Заха 500 (Аджанта Фарма Лимитед)
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Заха 500
Халықаралық патенттелмеген атауы
Азитромицин
Дәрілік түрі
Үлбірлі қабықпен қапталған 500 мг таблеткалар
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат: 500 мг азитромицинге баламалы 524,05 мг азитромицин дигидраты,
қосымша заттар: лактоза моногидраты, кальций гидрофосфат дигидраты, натрий лаурилсульфаты, повидон (Р.V.P.К 30), натрий крахмалы гликоляты, натрий кроскармеллозасы, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты, Инстакоат – Аква III (Ақ), 2-пропанол
Сипаттамасы
Капсула тәрізді пішінді, бір жағында сызығы бар, ақтан ақ дерлік түске дейінгі үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар.
Фармакотерапиялық тобы
Жүйелі қолдануға арналған инфекцияға қарсы препараттар. Жүйелі қолдануға арналған бактерияға қарсы препараттар. Макролидтер, линкозамидтер және стрептограминдер. Макролидтер. Азитромицин.
АТХ коды J01FA10
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Ішке қабылдағаннан кейінгі биожетімділігі шамамен 37 % құрайды.
Қан сарысуындағы ең жоғарғы концентрациясына препаратты қабылдағаннан кейін 2-3 сағат өткенде жетеді.
Қабылдаған кезде азитромицин бүкіл организмге тарайды. Фармакокинетикалық зерттеулерде азитромициннің тіндердегі концентрациясы қан плазмасындағысына қарағанда елеулі (50 есе) жоғары екенін көрсетті, бұл препараттың тіндермен күшті байланысын растайды. Қан сарысуы ақуыздармен байланысуы плазмалық концентрациясына байланысты ауытқып отырады және қан сарысуында 0,5 мкг/мл кезінде 12 %-дан 0,05 мкг/мл кезінде 52 %-ға дейін құрайды. Тепе-тең күйінде (VVss) болжамды таралу көлемі 31,1 л/кг құрады.
Плазмалық жартылай шығарылуының түпкілікті кезеңі 2-4 күн ішінде тіндерден жартылай шығарылу кезеңін көрсетеді.
Шамамен азитромицин дозасының 12 % келесі үш күннің ішінде несеппен өзгермеген күйінде бөлініп шығады. Өзгермеген азитромициннің жоғары концентрациясы әсіресе адам өтінде анықталған. Сондай-ақ N- және O-деметилденудің, дезозамин мен агликон сақиналарының гидроксилденуінің және конъюгат кладинозасы ыдырауының көмегімен түзілген он метаболит өтте анықталған болатын. Сұйықтық хроматография мен микробиологиялық талдамалар нәтижелерін салыстыру азитромициннің метаболиттері микробиологиялық тұрғыда белсенді болып табылмайтынын көрсетті.
Фармакодинамикасы
Азитромицин макролидті антибиотиктер – азалидтер тобының өкілі болып табылады. Молекула азот атомының А эритромицин лактонды сақинасына енуі нәтижесінде түзіледі. Азитромициннің әсер ету механизмі рибосомалар 50 S-суббірлігі байланысуы мен пептидтер транслокациясын бәсеңсітуі есебінен бактериялық ақуызды тежеуімен айқындалады.
Төзімділік механизмі.
Толық айқаспалы төзімділік эритромицинге, азитромицинге, басқа да макролидтер мен линкозамидтерге метициллин-төзімді алтын түстес стафилококкты (MRSA) қоса Streptococcus pneumoniae, А тобының бета-гемолиздік стрептококктары арасында болады.
Жүре пайда болған төзімділіктің таралуы орнына және жекелеген түрлер үшін уақытына байланысты әртүрлі болуы мүмкін, сондықтан төзімділігі туралы шектеулі ақпарат әсіресе ауыр инфекцияларды емдеген кезде қажет болады. Егер төзімділіктің жергілікті таралуы инфекцияның кейбір түрлерін емдегенде препараттың тиімділігі күмәнді болса, білікті кеңес алу үшін жолығу керек.
Азитромициннің микробққа қарсы әсерінің ауқымы
Әдетте сезімтал түрлер:
-
аэробты грамоң бактериялар: Staphylococcus aureus (метициллин-сезімтал); Streptococcus pneumoniae (пенициллин-сезімтал); Streptococcus pyogenes;
-
аэробты грамтеріс бактериялар: Haemophilus influenzae; Haemophilus parainfluenzae; Legionella pneumophila; Moraxella catarrhalis; Pasteurella multocida;
-
анаэробты бактериялар: Clostridium perfringens; Fusobacterium spp. (түрлер); Prevotella spp.; Porphyromonas spp.;
-
басқа микроорганизмдер: Chlamydia trachomatis; Chlamydia pneumoniae; Mycoplasma pneumoniae.
Жүре пайда болған төзімділік проблемалы болуы мүмкін түрлері:
-
грамоң бактериялар: Streptococcus pneumoniae (пенициллинге аралық сезімталдығы бар және пенициллин-төзімді).
Туа біткен төзімді организмдер:
-
аэробты грамоң бактериялар: Enterococcus faecalis; MRSA, MRSE* стафилококктар (метициллин-төзімді алтын түстес стафилококк).
-
анаэробты бактериялар: Bacteroides fragilis бактероидтар тобы.
*Метициллин-төзімді алтын түстес стафилококк макролидттерге жүре пайда болған төзімділіктің өте жоғары таралуына ие және бұл жерде азитромицинге сирек сезімталдығына бола көрсетілген.
Қолданылуы
Сезімтал микроорганизмдерден туындаған ауруларды емдеу:
- жоғарғы тыныс алу жолдарының инфекцияларында (жедел бактериялық синусит, жедел бактериялық ортаңғы отит, фарингит/тонзиллит)
- тыныс алу жолдарының төменгі бөліктерінің инфекцияларында (созылмалы бронхиттың асқыну кезінде ауыр емес ағымында және ауруханадан тыс пневмонияда)
- тері және жұмсақ тіндердің инфекцияларында
- асқынбаған уретрит пен цервицитте (Chlamydia trachomatis пен Neisseria gonorrhoeae туындатқан).
Қолданылу тәсілі және дозалары
Заха 500, үлбірлі қабықпен қапталған 500 мг таблетканы тәулігіне 1 рет, тамақтанар алдында 1 сағат бұрын немесе тамақтан 2 сағат кейін аралықта қабылдау керек.
Дозасы және емдеу ұзақтығы жасына, салмағына және аурудың өтуіне сәйкес анықталады.
Дене салмағы 45 кг астам балалар мен жасөспірімдерге, ересектер мен егде жастағыларға
Дене салмағы 45 кг астам балалар ересектерге, оның ішінде егде жастағы пациенттерге Заха 500 препаратының жалпы дозасы 1500 мг құрайды, үш күн бойы тағайындалады (күніне бір рет 500 мг-ден) ұсынылады.
Асқынбаған генитальді инфекциялар кезінде (хламидиозда) бір реттік доза 1000 мг ұсынылады. Гонококкты инфекцияның сезімтал шатаммдары үшін ұсынылатын доза Заха 500 препаратының 1000 мг-ын немесе 2000 мг-ын құрайды, оны 250 мг немесе 500 мг цефтриаксонмен (бактерияға қарсы препараттарды қолдануды басшылыққа алуға сәйкес) біріктіре отырып пайдаланады. Пенициллинге және/немесе цефалоспоринге аллергиядан зардап шегетін пациенттер үшін тағайындағанда дәрігермен кеңесу және жергілікті емдеу принциптеріне сәйкес жүргізу керек.
Дене салмағы 45 кг астам балалар мен жасөспірімдерге
Берілген препаратты қабылдау ұсынылмайды.
Бүйрек функцияся бұзылған пациенттерге
Бүйрек функциясы болымсыз бұзылған (шумақтық сүзіліс жылдамдығы 10-80 мл/мин) пациенттер үшін бүйрек функциясы қалыпты пациенттерге арналған дозаны пайдалануға болады. Азитромицинді бүйрек функциясы ауыр бұзылған (шумақтық сүзіліс жылдамдығы < 10 мл/мин) пациенттерге абайлап тағайындау керек.
Бауыр функциясы бұзылған пациенттер
Азитромицин бауырда метаболизденіп және өтпен шығарылатындықтан препаратты бауыр функциясы ауыр бұзылған пациенттерге қолдануға болмайды. Азитромицинді қолдана отырып мұндай пациенттерді емдеуге байланысты зерттеулер жүргізілмеген.
Егде жастағы пациенттер
Егде жастағы пациенттерде де ересектер дозасын қолданатын. Егде жастағы пациенттерде аритмияның өршу қаупі болатындықтан жүрек аритмиясы мен қарыншалар дірілдеп-жыпылықтауының дамуынан айрықша сақ болу ұсынылады.
Жағымсыз әсерлері
Жиілігі бойынша жағымсыз әсерлері келесідегідей жіктеледі: өте жиі (> 1/10); жиі (>1/100 до <1/10); жиі емес (> 1/1.000 до <1/100); сирек (> 1/10.000 дейін <1/1.000); белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес). Жиілігіне қатысты әрбір топтағы жағымсыз әсерлері едәуір жиіден едәуір аз жиіге қарай шкаласы бойынша көрсетіледі.
Бұзылуы және аурулар |
Өте жиі |
Жиі |
Жиі емес |
Сирек |
Белгісіз |
Инфекциялық және паразиттік аурулар |
Кандидоз, оральді кандидоз, вагинальді инфекция, пневмония, зеңді инфекциялар, бактериялық инфекциялар, фарингит, гастроэнтерит, респираторлық бұзылыстар, ринит |
Жалған жарғақшалыколит |
|||
Қан және лимфа жүйесі тарапынан болатын бұзылулар |
Лейкопения, нейтропения, эозинофилия |
Тромбоцитопения, Гемолиздік анемия |
|||
Иммун жүйесі тарапынан болатын бұзылулар |
Квинке ісінуі, аса жоғары сезімталдық |
Анафилаксиялық реакция |
|||
Зат алмасу мен қоректену тарапынан болатын бұзылулар |
Анорексия |
||||
Психика бұзылулары |
Невроз, ұйқысыздық |
Мазасыздық |
Озбырлық, үрейлену, делирия, елестеулер |
||
Жүйке жүйесі тарапынан болатын бұзылулар |
Бас ауыры |
Бас айналуы, ұйқышылдық, дәм сезудің бұзылуы, парестезия |
Синкопе, конвульсиялар Гипестезия, психомоторлық аса жоғары белсенділік, аносмия, агевзия, паросомния, миастения гравис |
||
Көру мүшесі тарапынан болатын бұзылулар |
Көрудің бұзылуы |
||||
Есту мүшесінің бұзылуы мен лабиринттік бұзылулар |
Есту қабілетінің нашарлауы, бас айналуы |
||||
Жүрек тарапынан болатын бұзылулар |
Жүректің соғуы |
Torsade de pointes (пируэтті тахикардия), аритмия, соның ішінде вентрикулярлы тахикардия, QT аралығының артуы |
|||
Тамырлар тарапынан болатын бұзылулар |
Ысынулар |
Гипотензия |
|||
Тыныс алу жүйесі, кеуде қуысы мен көкірек ортасы тарапынан болатын бұзылулар |
Ентігу, мұрыннан қан кету |
||||
Асқазан-ішек жолы тарапынан болатын бұзылулар |
Диарея |
Құсу, іштің ауыруы, жүрек айнуы |
Іштің қатуы метеоризм, диспепсия, гастрит, дисфагия, іштің кебуі, ауыздың құрғауы, кекіру, Ауыздағы ойық жаралар, сілекей бездерінің гиперсекрецииясы |
Панкреатит, тілдің түссізденуі |
|
Бауыр мен өт шығару жолдарынана болатын бұзылу |
Бауыр қызметінің бұзылуы, холестаздық сарғаю |
Бауыр жеткіліксіздігі, гепатит, бауыр некрозы |
|||
Тері мен тері асты тіндері тарапынан болатын бұзылулар |
Бөртпе, қышыну, есекжем, дерматит, құрғақ тері, гипергидроз |
Фотосезімталдық реакциясы |
Стивенс- Джонсон синдромы, уытты эпидермальді некролиз, мультифор-малы эритема |
||
Қаңқа бұлшықет пен дәнекер тін тарапынан болатын бұзылулар |
Остеоартроз, миалгия, арқа, мойынның ауыруы |
Артралгия |
|||
Несеп шығару жолдары мен бүйрек тарапынан болатын бұзылулар |
Дизурия, бүйректің ауыруы |
Бүйректің жедел қабынуы, интерстициальді нефрит |
|||
Ұрпақ өрбіту жүйесі және сүт бездері тарапынан болатын бұзылулар |
Метроррагия, тестикулярлы бұзылулар |
||||
Жалпы бұзылулар мен енгізілген жердегі бұзылулар |
Ісіну, астения, шаршау, беттегі ісінулер, кеуденің ауыруы, қызба, ауыру, шеткері ісінулер |
||||
Зертханалық және құралмен тексері деректері |
Лимфоциттер санының азаюы, қандағы эозинофилдер санының артуы, қан сарысуын-дағы бикарбонаттар құрамының азаюы; базофилдер санының артуы, моноциттер санының артуы, нейтрофилдер санының артуы |
Аспартатаминотрансфераза, аланинамино- трансфераза деңгейінің артуы, қандағы билирубин мөлшерінің артуы, қандағы мочевина мөлшерінің жоғарылауы, қандағы креатинин мөлшерінің жоғарылауы, қан сарысуындағы калий мөлшерінің өзгеруі, сілтілер, гематокриттер мөлшерінің артуы, бикарбонаттар мөлшерінің артуы, фосфатазаның өзгеруі, хлоридтер, глюкоза мөлшерінің артуы, тромбоциттер мөлшерінің артуы, гематокриттер мөлшерінің азаюы, бикарбонаттар мөлшерінің артуы, қан сарысуындағы натрий мөлшерінің өзгеруі |
|||
Жарақаттар, уланулар мен емшаралық асқынулар |
Емшарадан кейінгі асқынулар |
Клиникалық зерттеулерге және маркетингтен кейінгі қадағалауларға сүйене отырып айтқанда Mycobacterium Avium кешені туындатқан инфекцияның профилактикасы мен емдеуге байланысты жағымсыз реакциялар мүмкін және ықтимал болады. Бұл жағымсыз реакциялар дереу бөлініп шығатын немесе әсері ұзартылған дәрілік түрлер үшін хабарланған реакциялардан типі немесе жиілігі бойынша айырмашылықта болады:
Жүйелік-ағзалық классы |
Өте жиі |
Жиі |
Жиі емес |
Зат алмасуы мен қоректену тарапынан болатын бұзылулар |
анорексия |
||
Жүйке жүйесі тарапынан болатын бұзылулар |
бас айналуы, бас ауыруы, парестезиялар, дәм сезінудің бұзылулары |
гиперстезия |
|
Көру тарапынан болатын бұзылулар |
көру бұзылуы |
||
Есту мүшесі мен тепе-теңдік тарапынан болатын бұзылулар |
кереңдік |
естудің бұзылуы, құлақтағы шуыл |
|
Жүрек ағзасы тарапынан болатын бұзылулар |
жүрек соғуының жиілеуі |
||
Асқазан-ішек жолдары тарапынан болатын бұзылулар |
диарея, іштің ауыруы, жүрек айнуы, іш қатуы, іштегі жайсыздық, іш өтуі |
||
Бауыр мен өт шығару жолдарынан болатын бұзылулар |
гепатит |
||
Тері мен тері асты тіндері тарапынан болатын бұзылулар |
бөртпе, қышыну |
Стивенс- Джонсон синдромы, фотосезімталдық реакциялары |
|
Қаңқа-бұлшықет және дәнекер тіндер тарапынан болатын бұзылулар |
артралгия |
||
Жалпы бұзылулар мен енгізген жердегі реакциялар |
Шаршау |
астения, жайсыздық |
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- азитромицинге, эритромицинге басқа кез-келген макролидтік немесе кетолидтік антибиотиктерге, препараттың кез-келген басқа компонентіне жоғары сезімталдық;
- теориялық тұрғыда эрготизмнің туындау ықтималдығынан азитромицинді
қастауыш туындыларымен бір мезгілде тағайындауға болмайды;
- бауыр функциясының ауыр бұзылулары;
- балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге.
- жүктілік және лактация кезеңінде
- лактоза жақпаушылығы, лактаза тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы
Дәрілік өзара әрекеттесуі
Антацидтер: антацидтерді бір мезгілде қолданған кезде азитромициннің фармакокинетикасына ықпалын зерттегенде қан плазмасындағы азитромициннің ең жоғарғы концентрациясы 25%-ға төмендегенімен де биожетімділігінің өзгеруі байқалмаған. Пациенттерге азитромицин мен антациттерді бір мезгілде қабылдамау керек.
Цетиризин: азитромицинді 20 мг цетиризинмен 5 күндік курспен тепе-теңдік күйде біріктіріп қабылдау денсаулығы жақсы еріктілерде фармакокинетикалық өзара әрекеттесуге және QT аралығында елеулі өзгеріске әкелмеген.
Диданозин (дидезоксиинозин): 6 АИТВ-оң науқастарға азитромицинді 1200 мг/тәулік диданозинді 400 мг/тәулік біріктіріп қабылдау плацебомен салыстырғанда диданозин фармакокинетикасының тепе-тең қалпына әсер етпейді.
Дигоксин (субстраты P-gp): макролидтік антибиотиктерді, соның ішінде азитромицинді дигоксин сияқты P-гликопротеин субстраттарымен бір мезгілде қолдану сарысудағы P-гликопротеин субстраты концентрациясының жоғарылау ықтималдығы туралы есте сақтау керек. Сондықтан азитромицинді және дигоксин сияқты P-гликопротеин субстраттарын бір мезгілде қолданғанда сарысудағы P-гликопротеин субстраты концентрациясының жоғарылау ықтималдығын есте сақтау керек.
Зидовудин: бір реттік 1000 мг және көп реттік 1200 мг немесе 600 мг азитромицинді қолданғанда плазмалық фармакокинтетикасына немесе зидовудиннің немесе оның глюкуронидті метаболиттерінің несеппен шығарылауына болымсыз әсер еткені анықталды. Алайда азитромицинді қабылдау шеткері қанның мононуклеарында фосфорланған зидовудиннің (клиникалық белсенді метаболиттің) концентрациясын арттырған. Бұл көрсеткіштердің клиникалық мәні айқын болмай қала береді, бірақ олар пациенттерге қажет болуы мүмкін.
Азитромицин бауырда Р450 цитохром жүйесімен өзара әрекеттеспейді. Ол эритромицин мен басқа макролидтер сияқты фрамакокинетикалық дәрілік өзара әрекеттесуге қатыспайды. Азитромицин цитохром-метаболит кешенінің көмегімен Р450 цитохромды индукцияламайды және белсенділігін жоймайды.
Эрготаминнің туындылары: теориялық тұрғыда эрготизм дамуына байланысты азитромицинді қастауыш туындыларымен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды. Азитромицинмен және белгілі цитохром Р450-арқылы метаболизмімен келесі препараттармен фармакокинетикалық зерттеулер жүргізілген.
Аторвастатин: аторвастатинді (10 мг күн сайын) және азитромицинді (500 мг күн сайын) бірге енгізу қан плазмасында аторвастатин концентрациясын өзгертпеген (HMG CoA-редуктаза талдамасы негізінде). Дегенмен, азитромицинді статинмен бірге қабылдайтын пациенттерде маркетингтен кейінгі рабдомиолиздің жағдайлары тіркелген.
Карбамазепин: дені сау еріктілерде азитромициннің өзара әрекеттесуін зерттегенде препарат қан плазмасында карбамазепиннің немесе оның белсенді метаболиттерінің деңгейіне елеулі әсер етпеген.
Циметидин: азитромицинге дейін 2 сағат бұрын қабылданған циметидиннің бір реттік дозасын тексеретін фармакокинетикалық зерттеуде азитромицин фармакокинетикасының өзгерісі байқалмаған.
Пероральді кумариндік антикоагулянттар: өзара әрекеттесуіне жүргізілген фармакологиялық зерттеулерде азитромицин дені сау еріктілерге енгізілген бір реттік 15 мг варфарин дозасының антикоагулянттық әсерін өзгертпейтінін көрсетті. Маркетингтен кейінгі кезеңде азитромицинді және пероральді кумариндік антикоагулянттарды біріктіп қабылдаудан кейін антикоагуляцияның күшейгені туралы хабарлар алынған. Себеп салдарлық байланысы анықталмаса да, кумарин типіндегі пероральді антикоагулянттар алатын науқастарға азитромицинді тағайындағанда протромбиндік уақытты мониторингтеу жилігін ескеру керек.
Циклоспорин: азитромицинді 3 күн бойы күніне 500 мг, ал одан кейін 10 мг/кг циклоспоринді бір рет ішу арқылы қабылдаған дені сау еріктілердегі фармакокинетикалық зерттеулерде циклоспориннің Cmax және AUC0-5 едәуір жоғары болған. Осыған орай, осы препараттарды бір мезгілде енгізбес бұрын абай болу керек. Егер осы препараттарды біріктіріп енгізу қажет болса, циклоспориннің деңгейін бақылау және тиісінше дозаны түзету керек.
Эфавиренз: азитромициннің 600 мг және эфавиренздің 400 мг бір реттік дозасын 7 күн бойы біріктіріп қабылдау клиникалық маңызды елеулі фармакокинетикалық өзара әрекеттесуге әкеледі.
Флуконазол: азитромициннің бір реттік 1200 мг дозасын біріктіріп қабылдау флуконазолдың бір реттік 800 мг дозасының фармакокинетикасын өзгертпейді. Флуконазолмен біріктіріп енгізгенде азитромициннің жартылай шығарылу кезеңі өзгермеген, алайда клиникалық тұрғыда азитромициннің Cmax (18%) болымсыз төмендегені байқалған.
Индинавир: азитромициннің бір реттік 1200 мг дозасын біріктіріп қабылдау 5 күн бойы күніне үш рет 800 мг дозада енгізілген индинавирдің фармакокинетикасына статикалық елеулі өзара әсер етпеген.
Метилпреднизолон: фармакокинетикалық өзара әрекеттесуін зерттеулерде азитромицин метилпреднизолонның фармакокинетикасына елеулі әсер көрсетпеген.
Мидазолам: азитромицинмен тәулігіне 500 мг үш күн бойы біріктіріп енгізу мидазоламның 15 мг бір реттік дозасы фармакокинетикасы мен фармакодинамикасының елеулі клиникалық өзгерісін туындатпайды.
Нельфинавир: азитромицин (1200 мг) мен нелфинавирді тепе-тең күйінде (күніне үш рет 750 мг) біріктіріп енгізу азитромицин концентрациясының артуына әкелді. Клиникалық маңызды жағымсыз әсерлері байқалмады және дозаны түзету қажет емес.
Рифабутин: азитромицин мен рифабутинді бір мезгілде қолдану осы препараттардың қан плазмасындағы концентрациясына ықпал етпеді.
Азитромицин мен рифабутинді бір мезгілде қолданғанда нейтропенияны анықтаған азитромицинмен бір мезгілде қабылдаудың себеп-салдарлық байланысы анықталмады.
Силденафил: азитромициннің (үш күн бойы күн сайын 500 мг дозасының) силденафилдің немесе оның айналымдағы негізгі метаболитінің AUC және Cmax – на әсер етуіне дәлел алынбаған.
Терфенадин: фармакокинетикалық зерттеулерде азитромициннің және терфенадиннің арасындағы өзара әрекеттестігі туралы хабарланбаған. Кейбір жағдайларда өзара әрекеттестігі ықтималдылығын толық жоққа шығаруға болады. Дегенмен, өзара әрекеттесуінің орын алуына нақты дәлел алынбаған.
Теофиллин: бір мезгілде қолданғанда зитромицин мен теофиллин арасында елеулі фармакокинетикалық өзара әрекеттесуіне клиникалық елеулі дәлел алынбаған.
Триазолам: 1-ші күні 500 мг және 2-ші күні 250 мг азитромицинді, 2-ші күні 0,125 мг триазоламды біріктіріп енгізу триазоламды және плацебоны біріктіріп енгізумен салыстырғанда триазолам үшін фармакокинетикалық айнымалылардың кез-келгеніне елеулі ықпал етпеген.
Триметоприм / сульфаметоксазол: триметопримді/сульфаметоксазолды DS (160 мг / 800 мг) 7 күн бойы 1200 мг азитромицинмен біріктіріп енгізу 7-ші күні ең жоғарғы концентрациясына, жалпы өзара әрекеттесуіне немесе триметопримнің немесе сульфаметоксазолдың шығарылуына елеулі әсер етпеген. Сарысудағы азитромициннің концентрациясы басқа зерттеулерде байқалатын осындайларға ұқсас болған.
Айрықша нұсқаулар
Препаратты қолдану ұзақтығы нұсқаулықта көрсетілген мерзімдерден аспауы тиіс.
Аса жоғары сезімталдық
Басқа да макролидтерді қабылдаған сияқты Квинке ісінуі мен анафилаксия сияқты (айрықша жағдайларда өліммен аяқталатын) аллергиялық реакциялардың дамығаны туралы сирек хабарланған. Осы реакциялардың кейбірі қайталанатын симптомдардың дамуына әкеледі және едәуір ұзақ емдеуді талап етеді.
Гепатоуыттылығы
Бауыр азитромициннің метаболизмі жүретін негізгі ағза болып табылады, сондықтан бауырының ауыр сырқаты бар пациенттерге Заха 500 абайлап тағайындау керек. Сарғаюмен байланысты жылдам дамитын астения, күңгірт несеп, қан кетулерге бейімділік немесе бауыр энцефалопатиясы сияқты бауыр функциясының бұзылу белгілері мен симптомдары пайда болған жағдайда дереу бауырдың функциональді сынамасы/талдамасын жүргізу керек. Бауыр функциясының бұзылуы дамығанда Заха 500 препаратын қабылдауды тоқтату және дәрігерге көріну керек.
Қастауыш алкалоидтары және азитромицин
Қастауыш туындыларын қабылдайтын пациенттерде эрготизмнің пайда болуы кейбір макролидтік антибиотиктерді бір мезгілде қабылдаумен байланысты болады. Қастауыш туындылары мен азитромицин арасындағы өзара әрекеттесу ықтималдығына қатысты деректер жоқ, дегенмен теориялық тұрғыда эрготизмнің даму ықтималдығына байланысты азитромицин мен қастауыш туындылары бөлек қабылдануы тиіс.
QT аралығының ұзаруы
Аритмияның даму қаупі бар пациенттерге (әсіресе егде жастағы пациенттерге) Заха 500 препаратын қолданғанда, сондай-ақ:
- QT аралығының іштен туа біткен немесе жүре пайда болған ұзаруында;
- IА класының аритмияға қарсы препараттарын (хинидин, прокаинамид) мен III (дофетилид, амиодарон мен соталол), цизаприд, терфенадин, психозға қарсы препаттар (пимозид), антидепрессанттар (циталопрам), фторхинолондар (моксифлоксацин және левофлоксацин) алатын пациенттерге;
- су-электролиттік тепе-теңдік бұзылуында, әсіресе гипокалиемия немесе гипомагниемия жағдайында;
- клиникалық елеулі брадикардияда, жүрек аритмиясында немесе жүректің ауыр жеткіліксіздігінде сақтық таныту керек.
Жалған жарғақшалы энтероколит
Кез-келген басқа антибиотиктерді қолданғанда зеңдерді қоса төзімді микроорганизмдер туындатқан асқын инфекция белгілерін қадағалау керек. Бактерияға қарсы препараттармен емдеу ішектің қалыпты флорасын өзгертеді, бұл C. difficile шамадан тыс өсуіне әкеледі. Clostridium difficile туындатқан диарея азитромицинді қоса барлық бактерияға қарсы препараттарды қолданғанда байқалған және жеңіл диареядан ауыр колитке дейін ауытқуы мүмкін. Антибиотиктерді қолдануда кейін келіп қаралатын барлық науқастарда жалған жарғақшалы энтероколит қарастырылуы тиіс. Бұл жағдайларда, әсіресе бактерияға қарсы препараттарды қолданудан кейін егер диария бастапқы екі айдың ішінде пайда болса, анамнезін мұқият жинау қажет болады.
Стрептококкты инфекция
Төзімді штаммдардың таралуы мол (10% немесе одан көп құрайтын) ауданда инфекцияны эмпирикалық емдеу үшін азитромицин бірінші таңдау препараты болып табылмайды. Ауру мен эритромицинге төзімділік деңгейі жоғары аудандарда, әсіресе азитромицинге және басқа антибиотиктерге сезімталдықтың өзгеруін есепке алу маңызды болады. Басқа макролидттерге қатысты азитромициннің Streptococcus pneumonia (> 30%) жоғары төзімділігінің жоғарғы көрсеткіштері кейбір еуропалық елдерде тіркелген.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Бүйректің ауыр жеткіліксіздігі бар (шумақтық сүзіліс жылдамдығы <10 мл / мин) пациенттерде азитромициннің жүйелі әсер етуі 33%-ға артқаны байқалған.
Миастения
Заха 500 препаратын қолдану миастенияның дамуына түрткі болуы немесе оның өршуін туындатуы мүмкін.
Диабет
Заха 500 препаратының құрамында 3,9 г сахароза бар, ол 5 мл сұйылтылған суспензияда, фруктозаны, глюкозаны, немесе галактозаны тұқым қуалаған көтере алмаушылығы, сахараза-изомальтаза жеткіліксіздігі бар пациенттер мен диабеті бар, осы препаратты қабылдайтын пациенттер мұны ескерулері тиіс.
Жүктілік
Азитромицинді жүктілік кезінде тек ана үшін күтілетін пайдасы шарана үшін зор қауіптен асатын жағдайда ғана қолдануға болады.
Бала емізу
Препараттың ана сүтімен бөлініп шығатыны туралы деректер жоқ. Заха 500 препаратын бала емізетін әйел үшін қолдануға болмайды, тек егер анаға тиетін зор пайдасы шаранаға төнетін ықтимал қауіптен басым болғанда ғана болмаса, өйткені көптеген препараттар организмнен ана сүтімен бөлініп шығады.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшіліктері
Заха 500 препаратының автокөлікті басқару қабілетін және қозғалатын механизмдермен жұмыс жүргізуге әсер етуін бағалайтын зерттеулер жүргізілмеген, бірақ бас айналуы мен құрысулар сияқты жағымсыз әсерлердің ықтималдығын есепке алу керек.
Артық дозалануы
Симптомдары: азитромицинді клиникалық қолдану тәжірибесі ұсынылғаннан артық дозаларды қабылдаған кезде дамитын жағымсыз әсерлері әдеттегі емдік дозаларды қолданған кездегідей байқалады, атап айтқанда: олар диареяны, жүрек айнуын, құсуды, екінші қайтара есту қабілетін жоғалтуын қамтиды.
Емі: артық дозаланған жағдайда қажет болғанда белсенділендірілген көмір қабылдау ұсынылады және жалпы симптоматикалық және демеуші емдік шараларды жүргізу керек.
Шығарылу түрі мен қаптамасы
Поливинилхлоридті үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 3 таблеткадан салынған.
Мемлекеттік және орыс тілдеріндегі медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге 1 пішінді қаптамадан картон қорапшаға салады.
10 картоннан жасалған қорапшаны бір тұтас қорапқа салады.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 30°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
Аджанта Фарма Лимитед, Үндістан
Аджанта Хаус, 98,
Чаркоп, Кандивли (З), Мумбай 400067
Тіркеу куәлігі иесінің атауы және елі
Аджанта Фарма Лимитед, Үндістан
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері:
Қазақстан Республикасы, 050061,
Алматы қ-сы, Төле би к-сі, 277, 501-504 кеңсе
Тел/факс: 8 (727) 225-04-94, 225-04-99;
E-mail: puneet.kapur@ajantapharma.com
Қазақстан Республикасы аумағында дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс жасау деректері:
ConsultAsia ЖШС
Алматы қ-сы, Шевченко к-сі, 165 Б, 307 кеңсе
тел: +77778051116/+77051708825/+77051708876 (24 сағат қол жетімді)
факс: +727-379-42-58
e-mail: pv@consultingasia.kz
info@consultingasia.kz