Зарсио® (30 млн. ЕД/0.5 мл)

МНН: Филграстим
Производитель: ИДТ Биологика ГмбХ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Filgrastim
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№021586
Период регистрации: 28.08.2015 - 28.08.2020
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)
Предельная цена закупа в РК: 8 355.2 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Зарсио®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Филграстим

Дәрілік түрі

Инъекцияға және инфузияға арналған 30 млн. ӘБ/0.5 мл, 48 млн. ӘБ /0.5 мл ерітінді

Құрамы

Бір еккіштің (0,5 мл) ішінде

белсенді зат - 0.30 мг (30 млн. ӘБ) немесе 0,48 мг (48 млн. ӘБ)

филграстим*,

қосымша заттар: 0.736 мг глютамин қышқылы, 25.00 мг сорбитол, 80 – 0.020 мг полисорбат, натрий гидроксиді рН 4.2-ден 4.8-ге дейін, инъекцияға арналған су - 0.5 мл-ге дейін.

*Рекомбинантты филграстим құрамында 1.5 – 2.5 мг/мл арГ-КСФ, 10 мM глютамин қышқылы, 5% көлем/салмақ сорбитол бар, pH 4.4 EP2006 балк ерітіндісі түрінде

жасалады. Адамның рекомбинантты гранулоцитарлы колония стимуляциялайтын

факторы (арГ-КСФ) E. coli штаммынан рекомбинантты ДНҚ технологиясы

әдісімен өндіріледі.

Сипаттамасы

Мөлдір, түссіз немесе сәл сарғыш ерітінді

Фармакотерапиялық тобы

Иммуномодуляторлар. Колония стимуляциялайтын факторлар. Филграстим.

АТХ коды L03A A02

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Дені сау еріктілер қатысқан бір реттік және көп реттік дозалармен жүргізілген рандомизацияланған, айқаспалы салыстырмалы жасырын зерттеулер тері астына және көктамыр ішіне енгізуден кейін Зарсио фармакокинетикалық бейінінің түпнұсқалық дәрілік зат бейінімен ұқсас екенін көрсетті.

Сіңуі

Тері астына бір реттік 0.5 млн. ӘБ/кг (5 мкг/кг) енгізуден кейін филграстим қандағы ең жоғары концентрациясына tmax 4.5 ± 0.9 сағаттан соң жетеді (орташа мәні ± SD).

Таралуы

Қанда таралу көлемі 150 мл/кг жуық. Ұсынылған дозаларда тері астына және көктамыр ішіне енгізілгенде қан плазмасында филграстим концентрациясы 8-16 сағат бойы 10 нг/мл жоғары күйде сақталады. Көктамыр ішіне немесе тері астына енгізгенде енгізілген филграстим дозасы мен оның қан плазмасындағы концентрациясы арасында тікелей дозаға тәуелділік білінді.

Шығарылуы

Бір реттік тері астына енгізуден кейін филграстимнің орташа жартылай шығарылу кезеңі 2.7 сағаттан (1.0 млн. ӘБ/кг немесе 10 мкг/кг) 5.7 сағатқа дейін (0.25 млн. ӘБ /кг немесе 2.5 мкг/кг), 7 күн қолданудан кейін 8.5-14 сағат құрайды.

Сүйек кемігінің аутологиялық трансплантациясынан кейін пациенттерде филграстиммен 28 күннен артық ұзақ уақыт емдеу дәрілік зат жиналуымен қатар жүрмеген және жартылай шығарылу кезеңінің мәндері салыстырмалы болды.

Фармакодинамикасы

Зарсио биосимиляр дәрілік зат болып табылады.

Филграстим – 175 амин қышқылынан тұратын жоғары тазартылған гликолизденбеген ақуыз немесе адамның рекомбинантты гранулоцитарлы колония стимуляциялайтын факторы (арГ-КСФ). Ол гендік инженерия әдістерімен геномына адамның рекомбинантты гранулоцитарлы колония стимуляциялайтын факторының (арГ-КСФ) гені енгізілген К12 Escherichia coli штаммынан өндіріледі.

Адамның рекомбинантты гранулоцитарлы колония стимуляциялайтын факторы (арГ-КСФ) нейтрофилдердің өндірілуін және сүйек кемігінен шеткергі қанға босап шығуын реттейді. Зарсио қолдану 24 сағат бойы тамыр арнасында нейтрофилдер санының едәуір артуымен, сондай-ақ моноциттер санының аздап көбеюімен қатар жүреді. Жекелеген жағдайларда эозинофилдер мен базофилдер санының артуы да білінеді, алайда пациенттердің бір бөлігінде эозинофилия және базофилия емнің басталуына дейін болуы мүмкін. Зарсио ұсынылған дозалар диапазонында қолданылғанда нейтрофилдер санының артуы дозаға байланысты сипатта болады. Босап шығатын нейтрофилдердің функционалдық белсенділігі қалыпты немесе жоғары, бұл хемотаксис және фагоцитоз тестілерін өткізу кезінде расталады. Ем аяқталғанда шеткергі қандағы нейтрофилдер саны 1-2 күн ішінде 50% төмендейді және келесі 1-7 күн ішінде қалыпты мәніне оралады.

Цитоуытты дәрілік заттар алатын пациенттерде Зарсио қолдану нейтропения мен фебрильді нейтропения жиілігінің, айқындылығының және ұзақтығының едәуір төмендеуімен қатар жүреді және тек цитоуытты химиялық ем алатын пациенттермен салыстырғанда төмендеу дозаларда антибиотиктер қолдануға мүмкіндік береді. Миелолейкоздың индукциялық химиялық емінен немесе сүйек кемігінің трансплантациясына ұласатын миелоаблативті емнен кейінгі пациенттерде стационарлық емдеу қажеттілігі мен ұзақтығын қысқартады. Сүйек кемігінің трансплантациясына ұласатын миелоаблативті емнен кейінгі пациенттерде дене температурасы жоғарылаған жағдайлар жиілігі азаймаған.

Монотерапия ретінде де, химиялық емнен кейін де Зарсио қолдану гемопоэздік діңді жасушалардың шеткергі қан ағымына шығуын мобилизациялайды. Қанның шеткергі дің жасушаларының (ҚШДЖ) аутологиялық немесе аллогенді трансплантациясы цитостатиктердің үлкен дозаларымен емдеуден кейін немесе сүйек кемігі трансплантациясының орнына немесе оған қосымша ретінде жүргізіледі.

Пациенттерде филграстиммен мобилизацияланған аллогенді ҚШДЖ едәуір тезірек гематологиялық қалыпқа келуі байқалды, сүйек кемігінің аллогенді трансплантациясымен салыстырғанда, бұл тромбоциттердің сақталмайтын қалыпқа келуіне кететін уақыттың едәуір қысқаруына алып келеді.

Жедел лейкемиясы бар пациенттерде сүйек кемігінің аллогенді трансплантациясынан кейін арГ-КСФ пайдалануды бағалау мақсатында жүргізілген бір еуропалық зерттеу кезінде арГ-КСФ енгізілгенде «қожайынға қарсы трансплантат» реакциясының даму қаупінің артуы, трансплантациямен байланысты өлім (ТБӨ) атап өтілді. Жедел және созылмалы миелогенді лейкоздарға шалдыққан пациенттерге жекелеген ретроспективті халықаралық зерттеу жүргізу кезінде «қожайынға қарсы трансплантат» реакциясының, ТБӨ және өлім жағдайларының даму қаупіне ықпалы байқалмаған. Трансплантацияның аллогенді зерттеулерінің мета-талдауы кезінде, соның ішінде проспективті рандомизацияланған тоғыз зерттеу, ретроспективті сегіз зерттеу және бақыланатын бір зерттеу нәтижелері бойынша «қожайынға қарсы трансплантат» жедел реакциясының, «қожайынға қарсы трансплантат» созылмалы реакциясының немесе еммен байланысты ерте өлімге ұшыраудың даму қаупіне ықпалы білінбеген.

 

 

Қауіптер қатынасы («қожайынға қарсы трансплантат» реакциясының және ТБӨ 95% СА)

Сүйек кемігінің трансплантациясынан кейінгі арГ-КСФ емінен кейін

Жарияла-нымдар

Зерттеу кезеңі

N

«Қожайынға қарсы трансплан-тат» реакцияның II -IV жедел сатысы

«Қожайынға қарсы трансплантат» созылма-лы реакциясы

ТБӨ

Мета-Талдау (2003)

1986-200lPa

1198

1.08

(0.87, 1.33)

1.02

(0.82, 1.26)

0.70

(0.38, 1.31)

Еуропалық ретроспективті зерттеу (2004)

1992-2002Pb

1789

1.33

(1.08, 1.64)

1.29

(1.02, 1.61)

1.73

(1.30, 2.32)

Халықаралықретроспективті зерттеу (2006)

1995 - 2000Pb

2110

1.11

(0.86, 1.42)

1.10

(0.86, 1.39)

1.26

(0.95, 1.67)

aТалдау өзінде осы кезең ішінде сүйек кемігі трансплантациясынан кейінгі пациенттер қатысқан зерттеулерді қамтиды; жекелеген зерттеулер кезінде арГ-КСФ пайдаланылды.

bОсы кезең ішіндегі сүйек кемігі трансплантациясынан кейінгі пациенттерді талдау.

ҚШДЖ аллогенді трансплантациясының алдында дені сау донорларда ҚШДЖ мобилизациялау үшін Зарсио қолдану. Дені сау донорларға 4-5 күн бірізді тағайындалған тәулігіне 1 млн. ӘБ/кг (тәулігіне 1 мкг/кг) доза екі лейкоферезден кейін көптеген донорларда реципиенттің кг дене салмағына ≥ 4 х 106 CD34 + жасушадан жинауға мүмкіндік береді.

АТН (ауыр туа біткен, мерзімді және идиопатиялық нейтропения) бар балалар мен ересектерде Зарсио қолдану шеткергі қанда белсенді нейтрофилдер санының тұрақты артуын және инфекциялық және басқа да асқынулар жиілігінің төмендеуін көтермелейді.

АИТВ инфекциясына шалдыққан пациенттерде Зарсио қолданылғанда нейтрофилдер саны қалыпты мәндер шегінде сақталады, бұл антиретровирустық және миелосупрессиялық дәрілік заттарды дозалаудың қажетті режимін қадағалауға мүмкіндік береді. Зарсио қолдану кезінде АИТВ репликациясының жоғарылау белгілері білінбеген.

Сонымен бірге in vitro зерттеулерінде, гемопоэз стимуляциясының басқа да факторлары сияқты, олардың арГ-КСФ спецификалық рецепторлары болатындықтан, арГ-КСФ эндотелий жасушаларын көтермелеу қабілетіне ие екені көрсетілген.

Қолданылуы

- қатерлі жаңа түзілім себебінен цитоуытты химиялық ем алатын пациенттерде, сондай-ақ бұл ұзаққа созылатын ауыр нейтропенияның жоғары қауіп факторы болып саналатын сүйек кемігі трансплантациясына ұласатын миелоаблативті ем алатын пациенттерде нейтропенияның ұзақтығын және фебрильді нейтропенияның туындау жиілігін қысқартуда (созылмалы миелолейкозды және миелодисплазиялық синдромдарды қоспағанда).

Балаларда және ересектерде цитоуытты химиялық ем жүргізу кезіндегі Зарсио тиімділігі мен қауіпсіздігі салыстырмалы.

- шеткергі дің жасушаларын (ҚШДЖ) мобилизациялауда

- ауыр туа біткен, мерзімді немесе идиопатиялық нейтропениясы (нейтрофильді гранулоциттердің абсолютті саны 0.5 × 109/л және одан аз) бар және сыртартқысында ауыр немесе қайталамалы инфекциялар болған балалар немесе ересектерде нейтрофилді гранулоциттер санын арттыруға бағытталған ұзаққа созылатын емде, инфекциялық асқынулар жиілігін төмендету және ұзақтығын қысқарту үшін

- нейтропенияны бақылаудың басқа шаралары пациенттердегі бактериялық инфекциялар қаупін төмендетуге жеткіліксіз болатын персистирлеуші нейтропенияда (нейтрофилдердің абсолюттік саны 1 × 109/л және одан аз) АИТВ инфекциясының толық сатысында.

Қолдану тәсілі және дозалары

Зарсиомен емдеу қажетті диагностикалық мүмкіндіктер бар болғанда, гранулоцитарлы колония стимуляциялайтын фактор қолдану тәжірибесі бар онкология-гематология орталығының мамандарымен өзара бірлестікте жүргізілуі тиіс.

Мобилизация және аферез емшаралары осы салада тиісті жұмыс тәжірибесі және гемопоэздің жасуша-ізашарларына қажетті мониторинг жасау мүмкіндігі бар онкология-гематология орталығының мамандарымен өзара бірлестікте жүргізілуі тиіс.

Цитоуытты химиялық ем

Зарсионың ұсынылатын тәуліктік дозасы тәулігіне 0.5 млн. ӘБ/кг (тәулігіне 5 мкг/кг) құрайды. Препараттың алғашқы дозасын цитоуытты химиялық ем курсынан кейін 24 сағат өткен соң барып енгізген жөн.

Зарсио клиникалық қан талдауында жалпы нейтрофилдер саны күтілетін надирден асатын және қалыпты мәндерге жететін кезге дейін күн сайын енгізіледі. Ауқымды ісіктер, лимфома және лимфолейкоз себебімен цитоуытты химиялық емнен кейін көрсетілген мәндерге жеткенше емдеу ұзақтығы 14 күнге дейін құрайды. Жедел миелоидты лейкоздың индукциялық және консолидациялық емінен кейін емдеу мерзімдері едәуір ұзаруы (38 күнге дейін) мүмкін және қолданылған цитоуытты химиялық ем түріне, дозасына және сызбасына байланысты белгіленеді.

Цитоуытты химиялық ем алатын пациенттерде нейтрофилдер санының өткінші көбеюі, әдетте, Зарсиомен емдеуді басталған соң 1-2 күн өткенде байқалады. Дегенмен де, тұрақты емдік әсерге жету үшін Зарсиомен емдеуді нейтрофилдер саны күтілетін надирден асып кететін және қалыпты мәндерге жететін кезге дейін жалғастыру қажет. Нейтрофилдер саны надир арқылы өтіп кеткенше Зарсиомен емдеуді мерзімінен бұрын тоқтату ұсынылмайды.

Енгізу тәсілі: Зарсио тәулігіне 1 рет теріастылық инъекциялар түрінде немесе алдын ала 5% глюкоза ерітіндісінде сұйылтып, тәулігіне 1 рет 30 минут бойы көктамырішілік инфузиялар түрінде енгізіледі. Көптеген жағдайларда теріастылық енгізу жолы ұтымды. Бір реттік дозаны көктамыр ішіне енгізгенде Зарсио әсерінің ұзақтығы қысқаруы мүмкін. Көп реттік Зарсио дозаларын қолдануға қатысты осы деректердің клиникалық мәні анықталмаған. Енгізу тәсілін таңдау нақты клиникалық жағдай ерекшеліктеріне байланысты және әр пациент үшін жекеше белгіленеді. Рандомизацияланған зерттеулер кезінде тәулігіне 23 млн. ӘБ/кг (тәулігіне 230 мкг/м2) дозадағы теріастылық инъекциялар (тәулігіне 4.0 - 8.4 мкг/кг) қолданылған.

Сүйек кемігінің трансплантациясына ұласатын миелоаблативті ем

алатын пациенттер

Ұсынылатын Зарсио бастапқы дозасы тәулігіне 1 млн. ӘБ/кг (тәулігіне 10 мкг/кг) құрайды. Алғашқы Зарсио дозасын цитоуытты химиялық ем жүргізуден кейін 24 сағат өткен соң барып және сүйек кемігі трансплантациясынан кейін 24 сағаттан кешіктірмей енгізген жөн.

Дозаны түзету: нейтрофилдер (надир) санын барынша азайтудан соң тәуліктік Зарсио дозасын нейтрофилдер санының өзгеруіне байланысты келесі үлгіде түзету қажет:

Нейтрофилдердің абсолютті саны (НАС)

Зарсио дозасын түзету

Қатарынан 3 күн бойы

НАС > 1 ×109/л

Дозаны тәулігіне 0.5 млн. ӘБ/кг (тәулігіне 5 мкг/кг) дейін азайту

Артынан келесі 3 күн қатарынан егер НАС > 1 ×109/л болса

Зарсионы тоқтату

Егер емделу кезінде НАС <1 ×109/л дейін төмендесе, Зарсио дозасын жоғарыда берілген сызбаға сәйкес қайта арттырады

Енгізу тәсілі: Зарсио 30 минут ішінде көктамырішілік қысқа инфузия түрінде немесе 24 сағат бойы ұзақ теріастылық немесе көктамырішілік инфузия түрінде енгізіледі. Зарсио 20 мл 5% глюкоза ерітіндісінде сұйылтылу керек.

Қанның шеткергі дің жасушаларын (ҚШДЖ) мобилизациялау

ҚШДЖ аутологиялық трансплантациясына ұласатын миелосупрессиялық немесе миелоаблативті ем алатын пациенттер

Зарсио монотерапия ретінде қолданылғанда ҚШДЖ мобилизациялау үшін ұсынылатын доза қатарынан 5-7 күн бойы тәулігіне 1 млн. ӘБ/кг (тәулігіне 10 мкг/кг) құрайды. 5-ші және 6-шы күні лейкаферездің 1-2 сеансы жүргізіледі. Кейбір жағдайларда лейкаферездің 1 сеансы қосымша жүргізіледі. Зарсио дозасын лейкаферез аяқталғанша өзгертуге болмайды.

Миелосупрессиялық химиялық емнен кейін ҚШДЖ мобилизациялау үшін ұсынылатын Зарсио дозасы химиялық ем курсы аяқталған соң бірінші күннен бастап және нейтрофилдер саны күтілетін надирден өткенше және қалып шегіне жеткенше күн сайын тәулігіне 0.5 млн. ӘБ/кг (тәулігіне 5 мкг/кг) құрайды. НАС <0.5 ×109/л-ден >5 × 109/л дейін артатын кезең ішінде лейкаферез жүргізген жөн. Қарқынды химиялық ем алмаған пациенттерге 1 лейкаферез сеансы жүргізіледі. Жекелеген жағдайларда лейкаферездің қосымша сеанстарын жүргізу ұсынылады.

ҚШДЖ аллогенді трансплантациясы алдындағы дені сау донорлар

Дені сау донорларда ҚШДЖ аллогенді трансплантациясы алдында ҚШДЖ мобилизациялау үшін ұсынылатын Зарсио дозасы 4-5 күн қатарынан тері астына тәулігіне 1 млн. ӘБ/кг (тәулігіне 10 мкг/кг) құрайды. Лейкаферез 5-ші күннен бастап жүргізіледі және реципиенттің кг дене салмағына 4×106 CD34+ жасушалар алу мақсатында, қажет болса, 6-шы күнге дейін жалғасады.

Енгізу тәсілі: ҚШДЖ аутологиялық трансплантациясына ұласатын миелосупрессиялық немесе миелоаблативті ем жүргізілетін пациенттерге ҚШДЖ мобилизациялау үшін ұсынылатын Зарсио дозасын 24 сағат бойы ұзақ теріастылық инфузия немесе бірізді 5-7 күн бойы бір күнделікті теріастылық инфузия түрінде енгізуге де болады. Зарсио 20 мл 5% глюкоза ерітіндісінде сұйылтылу керек.

Ауыр созылмалы нейтропения (АСН)

Енгізу тәсілі: Зарсио теріастылық инъекциялар түрінде енгізіледі.

Туа біткен нейтропения

Ұсынылатын бастапқы доза – тәулігіне 1.2 млн. ӘБ/кг (тәулігіне 12 мкг/кг) бір рет немесе бөлшектелген дозалармен.

Идиопатиялық және мерзімді нейтропения

Ұсынылатын бастапқы доза – тәулігіне 0.5 млн. ӘБ/кг (тәулігіне 5 мкг/кг) бір рет немесе бөлшектелген дозалармен.

Зарсио дозасын таңдау

Зарсио нейтрофилдер санының көрсеткіші 1.5×109/л жеткенше және тұрақты жоғарылағанша күнделікті енгізіледі. Емдік әсерге жетуден кейін осы деңгей сақталу үшін тиімді ең төмен доза белгіленеді. Нейтрофилдердің керекті санын сақтау үшін ұзақ уақыт күн сайын Зарсио енгізу қажет болады.

1-2 апта емделуден кейін бастапқы дозаны екі еселеуге немесе ем тиімділігіне қарай жартысына азайтуға болады. Кейіннен әр 1-2 аптада 1.5×109/л-ден 10×109/л дейінгі диапазонда нейтрофилдердің орташа санын сақтау үшін дозаны түзету әркімде жеке жүргізіледі. Ауыр инфекцияларға шалдыққан пациенттерде дозаның тезірек арттырылған сызбасын қолдануға болады. Емдеуге оң жауап берген пациенттердің 97%-да толық емдік әсер тәулігіне 24 мкг/кг дейінгі дозалар тағайындалғанда байқалады. АТН бар пациенттерде тәулігіне дене салмағына 2.4 млн. ӘБ/кг-ден (24 мкг/кг/тәулік) көп дозаларда тағайындалғанда Зарсионың ұзақ мерзімді қауіпсіздігі анықталмаған.

АИТВ инфекциясы

Енгізу тәсілі: Зарсио теріастылық инъекциялар түрінде енгізіледі.

Нейтрофилдер санының қалыпқа келуі

Ұсынылатын бастапқы Зарсио дозасы тәулігіне 0.1 млн. ӘБ/кг (тәулігіне 1 мкг/кг) құрап, нейтрофилдер саны (НАС > 2×109/л) дейін қалыпқа келгенше доза барынша тәулігіне 0.4 млн. ӘБ/кг дейін арттырылады.

Нейтрофилдер санының қалыпқа келуі, әдетте, 2 күннен соң басталады.

Сирек жағдайларда (пациенттердің <10%) нейтрофилдер санын қалыпқа келтіру үшін Зарсио дозасын тәулігіне 1 млн. ӘБ/кг (тәулігіне 10 мкг/кг) дейін арттыруға болады.

Нейтрофилдердің қалыпты санын сақтау

Реверсивті нейтропенияға жетуден кейін нейтрофилдердің қалыпты саны сақталу үшін тиімді ең төмен доза белгіленуі тиіс. Тәулігіне 30 млн. ӘБ/кг (тәулігіне 300 мкг/кг) дозалаумен кезектестіру үшін бастапқы дозаны түзету ұсынылады. Әріқарай нейтрофилдердің > 2,0х109/л санын сақтау үшін пациенттегі НАС бойынша анықталатын дозаны түзету қажет болуы мүмкін. Клиникалық зерттеулерде > 2.0 109 / л НАС сақталу үшін аптасына 1-7 күн бойы тәулігіне 30 млн. ӘБ/кг (тәулігіне 300 мкг/кг) дозалануы қажет болды, орташа жиілікпен доза аптасына 3 күн енгізіледі. Ұзақ қолдану > 2.0х109 / л НАС сақталуын талап етуі мүмкін.

Пациенттердің ерекше топтары

Бүйрек/бауыр функциясының бұзылулары бар пациенттер

Бүйрек немесе бауыр жеткіліксіздігі ауыр пациенттерде дозаны түзету қажет емес, өйткені олардың фармакокинетикалық және фармакодинамикалық көрсеткіштері дені сау еріктілердегісіне ұқсас.

АТН және қатерлі жаңа түзілімдері бар балалар

АТН сынағында зерттелген пациенттердің 65% бөлігі 18 жасқа дейінгілер болды. Осы жас тобы үшін емдеудің тиімділігі айқын болды, топта туа біткен нейтропениясы бар пациенттердің көпшілігі қамтылды. АТН себебімен ем алған балалардағы қауіпсіздік бейіндерінде айырмашылықтар байқалмаған.

Клиникалық зерттеулер деректері цитоуытты химиялық ем алған ересектерде де, балаларда да Зарсио қауіпсіздігі мен тиімділігінің бірдей екенін көрсетеді.

Балалар үшін дозалау жөніндегі нұсқаулар миелосупрессиялық цитоуытты химиялық ем алатын ересектердегідей.

Егде жастағы пациенттер

Клиникалық зерттеулерде егде жастағы пациенттердің шектеулі санына байланысты, егде жастағы пациенттерде Зарсио қолдану жөнінде ерекше нұсқаулар жоқ. Пациенттердің осы санатында қосымша зерттеулер жүргізілмеген.

Енгізуге дейін сұйылту

Зарсио 5% (50 мг/мл) глюкоза ерітіндісінде сұйылтылу керек.

Сұйылту тура енгізер алдында атқарылады, алайда 0,2 млн. ӘБ/мл-ден аз (2 мкг/мл) соңғы концентрацияға дейін сұйылту ұсынылмайды.

1,5 млн. ӘБ/мл-ден аз (15 мкг/мл) концентрацияларда сұйылтқанда 2 мг/мл концентрациясына жеткенше қосымша адамның сарысулық альбуминін қосу қажет. Мысалы: 20 мл ерітінді көлеміне және 30 млн. ӘБ-ден аз (300 мкг) жалпы Зарсио дозасына жету үшін 0,2 мл 20% адамның сарысулық альбумині ерітіндісін (200 мг/мл, Еуропалық Фармакопея) қосымша қосу қажет.

Зарсио 5% (50 мг/мл) глюкоза ерітіндісімен сұйылту кезінде шынымен және поливинилхлорид, полиолефин (полипропилен мен полиэтилен сополимері) және полипропилен қамтылатын әртүрлі пластмассалармен үйлесімді.

Зарсионы натрий хлоридінің ерітіндісімен және, 5% глюкоза ерітіндісін қоспағанда, басқа дәрілік заттармен сұйылтуға болмайды.

Ине сақтандырғышы бар алдын ала толтырылған еккішті пайдалану

Ине сақтандырғышы инъекциядан кейін инемен жарақаттанбау үшін инені көмкереді. Бұл еккіштің қалыпты жұмысына ықпал етпейді. Барлық доза енгізілгенше және поршеньді әріқарай жылжыту мүмкін емес болғанша поршеньді баяу және біркелкі басыңыз. Поршеньді басып тұрып, еккішті пациенттен шығарып алыңыз. Поршеньді босатқанда иненің сақтандырғышы инені жабады.

Әр еккіш бір рет қолдануға ғана арналған және ашылған соң дереу пайдаланылуы тиіс. Егер ерітінді дереу пайдаланылмаған жағдайда пайдаланушыға сақтау ұзақтығына және шарттарына жауапкершілік жүктеледі.

Сақтау және амбулаторлық қолдану кезеңінде пациент Зарсионы тоңазытқыштан шығарып алып, бөлме температурасында ( 25 оС-ден аспайтын) 72 сағаттан асырмай сақтауға болады. 72 сағат өткен соң Зарсионы қолдануға немесе тоңазытқышта сақтауға болмайды, оны жою қажет.

Жою және өзге де өңдеулер кезіндегі ерекше сақтандыру шаралары

Зарсио және/немесе оның қалдықтары жергілікті талаптарға сәйкес жойылуы тиіс.

Пайдаланар алдында ерітіндіні көзбен қарап тексеру қажет. Бөгде бөлшектерсіз мөлдір ерітінділер ғана пайдаланылуы тиіс.

Теріс температуралардың кездейсоқ әсері Зарсио тұрақтылығына теріс ықпалын тигізбейді.

Зарсио құрамында консерванттар жоқ. Микробтық контаминация қаупі мүмкін болғандықтан, Зарсио еккіштері тек бір реттік пайдалануға арналған.

Жағымсыз әсерлері

Қауіпсіздік бейінінің түйіндемесі

Онкологиялық науқастарда жүргізілген клиникалық зерттеулер кезінде ең көп жиі кездесетін жағымсыз әсерлер арасында пациенттердің 10%-да әлсіз, орташа және 3%-да қатты бұлшықет-қаңқа ауыруы тіркелді.

«Қожайынға қарсы трансплантат» (GvHD) реакциясы да тіркелген.

Дені сау донорларда ҚШДЖ мобилизациялау алдында ең көп жиі кездесетін жағымсыз әсерлер арасында бұлшықет-қаңқа ауыруы тіркелді. Донорларда Зарсио, сондай-ақ лейкаферез қолданудан кейін лейкоцитоз бен тромбоцитопения білінді. Спленомегалия және көкбауырдың күрт жарылу жағдайлары да тіркелді. Көкбауырдың күрт жарылуының кейбір жағдайлары өліммен аяқталған.

АТН бар пациенттерде Зарсио қолданумен байланысты ең көп жиі кездесетін жағымсыз әсерлер арасында сүйек ауыруы, жалпы бұлшықет-қаңқа ауыруы және спленомегалия болды. Миелодисплазиялық синдромдар (МДС) немесе лейкоз Зарсио алған туа біткен нейтропениясы бар пациенттерде дамыды.

Цитоуытты химиялық ем алған, қатерлі жаңа түзілімдері бар пациенттерде, сондай-ақ арГ-КСФ енгізуден кейін шеткергі қанның ізашар-жасушаларының мобилизациясынан өткен дені сау донорларда да қажетті ем (≥1/1000 <1/100 дейін) кеш тағайындалғанда өмір үшін қауіпті болуы мүмкін қылтамырлар өткізгіштігінің жоғарылау синдромының дамуы жөнінде хабарламалар түсуі жиі емес.

АИТВ инфекциясы бар пациенттердің клиникалық зерттеулері кезінде Зарсио қолданумен байланысты жағымсыз әсерлер арасында қаңқа-бұлшықет, сүйек ауыруы және бұлшықеттердің ауыруы білінді.

Төмендегі деректерде клиникалық зерттеулер кезінде және өздігінен келіп түскен хабарламалар арқылы тіркелген жағымсыз әсерлер сипатталады. Әр топта жағымсыз әсерлер жиілігі күрделілігінің төмендеу ретімен берілген. Деректер қатерлі жаңа түзілімі бар пациенттер, ҚШДЖ мобилизациялау кезіндегі дені сау донорлар үшін, АИТВ және АСН бар пациенттер үшін бөлек беріліп, пациенттердің осы тобында жағымсыз әсерлердің әртүрлі бейіндерін көріністейді.

Онкологиялық науқастар

Өте жиі (>1/10)

- қандағы несеп қышқылының жоғары мөлшері, қан лактатында дегидрогеназа мөлшерінің жоғарылауы, тәбеттің төмендеуіа

- бас ауыруа

- ауыз-жұтқыншақтың ауыруыа, жөтела , диспноэ

- диареяа

- құсуа , іш қатуа, жүрек айнуа

- гамма-глютамилтрансфераза жоғарылауы, қанда сілтілік фосфатаза деңгейінің артуы

- бөртпе3

- алопеция

- қаңқа-бұлшықет ауыруыа

- астения, қажуа,

- шырышты қабық қабынуыа

Жиі ( ≥ 1/100-ден < 1/10 дейін)

- дәрілік затқа жоғары сезімталдықа

- гипотензия

- қан түкіруе

- дизурия

- кеуденің ауыруыа

Жиі емес ( ≥ 1/1000-нан < 1/100 дейін)

- көкбауырдың жарылуыа

- спленомегалияа,е

- орақ тәріздес жасушалар дағдарысы3

- «қожайынға қарсы трансплантат» реакциясыb

- жалған подагра3

- көктамыр-окклюзиялық ауруd

- сұйықтық көлемінің бұзылуы

- қылтамырлар өткізгіштігінің жоғарылау синдромыа

- жедел тыныс алу жеткіліксіздігі синдромыа

- тыныс алудың бұзылуыа

- өкпенің ісінуіа

- өкпенің интерстициальді ауруыа

- өкпе инфильтрациясыа

- өкпеден қан кетуа

- Свит синдромы

- тері васкулитіа

- ревматоидты артриттің өршуі

- несеп бөлудің бұзылуы

- ауыруа

aТөменнен қараңыз

bСүйек кемігінің аллогенді трансплантациясынан кейінгі пациенттерде GvHD және өлім жағдайлары жөнінде есептер түсті (төменнен қараңыз),

сСүйек ауыруын, арқаның, буындардың, бұлшықеттердің, аяқ-қолдың ауыруын, қаңқа-бұлшықет ауыруын, кеуденің қаңқа-бұлшықеттік ауыруын, мойын ауыруын қоса.

dЖағдайлар сүйек кемігінің трансплантациясын немесе шеткергі қандағы ізашар жасушалар мобилизациясын бастан өткерген пациенттердегі постмаркетингтік зерттеу кезінде байқалған

eОқиғалар клиникалық сынақтар жағдайларында байқалды

Дені сау донорлардағы ҚШДЖ мобилизациясында

Өте жиі (>1/10)

- тромбоцитопенияа

- лейкоцитоза

- бас ауыру

- қаңқа-бұлшықет ауыруы*

Жиі ( ≥ 1/100-ден < 1/10 дейін)

- спленомегалияа

- қанда лактатдегидрогеназа мөлшерінің жоғарылауы

- диспноэ

- қанда сілтілік фосфатазаның жоғарылауы

Жиі емес ( ≥ 1/1000-нан < 1/100 дейін)

- көкбауырдың жарылуыа

- орақ тәріздес жасушалар дағдарысы

- анафилаксиялық реакция

- гиперурикемия (қанда несеп қышқылы мөлшерінің жоғарылауы)

- қылтамырлар өткізгіштігінің жоғарылау синдромыа

- өкпеден қан кету

- қан түкіру

- өкпе инфильтрациясы

- гипоксия

- аспартатаминотрансфераза жоғарылауы

- ревматоидты артриттің өршуі

а Төменнен қараңыз

*сүйек ауыруын, арқаның, буындардың, бұлшықеттердің, аяқ-қолдың ауыруын, қаңқа-бұлшықет ауыруын, кеуденің қаңқа-бұлшықеттік ауыруын, мойын ауыруын қоса.

АТН бар пациенттер

Өте жиі (>1/10)

- спленомегалияа

- анемия

- гиперурикемия

- қанда глюкоза деңгейінің төмендеуі

- қанда лактатдегидрогеназа мөлшерінің жоғарылауы

- бас ауыру

- мұрыннан қан кету

- диарея

- гепатомегалия

- қанда сілтілік фосфатазаның жоғарылауы

- бөртпе

- қаңқа-бұлшықет ауыруы*b

- буындардың ауыруы

Жиі (≥ 1/100-ден < 1/10 дейін)

- көкбауырдың жарылуыа

- тромбоцитопенияа

- тері васкулиті

- шаш түсу

- остеопороз

- гематурия

- инъекция салған жердегі реакция

- спленомегалияа

Жиі емес ( ≥ 1/1000-нан < 1/100 дейін)

- протеинурия

- орақ тәріздес жасушалар дағдарысыа

АИТВ бар пациенттер

Өте жиі (> 1/10)

- қаңқа-бұлшықет ауыруы*

Жиі (≥ 1/100-ден < 1/10 дейін)

- спленомегалияа

Жиі емес ( ≥ 1/1000-нан < 1/100 дейін)

- орақ тәріздес жасушалар дағдарысыа

а Төменнен қараңыз

*bсүйек ауыруын, арқаның, буындардың, бұлшықеттердің, аяқ-қолдың ауыруын, қаңқа-бұлшықет ауыруын, кеуденің қаңқа-бұлшықеттік ауыруын, мойын ауыруын қоса

Жекелеген жағымсыз әсерлер сипаттамасы

Сүйек кемігінің аллогенді трансплантациясынан кейін арГ-КСФ қабылдаған пациенттерде «қожайынға қарсы трансплантат» реакциясының даму жағдайлары және өлім жағдайлары жөнінде есептер түсті.

Қылтамырлар өткізгіштігінің жоғарылау синдромының жағдайлары арГ-КСФ пайдаланылған постмаркетингтік кезеңде тіркелген. Олар, әдеттегідей, бірнеше химиялық ем дәрілерін қабылдап жүрген немесе бұрын қабылдаған, ауыр қатерлі жаңа түзілімдері және сепсисі бар пациенттерде туындаған.

Онкологиялық науқастар

Рандомизацияланған плацебо-бақыланатын клиникалық зерттеулер кезінде Зарсио пайдаланылғанда цитоуытты химиялық еммен байланысты жағымсыз әсерлер жиілігінің артуы білінбеген. Осы клиникалық сынақтар кезінде жағымсыз әсерлер Зарсио/химиялық ем және плацебо/химиялық ем қабылдаған пациенттерде бірдей жиілікте туындады және жүрек айну мен құсуды, алопеция, диарея, қажуды, анорексия (тәбеттің төмендеуі), шырышты қабық қабынуын, бас ауыру, жөтел, бөртпе, кеуденің ауыруын, астения, ауыз-жұтқыншақ ауыруын және іш қатуды қамтыды.

Постмаркетингтік кезең ішінде Зарсио қабылдаған пациенттерде тері васкулиті тіркелді. Зарсио алатын пациенттерде васкулиттің даму механизмі белгісіз. Осы клиникалық сынақтар негізінде жиілігі жиі емес болып бағаланады.

Постмаркетингтік кезеңде Свит синдромының (жедел фебрильді дерматоз) жағдайлары хабарланды. Осы клиникалық сынақтар негізінде жиілігі жиі емес болып бағаланады.

Клиникалық зерттеулер кезінде және постмаркетингтік кезеңде кейбір жағдайларда өліммен аяқталуы мүмкін тыныс алудың бұзылуымен немесе жедел респираторлық дистресс-синдроммен (ARDS) өкпенің интерстициальді ауруын, өкпенің ісінуін және өкпе инфильтрациясын қоса, өкпедегі жағымсыз әсерлер тіркелді.

Зарсио тағайындаудан кейін спленомегалия мен көкбауыр жарылуының жиі емес жағдайлары хабарланған. Көкбауыр жарылған кейбір жағдайлар өлімге ұшыратты.

Клиникалық зерттеулер кезінде және постмаркетингтік кезеңде емдеудің бастапқы немесе кейінгі сатыларындағы анафилаксия, бөртпе, аллергиялық бөртпе, ангионевроздық аллергиялық ісіну, тыныстың тарылуын және артериялық қысымның төмендеуін қоса, жоғары сезімталдық реакциялары тіркелді. Жалпы, хабарламалар көктамыр ішіне енгізуден кейін жиірек түсті. Кейбір жағдайларда симптомдар Зарсио қолдануды сынақтық жаңғырту кезінде қайталанды, соның негізінде себеп-салдарлы байланыс жөнінде жорамалдауға болады. Егер күрделі аллергиялық реакция дамыса, Зарсио қолдануды тоқтату керек.

Постмаркетингтік кезең ішінде пациенттерде орақ тәріздес жасушалар дағдарысының жекелеген жағдайлары немесе орақ тәріздес жасушалар аурулары тіркелді. Осы клиникалық сынақтар негізінде жиілігі жиі емес болып бағаланады.

Зарсио қолданудан кейін онкологиялық науқастарда жалған подагра жағдайлары тіркелді. Осы клиникалық сынақтар негізінде жиілігі жиі емес болып бағаланады.

ҚШДЖ мобилизациясы кезіндегі дені сау донорлар

Дені сау донорларда және арГ-КСФ енгізуден кейінгі пациенттерде жиі, бірақ жалпы алғанда симптомсыз спленомегалия жағдайлары және көкбауырдың күрт жарылуының жиі емес жағдайлары тіркелді.

Өкпенің жағымсыз әсерлері (қан түкіру, өкпеден қан кету, өкпе инфильтрациясы, тыныстың тарылуы және гипоксия) тіркелді. Артрит симптомдары өршіген жиі емес жағдайлар аталған.

Зарсио, лейкаферез қолданудан кейін лейкоцитоз (лейкоциттер > 50x109/л) донорлардың 41%-да, ал уақытша тромбоцитопения (тромбоциттер < 100x109/л) донорлардың 35%-да тіркелді.

АТН бар пациенттерде

Кейбір жағдайларда тромбоцитопенияға дейін үдеуі мүмкін спленомегалияны қамтитын жағымсыз әсерлер білінген.

Зарсио емімен байланысты болуы мүмкін және, әдетте, АТН бар пациенттердің < 2%-да туындайтын жағымсыз әсерлер инъекция салған жердегі реакция, бас ауыру, гепатомегалия, буындардың ауыруын, алопеция, остеопороз және бөртпені қамтиды.

Ұзақ мерзімді қолдану кезінде АТН бар пациенттердің 2%-да тері васкулиті тіркелді.

АИТВ бар пациенттер

Зарсио қолданумен байланысты спленомегалия пациенттердің <3%-да білінді. Барлық жағдайларда симптомдар дәрігерге қаралу кезінде жеңіл немесе орташа, ал клиникалық тұрғыда қатерсіз болды; пациенттерде гиперспления синдромы болмаған, спленэктомия жүргізілмеген. Спленомегалия АИТВ инфекциясына шалдыққан пациенттерде жиі кездесетіндіктен және ЖИТС бар пациенттердің көпшілігінде әртүрлі дәрежеде болатындықтан, осы орайда Зарсио қолданумен байланысы анықталмаған.

Балалар

Балаларда жүргізілген клиникалық зерттеу деректері Зарсио қауіпсіздігі мен тиімділігінің цитоуытты химиялық ем алатын ересектер мен балаларда ұқсас екенін көрсетеді, сондықтан ересектер мен балалардағы Зарсио фармакокинетикасында айырмашылық болмаған. Бірден бір жағымсыз әсер ересектердегі осындай әсерден ерекшеленбейтін қаңқа-бұлшықет ауыруы болып табылады.

Әріқарай балаларды емдеуде Зарсионы бағалау үшін деректер саны жеткіліксіз.

Егде жастағы пациенттер

Цитоуытты химиялық ем алатын жастау ересек пациенттермен (>18 жас) салыстырғанда, 65 жастан асқан пациенттер арасындағы қауіпсіздігі немесе тиімділігінің ортақ айырмашылықтары жоқ. Клиникалық зерттеулер кезінде де егде және жас ересек пациенттер арасында айырмашылықтар анықталмаған. Балаларда басқа бекітілген көрсетілімдерді емдеуде Зарсио қолдануды бағалау үшін деректер саны жеткіліксіз.

АТН бар балалар

Зарсио қабылдаған ауыр созылмалы нейтропениясы бар балаларда сүйек тіні тығыздығының төмендеуі мен остеопороз жағдайлары тіркелген. Осы клиникалық сынақтар негізінде жиілігі жиі болып бағаланады.

Күдік тудыратын жағымсыз әсерлер жөніндегі есептер

Зарсионы тіркеуден кейінгі күдік тудыратын жағымсыз әсерлер жөнінде есептер беру маңызды. Бұл дәрілік заттың пайда/қауіп көрсеткішіне мониторинг жасауды жалғастыруға мүмкіндік береді. Медицина қызметкерлері ұлттық есептілік жүйесі арқылы кез келген күдік тудыратын жағымсыз әсер туралы хабарлайды.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- белсенді затқа немесе кез келген басқа қосымша заттарға жоғары

сезімталдық

- жүктілік және лактация кезеңі

- миелодисплазиялық синдром (МДС) және созылмалы миелолейкоз

- тұқым қуалайтын фруктозаны (құрамында сорбитол бар) көтере

алмаушылық

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Миелосупрессиялық цитоуытты химиялық ем дәрілері сияқты, Зарсио қолданудың сол күнгі қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. Миелосупрессиялық цитоуытты химиялық емге тез бөлінетін миелоидты жасушалардың сезімтал болуына орай, осы химиялық ем дәрілерін енгізуге дейін және одан кейін 24 сағаттық аралықта Зарсио тағайындау ұсынылмайды. Бір мезгілде Зарсио мен 5-фторурацил қолданылғанда нейтропения ауырлығы күшеюі мүмкін.

Клиникалық зерттеулерде басқа гемопоэздік өсу факторларымен және цитокиндермен болжамды өзара әрекеттесуі әлі зерттелмеген.

Литийдің нейтрофилдер босап шығуын көтермелейтінін ескерсек, Зарсио әсері күшеюі мүмкін. Бұл өзара әрекеттесу зерттелмеген, бірақ оның қолайсыз зардаптары туралы мәліметтер жоқ.

Айрықша нұсқаулар

Ерекше сақтандырулар

Зарсионы, белгіленбеген дозалау режимдерінен тыс, цитоуытты химиялық ем дозаларын арттыру үшін тағайындауға болмайды.

Зарсионы лейкемияны дамытатын туа біткен ауыр нейтропенияға шалдыққан, лейкемия туындаған немесе лейкемияның даму симптомдары бар пациенттерге тағайындауға болмайды.

Зарсио алатын пациенттерде бастапқы немесе кейінгі емдеу кезінде болатын анафилаксиялық реакцияларды қоса, аса жоғары сезімталдық реакциялары туралы хабарланған. Клиникалық мәнді аса жоғары сезімталдығы бар пациенттерге Зарсио қабылдауды тоқтату қажет. Сыртартқыдағы филграстимге немесе перфилграстимге аса жоғары сезімталдығы бар пациенттерге Зарсио тағайындауға болмайды.

Барлық емдік протеиндердегі сияқты, иммуногенділіктің даму қаупі бар. Зарсиоға антиденелердің жайылу екпіні төмен. Антиденелердің байланысуы биологиялық препараттардың бәрінде болады, алайда, қазіргі уақытта бұл белсенділік бейтараптануымен байланысты емес.

Цитоуытты химиялық ем

Қатерлі жасушалардың өсуі

Іn vitro арГ-КСФ миелоидты жасушалардың өсуін көтермелеуі мүмкін. Миелодисплазиялық синдромы (МДС) және созылмалы миелолейкозы бар пациенттерде Зарсио қолдану қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған, сондықтан осындай ауруларда оны қолдану ұсынылмайды. Емдеуді бастар алдында созылмалы миелолейкоз бласт-трансформациясы мен жедел миелолейкоз арасында мұқият дифференциялық диагноздың қойылуы талап етіледі.

Салдарлы жедел миелоцитарлы лейкозы (ЖМЛ) бар пациенттер үшін Зарсио қауіпсіздігі мен тиімділігі жөнінде деректер шектеулі болғандықтан, Зарсио сақтықпен тағайындалу керек. Цитогенетикалық бейіні қалыпты [t(8; 21), t(15; 17) және inv(16)], 55 жасқа дейінгі ЖМЛ бар пациенттерге алғаш тағайындалған Зарсионың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған.

Онкологиялық науқастардағы ерекше сақтандыру шаралары

Зарсио қолданудан кейінгі спленомегалияның және көкбауыр жарылуының жиі емес жағдайлары хабарланған. Көкбауыр жарылған кейбір жағдайлар өліммен аяқталған. Ішінің сол жақ жоғарғы бөлігінің және/немесе иық ұшының ауыруын хабарлаған Зарсио алатын пациенттер көкбауыр ұлғаюы немесе көкбауырдың жарылуы тұрғысынан тексерілуі тиіс.

Лейкоцитоз

Дене салмағына 0.3 млн. әб/кг-ден көп (0.0003 мг/кг) Зарсионың тәуліктік дозасын алған пациенттердің 5%-дан азында қандағы лейкоциттер саны 100×109/л мәніне жетеді немесе одан асып кетеді. Ауырлығы осындай дәрежедегі лейкоцитоздың дамуы тікелей себеп болатын қандай да бір жағымсыз әсерлері жөнінде мәліметтер жоқ. Алайда ауыр лейкоцитозбен байланысты қауіп болу мүмкіндігін ескеріп, Зарсиомен емдеу кезінде лейкоциттер санын ұдайы бақылап отыру қажет. Егер лейкоциттер саны күтілген надирге жеткен соң 50×109/л-ден асып кетсе, Зарсио қолдануды дереу тоқтату керек. Егер Зарсио ҚШДЖ мобилизациялау үшін қолданылса, лейкоциттер саны >70×109/л дейін көбейгенде оны тоқтату немесе дозасын азайту қажет.

Жүргізілген химиялық ем дозасын арттырумен байланысты қауіп

Химиялық ем дәрілерінің жоғары дозаларын алатын қатерлі жаңа түзілімдері бар пациенттерді емдеуде ерекше сақтану шарасын қадағалау керек, өйткені аурудың нәтижесіне жоғары дозалар қолданудың елеулі қосымша әсері расталмаған, бірақ жүрек-қантамыр жүйесіне, тыныс алу ағзаларына, жүйке жүйесіне және теріге өте айқын уытты әсер ету ықтималдығы жоғары.

Зарсиомен емдеу миелосупрессиялық химиялық емнен болатын тромбоцитопения мен анемияны тоқтата алмайды. Химиялық ем дәрілерінің жоғарырақ дозаларын (мысалы, тағайындалған сызбаларға сәйкес толық дозалар) қолдану жағдайында ауыр тромбоцитопения және анемия қаупі арта түседі. Клиникалық қан талдауының көрсеткіштерін: гематокрит пен тромбоциттер санын жүйелі бақылау ұсынылады. Ауыр тромбоцитопенияны туындатуы мүмкін бір компонентті немесе біріктірілген химиялық ем дәрілерін қолдану кезінде ерекше сақтану керек.

Филграстим-ҚШДЖ мобилизациясы пайдаланылғанда миелосупрессиялық немесе миелоаблативті химиялық емнен болатын тромбоцитопенияның ауырлық дәрежесінің және ұзақтығының қысқаруы анықталған.

Басқа да сақтандыру шаралары

Миелоидты ізашар-жасушалар саны едәуір азайған пациенттерде Зарсио тиімділігі зерттелмеген. Зарсио нейтрофилдер санын, бәрінен бұрын, нейтрофилдердің ізашар-жасушаларына әсер ету жолымен арттырады. Сондықтан ізашар-жасушалар саны төмендеген (мысалы, қарқынды сәулелі еммен немесе химиялық еммен емдеу нәтижесінде немесе сүйек кемігінің ісік жасушаларымен инфильтрациялану салдарынан) пациенттерде түзілген нейтрофилдер саны төмен болуы мүмкін. Сүйек кемігінің аллогенді трансплантациясынан кейін арГ-КСФ алған пациенттерде «қожайынға қарсы трансплантат» реакциясының дамуы мен өліммен аяқталулар туралы деректер бар.

Қанның шеткергі дің жасушаларын (ҚШДЖ) мобилизациялау

Пациенттердің бір ғана қауымының шегінде мобилизациялаудың ұсынылған екі әдісін (тек Зарсио немесе миелосупрессиялық химиялық еммен біріктіріп) салыстыру мақсатында проспективті рандомизацияланған зерттеулер жүргізілмеген. Жекелеген пациенттер мен CD34 жасушаларының зертханалық талдауларының арасындағы айырмашылық дәрежесіне әртүрлі зерттеулер арасында тікелей салыстыру жүргізу қиын. Сондықтан оңтайлы әдіс ұсынылуы қиын. Мобилизациялау әдісі жекелеген пациентті жалпы емдеу мақсаттарын ескерумен таңдалу керек.

Цитоуытты дәрілермен алдыңғы емдеу

Бұрын қарқынды миелосупрессиялық ем жүргізілген пациенттерде ұсынылатын ең төмен деңгейге (≥2×106 CD34+ жасуша/кг) дейін жеткілікті ҚШДЖ санының көбеюі немесе тромбоциттердің қалыпқа келу жылдамдығының жоғарылауы болмауы мүмкін.

Кейбір цитоуытты дәрілердің гемопоэздің ізашар-жасушаларға қатысты ерекше уыттылығы бар және олардың мобилизациясына теріс әсерін тигізуі мүмкін. Ізашар-жасушаларды мобилизациялау алдында мелфалан, карбоплатин немесе кармустин сияқты цитоуытты дәрілерді ұзақ уақыт қолдану нәтижелердің нашарлауына әкелуі мүмкін. Алайда ҚШДЖ мобилизациясында мелфалан, карбоплатин немесе кармустинді Зарсиомен бір мезгілде қолдану тиімді. Егер ҚШДЖ трансплантациясы жоспарланса, пациентті емдеудің ерте сатысында дің жасушаларына мобилизация өткізу ұсынылады. Жоғары дозаларда химиялық ем дәрілерін қолдануға дейін осындай пациенттерде белсендірілген ізашар-жасушалар санына ерекше көңіл бөлу керек. Егер жоғарыда берілген критерийлерге сәйкес келетін мобилизация нәтижелері жеткіліксіз болса, ізашар-жасушаларды пайдалануды қажет етпейтін баламалы емдеу әдістерін қолдануды қарастыру керек.

Қандағы шеткергі дің жасушаларының санын бағалау

Зарсио қолдану аясында пациенттерде мобилизацияланған ҚШДЖ санын бағалағанда сандық анықтау әдісіне ерекше назар аудару керек. CD34+ жасушалар саны бойынша ағынды-цитометриялық талдау нәтижелері таңдалған әдіске қарай өзгешеленеді, сондықтан да әртүрлі зертханаларда зерттеулер жүргізгенде алынған нәтижелерді абайлап түсіндіру керек.

Статистикалық талдау химиялық ем дәрілерінің жоғары дозаларын қолданудан кейін CD34+ жасушалар реинфузиясына енгізілген санның және тромбоциттер санының қалыпқа келу жылдамдығының арасында күрделі, бірақ тұрақты өзара байланыс бар екенін көрсетті. Ең төмен >2×106 CD34+ жасушалар/кг саны гематологиялық көрсеткіштердің жеткілікті түрде қалыпқа келуіне әкеледі және жарияланған деректер негізінде ұсынылады. Көрсетілген мәннен асып кететін CD34+ жасушалар саны жылдамырақ қалыпқа келумен қатар жүреді; егер жасушалар саны осы деңгейге жетпесе, қан көрсеткіштерінің қалыпқа келуі баяуырақ жүреді.

ҚШДЖ аллогенді трансплантациясын жасау алдындағы дені сау

донорлар

ҚШДЖ мобилизациясының дені сау донорлар үшін тікелей клиникалық нәтижесі болмайды және тек қана дің жасушаларын аллогенді трансплантациялау мақсатында жүргізуге болады.

ҚШДЖ мобилизациясын гематологиялық көрсеткіштеріне және инфекциялық аурулардың болуына ерекше назар аударумен дің жасушаларының донорлығы бойынша стандартты клиникалық және зертханалық критерийлерге сәйкес келетін донорларға ғана тағайындауға болады.

Зарсионы 16 жасқа дейінгі және 60 жастан асқан дені сау донорларда қолдану қауіпсіздігі мен тиімділігі зерттелмеген.

Зарсионы тағайындаудан және лейкаферез жасаудан кейін өткінші тромбоцитопения (тромбоциттер саны <100×109/л) донорлардың 35%-да байқалады. Олардың ішінде лейкаферез жасаудан кейін тромбоциттер саны <50×109/л болатын 2 тромбоцитопения жағдайы атап өтілген. Егер бір сеанстан көп лейкаферез жасау қажет болса, тромбоциттер саны 100×109/л-ден аз донорлар жағдайын аса мұқият бақылау керек; әдеттегідей, 75×109/л дейінгі нейтрофилдер санында аферез ұсынылмайды. Антикоагулянттар қабылдайтын немесе гемостаз бұзылуы бар донорларға лейкаферез жасауға болмайды.

Егер лейкоциттер саны >70×109/л мәнінен артық болса, Зарсионы тоқтату

немесе қолданылатын дозасын азайту керек.

ҚШДЖ мобилизациясы үшін арГ-КСФ алатын донорларда клиникалық қан талдауының барлық көрсеткіштерін олар қалыпқа түскенше жүйелі бақылау керек.

Өткінші цитогенетикалық өзгерістер жағдайлары Г-КСФ қолданған дені сау донорларда аталды. Осы көріністердің маңыздылығы белгісіз.

Дегенмен де, донорларда қатерлі миелоидты клонның даму қаупін жоққа шығаруға болмайды. Аферез шаралары өткізілетін медициналық орталықтарға алдағы кезеңде Зарсио қолдану қауіпсіздігіне мониторинг жасау мақсатында дің жасушалары донорларының жағдайын кемінде 10 жыл бойы жүйелі бақылауға кеңес беріледі.

Дені сау донорларда және арГ-КСФ қабылдаған пациенттерде спленомегалияның жиі, негізінен, симптомсыз жағдайлары жөнінде, сондай-ақ көкбауыр жарылуының жиі емес жағдайлары жөнінде мәліметтер бар. Көкбауыр жарылған кейбір жағдайлар өліммен аяқталулармен қатар жүрген. Осыған орай, көкбауыр көлемін мұқият бақылау (клиникалық тексеруде және УДЗ әдісімен) қажет. Құрсақ қуысының жоғарғы сол жақ бөлігінде немесе иықтың жоғарғы жағында ауыру болса, донорларда және/немесе пациенттерде көкбауырдың жарылу қаупін ескеру керек.

Дені сау донорларда тыныс алу ағзаларына қолайсыз ықпал ететін өте сирек жағдайлар (қан түкіру, өкпеден қан кету, өкпедегі инфильтрация өзгерістері, ентігу және гипоксия) білінген. Аталған симптомдардың бар-жоғы күдік тудырса, Зарсионы әріқарай қолданудың мақсатқа сай екенін және тиісті ем тағайындау қажеттілігін қарастыру қажет.

Зарсиомен стимуляцияланған мобилизациялау кезінде алынған аллогенді ҚШДЖ реципиенттері

Қолда бар деректерге сай, ҚШДЖ аллогенді трансплантатының иммунологиялық өзара әрекеттесуі, сүйек кемігі трансплантациясымен салыстырғанда, жедел және созылмалы «қожайынға қарсы трансплантат» реакциясының өте жоғары даму қаупімен байланысты болуы мүмкін.

Ауыр созылмалы нейтропения (АСН)

Қан жасушаларының саны

Тромбоциттер санын, әсіресе, Зарсиомен емдеудің алғашқы апталарында қатаң бақылап отыру қажет. Егер пациентте тромбоцитопения анықталса және тромбоциттер саны ұзақ уақыт бойы 100 000/мм3-ден аз құраса, Зарсионы қысқа уақытқа тоқтату немесе оның дозасын азайту мәселесін қарастыру керек.

Мұқият бақылауды талап ететін қан формуласының басқа да өзгерістері, соның ішінде анемия және миелоидты ізашар-жасушалар санының өткінші көбеюі болуы мүмкін.

Жедел лейкоздың немесе миелодисплазиялық синдромның дамуы

АСН диагностикасын дер кезінде жүзеге асыру және осы диагнозды апластикалық анемия, миелодисплазия және миелолейкоз сияқты қан түзілу жүйесінің басқа да бұзылуларынан ажырата жіктеу қажет. Емдеу басталғанша лейкоцитарлық формула және тромбоциттер саны анықталатын жалпы клиникалық талдау жасап, сүйек кемігінің морфологиясын және кариотипті анықтау керек.

Зарсио алған, АСН бар пациенттердің шағын (шамамен 3%) санында жүргізілген клиникалық зерттеулер кезінде МДС немесе лейкоз байқалды. Бұл нәтижелер туа біткен нейтропениясы бар пациенттерді қадағалау кезінде ғана алынды. МДС және лейкоз – бұл өте жиі АСН асқынулары, ал олардың Зарсио емімен байланысы анықталмаған. Бастапқыдан өзгермеген цитогенетикалық көрсеткіштері бар пациенттердің 12% шамасында қайта тексеру кезінде өзгерістер, соның ішінде хромосомалардың 7 жұбында моносомия анықталды. Егер АСН бар пациентте цитогенетикалық бұзылулар көрініс берсе, Зарсиомен емдеуді жалғастырудан болатын қауіп пен пайда дәрежесінің арақатынасын мұқият бағалау қажет; МДС немесе лейкоз дамыған жағдайда Зарсио қолдануды тоқтату керек. Қазіргі таңда ұзақ уақыт Зарсио қолдану АСН бар пациенттерде цитогенетикалық бұзылулардың, МДС немесе лейкоздың дамуына түрткі бола ма, ол жағы белгісіз. Сүйек кемігінің морфологиялық және цитогенетикалық зерттеулерін жүйелі (шамамен әр12 ай сайын) жүргізу ұсынылады.

Басқа да сақтандыру шаралары

Транзиторлы нейтропенияның вирустық инфекциялар сияқты себептерін жоққа шығару қажет.

Көкбауырдың ұлғаюы Зарсио қолданумен байланысты ықтимал әсер болып табылады. Клиникалық зерттеулер кезінде пациенттердің 31%-да пальпация кезінде спленомегалия анықталды. Рентгенографияда көкбауыр көлемінің ұлғаюы Зарсио қолдану басталған соң тез арада анықталады және тұрақтану үрдісі бар. Зарсио дозасын азайту көкбауыр көлемінің ұлғаюын баяулататыны немесе тоқтататыны білінді; пациенттердің 3%-да спленэктомия қажеттілігі туындауы мүмкін. Клиникалық тексеру кезінде көкбауыр көлемін ұдайы бақылап отыру қажет.

Пациенттердің шағын санында гематурия/протеинурия байқалды. Осы көріністерді жоққа шығару үшін жалпы несеп талдауына ұдайы бақылау жүргізген жөн.

Жаңа туған нәрестелерде және аутоиммундық нейтропениясы бар пациенттерде Зарсио қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған.

АИТВ инфекциясы

Зарсио қолданудан кейін спленомегалияның жиі жағдайлары хабарланған.

Құрсақ қуысының және/немесе иықтың жоғарғы сол жақ бөлігінің ауыруы туралы хабарлаған Зарсио алатын пациенттер көкбауырдың ұлғаюына немесе көкбауырдың жарылуына тексерілуі тиіс.

Қан жасушаларының саны

Нейтрофилдердің абсолютті санын (НАС), әсіресе, Зарсио қолданылған алғашқы апталарда қатаң бақылау қажет. Кейбір пациенттерде Зарсионың бастапқы дозасында өте тез және едәуір НАС артуы білінуі мүмкін. Препарат қолданылған алғашқы 2-3 күн ішінде күнделікті НАС өлшеу ұсынылады. Кейіннен НАС-ты алғашқы 2 апта ішінде аптасына кемінде 2 рет және одан кейін бүкіл демеуші ем курсы бойына әр аптада немесе апта сайын тексеру керек. Зарсионы 30 млн. әб/тәулік (0.300 мг/тәулік) дозада қолдану кезінде үзіліс жасалғанда НАС-тың айтарлықтай ауытқуын байқауға болады. Ең төмен НАС (надир) анықтау мақсатында Зарсионы әр қолдану алдында жалпы қан талдауын жасау ұсынылады.

Миелосупрессиялық дәрілік заттардың жоғары дозаларын қолдану себеп болатын қауіп

Миелосупрессиялық дәрілік заттар қолдану аясында тромбоцитопения мен анемияның дамуын болдырмау үшін Зарсио қолданылмайды. Миелосупрессиялық дәрілік заттардың жоғарырақ дозаларын немесе бір мезгілде бірнешеуін Зарсио емімен біріктіріп қолданған жағдайда тромбоцитопения мен анемияның даму қаупі артады. Толық қан талдауын жүйелі бақылау ұсынылады.

Инфекциялардың немесе ісік түзілімдерінің салдарынан миелосупрессияның дамуы

Нейтропенияға микобактериялық кешен сияқты қоздырғыштар немесе қатерлі жаңа түзілімдер, мысалы, лимфома туындататын оппортунистік инфекцияларда сүйек кемігінің зақымдануы себеп бола алады. Шығу тегі қабынудан болатын сүйек кемігінің инфильтрациялық зақымдануы немесе қатерлі жаңа түзілім анықталғанда нейтропенияны емдеу үшін Зарсио қолданумен бір мезгілде диагностикаланған аурулардың тиісті емін тағайындау қажет. Инфекциялық тегінде сүйек кемігінің зақымдануынан немесе ісіктік жаңа түзілімдерден болатын нейтропенияны емдеуде Зарсио қолданудың тиімділігі анықталмаған.

Басқа да сақтандыру шаралары

арГ-КСФ қолдану аясында тыныс алу ағзаларына жайсыз әсер етудің сирек жағдайлары жөнінде, атап айтқанда, интерстициальді пневмонияның дамуы туралы хабарламалар бар. Өкпенің инфильтрациялық ауруын немесе пневмонияны таяуда бастан өткерген пациенттерде жоғары қауіп болуы мүмкін. Рентгенологиялық зерттеуде өкпенің анықталған инфильтрациялық зақымдануымен және үдемелі тыныс алу жеткіліксіздігі белгілерімен біріккен жөтел, дене температурасының көтерілуі және ентігу сияқты симптомдардың пайда болуы жедел респираторлық дистресс-синдром (ЖРДС) болуын жорамалдауға мүмкіндік береді. ЖРДС анықталған жағдайда Зарсио қолдану тоқтатылады және тиісті ем тағайындалады.

Сүйек патологиясы және остеопороз қатар жүретін пациенттерге Зарсио ұзақ уақыт (6 айдан аса) қолданылғанда сүйек тіні тығыздығын жүйелі бақылау ұсынылады.

Орақ тәріздес жасуша ауруы бар пациенттерде кейде өліммен аяқталатын жедел гемолиздік криз (өзгерген жасушалар санының көбеюі) дамыған жағдайлар аталды. Орақ тәріздес жасуша ауруына шалдыққан пациенттерде Зарсио сақтықпен тағайындалу қажет.

Динамикадағы сүйек тінінің рентгенографиясында өсу факторымен емдеуге жауап ретінде сүйек кемігінің гемопоэздік белсенділігінің жоғарылауы анықталды. Бұл деректер сүйектер рентгенографиясы нәтижелерін талдау кезінде ескерілу керек.

Латекске сезімтал пациенттер

Алдын ала толтырылған еккіш инесінің алмалы-салмалы қалпақшасының құрамында табиғи резеңке каучук туындысы бар. Қазіргі уақытқа дейін табиғи латекс иненің алмалы-салмалы қалпақшасынан табылмаған. Дегенмен де, латекске сезімтал пациенттерде алдын ала толтырылған еккіштегі Зарсио инъекцияға арналған ерітіндісін қолдану зерттелмеген, сондықтан да толық жоққа шығару мүмкін болмайтын аса жоғары сезімталдық реакциясының зор қаупі бар.

Қосымша заттар

Зарсио құрамында сорбитол бар. Фруктозаны көтере алмаушылық кінәраттарымен сирек тұқым қуалайтын аурулары бар пациенттерге қолдану ұсынылмайды.

арГ-КСФ бақылау шарасын жақсарту үшін, енгізілген препарат атауын пациенттің карточкасына анық жазып қою керек.

Педиатрияда қолдану

Нейробластомасы бар, орта жасы 2,6 жас (1.2 жастан бастап – 9.4 жасқа дейін) 15 пациент араларында болған онкологиялық науқастарға миелосупрессиялық химиялық ем (циклофосфамид, цисплатин, доксорубицин, этопозид) тағайындалып, кейіннен 10 күн бойы филграстим күніне 5, 10 немесе 15 мкг/кг дозаларда (n= 5/доза) тері астына енгізілді. Химиялық емнен кейін балалардағы филграстим фармакокинетикасы, жаспен байланысты филграстим фармакокинетикасынан ешқандай айырмашылықтар болжамынсыз, салмағына сай дозалар алатын ересек онкологиялық науқастардағы осындаймен ұқсас болды. Онкологиялық науқастардың осы тобында филграстимнің жақсы көтерімділігі байқалды. Филграстим емімен байланысты спленомегалияның бір күрделі жағдайы және гепатоспленомегалияның бір жағдайы хабарланды; алайда, іле-шала хабарланған бірден бір жағымсыз әсер ересектердегі осындайдан еш ерекшеленбейтін сүйек-бұлшықет ауыруы болды.

Филграстим қауіпсіздігі мен тиімділігі АСН бар балаларда анықталды. АСН емі кезінде филграстим қауіпсіздігі мен тиімділігін бағалау үшін 3 фазада жүргізілген клиникалық зерттеулерде орта жасы 12 жастағы (7 айлықтан бастап 76 жасқа дейінгі) 123 пациенттің жағдайы зерттелді. Олардың ішінде 12 пациенттің жасы 7 айлықтан бастап 2 жасқа дейін, 49 пациенттің жасы 2-ден 12 жасқа дейін және 9 пациенттің жасы 12-ден 16 жасқа дейін болды. Қосымша ақпаратты өзінде клиникалық зерттеулердегі пациенттердің ұзақ мерзімді мониторингі мен тікелей постмаркетингтік зерттеулерге енгізілген қосымша пациенттерден алынған ақпаратты қамтитын АСН постмаркетингтік зерттеуінен алуға болады. Зерттеуге қатысқан 731 пациенттен 429 пациент 18 жасқа дейінгілер (0,9 жастан бастап – 17 жасқа дейін) болды.

Кейінгі постмаркетингтік зерттеудің ұзақ мерзімді деректері 5 жылға дейінгі кезең ішінде филграстиммен ем алған пациенттердің бойы мен салмағына теріс ықпалдың жоқ екенін көрсетеді. 1,5 жыл бойы 3 фазаның клиникалық зерттеуінде байқалған пациенттер жөнінде қолда бар шектеулі деректер жыныстық жетілу өзгерістерін немесе эндокриндік жүйе функциясының бұзылуларын көрсетпейді.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік кезінде Зарсио қолдану жөнінде деректер шектеулі. Филграстимнің плацентарлық бөгет арқылы өтуі мүмкін екенін айғақтайтын көрсетілімдер бар. Жануарларға жүргізілген зерттеулерде филграстим қолдану тератогенді әсер етумен қатар жүрмеген. Түсік тастау жиілігінің жоғарылауы білінген, бірақ ұрықтың даму аномалиялары болмаған.

Зарсио жүкті әйелдерге тағайындалғанда ана үшін күтілетін емдік пайдасын ұрыққа төнетін болжамды қауіппен салыстырып, пайда-қауіп арақатынасын мұқият бағалау керек.

Филграстимнің немесе оның метаболиттерінің емшек сүтіне өтуі анықталмаған. Сондықтан Зарсионы лактация кезеңінде тағайындау қажет болса, бала емізуді тоқтату керек.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді

басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Көлік құралдарын жүргізу және механизмдерді басқару қабілетіне ықпал етуіне зерттеу жүргізілмеген.

Артық дозалануы

Зарсионың артық дозалану зардаптары анықталмаған. Зарсио емін тоқтату, әдетте, 1-2 күн ішінде айналымдағы нейтрофилдердің 50% төмендеуіне әкеліп, ол 1-7 күн өткенде қалыпты деңгейіне оралады.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Бромбутил поршеньмен және тот баспайтын болаттан жасалған инъекциялық инемен, сондай-ақ инъекция салудан кейін инеге арналған (абайсызда ине шаншып алу салдарынан жарақаттанудан сақтану үшін) арнайы қауіпсіздік құрылғысымен жабдықталған сыйымдылығы 1 мл түссіз мөлдір шыныдан жасалған бір рет пайдаланылатын еккіште 0.5 мл (30 млн. ӘБ/0.5 мл немесе 48 млн. ӘБ/0.5 мл) препараттан. Пішінді ұяшықты қаптамаларға 1 еккіштен салады.

Медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге пішінді ұяшықты 1 немесе 5 қаптамадан картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 2оС-ден 8оС-ге дейінгі температурада (тоңазытқышта) сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Сақтау мерзімі

3 жыл

Сұйылтылған ерітіндіні дереу қолдану керек, 2оС-ден 8оС-ге дейінгі температурада (тоңазытқышта) 24 сағаттан асырмай сақтауға рұқсат етіледі.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

ИДТ Биологика ГмбХ, Германия

Am Pharmapark, D-06861 Dessau-Rosslau, Germany

Қаптаушы

Сандоз ГмбХ – ВР Шафтенау, Австрия

Biochemiestrasse 10, 6336 Langkampfen, Austria

Тіркеу куәлігінің иесі

Сандоз ГмбХ, Австрия

Biochemiestrasse 10, A-6250 Kundl, Austria

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды (ұсынымдарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы

Қазақстан Республикасындағы «Сандоз Фармасьютикалс д.д.» АҚ өкілдігі

Қазақстан Республикасы, 050051, Алматы қ., Луганский к-сі, 96, «Керуен» бизнес орталығы, Тел. +7 (727) 2581048 Факс: +7 (727) 2581047,

e-mail: kzsdz.drugsafety@sandoz.com

8 800 080 0066 – Қазақстан бойынша тегін қоңырау шалу нөмірі

Прикрепленные файлы

369951961477976380_ru.doc 235 кб
365200351477977573_kz.doc 359 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники