Женьшень настойка

МНН: Женьшень
Производитель: Лубныфарм ОАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Общетонизирующие препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№010132
Информация о регистрации в РК: 13.03.2024 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Женьшень тұндырмасы

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

50 мл тұндырма

Құрамы

1 литр тұндырманың құрамында

белсенді зат – ірілей уатылған женьшень тамырлары 100 г,

қосымша зат - 70% этил спирті.

Сипаттамасы

Сарғыш түсті мөлдір сұйықтық. Сақтау кезінде шөгіндінің түзілуіне жол беріледі.

Фармакотерапиялық тобы

Жалпы тонус көтеретін препараттар.

АТХ коды А13А

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Женьшень тұндырмасының әсері оның компоненттерінің біріккен әсері болып табылады. Препараттың көпкомпонентті екенін ескере отырып, оның фармакокинетикасы жеткіліксіз зерттелген.

Фармакодинамикасы

Женьшень тұндырмасының құрамында тритерпен гликозидтері – панаксозидтер (А-G), пектиндер, сапониндер, май және эфир майлары, С, В1, В2 витаминдері, макро- және микроэлементтер және басқа да заттар бар. Препарат, “тонус көтеретін” адаптогенді препараттар деп аталатын орталық жүйке жүйесіне әсер ететін дәрілік заттарға жатады. Женьшень тұндырмасы ми қыртысындағы және оның діңдік бөлімдері нейрондарында қозу үдерісін күшейтеді, рефлекторлық іс-әрекетті жақсартады, зат алмасуын белсендіреді, жұмысқа қабілеттілікті арттырады.

Препараттың тиімділігі дозаға байланысты: кіші дозада қозудың күшейгені және тежелу үдерісінің төмендегені, үлкен дозаларда – соңғысының тежелу үдерісінің күшейгені байқалады.

Қолданылуы

Кешенді ем құрамында

- астениялық жағдайларда

- ақыл-ой және дене жұмысы қабілетінің төмендеуінде

- жұқпалы және жүдететін сипаттағы басқа да аурулардан кейінгі сауығу кезеңінде

- шығу тегі неврастениялық жыныс қызметінің әлсіреуінде

Қолдану тәсілі мен дозалары

Женьшень тұндырмасын тамақтануға дейін 30-40 мин бұрын 15–25 тамшыдан күніне 2 – 3 рет ішу ұсынылады.

Емдеу курсы - 30 - 40 күн.

Көрсетілімдер бойынша емдеудің қайталау курсын 2 – 3 аптадан соң жүргізеді.

Жағымсыз әсерлері

- жүрек айнуы, құсу, диарея

- ашушаңдық, ұйқының бұзылуы

- тахикардия, артериялық қысымның жоғарылауы

- бас ауыруы

- мұрыннан қан ағу

- жайылған розеолезді тері бөртпесі, қышыну

- гипогликемия

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- гипертониялық ауру

- жоғары қозғыштық, эпилепсия, құрысу жағдайлары

- ұйқының бұзылуы, ұйқысыздық

- шығу тегі және сипаты әр түрлі қанағыштық

- жедел жұқпа аурулары, қызба жағдайы

- маскүнемдік

- гипогликемия

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

- бауыр аурулары

- 18 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдер

- жүктілік және лактация кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Женьшень тұндырмасы психостимуляторлардың, анальгетиктердің, кофеиннің, камфораның, фенамин мен басқа да орталық жүйке жүйесі стимуляторларының әсерін күшейтеді. Препарат барбитураттардың физиологиялық антагонисі болып табылады, сондықтан оларды біріктіріп қолдану тиімсіз. Гипогликемиялық дәрілік заттардың әсерін күшейтеді. Варфариннің әсерін күшейтеді. Ілмектік диуретиктерге төзімділіктің даму қаупін жоғарылатады.

Айрықша нұсқаулар

Препаратты ұйқының бұзылуын болғызбау үшін күннің екінші жартысында қолдануға болмайды.

Женьшень тұндырмасы әсерінің маусымға байланыстылығы айқын байқалады: күз бен қыста қолдану тиімдірек болады.

Жылдың ыстық мезгілінде абайлап қолдану керек – дене температурасының жоғарылауы байқалады, ол күннің өтуіне түрткі болуы мүкін.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препаратты қолдану кезінде көлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқарудан аулақ болған жөн.

Артық дозалану

Симптомдары: бас айналуы, жүрек айнуы, құсу, дене температурасының көтерілуі, тыныс алудың бұзылуы, естен тану. Уыттануға тән симптомдары қан аралас құсумен және іш өтуімен көрініс беретін қанағыштық болып табылады.

Емі: арнайы у қайтарғысы жоқ. Асқазанды шаю, белсенділендірілген көмір, сұйықтықтың көп мөлшері, симптоматикалық ем жүргізу тағайындалады. Жедел шаралар жүргізілгеннен кейін науқастарға медициналық бақылау қажет.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Препарат, ниппельді тығынмен және бұралып кигізілетін қақпақпен тығындалған құтыда 50 мл-ден.

Әрбір құты медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 8°С-ден 15°С-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Лубныфарм» ААҚ.

37500, Украина, Лубны қ-сы, Полтава облысы, Петровский көшесі, 16.

Тіркеу куәлігінің иесі

«Лубныфарм» ААҚ, Украина.

Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөнінде түскен шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

Фарм-Евро ЖШС

050039, Алматы қ-сы, Майлин к-сі, 72 үй, 34 пәтер

Факс: +7(272) 71-84-97

E-mail: farmevro@mail.ru

 

 

Прикрепленные файлы

404108731477976814_ru.doc 50.5 кб
384946371477977965_kz.doc 53.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники