Жидкость для рук

МНН: Аммиак, Глицерол
Производитель: Фармацевтическая компания Ромат , завод медицинских препаратов ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие антисептики и дезинфицирующие препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№014337
Информация о регистрации в РК: 03.06.2014 - 03.06.2019

Инструкция

Саудалық атауы

Қолға арналған сұйықтық

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Қолға арналған сұйықтық

Құрамы

100 мл препараттың құрамында

белсенді заттар: 25.0 мл 10% аммиак ерiтiндiсі, 28.0 мл глицерин

қосымша заттар: 96 % этанол, 100 мл дейін тазартылған су.

Сипаттамасы

Мөлдір, аммиак иісі бар түссіз сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Басқа да антисептикалық және дезинфекциялайтын препараттар

АТХ коды D08АХ

Фармакологиялық қасиеттері

Препарат антисептикалық әсер етеді, сондай-ақ терінің созылғыштығын жақсартады.

Қолданылуы

Сыртқа қолдану үшін:

  • қол терісінің құрғауы және жарылуы кезінде

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектерде сыртқа қолданылады. Препаратты сабынмен тазалап жуылған, жақсы кептірілген қол терісіне күніне 2-3 рет жағады.

Жағымсыз әсерлері

- аллергиялық реакциялар (терінің қызаруы және бөртуі, қышыну)

Қолдануға болмайтын жағдайлар

Дерматиттер, экзема және басқа да тері аурулары

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Айрықша нұсқаулар

Балалар

18 жасқа дейінгі балаларға қолданылмайды.

Жүктілік, лактация кезеңі

Препарат анасы үшін болжамдалған пайда нәресте мен шаранаға төнетін қауіптен жоғары болған жағдайда ғана қолданылады.

Препараттың автокөлік және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Анықталмаған

Шығару түрі және қаптамасы

50, 80, 100 мл препараттан пластмасса қақпағы немесе алюминий қалпақшасы бар полимер тығынмен тығындалған шыны массадан жасалған құтыда және бұрандалы полиэтилен қақпағы бар құтыда.

Құтыларды медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтардың сәйкес санымен картонға салып, жылу ұстағыш үлбірмен тартып орайды немесе гофрланған картоннан жасалған жәшікке салады.

Сақтау шарттары

Жақсы тығындалған ыдыста және жарықтан қорғалған жерде, 25 оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Ромат» Фармацевтикалық компаниясы ЖШС, медициналық препараттар зауыты, Семей қ., Қазақстан, Краснознаменная к-сі, 13, тел (7222) 340867, факс (7222) 347559, e-mail: zmp@romat.kz

Тіркеу куәлігінің иесі

«Ромат» Фармацевтикалық компаниясы ЖШС, медициналық препараттар зауыты, Семей қ., Қазақстан

Қаптаушы

«Ромат» Фармацевтикалық компаниясы ЖШС, медициналық препараттар зауыты, Семей қ., Қазақстан

ҚР аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын, дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы

«Ромат» Фармацевтикалық компаниясы ЖШС, медициналық препараттар зауыты, Семей қ., Қазақстан, тел (7222) 340867, факс (7222) 347559, e-mail: zmp@romat.kz

 

 

Прикрепленные файлы

836771591477976676_ru.doc 47.5 кб
205117501477977807_kz.doc 46.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники