Дуодарт®

МНН: Дутастерид
Производитель: Каталент Германия Шорндорф ГмбХ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Тамсулозин и Дутастерид
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№019494
Информация о регистрации в РК: 03.10.2017 - 03.10.2022

Инструкция

Саудалық атауы

Дуодарт®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Капсулалар

Құрамы

Жұмсақ желатинді капсуланың құрамы

белсенді зат - 0.5 мг дутастерид,

қосымша заттар: каприл/каприн қышқылдарының моно- және диглицеридтері, бутилгидрокситолуол (Е 321),

капсула қабығының құрамы: желатин, глицерин, титанның қостотығы (Е171), темірдің (III) сары тотығы (Е172),

Тамсулозин гидрохлориді бар пеллеттің құрамы

Пеллет ядросы

белсенді зат - 0.4 мг тамсулозин гидрохлориді,

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, метакрил қышқылы – этакрилат сополимері (1:1) 30% дисперсиясы, тальк, триэтилцитрат,

Пеллет қабығы:

Метакрил қышқылы – этакрилат сополимері (1:1) 30% дисперсиясы, тальк, триэтилцитрат,

Гипромеллозадан жасалған қатты капсула

Каррагенан (Е407), калий хлориді, титанның қостотығы (Е 171), темірдің (III) қызыл тотығы (Е 172), сары бояғыш (Е110), тазартылған су, гипромеллоза-2910, карнауб балауызы, жүгері крахмалы,

Қара сия құрамы (SW-9010 немесе SW-9008)

Шеллак, пропиленгликоль, темірдің (II, III) қара тотығы (Е172), калий гидроксиді.

Сипаттамасы

Гипромеллозадан жасалған, өлшемі №00, қоңыр корпусы және GS 7CZ коды қара сиямен жазылған қызыл сары қақпақшасы бар, сопақша қатты капсулалар.

Капсуланың ішіндегісі: ішінде дутастериді бар, сопақша пішінді, күңгірт-сары түсті мөлдір емес жұмсақ желатинді бір капсула, және ішінде тамсулозин гидрохлориді бар ақ түстен ақ дерлік түске дейінгі пеллеттер.

Фармакотерапиялық тобы

Простата қатерсіз гипертрофиясын емдеуге арналған препараттар. Альфа-адреноблокаторлар. Тамсулозин және Дутастерид.

АТХ коды G04СA52

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңуі

Дутастеридтің бір дозасын қабылдағаннан кейін 1-3 сағат ішінде препарат қан сарысуында ең жоғары концентрацияға жетеді.

Абсолюттік биожетімділігі 2 сағаттық көктамырішілік инфузияға қатысты 60%-ға жуықты құрайды. Дутастеридтің биожетімділігі ас қабылдауға байланысты емес.

Тамсулозин гидрохлориді ішекте жақсы сіңеді және 100% дерлік биожетімділікке ие. Тамсулозин гидрохлориді бір реттік те, сондай-ақ көп реттік де дозалау режимінде дозаға байланысты кинетикамен сипатталады. Бір реттік дозалау режимінде тамсулозин гидрохлориді тепе-тең концентрацияға 5-ші күні жетеді. Тамсулозин гидрохлоридінің сіңуі ас қабылдаудан кейін баяулайды. Емделуші тамсулозин гидрохлоридін күн сайын қабылдаған жағдайда, белгілі бір ас қабылдаудан кейін 30 минут өткен соң сіңуі бірдей деңгейге жетуі мүмкін.

Таралуы

Дутастеридті бір рет және көп рет қабылдаудың фармакокинетикалық деректері оның таралу көлемінің үлкен екендігін (300 л-ден 500 л-ге дейін) айғақтайды. Дутастеридтің плазма ақуыздарымен байланысу дәрежесі жоғары (>99,5 %).

Күн сайын қабылдағанда сарысудағы дутастерид концентрациясы 1 айдан кейін стационардағы жағдайдың 65%-на және 3 айдан кейін шамамен 90%-на жетеді. Дутастеридтің сарысудағы шамамен 40 нг/мл тең стационарлық концентрациясына (Css) осы препараттың 0,5 мг-ын күн сайын қабылдағанда 6 айдан кейін жетеді. Спермада дутастерид стационарлық

концентрацияға сарысудағыдай 6 айдан соң жетеді. 52 апта емдегеннен кейін дутастеридтің спермадағы концентрациясы орта есеппен 3,4 нг/мл-ді (0,4 нг/мл-ден 14 нг/мл-ге дейін) құрады. Сарысудан спермаға дутастеридтің шамамен 11,5%-ы түседі.

Тамсулозин гидрохлориді қан плазмасы ақуыздарының көп бөлігімен (94%-дан 99%-ға дейін), көбіне концентрацияларының ауқымы кең (20-дан 600 нг/мл дейін) альфа-1 қышқыл гликопротеинімен байланысады. Дені сау 10 ересек еркекте көзге көрінетін тепе-тең орташа таралу көлемі препаратты көктамыр ішіне тағайындаған кезде 16 л құрады.

Метаболизмі

In vitro дутастерид Р-450 цитохромының CYP-3A4 ферментімен азғантай екі моногидроксилденген метаболитке дейін метаболизденеді; сонымен бірге оған CYP1A2, CY2A6, CYP2Е1, CYP2С8, CYP2С9, CYP2С19, CYP2В6 және CYP2D6 жүйелерінің ферменттері әсер етпейді. Спектрометрлік әдіс жиынтығының жәрдемімен сарысуда дутастеридтің стационарлық концентрациясына жеткеннен кейін өзгермеген дутастерид, 3 негізгі метаболит (4’ гидроксидутастерид, 1,2 - дигидродутастерид және 6 – гидроксидутастерид) және кіші 2 метаболит (6,4’-дигидроксидутастерид және 15-гидроксидутастерид) табылды.

Тамсулозин гидрохлориді көбіне бауырда Р450 цитохромы жүйесі ферменттерінің жәрдемімен метаболизденеді, және дозаның 10%-дан азы бүйректер арқылы өзгермеген күйінде шығарылады. Адамда метаболиттердің фармакокинетикалық бейіні зерттелмеген, бірақ in vitro нәтижелері басқа да CYP изотиптері сияқты CYP3A4 және CYP2D6 тамсулозин метаболизміне тартылғандығын көрсеткен, сондықтан бұл ферменттер метаболизмін тежейтін препараттарды қатар қолдану тамсулозин деңгейінің жоғарылауына алып келуі мүмкін. Тамсулозин гидрохлоридінің метаболиттері бүйректер арқылы шығарылар алдында глюкуронидтермен немесе сульфаттармен бірге конъюгацияланады.

Дозаға байланыстылығы/байланысты еместігі

Дутастеридтің фармакокинетикасы бірінші ретті сіңу үдерісі және шығарылудың қатар жүретін екі үдерісі ретінде сипатталуы мүмкін, бірі - қаныққан (яғни концентрацияға байланысты) және бірі - қанықпаған (яғни концентрацияға байланысты емес). Төмен концентрацияларда сарысуда (3 нг/мл-ден аз) дутастерид шығарылудың екі үдерісінің жәрдемімен тез шығарылады. Дутастеридті бір рет қабылдағаннан кейін организмнен тез шығарылады және қысқа жартылай шығарылу кезеңі 3 – 9 күнге тең.

Сарысуда 3 нг/мл-ден жоғары концентрацияларда дутастерид клиренсі баяу (сағатына 0,35 – 0,58 л), көбіне шығарылудың дозаға байланысты қанықпаған үдерісі арқылы жүріп, ақырғы жартылай шығарылу кезеңі 3 – 5 апта болады. Емдік концентрацияларда, Дуодарт® препаратын күн сайын қабылдау аясында, дутастерид клиренсі өте баяу болады; жалпы клиренсі

дозаға байланысты және концентрацияға байланысты емес сипатта болады.

Шығарылуы

Дутастерид қарқынды метаболизмге ұшырайды. Препаратты ішке бір рет қабылдағаннан кейін стационарлық жағдайға жеткенше адамда қабылданған дозаның 1,0%-дан 15,4 %-ға дейіні (орта есеппен 5,4 %) ішек

арқылы өзгермеген күйінде шығарылады. Дозаның қалған бөлігі, тиісінше, 39%, 21%, 7% және 7% құрайтын 4 негізгі метаболит және кіші 6 метаболит (осылардың әрқайсысының үлесіне 5%-дан азы тиеді) түрінде шығарылады.

Өзгеріске ұшырамаған дутастеридтің (0,1 % дозадан аз) қалдық мөлшері адамда бүйректер арқылы шығарылады.

Дутастеридтің емдік дозаларын қабылдаған кезде оның ақырғы жартылай шығарылу кезеңі 3 – 5 аптаны құрайды.

Дутастерид оның қабылдауды тоқтатқаннан кейін сарысудан (0,1 нг/мл-ден жоғары концентрацияларда) 4 – 6 айға дейін табылады.

Тамсулозин гидрохлориді және оның метаболиттері негізінен бүйректер арқылы шығарылады, мұндайда препараттың 10%-ға жуығы өзгермеген күйінде несеппен бөлініп шығады. Тамсулозин гидрохлоридінің жартылай шығарылу кезеңі 5 – 7 сағатты құрайды.

Егде жастағы еркектер

Дутастеридтің бір (5 мг) дозасын қабылдағаннан кейінгі фармакокинетикасы және фармакодинамикасы дені сау 24 жастан 87 жасқа дейінгі 36 еркекте зерттелді. Әртүрлі жас топтары арасында дутастеридтің фармакокинетикалық параметрлерінде де, AUC (фармакокинетикалық қисық астындағы аудан) және Cmax (ең жоғары концентрация) мәндерінде де статистикалық тұрғыдан маңызды айырмашылықтар болған жоқ.. Қуықасты безінің қатерсіз гиперплазиясы (ҚБҚГ) бар көптеген еркектердің 50 – 69 жас тобы мен 70 жастан асқан тобы арасында дутастеридтің жартылай шығарылу кезеңінде статистикалық тұрғыдан елеулі айырмашылықтар табылған жоқ. Жасқа байланысты топтар арасында ДГТ деңгейінің төмендеу дәрежесінде елеулі айырмашылықтар болған жоқ. Бұл нәтижелер егде жастағы адамдарда дутастеридтің дозасын төмендетудің қажет еместігін көрсетеді.

Тамсулозиннің AUC көрсеткіштері және жартылай шығарылу кезеңі егде емделушілерде дені сау ер адамдармен салыстарғанда ұзаруы мүмкін. Клиренс жалпы алғанда тамсулозиннің альфа-1 қышқыл гликопротеинімен байланысуына тәуелді болмайды, бірақ жас ерекшелігіне қарай, 20-32 жастағы емделушілермен салыстырғанда 55-75 жастағы емделушілерде шамамен 40%-ға AUC-тың ұлғаюына әкеледі.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Дутастерид фармакокинетикасына бүйрек жеткіліксіздігінің әсері зерттелмеген, препаратты 0.5 мг дозада қабылдағаннан кейін, дутастеридтің 0.1% аздауы несепте анықталатындықтан, дутастерид дозасын бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілерде түзетудің қажеті жоқ.

Тамсулазиннің әсері жеңіл және орташа дәрежелі бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілерде зерттелген – мұндай емделушілерде тамсулозиннің дозасын түзету қажет етілмейді. Тамсулозинді бүйрек патологиясының терминальді сатысындағы емделушілерде қолдану жөніндегі деректер жоқ.

Бауыр жеткіліксіздігі

Дутастеридтің бауыр жеткіліксіздігі бар емделушілерге әсері зерттелмеген, алайда мұндай емделушілерде оның, негізінен бауыр метаболизмі салдарынан дутастерид экспозициясының ұлғаюы күтіледі.

Орташа дәрежелі бауыр жеткіліксіздігі бар емелушілерде тамсулозин дозасын түзету қажет етілмейді. Тамсулозинді ауыр дәрежелі бауыр патологиясы бар емделушілерде қолдану жөніндегі деректер жоқ.

Фармакодинамикасы

Дуодарт® - дутастерид пен тамсулозиннің әсер ету механизмі комплиментарлы біріктірілген препараты.

Дутастерид – 5-редуктазаның екі жақты тежегіші. Ол тестостеронның 5-дигидротестостеронға айналуына жауапты 1-ші және 2-ші типті 5-редуктаза изоферменттерінің белсенділігін басады. Дигидротестостерон (ДГТ) қуық асты безі тіндерінің гиперплазиясы үшін жауапты негізгі андроген болып табылады. Дутастерид ДГТ деңгейін төмендетеді, қуық асты безінің мөлшерін азайтады, ауру симптомдарын азайтады, несеп шығарудың жақсаруына, несептің жедел іркілуінің туындау қаупінің және хирургиялық емге қажеттіліктің төмендеуіне әкеледі.

Дигидротестостерон (ДГТ) және тестостерон концентрациясына ықпалы

Дутастеридтің ДГТ концентрациясының төмендеуіне барынша жоғары ықпалы дозаға байланысты және емді бастағаннан кейін 1 – 2 апта өткен соң байқалады. Дутастеридті тәулігіне 0,5 мг дозада 1-2 апта қабылдағаннан кейін сарысудағы ДГТ концентрациясының медианалық маңызы, тиісінше, 85 – 90 %-ға төмендейді.

Қуық асты безінің қатерсіз гиперплазиясы бар (ҚБҚГ) емделушілер дутастеридтің тәулігіне 0.5 мг дозасын қабылдаған кезде емдеудің бірінші жылы ішінде ДГТ деңгейі төмендеуінің орташа көрсеткіштері 94%-ды және екінші жыл бойы - 93%-ды құраған; тестостеронның сарысудағы орташа көрсеткіштері емдеудің бірінші және екінші жылдары ішінде 19%-ға ұлғайған. Мұндай әсердің болуы 5-альфа редуктаза деңгейінің төмендеуіне негізделген және қандай да бір белгілі жағымсыз реакциялардың дамуына әкелмейді.

Тамсулозин гидрохлориді – қуық асты безінің, қуық мойнының және уретраның простатикалық бөлігінің тегіс бұлшықеттерінде болатын постсинаптикалық α1a-адренорецепторлардың бөгегіші. α1a-адренорецепторларының бөгелуі қуық асты безінің, қуық мойнының және уретраның простатикалық бөлігінің тегіс бұлшықеттері тонусының төмендеуіне және несеп ағынының жақсаруына әкеледі. ҚБҚГ кезінде тегіс

бұлшықеттер тонусы мен детрузорлы асқын белсенділіктің артуынан обструктивтік симптомдар да, сондай-ақ ирритативтік симптомдар да бір мезгілде азаяды.

Қолданылуы

- қуық асты безінің қатерсіз гиперплазиясының өршуін емдеуге және алдын алуға (оның көлемінің азаюы, ауру симптомдарының азаюы, несеп шығарудың жақсаруы, несептің жедел кідіруінің пайда болу қаупінің және хирургиялық емдеуге қажеттіліктің төмендеуі)

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересек еркектер (егде жастағыларды қоса)

Белгілі бір асты қабылдағаннан кейін 30 минут өткенде, тәулігіне бір рет 1 капсуланы (0,5 мг/0,4 мг) ішке сумен ішіп қабылдау керек. Капсуланы ашпай және шайнамай, бүтіндей қабылдаған жөн, өйткені капсуланың ішіндегі заты ауыз қуысының шырышты қабығымен жанасқан кезде шырышты қабық тарапынан қабыну құбылыстарын тудыруы мүмкін.

Бүйрек қызметі бұзылған емделушілер

Қазіргі таңда Дуодарт® препаратын бүйрек қызметі бұзылған емделушілерге қолдану жөнінде деректер жоқ. Мұндай емделушілер шоғырында дозаны түзетудің қажеті жоқ.

Бауыр қызметі бұзылған емделушілер

Қазіргі таңда Дуодарт® препаратын бауыр қызметі бұзылған емделушілерге қолдану жөнінде деректер жоқ.

Жеңіл және орташа дәрежелі бауыр жеткіліксіздігі бар емделушілерде сақтықпен қолдану керек. Дуодарт® препаратын ауыр дәрежелі бауыр жеткіліксіздігі бар емделушілер қолдануға болмайды.

Жағымсыз әсерлері

Тамсулозин гидрохлоридін дутастеридпен біріктіріп қолданудан болатын жағымсыз құбылыстар:

Өте сирек (<1/10 000)

- импотенция, либидоның төмендеуі, эякуляцияның бұзылуы, гинекомастия, кеуде бездерінің ауыруы, бас айналу

Сексуалдық жағынан бұзылыстар дутастерид компонентін қолданумен байланысты және емдеуді тоқтатқаннан кейін де сақталуы мүмкін. Дутастеридті монотерапия ретінде қолданғанда болатын жағымсыз құбылыстар

Сирек (≥1/10 000 және <1/1 000)

- алопеция (негізінен денедегі шаштардың түсуі), гипертрихоз

Өте сирек (<1/10 000)

- депрессия

- аталық бездер тұсының ауыруы және ісінуі

Тамсулозин гидрохлоридін монотерапия ретінде қолданғанда болатын жағымсыз құбылыстар

Жиі (≥1/100 және <1/10): бас айналу, эякуляцияның бұзылуы

Жиі емес (≥1/1 000 және <1/100): жүрек соғуының жиілеуі, іш қату, диарея, құсу, астения, ринит, бөртпе, қышыну, есекжем, постуральді гипотензия

Сирек (≥1/10 000 және <1/1 000): есінен тану, ангионевротикалық ісіну

Өте сирек (<1/10 000): приапизм, Стивенс-Джонсон синдромы

Маркетингтен кейінгі зерттеулер

Атониялық нұрлы қабықтың интраоперациялық синдромы (IFIS, кішкентай қарашық синдромының түрі) тамсулозин гидрохлоридін қоса, α1-адреноблокаторларын қабылдаған кейбір емделушілерде катарактаға байланысты жасалған операцияларда байқалған.

Тамсулозинді қабылдау аясында жүрекше фибрилляциясы, аритмия, тахикардия мен ентігудің даму жағдайлары анықталған. Жағымсыз реакциялар жиілігі және тамсулозин қабылдаумен байланысы анықталмаған.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- тамсулозинге, дутастеридке, 5-альфа редуктазаның басқа да тежегіштеріне немесе препараттың кез келген басқа ингредиентіне белгілі жоғары сезімталдық

- әйелдер

- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер

- ауыр дәрежелі бауыр жеткіліксіздігі

- сыртартқысында ортостатикалық гипотензия ұстамалары

- катарактаға байланысты жоспарланған операция

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Дутастеридті тамсулозин гидрохлоридімен біріктіру үшін дәрілер арасындағы өзара әрекеттесуге зерттеулер жүргізілген жоқ. Төменде келтірілген деректер жекелеген компоненттерде болған мәлімдемелерді көрсетеді.

Дутастерид

Дутастерид Р-450 цитохромы ферменттің жүйесінің CYP3A4 изоферментімен метаболизденеді. CYP3A4 тежегішінің қатысуымен қандағы дутастерид концентрациясы өсуі мүмкін.

Дутастеридті CYP3A4 тежегіштерімен, верапамилмен және дилтиаземмен бір мезгілде қолданған кезде дутастерид клиренсінің, сәйкесінше 37% және 44% төмендегені байқалған. Сонымен бірге, амлодипин, кальций өзекшелерінің басқа бөгегіші дутастеридтің клиренсін азайтпайды.

Дутастерид клиренсінің азаюы және кейін оның қандағы концентрациясының артуы осы препаратты және CYP3A4 тежегіштерін

бір мезгілде қолданғанда осы препараттың қауіпсіздік шегі диапазонының ауқымды болуы салдарынан маңызды деп табылмайды, сондықтан оның дозасын төмендетудің қажеті жоқ.

In vitro дутастерид адамның Р-450 цитохромы жүйесінің келесі изоферменттерімен метаболизденбейді: CYP1A2, CY2A6, CYP2Е1, CYP2С8, CYP2С9, CYP2С19 , CYP2В6 және CYP2D6.

Дутастерид дәрілік препараттардың метаболизміне қатысатын Р-450 цитохромы жүйесінің ферменттерін in vitro тежемейді.

Дутастерид варфаринді, аценокоморолды, фенпрокомонды, диазепамды және фенитоинді плазма ақуыздармен олардың байланысқан жерінен ығыстырмайды, ал осы препараттар өз кезегінде дутастеридті ығыстырмайды.

Дутастеридті тамсулозинмен, теразозинмен, варфаринмен, дигоксин және холистераминмен қосып, бірге қолдануда фармакокинетикасы мен фармакодинамикасына қандай да бір әсері байқалмаған.

Дутастеридті гиполипидемиялық препараттармен, АӨФ тежегіштерімен, бета-блокаторлармен, кальций өзекшелерінің блокаторларымен, кортикостероидтармен, диуретиктермен, қабынуға қарсы стероидтық емес препараттармен, фосфодиэстеразаның V типті тежегіштерімен және хинолонды антибиотиктермен бір мезгілде қолданғанда қандай да болсын маңызды дәрілік өзара әрекеттесуі байқалған жоқ.

Тамсулозин гидрохлориді

Тамсулозин гидрохлоридін артериялық қысымды төмендететін препараттармен, анестетиктерді, α1-блокаторларды және PDE5 тежегіштерді қоса есептегенде, бірге қолданған кезде гипотензивтік әсердің күшеюінің теориялық қаупі бар. Дуодарт® препаратын басқа α1-блокаторлармен біріктіріп қолданбаған жөн.

Тамсулозин мен кетоконазолды (CYP3A4 күшті тежегіші) бірге қолдану тамсулозин гидрохлориді Сmax және AUC көрсеткіштерінің сәйкесінше 2.2 және 2.8 дейін ұлғаюына алып келеді. Тамсулозин мен пароксетинді (CYP2D6 күшті тежегіші) бірге қолдану тамсулозин гидрохлориді Сmax және AUC көрсеткіштерінің сәйкесінше 1.3 және 1.6 дейін ұлғаюына алып келеді. CYP2D6 және CYP3A4 тежегіштерінің тамсулозинмен бірге қолданылуы зерттелмеген, бірақ мұндай біріктірілім кезінде тамсулозин экспозициясы едәуір ұлғаяды деп болжамдалады.

Тамсулозин гидрохлоридін (0,4 мг) және циметидинді (әрбір алты сағат сайын 400 мг) бір мезгілде қолдану алты күннің ішінде тамсулозин гидрохлориді клиренсінің (26%-ға) азаюына және тамсулозин гидрохлориді AUC мәнінің (44%-ға) артуына әкелген. Дуодарт® препараты мен циметидинді бірге қолданған кезде сақтық қажет.

Тамсулозин гидрохлориді мен варфарин арасында дәрілік өзара әрекеттесуге жан-жақты зерттеулер жүргізілген жоқ. Варфарин мен тамсулозин гидрохлоридін бір мезгілде қолданған кезде сақ болған жөн.

Тамсулозин гидрохлориді (жеті күн ішінде 0,4 мг, содан кейін кейінгі жеті

күн ішінде 0,8 мг) атенололмен, эналаприлмен немесе нифедипинмен бірге үш ай бойы қабылданған үш зерттеуде өзара әрекеттесу байқалған

жоқ, демек, осы препараттарды Дуодарт® препаратымен бірге қолданғанда дозаны түзетудің қажеті жоқ.

Тамсулозин гидрохлоридін (екі күн бойы күніне 0,4 мг, содан кейін 5 – 8 күн ішінде күніне 0,8 мг) және көктамыр ішіне бір рет енгізілетін теофиллинді (5 мг/кг) бір мезгілде қолдану теофиллиннің фармакокинетикасын өзгерткен жоқ, демек, дозаны түзетудің қажеті жоқ.

Тамсулозин гидрохлоридін (күніне 0,8 мг) және көктамыр ішіне бір реттік фуросемид (20 мг) дозасын бір мезгілде қолдану тамсулозин гидрохлоридінің Cmax және AUC мәндерін 11%-дан 12%-ға дейін төмендеуге әкелген, алайда бұл өзгерулер клиникалық тұрғыдан елеулі емес және дозаны түзету қажет етілмейді деп күтіледі.

Дутастеридті және тамсулозин гидрохлоридін біріктіріп қолдану

4 жылдық екі клиникалық зерттеуде жүрек қызметінің жеткіліксіздігінің (байқалған жағдайдың, негізінен жүрек қызметінің жеткіліксіздігі және жүрек қызметінің іркілген жеткіліксіздігінің композиттік термині) пайда болу жиілігі дутастерид пен α1-блокаторды, негізінен, тамсулозин гидрохлоридін біріктіріп қабылдап жүрген емделушілерде, біріктірілген ем қабылдамаған емделушілерге қарағанда жоғары болды. 4 жылдық екі клиникалық зерттеуде жүрек қызметі жеткіліксіздігінің пайда болу жиілігі төмен күйінде (≤ 1%) қалды және зерттеулер арасында өзгеріп отырды. Бірақ, жалпы алғанда, жағымсыз әсерлер жиілігінің көрсеткіштерінде айырмашылық жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан байқалған жоқ. Дутастеридпен емдеу (өзімен немесе α1-блокатормен біріктіріп) және жүрек қызметінің жеткіліксіздігі арасында себептік байланыстар анықталған жоқ.

Айрықша нұсқаулар

Дутастерид тері арқылы сіңеді, сондықтан әйелдер мен балалар бүлінген капсулаларды терісіне тигізіп алмауы керек. Бүлінген капсулаларға тигізіп алған жағдайда терінің сол жерін дереу сабынды сумен жуып, шаю қажет.

Тамсулозин мен CYP3A4 (кетоконазол), CYP2D6 (пароксетин), күшті тежегіштерімен, сондай-ақ олардың анағұрлым әлсіз тежегіштерімен бірге қолдану тамсулозин экспозициясының ұлғаюына әкеледі. Осылайша, тамсулозинді CYP3A4 күшті тежегіштерімен біріктіріп қолдану ұсынылмайды; CYP2D6 тежегіштері мен тамсулозиннің бірітірілімі сақтықпен тағайындалуы тиіс. Дутастеридтің жартылай шығарылу кезеңі 3-5 аптаны құрап, негізінен бауырда метаболизденетіндіктен, Дуодарт® препаратын бауыр аурулары бар емделушілерге сақтықпен қолданған жөн.

Тамсулозин гидрохлоридімен біріктіре емдеу және жүрек жеткіліксіздігінің дамуы

4 жылдық клиникалық зерттеулердің екеуінде біріктірілген ем алмаған емделушілерге қарағанда, дутастерид пен α1-блокаторы біріктірілімін, ең бастысы, тамсулозин гидрохлоридін алған емделушілерде жүрек жеткіліксіздігінің даму жиілігі (аталған оқиғалардың композиттік термині, негізінен, жүрек жеткіліксіздігі және іркілісті жүрек жеткіліксіздігі) жоғары болған. Жүрек жеткіліксіздігінің даму жиілігі (≤ 1%) 4 жылдық

клиникалық зерттеулердің екеуінде төмен күйінде қалып, зерттеулер арасында түрленіп отырған. Бірақ, жалпы алғанда жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан жағымсыз әсерлер жиілігі көрсеткіштерінің айырмашылықтары байқалмаған. Дутастеридпен емдеу (өзімен немесе α1-блокаторымен біріктілімде) және жүрек жеткіліксіздігі арасындағы себептік байланыстар анықталмаған.

Простат-спецификалық антигенін (ПСА) және қуықасты безінің обырын анықтауға ықпалы

ҚБҚГ бар емделушілерде Дуодарт® препаратымен емдеуді бастағанға дейін саусақпен ректальді түрде тексеру және қуықасты безін зерттеудің басқа да әдістерін қолдану және қуық асты безі обырының бар-жоқтығын анықтау үшін ем жүргізу барысында осы зерттеулерді оқтын-оқтын қайталау қажет.

Сарысудағы ПСА концентрациясын анықтау қуық асты безі обырын анықтауға бағытталған скрининг үдерісінің маңызды компоненті болып табылады.

6 ай емдегеннен кейін дутастерид қуықасты безінің қатерсіз гиперплазиясы бар емделушілерде ПСА сарысулық деңгейін шамамен 50%-ға төмендетеді.

Дуодарт® препаратын қабылдап жүрген емделушілерде 6 ай емнен кейін ПСА-ның жаңа базалық деңгейі анықталуы тиіс.

Дуодарт® препаратымен емдеу кезінде ПСА деңгейінің біршама төмен мәнде кез келген тұрақты жоғарылауы қуық асты безі обырының (атап айтқанда Глисон шкаласы бойынша жіктелу дәрежесі жоғары болатын қуықасты безінің обыры) пайда болғанын немесе Дуодарт® препаратымен емдеу режимінің сақталмағанын, тіпті ПСА-ның бұл деңгейлері 5α-редуктаза тежегіштерін қабылдамаған емделушілердің өзінде қалыпты мәнде қалса да, мұқият баға берілуі тиіс екендігін айғақтауы мүмкін.

Жалпы ПСА деңгейі дутастеридті тоқтатқаннан кейін 6 ай ішінде бастапқы мәніне оралады.

Бос ПСА мөлшерінің жалпы мөлшермен арақатынасы дутастеридпен емдеу аясының өзінде тұрақты күйінде қалады. Еркектерде қуықасты безі обырын анықтау үшін осы арақатынастар үлесі айқын болған кезде бұл шаманы түзетудің қажеті жоқ.

Сүт бездері обырының даму қаупі

ҚБҚГ емдеу барысындағы клиникалық зерттеулерде дутастерид қолданған емделушілерде сүт бездері обыры дамуының 2 жағдайы анықталған.

Бірінші жағдай емдеу басталғаннан кейін 10 аптадан соң, екіншісі – 11 айдан соң дамыған; сондай-ақ плацебо тобының емделушісінде сүт бездері обыры дамуының 1 жағдайы анықталған. Дутастеридті ұзақ мерзімді қабылдау мен сүт бездері обырының даму қаупі арасындағы арақатынас белгісіз.

Простата обыры

4 жыл бойғы клиникалық зерттеулерде алдын ала биопсия нәтижелері теріс және ПСА деңгейі 2.5-10 нг/мл болған 8000-ден астам еркектердің 1517-інде простата обыры анықталған. Плацебо алған (n=19, 0.6%) топпен салыстырғанда дутастерид (n=29, 0.9%) тобының емделушілерінде обыр дамуының анағұрлым жоғары жиілігі байқалған. Дутастерид қабылдау мен простата обыры дәрежесі арасындағы өзара әрекеттесулер анықталмаған. Дутастерид қабылдаған еркектер ПСА тестін жүргізуді қоса, простата обырының туындау қаупіне тұрақты тексеріліп тұрулары тиіс.

Гипотония

Кез келген α1-блокаторларды қолданған кездегідей, тамсулозин гидрохлоридін қолданған кезде сирек жағдайларда есінен тануға әкеп соғатын ортостатикалық гипотония пайда болуы мүмкін.

Дуодарт® препаратымен емделуді бастаған емделушілерге ортостатикалық гипотонияның алғашқы белгілері (бас айналу) пайда болғанда, бас айналу қайтқанша, отыруы немесе жатуы керектігі ескертілуі тиіс.

Симптоматикалық гипотонияның пайда болуына жол бермеу үшін α1-блокаторларды және PDE5 тежегіштерді бірге қолданған кезде сақ болған жөн, өйткені бұл препараттар қантамырларды кеңейткіштер тобына жатады және қан қысымының төмендеуіне әкеп соғуы мүмкін.

Флоппи-ирис-синдром

Атониялық нұрлы қабықтың интраоперациялық синдромы (IFIS, кішкентай қарашық синдромының түрі) α1-блокаторларды, тамсулозин гидрохлоридін қоса есептегенде, қабылдаған кейбір емделушілерде катарактаға байланысты жасалған операцияларда байқалды. Атониялық нұрлы қабық синдромы операция кезінде асқынулар санын арттыруы мүмкін.

Операция жасар алдындағы зерттеулерде офтальмохирург емделушіні операцияға дайындау үшін және нұрлы қабықтың интраоперациялық атониясы пайда болған жағдайда талапқа сай шараларды қолдану үшін, оның дутастеридті тамсулозин гидрохлоридімен біріктіріп қабылдаған-қабылдамағанын нақтылағаны жөн.

Катарактаға байланысты операциядан 1 – 2 апта бұрын тамсулозин гидрохлоридін тоқтату жағымды деп есептеледі, бірақ катарактаға байланысты операцияға дейін препаратты тоқтату кезеңі мен пайдасы анықталған жоқ.

Бауыр қызметінің бұзылуы

Қазіргі таңда Дуодарт® препаратын бауыр қызметі бұзылған емделушілерге қолдану жөнінде деректер жоқ. Дутастерид қарқынды метаболизмге ұшырайтын, ал оның жартылай шығарылу кезеңі 3 – 5 апта болғандықтан, бауыр қызметі бұзылған емделушілерді Дуодарт® препаратымен емдеген кезде сақ болу қажет.

Жүктілік және лактация кезеңі

Дуодарт® препаратын әйелдерге қолдануға болмайды.

Дутастеридтің немесе тамсулозиннің емшек сүтімен бірге бөлініп шығуы жөнінде деректер жоқ.

Дутастеридті әйелдерге қолдану зерттелген жоқ, өйткені клиникаға дейінгі деректер айналымдағы ДГТ деңгейінің төмендеуі, егер анасы жүкті кезінде дутастерид қабылдаған болса, еркек жынысты ұрықта сыртқы жыныс мүшелерінің дамып қалыптасуы бұзылуы мүмкін деп шамалайды.

Дәрілік заттың көлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Автомобильді жүргізуге және механизмдермен жұмыс жасауға ықпалына зерттеулер жүргізілген жоқ.

Бас айналу сияқты ортостатикалық гипотензиямен байланысты симптомдардың пайда болуы мүмкін екендігін емделушілерге ескерткен жөн. Көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқарған кезде сақ болу қажет.

Артық дозалануы

Дутастеридті тамсулозин гидрохлоридімен біріктіріп қабылдаған кезде артық дозалануына қатысты деректер жоқ. Төменде келтірілген деректер жекелеген компоненттер жөніндегі мәлімдемелерді көрсетеді.

Дутастерид

Симптомдары: дутастеридті күніне 40 мг-ға дейінгі дозада (емдік дозадан 80 есе жоғары) 7 күн бойы қолданғанда жағымсыз құбылыстар байқалған жоқ. Клиникалық зерттеулерде тәулігіне 5 мг-нан 6 ай бойы тағайындағанда емдік доза үшін (тәулігіне 0,5 мг) көрсетілгеннен басқа жағымсыз реакциялар білінген жоқ.

Емі: дутастеридтің өзіне тән арнайы у қайтарғысы жоқ, сондықтан артық дозаланғанына күдіктенген кезде симптоматикалық және демеуші ем жүргізу жеткілікті.

Тамсулозин гидрохлориді

Симптомдары: тамсулозин гидрохлоридімен артық дозаланғанда жедел гипотензия пайда болуы мүмкін.

Емі: симптоматикалық ем. Артериялық қысым адамды жатқызған кезде қалпына келуі мүмкін. Әсерлері болмаған кезде айналымдағы қан көлемін арттыратын дәрілерді қолдануға болады, егер қажет болса,

қантамырларын тарылтатын дәрілерді қолдануға болады. Бүйрек қызметіне бақылау жасау қажет. Диализдің тиімді болу мүмкіндігі аз, өйткені тамсулозин гидрохлориді плазма ақуыздарымен 94 – 99%-ға байланысқан.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Алғашқы ашылуы бақыланатын және құтыны балалардың ашып қоюына қарсы құрылғысы, пластмасса төсеніші бар бұралатын қақпақпен тығындалған, тығыздығы жоғары ақ түсті полиэтиленнен жасалған құтыға 30, 90 капсуладан салынған. Құты алюминий фольгадан жасалған жарғақшамен жабдықталған.

1 құты медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынады.

Сақтау шарттары

30°С-ден аспайтын температурада.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Тіркеу куәлігінің иесі

GlaxoSmithKline GmbH & Co. KG, Германия

(Theresienhohe 11, 80339, Munchen)

Өндіруші

Catalent Germany Schorndorf GmbH, Германия

(Steinbeisstrasse 2, Schorndorf, D-73614)

Қаптаушы

Catalent Germany Schorndorf GmbH, Германия

(Steinbeisstrasse 2, Schorndorf, D-73614)

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

Қазақстандағы ГлаксоСмитКляйн Экспорт Лтд өкілдігі

050059, Алматы қ., Фурманов к-сі, 273

Телефон нөмірі: +7 727 258 28 92, +7 727 259 09 96

Факс нөмірі: + 7 727 258 28 90

Электронды поштасы: kaz.med@gsk.com

 

Прикрепленные файлы

798597691477976959_ru.doc 115.5 кб
079939511477978117_kz.doc 161.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники