Дралитем® (100 мг)

МНН: Темозоломид
Производитель: Монте Верде С.А.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Temozolomide
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№018940
Информация о регистрации в РК: 27.09.2017 - 27.09.2022
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)

Инструкция

Саудалық атауы

Дралитем®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Темозоломид

Дәрілік түрі

20 мг, 100 мг және 250 мг капсулалар

Құрамы

Бір капсуланың құрамында

белсенді зат: 20.0 мг, 100.0 мг, 250.0 мг темозоломид,

қосымша заттар: маннитол, натрий крахмалы гликоляты, коллоидты кремнийдің қостотығы, шарап қышқылы, стеарин қышқылы, желатин,

бояғыш зат: титанның қостотығы (Е171).

Сипаттамасы

Күңгірт ақ түсті корпусы және күңгірт ақ қақпағы бар № 1 (20 мг доза үшін), № 0 (100 мг доза үшін), № 00 (250 мг доза үшін) қатты желатинді капсулалар.

Капсуланың ішіндегісі: сәл қызғылт немесе ашық-қоңыр реңді ақ немесе ақ түсті дерлік ұсақ ұнтақ (20 мг, 100 мг және 250 мг дозалар үшін).

Фармакотерапиялық тобы

Ісікке қарсы препараттар. Басқа да алкилдеуші препараттар.

АТЖ коды L01AХ03

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Ішке қабылдағаннан кейін темозоломид тез және түгел сіңіп, алғашқы сағаттың ішінде плазмада ең жоғары концентрацияға жетеді. Ас темозоломидтің сіңу айқындылығын және жылдамдығын төмендетеді.

Препаратты құрамында майы мол таңертеңгі тамақтан кейін қабылдаған жағдайда ең жоғары плазмалық концентрация және AUC көрсеткіші 32%-ға және 9%-ға (тиісінше) төмендейді, ал Tmax көрсеткіші екі есе артады (1,1 сағаттан 2,25 сағатқа дейін).

Физиологиялық pН-та темозоломид өздігінен гидролизге ұшырап, белсенді заттар: 3-метил- (триазен- 1-ил) имидазол-4-карбозамид (MTIC) және темозоломидтің қышқыл метаболитін түзеді. Өз кезегінде, MTIC гидролизденіп, 5-амино-имидазол4-карбоксамид (AIC) түзеді. P450 цитохромының ферменттері темозоломидтің және MTIC метаболизмінде қосалқы рөл атқарады. Темозоломидтің AUC көрсеткішімен салыстырғанда, MTIC және AIC экспозициясы, тиісінше, 2,4% және 23% құрайды. 7 күннен кейін радиоактивті темозоломидтің жалпы дозасының шамамен 38%-ы: 37,7%-ы несеппен бірге және 0,8%-ы нәжіспен бірге шығарылады.

Радиоактивтілігінің үлкен бөлігі несеппен бірге өзгермеген темозоломид түрінде (5,6%), AIC түрінде (12%), темозоломидтің қышқыл метаболиті түрінде (2,3%) және полярлы метаболиттер түрінде, олардың құрылымдарының қосымша нақтылануынсыз (17%) шығарылады. Темозоломидтің жалпы клиренсі 5,5 л/сағ/м2-ға жуықты құрайды.

Фармакодинамикасы

Дралитем® – бұл ісікке қарсы, алкилдеуші, иммунодепрессивті әсер ететін имидазотетразинді алкилдеуші препарат. Жүйелік айналымға түскеннен кейін, физиологиялық рН мәнінде ол тез химиялық өзгеріске түсіп, белсенді қосылыс – монометил-триазеноимидазолкарбоксамид (МТИК) түзеді. Осының салдарынан пайда болатын цитоуытты зақымдарға метил қалдығының абберантты қалпына келу механизмі жатады. Ісікке әсер еткен кезде темозоломид (тәулігіне 40-100 мг/кг/ доза) лейкоздан және лимфомадан тірі қалушылықты шамамен 50%-ға арттырды. Бұдан басқа, препараттың, саркоманы, плазмацитоманы, меланоманы және Льюис өкпе обырын қоса есептегенде, күрделі ісікке қарсы әсері бар. Темозоломид альфа-6-интегриннің байланыстырушы молекулаларының фосфорлануына жауап беретін С протеинкиназаға ықпалын тигізетіні көрінді. Бұл әсер эндотелийі бар ісік жасушаларының фосфорланған интегринімен байланысу айқындылығын төмендетеді, ол шалғайда метастаздардың пайда болуын барынша азайтады.

Клиникалық зерттеулердің деректері бойынша, препараттың әсері операциядан және сәулемен емдеуден кейін үдейтін немесе қайталанатын көп түрлі глиобластомасы бар емделушілерде, сондай-ақ анапластикалық астроцитомасы және метастаздалатын меланомасы бар емделушілерде байқалды.

Қолданылуы

- алғаш білінген мультиформалы глиобластомада (МФГБ) – сәулемен емдеумен біріктіріп, содан кейін – адъювантты емде

- қатерлі глиомада (мультиформалы глиобластома немесе анапластикалық астроцитома), стандартты емнен кейін ауру қайталанғанда немесе өршігенде.

Қолдану тәсілі және дозалары

Дралитемнің® қатты капсулаларын ми ісіктерін емдеу тәжірибесі бар дәрігерлер ғана тағайындауы тиіс.

Дралитем® дозасын мұның алдындағы цикл ішінде нейтрофилдердің және тромбоциттердің өте аз деңгейіне, сондай-ақ келесі циклді бастаған сәттегі нейтрофилдер және тромбоциттер санына сай түзету қажет (1-кестені қараңыз).

Дралитем® дозасын дене беткейінің ауданына (ДБА) байланысты есептеу үшін 5-кестені қараңыз.

Жүректің айнуы мен құсудың білінуін азайту үшін Дралитемді® ашқарынға қабылдаған жөн. Препаратты түнге қарай қабылдауға болады. Дралитемді® енгізгенге дейін және/немесе енгізгеннен кейін құсуға қарсы емді тағайындауға болады.

Дралитем® капсулаларын ашуға немесе шайнауға болмайды. Оларды стакан сумен ішіп, бүтіндей жұтқан жөн.

Егер капсулалар кездейсоқ ашық немесе бүлінген болса, препаратты теріге, немесе шырышты қабықтарға тигізіп алмау үшін, немесе препараттың ингаляциялық жолмен түсуіне жол бермеу үшін сақтық шараларын қолданған жөн.

Қатерлілігі жоғары дәрежелі, алғаш анықталған глиомасы бар емделушілер:

Қатарласқан ем сатысы. Дралитемді® 42 күн бойы күн сайын 75 мг/м2 дозада фокальді сәуле емімен (30 фракция түрінде 60 Гр) бір мезгілде тағайындайды, содан кейін Дралитеммен® 6 цикл бойы демеуші ем тағайындайды. Фокальді сәуле еміне СЕ ісік арнасын немесе жиегінен 2-3 см қамтып кесу аймағын қамтиды. Қатарластыра емдеу сатысы кезінде дозаны төмендету қажет емес; оның орнына уыттылық негізінде емдеу уақытша немесе ақырына дейін тоқтатылуы мүмкін. Төменде көрсетілген шарттарды орындаған жағдайда Дралитеммен® емдеуді қатарласқан 42 күндік кезең ішінде 49 күнге дейін жалғастырған жөн: нейтрофилдердің абсолюттік саны ≥1,5 × 109/л, тромбоциттер саны ≥100 × 109/л, (CTC) жалпы уыттылық критерийлері бойынша гематологиялық емес уыттылық (CTC) ≤ 1-ші дәреже (алопецияны, жүректің айнуын және құсуды қоспағанда). Емдеу кезінде қанға апта сайын талдау жасау керек. Дралитеммен® емдеу, 1-кестеде көрсетілген гематологиялық және гематологиялық емес критерийлерге сәйкес, уақытша немесе ақырына дейін тоқтатылуы тиіс. Темозоломидті қатарластыра енгізу және сәулемен емдеу кезінде пневмоцисттік пневмонияның профилактикасын жасау қажет. Лимфопениясы бар емделушілерде бұл профилактиканы лимфоциттер деңгейі қалпына келгенше жүргізген жөн (жалпы уыттылық критерийлері CTC ≤1-ші дәрежеге сәйкес келгенше).

1-КЕСТЕ: сәулемен емдеумен қатарласқан кезде темозоломидпен емдеуді уақытша немесе ақырына дейін тоқтату

Уыттылық

ТМЗ*уақытша тоқтату

ТМЗ ақырына дейін тоқтату

Нейтрофилдердің абсолюттік саны

≥0,5 және <1,5 × 109/л

<0,5 × 109/л

Тромбоциттер саны

≥10 және <100 × 109/л

<10 × 109/л

СТС критерийлері бойынша гематологиялық емес уыттылық (алопецияны, жүректің айнуын және құсуды қоспағанда)

CTC критерийі бойынша 2-ші дәрежелі уыттылық

CTC критерийі бойынша 3-ші және 4-ші дәрежелі уыттылық

ТМЗ = темозоломид; CTC = жалпы уыттылық критерийі.

* ТМЗ қатарластыра емдеуді төменде көрсетілген барлық шарттарды орындаған жағдайда жалғастыруға болады: нейтрофилдердің абсолюттік саны ≥1,5 × 109/л; тромбоциттер саны ≥100 × 109/л; CTC критерийлері бойынша гематологиялық емес уыттылық ≤1-ші дәрежелі (алопецияны, жүректің айнуы, және құсуды қоспағанда).

Демеуші ем фазасында. 1-ші цикл: Дралитеммен® емдеу фазасы + сәулемен емдеуді аяқтағаннан кейін 4 аптадан соң Дралитемді® демеуші ем үшін қосымша 6 цикл бойы тағайындайды. Демеуші емнің 1-ші цикліндегі доза 5 күн бойы күніне бір рет 150 мг/м2, кейін 23 күн бойы ем жүргізілмейді. 2–6-й циклдер: СТС критерийі бойынша 2-ші дәрежеліден аспайтын гематологиялық емес уыттылықтың 1-ші циклі кезінде (алопецияны, жүректің айнуы, және құсуды қоспағанда), нейтрофилдердің абсолюттік саны (НАС) ≥1,5 × 109/л, ал тромбоциттер саны ≥100 × 109/л болған жағдайда 2-ші циклдің басында дозаны 200 мг/м2-ге дейін арттыруға болады. Уыттылық жоқ болған кезде дозаны әрбір циклдің алғашқы 5 күні ішінде тәулігіне 200 мг/м2 деңгейде сақтайды. 2-ші циклде доза жоғарыламаған жағдайда оны кейін арттырмаған жөн. Демеуші ем жүргізу фазасы кезінде дозаны 2-ші және 3-ші кестедегі деректерге сай төмендетеді. Емдеу кезінде қанға толық талдауды 22-ші күні (Дралитемнің® алғашқы дозасынан соң 21 күннен кейін) немесе дозадан кейін 48 сағаттан соң, ал содан кейін апта сайын НАС 1,5 × 109/л-ден астамды (1500/мкл) құрағанға дейін, ал тромбоциттер саны 100 × 109/л-ден асқанға дейін (100 000/мкл) жасаған жөн. Дралитеммен® емдеудің келесі циклін НАС және тромбоциттер саны аталған деңгейден аспайынша бастамаған жөн. Келесі цикл кезінде дозаны төмендету қанға жалпы талдаудың өте аз көрсеткіштеріне және мұның алдындағы цикл ішінде гематологиялық емес уыттылықтың өте нашар білінуіне негізделуі тиіс. Демеуші ем фазасы кезінде дозаны төмендетуді немесе емдеуді тоқтатуды 2-ші және 3-ші кестедегі деректерге сай жүргізеді.

2-КЕСТЕ: демеуші ем кезіндегі темозоломид дозасы
Дозалық деңгейі Дозасы (мг/м2/сут) Ескерту
–1 100 Мұның алдында болған уыттылыққа байланысты дозаны төмендету
0 150 1-ші цикл кезіндегі доза
1 200 2–6-ші циклдер кезінде уыттылық жоқ болған кездегі доза

3-КЕСТЕ: демеуші ем кезінде темозоломид дозасын төмендету немесе емдеуді тоқтату

Уыттылық

ТМЗ дозасын бір дозалық деңгейге* төмендету керек

Отменить ТМЗ тоқтату

Нейтрофилдердің абсолюттік саны

<1,0 × 109/л

Сілтемені қараңыз†

Тромбоциттер саны

<50 × 109/л

Сілтемені қараңыз†

СТС бойынша гематологиялық емес уыттылық (алопецияны, жүректің айнуын және құсуды қоспағанда)

CTC критерийі бойынша 3-ші дәрежелі

Уыттылығы CTC† жіктемесі бойынша 4-ші дәрежелі

ТМЗ = темозоломид; CTC = жалпы уыттылық критерийлері

* ТМЗ дозалық деңгейлері 2-кестеде берілген.

† ТМЗ-ді, егер дозаны <100 мг/м2 төмендету қажет етілсе, немесе дозаны төмендеткеннен кейін осыған ұқсас 3-ші дәрежелі гематологиялық емес уыттылық (алопецияны, жүректің айнуы, құсуды қоспағанда) пайда болса, тоқтатқан жөн.

Анапластикалық астроцитомамен емдеуге төзімді емделушілер: Ересек емделушілер үшін бастапқы доза 28 күндік емдеу циклінің кейінгі 5 күні ішінде күніне бір рет 150 мг/м2 құрайды. Егер ересек емделушілерде ең төмен НАС деңгейі, сондай-ақ емдеген күнгі НАС (29-шы күні, келесі циклдің 1-ші күні) ≥1,5 × 109/л (1500/мкл) құраса, ал тромбоциттердің ең төмен саны және 29-шы күнгі тромбоциттер саны (келесі циклдің 1-ші күні) ≥100 × 109/л (100 000/мкл) құраса, Дралитем® дозасын 28 күндік циклдің кейінгі 5 күні ішінде тәулігіне 200 мг/м2-ға дейін арттыруға болады. Емдеу кезінде қанға талдауды 22-ші күні (темозоломидтің алғашқы дозасынан кейін 21 күннен соң) немесе дозадан кейін 48 сағат ішінде, ал содан кейін НАС 1,5 × 109/л-ден астамды (1500/мкл) құрамайынша, ал тромбоциттер саны 100 × 109/л-ден аспайынша (100 000/мкл), апта сайын жасаған жөн. Дралитеммен® емдеудің келесі циклін әзірше НАС және тромбоциттер саны көрсетілген деңгейден аспайынша бастамаған жөн. Егер НАС <1,0 × 109/л (1000/мкл) төмендесе немесе тромбоциттер саны кез келген цикл кезінде <50 × 109/л (50 000/мкл) құраса, келесі циклге арналған дозаны 50 мг/м2-ге, бірақ ұсынылған өте аз дозаның 100 мг/м2-нен азайтпай, төмендеткен жөн (4-кестені қараңыз). Дралитеммен® емдеуді ауру өршігені басылғанша жалғастыруға болады. Клиникалық зерттеулерде емдеуді жалғастыру 2 жылдан аспауы мүмкін, алайда тиімді ұзақтығы белгісіз.

4-КЕСТЕ: Анапластикалық астроцитомамен емдеуге төзімділікте дозаны өзгерту

Тәулігіне 150 мг/м2 x 5 тәулік (бастапқы доза) немесе тәулігіне 200 мг/м2 x 5 күн

 

22-ші күнгі НАС-қа және тромбоциттер деңгейіне баға беру

29-шы күнгі (келесі циклдің 1-ші күні) НАС-қа және тромбоциттер деңгейіне баға беру

22-ші немесе 29-ші күндергі ең төмен сан негізінде

НАС <1.000/мкл немесе тромбоциттер <50,000/мкл

 

Емдеуді НАС > 1 500/мкл және тромбоциттер деңгейі > 100 000/мкл-ге жеткенге дейін тоқтату; дозаны келесі циклде тәулігіне 50 мг/м2-ге төмендету керек..

 

 

НАС 1,000/мкл – 1 500/мкл немесе тромбоциттер 50 000/мкл – 100 000/мкл

 

Емдеуді НАС

> 1 500/мкл және тромбоциттер деңгейі

> 100 000/мкл жеткенге дейін тоқтату; бастапқы дозаны сақтау керек.

 

 

НАС > 1 500/мкл және тромбоциттер > 100 000/мкл

 

Келесі циклде дозаны тәулігіне 200 мг/м2 деңгейде x 5 тәулікке дейін арттыру немесе сақтау керек.

   

5-КЕСТЕ: Тәуліктік дозаны дене беткейінің ауданы (ДБА) негізінде есептеу

Жалпы ДСА

75 мг/м2

150 мг/м2

200 мг/м2

(м2)

(күніне мг)

(күніне мг)

(күніне мг)

1,0

75

150

200

1,1

82,5

165

220

1,2

90

180

240

1,3

97,5

195

260

1,4

105

210

280

1,5

112,5

225

300

1,6

120

240

320

1,7

127,5

255

340

1,8

135

270

360

1,9

142,5

285

380

2,0

150

300

400

2,1

157,5

315

420

2,2

165

330

440

2,3

172,5

345

460

2,4

180

360

480

2,5

187,5

375

500

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі (>10%)

- анорексия

- бас ауыру, құрысулар

- жүректің айнуы, құсу, іш қату

- тері бөртпелері, шаштың түсуі

- қажу, шаршау

Жиі (>1% <10%)

- жұқпалар, соның ішінде жара жұқпасы, фарингит, кандидозды стоматит

- лейкопения, нейтропения, фебрильді нейтропения, лимфопения, тромбоцитопения, анемия

- гипергликемия, дене салмағының жоғалуы

- мазасыздық, депрессивті синдром, көңіл-күй тұрақсыздығы, ұйқысыздық

- сананың нашарлауы, сананың шатасуы, жадының нашарлауы, зейінді жұмылдырудың нашарлауы, невропатия, парестезия, сөйлеудің бұзылуы, діріл, ұйқышылдық, тепе-теңдіктің бұзылуы, бас айналу, гемипарез, афазия, дисфазия

- көру өрісінің кемістігі, жіті көрмеушілік, диплопия

- естудің нашарлауы, құлақ ішінің шуылдауы

- қан кету, тереңдегі көктамырлардың тромбозы, аяқтардың ісінуі

- тыныс алудың қиындауы, жөтел

- стоматит, ауыз ішінің құрғауы, дисфагия, іш тұсының ауыруы, диспепсия, ас қорытудың бұзылуы, диарея

- терінің құрғауы, қышу, дерматит, эритема

- бұлшықет әлсіздігі, артралгия, қаңқа-бұлшықеттің ауыруы, миалгия

- несепті ұстап тұра алмау, несептің жиі шығарылуы

- аллергиялық реакциялар, қызба, сәулемен зақымдану, беттің ауыруы, ісінуі, дәмнің бұзылуы

- аланинаминотрансфераза (АЛТ) белсенділігінің жоғарылауы

Жиі емес (>0.1% <1%)

- қарапайым ұшық, белдеулі ұшық, тұмауға ұқсас симптомдар

- кушингоидты синдром

- дене салмағының артуы, гипокалиемия, сілтілік фосфатазаның артуы

- қозу, апатия, мінез-құлықтың бұзылуы, депрессивті синдром, жадының жоғалуы, елестеулер

- эпилепсиялық жағдай, экстрапирамидалы бұзылулар, атаксия, танымдық қабілетінің бұзылуы, жүру мәнерінің бұзылуы, гиперестезия, сезінудің нашарлауы, неврологиялық бұзылулар, бір жақтық салдану, сенсорлы бұзылулар

- ортаңғы құлақ отиті, құлақ ішінің шуылдауы, есту жітілігінің жоғарылауы, құлақтың ауыруы, кереңдік

- жүректің лүпілдеуі

- миға қан құйылу, артериялық қысымның төмендеуі, шеткергі ісіну

- пневмония, жоғарғы тыныс жолдарыныцң жұқпасы, бронхит, мұрынның бітелуі

- асқазан-ішек жолы тарапынан болатын бұзылулар, іштің желденуі, еріксіз нәжіс

Зертханалық көрсеткіштер. Көптеген цитоуытты заттардың дозаны лимиттеуші жағымсыз әсері болып табылатын миелосупрессия (нейтропения және тромбоцитопения), Дралитемді қолданған кезде де білінді. Екі топтағы (біріктірілген немесе адъювантты емдеуде) емделушілер ішінде, нейтропенияны қоса есептегенде, нейтрофилдер тарапынан 3-ші және 4-ші дәрежелі өзгерулердің 8% жағдайлары, тромбоцитопенияны қоса есептегенде, тромбоциттер тарапынан 14 % жағдайлары білінді.

Өршитін немесе қайталанатын қатерлі глиома

Өте жиі (≥10%)

- нейтропения, лимфопения (3-4-дәрежелі), тромбоцитопения (3-4-дәрежелі)

- анорексия

- бас ауыру

- жүректің айнуы, құсу, іш қату

- қажу, шаршау

Жиі (≥1% <10%)

- дене салмағының азаюы

- тыныстың тарылуы

- іштің ауыруы, диспепсия, ас қорытудың бұзылуы, диарея

- тері бөртпелері, қышу, шаштың түсуі

- қызба, астения, жалпы әлсіздік, қалтырау, діріл, дәмнің бұзылуы

- ұйқышылдық, бас айналу, парестезия

Жиі емес (≥0.1% <1%)

- панцитопения, анемия (3-4 дәрежелі), лейкопения

Өте сирек (<0.01%)

- полиморфты эритема, эритродермия, есекжем, қызба, экзантема

- аллергиялық реакциялар, анафилактикалық реакцияларды, Квинке ісінуін қоса есептегенде

Зертханалық көрсеткіштер. Тромбоцитопения мен нейтропенияның 3-ші немесе 4-ші дәрежелері, қатерлі глиома көрсетілімі бойынша ем қабылдаған емделушілердің 19%-да және 17%-да білінді. Бұл, тиісінше, 8% және 4% жағдайларда госпитализациялауға немесе Дралитеммен® емдеуді үзуге әкелді. Сүйек кемігі қызметінің басылуы ерте сатыларда-ақ, (әдетте бірнеше бастапқы циклдер ішінде, 22 және 28 күндер арасында) ең жоғары деңгейге түсіп кететіні, әдеттегідей, 1-2 апта ішінде тез қалпына келетіні алдын ала болжанды. Миелосупрессияның жиналып қалуы жөнінде айғақтар байқалған жоқ.

Постмаркетингтік зерттеулер нәтижелері

Өте сирек (<0.01%)

- миелодиспластикалық синдромның пайда болуы

- миелоидты лейкемияны қоса есептегенде, салдарлық қатерлі жаңа түзілімдердің пайда болуы

- ұзаққа созылатын панцитопения, апластикалық анемия

- уытты эпидермальді некролиз

- интерстициальді пневмонит

- гепатотуыттылық, бауыр энзимдері деңгейінің артуы, гипербилирубинемия, холестаз, гепатитті қоса есептегенде

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- темозоломидке немесе препараттың басқа да компоненттеріне жоғары сезімталдық

- дакарбазинге жоғары сезімталдық

- сүйек кемігі қызметінің ауыр дәрежеде бәсеңдеуі

- жүктілік және лактация кезеңі.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Дралитемді® ранитидинмен біріктіріп қабылдау темозоломидтің сіңу дәрежесінің клиникалық тұрғыдан маңызды өзгеруіне әкелмейді.

Дексаметазонмен, прохлорперазинмен, дифенинмен (фенитоинмен), карбамазепинмен, ондансетронмен, Н2-рецепторлардың антагонистерімен немесе фенобарбиталмен біріктіріп қабылдау темозоломидтің клиренсін өзгертпейді.

Вальпрой қышқылымен біріктіріп қабылдау темозоломид клиренсінің айқын, бірақ статистикалық тұрғыдан едәуір төмендеуіне әкеп соқты.

Темозоломид бауырда метаболизденбейтін және ақуыздармен нашар байланысатын болғандықтан, оның басқа да дәрілік заттардың фармакокинетикасына әсер етуі ықтималдығы аз.

Дралитемді сүйек кемігін бәсеңдететін басқа заттармен біріктіру миелосупрессияның ықтималдылығын арттыруы мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Дралитеммен® емдеуді ми ісіктерінде химиялық емдеу жүргізу тәжірибесі бар дәрігердің бақылауымен ғана жүргізілуі тиіс.

Балалар

Балаларға қолданудың қауіпсіздігі және тиімділігі анықталған жоқ.

Бүйрек және бауыр қызметінің жеткіліксіздігі бар емделушілер.

Дралитемнің® фармакокинетикалық қасиеттері бауыр қызметі қалыпты немесе бауыр қызметі аздап бұзылған емделушілерде ұқсас болады. Қазіргі таңда Дралитемді® бауыр қызметінің бұзылуы ауыр түрде болатын немесе бүйрек қызметі бұзылған емделушілерді емдеу үшін қолдану жөнінде деректер жоқ. Бауыр немесе бүйрек қызметтерінің бұзылуы ауыр түрде болатын емделушілерді емдеген кезде дозаны төмендетуді қажет етуі екіталай. Алайда емделушілердің осы тобына Дралитемді® абайлап тағайындаған жөн.

Егде жастағы емделушілер.

Дралитемнің® шығарылуы жасқа байланысты еместігі анықталды. Дегенмен 70 жастан асқан егде емделушілерде нейтропенияның және тромбоцитопенияның пайда болу қаупі артады.

Еркектер.

Дралитеммен® емдеу тағайындалатын еркектерге препараттың соңғы дозасын қабылдағаннан кейін 6 ай ішінде ұрпақ өрбітуді тоқтата тұру қажеттілігін түсіндірген, сондай-ақ емдеуді бастар алдында сперманы мұздатып қатыру мүмкіндігі жөнінде кеңес берген жөн.

Пневмоцистті пневмония.

Дралитемді® және 42 күндік сызба бойынша (рұқсат етілетін ең жоғары емдеу ұзақтығы 49 күн) сәулемен емдеуді біріктіріп қабылдап жүрген барлық емделушілер, лимфоциттер санынан тыс, пневмоцистті пневмонияға жол бермеуге профилактикалық шараларды керек етеді. Лимфопениялар пайда болған жағдайда профилактикалық шараларды лейкопения деңгейі 1-дәрежеден асқанға дейін жалғастырған жөн.

Құсуға қарсы ем.

Құсуға қарсы ем Дралитемді® енгізер алдында да, енгізгеннен кейін де жүргізілуі мүмкін.

Құсуға қарсы профилактикалық емдеуді біріктірілген (сәулемен емдеумен бірге) емді бастар алдында жүргізу керек және алғаш білінген мультиформалы глиобластоманы адъювантты емдеу кезінде табанды түрде жүргізу ұсынылады. Егер Дралитеммен емдеу аясында жүрек айнуы немесе құсу пайда болса, кейінгі қабылдаулар кезінде құсуға қарсы ем жүргізу керек. Құсуға қарсы препараттарды Дралитеммен® емдеуге дейін де, емдеуден кейін де қабылдауға болады. Алайда, егер құсу Дралитемді® қабылдағаннан кейін алғашқы 2 сағат ішінде пайда болса, препаратты сол күні қайтадан қабылдамаған жөн.

Зертханалық көрсеткіштер.

Дралитеммен® емдеуге кіріспес бұрын емделушінің зертханалық көрсеткіштері төменде берілген нормаларға сәйкес келетіндігіне көз жеткізу қажет:

нейтрофилдердің абсолюттік саны ≥1,5 х 109/л

тромбоциттер саны ≥100 х 109/л

Қанға толық талдау емдеудің 22-ші күні (алғашқы дозаны енгізгеннен кейін 21 күннен соң) немесе осы күннен бастап 48 сағат ішінде, сондай-ақ апта сайын, нейтрофилдердің абсолюттік саны ≥1,5 х 109/л, тромбоциттер саны ≥100 х 109/л құрағанға дейін, жүргізіледі. Кез келген цикл ішінде нейтрофилдердің абсолюттік саны <1,0 х 109/л-ге дейін, немесе тромбоциттер саны <50 х 109/л-ге дейін төмендеген жағдайларда, келесі циклде дозалау бір деңгейге төмендетілуі тиіс (3-кесте). Дозалау деңгейіне 100 мг/м², 150 мг/м², 200 мг/м² дозалар қамтылады. Өте аз ұсынылатын доза 100 мг/м² құрайды.

Лактозаның жақпаушылығы және лактозаның жеткіліксіздігі.

Дралитемнің® құрамында лактоза бар. Сондықтан ол галактозаның жақпаушылығымен, лапландтық лактоза жеткіліксіздігі немесе глюкоза-галактозаның сіңуінің бұзылуымен байланысты сирек тұқым қуалайтын аурулары бар емделушілерге тағайындалмауы тиіс.

Дәрілік заттың көлікті немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Препараттың кейбір, мысалы, ұйқышылдық және шаршау сезімі сияқты жағымсыз әсерлері көлікті басқару немесе зейінді жұмылдыруды және психомоторлы реакциялардың шапшаңдығын қажет ететін қауіпті қызмет түрлерін жасаған кезде кері ықпалын тигізуі мүмкін.

Артық дозаланғанда

Симптомдары: дозаны лимиттейтін уыттылық гематологиялық уыттылық болды, ол кез келген дозаны қабылдаған кезде білінеді, бірақ өте жоғары дозаларда бұл айқынырақ білінеді.

Емдеу: гематологиялық бақылау керек және қажет болғанда – симптоматикалық ем

Шығарылу түрі және қаптамасы

20 мг, 100 мг және 250 мг капсулалар.

Бұралатын қалпақшасы және балалардан қорғайтын қорғанышы бар ақ түсті пластик құтыда 5 капсуладан.

1 құты медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды!

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Монте Верде С.А., Аргентина

Мекенжай: 5427 Аргентина Республикасы, Сан Хуан провинциясы, Вилла Аберастаин Город Посито, Рута Насиональ № 40, 7 және 8 өткел

Тіркеу куәлігінің иесі

Толмар, Корп., Панама

Тұтынушылардан өнім сапасы жөнінде шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Стофарм» ЖШС, 110007, Қостанай қ-сы, Уральская к-сі, 14

Тел./факс 8 (7142) 28-01-80

VPPopova@kst.stopharm.kz

 

Прикрепленные файлы

880597211477977070_ru.doc 120 кб
951110771477978240_kz.doc 168 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники