Зеркалин®

МНН: Клиндамицин
Производитель: ЯДРАН-ГАЛЕНСКИ ЛАБОРАТОРИЙ а.о.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Clindamycin
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№017045

Инструкция

Саудалық атауы

Зеркалин®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Клиндамицин

Дәрілік түрі

Сыртқа қолдануға арналған ерітінді 10 мг/мл, 30 мл

Құрамы

1 мл препараттың құрамында

белсенді зат: клиндамицин гидрохлориді - 11.5 мг (10.0 мг клиндамицинге баламалы).

қосымша заттар: 96 % этил спирті, пропиленгликоль, тазартылған су.

Сипаттамасы

Этил спиртінің иісі бар түссіз мөлдір ерітінді.

Фармакотерапиялық тобы

Безеу бөртпелерін емдеуге арналған микробтарға қарсы препараттар. Клиндамицин.

АТХ коды D10AF01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Клиндамициннің аздаған бөлігі жүйелі абсорбцияға ұшырайды және әрі қарай организмнен шығарылады.

Фармакодинамикасы

Дерматологияда жергілікті қолдануға арналған - линкозамидтер тобының антибиотигі. Кең ауқымды әсерге ие, рибосомальді жарғақшаның 50S субъбірлігімен байланысады және микробты жасушалардағы ақуыз синтезін бәсеңдетеді. Бактериостатикалық әсер етеді, жоғары концентрацияда грамоң кокктар қатарына қатысты – бактерицидті әсер етеді.

Препарат көбіне безеулі бөртпелерді туындататын бактерияларға қатысты белсенді: Staphylococcus epidermidis (оның ішінде, пенициллиназа өндіретін және өндірмейтін), сондай-ақ Propionibacterium acnes. Одан басқа, препарат Streptococcus spp. (Enterococcus faecalis қоспағанда), Streptococcus pneumoniaе, Corynebacterium diphtheriaе, Mycoplasma spp. қатысты тиімді, анаэробты және микроаэрофильді грамоң кокктар (Peptococcus spp. және Peptostreptococcus spp. қоса), Clostridium perfringens, Clostridium tetani, Bacteroides spp. (Bacteroides fragilis және Prevotella melaninogenica қоса), Fusobacterium spp., эубактериум және Actinomyces israelii қатысты тиімді.

Клиндамицинге және линкомицинге микроорганизмдердің айқаспалы төзімділігі байқалған.

Қолданылуы

- безеулі бөртпелер кезіндегі қабынған папулалар және пустулалар

- розацеа

- сикоз

- периоральді дерматит

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектерге және 12 жастан бастап балаларға.

Ерітіндінің жұқа қабатын жуылған және тазартылған терінің зақымданған жеріне күніне 2 рет таңертең және кешке жағу керек. Пациенттердің көбінде көзге көрінетін жақсарулар 2 аптаның ішінде байқалады (ең жоғарғы тиімділік 4-5 аптада байқалады).

Жағымсыз әсерлері

- кеберсу, жергілікті тітіркену (жаққан жерде), жанаспалы дерматит.

Жүйелі сіңірілгенде АІЖ функциясының бұзылуының даму ықтималдығы бар (іштің ауыруы, жеңіл диарея), сирек жағдайларда – жалған жарғақшалы колит.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препараттың негізгі және қосымша компоненттеріне аса жоғары сезімталдық

- 12 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Теріде жинақталып тітіркендіретін әсердің болуына байланысты құрамында қабыршықтандыратын, жұмсартатын және абразивті заттар (мысалы, бензоил пероксиді, третиноин, резорцинол, салицил қышқылы, күкірт) бар бөртпелі безеулерді емдеуге арналған басқа препараттармен клиндамицин гидрохлоридті бір мезгілде пайдалану ұсынылмайды.

Клиндамицин мен эритромицинді бір мезгілде пайдалануға болмайды.

Айрықша нұсқаулар

Препаратты көзге немесе ауыз қуысының және мұрынның шырышты қабығына түсірмеуге тырысу керек.

Жүктілік және лактация кезеңі

Препаратты жүкті әйелдерге жергілікті пайдалану тек қатаң көрсеткіш бойынша қолдануға болады.

Бала емізетін әйелдерге препаратты тек пайдалану қажет деп танылғанда ғана қолдануға жол беріледі, оған қоса жағылатын перпараттың ең аз мөлшерін және емдеу ұзақтығын анықтау керек.

Көлік құралдарын немесе басқа механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді.

Артық дозалануы

Анықталмаған

Шығарылу түрі және қаптамасы

Тамшылатқыш-тығыны және бұрандалы қорғағыш қалпақшасы бар күңгірт шыныдан жасалған құтыда 30 мл-ден.

Бір құты медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

25оС-ден аспайтын температурада, тығыз жабылған құтыда сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

ЯДРАН-ГАЛЕНСКИ ЛАБОРАТОРИЙ а.қ.,

Свилно 20, 51000 Риека, Хорватия

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

ЯДРАН-ГАЛЕНСКИ ЛАБОРАТОРИЙ а.қ., Хорватия

Қаптаушы ұйымның атауы мен елі

ЯДРАН-ГАЛЕНСКИ ЛАБОРАТОРИЙ а.қ., Хорватия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

ЯДРАН-ГАЛЕНСКИ ЛАБОРАТОРИЙ а.қ., өкілдігі Алматы қ., Жамақаев к-сі, 126, тел. (факс): + 7 (727) 271 80 44; e-mail: saldibekova@jgl.ru

Прикрепленные файлы

316424651477976225_ru.doc 46 кб
491521701477977472_kz.doc 53 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники