Зверобой (50 г)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Шәйқурай шөбі
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
50 г шөп
Құрамы
Бір қорапшаның ішінде
белсенді зат – 50 г шәйқурай шөбі
Сипаттамасы
Түрлі пішіндегі сабақтардың, жапырақтардың (сұр-жасыл түсті), гүлдердің (сары түсті) және піспеген жемістердің түйірлері. Жапырақ шеттерінде қара нүктелер түріндегі орындар, жапырақ беткейінде өтпелі жарықта көрінетін сансыз жарқырайтын секреторлық орындар бар. Шеттерінде қара нүктелі тостаған жапырақтар болады. Өзіне тән әлсіз иісі бар. Ащы, аздап тұтқыр дәмі бар.
Фармакотерапиялық тобы
Асқазан-ішек жолдарының ауруларын және зат алмасу ауруларын емдеуге арналған басқа да препараттар
АТХ коды А16 АХ
Фармакологиялық қасиеттері
Препараттың құрамында флавоноидтар, аскорбин және никотин қышқылдары, сапониндер, қанттар, каротин, холин, фитонцидтер, эфир майы, иіткіш, шайырлы және ащы заттар бар.
Флавоноидтар өт жолдарының, несеп ағарлардың, сонымен қатар қан тамырларының тегіс бұлшықеттерінің түйілуін басады. Олар өт ағысын арттырады, оның өт қабында бөгелуіне кедергі болады, тас түзілуінің алдын алады, өт бөлінуін жеңілдетеді, ішек түйілуін жояды, асқазан-ішек жолының ас қорыту қабілетін жақсартады.
Белсенді заттар антибактериялық, антисептикалық, қабынуға қарсы, өт айдайтын, несеп айдайтын, тұтқыр қасиеттерге ие.
Шәйқурайдың жалпы қуат беретін, қабынуға қарсы, өт айдайтын, тұтқырлайтын әсері бар.
Қолданылуы
Кешенді емде:
- асқазан-ішек жолдарының ауруларында (өт шығару жолдарының дискинезиясы, гастриттер, холестаз, гепатиттер, холециститтер, колит)
- стоматиттер, гингивиттерді емдеуде
Қолдану тәсілі және дозалары
Ішке қабылдау үшін
10 г (1,5 ас қасық) препаратты эмальданған ыдысқа салады да, 200 мл (1 стақан) ыстық қайнаған су құяды, қақпақпен жауып, қайнап тұрған ыстық суда (су моншасында) 30 минут қыздырады, бөлме температурасында 10 минут бойы салқындатады да, сүзіп, қалған шикізатты сығады. Алынған тұнбаның көлемін қайнаған су құю арқылы 200 мл-ге дейін жеткізу керек. Қайнатылған тұнбаны салқын жерде 2 тәуліктен асырмай сақтайды. Ішке 15-20 мл-ден күніне 3 рет ас ішерден 30 минут бұрын қабылдайды. Емдеу курсын емдеуші дәрігер анықтайды.
Сыртқа қолдану үшін:
100-200 мл-мен күніне 2-3 рет жылы күйінде тамақты шайып, қызыл иекке жағу керек. Емдеу курсы 5-6 күн.
Жағымсыз әсерлері
- аллергиялық реакциялар орын алуы мүмкін
- ұзақ қолданғанда препарат бауыр тұсындағы жағымсыз сезімдерді тудырып, ауызда ащы дәм сездіруі мүмкін.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препаратқа жеке жоғары сезімталдық
- жүктілік, лактация кезеңі
- 12 жасқа дейінгі балаларға
- фотосенсибилизация
- гипертония
- анықталған эстрогенге тәуелді ісіктері бар емделушілер
- бауыр және бүйрек ауруы
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Шәйқурай препаратын вирустарға қарсы дәрілермен қолданғанда – кері транскриптаза тежегіштері (ампренавир, индинавир, ифавиренц, невирапин, нелфинавир, ритонавир, саквинавир), стероидті препараттармен, протеолитикалық ферменттер белсенділігін тежегіштер, сондай-ақ циклоспорин және варфарин препараттарымен біріктіре қолданғанда – осы препараттардың тиімділігін төмендетуі мүмкін. Шәйқурай препараттарын бір мезгілде антикоагулянттармен, антибиотиктермен, антидепрессанттармен, анестетиктермен, контрацептивтермен қолдануға болмайды, өйткені олардың әсерін маңызды күшейтуі немесе төмендетуі мүмкін.
Айрықша нұсқаулар
Емдеу кезінде эпилепсияға қарсы препараттарды, антидепресанттарды, теофиллинді, варфаринді, гепаринді, резерпинді, алкогольді тұтынудан бас тарту, УК-сәуленің (оның ішінде солярий, УК-шамдар, күннің көзінде ұзақ болу) әсерінен аулақ болу керек. Демікпеден зардап шегетін емделушілерге бір мезгілде шәйқурай қабылдаумен, ингалятор қолдануға болмайды.
Препаратты шоколад, кофе, ысталған және маринадталған өнімдермен үйлестіруге болмайды.
Шәйқурай көз жүйкесіне жағымсыз әсер етеді.
Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Көлік құралдарын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.
Артық дозалануы
АнықталмағанШығарылу түрі және қаптамасы 50 г препараттан полиэтиленді немесе полимер және біріктірілген материалдан жасалған немесе картон қорапшаға салынған полипропиленді пакеттерде, оларға мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қолданылуы жөніндегі қысқаша аңдатпа жазылады. Қорапша полиэтилен немесе полипропилен үлбірмен жабылады, сосын қорапшалық картоннан жасалған топтық транспорттық ыдысқа медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтардың тиісті мөлшерімен бірге салынады. Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
«Зерде - Фито» ЖШС, Қазақстан, 160019, Оңтүстік-Қазақстан облысы,
Шымкент қ., Химфармзавод ы-а, 2/1
Тіркеу куәлігінің иесі
«Зерде - Фито» ЖШС, Қазақстан
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөніндегі шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекен-жайы
«Зерде-Фито» ЖШС, Қазақстан, 160019, Оңтүстік-Қазақстан облысы,
Шымкент қ., Химфармзавод ы-а, 2/1
тел./факс +7 (7252) 50-34-50, 50-37-06, 50-37-27,
е-mail: kontakt@ zerdеfito.kz