Дуовит®

МНН: Аскорбиновая кислота, Витамин E, Кальция пантотенат, Колекальциферол, Никотинамид, Пиридоксин, Ретинол, Рибофлавин, Тиамин, Фолиевая кислота, Цианокобаламин
Производитель: КРКА, д.д., Ново Место
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Поливитамины с другими минеральными веществами
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№010554
Информация о регистрации в РК: 02.02.2018 - 02.02.2023
Номер регистрации в РБ: 1910/96/01/06/11/16/20/22
Информация о регистрации в РБ: 05.10.2016 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Дуовит®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Драже

Құрамы

Қызыл түсті 1 драженің құрамында

белсенді заттар:

Ретинол пальмитат (A витамині) концентраты (синтетикалық, майлы түрі) 1.7 млн ХБ/г

(А витаминіне баламалы)

-

2.94 мг

(5000 ЕД)

Холекальциферол концентраты (майлы түрі)

1 млн ХБ/г (Д3 витаминіне баламалы)

-

0.20 мг

(200 ЕД)

Аскорбин қышқылы (С витамині)

-

60.00 мг

Тиамин нитраты (В1витамині)

-

1.00 мг

Рибофлавин (В2витамині)

-

1.20 мг

Пиридоксин гидрохлориді (В6 витамині)

-

2.00 мг

Цианокобаламин 0.1 % маннитолда (В12 витамині)

-

3.00 мг

Никотинамид (РР витамині)

-

13.00 мг

Фолий қышқылы (В9 витамині)

-

0.40 мг

Кальций пантотенаты (В5витамині)

-

5.00 мг

Альфа-токоферол ацетаты (Е витамині)

-

10.00 мг

қосымша заттар: лактоза моногидраты, апельсин майы 05073,

полисорбат 80, глицерин, майсана майы (салқындатып сығылған), сорбитол,

сұйық глюкоза (құрғақ зат), көбікке қарсы зат 1510, магний стеараты, *Опалюкс АS-F-2833 G (E 124 + E 110), капол 600 фарма, сахароза.

Көк түсті бір драженің құрамында

белсенді заттар:

 

Кальций гидрофосфаты дигидраты

(кальцийге баламалы)

(фосфорға баламалы)

-

64.50 мг

(15.00 мг) (12.00 мг)

Темір фумараты

(темірге баламалы)

-

30.30 мг (10.00 мг)

Мыс сульфаты пентагидраты

(мысқа баламалы)

-

4.00 мг

(1.00 мг)

Мырыш сульфаты гептагидраты

(мырышқа баламалы)

-

13.30 мг

(3.00 мг)

Магний лактаты дигидраты

(магнийге баламалы)

-

200.00 мг

(20.00 мг)

Марганец сульфаты моногидраты

(марганецке баламалы)

-

3.10 мг

(1.00 мг)

Натрий молибдаты дигидраты

(молибденге баламалы)

-

0.22 мг

(0.10 мг)

қосымша заттар: лактоза моногидраты апельсин майы 05073, полисорбат 80, глицерин, майсана майы (салқындатып сығылған), сорбитол,сұйық глюкоза (құрғақ зат), көбікке қарсы зат 1510, магний стеараты, сұйық парафин, повидон, **Опалюкс АS-20912 көк (E 132), капол 600 фарма, сахароза.

құрамы

құрамы

Сипаттама

Қышқыл-тәтті дәмі бар, қызыл түсті қабықпен қапталған тегіс қатты драже (витаминдер) және көк түсті қабықпен қапталған тегіс қатты драже (минералдар)

Фармакотерапиялық тобы

Басқа препараттармен біріктірілген поливитаминдер. Поливитаминдер басқа минералды заттармен.

АТХ коды А11АА03

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Дуовит® драже үшін деректер жоқ. Дегенмен, жекелеген витаминдер мен минералдардың сіңірілуі, таралуы және сыртқа шығарылуы жақсы белгілі және әдебиетте сипатталған.

Суда еритін витаминдер (В тобы витаминдері, С витамині және биотин) күнделікті қажеттілік шегінде өте жақсы сіңеді. Тіндердің шамадан тыс қанығу мөлшері несеппен, кейбір жағдайларда нәжіспен шығарылады. Витаминдер организмде шекті мөлшерде болады, сондықтан олар тіндерде олардың концентрациясын үнемі ұстап тұру үшін жұмсалуы тиіс.

Майда еритін А және D витаминдері ішке қабылдағаннан кейін майдың қатысуымен аш ішекте жақсы сіңеді. Е витаминінің сіңуі салыстырмалы түрде аз (дозаның 25-тен 85 %-на дейін). Организме бұл витаминдер көп мөлшерде бауырда болады, сондықтан олар суда еритін витаминдермен салыстырғанда анағұрлым уытты болып табылады.

Дуовит® препаратының әсері оның компоненттерінің біріккен әсері болып табылады, сондықтан кинетикалық бақылауларды жүргізуге мүмкіндік жоқ; барлық компоненттерді бірге маркерлер немесе биозерттеулердің көмегімен бақылай алмайды.

Фармакодинамикасы

Дуовит® құрамында витаминдер мен минералдар бар. Витаминдер мен минералдар өздерінің белсенділігі мен аддитивті тиімділігі жағынан тығыз байланысты. Көбіне витаминдер мен минералдар бір құрамда бола алмайды, осыған байланысты олар Дуовитте® бөлінген: қызыл драже құрамында витаминдер және көгінде – минералдар бар. Дуовит® драже организмнің витаминдер мен минералдарға қажеттілігін толықтырады және олардың тапшылығының алдын алады.

Витаминдер организмнің көптеген биохимиялық үдерістеріне қатысатын биологиялық белсенді заттар болып табылады.

В тобының витаминдері (В1, В2, В6, пантотен қышқылы және никотинамид) көмірсу, май және ақуыздар метаболизміне, сондай-ақ жүйке жүйесінің қызметіне қатысады. А витамині эпителий жасушаларының дамуы және көру пигментінің синтезі үшін қажет. D витамині кальций пайдалануын реттеп, сүйек пен тістің минералдануына ықпал етеді. С витамині темірдің сіңірілуін жоғарылатып, организмнің көптеген тотығу-тотықсыздану үдерістеріне қатысады. Е витамині физиологиялық антиоксидант, ол жарғақша қабырғаларын зақымданудан қорғайды және олардың қызметтік белсенділігін сақтайды.

Минералдар мен олигоэлементтер организм үшін өте маңызды. Олар құрамға демеуші тіндердің құрамдас бөліктері немесе ферменттер мен гормондардың активаторлары және компоненттері ретінде кіреді. Кальций мен фосфор сүйек пен тісті минералдандыруда шешуші рөл атқарады. Кальций иондары көптеген ферменттерді белсендіреді, жүрек бұлшықеттері тонусын реттеуге, жүйке импульстарының берілуіне қатысады, жасуша жарғақшалары өткізгіштігін реттейді. В тобы витаминдері темір мен мыс – эритроциттерді қалыптастыру үшін маңызды элементтер. Магний, марганец, мырыш және молибден ферменттердің құрамдас компоненттері ретінде организм үшін маңызды реакцияларға қатысады.

Қолданылуы

Дуовитті® витаминдер мен минералдар қажеттілігінің артуымен қатар жүретін жай-күйлерде профилактикалық дәрі ретінде қолданады:

- жоғары дене және жүйке-психикалық жүктемесінде

- спорттың белсенді түрлерімен айналысқанда

- жүктілік және лактация кезеңінде

- тұрақсыз, толыққанды емес тамақтану немесе бір текті тамақтану рационында

- тағамның жеткіліксіз конверсиясында (егде адамдарда, темекі тартатын және алкоголді артық мөлшерде тұтынатын адамдар)

- тамақтану тәртібінің дұрыс болмауында (ең бастысы, фаст-фудпен тамақтану, құрғақтай жеу, көпшілік асханаларында тамақтану кезінде)

- тамақтанудың шектеулі тәртібінде (дене салмағының төмендеуі, диабет және т.б.)

- жас көкөністер мен жемістер тапшылығы кезеңдерінде

- ауруды өткергеннен кейінгі сауығу кезеңінде

- химиотерапияда (кешенді ем құрамында)

- минералдарды көп жоғалтқанда (құсу, диарея, етеккірдің қарқынды келуі, тердің көп бөлінуі)

Қолдану тәсілі және дозалары

Дуовит® дражені таңертеңгі астан кейін қабылдау ұсынылады.

Ересектер және 18 жастан асқан балаларға күніне 1 рет қызыл түсті 1 драже және көк түсті 1 драже қабылдау ұсынылады.

Дражені судың аздаған мөлшерімен іше отырып, бүтіндей жұту керек.

Емдеу курсы 1 айға дейін. Одан кейінгі емдеу үзілістен кейін (1 айдан 3 айға дейін) немесе дәрігердің ұсынымы бойынша жүргізілуі мүмкін.

Жағымсыз әсерлері

Өте сирек (<1/10,000): -аса жоғары сезімталдық -Сирек (≥1/10,000 до <1/1,000): - егер драже ашқарында қабылданған болса, асқазан ішек жолы тарапынан бұзылулар

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттерінің кез келгеніне жоғары сезімталдық

- А және D гипервитаминозы

- бүйрек жеткіліксіздігі

- балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Препаратты бір мезгілде тетрациклинді антибиотик антацидтармен қабылдау ұсынылмайды. Оларды бір мезгілде қабылдау салдарынан минералдар мен тетрациклиндердің сіңірілуі төмендейді. Кейбір антацидтер минералдардың сіңірілуін төмендетеді. Егер емдеуде мұндай препараттарды бір мезгілде қабылдау қарастырылған болса, Дуовит® пен тетрациклинді антибиотиктер/антацидтерді қабылдау арасында кем дегенде 3 ай аралықты сақтау қажет.

Айрықша нұсқаулар

Асқазандағы жағымсыз сезімді туындатпас үшін Дуовитті® тамақтанудан кейін қабылдау қажет.

Диабетке шалдыққан емделушілердің Дуовитті® қабылдауларына болады, бірақ мұндай кезде күнделікті дозада қант құрамының 1.6 г екенін ұмытпау қажет. Әр драже құрамында 0.8 г жуық қант бар.

Басқа витаминдермен, витаминді-минералды және/немесе минералды кешендермен бір мезгілде қабылдау тұрғысында дәрігермен немесе фармацевтпен кеңесу қажет.

Қосымша заттарға қатысты айрықша нұсқаулар мен сақтандыру шаралары

Дуовит® құрамында лактоза, сорбитол, глюкоза және сахароза бар. Препаратты тұқым қуалайтын глюкоза немесе галактозаны көтере алмаушылық, Lapp-лактаза тапшылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы немесе сахароза-изомальтаза жеткіліксіздігі аурулары бар емделушілерге қабылдауға ұсынылмайды. Е124 және Е110 бояғыштары аллергиялық реакция туындатуы мүмкін.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препарат көлік құралдарын және басқа механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозалануы

Симптомдары: әлсіздік, анорексия, жүрек айну, құсу, диарея, салмақ жоғалту, қызба және құрысулар (өте үлкен дозаны ұзақ қабылдағанда болуы ықтимал А гипервитаминозы симптомдары), бас ауыру, бас айналу, ұйқының бұзылуы, жүрек айну, құсу, ұйқышылдық, жарықтан жасқану және құрысулар (өте үлкен дозаны ұзақ қабылдағанда болуы ықтимал D гипервитаминозы симптомдары)

Емі: белсенділендірілген көмір, асқазанды шаю; қажет болған жағдайда симптоматикалық ем жүргізеді.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 дражеден (қызыл түсті 5 драже витаминдермен және көк түсті 5 драже минералдармен) поливинилхлоридті/поливинилдихлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.

4 пішінді ұяшықты қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынады.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, 25С-ден аспайтын температурада құрғақ, жарықтан қорғалған жерде сақтау керек.

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

КРКА, д.д, Ново Место, Словения

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

КРКА, д.д, Ново Место, Словения

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

ҚР-дағы «KRKA, tovarna zdravil, d.d., Novo mesto» өкілдігі

ҚР, 050059,

Алматы қ., Әл-Фараби даңғ., 19, 1Б корпусы, 2-ші қабат

тел. 8 (727) 311-08-09

факс 8 (727) 311-08-12

www.krka.si

 

 

 

 

 

Прикрепленные файлы

781436881477976924_ru.doc 79.5 кб
637589211477978084_kz.doc 118.5 кб
1910_96_01_06_11_16_20_p.pdf 0.41 кб
1910_96_01_06_11_16_20_s.pdf 0.49 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники. «Центр экспертиз и испытаний в здравоохранении» МЗ РБ