Заласта® (10 мг) (Olanzapine)

МНН: Оланзапин
Производитель: КРКА, д.д., Ново Место
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Olanzapine
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№022510
Информация о регистрации в РК: 30.11.2016 - 30.11.2021
Номер регистрации в РБ: 10944/21
Информация о регистрации в РБ: 14.05.2021 - 14.05.2026

Инструкция

Саудалық атауы

Заласта

Халықаралық патенттелмеген атауы

Оланзапин

Дәрілік түрі

Tаблеткалар, 2,5 мг, 5 мг, 7,5 мг, 10 мг, 15 мг, 20 мг

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат - оланзапин 2,5 мг, 5 мг, 7,5 мг, 10 мг, 15 мг, 20 мг

қосымша заттар: целлактоза (альфа-лактоза моногидраты және целлюлоза ұнтағы), желатинделген крахмал, жүгері крахмалы, коллоидты сусыз кремний қостотығы, магний стеараты

Сипаттамасы

Ашық-сары түсті, екі жақ беті сәл дөңес, сары теңбілдері болуы мүмкін дөңгелек пішінді таблеткалар (2,5 мг дозасы үшін).

Ашық-сары түсті, екі жақ беті сәл дөңес, сары теңбілдері болуы мүмкін және «5» деген таңбасы бар дөңгелек пішінді таблеткалар (5 мг дозасы үшін).

Ашық-сары түсті, екі жақ беті сәл дөңес, сары теңбілдері болуы мүмкін және «7.5» деген таңбасы бар дөңгелек пішінді таблеткалар (7,5 мг дозасы үшін).

Ашық-сары түсті, екі жақ беті сәл дөңес, сары теңбілдері болуы мүмкін және «10» деген таңбасы бар дөңгелек пішінді таблеткалар (10 мг дозасы үшін).

Ашық-сары түсті, екі жақ беті сәл дөңес, сары теңбілдері болуы мүмкін және «15» деген таңбасы бар дөңгелек пішінді таблеткалар (15 мг дозасы үшін).

Ашық-сары түсті, екі жақ беті сәл дөңес, сары теңбілдері болуы мүмкін және «20» деген таңбасы бар дөңгелек пішінді таблеткалар (20 мг дозасы үшін).

Фармакотерапиялық тобы

Психотроптық препараттар. Нейролептиктер (Антипсихотиктер). Дибензодиазепиндер және олардың туындылары. Оланзапин.

АТХ коды N05AH03

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Пероральді түрде қабылдағаннан кейін оланзапин жақсы сіңеді және ол қан плазмасында ең жоғары концентрацияға 5 - 8 сағаттан соң жетеді. Оланзапиннің сіңімділігі тамақ ішуге байланысты емес. Плазмадағы 7-ден 1000 нг/мл-ге дейінгі концентрацияда, плазма ақуыздарымен, негізінен альбуминмен және 1-қышқылдық-гликопротеинмен оланзапиннің 93%-ға жуығы байланысады.

Оланзапин бауырда конъюгация және тотығу үдерістерінің нәтижесінде метаболизденеді. Негізгі айналымдағы метаболиті 10-N-глюкуронид болып табылады, ол гематоэнцефалдық бөгет арқылы өтпейді. Р450 цитохромының CYP1A2 және CYP2D6 изоферменттері оланзапиннің N-десметил және 2-гидроксиметил метаболиттерінің түзілуіне қатысады. Р450 цитохромының CYP2D6 изоферментінің белсенділігі оланзапин метаболизмінің деңгейіне ықпалын тигізбейді. Препараттың негізгі фармакологиялық белсенділігі бастапқы зат – оланзапинге байланысты. Оланзапиннің 57%-ға жуығы бүйрек арқылы, негізінен метаболиттер түрінде шығарылады.

Оланзапин емшек сүтімен бірге бөлініп шығады. Анасындағы тепе-тең концентрацияға жеткен кезде нәрестенің алатын орташа дозасы (мг/кг) анасындағы оланзапиннің 1,8% дозасын (мг/кг) құрайды.

Оланзапиннің фармакокинетикалық көрсеткіштері темекі шегуге, жынысқа және жасқа байланысты ауытқып отырады (кестені қараңыз).

Пациенттердің сипаттамасы

Жартылай шығарылу кезеңі (сағат)

Плазмадағы клиренсі

(л/сағ.)

Темекі шегетіндер

38,6

18,6

Темекі шекпейтіндер

30,4

27,7

Әйелдер

36,7

18,9

Еркектер

32,3

27,3

Егде жастағылар (65 және одан үлкен жас)

51,8

17,5

65 жасқа толмаған

33,8

18,2

Бүйрегі зақымданған (креатинин клиренсі <10 мл/мин) пациенттерде сау субъектілермен салыстырғанда жартылай шығарылуының орташа кезеңінде (сәйкесінше, 37,7 және 32,4 сағат) немесе плазмалық клиренсінде (сәйкесінше, 21,2 және 25,0 л/сағ.) елеулі айырмашылықтар білінбейді.

Бауыр функциясының аздаған бұзылулары бар, темекі шегетін адамдарда бауыр функциясы бұзылмаған, темекі шекпейтін адамдарға қарағанда (сәйкесінше, 48,8 сағат және 14,1 л/сағ.), оланзапиннің жартылай шығарылу кезеңі (39,3 сағ.) көбірек және клиренсі (18,0 л/сағ.) төмен.

Оланзапиннің плазмалық клиренсі егде жастағы пациенттерде 65 жасқа толмаған пациенттермен салыстырғанда, еркектерде әйелдермен салыстырғанда және темекі шекпейтін пациенттерде темекі шегетін пациенттермен салыстырғанда төмен. Алайда жастың, жыныстың немесе темекі шегудің креатинин клиренсіне және жартылай ыдырау кезеңіне ықпал ету шамасы жалпы жеке адамдар арасындағы ауытқушылықпен салыстырғанда аз.

Ересек пациенттерде және 13-тен 17 жасқа дейінгі пациенттерде оланзапиннің фармакокинетикасы ұқсас. Клиникалық зерттеулерде оланзапиннің орташа әсері жасөспірімдер арасында 27%-ға жоғары болды, бұл пациенттердің осы тобының демографиялық ерекшеліктерімен байланысты болуы мүмкін (дене салмағының өте төмен болуы және темекі шегетіндер санының азырақ болуы).

Фармакодинамикасы

Заласта бірқатар рецепторлық жүйелер бойынша кең фармакологиялық бейінділік көрсететін психозға қарсы, маниакальдікке қарсы және көңіл күйді тұрақтандырушы дәрі болып табылады.

Заластаның серотониннің (5HT2A/2C, 5HT3, 5HT6), дофаминнің (D1 - D5), мускариннің (М1 – М5), гистаминнің (Н1) рецепторларына, сондай-ақ адренергиялық жүйенің α-1 рецепторларына да ұқсастығы жоғары болады.

Препарат мезолимбиялық (А10) дофаминергиялық нейрондардың қозғыштығын селективті түрде төмендетеді, және сол кезде моторлы функцияларды реттеуге қатысатын стриарлы (А9) жүйке жолдарына аздаған әсерін тигізеді. Заласта каталепсияны (моторлы функцияға жағымсыз ықпалын ететін бұзылыс) туындататын дозаларға қарағанда неғұрлым төменірек дозаларда шартты қашу рефлексін (психозға қарсы белсенділікті сипаттайтын тест) төмендетеді. Заласта «анксиолитикалық» тест жүргізген кезде үрейленуге қарсы әсерді арттырады.

Заласта өнімді де (сандырақтау, елестеулер және басқалар), сонымен қатар жағымсыз да бұзылыстардың редукциясын қамтамасыз етеді.

Қолданылуы

Заласта мыналарға арналған:

  • айқын білінетін өнімді (мысалы, сандырақтау, елестеулер, ойлаудың бұзылысы, жауығушылық және күмәнданушылық) және/немесе жағымсыз (мысалы, эмоциональді немқұрайдылық, эмоциональді және әлеуметтік тұрғыдан бөлектену, сөйлеудің жұтаңдануы) симптоматикасы, сондай-ақ қатар жүретін салдарлық аффективті бұзылыстары бар пациенттерде шизофренияны және соған ұқсас бұзылыстардың асқынуын емдеу және демеуші ем үшін; Заласта емдеудің бастапқы сатысында емге сезімтал пациенттерде ұзақ емдеген кездегі клиникалық көріністі тиімді түрде жақсартады

  • биполярлы бұзылыстары бар пациенттерде психоздық көріністері бар немесе жоқ болғанда немесе фазалардың тез алмасуы бар немесе жоқ болғанда жедел маниакальді немесе аралас эпизодтарды монотерапия түрінде немесе литиймен немесе вальпроатпен біріктіріп емдеу үшін. Заластабиполярлы бұзылыстарда маниакальді, аралас немесе депрессиялық эпизодтардың қайталануы мен жиілігінің азаюы арасындағы аралықты ұзартуға қолданылады.

  • биполярлы бұзылыстары бар пациенттерде депрессиялық эпизодтарды монотерапия түрінде немесе флуоксетинмен біріктіріп емдеу үшін

  • резистентті депрессиясы бар пациенттерді (екі антидепрессантпен жеткілікті дозада және тиісінше ұзақтықпен емдеуге жауап бермейтін пациенттердегі үлкен депрессиялық бұзылыс) флуоксетинмен біріктіріп емдеу үшін

  • ауырлығы орташадан айқын дәрежеге дейінгі маниакальді эпизодтарды емдеу үшін

  • препаратпен маниакальді эпизодтарды емдеген кезде тиімді болған, биполярлы бұзылысы бар пациенттерде аурудың қайталануына жол бермеу үшін

Қолдану тәсілі және дозалары

Шизофрения және соған ұқсас психоздық бұзылыстар: Заластаның флуоксетинмен біріктіріліп ұсынылатын бастапқы дозасы тәулігіне бір рет 10 мг құрайды. Заластаны тамақ ішуге байланыссыз қабылдай беруге болады, өйткені тамақ ішу препараттың сіңімділігіне ықпал етпейді.

Заластаның емдік дозалары тәулігіне 5 мг-ден 20 мг-ге дейінгі диапазонда ауытқиды. Тәуліктік дозаны науқастың клиникалық жағдайына байланысты жекелей таңдау қажет. Дозаны стандартты тәуліктік 10 мг дозадан арттырғанда пациентті тиісінше клиникалық тексеруден кейін, кем дегенде, 24 сағат аралықпен жүргізу ұсынылады. Дозаны біртіндеп азайту Заластаны қабылдау тоқтатылған жағдайда қарастырылуы тиіс.

Биполярлы бұзылыс кезіндегі жедел мания: Заластаның ұсынылатын бастапқы дозасы монотерапия ретінде тәулігіне бір рет 15 мг немесе литиймен немесе вальпроатпен біріктіргенде тәулігіне бір рет 10 мг құрайды. Заластаны тамақ ішуге байланыссыз қабылдай беруге болады, өйткені тамақ ішу препараттың сіңімділігіне ықпал етпейді. Заластаның емдік дозалары тәулігіне 5 мг-ден 20 мг-ге дейінгі диапазонда ауытқиды. Тәуліктік дозаны науқастың клиникалық жағдайына байланысты жекелей таңдау қажет. Дозаны стандартты тәуліктік 15 мг дозадан арттырғанда пациентті тиісінше клиникалық тексеруден кейін, кем дегенде, 24 сағат аралықпен жүргізу ұсынылады.

Биполярлы бұзылыс кезіндегі демеуші ем: жедел манияны емдеу үшін Заластаны қабылдаған пациенттерге сол дозадағы демеуші емді жалғастыру қажет. Ремиссиядағы пациенттерде Заластаның ұсынылатын бастапқы дозасы тәулігіне бір рет 10 мг құрайды. Ары қарай тәуліктік дозаны пациенттің клиникалық жағдайына байланысты жекелей, 5 мг-ден 20 мг-ге дейінгі аралықта таңдау қажет. Заластаны тамақ ішуге байланыссыз қабылдай беруге болады, өйткені тамақ ішу препараттың сіңімділігіне ықпал етпейді.

Биполярлы депрессия: Заластаның ұсынылатын бастапқы дозасы 5 мг құрайды. Препаратты тәулігіне бір рет кешкі уақытта қабылдау керек. Қажет болған жағдайда дозаға 5 мг қадаммен түзету жасалуы мүмкін.

Заластаны флуоксетинмен біріктірілімде күніне 1 рет кешкі уақытта, әдетте 5 мг оланзапиннен және 20 мг флуоксетиннен бастап тағайындау керек. Қажет болса оланзапиннің де, флуоксетиннің де дозаларын өзгертуге жол беріледі.

Резистентті депрессия: Заластаны флуоксетинмен біріктірілімде күніне 1 рет кешкі уақытта, әдетте 5 мг оланзапиннен және 20 мг флуоксетиннен бастап қабылдау керек. Қажет болса оланзапиннің де, флуоксетиннің де дозаларын өзгертуге жол беріледі.

Маниакальді эпизод: Заластаның ұсынылатын бастапқы дозасы монотерапияда тәулігіне бір рет 15 мг немесе біріктірілген емде тәулігіне бір рет 10 мг құрайды.

Биполярлы бұзылыс кезінде қайталанудың профилактикасы: Заластаның ұсынылатын бастапқы дозасы тәулігіне бір рет 10 мг құрайды Маниакальді көріністі емдеу үшін Заластаны қабылдап жүрген пациенттерде қайталану профилактикасы үшін емдеуді сол дозада жалғастыру қажет. Жаңа маниакальді, аралас немесе депрессиялық көрініс пайда болған жағдайда Заластамен емдеу (қажет болғанда дозаны оңтайландыру), клиникалық көрсетілімдері бойынша көңіл-күйдің өзгеру симптомдарын емдеу үшін қосымша ем тағайындай отырып, жалғастырылуы тиіс.

Науқастардың белгілі бір топтары үшін ішу арқылы қабылдаған кездегі тәуліктік дозаны таңдаудың жалпы ережесі

Бастапқы дозаны тәулігіне 5 мг-ге дейін төмендету 65 жастан бастап және одан үлкен пациенттерге немесе ауыр бүйрек жеткіліксіздігін немесе ауырлығы орташа дәрежелі бауыр жеткіліксіздігін (бауыр циррозы, Чайлд-Пью шкаласы бойынша А және В класы) қоса, басқа да клиникалық қауіп факторлары бар пациенттерге ұсынылады. Дозаны 5 мг-ден астамға арттыруды сақтықпен жүргізу қажет.

Бастапқы дозаны төмендету оланзапиннің метаболизмін баяулата алатын факторлардың біріктірілімі (егде жастағы пациенттер, темекі шекпейтіндер) бар пациенттер үшін ұсынылуы мүмкін. Мұндай пациенттерде дозаны арттыру сақтықпен жүргізілуі тиіс.

Қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы деректер болмауына байланысты, оланзапин 18 жасқа толмаған балалар мен жасөспірімдерге қолдануға ұсынылмайды. Салмақтың елеулі түрде ұлғаюы және липидтердің, пролактин деңгейінің өзгеруі ересек пациенттердегі клиникалық зерттеулерге қарағанда жасөспірімдерде қысқа мерзімдік клиникалық зерттеулерде жиірек байқалды.

Жағымсыз әсерлері

Өте жиірек мәлімделген жағымсыз реакцияларға ( 1%) ұйқышылдық, дене салмағының артуы, эозинофилия, пролактин, холестерин, глюкоза және триглицерид деңгейлерінің жоғарылауы, глюкозурия, тәбеттің жоғарылауы, бас айналу, акатизия, паркинсонизм, дискинезия, лейкопения, нейтропения, ортостатикалық гипотония, антихолинергиялық әсерлер, бауыр аминотрансферазаларының транзиторлы симптомсыз жоғарылауы, бөртпе, астения, шаршау, қызба, артралгия, сілтілік фосфатаза деңгейінің артуы, гамма глутамилтрансферазаның, несеп қышқылының және креатинфосфокиназаның жоғарылауы, ісіну жатады.

Өте жиі (≥1/10)

  • қысқа мерзімдік қолдану кезеңінде (шамамен 47 күнге жуық) салмақтың артуы1 (дене салмағының ≥7%-ы)

  • ұзақ мерзімдік қолдану кезеңінде (48 аптадан кем емес) салмақтың артуы1 (дене салмағының ≥7%, 15%, 25%)

  • плазмада пролактин деңгейінің жоғарылауы8

  • ортостатикалық гипотензия10

  • ұйқышылдық

  • ашқарындағы бастапқы ≥5,17 - <6,2 ммоль/л көрсеткішпен салыстырғанда, холестерин деңгейінің ≥6,2 ммоль/л артуы3

  • бастапқы ≥1,69 - <2,26 ммоль/л көрсеткішпен салыстырғанда, триглицеридтер деңгейінің2,5 ≥2,26 ммоль/л артуы,

  • ашқарындағы бастапқы ≥5,56 - <7 ммоль/л көрсеткішпен салыстырғанда, глюкоза деңгейінің ≥7 ммоль/л артуы4

Жиі (≥1/100, <1/10)

  • қысқа мерзімдік қолдану кезеңінде (шамамен 47 күнге жуық) салмақтың артуы1 (дене салмағының ≥15%-ы)

  • эозинофилия, лейкопения (нейтропенияны қоса)10

  • бауыр аминотрансферазаларының (АЛТ, АСТ), әсіресе емнің ерте кезеңдерінде транзиторлы асимптоматикалық жоғарылауы

  • сілтілік фосфатаза (СФ) деңгейінің артуы 10

  • ашқарындағы бастапқы <5,17 ммоль/л көрсеткішпен салыстырғанда, холестерин деңгейінің ≥6.2 ммоль/л артуы2,3

  • бастапқы <1,69 ммоль/л көрсеткішпен салыстырғанда, триглицеридтер деңгейінің ≥2.26 ммоль/л артуы2,5

  • ашқарындағы бастапқы <5,56 ммоль/л көрсеткішпен салыстырғанда, глюкоза деңгейінің4 ≥7 ммоль/л артуы

  • гамма-глутамилтрансфераза деңгейінің артуы10

  • несеп қышқылы деңгейінің артуы10

  • креатинфосфокиназа деңгейінің артуы11

  • глюкозурия3

  • тәбеттің күшеюі

  • бас айналу

  • акатизия6

  • паркинсонизм6

  • дискинезия6

  • іш қатуды және ауыз ішінің құрғауын қоса, орташа транзиторлы антихолинергиялық әсерлер

  • еркектерде эректильді дисфункция, еркектер мен әйелдерде жыныстық құмарлықтың төмендеуі

  • бөртпе, ісіну (оның ішінде шеткері)

  • астения, шаршау, қызба10

  • артралгия9

Кейде (≥1/1000, <1/100)

  • қысқа мерзімдік қолдану кезеңінде (шамамен 47 күнге жуық) салмақтың артуы1 (дене салмағының ≥25%-ы)

  • аса жоғары сезімталдық11

  • кейде кетоацидозбен немесе комамен, бірнеше өлім оқиғаларын қоса, байланысқан қант диабетінің пайда болуы немесе асқынуы11

  • көп жағдайларда анамнезде ұстамалардың немесе құрысулардың даму қаупі факторлары болған кездегі құрысулар11

  • дистония (көз алмасының қозғалыстарын қоса)11

  • кейінгі дискинезия11

  • брадикардия, QTc аралығының ұзаруы

  • іштің кебуі

  • амнезия

  • дизартрия

  • фотосезімталдық реакциясы

  • мұрыннан қан кету9

  • веналық тромбоэмболия (соның ішінде өкпе артерияларының тромбоэмболиясы және тереңдегі веналар тромбозы)

  • алопеция

  • несепті ұстай алмау, несептің іркілуі, несеп шығарудың қиындауы11

  • жалпы билирубиннің жоғарылауы

  • аменорея, сүт бездерінің ұлғаюы, әйелдерде галакторея, гинекомастия/еркектерде кеуде бездерінің ұлғаюы

Сирек(≥1/10000, <1/1000)

  • гепатит (бауырдың бауырлық-жасушалық, холестаздық немесе аралас зақымдалуын қоса)11

  • тромбоцитопения11

  • гипотермия12

  • қатерлі нейролепсиялық синдром12

  • тоқтату симптомдары,12

  • жүрекшелік тахикардия/фибрилляция, кенеттен өлу11

  • панкреатит11

  • рабдомиолиз11

  • приапизм12

Жиілігі белгісіз

  • жаңа туған нәрестелердегі тоқтату синдромы

1 Дене салмағының клиникалық тұрғыдан маңызды артуы ДСИ (дене салмағының индексі) барлық категориялары бойынша байқалды.

2 Ашқарында липидтер мәнінің орташа артуы әуел бастан липидтік алмасуы бұзылмаған пациенттерде жоғары болды.

3 Баға беру клиникалық зерттеулердің деректер базасында өлшенген мәндер негізінде жүргізілді.

4 Диабеттік ацидоз COSTART термині.

5 Гиперлипидемияның COSTART термині.

6 Клиникалық зерттеулерде оланзапин қабылдаған пациенттерде паркинсонизм және дистонияның пайда болу жиілігі саны жағынан жоғары болды, бірақ плацебодан статистикалық тұрғыдан айқын айырмашылығы болған жоқ. Оланзапин қабылдаған пациенттерде, галоперидолдың титрленетін дозаларымен салыстырғанда, паркинсонизм, акатизия және дистония жиілігі өте төмен болды.

7 Оланзапин қабылдауды кенеттен тоқтатқан кезде тершеңдік, ұйқысыздық, тремор, мазасыздық, жүректің айнуы және құсу сияқты жедел симптомдардың дамуы байқалды.

8 Ұзақтығы 12 аптаға дейін созылған клиникалық зерттеулерде плазмадағы пролактин деңгейі оланзапин қабылдаған пациенттердің шамамен 30%-да жоғары қалып шегінен асып кетті. Көптеген пациенттерде пролактин деңгейінің жоғарылауы орташа болды және қалыпты диапазон мәндерінің жоғарғы шегінен екі есе төмен күйінде қалды.

9Клиникалық зерттеулердің деректер базасынан идентификацияланған жағымсыз әсер.

10Баға беру клиникалық зерттеулердің деректер базасында өлшенген мәндер негізінде жүргізілді

11Жиілігі клиникалық зерттеулердің деректер базасынан анықталған тосын постмаркетингтік есептерден идентификацияланған жағымсыз әсер.

12 Клиникалық зерттеулердің деректер базасын пайдаланып, 95% сенімгерлік межелдемесінің жоғарғы шегіне есептелген жиілігі бар, тосын постмаркетингтік есептерден идентификацияланған жағымсыз әсер.

Заластаны ұзақ уақыт қабылдағанда (кем дегенде 48 апта) қолданғанда дене салмағы, глюкоза, жалпы холестерин, ТТЛП, ТЖЛП немесе триглицеридтер деңгейлері көрсеткіштерінің клиникалық тұрғыдан маңызды өзгерістері бар пациенттердегі мөлшерлік арақатынас уақыт өте келе ұлғайды. Емнің 9-12 курсын аяқтаған пациенттерде қандағы глюкоза деңгейінің орташа шамада өсу қарқыны шамамен 6 айдан соң баяулады.

Пациенттердің ерекше топтарындағы жағымсыз әсерлер

Ақыл кемдігі бар егде жастағы пациенттерде жүргізілген клиникалық зерттеулерде Заластамен емдеу, плацебомен салыстырғанда, өте жоғары өліммен және жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан жағымсыз реакциялардың жоғары жиілікте дамуымен астасты. Пациенттердің осы тобындағы өте жиі жағымсыз реакцияларға (10%) жүріс-тұрыстың бұзылуы және құлап қалу жатты. Жиі жағымсыз реакциялар (≥1%, <10%) дене температурасының жоғарылауы, летаргия, эритема, көру елестеулері, пневмония және несепті ұстай алмау болды.

Паркинсон ауруында дәрілік препаратты (допамин агонисі) қабылдаумен индукцияланған психозы бар науқастарда, плацебо тобына қарағанда, елестеулер және паркинсонизм симптомдарының күшеюі өте жиі ( 10%) және өте жоғары жиілікте байқалды.

Заластаны литиймен немесе вальпроатпен біріктіріп қабылдап жүрген, биполярлы маниясы бар науқастарда нейтропенияның дамуы байқалды. Осы топтағы өте жиі (10%) жағымсыз әсерлер салмақтың жоғарылауы, ауыз ішінің құрғауы, тәбеттің жоғарылауы, тремор болды және жиі әсерлер (< 10% және ≥ 1%) сөйлеудің бұзылуы болды. Литиймен немесе дивалпроекспен біріктіріп Заластамен емдеу кезінде салмақтың бастапқы деңгейінен ≥7%-ға артуы жедел кезеңдегі ем кезінде (6 аптаға дейінгі) пациенттердің 17,4%-да байқалды. Биполярлы бұзылысы бар пациенттерде қайталану профилактикасы үшін Заластамен ұзақ мерзім (12 айға дейін) емдеу пациенттердің 39,9%-да дене салмағының бастапқы деңгейден ≥7%-ға артуымен астасты.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препараттың кез келген компонентіне жоғары сезімталдық

  • 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер

  • жабық бұрышты глаукоманың даму қаупінің болуы

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Оланзапиннің метаболизмі CYP1А2 қатысты спецификалық белсенділік танытатын Р450 цитохромы изоферменттері тежегіштерінің немесе индукторларының әсер етуімен өзгеруі мүмкін.

Іn vitro зерттеу деректері бойынша, оланзапин Р450 цитохромының келесі: CYP1A2, CYP2C9, CYP2C19, CYP2D6 және CYP3A изоферменттерінің белсенділігін басу үшін өте аз потенциалға ие. Клиникалық сынақтарда келесі препараттармен: үш циклдік антидепрессанттармен (CYP2D6) (соның ішінде имипраминмен немесе оның метаболиті дезипраминмен (CYP2D6, CYP3A, CYP1A2)), варфаринмен (CYP2C19), теофиллинмен (CYP1A2) немесе диазепаммен (CYP3A4, CYP2C19) емдеу аясында Заласта дозасын бір реттік енгізу метаболизмнің басылуымен қатар жүрмегені көрінді.

Заластаның клиренсі темекі шегетін пациенттерде және карбамазепин (CYP1А2 белсенділігінің артуымен байланысты) қабылдап жүрген науқастарда жоғарылайды. Клиникалық мониторинг жүргізу және қажет болғанда Заласта дозасын арттыру ұсынылады.

Белгілі күшті CYP1А2 тежегіштері Заластаның клиренсін төмендетуі мүмкін. Оланзапин CYP1А2 белсенділігінің күшті тежегіші емес, сондықтан Заластаны қабылдаған кезде негізінен CYP1A2 қатысуымен метаболизденетін, теофиллин сияқты дәрілік заттардың фармакокинетикасы өзгермейді.

Сондай-ақ оланзапинді литиймен немесе бипериденмен біріктіріп қолданғанда дәрілік өзара әрекеттесулердің белгілері байқалған жоқ.

Заласта® допаминнің тікелей және тікелей емес агонистерінің әсерін баяулатуы мүмкін.

Оланзапиннің тұрақты концентрациясының аясында этанолдың фармакокинетикасында өзгерулер байқалған жоқ. Алайда этанолды Заластамен бірге қабылдау оланзапиннің фармакологиялық әсерлерінің, соның ішінде седативтік әсерінің күшеюімен қатар жүруі мүмкін.

Флуоксетин (бір реттік 60 мг немесе күн сайын 60 мг 8 күн бойы) оланзапиннің ең жоғары концентрациясын арттырады (орта есеппен 16%-ға) және клиренсін төмендетеді (орта есеппен 16%-ға). Флуоксетиннің ықпал ету дәрежесі осы көрсеткіштердің жекелей айырмашылықтарының айқындылығынан едәуір төмен болады, сондықтан әдетте флуоксетинмен біріктіріп қолданғанда Заластаның дозасын өзгерту ұсынылмайды.

Құрамында алюминий- немесе магний- бар антацидті немесе циметидиннің бір реттік дозасын ішке қабылдаған кезде оланзапиннің биожетімділігін бұзған жоқ.

Белсендірілген көмірді бірге тағайындау ішке қабылдағанда оланзапиннің биожетімділігін 50 - 60%-ға дейін төмендетеді. Белсендірілген көмірді Заластаны қабылдаудан кем дегенде 2 сағат бұрын немесе кейін қабылдау қажет.

Флувоксамин, CYP1A2 спецификалық тежегіші, оланзапиннің клиренсін едәуір төмендетеді. Нәтижесінде, флувоксаминді қабылдаған кезде оланзапиннің Сmах мәні темекі шекпейтін әйелдерде 54%-ға және темекі шегетін еркектерде 77%-ға артады және оланзапиннің AUC орташа артуы, сәйкесінше, 52% және 108% құрайды. Флувоксаминді немесе ципрофлоксацин сияқты кез келген басқа CYP1A2 тежегішін қабылдап жүрген пациенттерге Заластаның өте төмен бастапқы дозаларын тағайындау қажет. CYP1A2 тежегіштерімен емдеуді бастағанда кезде Заластаның дозасын төмендету қажет.

Адам бауырының микросомаларын пайдаланып жүргізілген in vitro зерттеулер оланзапиннің вальпроат глюкуронидінің (вальпроат метаболизмінің негізгі жолы) түзілу үдерісін аздап басатынын көрсетті. Вальпроат сондай-ақ оланзапиннің метаболизміне аздаған in vitro ықпалын тигізеді. 2 апта бойы 10 мг оланзапинді in vivo күн сайын бірге тағайындау плазмадағы вальпроаттың тұрақты концентрациясына ықпалын тигізбейді. Осылайша, Заластаны бір мезгілде тағайындау вальпроат дозасын түзетуді қажет етпейді.

Заластаны алкоголь қолданатын немесе орталық жүйке жүйесінің бәсеңдеуін туындататын дәрілік препараттарды қабылдайтын пациенттерге тағайындағанда сақтық таныту қажет.

Паркинсон ауруы және деменциясы бар пациенттерге Заластаны паркинсонизмді емдеуге арналған дәрілік препараттармен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.

Оланзапинді QTc аралығын арттыратын препараттармен бір мезгілде тағайындағанда сақтық таныту қажет.

Айрықша нұсқаулар

Психозға қарсы препараттармен емдеу кезінде пациенттің клиникалық жағдайының жақсаруына қол жеткізу бірнеше күннен бірнеше аптаға дейін созылуы мүмкін. Осы кезеңде пациенттің жағдайын мұқият бақылау қажет.

Мінез-құлық бұзылыстары және/немесе деменциямен байланысты психоздар

Заластаны® деменцияға байланысты психозы және/немесе өліммен аяқталу жиілігінің және цереброваскулярлы бұзылулардың (инсульт, транзиторлы ишемиялық шабуылдар) даму қаупінің артуына байланысты психозы бар егде жастағы пациенттерге қолдануға ұсынылмайды. Өлімнің артуы оланзапинмен емдеудің дозасына немесе ұзақтығына байланысты емес. Осы популяциядағы пациенттер өлімінің артуына бейімдеуі мүмкін қауіп факторлары 65 жастан асқандар, дисфагия, седация, тойып тамақтанбау, сусыздану, өкпеде патологияның болуы (аспирациясымен/онсыз пневмония) немесе бензодиазепиндерді бір мезгілде қолдану болды.

Цереброваскулярлық бұзылулары бар пациенттердің барлығында бұған дейін цереброваскулярлық жағымсыз құбылыстардың (мысалы, бұрын байқалған цереброваскулярлық жағымсыз құбылыс жағдайы немесе транзиторлы ишемиялық шабуылдар, гипертония, темекі шегу) дамуына бейім факторлар, сондайқ қатар жүретін аурулары болған және/немесе цереброваскулярлық жағымсыз құбылыстармен уақытша байланысы бар препараттарды қабылдаған. Жастың 75-тен асқандар, қантамырлық деменция немесе аралас типті деменция оланзапинмен емдеген кезде цереброваскулярлық жағымсыз реакциялардың даму қаупінің факторлары ретінде анықталды. Осы топтағы пациенттерде оланзапиннің тиімділігі анықталған жоқ.

Паркинсон ауруы

Заластаны қолдану дофаминдік рецепторлар агонистерін қолданудан туындаған Паркинсон ауруында, паркинсонизм симптомдары және елестеулер күшеюі мүмкін болғандықтан, психозды емдеу үшін ұсынылмайды. Психоздық симптомдарды емдеу үшін оланзапинді қолданудың тиімділігі бұл жағдайда плацебо қолданудан басым болмайды.

Қатерлі нейролептикалық синдром (ҚНС)

Заластаны қоса, кез келген нейролептиктерді қолданған кезде клиникалық көріністеріне дене температурасының едәуір жоғарылауы, бұлшықеттің сіресушілігі, психикалық жағдайдың өзгеруі және вегетативтік бұзылулар (тахикардия, тамыр соғуының тұрақты болмауы немесе артериялық қысым, жүрек аритмиясы, қатты терлеу) жататын ҚНС дамуы мүмкін. Қосымша белгілерге сарысулық КФК концентрациясының артуы, миоглобинурия (рабдомиолиз симптомы) және жедел бүйрек жеткіліксіздігі жатуы мүмкін. Қатерлі нейролептикалық синдромның клиникалық көріністері немесе дене температурасының осы синдромның басқа симптомдарынсыз едәуір жоғарылауы, Заластаны қоса, барлық нейролептиктерді тоқтатуды қажет етеді.

Гипергликемия және қант диабеті

Жекелеген жағдайларда оланзапинді қолданған кезде гипергликемия, қант диабеті, бұрыннан бар диабеттің өршуі, диабеттік кетоацидоз және диабеттік кома, соның ішінде өліммен аяқталатын кома дамуы мүмкін. Пациенттің дене салмағының артуы осы жағымсыз әсерлердің дамуы үшін бейімді фактор болуы мүмкін екендігі мәлімделді. Заластаны қоса, кез келген психозға қарсы препараттарды қабылдап жүрген пациенттерде гипергликемии симптомдарының (полидипсия, полиурия, тәбеттің жоғарылауы және әлсіздік) бар-жоқтығына, сондай-ақ қант диабеті және диабеттің даму қаупінің факторлары бар пациенттерде гликемиялық бақылаудың нашарлау белгілерінің бар-жоқтығына мұқият клиникалық мониторинг жүргізу ұсынылады. Пациенттердің дене салмағына мұқият мониторинг қажет.

Липидтер концентрацияларының өзгеруі

Дислипидемиясы бар пациенттерде және липидтердің алмасуында бұзылулардың даму қаупінің факторлары бар пациенттерді Заластамен® емдеген кезде қан плазмасындағы липидтер концентрацияларының өзгеруін бақылау қажет. Заластаны® қоса, кез келген психозға қарсы препараттарды қабылдап жүрген пациенттерге құрамында пайдаланылатын нормативтерге сәйкес липидтердің болуына мұқият клиникалық мониторинг жүргізу ұсынылады.

Холинергияға қарсы белсенділік

Заластамен ем жүргізу холинергияға қарсы әсердің білінуімен байланысты жағымсыз реакциялармен қатар жүруі мүмкін. Қатар жүретін аурулары бар пациенттерде оланзапинді қолданудың клиникалық тәжірибесі шектеулі, сондықтан қуықасты безінің клиникалық тұрғыдан маңызды қатерсіз гипертрофиясы, ішектің салданған бітелісі, жабық бұрышты глаукомасы және басқа да осындай жай-күйлері бар пациенттерге Заластаны® қолданғанда сақтық таныту ұсынылады.

Бауыр функциясының бұзылулары

Бауыр аминотрансферазалары (аспартатаминотрансфераза (ACT) және аланинаминотрансфераза (АЛТ)) белсенділігінің транзиторлы симптомсыз жоғарылауы оланзапинмен емдеудің басында неғұрлым жиі білінді. АЛТ және/немесе ACT белсенділігі бастапқыда жоғары болған пациенттерде, бауырдың функциональді резерві шектелген бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде немесе әлеуетті гепатоуытты препараттармен ем қабылдап жүрген пациенттерде сақ болған жөн. Гепатит (соның ішінде гепатоцеллюлярлы, холестаздық немесе аралас этиологиялы) дамыған жағдайда Заластамен емдеуді тоқтату керек.

Нейтропения

Кез келген себептермен, соның ішінде нейтропенияны туындататын дәрілік препараттарды қабылдаумен қатар жүретін аурулар себеп болатын сүйек кемігі функциясының тежелуімен, анамнездегі сәулемен емдеу немесе химииялық еммен, сондай-ақ гиперэозинофилиямен немесе миелопролиферативтік аурулармен байланысты лейкоциттер және/немесе нейтрофилдер саны төмен болатын пациенттерде сақтық танытқан жөн. Нейтропения, әдетте, оланзапинді және вальпрой қышқылын бір мезгілде қолданғанда туындайды.

Тоқтату синдромы

Заластаны қабылдауды күрт тоқтатқан кезде жекелеген жағдайларда жедел туындайтын симптомдармен: қатты тершеңдікпен, ұйқысыздықпен, тремормен, мазасыздықпен, жүректің айнуымен және құсумен қатар жүретін жағдай дамуы мүмкін.

QT аралығы

Клиникалық зерттеулер барысында оланзапин қабылдап жүрген пациенттерде, плацебо тобындағы пациенттермен салыстырғанда, кейде жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан қатар жүретін құбылыстарында аздаған айырмашылықтары бар, QTc аралығының клиникалық тұрғыдан маңызды ұзаруы (бастапқы QTcF <500 мс болған пациенттерде Фридериция бойынша QTcF≥500 мс түзетілген QT аралық) байқалды. Алайда, Заластаны QT аралығын ұзартатын дәрілік препараттармен бір мезгілде қолданғанда, әсіресе егде жаста, QT аралығының туа біткен ұзару синдромы бар пациенттерде, іркілген жүрек жеткіліксіздігінде, миокард гипертрофиясында, гипокалиемияда немесе гипомагниемияда сақ болған жөн. Оланзапинмен емдеу кезінде электрокардиограммаға мезгіл-мезгіл бақылау жүргізу керек.

Орталық жүйке жүйесіне (ОЖЖ) ықпалы

Препараттың ОЖЖ-ге әсер ету сипатын ескере отырып, Заластаны орталыққа әсері бар басқа препараттармен және алкогольмен біріктіріп қолданғанда сақ болған жөн. Іn vitro жағдайларында оланзапин дофаминдік рецепторларға қатысты қарама-қайшылық танытады және дофаминнің тікелей және тікелей емес агонистерін басуы мүмкін.

Тромбоэмболия

Оланзапинді қабылдаған кезде веналық тромбоэмболиялардың пайда болуының жекелеген жағдайлары жөнінде мәлімделді. Осы оқиғалар арасындағы себеп-салдарлық байланыс анықталған жоқ. Алайда, шизофрениясы бар пациенттерде, веналық тромбоэмболияның даму қаупінің жүре пайда болған факторларымен қатар, веналық тромбоэмболияның даму қаупінің басқа да, мысалы, ұзақ уақыт төсек тарту сияқты ықтимал факторлары болуы мүмкін, осы қауіп факторларын анықтау және профилактикалық шаралар жүргізу қажет.

Талмалар/ұстамалар

Заластаны® анамнезінде талмалар/ұстамалар бар немесе құрысу белсенділігінің шегін төмендетуге мүмкіндік беретін қауіп факторлары бар пациенттерге сақтықпен қолданған жөн. Сирек жағдайларда (олардың көбісінде анамнезінде талмалар бар немесе талманың пайда болуының қауіп факторларының бар екендігі байқалған) Заластаны® қабылдаған пациенттерде талмалардың/ұстамалардың пайда болғаны жөнінде мәлімделді.

Кешеуілдеген дискинезия

Ұзақтығы бір жыл немесе одан аз жүргізілген салыстырмалы зерттеулерде оланзапинмен емдегенде дәрі-дәрмекпен түзетуді қажет ететін дискинезияның дамуы сиректеу қатар жүрді. Алайда кешеуілдеген дискинезияның даму қаупі оланзапинді өте ұзақ қолданғанда артады. Кешеуілдеген дискинезия белгілері немесе симптомдары пайда болған кезде препарат дозасын төмендету немесе тоқтату жөніндегі мәселені қарастыру қажет. Кешеуілдеген дискинезия симптомдары тіпті препаратты тоқтатқаннан кейін де уақытша күшеюі немесе көрініс беруі мүмкін.

Постуральді гипотензия

Клиникалық зерттеулерде сирек жағдайларда егде жастағы пациенттерде постуральді гипотензияның дамуы жөнінде мәлімделді. Басқа да психозға қарсы препараттарды қолданған жағдайдағы сияқты, 65 жастан асқан пациенттерде артериялық қысымды мезгіл-мезгіл бақылау ұсынылады.

Кенеттен жүректен болған өлім (КЖӨ)

Постмаркетингтік бақылауларда оланзапин қабылдаған пациенттер арасында жүректен кенеттен өлу жағдайлары тіркелген. Ретроспективтік обсервациялық когортты зерттеу деректері бойынша, антипсихотиктер қолданбаған пациенттер арасындағы кенеттен болған өлім жағдайларымен салыстырғанда, атипиялық нейролептиктер қабылдаған пациенттер арасында кенеттен болған өлім қаупінің, дозаға байланысты сияқты, екі есе артқаны анықталды.

Лактоза

Заластаның® құрамында лактоза бар. Галактозаны көтере алмайтын туа біткен сирек жағдайы, Lapp лактаза тапшылығы немесе глюкоза-галактозалық мальабсорбциясы бар пациенттер Заластаны® қабылдамауы тиіс.

Жүктілік және лактация

Жүктілік кезінде оланзапинді қолдану тәжірибесінің жеткіліксіздігіне және тиісті клиникалық зерттеулердің жоқ болуына байланысты, препаратты жүктілік кезінде, егер пациент үшін әлеуетті пайдасы шарана үшін әлеуетті қаупінен басым болған жағдайда ғана, тағайындаған жөн. Заластамен® емделу кезеңінде жүктіліктің басталғанынан немесе жоспарланғанынан емдеуші дәрігерді хабардар ету қажеттілігі пациенттерге алдын ала ескертілуі тиіс.

Жүктіліктің үшінші трисместрінде психозға қарсы препараттар (Заластаны® қоса) әсер еткен жағдайда, жаңа туған нәрестелер, экстрапирамидтік симптомдарды және/немесе ауырлығы мен ұзақтығы ауытқып отыратын тоқтату симптомдарын қоса, ауырлығы мен ұзақтығы өзгеріп тұруы мүмкін жағымсыз реакциялардың даму қаупіне тап болады. Қозудың, гипертонияның, гипотонияны, тремордың, ұйқышылдықтың, тыныс немесе тамақтану бұзылыстарының даму жағдайлары жөнінде мәлімделді. Демек, жаңа туған нәрестелер мұқият бақылауда болуы тиіс.

Клиникалық зерттеулерде оланзапин емшек сүтімен бірге бөлініп шығатыны анықталды. Анасындағы тепе-тең концентрацияға жеткен кездегі нәрестенің алатын орташа дозасы ананың оланзапин дозасының 1,8%-ын құрады (мг/кг). Заластамен® емдеу кезінде бала емізу ұсынылмайды.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне оланзапиннің ықпал етуіне зерттеулер жүргізілген жоқ. Заластаны қабылдап жүрген пациенттер автомобильді қоса, механикалық құралдарды басқарғанда сақтық танытқаны жөн, өйткені дәрілік препарат ұйқышылдықты және бас айналуды туындатуы мүмкін.

Артық дозалануы

Белгілері мен симптомдары

Оланзапинмен артық дозаланғанда өте кең таралған (жиілігі 10%) симптомдар тахикардия, қозу/озбырлық, дизартрия, әртүрлі экстрапирамидтік бұзылыстар және сананың ауырлығы әртүрлі дәрежедегі бұзылулары (седативтік әсерден комаға дейін) болды.

Оланзапинмен артық дозаланудың басқа да клиникалық тұрғыдан маңызды зардаптарына делириялар, құрысулар, қатерлі нейролептикалық синдром, тыныстың тарылуы, аспирация, артериялық гипертензия немесе гипотензия, жүрек аритмиялары (артық дозалану жағдайларының <2%) және жүрек пен тыныстың тоқтап қалуы жатады.

Өліммен аяқталған жедел артық дозалану кезіндегі ең аз доза 450 мг, жағымды аяқталған (тірі қалу) артық дозалану кезіндегі ең жоғары доза 1500 мг құрады.

Артық дозаланған кездегі медициналық көмек

Оланзапиннің өзіне тән арнайы у қайтарғысы жоқ. Құстыруға әрекет ету ұсынылмайды. Артық дозаланған кезде стандартты емшараларды (асқазанды шаю, белсендірілген көмір тағайындау) жүргізу қажет болуы мүмкін. Белсендірілген көмірді бірге тағайындағанда ішке қабылданған оланзапиннің биожетімділігінің 50-60%-ға дейін төмендегенін көрсетті.

Клиникалық жағдайға сәйкес симптоматикалық емдеу және, артериялық гипотонияны, циркуляторлық коллапсты емдеуді және тыныс функцияларын демеуді қоса, өмір үшін маңызды функцияларды бақылау қолданылады. Эпинефрин, дофамин және бета-агонистік белсенділігі бар басқа да симпатомиметиктерді қолданбаған жөн, өйткені бета-адренорецепторларды стимуляциялау артериялық гипотонияны өршітуі мүмкін. Ықтимал аритмияларды анықтау мақсатында жүрек-қантамыр жүйесіне мониторинг жүргізу қажет. Мұқият медициналық бақылау және мониторинг пациент сауыққанға дейін жалғастырылуы тиіс.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Ламинацияланған полиамид/алюминий/поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 7 таблеткадан салынған.

4 немесе 8 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

КРКА, д.д., Ново место, Словения

Шмарьешка 6, 8501 Ново место, Словения

Қаптаушы

КРКА-ПОЛЬСКА Сп. з.о.о., Польша

Тіркеу куәлігінің иесі

КРКА, д.д., Ново место, Словения

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын және Қазақстан Республикасы аумағында дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы

«КРКА Қазақстан» ЖШС ҚР, 050059, Алматы қ., әл-Фараби д-лы 19,

1 б корпус, 2-ші қабат

тел.: +7 (727) 311 08 09

факс: +7 (727) 311 08 12

info.kz@krka.biz

Прикрепленные файлы

Заласта_инструкция_рус.doc 0.13 кб
Заласта_инструкция_каз.doc 0.18 кб
10944_21_p.pdf 0.5 кб
10944_21_s.pdf 1.71 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники. «Центр экспертиз и испытаний в здравоохранении» МЗ РБ