ЕЕТ
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
ЕЕТ
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 600 мг/200 мг/300 мг
Құрамы
Бір таблетканың құрамында:
белсенді заттар: 600 мг эфавиренз, 200 мг эмтрицитабин, 300 мг тенофовир дизопроксилінің фумараты,
қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза (РН 101), микрокристалды целлюлоза (РН 102), натрий кроскармеллозасы, гидроксипропилцеллюлоза, натрий лаурилсульфаты, магний стеараты, желатинделген крахмал,Opadry II 85F94172 Pink қабығының құрамы: парт-гидрогенделген поливинил спирті, титанның қостотығы (Е 171), макрогол /ПЭГ 3350 (макрогол 4000), тальк, темірдің (III) қызыл тотығы (Е 172), темірдің (III) қара тотығы (Е 172).
Сипаттамасы
Сопақша пішінді, екі беті дөңес, қызғылт түсті үлбірлі қабықпен қапталған, бір жағында «СL 81» өрнегі бар, екінші жағы тегіс таблеткалар.
Фармакотерапиялық тобы
Жүйелі қолдануға арналған инфекцияға қарсы препараттар. Жүйелі қолдануға арналған вирусқа қарсы дәрілер. Вирусқа қарсы тікелей әсер ететін препараттар. АИТВ-инфекциясын емдеуге арналған вирусқа қарсы дәрілер, біріктірілімдері. Эмтрицитабин, тенофовир дизопроксилі және эфавиренз.
АТХ коды J05AR06
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Эфавиренздің, эмтрицитабиннің және тенофовир дизопроксил фумаратының фармакокинетикасын анықтау үшін, аталған белсенді заттардың АИТВ-инфекциясы бар пациенттерде бөлек қабылданатын жекелеген дәрілік түрлері пайдаланылды.
Сіңірілуі
АИТВ-инфекциясы бар пациенттерде ең жоғарғы эфавиренз қан плазмасындағы концентрациясына 5 сағаттан соң жетеді, ал тұрақты концентрациясы 6-7 күнге қарай анықталады. Эмтрицитабин жылдам сіңіріліп, қан плазмасындағы ең жоғарғы концентрациясына дозасын қабылдағаннан кейін 1- 2 сағаттан соң жетеді. АИТВ-инфекциясы бар пациенттер 300 мг тенофовир дизопроксил фумаратының бір дозасын ішу арқылы қабылдағанда тенофовир ең жоғарғы концентрациясына 1 сағат ішінде жетеді. АИТВ-инфекциясы бар пациенттерде тенофовир дизопроксил фумаратын аш қарынға қабылдағанда тенофовирдің биожетімділігі шамамен 25% құрайды.
Ас ішудің әсері
Ас ішудің эфавиренз, эмтрицитабин және тенофовир дизопроксил фумаратының бекітілген біріктірілімінің фармакокинетикасына әсері бағаланған жоқ. өте майлы тамақпен қабылдау аш қарынға қабылдаумен салыстырғанда, эфавиренздің AUC және Cmax орташа мәндерін сәйкесінше 28% және 79%-ға арттырады. Аш қарынға қабылдаумен салыстырғанда, тенофовир дизопроксил фумараты мен эмтрицитабинді не өте майлы тамақпен, не жеңіл тамақпен бірге қабылдау эмтрицитабин экспозициясының параметрлеріне әсер етпей, тенофовирдің орташа AUC пен Cmax сәйкесінше 35% және 15%-ға арттырады. Эфавиренз, эмтрицитабин және тенофовир дизопроксил фумаратының таблеткалар түріндегі бекітілген біріктірілімін бос асқазанға қабылдау ұсынылады, өйткені, тамақ эфавиренздің экспозициясын жоғарылатуы және жағымсыз реакциялары жиілігінің артуына алып келуі мүмкін. Тенофовир дизопроксил фумаратының дара дәрілік түрін тамақпен қабылдаумен салыстырғанда, эфавиренз, эмтрицитабин және тенофовир дизопроксил фумаратының бекітілген біріктірілімін бос асқазанға қабылдағанда, тенофовирдің шығарылуы шамамен 35%-ға төмен болады деп күтіледі. Бекітілген антиретровирустық ем қабылдап жүрген пациенттерде аш қарынға қабылданатын бекітілген біріктірілімге (Эфавиренз, эмтрицитабин және тенофовир дизопроксил фумараты) көшкенде вирус супрессиясы сақталады.
Таралуы
Эфавиренз қан плазмасы ақуыздарымен тығыз (шамамен 99,5 – 99,75%-ға), көбінесе альбуминмен байланысады. АИТВ 1 инфекциясын жұқтырған, эфавирензді кемінде бір ай бойы 200-ден 600 мг дейінгі дозаларда тәулігіне бір рет қабылдаған пациенттерде, жұлын-ми сұйықтығындағы концентрациялары оның қан плазмасындағы сәйкесінше концентрациясының 0,26-дан 1,19%-на дейін құраған (орташа алғанда - 0,69%). Бұл пайыздық көрсеткіш эфавиренздің қан плазмасындағы ақуыздармен байланыспаған (бос) фракциясының көрсеткішіне қарағанда шамамен 3 есе жоғары. Ішу арқылы қабылдағаннан кейін эмтрицитабин бүкіл организмге кеңінен таралады. Эмтрицитабиннің қандағы концентрациясына қатысты плазмадағы орташа концентрациясының дәрежесі 1.0 тең болды, қандағы концентрациясына қатысты шәуһеттегі орташа концентрациясының дәрежесі 4.0 тең болды.
In vitro тенофовирдің плазма ақуыздарымен байланысуы тенофовирдің 0.01-ден 25 мг/мл дейінгі концентрациясында, сәйкесінше, шамамен 0.7% немесе 7.2%. Вена ішіне енгізгеннен кейін тенофовирдің таралу көлемі шамамен 800 мл/кг болды. Ішу арқылы қабылдаудан кейін тенофовир бүкіл организмге біркелкі таралады.
Биотрансформация
Эфавиренз, негізінен, P450 цитохромдары жүйесі арқылы гидроксилденген метаболиттерін түзе отырып метаболизденеді, әрі қарай оның гидроксилденген метаболиттері глюкуронизацияланады, олар негізінен АИТВ-1 қатысты белсенді емес. CYP3A4 және CYP2B6 эфавиренздің метаболизміне жауап беретін негізгі изоферменттер болып табылады, және эфавиренз Р450 цитохромы жүйесінің 2C9, 2C19, және 3A4 изоферменттерін тежейді. Эфавиренз CYP2E1 тежемейді, тек клиникалық тәжірибеде қолданылатынынан біршама жоғары концентрацияларында CYP2D6 мен CYP1A2 тежейді. Эфавиренздің қан плазмасындағы экспозициясы CYP2B6 изоферментінің гомозиготалы G516T генетикалық нұсқасы бар пациенттерде жоғарылауы мүмкін. Бұл өзара байланыстың клиникалық маңыздылығы белгісіз; алайда, эфавирензбен астасқан жағымсыз реакциялардың жиілігі мен ауырлығының жоғарылауы мүмкін екенін жоққа шығаруға болмайды. Биоөзгерісіне эмтрицитабиннің тиолдық бөлігінің 3-сульфоксид диастереомер (дозасының шамамен 9%-ы) және глюкурон қышқылымен конъюгаты – 2-О-глюкуронид (дозасының шамамен 4%-ы) түзе отырып тотығуы кіреді. In vitro зерттеулерден, тенофовир дизопроксил фумараты да, тенофовир де CYP450 ферменттері үшін субстрат емес екені және препараттың биотрансформациясына қатысатын CYP450 изоферменттері арқылы тежелмейтіні анықталды. Сонымен қатар, эмтрицитабин глукуронизацияға жауап беретін уридин-5-дифосфоглукоронилтрансферазаны тежемейді.
Шығарылуы
Эфавиренз жартылай шығарылу кезеңі бір реттік дозасын қабылдағаннан кейін салыстырмалы түрде 52-ден 76 сағатқа дейін ұзақ және бірнеше реттік дозасынан кейін 40-55 сағат. Несеппен эфавиренздің радиоактивті таңбалы дозасының 14-34% жуығы және эфавиренз дозасының 1%-дан азы өзгеріссіз күйінде шығарылады. Тенофовир мен эмтрицитабин шумақтық сүзіліс және белсенді өзекшелік секреция жолымен шығарылады. Препараттың дозасын ішу арқылы бір рет қабылдағаннан кейін тенофовирдің қан плазмасынан жартылай шығарылу кезеңі 17 сағатқа жуық, эмтрицитабинде - шамамен 10 сағат құрайды. 300 мг дозасын күніне бір рет (ас ішуден кейін) қайталап қабылдаудан кейін қабылданған дозасының 32±10%-ы 24 сағат ішінде несептен анықталады. Тенофовир мен бүйрек арқылы шығарылатын басқа заттар арасында бәсекелестік орын алуы мүмкін.
Жас шамасы, жыныс және нәсіл
Әйел және ер жынысты пациенттерде және нәсілдік топтар арасында эфавиренз, эмтрицитабин және тенофовир фармакокинетикасы бірдей. Егде жастағы пациенттердегі фармакокинетикасы зерттелмеген.
Балалар мен жасөспірімдерде эфавиренз, эмтрицитабин және тенофовир дизопроксил фумаратының таблеткалар түріндегі бекітілген біріктіріліміне фармакокинетикалық зерттеулер жүргізілмеген.
Бүйрек жеткіліксіздігі (БЖ)
АИТВ-инфекциясын жұқтырған, бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде эфавиренз, эмтрицитабин және тенофовир дизопроксил фумаратының бекітілген біріктірілімінің фармакокинетикасы зерттелмеген. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде эфавиренздің фармакокинетикасы зерттелмеген, алайда, эфавиренздің 1%-дан азы өзгеріссіз күйде несеппен шығарылады, сәйкесінше, эфавиренздің шығарылуына бүйрек жеткіліксіздігінің ықпалы тым аз болуы тиіс. 200 мг эмтрицитабиннің немесе 245 мг тенофовир дизопроксилінің бір дозасын АИТВ инфекциясын жұқтырмаған, бүйрек жеткіліксіздігінің түрлі дәрежелеріндегі пациенттерге енгізгеннен кейін фармакокинетикалық параметрлері анықталған. Бүйрек жеткіліксіздігінің дәрежесі креатинин клиренсіне (КК) сәйкес келген (КК>80 мл/мин кезінде бүйрек функциясы қалыпты, КК = 50-79 мл/минут кезінде орташа, КК = 30-49 мл/минут кезінде бірқалыпты және КК = 10-29 мл/минут кезінде ауыр). Бүйрек функциясы қалыпты пациенттермен салыстырғанда, эмтрицитабиннің орташа (CV%) экспозициясы 12(25%) мкг*сағ/мл-ден бүйректің жеңіл, орташа және ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде, сәйкесінше, 20 (6%) мкг*сағ./мл, 25 (23%) мкг*сағ./мл және 34 (6%) мкг*сағ./мл дейін жоғарылаған. Бүйрек функциясы қалыпты пациенттермен салыстырғанда, тенофовирдің орташа (CV%) экспозициясы 2,185 (12%) мкг*сағ./мл-ден бүйректің жеңіл, орташа және ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде, сәйкесінше, 3,064 (30%) мкг*сағ./мл, 6,009 (42%) мкг*сағ./мл және 15,985 (45%) мкг*сағ./мл дейін жоғарылаған. Бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастарда ұсынылған дозалары, дозалау аралықтарын арттырған кезде, күтілгеніндей, бүйрек функциясы қалыпты пациенттермен салыстырғанда, плазмадағы ең жоғарғы концентрациясының жоғарылауына және ең төменгі концентрациясының (Сmin) төменірек деңгейіне алып келеді. Мұның клиникалық салдарлары белгісіз. Бүйрек жеткіліксіздігінің терминалдық сатысы (БЖТС) бар, гемодиализді қажет ететін пациенттерде, диализ сеанстары арасында препараттың концентрациясы эмтрицитабин үшін 72 сағат ішінде 53 (18%) мкг*сағ./мл дейін едәуір және тенофовир үшін 48 сағат ішінде 42,857 (29%) мкг*сағ./мл дейін жоғарылаған. Креатинин клиренсі 30 және 49 мл/минут аралығындағы пациенттерде эфавиренз, эмтрицитабин және тенофовир дизопроксил фумаратының бекітілген біріктірілімін қабылдаулар аралығын түзету ұсынылады. Эфавиренз, эмтрицитабин және тенофовир дизопроксил фумаратының бекітілген біріктірілімі КК <30 мл/мин пациенттерге немесе гемодиализді қажет ететін пациенттерге ұсынылмайды.
Бауыр жеткіліксіздігі
АИТВ инфекциясын жұқтырған, бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттерде эфавиренз, эмтрицитабин және тенофовир дизопроксил фумаратының бекітілген біріктірілімінің фармакокинетикасы зерттелмеген. Бауыр функциясының ауырлық дәрежесі жеңіл бұзылуы бар пациенттерге эфавиренз, эмтрицитабин және тенофовир дизопроксил фумаратының бекітілген біріктірілімін қабылдағанда сақтық таныту керек және бауырдың ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге тағайындалмауы тиіс, сондай-ақ, бауыр функциясының орташа бұзылуы барларға қабылдау ұсынылмайды.
Фармакодинамикасы
Әсер ету механизмі
Эфавиренз – бұл адамның 1 типті иммундық тапшылық вирусының (АИТВ-1) кері транскриптазасының нуклеозидтік емес тежегіші (КТНЕТ). Эфавиренз белсенділігі негізінен АИТВ-1 кері транскриптазасы ферментінің тікелей бөгелуі есебінен жүзеге асады. Эфавиренз адамның 2 типті иммундық тапшылық вирусының (АИТВ-2) кері транскриптазасына (КТ) және адамның ДНҚ-полимеразасына (α, β, γ немесе δ) елеулі тежеу әсер бермейлі.
Эмтрицитабин – бұл синтетикалық нуклеозид, цитидин аналогы, жасуша ферменттерімен, табиғи субстрат дезокситидин 5′-трифосфатпен және түзілген вирустық ДНҚ-ға қосылу арқылы эмтрицитабин 5′-трифосфатқа дейін фосфорланады, бұл тізбектің үзілуіне алып келеді.
Тенофовир дизопроксил фумараты – бұл циклдық емес нуклеозидтің фосфонаттық күрделі диэфирі, аденозин монофосфаттың аналогы. Тенофовир дизопроксил фумараты тенофовирге өзгеру үшін диэфирінің бастапқы гидролизін және әрі қарай тенофовир дифосфатын түзу үшін жасуша ферменттерімен фосфорлануды қажет етеді. Тенофовир дифосфаты табиғи субстрат дезоксиаденозин 5′-трифосфатымен бәсекелесіп және ДНҚ-ға қосылғаннан кейін ДНҚ тізбегін үзе отырып, HIV-1 кері транскриптазасының (КТ) белсенділігін бәсеңдетеді.
Эмтрицитабин трифосфаты мен тенофовир дифосфаты адамның жасушалық ДНҚ-полимеразаларының әлсіз тежегіштері болып табылады, in vitro және in vivo митохондрияға уытты әсері анықталған жағдайлар болмаған.
Вирусқа қарсы белсенділігі
Эфавиренз бен эмтрицитабин бірігіп, эфавиренз бен тенофовир дизопроксил фумараты бірігіп және эмтрицитабин мен тенофовир дизопроксил фумараты бірігіп, қосымша синергиялық вирусқа қарсы әсер көрсетеді.
Эфавиренз В қосалқы түріне жатпайтын изоляттардың көпшілігіне (A, AE, AG, C, D, F, G, J және N қосалқы түрлері) қарсы вирусқа қарсы белсенділік танытады, бірақ О қосалқы түрінің вирустарына қарсы вирусқа қарсы белсенділігі төмен.
Эмтрицитабин АИТВ-1 жасуша өсірінділерінің А, В, С, D, E, F және G қосалқы түрлеріне қатысты вирусқа қарсы белсенділік танытады және АИТВ-2 штамдарында іріктелген белсенділігін көрсеткен. Эмтрицитабин мен тенофовир АИТВ-2 қарсы ұзаққа созылатын спецификалық белсенділігін және В гепатиті вирусына қарсы вирусқа қарсы белсенділігін көрсетеді.
Тенофовир дизопроксил фумараты АИТВ-1 жасушалары өсірінділерінің A, B, C, D, E, F, G және О қосалқы түрлеріне қатысты вирусқа қарсы белсенділік танытады және АИТВ-2 штамдарында іріктелген белсенділігін көрсетеді.
In vitro төзімділік
Ем қабылдамаған пациенттердің жасушалары өсіріндісінен тенофовир, эмтрицитабин және эфавиренз біріктіріліміне төзімділігі бар АИТВ-1 штаммдары бөліп алынды. Бұл штаммдардың генотиптік талдауынан вирустық кері транскриптазадағы амин қышқылды алмасулар M184V/I (эмтрицитабинмен байланысқан мутация) және/немесе K65R (тенофовирмен байланысқан мутация) анықталды. КТ-да анағұрлым жиі кездесетін, төзімділіктің 18-33 есе жоғарылауын туғызатын K103N амин қышқылды орын басуы эфавирензді қабылдаған, вирусологиялық тиімсіздік анықталған пациенттердің 90%-да, сондай-ақ, эфавирензді индинавирмен немесе зидовудин + ламивудинмен бірге қабылдаған, қайталанулары бар пациенттерде байқалды.
Жасуша өсіріндісіндегі эфавиренз, невирапин және делавирдин үшін айқаспалы төзімділік бейіндері, АИТВ-1 K103N мутациясы КТНЕТ үшеуіне де сезімталдықтың жоғалуымен қатар жүретінін көрсеткен. Сыналған, делавирдинге төзімді үш клиникалық штаммның екеуі эфавирензге айқаспалы төзімді болып шықты және оларда K103N мутациясы болды. КТ 236 позициясында орын басқан үшінші штамм эфавирензге айқаспалы төзімді болмаған. Кері транскриптазаның белгілі бір нуклеозидтік тежегіштеріне айқаспалы төзімділік анықталған. M184V/I және/немесе K65R алмасулары жуырда ламивудинмен немесе эмтрицитабинмен, сондай-ақ, абакавирмен немесе диданозинмен біріктірілген тенофовирмен емделген пациенттерден бөліп алынған АИТВ-1 штамдарында да көрініс берген. Осылайша, аталған препараттар арасындағы айқаспалы төзімділік, құрамында аталған амин қышқылды алмасулардың біреуі немесе екеуі де бар вирустарды жұқтырған пациенттерде көрініс беруі мүмкін. Тенофовир дизопроксил фумаратын АИТВ-1 K65R мутациясы бар пациенттерге қолдануға болмайды. K65R және M184V/I мутацияларының екі типі эфавирензге сезімтал күйде қалады.
In vivo төзімділік
Қазіргі кезде эфавиренз, эмтрицитабин және тенофовир дизопроксил фумаратының бекітілген біріктірілімін қабылдаған пациенттердегі АИТВ төзімділігі туралы мәліметтер жоқ. Дегенмен, эфавиренз, эмтрицитабин және тенофовир дизопроксил фумараты препараттарын жеке-жеке қолданудың 144 аптасында АИТВ РНҚ > 400 копий / мл расталған пациенттерде АИТВ-1 штаммдары бөліп алынды. Эфавирензге генотиптік төзімділік, көбінесе K103N мутациясы анағұрлым жиірек анықталды (1 кесте). M184V / I мутациясы эфавиренз / эмтрицитабин / тенофовир дизопроксил фумараты тобында қадағаланған пациенттердің 2/19-сінде (10,5%) және эфавирензді және ламивудин мен зидовудиннің бекітілген біріктірілімін (Комбивир) қабылдаған топта қадағаланған пациенттердің 10/29-ында (34,5%) байқалды (р-мәні = 0,021). Әрбір емдеу тобындағы пациенттердің бірде-бірінде K65R мутациясы дамымаған және эфавиренз / эмтрицитабин / тенофовир дизопроксил фумараты тобындағы пациенттердің бірде-бірінде эмтрицитабинге немесе тенофовирге фенотиптік төзімдідікпен байланысты жаңа мутациялар дамымаған.
Қолданылуы
- АИТВ РНҚ < 50 копий/мл вирусологиялық супрессиясы бар, біріктірілген антиретровирустық емді (БАРЕ) үш айдан астам уақыт бойы қабылдаған ересектерде АИТВ-1 инфекциясын емдеу үшін
Препаратты тағайындар алдында, бұрын осының алдындағы кез келген БАРЕ-ге вирусологиялық жауап сәтсіздігі байқалмаған пациенттерде эфавиренз, эмтрицитабин және тенофовир дизопроксил фумаратының бекітілген біріктірілімінің құрамындағы үш компоненттің біреуіне айқын төзімділікпен қатар жүретін мутациялардың жоқ екеніне көз жеткізу керек.
Қолдану тәсілі және дозалары
Емдеуді АИТВ-инфекциясын емдеу тәжірибесі бар дәрігер жүргізуі тиіс.
Ересектер
Препараттың ұсынылатын дозасы – күніне 1 рет 1 таблетка ішке, жеткілікті мөлшердегі сумен ішіп қабылданады.
Препаратты аш қарынға қабылдау ұсынылады, өйткені тамақ эфавиренздің экспозициясын жоғарылатуы және жағымсыз әсерлері жиілігінің артуына алып келуі мүмкін.
Эфавиренздің жүйке жүйесі тарапынан жағымсыз әсерлердің дамуына қатысты көтерімділігін жақсарту үшін препаратты ұйықтар алдында қабылдау ұсынылады.
Балалар мен жасөспірімдер
Қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы мәліметтер жеткіліксіз болғандықтан, ЕЕТ препараты балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге ұсынылмайды.Егде жастағылар
Егде жастағы пациенттерге ЕЕТ препаратын сақтықпен тағайындау керек.
Бүйрек жеткіліксіздігі
ЕЕТ препараты бүйректің орташа немесе ауыр жеткіліксіздігі бар (креатинин клиренсі (КК) < 50 мл/мин) пациенттерге ұсынылмайды. Бүйректің орташа және ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде эмтрицитабин мен тенофовир дизопроксил фумаратының дозасын түзету қажет, бекітілген біріктірілімді қолданғанда оған қол жеткізу мүмкін емес. Креатинин клиренсінің деңгейі 50-80 мл/мин болатын пациенттер үшін дозасын түзету қажет емес. Аталған пациенттерде креатинин клиренсінің деңгейіне және қан сарысуындағы фосфаттар деңгейіне тұрақты бақылау жүргізу қажет.
Бауыр жеткіліксіздігі
Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде эфавиренз, эмтрицитабин және тенофовир дизопроксил фумаратының бекітілген біріктірілімімен препараттың фармакокинетикасы зерттелмеген. Бауыр жеткіліксіздігінің ауырлығы жеңіл дәрежесі бар (Чайлд-Пью-Туркотт (ЧПТ) бойынша А класы) пациенттерге ЕЕТ препаратының әдетте ұсынылатын дозасын тағайындауға болады.
Егер АИТВ мен В гепатиті вирусының (ВГВ) ко-инфекциясы бар пациенттер ЕЕТ препаратын қолдануды тоқтатса, оларда гепатиттің өршу симптомдарының анықталуын мұқият қадағалау керек.
Жүйке жүйесі тарапынан эфавирензбен байланысты жағымсыз әсерлерді анықтау үшін пациенттерді мұқият қадағалау қажет.
Дозасын өткізіп алған, емдеу үзілген немесе тоқтатылған жағдайлардағы ұсынымдар
ЕЕТ препаратын жүйелі түрде, дозаны қабылдау режимін сақтай отырып қабылдау, қабылдауды өткізіп алмау маңызды. Пациенттерге, егер олар препаратты қабылдауды ұмытып кетсе, егер келесі күннің дозасын қабылдауға дейінгі уақыт аралығы 12 сағаттан кем болмаса, өткізіп алған дозасын дереу қабылдауы керектігін ескерту керек. 12 сағаттан аз уақыт қалған жағдайда, пациенттерге өткізіп алған дозасын қабылдамауы және келесі дозасын әдеттегі уақытында қабылдауы керектігін ескерту керек. Егер ЕЕТ препаратымен емдеуді үзіліс жасау немесе дозасын түзету қажет болса, эфавиренз, эмтрицитабин және тенофовир дизопроксил фумаратының дара дәрілік түрлерін қабылдауға болады. Аталған препараттарды медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықты қарау керек. Егер ЕЕТ препараты компоненттерінің бірімен емдеуде үзіліс жасау қажет болса, эфавиренздің жартылай шығарылу кезеңі ұзақ екенін, сондай-ақ, тенофовир мен эмтрицитабиннің жасушаішілік жартылай шығарылу кезеңінің де ұзақ екенін естен шығармау керек. Аталған фармакокинетикалық параметрлерінің жекелей өзгергіштігіне және вирус төзімділігінің даму мүмкіндігіне байланысты, тоқтатылуы үшін барлық себептерін ескере отырып, антиретровирустық ем (АРЕ) жөніндегі ұсынымдарға қатысты дәрігердің кеңесі қажет.
Егер пациент ЕЕТ таблеткаларын қабылдағаннан кейін 1 сағат ішінде құсып тастаса, екінші таблеткасын қабылдау керек. Егер пациент ЕЕТ таблеткаларын қабылдаған сәттен бастап бір сағат өткеннен кейін құсса, онда екінші таблеткасын қабылдамау керек.
Жағымсыз әсерлері
Тері тарапынан, Стивенс-Джонсон синдромы және мультиформалы эритема сияқты ауыр жағымсыз реакциялар; ауыр депрессияны, суицидтен болған өлімді, психоз тәрізді жағдайларды, құрысу ұстамаларын қамтитын психоневрологиялық жағымсыз реакциялар; ауыр гепатоуыттылық, панкреатит және лактацидоз (кейде өлімге әкеп соқтыратын) туралы хабарламалар бар. Сирек жағдайларда бүйрек тарапынан бүйрек жеткіліксіздігі және Фанкони синдромын қоса, бүйректің прокисмальді тубулопатиясы түріндегі жағымсыз әсерлері хабарланған, кейде сүйек патологиясы туралы хабарланған, ол сирек жағдайларда сынуларға алып келген. ЕЕТ препаратын қабылдап жүрген пациенттерде бүйрек функциясын бақылап отыру ұсынылады. АИТВ және ВГВ ко-инфекциясы бар пациенттерде ЕЕТ препаратымен емдеуді тоқтату, гепатиттің ауыр өршуіне түрткі болуы мүмкін. ЕЕТ препаратын тамақтану кезінде қабылдау эфавиренздің экспозициясын жоғарылатуы және жағымсыз реакциялар жиілігінің артуын туғызуы мүмкін.
Жиі (> 1/100 - <1/10 дейін)
- анорексия
Жиі емес (> 1/1000 - <1/100 дейін)
- ауыздың құрғауы
- анық сөйлей алмау
- тәбеттің жоғарылауы
- либидо төмендеуі
- миалгия
Эфавирензбен астасқан жағымсыз әсерлері
Өте жиі (> 1/10)
- бөртпе (орташа және ауыр - 11.6%, барлық ауырлық дәрежелері - 18%)
Жиі (> 1/100 - <1/10 дейін)
- гипертриглицеридемия
- депрессия (1,6% жағдайда ауыр), үрейлену, ұйқының бұзылуы, ұйқысыздық
- мишықтық қимыл-қозғалыс үйлесімділігі мен теңгерімнің бұзылыстары, шаршау, ұйқышылдық (2%), бас ауыру (5,7%), зейін қоюдың бұзылуы (3,6%), бас айналу (8,5%)
- диарея, құсу, абдоминальді ауыру, жүрек айну
- аспартатаминотрансфераза (АСТ), аланинаминотрансфераза (АЛТ), гамма-глутамилтрансфераза (ГГТ) деңгейінің жоғарылауы
- қышыну
Жиі емес (> 1/1000 - <1/100 дейін)
- аса жоғары сезімталдық реакциялары
- гиперхолестеринемия
- суицид әрекеттері, суицидтік ойлар, психоздар, мания, паранойя, елестеулер, эйфория, аффективті орнықсыздық, мәңгіру, озбырлық
- құрысулар, амнезия, патологиялық ойлау, атаксия, қимыл-қозғалыс үйлесімінің бұзылулары, ажитация, тремор
- анық көрмеу, құлақтағы шуыл, вертиго, бас айналу, қан тебулер
- панкреатит, жедел гепатит
- Стивенс-Джонсон синдромы, мультиформалы эритема, ауыр бөртпе
(< 1%)
- гинекомастия
Сирек (> 1/10000 - <1/1000 дейін)
- суицидті жүзеге асыру, еліру, невроз
- бауыр жеткіліксіздігі
- фотоаллергиялық дерматит
Эмтрицитабинмен астасқан жағымсыз әсерлері
Өте жиі (> 1/10)
- бас ауыру
- диарея, жүрек айну
- креатинкиназа деңгейінің жоғарылауы
Жиі (> 1/100 <1/10 дейін)
- нейтропения
- аллергиялық реакциялар
- гипертриглицеридемия, гипергликемия
- ұйқының бұзылуы, ұйқысыздық, бас айналу
- альфа-амилазаның жоғарылауын, сарысудағы липазаның жоғарылауын қоса, қандағы амилаза деңгейінің жоғарылауы, құсу, абдоминальді ауыру, диспепсия
- аспартатаминотрансфераза (АСТ), аланинаминотрансфераза (АЛТ) деңгейінің жоғарылауы, гипербилирубинемия
- бөртпе, қышыну, везикулобуллездік бөртпе, пустулалық бөртпе, макулопапулалық бөртпе, есекжем, тері түсінің өзгеруі (пигментациясының көбеюі)
- ауырулар, астения
Жиі емес (> 1/1000 - <1/100 дейін)
- анемия
- ангионевроздық ісіну, Квинке ісінуі
Тенофовир дизопроксил фумаратымен астасқан жағымсыз әсерлері
Өте жиі (> 1/10)
- гипофосфатемия
- бас айналу
- диарея, жүрек айну, құсу
- бөртпе
- астения
Жиі (> 1/100 - <1/10 дейін)
- абдоминальді ауыру, іштің кебуі, метеоризм
- трансаминаза деңгейінің жоғарылауы
Жиі емес (> 1/1000 - <1/100 дейін)
- панкреатит, гипокалиемия
- рабдомиолиз, бұлшықет әлсіздігі, қаңқа бұлшықеттерінің жедел некрозы
- қандағы креатининнің жоғарылауы, протеинурия, Фанкони синдромын қоса, бүйректің проксимальді тубулопатиясы
Сирек (> 1/10000 - <1/1000 дейін)
- лактоацидоз
- гепатит, бауыр стеатозы
- Квинке ісінуі
- остеомаляция (сүйектердің ауыруымен көрініс береді және сынуларға түрткі болуы мүмкін), миопатия
- бүйректің жедел және созылмалы жеткіліксіздігі, жедел тубулярлық некроз, нефрит (жедел интерстициальді нефритті қоса), нефрогенді қантсыз диабет.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- белсенді компоненттеріне немесе қандай да бір қосымша затына аса жоғары сезімталдық
- бауыр жеткіліксіздігінің ауыр дәрежесі (Чайлд-Пью бойынша С класы)
- КК 50 мл/мин аз бүйрек жеткіліксіздігі
- терфенадин, астемизол, цизаприд, мидазолам, тиазолам, пимозид, бепридилмен немесе қастауыш алкалоидтарымен бір мезгілде қолдану (мысалы, эрготамин, дигидроэрготамин, эргоновин және метилэргоновин), өйткені, аталған препараттардың Р450 цитохромы (CYP) 3А4 үшін эфавирензбен бәсекелесуі аталған препараттар метаболизмінің кідіруіне және ауыр және/немесе өмірге қауіп төндіретін жағымсыз әсерлердің (мысалы, жүрек аритмиясы, ұзаққа созылатын тыныштандыру әсері немесе тыныстың тарылуы) дамуына алып келуі мүмкін
- эфавиренздің плазмалық концентрациялары мен клиникалық тиімділігінің төмендеу қаупі жоғары болғандықтан, құрамында шайқурай (Hypericum perforatum) бар препараттармен бір мезгілде қолдану
- вориконазолмен бір мезгілде қолдану, өйткені, эфавиренз вориконазолдың плазмадағы концентрациясын едәуір төмендетеді, ал вориконазол эфавиренздің плазмадағы концентрациясын едәуір жоғарылатады және таблеткалар түріндегі ЕЕТ біріктірілген препаратындағы дозасының бекітілуіне байланысты, эфавиренздің дозасын түзету мүмкін емес
- жүктілік және лактация кезеңі
- балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Дәрілік препараттармен өзара әрекеттесулеріне зерттеулер жүргізілмеген.
Құрамында осы біріктірілімнің белсенді заттарының кез келгені бар басқа препараттармен бірге қабылдамау керек. Эмтрицитабинмен ұқсастығына байланысты, ЕЕТ препаратын цитидиннің ламивудин сияқты басқа аналогтарымен бірге қолданбаған дұрыс. ЕЕТ препаратын адефовир дипивоксилімен тағайындамау керек.
Эфавиренз CYP3A4, CYP2B6 және UGT1A1 изоферменттерінің индукторы болып табылады. Аталған ферменттердің субстраттары болып табылатын белсенді заттар эфавирензбен бір мезгілде қолданылғанда плазмадағы концентрациясын төмендетуі мүмкін. Эфавиренз CYP2C19 бен CYP2C9 индукторы бола алады; алайда, in vitro байқалған тежегіштігі және аталған ферменттердің субстраттарымен бірге тағайындаудың әсерлері түсініксіз. CYP3A4 белсенділігіне әсер ететін дәрілік заттармен немесе тамақпен (мысалы, грейпфрут шырынымен) бірге қолданылғанда, эфавиренздің әсері өзгеруі мүмкін. Іn vitro және in vivo жүргізілген, дәрілермен өзара әрекеттесулерін фармакокинетикалық зерттеулер, эмтрицитабин мен тенофовир дизопроксил фумаратын қоса, CYP450 үшін басқа препараттармен аралық өзара әрекеттесу ықтималдығының төмендігін көрсетті.
Вирусқа қарсы дәрілік заттарды бір мезгілде қолдану ЕЕТ препараты терфенадин, астемизол, цизаприд, мидазолам, триазолам, пимозид, бепридилмен және қастауыш алкалоидтарымен (мысалы, эрготамин, дигидроэрготамин, эргоновин және метилэргоновинмен) бір мезгілде тағайындалмауы тиіс, өйткені, олардың метаболизмінің бәсеңдеуі ауыр, өмірге қауіп төндіретін салдарларға алып келуі мүмкін.
Вориконазол. Эфавиренздің стандартты дозасы мен вориконазолды қолдану қарсы көрсетілімді. ЕЕТ препаратының бекітілген біріктірілімінде эфавиренздің дозасын өзгертуге мүмкіндік жоқ болғандықтан, вориконазол мен ЕЕТ препараты бірге қолданылмауы тиіс.
Рифампицин. ЕЕТ препаратын рифампицинмен бірге қабылдағанда, күніне 200 мг эфавирензді қосымша қабылдау ұсынылады (барлығы 800 мг).
Бірге қолдану ұсынылмайды
Атазанавир/ритонавир. Эфавиренз, эмтрицитабин және тенофовир дизопроксил фумаратының бекітілген біріктірілімімен атазанавир/ритонавирдің біріктірілімін дозалау жөнінде ұсынымдар беру үшін жеткілікті мәліметтер жоқ. Сондықтан атазанавир/ритонавирді ЕЕТ препаратымен бірге қолдану ұсынылмайды.
Диданозин. Эфавиренз, эмтрицитабин және тенофовир дизопроксил фумаратының бекітілген біріктірілімі мен диданозинді қолдану ұсынылмайды.
Софосбувир / велпатасвир. ЕЕТ препараты мен софосбувир / велпатасвирді бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.
Бүйрек арқылы шығарылатын дәрілік заттар. Эмтрицитабин мен тенофовир көбінесе бүйрек арқылы шығарылатындықтан, ЕЕТ препаратын бүйрек функциясын төмендететін немесе белсенді өзекшелік секреция үшін бәсекелесетін препараттармен (мысалы, цидофовир) қолдану эмтрицитабин, тенофовир және/немесе бір мезгілде қабылданған препараттың сарысудағы концентрациясын арттыруы мүмкін. ЕЕТ препаратын нефроуытты препараттармен, мысалы, аминогликозидамтермен, амфотерицин В, фоскарнет, ганцикловир, валацикловир, валганцикловир, пентамидин, ванкомицин, цидофовирмен немесе интерлейкин-2, ацикловирмен, адефовир дипивоксилімен бір мезгілде немесе жуырда қабылданған жағдайда қолданылуын болдырмау керек.
ЕЕТ препаратының жекелеген компоненттері мен басқа препараттар арасындағы өзара әрекеттесулер.
Ампренавир/Эфавиренз: ампренавир/ритонавир мен ЕЕТ қолдану ұсынылмайды.
Ампренавир/Эмтрицитабин/Тенофовир дизопроксил фумараты: өзара әрекеттесуі зерттелмеген.
Атазанавир/Ритонавир/Тенофовир дизопроксил фумараты: атазанавира/ритонавирді тенофовирмен бірге қолдану тенофовирдің көп шығарылуына алып келеді. Жоғарырақ концентрациясы бүйрек бұзылуларын қоса, тенофовирмен байланысты жағымсыз әсерлерді күшейтуі мүмкін. Атазанавир/ритонавир мен ЕЕТ препаратын қолдану ұсынылмайды.
Атазанавир/Ритонавир/Эфавиренз: Эфавиренздің аздаған ритонавир дозаларымен біріктірілген атазанавирмен өзара әрекеттесуі CYP3A4 индукциясына байланысты, атазанавирдің шығарылуының елеулі азаюына алып келеді, бұл атазанавирдің дозасын құрамында атазанавир бар препаратты медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес түзетуді қажет етеді. Ритонавирмен біріктірілген атазанавир мен эфавиренздің өзара әрекеттесуі эфавиренздің көп бөлініп шығуына алып келуі мүмкін, ол эфавиренздің төзімділігін нашарлатуы ықтимал.
Атазанавир/Ритонавир/Эмтрицитабин: өзара әрекеттесуі зерттелмеген.
Индинавир/Эфавиренз/Эмтрицитабин/Тенофовир дизопроксил фумараты: ЕЕТ препаратымен қолданғанда индинавирді дозалау жөнінде ұсынымдар беру үшін мәліметтер жеткіліксіз. Индинавир концентрациясы төмендеуінің клиникалық маңыздылығы анықталмайынша, құрамында бекітілген біріктірілімнің (эфавиренз, эмтрицитабин және тенофовир дизопроксил фумараты) компоненті эфавиренз бен индинавир бар режимді таңдау кезінде, байқалған фармакокинетикалық өзара әрекеттесудің магнитудасы ескерілуі тиіс.
Лопинавир/Ритонавир/Тенофовир дизопроксил фумараты/Эфавиренз: лопинавир/ритонавирдің эфавирензбен өзара әрекеттесуі лопинавир шығарылуының елеулі азаюына алып келеді, ол лопинавир/ритонавирдің дозасын түзетуді қажет етеді. Эфавирензбен және екі КТНТ-мен біріктіріп 533/133 мг лопинавир / ритонавирді (жұмсақ капсулалар) күніне екі рет қолданғанда, эфавирензсіз күніне екі рет 400/100 мг лопинавир / ритонавирмен (жұмсақ капсулалар) салыстырғанда, лопинавирдің плазмадағы ұқсас концентрациялары алынған. Аталған құрамды эфавирензбен қабылдағанда фармакокинетикалық мәліметтерін анықтап алу үшін, лопинавир/ритонавир таблеткаларын қолдану жөніндегі нұсқаулықты қарау керек. Эфавирензді күніне екі рет 500 мг немесе 600 мг ритонавирмен бірге қабылдағанда, біріктірілімі көтерімді (мысалы, бас айналу, құсу, парестезия және бауыр ферменттері белсенділігінің жоғарылауы пайда болады). Ритонавирдің аздаған дозаларымен (100 мг, күніне бір немесе екі рет) эфавиренздің көтерімділігі жөнінде жеткілікті мәліметтер жоқ.
ЕЕТ препаратымен қолданғанда лопинавир/ритонавирді дозалау жөнінде ұсынымдар беру үшін жеткілікті мәліметтер жоқ. Лопинавир/ритонавир, ритонавир мен ЕЕТ препаратын қолдану ұсынылмайды. ЕЕТ препаратын ритонавирдің аздаған дозалары кірістірілген режимде қабылдағанда, фармакодинамикалық өзара әрекеттесуі мүмкіндігінің салдарынан эфавирензбен байланысты жағымсыз әсерлері жиілігінің арту қаупі жоғарылайды деп шамаланады.
Лопинавир/Ритонавир/Эмтрицитабин: өзара әрекеттесуі зерттелмеген.
Сакинавир/Эфавиренз/Тенофовир дизопроксил фумараты: ЕЕТ препаратын протеазаның бірден-бір тежегіші ретінде сакинавирмен қолдану ұсынылмайды.
Сакинавир/эмтрицитабин: өзара әрекеттесуі зерттелмеген.
Сакинавир/Ритонавир/Эфавиренз: эфавиренздің сакинавир және ритонавир біріктірілімімен өзара әрекеттесу ықтималдылығы туралы қолжетімді мәліметтер жоқ. ЕЕТ препаратымен қолданғанда сакинавирді/ритонавирді дозалау жөнінде ұсынымдар беру үшін жеткілікті мәліметтер жоқ. Сакинавир /ритонавир және ЕЕТ қолдану ұсынылмайды.
КТНТ/Эфавиренз және КТНЕТ/Эфавиренз: эфавиренз және ламивудиннен, зидовудин және тенофовир дизопроксил фумаратынан басқа КТНТ-мен спецификалық өзара әрекеттесуіне зерттеулер жүргізілмеген. Клиникалық тұрғыдан маңызды өзара әрекеттесулері күтілмейді, өйткені КТНТ түрлі жолдармен метаболизденеді және тура сондай метаболизм ферменттерімен шығарылу жолдары үшін бәсекелеспейді. Екі КТНЕТ қолдану тиімділігі мен қауіпсіздігі үшін пайдасы жоқ екенін дәлелдеуіне байланысты бір мезгілде ЕЕТ препараты мен басқа КТНЕТ қабылдау ұсынылмайды.
Диданозин/Тенофовир дизопроксил фумараты: Тенофовир дизопроксил фумараты мен диданозиннің өзара әрекеттесуі диданозиннің жүйелі шығарылуының 40-60% жоғарылауына алып келеді, ол диданозинмен байланысты жағымсыз реакциялар қаупін туғызуы мүмкін. Панкреатит пен лактоацидоздың, кейде өлімге соқтырған сирек жағдайлары туралы хабарланған. Тенофовир дизопроксил фумараты мен күніне 400 мг дозадағы диданозиннің өзара әрекеттесуі CD4 лимфоциттер санының едәуір азаюымен байланысты, бұл фосфорланған (яғни, белсенді) диданозинді арттыратын жасушаішілік өзара әрекеттесу салдарынан болуы мүмкін. Тенофовир дизопроксил фумаратының көмегімен емдеумен өзара әрекеттесетін диданозиннің төмендетілген 250 мг дозасы, бірнеше тестілік біріктірілімдері кезіндегі вирусологиялық қателік дәрежесінің жоғары екенімен байланысты болды. ЕЕТ препараты мен диданозинді қолдану ұсынылмайды.
Диданозин/Эфавиренз, Диданозин/Эмтрицитабин: өзара әрекеттесуі зерттелмеген.
Кларитромицин/Эфавиренз: бөртпе АИТВ инфекциясын жұқтырмаған, эфавиренз бен кларитромицинді қабылдап жүрген еріктілердің 46%-ында дамыған. Кларитромициннің плазмадағы біріктірілімін өзгертудің клиникалық маңызы анықталмаған. Кларитромицинге баламаны (мысалы, азитромицинді) ұсынуға болады. Мысалы, эритромицин сияқты басқа макролидтік антибиотиктер ЕЕТ препаратымен біріктірілімде зерттелмеген.
Кларитромицин/Эмтрицитабин/ Тенофовир дизопроксил фумараты: өзара әрекеттесуі зерттелмеген.
Рифабутин/Эфавиренз: ЕЕТ препаратымен қабылдағанда рифабутиннің күн сайынғы дозасын 50%-ға арттыру керек. Рифабутинді ЕЕТ препаратымен аптасына 2-3 рет қабылдау режимінде рифабутиннің дозасын арттыру көзделеді.
Рифабутин/Эмтрицитабин/Тенофовир дизопроксил фумараты: өзара әрекеттесуі зерттелмеген.
Рифампицин/Эфавиренз/ Тенофовир дизопроксил фумараты: рифампицинді ЕЕТ препаратымен бірге қабылдағанда, күніне 200 мг эфавирензді қосымша қабылдау (барлығы 800 мг) ұсынылады. ЕЕТ препаратымен бірге қабылдағанда рифампициннің дозасын түзету қажет емес.
Рифампицин/ Эмтрицитабин: өзара әрекеттесуі зерттелмеген.
Зеңге қарсы препараттар (итраконазол, вориконазол және т.б.)/ Эфавиренз: ЕЕТ препаратын итраконазолмен бірге қабылдау жөнінде ұсынымдар беру мүмкін емес. Зеңге қарсы баламалы препараттарды қолдану ұсынылады.
Антиконвульсанттар
Карбамазепин/Эфавиренз: ЕЕТ препаратын карбамазепинмен бірге дозалау жөнінде ұсынымдар беру мүмкін емес. Баламалы антиконвульсанттық препараттарды қолдану ұсынылады. Қан плазмасындағы карбамазепин деңгейін мұқият тексеру қажет.
Карбамазепин/Эмтрицитабин/ Тенофовир дизопроксил фумараты: өзара әрекеттесуі зерттелмеген.
Фенитоин, Фенобарбитал және CYP450 изоэнзимдерінің субстраттары болып табылатын басқа антиконвульсанттар: эфавиренз, эмтрицитабин және тенофовир дизопроксил фумаратымен өзара әрекеттесуі зерттелмеген. Эфавирензбен фенитоиннің, фенобарбиталдың және CYP450 изоэнзимдері үшін субстраттар болып табылатын басқа антиконвульсанттардың плазмадағы концентрациясының төмендеу немесе жоғарылау қаупі бар. ЕЕТ препараты CYP450 изоэнзимдері үшін субстраттар болып табылатын антиконвульсанттармен өзара әрекеттескенде антиконвульсанттардың деңгейіне жүйелі түрде мониторинг жүргізу қажет.
Вигабатрин/Эфавиренз/Эмтрицитабин/Тенофовир дизопроксил фумараты, Габапентин/Эфавиренз/ Эмтрицитабин/Тенофовир дизопроксил фумараты: өзара әрекеттесуі зерттелмеген. Клиникалық тұрғыдан маңызды өзара әрекеттесулер күтілмейді, өйткені вигабатрин мен габапентин өзгеріссіз күйде несеппен шығарылады және эфавиренздегідей метаболизмдік энзимдер мен шығарылу жолдары үшін бәсекелесу ықтималдығы аз. ЕЕТ препараты мен вигабатрин немесе габапентин дозасын түзетусіз өзара әрекеттесуі мүмкін.
Антидепрессанттар, серотонинді кері қармаудың тежегіштері (СКҚТ)
Сертралин/Эфавиренз/ Эмтрицитабин/ Тенофовир дизопроксил фумараты: клиникалық есепке сәйкес, ЕЕТ препаратымен өзара әрекеттескенде сертралин дозасын арттыру көрсетілген.
Пароксетин/Эфавиренз/ Эмтрицитабин/ Тенофовир дизопроксил фума-раты: ЕЕТ препараты мен пароксетинді дозасын түзетпей қолдануға болады.
Флуоксетин/Эфавиренз/ Эмтрицитабин/ Тенофовир дизопроксил фумараты: ЕЕТ препараты мен флуоксетинді дозасын түзетпей қолдануға болады.
Кальций өзекшелерінің тежегіштері
Дилтиазем/Эфавиренз: клиникалық сауалға сәйкес, ЕЕТ препаратымен өзара әрекеттескен кезде дилтиаземнің дозасын түзету көрсетілген.
Верапамил, фелодипин, нифедипин және никардипин: эфавирензбен, эмтрицитабинмен және тенофовир дизопроксил фумаратымен өзара әрекеттесуі зерттелмеген. Эфавиренз CYP3A4 изоэнзимдері үшін субстраттар болып табылатын кальций өзекшелерінің тежегіштерімен өзара әрекеттескенде, кальций өзекшелері тежегіштерінің плазмадағы концентрациясының төмендеуі немесе жоғарылауы үшін қауіп бар. Клиникалық есепке сәйкес, ЕЕТ препаратымен қолданғанда кальций өзекшелері тежегіштерінің дозасын түзету көрсетілген.
Липидтер концентрациясын төмендететін препараттар
Аторвастатин/Правастатин/Симвастатин/Эфавиренз: аторвастатин, правастатин немесе симвастатинді ЕЕТ препаратымен қолданғанда, холестерол деңгейіне жүйелі түрде мониторинг жүргізу қажет. Статиндердің дозасын түзету (статинді медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес) қажет болуы мүмкін.
Гормональді контрацептивтер
Этинилэстрадиол/Эфавиренз/Тенофовир дизопроксил фумараты, Норгестимат/Этинилэстрадиол/Эмтрицитабин: ЕЕТ компоненті эфавиренздің ішуге арналған контрацептивтермен өзара әрекеттесу ықтималдығы толық сипатталмағандықтан, ішуге арналған контрацептивтерге қосымша бөгеттік контрацепцияның сенімді әдістерін пайдалану керек.
Апиындар
Метадон/Эфавиренз//Тенофовир дизопроксил фумараты: АИТВ инфекциясы бар, дәріні вена ішіне қабылдап жүрген пациенттермен жүргізілген зерттеулерде, эфавиренздің метадонмен өзара әрекеттесуі метадонның плазмадағы концентрациясының төмендеуіне және апиындардың абстиненциясы белгілеріне алып келеді. Абстиненция синдромын жеңілдету үшін, метадонның дозасы, орташа есеппен, 22%-ға арттырылуы тиіс. Метадон мен ЕЕТ препаратын қабылдап жүрген пациенттерде абстиненция белгілерінің бар-жоғын тексеру керек, абстиненция синдромын жеңілдету үшін метадонның дозасы арттырылуы тиіс.
Өсімдіктен алынған дәрілік препараттар
Шайқурай (Hypericum perforatum)/Эфавиренз/Эмтрицитабин/Тенофовир дизопроксил фумараты: шайқураймен қатарлас қолданғанда шайқурайдың көмегімен метаболиздейтін ферменттердің және/немесе тасымалдағыш ақуыздардың индукциялануына байланысты, эфавиренздің плазмадағы концентрациясы төмендеуі мүмкін. ЕЕТ препараты мен шайқурайды қолдану қарсы көрсетілімді. Егер пациент шайқурайды бұрыннан қабылдап жүрсе, оны қабылдауды тоқтатып, вирустық жүктемесін және, егер мүмкін болса, эфавиренздің концентрациясын тексертуі керек. Шайқурай қабылдауды тоқтатқанда эфавиренз концентрациясы жоғарылауы мүмкін. Шайқурайдың қоздырғыш әсері емдеуді тоқтатқаннан кейін кемінде 2 апта бойы сақталуы мүмкін.
Басқа препараттармен байланысты зерттеулер
Эфавирензді азитромицин, цетиризин, лоразепам, нелфинавир, зидовудинмен, алюминий/магний гидроксиді антацидтерімен, фамотидин немесе флуконазолмен бірге қабылдағанда, клиникалық маңызды фармакокинетикалық өзара әрекеттесулер болмайды. Эфавиренздің кетоконазол сияқты зеңге қарсы басқа имидазолдармен өзара әрекеттесу ықтималдығы зерттелмеген.
Эмтрицитабинді ставудин, зидовудин немесе фамцикловирмен бірге қабылдағанда клиникалық маңызды фармакокинетикалық өзара әрекеттесулер болмайды. Тенофовир дизопроксил фумаратын адефовир дизопроксилімен, эмтрицитабин, нелфинавир немесе рибавиринмен бірге қабылдағанда, клиникалық маңызды фармакокинетикалық өзара әрекеттесулер болмайды.
Айрықша нұсқаулар
Басқа препараттармен бір мезгілде қолдану
ЕЕТ препараты әсер етуші заттар эфавиренз, эмтрицитабин және тенофовир дизопроксил фумаратының бекітілген біріктірілімі болып табылатындықтан, оны құрамында оның белсенді ингредиенттерінң кез келгені, атап айтқанда: эфавиренз (Стокрин, Сустива және т.б.), эмтрицитабин (Эмтрива, Трувада (эмтрицитабин/тенофовир дизопроксил фумараты) және т.б.) немесе тенофовир дизопроксил фумараты (Виреад және т.б.) бар басқа дәрілік заттармен бір мезгілде тағайындауға болмайды. Қасиеттері бірдей болғандықтан, эмтрицитабинді цитидин аналогтарының кез келгенімен, мысалы, ламивудинмен және құрамында ламивудин бар препараттармен, соның ішінде Комбивир (ламивудин/зидовудин), Эпивир немесе Зеффикс (ламивудин), Эпзиком (абакавир сульфаты/ламивудин), Тризивирмен (абакавир сульфаты/ламивудин/зидовудин) бір мезгілде тағайындамаған дұрыс.
Басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Эфавиренздің плазмалық концентрациялары CYP3A субстраттарын, тежегіштері мен индукторларын өзгертуі мүмкін. Эфавиренз CYP3A арқылы метаболизденетін дәрілік заттардың плазмалық концентрацияларын өзгертуі мүмкін («Дәрілермен өзара әрекеттесуі» бөлімін қараңыз).
Лактацидоз / стеатозбен жүретін ауыр гепатомегалия
Нуклеозидтер аналогтарын монотерапияда немесе басқа антиретровирустық дәрілермен біріктіріп қолданғанда лактацидоз және өлім жағдайларын қоса, стеатозбен жүретін ауыр гепатомегалия байқалған. Көпшілік жағдайларда, көрсетілген құбылыстар әйелдерде байқалған. қауіп факторлары: шамадан тыс дене салмағы және нуклеозидтер аналогтарын ұзақ уақыт қолдану. Бастапқы симптомдары (симптоматикалық гиперлактатемия): ас қорыту мүшелері тарапынан симптомдар (жүрек айну, құсу, іш ауыруы), себепсіз дімкәстану, тәбеттің болмауы, дене салмағын жоғалту, тыныс алу жүйесі тарапынан симптомдар (ентігу) немесе неврологиялық симптомдар (соның ішінде, қимыл-қозғалыс әлсіздігі).
Лактацидоз өлім көрсеткішінің жоғарылауына алып келген және панкреатитпен, бауыр немесе бүйрек функциясының жеткіліксіздігімен байланысты болуы мүмкін еді. Лактацидоз, әдетте, емдеу басталғаннан кейін бірнеше айдан соң туындаған.
Симптоматикалық гиперлактатемия және метаболизмдік лактацидоз, үдемелі гепатомегалия немесе аминотрансферазалар деңгейлерінің жылдам жоғарылаулары тіркелген жағдайда, нуклеозидтердің аналогтарымен емдеу тоқтатылуы тиіс.
Нуклеозидтер аналогтарын қабылдауды гепатомегалиядан, гепатиттен зардап шегіп жүрген немесе бауыр ауруымен және майлы гепатозбен байланысты кез келген басқа қауіп факторы бар (соның ішінде, белгілі бір дәрілік препараттарды қолданудың және алкоголь пайдаланудың нәтижесіндегі) кез келген пациентке (әсіресе, дене салмағы шамадан тыс әйелдерге) сақтықпен тағайындау керек. Алайда, көрсетілген құбылыстар туралы, белгілі қауіп факторлары жоқ пациенттерде де хабарланған. Бір мезгілде С гепатиті инфекциясын жұқтыру және альфа-интерферонмен және рибавиринмен қатарлас емдеу айрықша қауіп төндіреді.
Қауіп дәрежесі жоғары пациенттер айрықша бақылауда болуы тиіс.
Оппортунистік инфекциялар
ЕЕТ препаратын немесе кез келген басқа антиретровирустық препаратты қабылдау оппортунистік инфекциялардың және АИТВ инфекциясының басқа асқынуларының дамуымен қатар жүруі мүмкін. Сондықтан, АИТВ-мен астасқан инфекциялары бар пациенттерді емдеуде тәжірибесі бар дәрігердің тұрақты клиникалық қадағалауы қажет.
АИТВ берілуі
Пациенттерге, антиретровирустық ем, соның ішінде, ЕЕТ препаратымен емдеудің де, АИТВ басқа адамдарға жыныстық қатынастар арқылы немесе қанмен берілуі қаупіне бөгет бола алмайтындығын айту керек. Емдеуді бастауға дейінгі сақтану шараларын пайдалануды жалғастыра беру қажет.
Бауыр аурулары
Бауырдың күрделі ауруларынан зардап шегіп жүрген пациенттерде, ЕЕТ препаратының фармакокинетикасы, қауіпсіздігі және тиімділігі зерттелмеген. ЕЕТ препаратын бауыр функциясының ауырлығы орташа және ауыр дәрежедегі бұзылулары бар пациенттерге қолдануға болмайды. Эфавиренз, негізінен, Р450 цитохромы жүйесінде (СYР 450), метаболизденетініне байланысты, препаратты бауыр аурулары бар пациенттерге тағайындағанда сақтық шараларын қолдану қажет. Аталған пациенттерде эфавирензге жағымсыз реакцияларға мұқият мониторинг, әсіресе, жүйке жүйесі тарапынан симптомдарға мониторинг жүргізу қажет. Бауыр ауруының ауырлық дәрежесін бағалау үшін жүйелі аралықтармен зертханалық зерттеулер жүргізу қажет.
Бұрын бауыр дисфункциясы, соның ішінде созылмалы белсенді гепатиттер де тіркелген пациенттерде біріктірілген антиретровирустық ем кезінде бауыр функциясының бұзылу жиілігінің артуы байқалды, сондықтан олар стандартты практикаға сәйкес мониторингтеуден өту керек. Егер бауыр ауруы ағымының нашарлау белгілері немесе сарысудағы трансаминазалар белсенділігінің нормамен салыстырғанда 5 еседен артық жоғарылауы болса, ЕЕТ препаратымен емдеудің пайдасын айқын гепатоуыттылықтың ықтимал қаупімен салыстыру қажет. Ондай пациенттер үшін емдеуде үзіліс жасау немесе тоқтату туралы шешім қабылданады.
Бауырдың уыттануын туғызатын басқа дәрілік препараттермен емделіп жүрген пациенттерге де бауыр ферменттерін мониторингтеу ұсынылады.
В немесе С гепатиті вирусы инфекциясының белгілі немесе болжамды анамнезі бар пациенттерге және бауырға уытты әсер беретін басқа препараттармен ем қабылдаған пациенттерге бауыр ферменттерінің деңгейін мониторингтеу ұсынылады. Сарысудағы трансаминазалар белсенділігінің қалыптың жоғарғы шегінен 5 еседен артық тұрақты жоғарылауы бар науқастарда ЕЕТ препаратымен емдеудің пайдасын бауырға айқын уыттылығының белгілі қауіптерімен салыстыру қажет.
АИТВ және ВГВ немесе ВГС ко-инфекциясы бар пациенттер
Антиретровирустық емді бастар алдында АИТВ-1 инфекциясы бар барлық пациенттерде В гепатиті вирусынан (ВГВ) және С гепатиті вирусынан (СГВ) туындаған созылмалы инфекцияның бар-жоғын зерттеу ұсынылады. Созылмалы В немесе С гепатиттері бар, емделіп жүрген және біріктірілген антиретровирустық емді қабылдаған пациенттерде бауыр тарапынан ауыр және өлімге соқтыруы ықтимал жағымсыз реакциялардың туындау қаупі жоғары. Дәрігерлер бір мезгілде ВГВ инфекциясын жұқтырған пациенттерде аурудың оңтайлы емделуі үшін, АИТВ-инфекциясын емдеу жөніндегі қолданыстағы нормативтік құжаттарды басшылыққа алуға міндетті. В және С гепатиттерінің вирусқа қарсы қатарлас емі кезінде де, препараттарды қолдану жөніндегі нұсқаулықтарды қарау ұсынылады.
ЕЕТ препаратының созылмалы В гепатитін емдеу үшін қауіпсіздігі мен тиімділігі зерттелмеген. Фармакодинамикалық зерттеулер кезінде эмтрицитабин мен тенофовир бөлек және біріктірілгенде ВГВ қарсы белсенді қасиеттерін көрсеткен. Шектеулі клиникалық тәжірибе, эмтрицитабин мен тенофовир дизопроксил фумараты, оларды АИТВ-инфекциясын емдеу үшін антиретровирустық препараттар ретінде қолданғанда ВГВ қарсы белсенді екендігіне болжам жасауға мүмкіндік береді. АИТВ инфекциясы бар пациенттерде тенофовир дизопроксил фумаратымен емдеуді тоқтату нәтижесінде гепатит асқынуларын байқауға болады. Ондай асқынулар қатарлас АИТВ инфекциясынсыз ВГВ инфекциясы бар пациенттерде де байқалған, және ең алдымен олар ВГВ ДНҚ қайта пайда болуымен бірге қан сарысуындағы АЛТ белсенділігінің жоғарылауымен білінген. Кейбір пациенттерде ВГВ қайта белсенділенуі бауырдың ауыр дәрежедегі ауруымен, соның ішінде бауыр функциясының жеткіліксіздігімен немесе декомпенсациясымен байланысты болған. АИТВ инфекциясы бар, сондай-ақ, ВГВ инфекциясын да жұқтырған пациенттер, ЕЕТ препаратымен емдеуді тоқтатудан кейін кемінде төрт ай бойы мұқият клиникалық және зертханалық қадағалауда болуы тиіс. Тенофовир дизопроксил фумаратын немесе эмтрицитабинді қабылдауды қайта бастау емдеу курсынан кейін гепатиттің өршуіне ықпал етуіне жеткілікті дәлелдер жоқ.
Қажет болған жағдайда, В гепатитінің вирусқа қарсы емін бастау туралы мәселені қарастыру керек.
Психикалық симптомдар
Эфавирензбен емделген пациенттерде психоневрологиялық жағымсыз реакциялар болған. Бұрын психоневрологиялық бұзылыстар байқалған пациенттерде осындай жағымсыз реакциялар қаупі жоғары болған. Психиатриялық симптомдар жиілігінің артуымен астасатын басқа факторлар, анамнездегі инъекциялық есірткілердің қолданылуы, зерттеуге кіріскен сәтте психикалық ауруларды емдеуге арналған препараттарды қабылдау болды.
Атап айтқанда, осының алдында психоневрологиялық анамнезі болған адамдарда ауыр депрессиялар жиі туындап отырған. Сонымен қатар, суицид нәтижесіндегі өлім жағдайлары, маниакальді жағдайлар және психоздар туралы маркетингтен кейінгі хабарламалар келіп түскен, әйтсе де, аталған хабарламалардың мәліметтер бойынша эфавирензді қолданумен себептік байланысын анықтау мүмкін емес. Пациенттерге, ауыр депрессия, психоз симптомдары немесе суицидтік ойлар пайда болған жағдайда, олар бұл симптомдардың эфавиренз қабылдаумен байланысты-байланысты емесін анықтау үшін дереу дәрігерге жүгінуі және егер ол расталса, емдеуді жалғастырудың пайдасы қаупінен асып түсетін-түспейтінін анықтауы тиіс екенін айту қажет.
Жүйке жүйесі тарапынан симптомдар
Жүйке жүйесі тарапынан болатын, эфавирензбен байланысты симптомдар әдетте емдеудің бірінші немесе екінші күні басталады және әдетте екі-төрт аптадан соң басылады. Пациенттерге, егер ондай симптомдар туындаса, онда олар көп жағдайда емдеуді жалғастырған кезде басылатынын және тіпті әлсіз түрде де пайда болмайтыны туралы айту қажет. Эфавиренз көтерімділігін жақсарту және жүйке жүйесі тарапынан жағымсыз құбылыстарды болдырмау үшін препаратты ұйықтар алдында қабылдау ұсынылады. Пациенттерге этенем мен алкоголь немесе психобелсенді дәрілерді бір мезгілде қолданғанда орталық жүйке жүйесі тарапынан қосымша жағымсыз әсерлердің туындауы мүмкін екенін айту қажет.
Құрысулар
Құрысулар эфавирензді қабылдаған пациенттерде, әдетте, анамнезінде құрысулар мен конвульсиялар болған жағдайда байқалған. Негізінен бауыр арқылы метаболизденетін, фенитоин, карбамазепин және фенобарбитал сияқты антиконвульсанттарды қабылдап жүрген пациенттерге олардың қан плазмасындағы деңгейлерін жүйелі түрде мониторингтеу қажет болуы мүмкін. Дәрілік препараттардың өзара әрекеттесуін зерттеуде карбамазепинді эфавирензбен бір мезгілде қабылдағанда, карбамазепиннің плазмадағы концентрациялары арта түскен. Анамнезінде құрысу ұстамалары бар пациенттердің барлығы сақтық шараларын қолдануы тиіс.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Эмтрицитабин мен тенофовир негізінен бүйрек арқылы бөлініп шығады. Эфавиренз организмнен бүйрек арқылы бөлініп шықпайды. ЕЕТ препараты бүйректің орташа немесе ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге ұсынылмайды. Бүйректің бірқалыпты немесе орташа жеткіліксіздігі бар пациенттерде эмтрицитабин мен тенофовир дизопроксил фумаратының дозалануын ретке келтіру қажет, бекітілген біріктірілімін тағайындағанда оған қол жеткізілмейді. Нефроуытты дәрілік препараттарды бір мезгілде тағайындағанда ЕЕТ препаратының қолданылуын болдырмау керек. Егер ЕЕТ препараты мен нефроуытты препараттарды (аминогликозидтер, амфотерицин, фоскарнет, ганцикловир, пентамидин, ванкомицин, цидофовир, интерлейкин-2) бір мезгілде тағайындамауға мүмкіндік болмаса, бүйрек функциясына апта сайын мониторинг өткізіп отыру керек.
Тенфовир дизопроксил фумаратын клиникалық тәжірибеде қабылдағанда бүйрек жеткіліксіздігі, бүйрек функциясының бұзылуы, креатинин деңгейінің жоғарылауы, гипофосфатемия және проксимальді тубулопатия (Фанкони синдромын қоса) туындаған.
ЕЕТ препаратымен емдеуді бастамас бұрын барлық пациенттерде креатинин клиренсін есептеп шығару ұсынылады, сондай-ақ, емдеудің алғашқы жылы бойына бүйрек функциясын (креатинин клиренсі мен сарысудағы фосфаттар деңгейін) апта сайын, содан соң – әрбір үш ай сайын тексеріп отыру қажет. Анамнезінде бүйрек функциясының бұзылуы болған пациенттерде немесе бүйрек функциясының бұзылу қаупі бар пациенттерде бүйрек функциясын жиірек мониторингтеу туралы шешім қабылдау керек.
Егер ЕЕТ препаратын қабылдап жүрген кез келген пациентте қан сарысуындағы фосфаттар деңгейі < 1,5 мг/дл (0,48 ммоль/л) болса немесе креатинин клиренсі < 50 мл/минутқа дейін төмендесе, қан мен несептегі глюкозаны, қандағы калийді анықтауды қоса, бүйрек функциясын бағалауды апта сайын жүргізу қажет («Жағымсыз әсерлері» бөлімін, проксимальді тубулопатияны қараңыз). ЕЕТ біріктірілген препарат болып табылатынын және оның жекелеген компоненттерінің дозасын өзгерту мүмкін емес болғандықтан, креатинин клиренсі < 50 мл/мин немесе сарысудағы фосфаттар деңгейі < 1,0 мг/дл дейін (0,32 ммоль/л) төмендеген пациенттерде ЕЕТ препаратымен емдеуді тоқтату керек. ЕЕТ препаратының құрамына кіретін компоненттердің біреуімен емдеу тоқтатылатын немесе дозасын өзгерту қажет болған жағдайда эфавирензді, тенофовир дизопроксил фумаратын немесе эмтрицитабинді жеке-жеке пайдалануға болады.
Тері реакциялары
Ауырлығы орташадан бірқалыпты дәрежеге дейінгі бөртпе ЕЕТ препаратының жекелеген компоненттеріне реакция ретінде анықталды. Эфавирензден туындаған бөртпелер, әдетте, емдеуді жалғастырған кезде басылады. Сәйкесінше антигистаминдік және/немесе кортикостероидтық препараттар бөртпелердің көтерімділігін жақсартуы және емделуін жеделдетуі мүмкін. Күлдіреуіктер, сулы қабыршықтану, ойық жаралар түріндегі ауыр дәрежедегі бөртпелер эфавирензді қабылдаған пациенттердің 1%-нан азында туындаған. Мультиформалы эритеманың немесе Стивенс-Джонсон синдромының туындау жиілігі шамамен 1% құрады. Күлдіреуіктер, сулы қабыршықтану, ойық жаралар түріндегі ауыр дәрежедегі бөртпе немесе қызба жағдайы дами бастаған пациенттерде ЕЕТ препаратымен емдеу тоқтатылуы тиіс. Транскриптазаның басқа нуклеозидтік емес тежегіштерімен емделуді бөртпенің себебінен тоқтатқан пациенттерде ЕЕТ препаратымен емделу кезінде бөртпелердің даму қаупі жоғары болады.
Липодистрофия және метаболизм бұзылулары
Біріктірілген антиретровирустық ем, висцеральді семіздік, дорсоцервикальді май жиналуын («буйвол өркеші»), АИТВ инфекциясын жұқтырған пациенттерде аяқ-қолдағы май тіндерінің арылуын, сүт бездерінің ұлғаюын және семіздіктің кушингоидты типін қоса, дененің май тіндерінің қайта таралуымен/жинақталуымен (липодистрофия) байланыстырылады. Қазіргі кезде аталған құбылыстардың кейіннен білінетін салдарлары белгісіз.
Висцеральді липоматоз бен протеаза тежегіштері және липодистрофия мен кері транскриптазаның нуклеозидтік тежегіштері арасындағы байланыс болжамды болып табылады. Липодистрофия қаупінің жоғарылауы жекелеген факторлармен байланыстырылады: жас егделігі, дәрілік препараттарды қабылдаумен байланысты факторлар, мысалы, антиретровирустық емнің ұзаққа созылуы және сонымен байланысты метаболизмдік бұзылулар. Клиникалық қадағалауға майдың қайта таралуының физикалық белгілерін бағалау кірістірілуі тиіс. Аш қарында қан сарысуындағы глюкоза мен липидтер деңгейін бақылау туралы шешім қабылдау керек. Алмасуының бұзылуын клиникалық ұсынымдарға сәйкес емдеу керек.
Ас ішудің әсері
ЕЕТ препаратын тамақпен бірге қабылдау эфавиренз концентрациясының жоғарылауына және жағымсыз реакциялары жиілігінің артуына алып келуі мүмкін. Эфавиренз көтерімділігін жақсарту және жүйке жүйесі тарапынан жағымсыз құбылыстарды болдырмау үшін препаратты ұйықтар алдында қабылдау ұсынылады.
Иммундық қайта белсенділену синдромы
АИТВ-инфекциясын жұқтырған, ауыр иммундық тапшылығы бар пациенттерде біріктірілген антиретровирустық емді (БАРЕ) тағайындағанда және симптомсыз және қалдықтық оппортунистік патогендерге қабыну реакцияларының жиілеуі және ауыр клиникалық жағдайлардың немесе симптомдар өршуінің туындауына себеп болуы мүмкін. Негізінен, ондай реакциялар БАРЕ тағайындаған кезде емнің алғашқы бірнеше аптасында немесе айында байқалады. Маңызды мысалы цитомегаловирустық ретинит, жайылған және/немесе жергілікті микобактериялық инфекциялар және Pneumocystis carinii-ден туындаған пневмония болып табылады. Біріктірілген антиретровирустық емнің бастапқы фазасы кезінде пациенттерде иммундық жүйе белсенді емес немесе шартты-патогенді (оппортунистік) инфекцияларға (Mycobacterium avium, цитомегаловирусқа, Pneumocystis jirovecii pneumonia, туберкулез) қабыну үдерісінің дамуымен реакция беруі мүмкін. Қажет болған жағдайда қабынудың кез келген симптомдарына баға берілуі және сәйкесінше ем тағайындалуы тиіс.
Остеонекроз
Этиологиясы көп факторлы (кортикостероидтар қолдануды, алкогольді шамадан тыс қолдануды, ауыр иммуносупрессияны, дене салмағы индексінің жоғарылауын қоса) болып табылады деп есептелсе де, остеонекроз жағдайлары АИТВ-инфекциясының айқын көріністері бар пациенттерде және/немесе ұзаққа созылған БАРЕ жағдайында байқалған. Пациенттерге буындардың ауыруы, буындардың құрысу сезімі немесе қимыл-қозғалыстың қиындағаны туындаған жағдайда дәрігерге жүгіну керектігі ескертілуі тиіс.
Сүйек жүйесі. АИТВ-1 инфекциясын жұқтырған, анамнезінде патологиялық сыну болған немесе остеопения қаупі бар пациенттерде сүйек тінінің минералдық тығыздығына (СТМТ) мониторинг өткізу қажет. D дәруменімен біріктірілген кальций препараттарының тиімділігі зерттелмегенімен, аталған препараттарды қолдану барлық пациенттерге пайдалы болуы мүмкін. Егер сүйектер тарапынан жағымсыз реакцияға күдік болса, сәйкесінше, кеңеске жүгіну қажет. Тенофовир дизопроксил фумаратын қолданғанда, омыртқа бағанының бел бөлігі мен жамбас аумағында СТМТ төмендегені, клиникалық тұрғыдан елеулі сынулар (қол мен ақ саусақтарынан басқа), сүйек метаболизмінің биохимиялық маркерлері деңгейінің айқын жоғарылауы (сарысудағы сүйекке тән сілтілік фосфатаза, сарысудағы остеокальцин, сарысудағы С-телопептид, несепті N-телопептиді), сарысудағы паратиреоидты гормон мен 1,25- дигидрокси D дәрумені деңгейінің артуы туралы хабарланған. Тенофовир дизопроксил фумаратын қолданғандағы остеомаляция (бүйректің проксимальді тубулопатиясымен астасқан) жағдайлары туралы хабарламалар болған.
Каннабиноидтармен өзара әрекеттесуін зерттеулер
Эфавиренз каннабиноидтардың рецепторларына әсер етпейді.
АИТВ-1 мутациялары бар пациенттер
K65R, M184V/І немесе K103N мутацияларымен АИТВ-1 штаммдарын жұқтырған пациенттерге ЕЕТ препаратының тағайындалуын болдырмау керек.
Егде жастағы пациенттер.
Егде жастағы пациенттерде бауыр, бүйрек немесе жүрек функциялары бұзылуларының жиілігі арта түсетінін, қатарлас ауруларын және басқа дәрі-дәрмектік емді ескере отырып, аталған пациенттерге ЕЕТ препаратын сақтықпен тағайындау керек.
Балалар мен жасөспірімдер
ЕЕТ препаратын балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерде қолдану ұсынылмайды, өйткені, препаратты пациенттердің аталған санатында қолданудың тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы мәліметтер жоқ.
Контрацепция
Бала туатын жастағы, ЕЕТ препаратын қабылдап жүрген әйелдер жүктіліктен сақтануы тиіс. ЕЕТ препаратын қабылдау кезінде контрацепцияның бөгеттік тәсілдері әрдайым контрацепцияның басқа әдістерімен (мысалы, гормональді контрацептивтік дәрілер) бірге қолданылуы тиіс. Эфавиренздің жартылай ыдырау кезеңі ұзақ болғандықтан, препаратты қабылдауды тоқтатқан соң кемінде 12 апта бойы контрацепцияның тиісті шараларын қолдану қажет. Бала туатын жастағы әйелдер ЕЕТ препаратын қабылдауды бастар алдында жүктіліктің бар-жоғын анықтау үшін тестілеуден өтуі тиіс.
Жүктілік және лактация кезеңі
Әсер етуші заттары эфавиренз, эмтрицитабин және тенофовир дизопроксил фумараты мен оның компоненттерінің бекітілген біріктірілімінің жүкті әйелдердегі тиімділігі мен қауіпсіздігі талапқа сай және жақсы бақыланған зерттеулер жүргізілмегендіктен, ЕЕТ препаратын жүктілік кезінде қабылдау ұсынылмайды.
АИТВ берілу қаупі екі есе және препараттың белсенді компоненттерінің нәрестеге елеулі теріс жағымсыз әсер беруі мүмкін болғандықтан, аналарына ЕЕТ препаратын қолдану кезінде бала емізуге болмайтынын айту керек.
Дәрілік заттың автокөлікті басқару және механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері.
Автокөлік басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсеріне қатысты ешқандай зерттеулер жүргізілмеген. Дегенмен, пациенттер тенофовир дизопроксил фумаратымен емделу кезінде бас айналу байқалғанынан хабардар болуы тиіс. Эфавиренз бас айналуын, зейін қоюдың бұзылуын және/немесе ұйқышылдықты туғызуы мүмкін. Пациенттерге, егер олар аталған симптомдарды бастан өткерсе, олардың көлік жүргізу немесе машиналарды пайдалану сияқты қауіптілігі зор жұмыстардан аулақ болуы тиіс екені туралы нұсқау берілуі тиіс.
Артық дозалануы
Симптомдары: Жүйке жүйесі тарапынан жағымсыз құбылыстар күшейеді.
Емі: пациентті уыттылық белгілеріне қатысты мониторингтеу және қажет болған жағдайда – демеуші ем. Сіңірілмеген эфавиренздің шығарылуына ықпал ету үшін белсендірілген көмір енгізуді қолдануға болады. Эфавирензбен артық дозалануды емдеуге арналған арнайы антидот жоқ. Гемодиализ эмтрицитабин (дозасының 30%-ын) мен тенофовирді (дозасының 54%-ын) шығара алады, бірақ, эфавирензді қаннан айтарлықтай шығара алмауы ықтимал.
Эмтрицитабин дозасының 30%-ға дейінгісін және тенофовир дозасының шамамен 10%-ын гемодиализ көмегімен шығаруға болады. Эмтрицитабин немесе тенофовирді перитонеальді диализ арқылы шығаруға болатын-болмайтыны белгісіз.
Шығарылу түрі және қаптамасы
30, 90 немесе 180 таблеткадан тығыздығы жоғары полиэтиленнен жасалған, бұралатын қақпағы бар контейнерге салынған.
Бір контейнерден медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 30С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардын босатылу шарттары
Рецепт арқылы.
Өндіруші / Тіркеу куәлігінің ұстаушысы
Маcleods Pharmaceuticals Limited, Үндістан
304, Atlanta Arcade, Marol Church Road, Andheri (East), Mumbai – 400 059
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдар (ұсыныстар) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта):
«Macleods Pharmaceuticals Limited» ЖШК филиалы,
Қазақстан Республикасы
Алматы қ., Төлебаев к-сі 38/61, 5 қабат
Тел./факс +7 727 2734593
E-mail: regulatorykazakh@macleodspharma.com Департамента
специализированной экспертизы ЛС Дерябин П.Н.