Залаин® (крем для наружного применения)

МНН: Сертаконазол
Производитель: Феррер Интернасионал А.О.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Sertaconazole
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№005045
Информация о регистрации в РК: 10.05.2017 - 10.05.2022

Инструкция

Саудалық атауы

Залаин®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Сертаконазол

Дәрілік түрі

Сыртқа қолдануға арналған 2% 20 гр крем

Құрамы

100 гр кремнің құрамында

белсенді зат -2 гр сертаконазол нитраты бар.

қосымша заттар: этиленгликоль және полиэтиленгликоль пальмитостеараты (Tefose 63), лаурилмакрогол глицеридтер (Labrafil M-2130 CS), глицерил изостеараты (Peceol isoestearic), вазелин майы, метилпарагидроксибензоат (Е128), сорбин қышқылы, тазартылған су.

Сипаттамасы

Иіссіз немесе майдың әлсіз иісі бар, сұйық консистенциялы ақ түсті жартылай қатты крем

Фармакотерапиялық тобы

Тері ауруларын емдеуге арналған зеңге қарсы препараттар. Жергілікті қолдануға арналған зеңге қарсы препараттар. Имидазол туындылары. Сертаконазол

АТХ коды D01AC14

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Кремді 14 күн ішінде 20 мг/г дейін күнделікті қолданғанда қанда және несепте сертаконазол жоғарылайтын мөлшерде анықталған жоқ.

Фармакодинамикасы

Сертаконазол Candida (C. albicans, C. tropicalis, Candida subspecies) тектес патогенді зеңдерге, басқа да патогенді зеңдерге (Malassezia spp.), дерматофиттерге (Trichophyton, Microsporum, Epidermophyton floccosum) қатысты, сондай-ақ тері мен шырышты қабаттар жұқпаларын туындататын грамоң патогенді стафилококктар мен стрептококктарға қатысты кең ауқымды әсерімен имидазол мен бензотиофен туындылары болып табылады. Емдік дозаларда фунгицидті және фунгистатикалық әсер көрсетеді. Сертаконазолдың әсер ету механизмі зеңдік жасушалар жарғақшаларының негізгі компоненті мен жасуша кенересінің басқа компоненті триптофанмен бәсекелес антагонизмінде эргостерол синтезін төмендетуіне қатысты болады. Бұл жасуша жарғақшаларының өткізгіштігін арттыруға және ыдырауына, патогенді микроорганизмдердің құрылымының бұзылуына және жойылуына әкеп соғады.

Қолданылуы

Дерматофиттер және бластомицеттер туындатқан терінің беткейлік микоздарында:

- табан эпидермофитиясы

- шап дерматофитиясы

- бет, дененің микоздары

- қол басының дерматомикоздары

- тері кандидозы

- түрлі-түсті кебек тәріздес теміреткі

- себорейлік дерматит

Қолдану тәсілі және дозалары

Сыртқа қолдануға арналған.

Кремді маңайындағы сау терінің шамамен 1 см ала отырып, терінің зақымданған жерлеріне бірқалыпты жұқалап жағады. Кремді күнделікті күніне 1-2 рет (кешке, немесе ертеңгісін және кешке) жағу ұсынылады. Емдеу ұзақтығы қоздырғыштың этиологиясына және жұқпаның орналасуына байланысты. Әдетте аурудан, клинико-зертханалық сауығу 2–4 апта ішінде байқалады. Толық клиникалық сауығуға дейінгі және қайталануының алдын алу үшін ұсынылатын емдеу ұзақтығы 4 аптаны құрайды.

Жағымсыз әсерлері

Препарат зақымданған теріге, сондай-ақ зақымданбаған теріге жаққанда да жақсы көрсетілімді .

- препаратты тоқтатуды қажет етпейтін, тез қайтатын жергілікті эритематозды реакция

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- сертаконазолға, имидазол туындыларына немесе препараттың басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық

- лактация кезеңінде

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі анықталмаған.

Айрықша нұсқаулар

Залаин кремін офтальмологиялық тәжірибеде қолдануға болмайды.

Қышқылды жуатын заттарды (өйткені қышқыл орта Candida тектес зеңдердің көбеюіне әкеледі) қолдануға болмайды.

Педиатрияда қолданылуы

Балаларда дәрілік заттарды қолдану туралы мәліметтер жоқ.

Жүктілік және лактация

Кремді үлкен дозада жергілікті қолданғаннан кейін сертаконазол қан сарысуында анықталмайды, және жүкті әйелдер мен жаңа туғандар үшін мүмкін қаупінің бары дәлелденбеген. Препаратты егер ана үшін емнің болжанған пайдасы ұрық пен балаға деген мүмкін қаупінен жоғары болғанда, жүктілік кезінде қолдануға болады.

Препаратты қолдану қажет жағдайда емшекпен емізуді тоқтату жөніндегі сұрақты шешу керек.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе әлеуетті қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді.

Артық дозалануы

Сыртқа қолданғанда артық дозалану мүмкіндігі төмен. Препаратты байқаусызда ішке қолданған жағдайда белгісіне қарай ем жүргізу керек.

Шығарылу түрі мен қаптамасы

20 г кремнен полипропиленнен жасалған бұралатын қалпағымен ашуға арналған ұшымен, ішкі лакталған жабынымен алюминий сықпада.

1 сықпадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған қорапшаға салынған.

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Сақтау шарттары

25° C-ден аспайтын температурада сақтау керек

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау қажет!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз.

Өндіруші

Феррер Интернасионал А.О., Испания

Тіркеу куәлігінің иесі

«ЭГИС Фармацевтикалық зауыты» ЖАҚ, Венгрия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«ЭГИС Фармацевтикалық зауыты» ЖАҚ ҚР өкілдігі

050060, Алматы қ-сы, Жароков к-сі 286 Г

тел: + 7 (727) 247 63 34, + 7 (727) 247 63 33, факс: + 7 (727) 247 61 41

e-mail: egis@egis.kz

Прикрепленные файлы

298709401477977089_ru.doc 52.5 кб
639676641477978258_kz.doc 55.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники