Дупрост

МНН: Дутастерид
Производитель: Ципла Лтд
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Dutasteride
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№121949
Период регистрации: 30.12.2015 - 30.12.2020

Инструкция

Саудалық атауы

ДУПРОСТ

Халықаралық патенттелмеген атауы

Дутастерид

Дәрілік түрі

Жұмсақ капсулалар 0,5 мг

Құрамы

Бір капсула құрамында

белсенді зат - дутастерид 0,5 мг,

қосымша заттар: бутилгидрокситолуол, каприн каприл қышқылының моно және диглицеридтері,

Жұмсақ капсуланың құрамы: желатин, глицерин, титанның қостотығы (Е 171), темірдің сары тотығы (Е 104), тазартылған су, лецитин, ұзындығы орташа триглециридтер.

Сипаттамасы

Бір жағында қызыл сиямен ұзыннан жазылған «DSG 0.5» жазуы бар, күңгірт, сары түсті, сопақша пішінді, жұмсақ желатинді капсулалар. Капсула ішінде – мөлдір майлы ерітінді.

Фармакотерапиялық тобы

Урологиялық ауруларды емдеуге арналған препараттар. Простатаның қатерсіз гипертрофиясын емдеуге арналған препараттар. Тестостерон 5α-редуктазасының тежегіштері. Дутастерид

АТХ коды G04СВ02

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңірілуі

0,5 мг бір дозаны қабылдағаннан кейін дутастеридтің сарысудағы ең жоғарғы концентрациясына 1-3 сағ ішінде жетеді. Абсолюттік биожетімділігі шамамен 60% құрайды және тағам қабылдауға байланысты емес.

Таралуы

Дутастеридтің таралу көлемі едәуір (300-ден 500 л дейін) және қан плазмасының ақуыздарымен байланысудың жоғарғы дәрежесіне ие (>99,5%).

Препараттың 0,5 мг күнделікті қабылдаудың 6 айынан кейін сарысуда (Css) шамамен 40 нг/мл тең дутастеридтің тұрақты концентрациялары белгіленеді, оған қоса бұл деңгейдің 65%-ына қабылдауды бастағаннан кейін 1 айдан соң -ақ және шамамен 90% - 3 айдан соң жетеді. Сарысудан шәуһетке шамамен 11,5% дутастерид түседі.

Метаболизмі

Дутастерид екі моногидроксилирленген метаболитке дейін Р450 цитохром жүйесінің CYP3A4 ферментімен метаболизденеді. Дутастеридтің тұрақты концентрациясына жеткеннен кейін сарысуда өзгермеген дутастерид, оның үш ірі метаболиті және 2 ұсақ метаболиті анықталады.

Шығарылуы

0,5 мг препаратты қабылдағаннан кейін тәулігіне қабылданған дозаның 1,0-ден 15,4% (орташа есеппен 5,4%) өзгермеген күйде нәжіспен шығарылады, дозаның қалған бөлігі материалдардың әрбірі 39%, 21%, 7% және 7% қамтитын 4 ірі метаболит және 6 ұсақ метаболит (әрбірі 5% төмен) түрінде шығарылады.

Адамда несеппен өзгермеген дутастеридтің ізді мөлшері (қабылданған дозаның 0,1% төмені) бөлінеді.

Дутастеридтің шығарылуы дозаға тәуелді болып табылады және процесс элиминацияның қатарлас екі процесі ретінде сипатталуы мүмкін, оның біреуі қаныққан және екіншісі қанықпаған болып табылады. Төменгі концентрацияларда сарысуда (3 нг/мл төмен) дутастерид екі процестің көмегімен жылдам шығарылады. 5 мг немесе одан төмен дозада бір рет қабылдағаннан кейін дутастерид организмнен жылдам шығарылады және 3-9 күнге тең қысқа жартылай шығарылу кезеңіне ие. Жалпы клиренс дозаға байланысты және концентрацияға тәуелді емес сипатқа ие.

Дутастеридтің тәулігіне 0,5 мг емдік дозаларын қабылдағанда оның соңғы жартылай шығарылу кезеңі 3-5 аптаны құрайды.

Пациенттердің кейбір топтарындағы фармакокинетиканың ерекшеліктері:

Егде еркектер

Жас шамасының дутастеридтің шығарылуына ешқандай елеулі ықпалы байқалмады, бірақ жартылай шығарылу кезеңі 50 жасқа келіп қалған еркектерде қысқылау.

Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер

Бүйрек жеткіліксіздігінің дутастерид фармакокинетикасына ықпалы зерттелмеген. Дегенмен, дутастеридтің стационарлық 0,5 мг дозасының 0,1% төмені несеппен шығарылады, бұл дутастеридтің плазмадағы концентрациясының клиникалық тұрғыдан маңызды ұлғаюын көрсетпейді.

Бауыр функциясы бұзылған пациенттер

Бауыр жеткіліксіздігіндегі дутастеридтің фармакокинетикасына ықпалы зерттелмеген, бірақ, дутастеридтің қан плазмасындағы деңгейлері дутастеридтің жартылай шығарылу кезеңінің ұзару есебінен ұлғаятын болады деп күтіледі.

Фармакодинамикасы

ДУПРОСТ - 5-редуктазаның қосарлы тежегіші. Ол 1 және 2 типтегі 5-редуктаза изоферменттерінің белсенділігін бәсеңдетеді, олар тестостеронның 5-дигидротестостеронға (ДГТ) айналуына жауапты.

Дигидротестостеронның және тестостеронның концентрациясына ықпалы

Дутастеридтің дигидротестостерон концентрациясының төмендеуіне ең жоғарғы ықпалы дозаға тәуелді болып табылады және емді бастағаннан кейін 1-2 аптадан соң байқалады. Дутастеридті тәулігіне 0,5 мг дозада 1-2 апта қабылдағаннан кейін дигидротестостеронның сарысудағы концентрациялардың орташа мәндері тиісінше 85 және 90% төмендейді. Қуық асты безінің қатерсіз гиперплазиясы (ҚБҚГ) бар пациенттер дутастеридтің 0.5 мг тәуліктік дозасын қабылдағанда, ДГТ деңгейінің орташа төмендеуі емдеудің алғашқы жылынан соң 94% және екінші жылы 93% болды, ал тестостерон концентрациясының орташа ұлғаюы – емнің бірінші және екінші жылдарында шамамен 19%.

Қуық асты безінің көлеміне ықпалы

Қуық асты безі көлемінің едәуір қысқаруы ем басталғаннан кейін бір айдан соң-ақ анықталады және 24-ші айға дейін жалғасады.

Кеуде бездерінің неоплазиясы

Қазіргі уақытта еркектерде кеуде обырының пайда болуы мен дутастеридті ұзақ уақыт қолдану арасындағы себеп-салдарлық байланыстың бар-жоғы анық емес.

Еркектердің фертильділігіне ықпалы

ДУПРОСТ-ты тәулігіне 0,5 мг дозада 52 апта қабылдағанда шәуһет өлшемінің орташа пайыздық азаюы байқалды, шәуһет көлемі және бастапқы көрсеткіштермен салыстырғанда сперматозоидтардың қозғалғыштығы тиісінше 23%, 26% және 18% құрады. Сперматозоидтардың концентрациясына және морфологиясына ықпал болмады. 24 апта байқаудан соң дутастерид қабылдайтын топтағы сперматозоидтардың жалпы мөлшерінің пайыздарындағы орташа өзгеріс бастапқы деректерге қарғанда 23% төмен болып қалды. Осылайша, еркектердің фертильділігінің төмендеу мүмкіндігін жоққа шығаруға болмайды.

Дутастерид пен тамсулозиннің біріктірілген емі

4-жылдық зерттеу кезінде тамсулозинді дутастеридпен біріктіріп қолданғанда тамсулозинді монотерапия ретінде қолданумен салыстырғанда простата мен ауыспалы аймақ көлемінің едәуір төмендеуі анықталды.

Жүрек жеткіліксіздігі

ҚБҚГ-ны тамсулозинмен біріктірілімде ДУПРОСТ препаратымен (14/1610, 0,9%) емдеуді 4-жылдық зертеу уақытында біріктірілген ем тобындағы жүрек жеткіліксіздігінің туындау жиілігі Дупростпен (4/1623, 0,2%) және тамсулозинмен (10/1611, 0,6%) монотерапия топтарына қарағанда жоғары болды. Алғашқы жүрек ұстамасы сәтіне қатысты салыстырмалы қаупін бағалау дутастерид монотерапиясымен және 1.36 [95% CI 0.61, 3.07] тамзулозин монотерапиясымен салыстырғанда біріктірілген ем қабылдайтын пациенттер үшін 3.57 [95% CI 1.17, 10.8] құрады. Дутастерид қабылдау мен (жеке немесе альфа-адреноблокатормен біріктірілімде) жүрек жеткіліксіздігінің дамуы арасында себеп-салдарлық байланыс жоқ.

Жеке 4-жылдық зерттеуде тәулігіне бір рет ДУПРОСТ 0,5 мг (30/4105, 0,7%) қабылдайтын пациенттерде плацебо (16/4126, 0,4%) қабылдаған пациенттермен салыстырғанда жүрек жеткіліксіздігінің туындау жағдайларының жоғары жиілігі байқалды. Бұл зерттеудің екінші талдауы альфа-аденоблокаторсыз (18/2953, 0,6%) ДУПРОСТ қабылдаған, плацебо және альфа-аденоблокатор (1/1399, <0,1%) немесе альфа-аденоблокаторсыз (15/2727, 0,6%) плацебо қабылдаған пациенттермен салыстырғанда бір мезгілде ДУПРОСТ және альфа-аденоблокатор (12/1152, 1,0%) қабылдаған пациенттерде жүрек жеткіліксіздігі туындауы жиілігінің жоғары екенін көрсетті.

Қуық асты безінің обыры және малигнизация қаупі

ДУПРОСТ қабылдау және қуық асты безі обырының даму қаупі арасындағы өзара байланыс анық емес.

Қолданылуы

- орташадан ауыр симптомдарға дейінгі қуық асты безінің қатерсіз гиперплазиясын (ҚБҚГ) емдеуде

- простата аденомасының орташа және ауыр симптомдары бар пациенттердегі жедел несеп іркілу (ЖНІ) және хирургиялық араласымдар қаупін төмендетуде

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересек еркектер (егде жастағыларды қоса)

Монотерапияда ДУПРОСТты тәулігіне бір рет бір капсуладан (0,5 мг) ішке қолдану ұсынылады.

Капсуланы тұтастай, шайнамай және ашпай қабылдау керек, өйткені шырыштардың капсула ішіндегісімен жанасуы ауыз қуысы мен жұтқыншақтың тітіркенуін туындатуы мүмкін.

ДУПРОСТты тағам қабылдауға қармай қабылдайды.

Жай-күйдің едәуір жылдам жақсару мүмкіндігіне қарамастан емді препарат әсерін объективті бағалау үшін кемінде 6 ай жалғастыру керек.

Бауыр функциясы бұзылған пациенттер

Дутастерид қарқынды метаболизмге ұшырайды, ал оның жартылай шығарылу кезеңі 3-5 аптаны құрайды және сондықтан бауыр функциясы бұзылған пациенттерді емдегенде сақтық таныту қажет.

Жағымсыз әсерлері

Төменде ұсынылған жағымсыз құбылыстар анатомиялық-физиологиялық классификациясына және кезіккіштік жиілігіне қарай тізілген. Кезіккіштік жиілігі келесі түрде анықталады: өте жиі (≥1/10), жиі (≥1/100 және <1/10), жиі емес (≥1/1 000 және <1/100), сирек (≥1/10 000 және <1/1 000), өте сирек (<1/10 000, жекелеген жағдайларды қоса), белгісіз (жиілігі қолда бар деректер негізінде анықталуы мүмкін).

Постмаркетингілік деректер

Өте сирек (≤ 10000)

- аллергиялық реакция (бөртпе, қышыма, есекжем, оқшауланған ісіну, ангионевроздық ісіну, коллапс)

- аталық без маңайының ауыруы және тестикулярлық ісіну

- депрессиялық бұзылыстар

Кейде ( 1 :1000 және < 1 :100)

- алопеция (тері жабындарының түктенуінің төмендеуі), гипертрихоз

Дутастерид қабылдау (монотерапия түрінде немесе тамсулозинмен біріктірілімде) және жыныстық тұрғыдағы (белсіздік, либидоның өзгеруі (төмендеуі), эякуляцияның бұзылуы, кеуде бездерінің ауырсынуы және ұлғаюы) бұзылыстардың дамуы арасында өзара байланыс бар. Аталған бұзылыстар емді тоқтатқаннан кейін болуы мүмкін.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- әйелдер, балалар мен жасөспірімдер

- дутастеридке немесе препараттың кез келген компонентіне белгілі аса жоғары сезімталдық, сонымен қатар 5α-редуктаза ингибиторлары тобының препараттарына белгілі аса жоғары сезімталдық

- ауыр бауыр жеткіліксіздігі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Дутастерид Р450 цитохромының ферментті жүйесінің CYP3A4 изоферментімен метаболизденеді. CYP3A4 тежегіштері болғанда Дутастеридтің қандағы концентрациялары өсуі мүмкін.

CYP3A4 тежегіштері верапамилмен және дилтиаземмен бір уақытта қолданғанда клиренстің төмендеуі белгіленеді.

Айрықша нұсқаулар

Тамсулозин гидрохлоридімен біріктірілген ем және жүрек жеткіліксіздігінің дамуы

Екі 4-жылдық клиникалық зерттеулерде жүрек жеткіліксіздігінің даму жиілігі (белгіленген оқиғалардың композиттік термині, негізінен, жүрек жеткіліксіздігі және іркілісті жүрек жеткіліксіздігі) біріктірілген ем қабылдаған пациенттерге қарағанда дутастерид пен α1-блокатор біріктірілімін, негізінен, тамсулозин гидрохлоридін қабылдаған пациенттерде жоғары болды. Екі 4-жылдық клиникалық зерттеулерде жүрек жеткіліксіздігінің даму жиілігі төмен (≤ 1%) болып қалды және зерттеулер арасында тербелді.

Простаталық-спецификалық антигенді (ПСА) және қуық асты безінің обырын анықтауға ықпалы

ҚБҚГ бар пациенттерде препаратпен емді бастағанға дейін саусақпен ректальді зерттеу және қуық асты безін зерттеудің басқа да тәсілдерін жүргізу және қуық асты безі обырының дамуын болдырмауға арналған емдеу процесінде бұл зерттеулерді тұрақты қайталау қажет.

Простаталық-спецификалық антигеннің (ПСА) сарысулық концентрациясы қуық асты безінің обырын анықтаудағы маңызды компонент.

6-айлық емнен кейін дутастерид қуық асты безінің қатерсіз гиперплазиясы бар пациенттердегі ПСА сарысулық деңгейлерін шамамен 50 % төмендетеді.

Дутастерид препаратын қабылдайтын пациенттерге ПСА 6 ай емнен кейін ПСА жаңа базалық деңгейі анықталуы тиіс. Бұдан кейін ПСА мәнін тұрақты түрде бақылау ұсынылады.

Дутасерид препаратымен емделу кезіндегі ең төменгі мәніне қатысты ПСА деңгейінің кез келген тұрақты жоғарылауы қуық асты безі обырының (атап айтқанда, дифференциациялануының жоғары дәрежесі бар қуық асты безінің обыры) дамуы немесе Дутасерид препаратымен емдеу режимін сақтамау туралы куәландыруы мүмкін және ПСА бұл деңгейлері 5α-редуктаза тежегіштерін қабылдамайтын пациенттерде қалыпты мәндерінің шегінде қалса да мұқият бағалануы тиіс.

Жалпы ПСА деңгейі дутастеридті қолдануды тоқтатқаннан кейін 6 ай ішінде бастапқы мәніне оралады.

Бос ПСА мөлшерінің жалпы ПСА арақатынасы дутастеридпен емдеу аясында да тұрақты болып қалады. Аталған арқатынасты дутастерид қабылдап жүрген еркектерде қуық асты безінің обырын анықтауға арналған үлестерде көрсету бұл шаманы түзетуді талап етпейді.

Қуық асты безінің обыры

Плацебо (n=19, 0.6%) қабылдайтын топпен салыстырғанда дутастерид (n=29, 0.9%) тобының пайциенттерінде қуық асты безі обырының жиілігі әлдеқайда жоғары байқалды. Дутастерид қабылдау мен простата обырының дәрежесі арасындағы өзара әрекеттесу белгіленбеді. Дутастерид қабылдайтын еркектер ПСА тест жүргізуді қоса простата обырының туындау қаупіне қатысты тұрақты тексеріліп отыруы тиіс.

Дутасерид тері арқылы сіңіріледі және сондықтан әйелдер, балалар және жасөспірімдер бүлінген капсулаларға тиюден аулақ болуы керек. Бүлінген капсулаларға тиіп кеткен жағдайда бірден терінің тиісті аумағын сабынды сумен шаю керек.

Сүт безі обырының даму қаупі

Клиникалық зерттеулерде ҚБҚГ емдеу барысында дутастерид қолданатын пациенттерде сүт безі обыры дамуының 2 жағдайы анықталған. Сондай-ақ плацебо тобының пациентінде сүт безі обырының 1 жағдайы анықталған. Емдеуші дәрігер пациентке тіндердің тығыздалуы және емізіктердің сыртқы түрінің өзгеруі сияқты кеуде безі аумағының қандай да бір өзгерістері анықталған жағдайда дереу хабарлау қажеттілігін анық түсіндіруі қажет.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе аса қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Дутасерид қабылдау көлік құралын немесе аса қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал етпейді.

Артық дозалануы

Симптомдары: артық дозаланғанда жағымсыз әсерлер байқалмады.

Емі: арнайы у қайтарғысы жоқ және сондықтан артық дозалануға күдіктенгенде симптоматикалық немесе демеуші ем қажет.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 капсуладан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.

1 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Cipla Ltd.» (Ципла Лтд.), Үндістан

D-7, M.I.D.C., Industrial Area, Kurkumbh,

Tal: Daund Pune 413802 Maharashtra state, India, Үндістан

Тіркеу куәлігінің иесі

«Cipla Ltd.» (Ципла Лтд.), Үндістан

Қазақстан Республикасы аумағында өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Ципла-ЛТД» ҚР өкілдігі , Алматы қ-сы, Жангелдин к-сі, 31, 416 кеңсе

Тел./факс: (727) 278 59 20, 278 59 21, 278 59 67, e-mail: reg@avitsena.kz

Прикрепленные файлы

210766821477976317_ru.doc 86 кб
038521481477977560_kz.doc 47.53 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники