) 309-74-07, факс: +7 (727) 309-74-14.

Электронды поштасы: info@aigp.kz

 

Прикрепленные файлы

286332881477976375_ru.doc 104 кб
351097801477977568_kz.doc 132.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники