Дуплекор® (10 мг/10 мг)

МНН: Амлодипин, Аторвастатин
Производитель: Гедеон Рихтер Румыния А.О.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Аторвастатин и амлодипин
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№020684
Информация о регистрации в РК: 25.06.2014 - 25.06.2019

Инструкция

Саудалық атауы

Дуплекор®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Үлбірлі қабықпен қапталған 10 мг/5 мг, 10 мг/10 мг, 20 мг/5 мг және 20 мг/10 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді заттар: 12,628 мг аторвастатин L-лизині (10 мг аторвастатинге баламалы), 6,944 мг амлодипин бесилаты (5 мг амлодипинге баламалы) 10 мг/5 мг доза үшін; 12,628 мг аторвастатин L-лизині (10 мг аторвастатинге баламалы), 13,888 мг амлодипин бесилаты (10 мг амлодипинге баламалы) 10 мг/10 мг доза үшін; 25,256 мг аторвастатин L-лизині (20 мг аторвастатинге баламалы), 6,944 мг амлодипин бесилаты (5 мг амлодипинге баламалы) 20 мг/5 мг доза үшін; 25,256 мг аторвастатин L-лизині (20 мг аторвастатинге баламалы), 13,888 мг амлодипин бесилаты (10 мг амлодипинге баламалы) 20 мг/10 мг доза үшін

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза (102 типті), кальций карбонаты, ішінара желатинделген жүгері крахмалы, натрий кроскармеллозасы, натрий карбоксикрахмалы (А типті), сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, гидроксипропилцеллюлоза, магний стеараты, полисорбат 80, кальций оксиді

үлбірлі қабықтың құрамы Опадрай II 85F 18422 ақ:

поливинил спирті, ішінара гидролизденген, титанның қостотығы (Е 171), макрогол 4000, тальк

Сипаттамасы

Үлбірлі қабықпен қапталған ақ түсті, дөңгелек пішінді, екі жағы дөңес, бір жағында «СЕ3» өрнегі бар және диаметрі 9,0 мм жуық таблеткалар (10 мг/5 мг доза үшін).

Үлбірлі қабықпен қапталған ақ түсті, дөңгелек пішінді, екі жағы дөңес, бір жағында «СЕ5» өрнегі бар және диаметрі 9,0 мм жуық таблеткалар (10 мг/10 мг доза үшін).

Үлбірлі қабықпен қапталған ақ түсті, дөңгелек пішінді, екі жағы дөңес, бір жағында «СЕ4» өрнегі бар және диаметрі 15,5 х 8 мм жуық таблеткалар (20 мг/5 мг доза үшін).

Үлбірлі қабықпен қапталған ақ түсті, дөңгелек пішінді, екі жағы дөңес, бір жағында «СЕ6» өрнегі бар және диаметрі 15,5 х 8 мм жуық таблеткалар (20 мг/10 мг доза үшін).

Фармакотерапиялық тобы

Гиполипидемиялық препараттар. Гиполипидемиялық дәрілер, біріктірілімдер. ГМГ-КоА редуктаза тежегіші, басқа да біріктірілімдер. Аторвастатин және амлодипин.

АТХ коды C10BX03

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Аторвастатин

Сіңуі: Аторвастатин ішке қабылдағаннан кейін тез сіңеді; плазмадағы ең жоғары концентрациясына 1-2 сағат ішінде жетеді. Сіңу дәрежесі аторвастатин дозасына байланысты ұлғаяды. Аторвастатиннің абсолютті биожетімділігі шамамен 12 % құрайды, ал ГМГ-КоА-редуктазаға қатысты белсенділігін тежегіш жүйелі биожетімділігі – шамамен 30 %. Жүйелі биожетімділігінің төмендігі асқазан-ішек жолының шырышты қабығында және/немесе бауыр арқылы «алғаш өту» кезінде жүйеалды метаболизмі (сіңуімен) арқылы болады.

Таралуы: Аторвастатиннің орташа таралу көлемі шамамен 381 л құрайды. Аторвастатин қан плазмасы ақуыздарымен 98 %-дан астамға байланысады.

Метаболизмі: Аторвастатин Р450 ЗА4 цитохромының изоферменттер жүйесі көмегімен орто- және парагидроксилденген туындылары және бета-тотығудың әртүрлі өнімдеріне дейін метаболизденеді. Метаболизмнің басқа жолдарынан бөтен бұл өнімдер одан әрі қарай глюкоронидпен конъюгациялану арқылы метаболизденеді. In vitro ГМГ-КоА-редуктазаны орто- және парагидроксилденген метаболиттермен тежеу аторвастатин үшін байқалатын тежеуге баламалы. ГМГ-КоА-редуктаза белсенділігінің шамамен 70 % төмендеуі айналымдағы белсенді метаболиттер әсері есебінен жүреді.

Шығарылуы: Аторвастатин негізінен бауырдағы және/немесе бауырдан тыс метаболизмнен кейін өтпен шығарылады. Алайда дәрілік зат шамасы, ішек-бауырдың елеулі кері айналымына ұшырамайды. Аторвастатиннің қан плазмасынан орташа жартылай шығарылу кезеңі шамамен 14 сағатты құрайды. Белсенді метаболиттердің әсері салдарынан ГМГ-КоА-редуктазаның тежегіш белсенділігінің жартылай төмендеу кезеңі 20 – 30 сағатқа жуықты құрайды.

Емделушілердің ерекше популяциясы

Егде жастағы емделушілер

Егде жастағы емделушілердің гиполипидемиялық тиімділігі дәл сондай жастардағымен салыстырарлық болса да, қан плазмасындағы аторвастатиннің және оның метаболиттерінің концентрациясы жас адамдағыға қарағанда жоғары.

Жынысы

Әйелдердің қан плазмасындағы аторвастатиннің концентрациясының дәл сондай ерлердегіге (әйелдердегі ең жоғары концентрациясы (Сmах) шамамен 20 %-ға жоғары, ал «концентрация-уақыт» қисығы астындағы аудан (AUC) 10 %-ға төмен) қарағанда айырмашылығы бар, алайда препараттың ерлер мен әйелдердегі липид алмасуына әсерінің клиникалық елеулі айырмашылығы анықталмаған.

Балалық жастағы емделушілер

Бұл популяциядағы емделушілер үшін фармакокинетикалық деректер жоқ.

Бүйрек функциясы бұзылуы бар емделушілер

Бүйрек аурулары қан плазмасындағы аторвастатин концентрациясына әсер етпейді, осыған байланысты бүйрек функциясы бұзылуы бар емделушілерде доза түзету талап етілмейді.

Бауыр функциясы бұзылуы бар емделушілер

Алкогольді шамадан тыс пайдаланудан туындаған созылмалы бауыр аурулары бар емделушілерде (Чайлд-Пью жіктемесі бойынша В класы) қан плазмасындағы аторвастатин және оның метаболиттерінің концентрациясы елеулі жоғарылаған (Стах шамамен 16 есе, AUC – 11 есе).

Амлодипин

Сіңуі:

Амлодипин ішке қабылдағаннан кейін жақсы сіңеді, плазмадағы ең жоғары концентрациясына 6-12 сағатта жетеді. Абсолютті биожетімділігі 64 - 80 %. Амлодипиннің биожетімділігі тамақ ішкенде өзгермейді.

Таралуы:

Таралу көлемі шамамен 21 л/кг құрайды. Айналымдағы амлодипиннің шамамен 97 % қан плазмасындағы ақуыздармен байланысады. Амлодипин қан плазмасындағы тепе-тең концентрациясына дәрілік затты ұдайы қабылдауда 7 - 8 күннен кейін жетеді.

Метаболизм және шығарылуы:

Амлодипин бауырда белсенді емес метаболиттер түзе отырып метаболизденеді, 10 % өзгермеген амлодипин және 60 % метаболиттер бүйрекпен шығарылады. Қан плазмасынан шығарылуы ақырғы жартылай шығарылу кезеңі шамамен 30 - 50 сағаттық екі фазалы болып табылады.

Емделушілердің ерекше популяциясы

Жасы, жүрек жеткіліксіздігі

Амлодипин қан плазмасындағы Сmах жетуі үшін қажет уақыт іс жүзінде жасқа байланысты емес. Егде жастағы емделушілерде амлодипин клиренсінің төмендеуіне тенденция анықталған, AUC және жартылай шығарылу кезеңі (T½) ұлғаюына алып келеді. Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі (СЖЖ) бар жасы әртүрлі топтағы емделушілерде AUC және T½ ұлғаюы байқалған. Бауыр жеткіліксіздігі бар емделушілерде AUC осындай ұлғаюы анықталған.

Бүйрек функциясы бұзылуы

Плазмадағы амлодипин концентрациясы бүйрек жеткіліксіздігі дәрежесіне байланысты емес. Бүйрек функциясы бұзылуы бар емделушілер препараттың әдеттегі бастапқы дозасын қабылдауына болады. Амлодипин диализде шығарылмайды.

Бауыр функциясы бұзылуы

Бауыр функциясы бұзылуы бар емделушілерде жартылай шығарылу кезеңі ұлғаяды.

Фармакодинамикасы

Біріктірілген препарат: аторвастатин – гиполипидемиялық дәрі, ГМГ-КоА (А З-гидрокси-3-метилглютарилкоэнзим) редуктаза тежегіші, амлодипин - дигидропиридин туындысы, кальций өзекшелерінің «баяу» блокаторы (КӨББ). Біріктірілген препаратпен емдеу систолалық және диастолалық артериялық қысымның (АҚ) және тығыздығы төмен липопротеиндер холестерині (ХС ТТЛП) концентрациясының дозаға тәуелді төмендеуіне алып келеді.

Аторвастатин

Аторвастатин 3-гидрокси-3-метилглютарилкоэнзимнің А холестеринді (ХС) қоса, стероидтардың ізашары – мевалон қышқылына айналуын катализдейтін ГМГ-КоА-редуктазаны іріктеп және бәсекелес тежейді. Триглицеридтер мен холестерин бауырда тығыздығы өте төмен липопротеиндер холестерині (ХС ТӨТЛП) құрамына кіреді, қан плазмасына түседі және шеткергі тіндерге тасымалданады. Тығыздығы төмен липопротеинді холестерин (ХС ТТЛП) ХС ТТЛП-рецепторларымен өзара әрекеттесу барысында осы липопротеидтерге жоғары тектестігімен сипатталатын ХС ТӨТЛП-ден түзіледі.

Аторвастатин, ГМГ-КоА-редуктазаны және бауырдағы холестерин синтезін тежей және жасушалар бетінде ХС ТТЛП - «бауырлық» рецепторлар санын арттыра отырып, қан плазмасында холестериннің және липопротеиндердің концентрациясын төмендетеді, бұл ХС ТТЛП қармаудың және катаболизмінің күшеюіне әкеледі. Аторвастатин ХС ТТЛП түзілуін төмендетеді, ХС ТТЛП-рецепторлары белсенділігінің елеулі және тұрақты жоғарылауын ТТЛП бөлшектері сапасының жағымды өзгерісімен үйлесімде қамтамасыз етеді. Жалпы холестериннің (30 - 46 %), ТТЛП холестериннің (41 - 61 %), В аполипопротеиннің (34 - 50 %) және триглицеридтердің (14 - 33 %) концентрациясын төмендетеді, бұл арада тығыздығы жоғары липопротеиндер холестерині (ХС ТЖЛП) және А1 аполипопротеин концентрациясын арттыруға әкеледі.

2 типті қант диабеті бар емделушілерді қоса, гетерозиготалы тұқым қуалайтын гиперхолестеринемиясы, гиперхолестеринемияның тұқым қуаламайтын түрі бар, сондай-ақ аралас гиперлипидемиялы емделушілер үшін бұл нәтижелер бірдей болады. Аторвастатин гомозиготалы тұқым қуалайтын гиперхолестеринемиясы бар емделушілерде, яғни әдетте басқа гиполипидемиялық дәрілермен емге төзімді популяцияларда ХС ТТЛП концентрациясын төмендету үшін тиімді.

Амлодипин

Амлодипин кальций иондарының миокард пен қан тамырларының тегіс бұлшықет жасушаларына жарғақша арқылы түсуін бөгейді. Амлодипиннің гипотензиялық әсерінің механизмі қан тамырларының тегіс бұлшықетін тікелей босаңсытатын әсерімен шартталған. Амлодипиннің стенокардиядағы әсер етуінің дәл механизмі нақты анықталмаған, бірақ амлодипин ишемияны төмендегі екі жолмен азайтады: амлодипин шеткергі артериолаларды кеңейтеді және осылайша тамырлардың жалпы шеткергі кедергісін (ЖШТК), яғни жүрекке кейінгі жүктемені төмендетеді. Жүрек жиырылу жиілігі (ЖЖЖ) өзгермейтіндіктен, жүрекке жүктеме азаюы энергия тұтынудың және оттегіге қажеттіліктің төмендеуіне алып келеді. Амлодипиннің әсер ету механизміне негізгі коронарлық артериялардың кеңеюі және өзгермеген, сондай-ақ миокардтың аумағында ишемияланған коронарлық артериолалардың кеңеюі жатады. Олардың дилатациясы вазоспастикалық стенокардиясы (Принцметал стенокардиясы немесе варианттық стенокардия) бар емделушілерде миокардқа оттегі түсуін ұлғайтады. Артериялық гипертензиясы бар емделушілерде амлодипинді бір реттік тәуліктік дозада қабылдау «жатқан» және сондай-ақ «тұрған» қалыпта 24 сағат бойына АҚ клиникалық елеулі төмендеуін қамтамасыз етеді. Бастапқы әсері баяу болғандықтан амлодипин жедел артериялық гипотензия туындатпайды. Стенокардиясы бар емделушілерде амлодипинді тәулігіне 1 рет қолдану дене жүктемесін орындау уақытын ұлғайтады, стенокардия ұстамасы дамуын және сегментінің ST (1 мм-ге) депрессиясын болдырмайды, стенокардия ұстамасы жиілігін төмендетеді және әсері қысқа мерзімді нитроглицерин (тіл астына салынатын) таблеткасының қабылданатын мөлшерін азайтады. Амлодипин зат алмасуына және қан плазмасындағы липидтерге қолайсыз әсер етпейді және қант диабеті және подаграсы, сондай-ақ бронх демікпесі бар емделушілерде қолданылуы мүмкін. II - IV функционалдық класты (NYHA жіктемесі бойынша) жүрек жеткіліксіздігі бар емделушілерде амлодипин қабылдау клиникалық жай-күйдің нашарлауына алып келмеді (дене жүктемесін көтере алу, жүректің сол жақ қарыншасының лықсыту фракциясы және клиникалық симптоматикалар).

Қолданылуы

- дислипидемиясы бар емделушілерде артериялық гипертензияны емдеуде, амлодипин және аторвастатин қабылдаумен жай-күйі талапқа сай бақыланатын төмендегі ауруларда:

- алғашқы гиперхолестеринемияда, отбасылық гиперхолестеринемияны (отбасылық гетерозиготалы гиперхолестеринемияда) болмаса біріктірілген (аралас) гиперлипидемияны қоса

- гомозиготалы отбасылық гиперхолестеринемияда

  • гиполипидемиялық ем-дәм және дислипидемияны емдеудің басқа да фармакологиялық емес әдістері аз немесе тиімсіз болғанда

Препаратты амлодипинмен және аторвастатиннің жоғары емес дозаларымен біріктірілген ем қажет болған жағдайларда қолдану ұсынылады.

Қолдану тәсілі және дозалары

Ішке, 1 таблеткадан тәулігіне 1 рет тәуліктің кез келген уақытында, тамақ ішуге байланыссыз.

Дуплекорды® старттық монотерапия ретінде қолдану ұсынылмайды, өйткені Дуплекор® препаратының дозасын амлодипин мен аторвастатин дозалары және қолдану тәсілдері туралы деректерді ескере отырып, препараттың жекелеген компоненттерінің дозасын титрлеу жолымен анықтау керек.

Дозаның титрлеу нәтижесіне сәйкес ұсынылатын доза тәулігіне бір рет Дуплекор® препаратының 10 мг/5 мг бір таблеткасы, Дуплекор® препаратының 10 мг/10 мг бір таблеткасы, Дуплекор® препаратының 20 мг/5 мг бір таблеткасы немесе Дуплекор® препаратының 20 мг/10 мг бір таблеткасы болып табылады.

Тәуліктік ең жоғары дозасы тәулігіне бір рет Дуплекор® препаратының 20 мг/10 мг бір таблеткасын құрайды.

Препаратты ем-дәмді, дене жүктемесін, семіздігі бар емделушілерде дене салмағын төмендету, шылым шегуден бас тарту сияқтыларды қоса, дәрі-дәрмекке жатпайтын заттармен емдеуді үйлестіре қолданады. Артериялық гипертензиясы бар емделушілерде 5 мг/10 мг (ем басында) дозада қолданғанда АҚ әрбір 2-4 аптада бақылау керек және қажет болғанда дозаны тәулігіне 10 мг/10 мг дейін арттыруға болады. ЖИА тәулігіне бір рет 10 мг/5 мг дозада ұсынылады.

Егде жастағы емделушілер

Дуплекор® препаратының дозасын түзету талап етілмейді.

Бауыр функциясы бұзылуы бар емделушілер

Дуплекорды® белсенді фазадағы бауыр ауруы бар немесе қан сарысуындағы «бауыр» ферменттері белсенділігінің қалыптың жоғарғы шегінен (ҚЖШ) 3 есе асатын тұрақты жоғарылауы бар емделушілерге қолдануға болмайды.

Бүйрек функциясы бұзылуы бар емделушілер

Препарат дозасын түзету талап етілмейді.

Жағымсыз әсерлері

Жиі (≥ 1/100 –ден < 1/10 дейін)

- бас ауруы, бас айналуы, ұйқысыздық, ұйқышылдық, парестезия, гипестезия, қажу

- жиілеген жүрек қағуы, бет терісіне қан құйылуы

- жүрек айнуы, диспепсия, диарея, іш қатуы, метеоризм, іш аумағының ауыруы

- миалгия, артралгия, астения, кеуде ауыруы, және, бел аумағының ауыруы

- ісінулер, тобық буындарының ісінуі

- жоғары сезімталдық

- тері бөртпесі, қышыну

- қан сарысуындағы аланин-аминотрансаминаза, креатинфосфокиназа деңгейінің артуы

Жиі емес (≥ 1/1000-ден < 1/100 дейін)

- көңіл-күй өзгеруі (оның ішінде үрейлену), депрессия, амнезия, шеткергі невропатия, естен тану, тремор, дисгевзия, жалпы дімкәстік

- гипергликемия, гипогликемия

- көру бұзылыстары (оның ішінде диплопия)

- құлақтағы шуыл

- гипотензия

- ауыз құрғауы, құсу

- алопеция, пурпура, тері пигментациясы бұзылуы, гипергидроз, экзантема

- миопатия, бұлшықет түйілуі

- ринит, диспноэ

- несеп шығарудың бұзылуы, никтурия, поллакиурия

- эректильді дисфункция, гинекомастия

- дене салмағының артуы немесе төмендеуі

- тромбоцитопения

Сирек (≥ 1/10 000 –ден < 1/1 000 дейін)

- психоз

- панкреатит, гепатит, холестатикалық сарғаю

- миозит, қаңқа бұлшықеттерінің жедел некрозы

- шеткергі ісінулер

- гипербилирубинемия

Өте сирек (< 1/10 000)

- анафилактикалық реакциялар, ангионевротикалық ісіну, есекжем, Квинке ісінуі, буллезді бөртпе (мультиформалы эритеманы, эксфолиативті дерматитті, Стивенс – Джонсон синдромын, уытты эпидермальді некролизді қоса), жарыққа сезімталдық

- миокард инфарктісі, қарыншалық тахикардия, брадикардия, жүрекше фибрилляциясы, аритмиялар, васкулит

- жөтел

- гастрит, гипертрофиялық гингивит, бауыр жеткіліксіздігі

- бұлшықет гипертонусы, сіңір үзілуі

- лейкопения

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- амлодипинге және дигидропиридиннің басқа туындыларына, аторвастатинге немесе препараттың кез келген компонентіне жоғары сезімталдық

- айқын артериялық гипотензия

- шок (кардиогендік шокты қоса);

- жедел миокард инфарктісінен кейінгі гемодинамикалық тұрақсыз жүрек жеткіліксіздігі, гемодинамикалық елеулі аорталық стеноз, тұрақсыз стенокардия

- миопатия

- контрацепцияның талапқа сай әдістерін пайдаланбайтын ұрпақ өрбіту жасындағы әйелдер

- бауырдың белсенді аурулары немесе «бауыр» ферменттері белсенділігінің этиологиясы түсініксіз қалыптан 3 еседен астам тұрақты жоғарылауы

- итраконозолмен, кетоконозолмен және телитромицинмен үйлестіре қолдану

- жүктілік және лактация кезеңі

- 18 жасқа дейінгі балалық және жасөспірімдік жас (қауіпсіздігі мен тиімділігі бойынша деректердің жеткіліксіздігіне байланысты)

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Дуплекор® препаратының басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі арнайы зерттелмеген, бірақ компоненттерінің әрқайсысына жеке дара зерттеу жүргізілген.

Амлодипинмен болуы мүмкін өзара әрекеттесулері

Дәрілік заттардың төмендегі біріктірілімін қолдану ұсынылмайды

Дантроленның инфузиялық ерітіндісі: амлодипин мен дантроленды бір мезгілде қолданудан аулақ болу керек, қарыншалық фибрилляция анықталған.

Төмендегі біріктірілімді қолдануды ерекше сақтықпен жүргізу керек

Баклофен: Гипотензиялық әсері күшейеді. Бұл жағдайда АҚ бақылау және гипотензиялық дәрілік заттардың дозасын төмендету талап етілуі мүмкін.

CYP3A4 изоферменті тежегіштері: эритромициннің CYP3A4 изоферменті тежегіштерін дені сау жас еріктілерде бір мезгілде қолданғанда және егде жастағы емделушілерде дилтиаземнің CYP3A4 изоферменті тежегіштерін бір мезгілде қолданғанда қан плазмасындағы амлодипин концентрациясының тиісінше 22 % және 50 % ұлғайғаны анықталды.

Алайда бұл деректердің клиникалық маңызы белгісіз. CYP3A4 изоферментінің қуатты тежегіштерінің (мысалы, кетоконазол, итраконазол, ритонавир) дилтиаземге қарағанда қан плазмасындағы амлодипин концентрациясын үлкен дәрежеде ұлғайтуы мүмкіндігін жоққа шығаруға болмайды.

CYP3A4 изоферменті индукторлары: эпилепсиға қарсы дәрілер (мысалы, карбамазепин, фенобарбитал, фенитоин, фосфенитоин, примидон), рифампицин: амлодипин метаболизмі индукциялануынан қан плазмасындағы «баяу» кальций өзекшелері блокаторларының концентрациясы төмендеуін күтуге болады. Жоғарыда көрсетілген CYP3A4 изоферменті индукторларын қабылдаған жағдайда клиникалық бақылау және қажет болғанда амлодипин дозасын түзету ұсынылады, олай болмаған жағдайда CYP3A4 изоферменті индукторын бір мезгілде қабылдауды тоқтату керек.

Төмендегі біріктірілімдерде қолдануға болады

α-1-адренорецепторлар блокаторлары (празозин, альфузозин, доксазозин, тамсулозин, теразозин): айқын ортостатикалық гипотензия даму қаупі бар гипотензивтік әсердің күшеюін күтуге болады.

Амифостин: амифостиннің қолайсыз құбылыстары білінуіне байланысты гипотензивтік әсердің күшеюі.

Үшциклдық антидепрессанттар / нейролептиктер: артериялық гипотензия немесе ортостатикалық гипотензия даму қаупі ұлғаяды (аддитивтік әсер).

Бета-адреноблокаторлар (бисопролол, карведилол, метопролол): жасырын немесе бақыланбайтын (бета – адреноблокаторлардың теріс инотроптық әсері күшеюі мүмкін) жүрек жеткіліксіздігі жағдайындағы артериялық гипотензия немесе жүрек жеткіліксіздігі даму қаупі. Амлодипин мен бета-адреноблокаторларды бір мезгілде қолданған жағдайларда шамадан тыс гемодинамикалық әсер нәтижесінде білінетін

симпатикалық рефлекторлық реакциялар әлсізденуі мүмкін.

Кортикостероидтар, тетракозактид: глюкокортикостероидтардан туындайтын натрий мен судың сіңуі төмендеуінен гипотензивтік әсері әлсіреуі мүмкін.

Басқа да гипотензиялық дәрілер: гипотензиялық дәрілерді (бета - адреноблокаторлар, ангиотензин II рецепторларының антагонистері, диуретиктер, ангиотензин өзгертуші фермент тежегіштері (АӨФ)) қатарлас қабылдау амлодипиннің гипотензиялық әсерін күшейтуі мүмкін. Нитраттармен немесе басқа да тамыр кеңейтетін дәрілермен бір мезгілде қолдану АҚ қосымша төмендеуіне алып келуі мүмкін.

Силденафил: біріншілік артериялық гипертензияда 100 мг силденафилді бір рет қабылдау амлодипиннің фармакокинетикалық параметрлеріне әсер етпеді. Амлодипинді силденафилмен біріктірілімде қабылдауда әрбір дәрілік зат АҚ бір біріне байланыссыз төмендетеді.

Циметидин, аторвастатин, алюминий – немесе құрамында магний бар антацидтер, грейпфрут шырыны амлодипин фармакокинетикасына әсер етпейді.

Аторвастатинмен болуы мүмкін өзара әрекеттесулер

Төмендегі біріктірілімдерді қолдануға болмайды

Итраконазол, кетоконазол, телитромицин: дозаға тәуелді қолайсыз құбылыстар қаупі, мысалы, рабдомиолиз, артады (аторвастатиннің бауырдағы метаболизмі төмендейді).

Гемфиброзил және фиброй қышқылының басқа да туындылары: дозаға тәуелді қолайсыз құбылыстар қаупі, мысалы, рабдомиолиз, артады (аторвастатиннің бауырдағы метаболизмі төмендейді).

Төмендегі біріктірілімді қолдануды ерекше сақтықпен жүргізу керек

Изоферменттердің немесе Р450 ЗА4 цитохромы жүйесі тежегіштері: аторвастатин Р450 цитохромы, CYP 3A4 жүйесі изоферменттері көмегімен метаболизденеді. Эритромицин, CYP 3A4 тежегіштері, қан плазмасындағы аторвастатин концентрациясын 40 % жоғарылатты. Аторвастатинді және CYP 3A4 тежегіштерін, кейбір макролидтік антибиотиктерді (мысалы, эритромицин, кларитромицин), иммунодепрессанттарды (циклоспорин), азолдарға қатысты зеңге қарсы дәрілерді (мысалы, итраконазол, кетоконазол), амиодарон, протеаза тежегіштерін немесе антидепрессанттарды, нефазодонды бір уақытта қабылдау қан плазмасындағы аторвастатин концентрациясының жоғарылауына алып келетін өзара әрекеттесуге алып келуі мүмкін. Сондықтан көрсетілген препараттар мен бір уақытта қолдануды сақтықпен жүргізу керек.

Р450 ЗА4 цитохромы жүйесі изоферменттері индукторлары: аторвастатин мен Р450 ЗА4 цитохромы жүйесі изоферменттері индукторларын (мысалы, фенитоин, рифампицин) бір уақытта қолдану қан плазмасындағы аторвастатин концентрациясының елеулі төмендеуіне алып келуі мүмкін. Рифампициннің өзара әрекеттесуінің қосарлы механизмі болуының салдары (Р450 ЗА4 цитохромы жүйесі ферменттері индукциясы және ОАТР1В1 гепатоцитін қармау тасымалдаушысын тежеу), аторвастатин мен рифампицинді бірге қолдану аторвастатиннің Сmах және AUC параметрлерінің тиісінше 12 және 90 %-ға орташа ұлғаюына алып келді. Керісінше, аторвастатинді рифампицин қабылдаудан кейін біршама уақыттан соң қабылдау қан плазмасындағы аторвастатин концентрациясының елеулі төмендеуімен (шамамен 80 %) бірге жүрді.

Протеаза тежегіштері: аторвастатин мен протеаза тежегіштерін, P450 3A4 цитохромы белгілі тежегіштерін бір уақытта қабылдау қан плазмасындағы аторвастатин концентрациясының екі есе артуымен бірге жүрді.

Варфарин: аторвастатинді варфаринмен бірге қабылдау қан кету дамуы қаупі бар антикоагулянттық әсердің күшеюіне алып келуі мүмкін. Варфарин қабылдаушы емделушілер антикоагулянт дозасын түзету талап етілуі мүмкіндігінен дәрігер бақылауында болуы тиіс.

Никотин қышқылы: никотин қышқылының гиполипидемиялық дозасы (1г/тәуліктен астам) ГМГ-КоА редуктаза тежегіштерімен бір уақытта қабылдағанда миопатия даму қаупін жоғарылатуы мүмкін. Рабдомиолиз бен миоглобинурия салдары ретінде бүйрек жеткіліксіздігі даму мүмкіндігі сирек болады. Сондықтан аторвастатин мен никотин қышқылын липидтерді төмендететін дозаларда бір мезгілде қолданудың «пайда-қауіп» арақатынасын қарастыру керек.

Төмендегі біріктірілімдерде қолдануға болады

Антацидтер: құрамында магний және алюминий гидроксиді бар суспензияны ішке бір мезгілде қабылдау қан плазмасындағы аторвастатин концентрациясын шамамен 35 %-ға төмендетті, алайда бұл арада ХС ТТЛП мөлшерінің азаю дәрежесі өзгермеген.

Грейпфрут шырыны: грейпфрут шырынының құрамында CYP3A4 тежейтін бір немесе одан да көп компоненттер бар, және сондықтан метаболизмі CYP3A4 цитохромы жүйесі изоферменттері көмегімен жүретін дәрілік заттардың қан плазмасындағы концентрациясының артуына алып келуі мүмкін. Грейпфрут шырынының бір стақанын (240 мл) ішу аторвастатиннің AUC 37 %-ға ұлғаюына және аторвастатиннің белсенді орто-гидрокси- метаболитінің AUC 20,4 %-ға төмендеуіне алып келді.

Алайда грейпфрут шырынының көп мөлшері (5 күн бойына тәулігіне 1,2 л астам) аторвастатиннің AUC 2,5 есеге және ГМГ-КоА редуктаза (аторвастатин және метаболиттер) белсенді тежегіштерінің AUC 1,3 есе ұлғайтады.

Грейпфрут шырынының көп мөлшерін және аторвастатинді бір уақытта қабылдау ұсынылмайды.

Пероральді контрацептивтер: аторвастатинді құрамында норэтистерон және этинилэстрадиол бар пероральді контрацептивтермен бірге қолдану қан плазмасындағы норэтистерон және этинилэстрадиол концентрациясының жоғарылауына алып келді. Бұл әсерді аторвастатин қабылдайтын әйелдер үшін пероральді контрацептивтер таңдағанда ескеру керек.

Колестипол: колестиполмен бір мезгілде пайдаланғанда аторвастатин концентрациясының 25 %-ға төмендеуіне қарамастан, колестиполмен біріктіріліміндегі гиполипидемиялық әсері әрбір препарат үшін жеке дара алғанға қарағанда жоғары болады.

Басқа да өзара әрекеттесулер

Антипирин (феназон): аторвастатин мен феназонның көп реттік дозасын бір мезгілде қабылдағанда феназонның клиренсіне елеусіз әсері, болмаса бұл әсердің болмағаны анықталды.

Аторвастатин үшін қабынуға қарсы стероидты емес препараттармен, антибиотиктермен, гипогликемиялық препараттармен, циметидинмен, антигипертензиялық дәрілермен өзара әрекеттесуі анықталмаған.

Айрықша нұсқаулар

Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі

Этиологиясы ишемиялық емес СЖЖ бар емделушілерде амлодипин қолданғанда өкпе ісінуі туындауының ықтималдығы бар. Сондықтан бұндай емделушілерге препаратты сақтықпен тағайындау керек.

Бауыр функциясы бұзылуы

Аторвастатинмен ем бастар алдында және мезгіл-мезгіл емдеу уақытында бауыр функциясын бақылау керек. «Бауыр» ферменттері белсенділігі қалыптың жоғарғы шегінен (ҚЖШ) 3 есе асатын жоғарылауы жағдайында препарат дозасын төмендету немесе оны қабылдауды тоқтату ұсынылады. Бауыр функциясы бұзылуы бар емделушілерде амлодипиннің жартылай шығарылу кезеңі ұлғаяды, сондықтан бұндай емделушілерге Дуплекор® препаратын сақтықпен тағайындау керек.

Дуплекорды® алкогольді шамадан тыс пайдаланушы және/немесе сыртартқысында бауыр аурулары бар емделушілерге сақтықпен тағайындау керек.

Қаңқа бұлшықеттеріне әсері

Аторвастатин қабылдаушы емделушілерде миалгия байқалды. Миопатия диагнозына түсініксіз симптомдар, мысалы, бұлшықеттің ауыруы немесе ауырсынуы, бұлшықет әлсіздігі немесе бұлшықет құрысулары анықталған, ГМГ-КоА редуктаза тежегіштерін қабылдаушы емделушілерде күдіктенуге болады. Бұндай жағдайларда креатинфосфокиназа (КФК) белсенділігін бақылау керек. КФК белсенділігін қарқынды дене жүктемесінен кейін немесе КФК белсенділігі жоғарылауының ықтимал альтернативті себептері болғанда өлшеуге болмайды. Егер КФК белсенділігі қалыптың жоғарғы шегімен салыстыру бойынша қалыптан елеулі 5 еседен астам жоғарыласа, КФК белсенділігін нәтижесін нақтылау үшін 5 - 7 күн бойына ұдайы бақылау керек.

Дуплекор® препаратын қолдануды бастар алдында, монотерапияда аторвастатин қабылдағанда, рабдомиолиз даму қаупі факторы бар емделушілерге препаратты сақтықпен қабылдау керек. КФК белсенділігін аторвастатинмен емді бастар алдында төмендегі жағдайларда анықтау керек:

- бүйрек функциясы бұзылуы

- гипотиреоз

- өзінің немесе отбасылық сыртартқысында бұлшықет ауруларының болуы

- сыртартқысында ГМГ-КоА- редуктазаның басқа тежегіштерін немесе фибраттар қабылдау аясындағы миоуыттылық болуы

- сыртартқысында бауыр аурулары болуы және/немесе алкогольді шамадан тыс пайдалану

- егде жастағы емделушілерде (> 65 жас) рабдомиолиз даму қаупі факторы болған жағдайда.

Емдеу уақытында

- күтпеген жерден бұлшықет ауырулары пайда болғаны туралы, бұлшықет әлсіздігі немесе түйілулерінің, әсіресе дімкәстікпен немесе қызбамен үйлесімдегі жағдайлары жөнінде дәрігерге дереу хабарлау қажеттігі туралы емделушілерді хабардар ету ұсынылады.

- егер Дуплекор® препаратымен емдеу үдерісінде бұлшықет ауырулары, әлсіздік немесе құрысулар туындаса, КФК белсенділігіне бақылау жүргізу керек. Егер КФК белсенділігі қалыптың жоғарғы шегінен 5 еседен астам жоғарылағаны анықталса емдеуді тоқтату керек.

- егер бұлшықет симптомдары күрт білінсе және күні бойына күн сайын жайсыздық туындатса, тіпті КФК белсенділігі қалыптың жоғарғы шегімен салыстырғанда 5 еседен аз жоғарылаған жағдайда да, емдеуді тоқтату керек.

Симптомдары жойылған және КФК белсенділігі қалыпқа түскен жағдайда да Дуплекор® препаратын аторвастатиннің төмен дозасымен қайта тағайындау және емделушіні мұқият бақылау туралы мәселені қарастыру керек.

Миокард инфарктісі дамуының ықтималдығын бағалауда кеуде қуысының ауыруларын дифференциалды диагностикалауда КФК белсенділігі жоғарылауын ескеру керек. Аторвастатинді қолданғанда, осы кластың басқа да препараттарындағы сияқты, миоглобинуриямен байланысты, жедел бүйрек жеткіліксіздігімен рабдомиолиздің сирек жағдайлары сипатталған.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препараттың көлік құралдарын басқаруға және механизмдерді пайдалануға қабілетіне әсері бойынша зерттеулер жүргізілмеген. АҚ шамадан тыс төмендеуі дамуы, бас айналуы және естен тану мүмкіндігін ескере отырып, Дуплекор® препаратын қабылдағанда автокөлік жүргізу және механизмдерді басқаруда сақтық жасау керек.

Артық дозалануы

Препараттың артық дозалануы туралы мәліметтер жоқ.

Амлодипин сияқты, аторвастатин де қан плазмасы ақуыздарымен белсенді байланысады, сондықтан гемодиализде біріктірілген препараттың клиренсінің елеулі ұлғаю ықтималдығы аз.

Симптомдары: рефлекторлық тахикардияға алып келетін шамадан тыс шеткергі вазодилатация және АҚ айқын және тұрақты төмендеуі, оның ішінде шок дамуымен және өліммен аяқталуы бар.

Емі: 10 мг дозада амлодипин қабылданғаннан кейін дереу немесе 2 сағ ішінде белсендірілген көмір қабылдау препарат сіңуінің елеулі іркілуіне алып келеді. Кейбір жағдайларда асқазан шаю тиімді болуы мүмкін. Амлодипиннің артық дозалануынан туындаған АҚ айқын төмендеуі жүрек пен өқпе жұмыстарының көрсеткіштерін, аяқты жоғарылатып қоюды және айналымдағы қан көлемін бақылауды және диурезді қоса, жүрек-қан тамырлар жүйесі функциясын демеуге бағытталған белсенді шараларды жүргізуді талап етеді. Тамырлар тонусы мен АҚ қалпына келтіру үшін тамырды тарылтатын препарат қолдану пайдалы болуы мүмкін, егер оның тағайындалуына қарсы көрсетілім болмаса, кальций өзекшелері блокадасы салдарын жою үшін - кальций глюконатын к/і енгізеді.

Бауыр функциясын бағалауды жүргізу және қан сарысуындағы креатинфосфокиназа (КФК) белсенділігін анықтау керек.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 таблеткадан алюминий фольгадан және ПА/Ал/ПВХ үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.

3 пішінді қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында жарықтан және ылғалдан қорғалған жерде, 15 0С-ден 25 0С-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші-ұйымның атауы мен елі

«Гедеон Рихтер Румыния» А.Қ., Румыния

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

«Гедеон Рихтер» ААҚ, Венгрия

Қаптаушы-ұйымның атауы мен елі

«Гедеон Рихтер Румыния» А.Қ., Румыния

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Гедеон Рихтер» ААҚ ҚР өкілдігі

E-mail: info@richter.kz

Телефон: 8-(727) - 258-26-22, 8-(727) - 258-26-23

 

Прикрепленные файлы

601404811477976705_ru.doc 136 кб
352184421477977843_kz.doc 185.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники