Доцетаксел Аккорд (80 мг/4 мл)

МНН: Доцетаксел
Производитель: Intas Pharmaceuticals Limited
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Docetaxel
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№122136
Период регистрации: 06.04.2016 - 06.04.2021

Инструкция

Саудалық атауы

Доцетаксел Аккорд

Халықаралық патенттелмеген атауы

Доцетаксел

Дәрілік түрі

Инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған 20 мг/1 мл немесе 80 мг/4 мл концентрат

Құрамы

1 мл (бір құты) концентраттың құрамында:

белсенді зат –20 мг (20 мг/1 мл) сусыз доцетаксел

қосымша заттар: сусыз лимон қышқылы, сусыз этанол, полисорбат 80

4 мл (бір құты) концентраттың құрамында:

белсенді зат 80 мг (80 мг/4 мл) сусыз доцетаксел

қосымша заттар: сусыз лимон қышқылы, сусыз этанол, полисорбат 80

Сипаттамасы

Бозғылт-сарыдан қоңыр-сары түске дейінгі мөлдір ерітінді.

Фармакотерапиялық тобы

Ісікке қарсы препараттар және иммуномодуляторлар. Ісікке қарсы препараттар. Таксандар. Доцетаксел.

АТХ коды L01CD02

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңуі

Доцетакселдің кинетикасы дозаға байланысты емес және α, β және γ фазаларындағы жартылай шығарылу кезеңі, сәйкесінше, 4 мин., 36 мин. және 11,1 сағатқа тең болатын үш компартаментті фармакокинетикалық үлгіге сәйкес келеді. Соңғы фазасы доцетакселдің шеткергі компартаменттен ішінара біршама баяу шығарылуымен жүзеге асады.

Таралуы

Бір сағаттық инфузиямен 100 мг/м2 дозаны енгізгеннен кейін плазмада, 4,6 сағ.мкг/мл-ге тең қисық астындағы (АUС) ауданға сәйкес, 3,7 мкг/мл-ге тең болатын орташа ең жоғары концентрацияға жетті. Жалпы клиренсінің және қанығу сатысындағы таралу көлемінің орташа көрсеткіштері, сәйкесінше, 21 л/сағ./м2 және 113 л құрады. Жалпы клиренсінің көрсеткішінде жекелей аралық ауытқушылық 50%-ға жуықты құрады. Доцетакселдің 95%-дан көбі плазма ақуыздарымен байланысқа түседі.

Шығарылуы

Р450 цитохромы арқылы терт-бутил-эфир тобының тотығуынан кейін доцетаксел 7 күн ішінде несеппен және нәжіс массаларымен бірге шығарылады, олардан енгізілген радиоактивтіліктің (14С-доцетаксел), сәйкесінше, 6% және 75%-ы табылды. Алғашқы 48 сағат ішінде нәжіс массаларынан табылған радиоактивтіліктің 80%-ға жуығы белсенді емес негізгі бір метаболит және белсенді емес қосалқы 3 метаболит түрінде, сондай-ақ өзгермеген дәрілік заттың өте аз мөлшері түрінде бөлініп шықты.

Ерекше популяциялар

Жасы және жынысы

Доцетакселдің фармакокинетикасы пациенттің жасына және жынысына байланысты болған жоқ.

Бауыр функциясының бұзылуы

Бауыр функциясының ауырлығы жеңіл немесе орташа дәрежеде бұзылуын көрсететін клиникалық зертханалық талдамалар көрсеткіші бар науқастардың аздаған бөлігінде (сілтілік фосфатаза қалыптың жоғарғы шегінің ≥ 2,5 деңгейінде болғанда АЛТ, АСТ қалыптың жоғарғы шегінің ≥ 1,5 деңгейінде болады), жалпы клиренсі орта есеппен 27%-ға төмен болды. Доцетакселдің клиренсі ауырлығы жеңіл немесе орташа сұйықтық іркілісінде өзгерген жоқ, іркілістің ауыр түрі бар науқастар жөнінде деректер жоқ.

Біріктірілімін тағайындағанда доцетаксел доксорубициннің клиренсіне және доксорубицинолдың (доксорубицин метаболиті) плазмалық деңгейіне ықпалын тигізбейді. Доцетакселдің, доксорубициннің және циклофосфамидтің фармакокинетикалық параметрлері оларды бір мезгілде тағайындағанда өзгерген жоқ.

Капецитабин доцетакселдің фармакокинетикасына (Сmах және АUС) әсерін тигізбейді және доцетаксел капецитабиннің маңызды 5`-ДФУР (5`-DFUR) метаболитінің фармакокинетикасына әсерін тигізбейді.

Цисплатинмен біріктіріп емдеуге қолданғанда доцетакселдің клиренсі монотерапияда байқалған клиренсіне ұқсас болады. Доцетакселдің инфузиясынан кейін көп ұзамай енгізілген цисплатиннің фармакокинетикалық бейіні цисплатинмен монотерапияда байқалған бейінге ұқсас.

Доцетакселді, цисплатинді және 5-фторурацилді ауқымды ісігі бар науқастарға біріктіріп тағайындау осы дәрілік заттардың бірде-біреуінің фармакокинетикасына ықпалын тигізбейді.

Дексаметазонмен стандартты премедикация жасаумен бірге тағайындалатын доцетакселдің фармакокинетикасына преднизонның ықпалы байқалған жоқ.

Фармакодинамикасы

Доцетаксел, тубулиннің тұрақты микротүтікшелерге бірігуіне мүмкіндік беріп, және олардың бір-бірінен ажырауына кедергі жасай отырып, ісікке қарсы әсер ететін препарат болып табылады, ол бос тубулин санының айқын төмендеуіне әкеледі. Доцетакселдің микротүтікшелерге қосылуы протофиламенттердің санын өзгертпейді.

Жасушаларда доцетаксел митозда және интерфазада жасушалардың функциясын атқаруы үшін өмірлік маңызды, алмастыруға келмейтін микротрубулярлы торды үзеді.

Доцетаксел ісік жасушаларының әртүрлі желілеріне қатысты, ал клогенділік тестілерінде ісіктердің жаңадан белсендірілген жасушаларына қатысты цитоуытты. Доцетаксел жасушаларда ұзақ уақыт болатын жасушаішілік жоғары концентрацияларға жетеді. Бұдан басқа, доцетаксел дәрінің полирезистерттілік генімен реттелетін р-глюкопротеинді шамадан тыс дәрежеде экспрессиялайтын жасушалардың жекелеген (бәрінің емес) желілеріне қатысты белсенділік танытатыны анықталды. Доцетаксел адамның өршіген трансплантацияланған ісіктеріне қатысты кең ауқымда ісікке қарсы белсенділікке иеленген және тәуелді емес.Қолданылуы

- сүт безінің обыры

Доцетаксел Аккорд препаратының доксорубицинмен және циклофосфамидпен біріктірілімі лимфа түйіндерінің зақымдануымен немесе зақымдануынсыз сүт безінің операция жасауға болатын обыры бар науқастарды адъювантты түрде емдеуге арналған.

Лимфа түйіндері зақымданбаған, сүт безінің операция жасауға болатын обыры бар науқастарда адъювантты емді, сүт безі обырының ерте сатысындағы алғашқы емнің халықаралық критерийлеріне сай, химиотерапия қабылдауға болатын науқастарға ғана жүргізген жөн.

Доцетаксел Аккорд препаратының доксорубицинмен біріктірілімі сүт безінің жергілікті таралған немесе метастаздық обыры бар, бұрын осы жағдайға байланысты цитоуыттық ем қабылдамаған науқастарды емдеуге арналған.

Доцетаксел Аккорд тиімді болмаған цитоуытты емнен кейін сүт безінің жергілікті таралған немесе метастаздық обыры бар науқастарды монотерапия түрінде емдеуге арналған. Бұның алдындағы химиотерапия антрациклинді немесе алкилдеуші препаратты қамтуы тиіс.

Доцетаксел Аккорд препаратының трастузумабпен біріктірілімі, бұрын метастазға байланысты химиотерапия қабылдамаған, НЕR-2 экспрессиясы жоғарылаған, сүт безінің метастаздық обыры бар науқастарды емдеуге арналған.

Доцетаксел Аккорд препаратының капецитабинмен біріктірілімі, цитоуыттық ем тиімсіз болғаннан кейін, сүт безінің жергілікті таралған немесе метастаздық обыры бар науқастарды емдеуге арналған. Бұның алдындағы химиотерапия антрациклинді қамтуы тиіс.

- өкпенің ұсақ жасушалы емес обыры

Доцетаксел Аккорд бұның алдында тиімсіз болған химиотерапиядан кейін өкпенің жергілікті таралған немесе метастаздық обыры бар науқастарды емдеуге арналған.

Доцетаксел Аккорд препаратының цисплатинмен біріктірілімі өкпенің операция жасауға болмайтын, жергілікті таралған немесе өкпенің ұсақ жасушалы емес метастаздық обыры бар, бұрын осы жағдайға байланысты химиотерапия жүргізілмеген науқастарды емдеуге арналған.

- қуықасты безінің обыры

Доцетаксел Аккорд препаратының преднизонмен немесе преднизолономен біріктірілімі қуықасты безінің гормон резистентті метастаздық обыры бар науқастарды емдеуге арналған.

- асқазан аденокарциномасы

Доцетаксел Аккорд препаратының цисплатинмен және 5-фторурацилмен біріктірілімі асқазанның метастаздық карциномасы, соның ішінде гастро-эзофагеальді бөлігінің аденокарциномасы бар, метастазға байланысты алдын ала химиотерапия қабылдамаған науқастарды емдеуге арналған.

- бас пен мойын обыры

Доцетаксел Аккорд препаратының цисплатинмен және 5-фторурацилмен біріктірілімі бас пен мойынның жергілікті таралған жалпақ жасушалы обыры бар науқастардың бастапқы еміне арналған.

Қолдану тәсілі және дозалары

Доцетаксел Аккорд препаратын қолдану цитоуыттық химиотерапияға мамандандырылған бөлімдермен шектелуі тиіс, Доцетаксел Аккорд пациенттерге цитоуыттық химиотерапия жағынан білікті кәсіби маманның бақылауымен ғана енгізіледі.

Ұсынылатын дозасы

Сүт безінің обырында, өкпенің ұсақ жасушалы обырында, асқазанның обырында, бас пен мойынның обырында премедикация 3 күн бойы күніне 16 мг (күніне 2 рет 8 мг-ден) доза дексаметазон сияқты пероральді кортикостероидты препаратты тағайындау болып табылады, егер қарсы көрсетілімдері болмаса, премедикацияға Доцетаксел Аккорд препаратын енгізуден 1 күн бұрын кіріседі. Профилактикалық мақсатта гематологиялық уыттылықтың даму қаупін ең төменге жеткізу үшін гранулоцитарлы колониестимуляциялайтын факторды (Г-КСФ) қолдануға болады.

Қуықасты безінің обырында, преднизонның немесе преднизолонның бір мезгілде қолданылатынын ескерсек, премедикацияның ұсынылатын режимі Доцетаксел Аккорд инфузиясынан 12 сағат, 3 сағат және 1 сағат бұрын 8 мг пероральді дексаметазонан тұрады.

Доцетаксел Аккорд препаратын әрбір 3 сағат сайын бір сағаттық инфузиямен енгізеді.

Сүт безінің обыры

Зақымданған және зақымданбаған лимфа түйіндері бар сүт безінің операция жасауға болатын обырын адъювантты түрде емдеу үшін Доцетаксел Аккорд препаратының ұсынылатын дозасы 75 мг/м2 құрайды, 6 цикл бойы әрбір 3 апта сайын (ДДЦ режимі) 50 мг/м2 доксорубицин мен 500 мг/м2 циклофосфамидтен кейін 1 сағаттан соң енгізіледі (сондай-ақ «Емдеу кезінде дозаны түзетуді» қараңыз).

Сүт безінің жергілікті таралған немесе метастаздық обыры бар науқастарды емдеу үшін Доцетаксел Аккорд препаратының монотерапия ретінде ұсынылатын дозасы 100 мг/м2 құрайды. Бірінші желілі емді жүргізу үшін 75 мг/м2 Доцетаксел Аккорд препаратын доксорубицинмен (50 мг/м2) біріктіріп енгізеді.

Трастузумабпен біріктірілімінде Доцетаксел Аккорд препаратының ұсынылатын дозасы әрбір 3 апта сайын 100 мг/м2 құрайды, мұндайда трастузумаб апта сайын енгізіледі. Доцетаксел Аккорд препаратының алғашқы инфузиясы трастузумабтың алғашқы дозасынан кейін келесі күні тағайындалады. Доцетаксел Аккорд препаратының кейінгі дозалары, егер бұның алдындағы трастузумабтың жағымдылығы жақсы болса, трастузумаб инфузиясын аяқтау бойына енгізеді. Трастузумаб дозасын және енгізу тәсілдерін трастузумабты медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықтан қараңыз.

Капецитабинмен біріктірілімінде Доцетаксел Аккорд препаратының ұсынылатын дозасы әрбір 3 апта сайын 75 мг/м2 құрайды, 1250 мг/м2 (тамақтанудан кейін 30 минут ішінде) капецитабинмен біріктірілімінде күніне екі рет 2 апта бойы, ары қарай апталық үзіліспен. Дене бетінің ауданын ескере отырып, капецитабин дозасын есептеуді капецитабинді медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықтан қараңыз.

Өкпенің ұсақ жасушалы емес обыры

Бұрын химиотерапия қабылдамаған және өкпенің ұсақ жасушалы обырына байланысты емделіп жүрген науқастар үшін Доцетаксел Аккорд препаратының ұсынылатын дозалау режимі 75 мг/м2 болып табылады, содан кейін тікелей 30-60 минут ішінде 75 мг/м2 цисплатинді қабылдау керек. Бұған дейінгі платина негізді химиотерапия тиімді болмаған пациенттерді емдеу үшін монотерапия ретінде ұсынылатын доза 75 мг/м2-ге тең.

Қуықасты безінің обыры

Доцетаксел Аккорд препаратының ұсынылатын дозасы әрбір 3 апта сайын бір сағаттық көктамырішілік инфузия түрінде 75 мг/м2 құрайды. Преднизон немесе преднизолон пероральді түрде, үздіксіз, күніне 2 рет 5 мг-ден тағайындалады.

Асқазанның аденокарциномасы

Доцетаксел Аккорд препаратының ұсынылатын дозасы бір сағаттық инфузиямен жасалатын 75 мг/м2, ары қарай 1-3 сағаттық инфузиямен 75 мг/м2 цисплатинді (екі инфузия да тек бірінші күні), содан кейін цисплатинді инфузия аяқталған сәттен бастап, 5 күн бойына үздіксіз 24 сағаттық инфузиямен тәулігіне 750 мг/м2 5-фторурацилді құрайды. Емдеуді әрбір 3 апта сайын қайталайды. Цисплатинді енгізумен байланысты антиэметикалық дәрілермен премедикация және тиісінше гидратация жүргізу қажет. Профилактикалық мақсаттарда гематологиялық уыттылықтың дамуын төмендету үшін Г-КСФ қолданған жөн (Емдеу кезінде дозаны түзетуді де қараңыз).

Бас пен мойын обыры

Антиэметикалық препараттармен премедикация және тиісті гидратация (цисплатинді енгізгенге дейін және енгізгеннен кейін) жүргізген жөн. Профилактикалық Г-КСФ-ті гематологиялық уыттылық қаупін азайту үшін пайдалануға болады.

- Бастапқы химиотерапиядан кейін ары қарай сәулелік терапия:

Операция жасауға болмайтын, жергілікті таралған бас пен мойынның жалпақ жасушалы обырының (БМЖЖО) бастапқы емі үшін Доцетаксел Аккорд препаратының ұсынылатын дозасы бір сағаттық инфузиямен 75 мг/м2 құрайды, одан кейін бірінші күні 1 сағат бойы 75 мг/м2 цисплатинді енгізеді, ары қарай үздіксіз инфузиямен 5 күн бойы тәулігіне 750 мг/м2 дозада 5-фторурацил енгізеді. Бұл сызбаны 4 цикл бойы әрбір 3 апта сайын қайталайды. Химиотерапиядан кейін сәулелік терапия жүргізген жөн.

- Бастапқы химиотерапиядан кейін ары қарай химио-сәулелік терапия:

Жергілікті таралған (техникалық тұрғыдан резектабельді емес, хирургиялық емдеу және ағзаны сақтауға ниеттену мүмкіндігі аз) бас пен мойынның жалпақ жасушалы обырының (БМЖЖО) бастапқы емі үшін Доцетаксел Аккорд препаратының ұсынылатын дозасы бірінші күні бір сағаттық инфузиямен 75 мг/м2 құрайды, содан кейін 30 минуттан 3 сағатқа дейін 100 мг/м2 цисплатин енгізеді, ары қарай бірінші күннен бастап төрт күн бойы тәулігіне 1000 мг/м2 дозада 5-фторурацил енгізеді. Бұл сызбаны 3 цикл бойы әрбір 3 апта сайын қайталайды. Химиотерапиядан кейін химио-сәулелік терапия тағайындалуы тиіс.

Цисплатин және 5-фторурацил дозаларын өзгертуді препараттарды медициналық қолдану жөніндегі тиісті нұсқаулықтарынан қараңыз.

Емдеу кезінде дозаны түзету:

Доцетаксел Аккорд препаратын нейтрофилдер саны ≥ 1.500 жасуша/мм3 болған кезде қолдану керек.

Доцетаксел Аккорд препаратымен емдеу кезінде ауыр немесе жинақталған тері реакцияларымен немесе ауыр шеткергі невропатиямен бірге 1 аптадан астам бойы нейтрофилдер саны < 500 жасуша/мм3 болатын фебрильді нейтропения дамыған жағдайда, Доцетаксел Аккорд дозасын 100 мг/м2-ден 75 мг/м2-ге және/немесе 75 мг/м2-ен бастап 60 мг/ м2-ге дейін төмендету керек. Егер 60 мг/м2 дозада жоғарыда аталған реакциялар қайтпаса, емдеуді тоқтатқан жөн.

Сүт безі обырының адъювантты емі

Сүт безінің обырына байланысты науқастар Доцетаксел Аккорд препаратымен, доксорубицинмен және циклофосфамидпен (ДДЦ) адъювантты ем қабылдаған жағдайда Г-КСФ жәрдемімен алғашқы профилактика жүргізудің қажеттілігін таразылау керек. Фебрильді нетропениясы және/немесе нейтропениялық инфекциясы бар науқастар үшін Доцетаксел Аккорд дозасын барлық кейінгі циклдерде 60 мг/м2-ге дейін төмендеткен жөн.

3 немесе 4 дәрежедегі стоматит жағдайында дозаны 60 мг/м2-ге дейін төмендету керек.

Цисплатинмен біріктірілімі

Доцетаксел Аккорд препаратының 75 мг/м2-ге тең бастапқы дозасы цисплатинмен біріктірілген және бұған дейінгі емдеу курсы кезінде тромбоциттер саны ең төмен 25.000 жасуша/мм3-ден азды құраған науқастар үшін, сондай-ақ фебрильді нейтропениясы бар немесе гематологиялық емес ауыр уыттылық орын алған науқастар үшін кейінгі циклде Доцетаксел Аккорд дозасын 65 мг/м2-ге дейін төмендеткен жөн. Цисплатин дозасын түзетуді препаратты медициналық қолдану жөніндегі тиісті нұсқаулықтан қараңыз.

Капецитабинмен біріктірілімі

  • капецитабин дозасын өзгертуді капецитабинді медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықтан қараңыз.

  • капецитабинмен біріктірілген Доцетаксел Аккорд препаратымен келесі емдеу сәтінде персистерленетін, 2 дәрежедегі уыттылықтың алғашқы белгілерінде, емдеуді уыттылық 0-1 дәрежеге дейін төмендегенше тоқтата тұрған жөн; емдеуді бастапқы дозаны 100% қолдана отырып қайта жаңғыртады.

  • емдік циклдің кез келген кезеңінде 2 дәрежедегі уыттылық қайталап дамығанда немесе 3 дәрежедегі уыттылық алғаш пайда болғанда, емдеуді уыттылық 0-1 дәрежеге дейін төмендегенше тоқтата тұрған жөн, содан кейін 55 мг/м2 дозаны қабылдай отырып, Доцетаксел Аккорд препаратымен емдеуді қайта жаңғыртады

  • кез келген кейінгі уыттылық көріністерінде немесе 4 дәрежедегі уыттылықта Доцетаксел Аккорд препаратын енгізуді тоқтатқан жөн.

Трастузумаб дозасын өзгертуді препаратты медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықтан қараңыз.

Цисплатинмен және 5-фторурацилмен біріктірілімі

Егер Г-КСФ қолдануға қарамастан, фебрильді нейтропения көрінісі, іркілген нейтропения немесе нейтропениямен байланысты инфекциялар орын алса, Доцетаксел Аккорд дозасын 75 мг/м2-ден бастап 60 мг/м2-ге дейін төмендеткен жөн. Егер асқынған нейтропения көріністері жалғасса, Доцетаксел Аккорд дозасын 60-тан 45 мг/м2-ге дейін төмендету керек. 4 дәрежедегі тромбоцитопения жағдайында Доцетаксел Аккорд дозасын 75-тен 60 мг/м2-ге дейін төмендеткен жөн. Доцетаксел Аккорд препаратымен емдеудің келесі циклдерін нейтрофилдер саны > 1.500 жасуша/мм3 деңгейіне дейінгі қалпына келгеннен кейін, ал тромбоциттер саны > 100.000 жасуша/мм3 деңгейіне дейінгі қалпына келгеннен кейін ғана жалғастыру керек. Егер уыттылықтың осы симптомдары сақталса, емдеуді тоқтатқан жөн.

Доцетаксел Аккорд препаратын цисплатинмен және 5-фторурацилмен (5-ФУ) қабылдап жүрген науқастардағы уыттылық жағдайында ұсынылатын дозаларды өзгерту:

Уыттылығы

Дозаны түзету

3 дәрежедегі диарея

Бірінші көрініс: 5-ФУ дозасын 20%-ға төмендету керек.

Екінші көрініс: содан кейін доцетакселдің дозасын 20%-ға төмендету керек.

4 дәрежедегі диарея

Бірінші көрініс: Доцетаксел Аккорд және 5-ФУ дозасын 20%-ға төмендету керек.

Екінші көрініс: емдеуді тоқтату керек.

3 дәрежедегі стоматит (мукозит)

Бірінші көрініс: 5-ФУ дозасын 20%-ға төмендету керек.

Екінші көрініс: кейінгі барлық циклдерден тек 5-ФУ-ді алып тастау керек.

Үшінші көрініс: Доцетаксел Аккорд дозасын 20%-ға төмендету керек.

4 дәрежедегі стоматит (мукозит)

Бірінші көрініс: кейінгі барлық циклдерден тек 5-ФУ-ді алып тастау керек.

Екінші көрініс: Доцетаксел Аккорд дозасын 20%-ға төмендету керек.

Цисплатиннің және 5-фторурацилдің дозаларын түзетуді препараттардың медициналық қолдану жөніндегі тиісті нұсқаулықтарынан қараңыз.

БМЖЖО және асқынған нейтропениясы (ұзаққа созылған нейтропенияны, фебрильді нейтропенияны немесе инфекцияны қоса) бар науқастарға келесі циклдерде профилактикалық қорғануды қамтамасыз ету үшін (мысалы, 6-15 күндері) Г-КСФ қолдану ұсынылады.

Ерекше популяциялар:

Бауыр функциясы бұзылған науқастар

100 мг/м2 Доцетаксел Аккорд препаратымен монотерапия кезінде алынған фармакокинетикалық деректер негізінде, трансаминаза [АСТ және/немесе АЛТ] белсенділігі қалыптың жоғарғы шегінен (ҚЖШ) 1,5 еседен астамға және сілтілік фосфатаза ҚЖШ-ден 2,5 еседен астамға артқан науқастар үшін Доцетаксел Аккорд препаратының ұсынылатын дозасы 75 мг/м2 құрайды. Билирубиннің сарысудағы деңгейі ҚЖШ-ден жоғары деңгейінде және/немесе АСТ мен АЛТ деңгейі ҚЖШ-ден ден 3,5 еседен астамға жоғары болғанда, сілтілік фосфатазаның ҚЖШ-ден 6 еседен астам болатын деңгейімен біріктіргенде дозаны төмендету ұсынылмайды – қатаң көрсетілімдері жоқ болған жағдайда Доцетакселді қолданбаған жөн.

Асқазан карциномасын емдеу үшін цисплатинмен және 5-фторурацилмен біріктірілген жағдайда, АЛТ және/немесе АСТ ҚЖШ-ден 1,5 есе асатын, ҚЖШ-ден 2,5 еседен астам сілтілік фосфатаза деңгейімен және ҚЖШ-ден жоғары билирубин деңгейімен біріктірілген науқастар үшін дозаны төмендету ұсынылмайды – қатаң көрсетілімдері жоқ болса, Доцетакселді қолданбаған жөн. Доцетаксел біріктірілімімен басқа көрсетілім бойынша емделген, бауыр функциясы бұзылған науқастарды емдеу жөнінде деректер жоқ.

Педиатриялық популяция

Доцетаксел Аккорд 1 айлықтан < 18 жасқа дейінгі балалардағы назофарингеальді карциномада Доцетаксел Аккорд препаратының қауіпсіздігі және тиімділігі анықталған жоқ.

Педиатриялық популяциядағы, дифференциациялануы төмен назофарингеальді карциноманың ІІ және ІІІ типтерін қоспағанда, сүт безінің обырында, өкпенің ұсақ жасушалы обырында, простата обырында, асқазан карциномасында және бас пен мойын обырында Доцетаксел Аккорд препаратын қолданудың негізі жоқ.

Егде жастағы науқастар

Популяцияны фармакокинетикалық талдау деректерін негізге алсақ, егде жастағы науқастарға препаратты қолдану жөнінде арнайы нұсқаулар жоқ.

60 жастағы және одан үлкен жастағы науқастар үшін капецитабинмен біріктірген жағдайда капецитабиннің бастапқы дозасын 75% дозаға дейін төмендету ұсынылады (капецитабинді медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықты қараңыз).

Қолданылуы бойынша ерекше сақтандырулар

Доцетаксел Аккорд ісікке қарсы дәрі болып табылады, сондықтан басқа да потенциальді уытты заттардағы сияқты, олармен және Доцетаксел Аккорд ерітінділерін әзірлеу кезінде сақтық танытқан жөн. Қолғап кию ұсынылады.

Теріге Доцетаксел Аккорд препаратының концентратын, алдын ала араластырылған ерітіндісін немесе инфузиялық ерітіндісін тигізіп алған жағдайда теріден оларды тездетіп сабынмен мұқият жуып тастаған жөн. Шырышты қабықтарға Доцетаксел Аккорд препаратының концентратын, алдын ала араластырылған ерітіндісін немесе инфузиялық ерітіндісін тигізіп алған жағдайда оларды тездетіп сумен мұқият шаю керек.

Көктамыр ішіне енгізуге дайындау

а) Алдын ала Доцетаксел Аккорд қоспасын (10 мг доцетаксел /мл) дайындау

Егер құтылар тоңазытқышта сақталса, Доцетаксел Аккорд қорабының қажетті санын бөлме температурасында (25ºС-ден төмен) 5 минутқа қалдырыңыз.

Инемен жабдықталған еккішті пайдалана отырып, және құтыны түбіне дейін бұрмай, асептика ережесін сақтай отырып, Доцетаксел Аккорд құйылған құтыдан еріткіштің барлық мөлшерін еккішке құйып алыңыз.

Еккіштің ішіндегісінің барлығын Доцетаксел Аккорд препаратының тиісті құтысына енгізіңіз.

Инесі бар еккішті алып тастаңыз және құтының ішіндегі затты кем дегенде 45 секунд бойы көп рет айналдырыңыз. Сілкілемеңіз.

Алдын ала араластырылған ерітіндісі бар құтыны бөлме температурасында (25ºС-ден төмен) 5 минутқа қалдырып қойыңыз, содан кейін ерітіндінің гомогенділігін және мөлдірлігін тексеріңіз (полисорбат-80 бар болғандықтан, көбіктің 5 минут өткенше болуы – қалыпты құбылыс).

Алдын ала араластырылған қоспаның ерітіндісінде 10 мг/мл доцетаксел бар, дайындағаннан кейін оны дереу пайдалану керек. Алайда алдын ала араластырылған қоспаның ерітіндісінің химиялық және физикалық тұрақтылығы 2ºС және 8ºС арасындағы температурада немесе бөлме температурасында (25ºС-ден төмен) 8 сағат бойы сақталады.

б) Инфузиялық ерітіндіні дайындау

Науқас үшін қажетті дозаны алу үшін алдын ала дайындалған ерітіндісі бар бір құтыдан көбірек қажет болуы мүмкін. Науқас үшін мг-мен алынған қажетті дозаға орай, алдын ала дайындалған ерітіндісі бар құтылардың тиісті санынан құрамында 10 мг/мл доцетаксел бар алдын ала дайындалған ерітіндінің тиісті көлемін, асептика ережелерін сақтай отырып, инемен жабдықталған градуирленген еккіштің жәрдемімен аласыз. Мысалы, алдын ала араластырылған доцетакселдің 14 мл ерітіндісінде доцетакселдің 140 мг дозасы бар.

Алдын ала араластырылған ерітіндінің қажетті көлемін ішінде 5% глюкоза ерітіндісі, немесе 9 мг/мл (0,9%) натрий хлоридінің ерітіндісі бар 250 мл инфузиялық қалтаға немесе инфузиялық бөтелкеге енгізіңіз.

Егер 200 мг доцетакселден көбірек қажет болса, доцетакселдің концентрациясын 0,74 мг/мл-ден асырмау үшін еріткішті үлкен көлемде пайдаланыңыз.

Қолмен шайқай отырып, инфузиялық қалтаның немесе бөтелкенің ішіндегісін араластырыңыз.

Доцетаксел Аккорд препаратының инфузиялық ерітіндісі 4 сағат ішінде пайдаланылуы тиіс, асептика ережелерін сақтай отырып, бөлме температурасы (25ºС-ден төмен) мен қалыпты жарық жағдайларында оны 1 сағаттық инфузиямен енгізген жөн.

Парентеральді түрде қолданылатын барлық басқа препараттар сияқты, Доцетаксел Аккорд препаратының алдын ала араластырылған және инфузиялық ерітіндісін пайдаланар алдында көзбен тексеріп көру керек. Ішінде шөгіндісі бар ерітінділер жарамсыз деп табылуы тиіс.

Пайдаланылмаған кез келген препарат немесе артық материал жергілікті талаптарға сәйкес жойылуы тиіс.

Жағымсыз әсерлері

Монотерапия ретінде тағайындалған доцетакселге өте жиі жағымсыз реакциялар нейтропения [(қайтымды және жанақталмаған) 7 күні жасуша саны өте аз, ауыр нейтропенияның (нейтрофилдер саны < 500 жасуша/м3) орташа ұзақтығы 7 күнді құрады], анемия, алопеция, жүректің айнуы, құсу, стоматит, диарея және астения болып табылады. Трастузумабпен біріктіріп тағайындағанда тіркелген (барлық дәрежедегі) жағымсыз реакциялар ≥10% болды. Доцетаксел монотерапиясымен салыстырғанда, оны трастузумабпен біріктіріп тағайындағанда күрделі жағымсыз реакциялар (31%-бен салыстырғанда 40%) және 4 дәрежедегі жағымсыз реакциялар (23%-бен салыстырғанда 34%) жиілігінің жоғарылағаны байқалды. Капецитабинмен біріктіріліміне қатысты айтар болсақ, антрациклиндермен емдеу сәтсіз (≥ 5%) болған сүт безінің обырын емдеген кезде, емдеумен байланысты өте жиі жағымсыз реакциялар байқалған.

Келесі жағымсыз реакциялар доцетакселді қолданған кезде жиі байқалады:

Жиі

- жоғары сезімталдық реакциялары, әдеттегідей, доцетаксел инфузиясын бастағаннан кейін бірнеше минуттан соң және әдетте ауырлығы жеңіл немесе орташа дәрежеде болады. Өте жиі симптомдар гиперемия, қышитын немесе онсыз бөртпе, кеуденің қысылу сезімі, арқаның ауыруы, ентігу, жоғары температура немесе қалтырау. Ауыр реакциялар гипотензиямен және/немесе бронхтың түйілуімен немесе жайылған бөртпемен (эритемамен) өтті.

- жүйке сезімталдығының парестезиямен, дизестезиямен және ауырумен, соның ішінде күйдіріп ауырумен сипатталатын, ауырлығы жеңіл және орташа дәрежедегі бұзылу белгілері. Нейромоториканың бұзылулары, негізінен, әлсіздікпен білінеді. Ауыр шеткергі нейроуыттылық дамыған кезде дозаны төмендету қажет болады. Симптомдардың қайтымдылығы жөніндегі деректер монотерапия ретінде 100 мг/м2 Доцетаксел Аккорд препаратымен емдегеннен кейін нейроуыттылығы бар науқастардың 35,3%-на қатысты. Симптомдар 3 айдың ішінде өздігінен қайтады.

- әдетте жеңіл немесе орташа дәрежеде білінеді деп саналатын қайтымды тері реакциялары. Реакциялар бөртпемен, соның ішінде жергілікті бөртпелермен, негізінен, қол мен аяқтағы (соның ішінде алақан-табан эритродизестезиясы синдромының ауыр түрі), сондай-ақ көбіне қышынумен қатар жүретін білектегі, беттегі және кеудедегі бөртпелермен сипатталды. Әдетте, бөртпелер доцетаксел инфузиясынан кейін бір апта ішінде пайда болды. Ауыр симптомдар сирек тіркелді: сирек жағдайларда доцетаксел емінің үзілісіне немесе тоқтатуға мәжбүр болатын сирек жағдайларда, десквамацияға ұласатын бөртпелер. Тырнақтардың ауыр өзгерулері гипопигментациямен немесе гиперпигментациямен және кейде ауырумен және онихолизиспен сипатталды.

- инфузия енгізілген жердегі реакциялар, әдетте жеңіл түрде болды және гиперпигментациямен, қабынумен, терінің қызаруымен немесе құрғауымен, флебитпен немесе қанталаумен және көктамырдың ісінуімен аяқталды.

Сұйықтық іркілісі шеткергі ісінулер түрінде және сирек плевралық жалқық, перикардиальді жалқық, асцит және дене салмағының артуы түрінде білінді. Шеткергі ісінулер, әдетте, аяқтардан басталады, дене салмағының 3 және одан астам кг-ге артуымен жайылған түрде болуы мүмкін. Сұйықтық іркілісінің жиілігі және ауырлық дәрежесі жинақталған сипатта болады. Орташа жинақталған доза емдеуді аяқтаған сәтте 1000 мг/м2-ден асты, ал сұйықтық іркілісі қайтымдылығының орташа уақыты 16,4 аптаны (0-ден 42 аптаға дейін) құрады. Сұйықтық іркілісінің ауырлығы орташа және ауыр дәрежесі, премедикациясыз науқастармен салыстырғанда (жинақталған орташа дозасы: 489,7 мг/м2), премедикациясы жүргізілген (жинақталған орташа дозасы: 818,9 мг/м2) науқастарда кеш басталды; алайда кейбір науқастарда ол емнің ерте курстарында байқалды.

Доцетаксел Аккорд 100 мг/м2 дозасы монотерапия ретінде

Өте жиі (≥ 1/10)

- инфекциялар (соның ішінде сепсис және пневмония, 1,7 % өліммен аяқталу)

- нейтропения, соның ішінде фебрильді, анемия

- жоғары сезімталдық

- анорексия

- шеткергі сенсорлы және моторлы нейропатия, дисгевзия

- ентігу

- стоматит, диарея, жүректің айнуы, құсу

- алопеция, тері реакциялары, тырнақтар тарапынан бұзылулар

- миалгия

- сұйықтық іркілісі, астения, ауыру

Жиі (≥ 1/100-<1/10)

- нейтропениямен байланысты инфекциялар

- тромбоцитопения

- аритмия

- гипотензия, гипертензия, геморрагия

- іш қату, іштің ауыруы, асқазан-ішектік қан кету

- артралгия

- инфузия енгізілген жерде реакция, кеудеде жүректік емес ауырулар

- қанда жоғары билирубин, қанда сілтілік фосфатаза деңгейінің жоғарылауы, АСТ және АЛТ жоғарылауы

Жиі емес (≥ 1/1.000-<1/100)

- жүрек жеткіліксіздігі

- эзофагит

Сирек (≥ 1/10.000-<1/1.000)

- тромбоцитопениямен қатар жүретін қан кету көріністері

Өте сирек (<1/10.000)

- қайтымсыз алопеция

73% тері реакциялары 21 күн ішінде қайтады.

Доцетаксел Аккорд 75 мг/м2 дозасы монотерапия ретінде

Өте жиі (≥ 1/10)

- инфекциялар

- нейтропения, анемия, тромбоцитопения

- анорексия

- шеткергі сенсорлы нейропатия

- жүректің айнуы, стоматит, құсу, диарея

- алопеция, тері реакциялары

- астения

- сұйықтық іркілісі, ауыру

Жиі (≥ 1/100-<1/10)

- фебрильді нейтропения

- жоғары сезімталдық (ауыр емес)

- шеткергі моторлы нейропатия

- аритмия (ауыр емес)

- гипотензия

- іш қату

- тырнақтар тарапынан бұзылулар

- миалгия

- қанда билирубиннің жоғарылауы

Доцетаксел Аккорд 75 мг/м2 дозасының доксорубицинмен біріктірілімі

Өте жиі (≥ 1/10)

- инфекциялар

- нейтропения, соның ішінде фебрильді нейтропения, анемия, тромбоцитопения

- шеткергі сенсорлы нейропатия

- жүректің айнуы, стоматит, диарея, құсу, іш қату

- алопеция, тырнақтар тарапынан бұзылулар, тері реакциялары (ауыр емес)

- астения, сұйықтық іркілісі, ауыру

Жиі (≥ 1/100-<1/10)

- жоғары сезімталдық

- анорексия

- шеткергі моторлы нейропатия

- жүрек жеткіліксіздігі, аритмия (ауыр емес)

- миалгия

- енгізген жерде реакциялар

- қанда билирубиннің және сілтілік фосфатазаның жоғарылауы

Жиі емес (≥ 1/1.000-<1/100)

- гипотензия

- АСТ және АЛТ жоғарылауы

Доцетаксел Аккорд 75 мг/м2 дозасының цисплатинмен біріктірілімі

Өте жиі (≥ 1/10)

- инфекциялар

- нейтропения, анемия, тромбоцитопения

- жоғары сезімталдық

- анорексия

- шеткергі сенсорлы және моторлы нейропатия

- жүректің айнуы, құсу, диарея, стоматит

- алопеция, тырнақтар тарапынан бұзылулар, тері реакциялары

- миалгия

- астения, сұйықтық іркілісі, қызба

Жиі (≥ 1/100-<1/10)

- фебрильді нейтропения

- аритмия

- гипотензия

- іш қату

- енгізген жерде реакциялар, ауыру

- қанда билирубиннің жоғарылауы, АЛТ жоғарылауы

Жиі емес (≥ 1/1.000-<1/100)

- жүрек жеткіліксіздігі

- қанда АСТ және сілтілік фосфатазаның жоғарылауы

Доцетаксел Аккорд 100 мг/м2 дозасының трастузумабпен біріктірілімі

Өте жиі (≥ 1/10)

- гематологиялық уыттылық: нейтропения, фебрильді нейтропения (соның ішінде антибиотиктер аясында қызбамен бірге өтетін нейтропения) немесе нейтропениялық сепсис

- анорексия

- ұйқысыздық

- парестезия, бас ауыру, дисгевзия, гипоестезия

- көз жасы бөлінуінің күшеюі, конъюнктивит

- лимфаның ісінуі

- эпистаксис, фаринголарингеальді ауыру, назофарингит, ентігу, жөтел, ринорея

- жүректің айнуы, құсу, диарея, іш қату, стоматит, диспепсия, іштің ауыруы

- алопеция, эритема, бөртпе, тырнақтар тарапынан бұзылулар

- миалгия, артралгия, аяқ-қолдың, сүйектердің және арқаның ауыруы

- астения, шеткергі ісіну, пирексия, шаршау, шырышты қабықтардың қабынуы, ауыру, тұмауға ұқсас жағдай, кеуде қуысының ауыруы, қалтырау

- дене салмағының артуы

Жиі (≥ 1/100-<1/10)

- жүрек функциясының жеткіліксіздігі

- летаргия

Доцетаксел Аккорд 75 мг/м2 дозасының капецитабинмен біріктірілімі

Өте жиі (≥ 1/10)

- нейтропения, анемия

- анорексия, тәбеттің төмендеуі

- дисгевзия, парестезия

- көз жасы бөлінуінің күшеюі

- фаринголарингеальді ауыру

- жүректің айнуы, құсу, стоматит, диарея, іш қату, іштің ауыруы, диспепсия

- алақан-табан эритродизестезиясы синдромы, алопеция, тырнақтар тарапынан бұзылулар

- миалгия, артралгия

- астения, пирексия, шаршау/әлсіздік, шеткергі ісінулер

Жиі (≥ 1/100-<1/10)

- ауыр қуысының кандидозы

- тромбоцитопения

- дегидратация

- бас айналу, бас ауыру, шеткергі нейропатия

- ентігу, жөтел, эпистаксис

- іштің жоғарғы бөлігінің ауыруы, ауыз ішінің құрғауы

- дерматит, эритематозды бөртпе, тырнақтардың түссізденуі, онихолизис

- аяқ-қолдың және арқаның ауыруы

- летаргия, ауыру

- дене салмағының төмендеуі, қанда билирубиннің жоғарылауы

Доцетаксел Аккорд 75 мг/м2 дозасының преднизонмен немесе преднизолонмен біріктірілімі

Өте жиі (≥ 1/10)

- инфекциялар

- нейтропения, анемия

- анорексия

- шеткергі сенсорлы нейропатия, дисгевзия

- жүректің айнуы, құсу, стоматит/фарингит, диарея

- алопеция, тырнақтар тарапынан бұзылулар (ауыр емес)

- шаршау, сұйықтық іркілісі

Жиі (≥ 1/100-<1/10)

- тромбоцитопения, фебрильді нейтропения

- жоғары сезімталдық

- шеткергі моторлы нейропатия

- көз жасы бөлінуінің күшеюі

- жол жақ қарыншаның функциональді қабілетінің төмендеуі

- эпистаксис, ентігу, жөтел

- эксфолиативті бөртпе

- артралгия, миалгия

Зақымданған және зақымданбаған лимфа түйіндерімен сүт безінің обыры бар науқастарды 75 мг/м2 Доцетаксел Аккорд препаратын доксорубицин және циклофосфамид біріктірілімімен адъювантты емде, жиынтық деректер

Өте жиі (≥ 1/10)

- инфекциялар, нейтропениялық инфекция

- анемия, нейтропения, соның ішінде фебрильді, тромбоцитопения

- анорексия

- дисгевзия, шеткергі сенсорлы нейропатия

- конъюнктивит

- ысынулар

- жүректің айнуы, құсу, диарея, іш қату

- алопеция, терінің бұзылулары, тырнақтар тарапынан бұзылулар

- миалгия, артралгия

- аменорея

- астения, пирексия, шеткергі ісінулер

Жиі (≥ 1/100-<1/10)

- жоғары сезімталдық

- шеткергі моторлы нейропатия

- көз жасы бөлінуінің күшеюі

- аритмия

- гипотензия, флебит

- жөтел

- іштің ауыруы

- дене салмағының жоғарылауы, дене салмағының төмендеуі

Жиі емес (≥ 1/1.000-<1/100)

- синкопе, нейроуыттылық, ұйқышылдық

- лимфаның ісінуі

Сирек (≥ 1/10.000-<1/1.000)

- іркілген жүрек жеткіліксіздігі

- жедел лейкемия (миелодисплазиялық синдром)

Асқазан аденокарциномасында Доцетаксел Аккорд 75 мг/м2 препаратының цисплатинмен және 5-фторурацилмен біріктірілімі

Өте жиі (≥ 1/10)

- инфекциялар, соның ішінде нейтропениялық

- анемия, нейтропения, соның ішінде фебрильді, тромбоцитопения

- жоғары сезімталдық

- анорексия

- шеткергі сенсорлы нейропатия

- диарея, жүректің айнуы, стоматит, құсу

- алопеция

- летаргия, қызба, сұйықтық іркілісі (1% ауыр/өмірге қауіп төндіретін)

Жиі (≥ 1/100-<1/10)

-бас айналу, шеткергі моторлы нейропатия

- көз жасы бөлінуінің күшеюі

- естудің нашарлауы

- аритмия

- іш қату, асқазан-ішектің ауыруы, эзофагит/дисфагия/одинофагия

- қышитын бөрпе, тырнақтар тарапынан бұзылулар, терінің қабыршақтануы

Бас пен мойын обырында Доцетаксел Аккорд 75 мг/м2 препаратының цисплатинмен және 5-фторурацилмен біріктірілімі

Радиотерапияға ұласатын бастапқы химиотерапия

Өте жиі (≥ 1/10)

- инфекциялар, соның ішінде нейтропениялық

- нейтропения, анемия, тромбоцитопения

- анорексия

- дизгезия/паросмия, шеткергі сенсорлы нейропатия

- жүректің айнуы, стоматит, диарея, құсу

- алопеция

- летаргия, гипертермия, сұйықтық іркілісі, ісінулер

Жиі (≥ 1/100-<1/10)

- обырлық ауыру

- фебрильді нейтропения

- жоғары сезімталдық (ауыр емес)

- бас айналу

- көз жасы бөлінуінің күшеюі, конъюнктивит

- естудің нашарлауы

- миокард ишемиясы

- көктамырлық өзгерулер

- іш қату, эзофагит/дисфагия/одинофагия, іштің ауыруы, диспепсия, асқазан-ішектік қан кету

- қышитын бөртпе, терінің құрғауы, терінің қабыршықтануы

- миалгия

- дене салмағының артуы

Жиі емес (≥ 1/1.000-<1/100)

- аритмия

Химиорадиотерапияға ұласатын бастапқы химиотерапия

Өте жиі (≥ 1/10)

- инфекциялар

- нейтропения, соның ішінде фебрильді, анемия, тромбоцитопения

- анорексия

- дизгезия/паросмия, шеткергі сенсорлы нейропатия

- естудің нашарлауы

- жүректің айнуы, стоматит, құсу, диарея, эзофагит/дисфагия/одинофагия, іш қату

- алопеция, қышитын бөртпе

- летаргия, пирексия, сұйықтық іркілісі, ісінулер

- дене салмағының төмендеуі

Жиі (≥ 1/100-<1/10)

- нейтропениялық инфекция

- обырлық ауыру

- бас айналу, шеткергі моторлы нейропатия

- көз жасы бөлінуінің күшеюі

- аритмия

- диспепсия, асқазан-ішек ауыруы, асқазан-ішектен қан кету

- терінің құрғауы және қабыршақтануы

- миалгия

Жиі емес (≥ 1/1.000-<1/100)

- жоғары сезімталдық

- конъюнктивит

- миокард ишемиясы

- көктамырлық өзгерулер

- дене салмағының артуы

Постмаркетингтік кезеңдегі тәжірибе

- сүйек кемігі функциясының басылуы және басқа да жағымсыз гематологиялық реакциялар. Диссеминацияланған көктамырішілік коагуляция (ДКК), көбіне сепсиспен немесе мультиағзалық жеткіліксіздікпен

- басқа химиотерапиялық дәрілермен және/немесе сәулелік терапиямен біріктіріп қолданғанда доцетакселмен байланысты жедел миелоидтық лейкемия және миелодисплазиялық синдром

- кейде өліммен аяқталатын анафилаксиялық шок

- персистирлеуші алопеция

- бүйрек жеткіліксіздігі; осы жағдайлардың шамамен 20%-ында жедел бүйрек жеткіліксіздігінің даму қаупінің нефроуытты дәрілік препараттар сияқты факторлары және асқазан-ішектік бұзылулары болған жоқ

Сирек

- доцетакселді қолдануға байланысты конвульсиялар немесе уақытша естен тану. Кейде бұл реакциялар дәрілік препаратпен инфузия кезінде дамиды

- отоуыттылық, естудің нашарлауы және/немесе естуден айырылу

- көктамырлық тромбоэмболия

- миокард инфарктісі

- жедел респираторлы дистресс синдромы, интерстициальді пневмония және өкпе фиброзы; сәулелік терапияны бір мезгілде қабылдап жүрген науқастарда радиациялық пневмонит

- гастроинтестинальді өзгерулер, тесілулер, ишемиялық колит және нейтропениялық энтероколит нәтижесінде болатын сусыздану, ішектің түйілуі және ішек бітелісі

- сәулелендіруге ретроспективті реакция, жедел олигурия немесе гипотензия көріністерінсіз сұйықтық іркілісі, сусыздану және өкпенің ісінуі

Өте сирек

- дәрілік препаратпен инфузия кезінде туындайтын және жоғары сезімталдық реакцияларымен бірге көрудің уақытша бұзылуы (жарық жарқылы, жарық дағы, скотома). Олар инфузияны тоқтатқаннан кейін қайтымды сипатқа ие болады. Көз жасы бөлінуінің, соның ішінде көз жасының шамадан тыс бөлінуіне әкеп соғатын көз жасы өзегінің бітелуі нәтижесінде конъюнктивитпен бірге болатын, күшею жағдайлары тіркелді

- көбіне бұдан бұрын бауыр ауруы бар науқастарда кейде өліммен аяқталатын гепатит

- терінің қызыл жегісі және буллезді бөртпелер, мысалы, көп формалы эритема, Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермальді некролиз сияқты. Кейбір жағдайларда осы әсерлердің дамуында басқа да қатар жүретін факторлар рөл атқарады. Доцетакселді қолданумен байланысты склеродермаға ұқсас өзгерулер тіркелді, олар әдетте шеткергі лимфа ісінулерінің алдында болды.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- әсер етуші затқа немесе препараттың қосымша заттарының қандай да болсын біреуіне жоғары сезімталдық

- нейтрофилдердің бастапқы деңгейі < 1.500 жасуша/мм3 болуы

- бауыр функциясының ауыр бұзылуы, деректер жоқ болғандықтан

- біріктіріп тағайындаған жағдайда басқа дәрілік препараттардың қарсы көрсетілімдерін ескерген жөн.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Іn vitro сынақтар Доцетаксел Аккорд препаратының метаболизмі бір мезгілде қабылданатын Р450-3А цитохромымен индукцияланатын, тежелетін қосылыстардың немесе Р450-3А цитохромы арқылы (және осылайша, бұл энзимді компетитивтік жолмен басуға қабілетті) метаболизденетін циклоспорин, терфенадин, кетоконазол, эритромицин және тролеандомицин сияқты препараттардың әсерімен өзгеруі мүмкін екендігін көрсетті. Осының салдарынан осы препараттармен бір мезгілде емдегенде сақтық танытқан жөн, өйткені олардың арасында елеулі өзара әрекеттесулер болуы мүмкін.

Доцетаксел Аккорд ақуыздармен өте жақсы (> 95%) байланысады. Доцетакселдің бір мезгілде тағайындалатын дәрілік заттармен in vivo өзара әрекеттесуіне, ақуыздармен мықты байланыс түзетін препараттармен (эритромицин, дифенгидрамин, пропранолол, пропафенон, фенитоин, салицилат, сульфаметоксазол және натрий вальпроаты сияқты) in vitro өзара әрекеттесуіне ресми зерттеулердің жоқтығына қарамастан, Доцетаксел Аккорд препараты ақуыздармен байланысуына ықпалын тигізген жоқ. Бұдан басқа, дексаметазон доцетакселдің ақуыздармен байланысуына ықпалын тигізбейді. Доцетаксел Аккорд дигитоксиннің байланысуына ықпалын тигізбейді.

Доцетаксел Аккорд препаратының, доксорубициннің және циклофосфамидтің фармакокинетикасы оларды бір мезгілде тағайындағанда өзгерген жоқ. Бақыланбаған жалғыз ғана зерттеудің шектеулі деректері Доцетаксел Аккорд пен карбоплатин арасындағы өзара әрекеттесуді көрсетеді. Доцетаксел Аккорд препаратын біріктіріп тағайындағанда карбоплатиннің клиренсі карбоплантинмен монотерапияда бұрын тіркелген клиренстен 50%-ға жоғары болды.

Қуықасты безінің метастаздық обыры бар науқастарда преднизонның қатысуымен Доцетаксел Аккорд фармакокинетикасы зерттелді. Доцетаксел Аккорд препараты СУР3А4 арқылы метаболизденеді; преднизон, белгілі болғандай, СУР3А4-ті индукциялайды. Доцетаксел Аккорд препаратының фармакокинетикасына преднизонның статистикалық тұрғыдан маңызды әсерлері байқалған жоқ.

Доцетаксел Аккорд препаратын бір мезгілде СУР3А4 күшті тежегіштерін (яғни ритонавирге ұқсас протеаза тежегіштері, кетоконазолға немесе итраконазолға ұқсас зеңге қарсы азольді дәрілер) қабылдап жүрген науқастарға абайлап енгізген жөн. Кетоконазол және доцетаксел қабылдаған науқастардың қатысуымен жүргізілген дәрілік өзара әрекеттесулерді зерттеу доцетакселдің клиренсі едәуір, жартысына дейін төмендеуі мүмкін екендігін көрсетті, өйткені доцетакселдің метаболизміне СУР3А4 метаболизмнің негізгі (жалғыз) жолы ретінде қатысады. Төмен дозаларда доцетакселдің толеранттылығы төмендеуі мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Сүт безінің обыры және өкпенің ұсақ жасушалы емес обыры жағдайында пероральді кортикостероидтық гормонды, мысалы, дексаметазонды күніне 16 мг-ден (яғни күніне екі рет 8 мг-ден), доцетакселді пайдаланудан 1 күн бұрын бастап (егер қарсы көрсетілімдері жоқ болса) 3 күн бойы қолданатын премедикация организмде сұйықтық іркілісінің даму жиілігін және дәрежесін, сондай-ақ жоғары сезімталдық реакцияларының айқындылығын төмендетуі мүмкін. Простата обыры жағдайында премедикация доцетакселдің инфузиясынан 12 сағат, 3 сағат және 1 сағат бұрын пероральді дексаметазонды 8 мг дозада қабылдаудан тұрады.

Гематология

Нейтропения доцетакселдің ең жиі жағымсыз реакциясы болып табылады. Нейтрофилдер саны ең төменгі деңгейіне, орта есеппен, 7 күнде жетеді, бірақ осы мерзім емдеудің қайталанатын циклдерінде қысқа болуы мүмкін. Қанның толық көрінісін жиі бақылауды доцетаксел қабылдап жүрген барлық науқастарға жүргізген жөн. Доцетаксел Аккорд препаратымен емдеуді нейтрофилдер саны ≥ 1.500 жасуша/мм3 деңгейіне дейінгі қалпына келгеннен кейін қайта жаңғыртқан жөн.

Ауыр нейтропения (7 және одан көбірек күн бойы < 500 жасуша/мм3) жағдайында Доцетаксел Аккорд препаратымен емдеу курсы кезінде, емдеудің келесі курстарында дозаны төмендету, немесе тиісті симптоматикалық емді қолдану ұсынылады.

Доцетаксел Аккорд препаратының цисплатинмен және 5-фторурацилмен (ДЦФ) біріктірілімімен емделген науқастарда фебрильді нейтропения және нейтропениялық инфекциялар, егер науқастар профилактикалық мақсатта Г-КСФ қабылдаса, сирек дамиды. ДЦФ қабылдап жүрген науқастарға, асқынған нейтропенияның (фебрильді нейтропения, ұзаққа созылған нейтропения немесе нейтропениялық инфекция) даму қаупін төмендету үшін, Г-КСФ профилактика жүргізген жөн. ДЦФ емделіп жүрген науқастарға қатаң мониторинг жүргізу керек.

Доцетакселдің доксорубицинмен және циклофосфамидпен (ДДЦ) біріктірілімімен емделіп жүрген науқастарда фебрильді нейтропения және нейтропениялық инфекциялар, науқасқа Г-КСФ жәрдемімен алғашқы профилактика жүргізген кезде, сирек кездесті. Г-КСФ жәрдемімен алғашқы профилактиканың қажеттілігін жөніндегі мәселені асқынған нейтропения (фебрильді нейтропения, әсері ұзаққа созылған нейтропения немесе нейтропениялық инфекция) қаупін төмендету үшін, сүт безі обырына байланысты ДДЦ-мен адъювантты ем қабылдап жүрген науқастар жағдайында қарастырған жөн. ДДЦ қабылдап жүрген науқастарға мұқият бақылау жүргізу керек.

Жоғары сезімталдық реакциялары

Жоғары сезімталдық реакцияларын, әсіресе бірінші және екінші инфузия кезінде анықтау үшін науқастар қатаң бақылауға алынады. Жоғары сезімталдық реакциялары доцетакселмен инфузияның алғашқы минуттарында туындауы мүмкін, сондықтан гипотензияны және бронхтың түйілуін емдеу үшін қажетті барлық дәрілер дайын тұруы тиіс. Жоғары сезімталдық реакциялары дамыған жағдайда гиперемия немесе орныққан тері реакциялары сияқты әлсіз білінетін симптомдар емдеуді тоқтатуды қажет етпейді, ал ауыр реакциялар, мысалы, ауыр гипотензия, бронхтың түйілуі немесе жайылған бөртпе (эритема) доцетакселді енгізуді дереу тоқтатуды және тиісті ем жүргізуді талап етеді. Жоғары сезімталдықтың ауыр реакциялары орын алған науқастарды Доцетаксел Аккорд препаратымен қайтадан емдеуге болмайды.

Тері реакциялары

Аяқ-қолдарда (қолдың алақаны және табанның өкшесі) орныққан ісіну бар және кейіннен десквамация болатын тері реакциясы байқалды. Кейіннен десквамацияланатын бөртпе сияқты ауыр симптомдар пайда болғанда доцетаксел қабылдауды тоқтату қажет.

Сұйықтық іркілісі

Сұйықтықтың ауыр түрдегі іркілісі бар, мысалы, плевралық экссудаты, перикардиальді экссудаты және асциті бар науқастарға қатаң бақылау жүргізген жөн.

Респираторлық бұзылулар

Жедел респираторлы дистресс-синдром, интерстициальді пневмонит, өкпенің интерстициальді ауруы, өкпе фиброзы және тыныс алу жеткіліксіздігі тіркелді, және өліммен аяқталуға әкелуі мүмкін.

Жаңа өкпе симптомдары дамыған немесе нашарлаған жағдайда пациенттер мұқият тексерілуден, шұғыл зерттеуден өтуі және тиісінше емделуі тиіс. Диагноз анықталғанға дейін доцетакселмен емдеуге үзіліс ұсынылады. Күтімді демейтін шараларды дер кезінде пайдалану жағдайды жақсартуға жәрдемдесуі мүмкін. Доцетакселмен емдеуді қайта жаңғыртудың артықшылығы мұқият талдануы тиіс.

Бауыр функциясы бұзылған науқастар

Доцетакселдің 100 мг/м2 дозасын монотерапия ретінде қабылдап жүрген және қандағы трансаминазалар деңгейі [АЛТ және/немесе АСТ], қалыптың жоғарғы шегінен (ҚЖШ) 1,5 еседен астамға артық болатын, ҚЖШ-ден 2,5 еседен астамға артық болатын сілтілік фосфатаза деңгейімен үйлескен науқастарда, сепсисті және өліммен аяқталуы мүмкін гастроинтестинальді қан кетулерді, фебрильді нейтропенияны, инфекцияларды, тромбоцитопенияны, стоматитті және астенияны қоса, уыттылық нәтижесінде өлім сияқты ауыр жағымсыз реакциялар қаупі жоғары. Сөйтіп, бауыр функциясының көрсеткіштері (БФК) жоғарылаған науқастар үшін доцетакселдің ұсынылатын дозасы 75 мг/м2 құрайды. БФК-ні бастапқы кезеңде және әрбір кезекті цикл алдында өлшеген жөн.

ҚЖШ-ден 6 есе жоғары сілтілік фосфатаза деңгейімен қатар, қалыптан жоғары болатын қандағы билирубин деңгейінде және/немесе ҚЖШ-ден 3,5 есе жоғары болатын АЛС пен АСТ деңгейінде дозаны түзету ұсынылмайды – егер қатаң көрсетілімдері жоқ болса, доцетакселді қолдануға болмайды.

Асқазан аденокарциномасын емдеу үшін цисплатинмен және 5-фторурацилмен біріктірілімі: жетекші клиникалық зерттеулерге АЛТ және/немесе АСТ мәндері ҚЖШ-ден 1,5 есе жоғары болатын және сілтілік фосфатаза ҚЖШ-ден 2,5 есе жоғары болуымен қатар жүретін және билирубин деңгейі қалыптан жоғары болатын науқастар қатыстырылмады. Мұндай науқастар үшін дозаны түзету ұсынылмады – қатаң көрсетілімдері жоқ болған жағдайда доцетакселді тағайындамайды. Басқа көрсетілімдері бойынша Доцетаксел Аккорд біріктірілімімен емделген, бауыр функциясы төмендеген науқастар жөнінде деректер жоқ.

Бүйрек функциясы бұзылған науқастар

Бүйрек функциясының бұзылуы ауыр болатын науқастарды Доцетаксел Аккорд препаратымен емдеу жөнінде деректер жоқ.

Жүйке жүйесі

Ауыр шеткергі нейроуыттылық дамыған жағдайда дозаны төмендету қажет.

Жүректің уыттануы

Доцетаксел Аккорд препаратын трастузумабпен біріктіріп қабылдаған, әсіресе құрамында антрациклин (доксорубицин немесе эпирубицин) бар химиотерапиядан кейін жүрек жеткіліксіздігі байқалды. Жеткіліксіздік ауырлығы орташа немесе ауыр дәрежеде болуы және өліммен аяқталуға әкеп соғуы мүмкін.

Доцетаксел Аккорд препаратын трастузумабпен біріктіріп емдеу жоспарланған жағдайда жүрек қызметінің бастапқы жағдайына баға берілгені жөн. Ары қарай, емдеу кезінде жүрек дисфункциясының дамуы мүмкін науқастарды анықтау мақсатында жүрек функциясын (мысалы, әрбір 3 ай сайын) бақылау қажет. Нақтысын трастузумабты медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықтан қараңыз.

Тағы да басқалар

Еркектер де, және әйелдер де емделу кезінде контрацепцияны қолдануы тиіс, ал еркектер үшін ол емдеуді тоқтатқаннан кейін, ең кемінде, 6 ай бойы қажет.

Сүт безінің обырын адъювантты түрде емдеген жағдайдағы қосымша сақтандырулар

Асқынған нейтропения

Асқынған нейтропения (ұзаққа созылған нейтропения, фебрильді нейтропения немесе инфекция) жағдайында Г-КСФ қолдану және доцетаксел дозасын төмендету қажет болуы мүмкін.

Асқазан-ішек тарапынан реакциялар

Іштің ерте ауыруы сияқты симптомдар және басқан кездегі сезімталдық, жоғары температура, нейтропениялы немесе онсыз диарея ауыр асқазан-ішек уыттылығының ерте көріністері болуы мүмкін, олар тексеруді және дереу емдеуді керек етеді.

Іркілген жүрек жеткіліксіздігі

Емдеу кезінде және одан кейінгі кезеңде іркілген жүрек жеткіліксіздігі симптомдарын анықтау мақсатында бақылау жүргізген жөн.

Лейкемия

Доцетаксел Аккорд, доксорубицин және циклофосфамид (ДДЦ) қабылдап жүрген науқастарда, баяулаған миелодисплазияның немесе миелоидты лейкемияның даму қаупі салдарынан, гематологиялық көрсеткіштерге бақылау жүргізу қажет болады.

4 және одан көп зақымданған лимфа түйіндері бар науқастар

4 және одан көп зақымданған лимфа түйіндері бар науқастарға аралық талдау жүргізу барысында ДДЦ сызбасының пайда/қаупінің арақатынасы дәл анықталған жоқ.

Егде жастағы науқастар

70 жастан асқан науқастарда Доцетаксел Аккорд препаратын доксорубицинмен және циклофосфамидпен біріктіріп қолдану туралы деректер шектеулі.

ДЦФ қолданған кезде егде жастағы науқастардың қатаң бақылануын қамтамасыз еткен жөн.

Жүктілік және лактация

Доцетаксел Аккорд препаратын жүкті әйелдерге қолдану жөнінде ақпарат жоқ. Басқа да цитоуытты емдік препараттарға ұқсас, егер доцетаксел жүкті әйелге енгізілсе, ұрыққа зиянын тигізуі мүмкін. Сондықтан Доцетаксел Аккорд препаратын, нақты көрсетілімдері болмаған жағдайда, жүктілік кезінде қолдануға болмайды.

Бала туа алатын жастағы әйелдер/контрацепция

Доцетаксел Аккорд қабылдап жүрген, бала туа алатын жастағы әйелдерге жүктілікке жол бермеу керектігіне, ал жүкті болып қалған жағдайда мұны емдеуші дәрігерге кідіртпей айтуы керектігіне кеңес берген жөн.

Емдеу кезінде контрацепцияның тиімді тәсілдерін пайдаланған жөн.

Доцетаксел Аккорд препаратымен емделіп жүрген еркектерге емделу кезінде және кейінгі 6 ай ішінде ұрықтандыруды тоқтату және емделгенге дейін сперманы консервациялауға қатысты кеңес алу керектігі ұсынылады.

Лактация

Доцетаксел Аккорд липофильді зат болып табылады, бірақ оның емшек сүтімен бірге бөлініп шығатын-шықпайтыны белгісіз. Демек, емшектегі балаларда жағымсыз реакциялардың дамуы мүмкін болғандықтан, Доцетаксел Аккорд препаратымен емдеудің барлық кезеңі ішінде бала емізуді тоқтатқан жөн.

Көлік құралын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне дәрілік заттың ықпал ету ерекшеліктері

Автомобильді және жұмыс механизмдерін басқару қабілетіне тигізетін ықпалына зерттеулер жүргізілген жоқ.

Осы дәрілік заттың құрамындағы алкоголь мөлшері науқастардың автомобильді немесе жұмыс механизмдері басқару қабілетін төмендетуі мүмкін.

Артық дозалануы

Симптомдары: Артық дозалануы жөнінде мәлімдемелер аз болды. Артық дозаланған кезде жағымсыз реакциялар күшеюі мүмкін. Артық дозаланудың болуы мүмкін алғашқы асқынулар сүйек кемігінің, шеткергі нейроуыттылықтың басылуы және мукозит болып табылады.

Емі: Доцетаксел Аккорд препаратының артық дозалануының у қайтарғысы жоқ. Артық дозаланған жағдайда науқасты мамандандырылған бөлімде бақылайды және организмнің өмір үшін маңызды функцияларына мұқият мониторинг жүргізеді. Артық дозалану анықталғаннан кейін Г-КСФ мүмкіндігінше ертерек тағайындаған жөн. Қажет болғанда басқа да симптоматикалық шаралар қолданылады.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Резеңке тығынмен тығындалған, 1 мл өлшемге арналған қызыл-сары немесе 4 мл өлшемге арналған қызыл түсті алюминий қақпағы бар, flip-off типті пластик қалпақшасымен қаусырылған, I типті мөлдір шыныдан жасалған, сыйымдылығы 5 мл құтыларға немесе мөлдір шыныдан жасалған, сыйымдылығы 6 мл түтікше құтыларға препарат 1 немесе 4 мл-ден құйылған.

1 құтыдан мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамада, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Алдын ала араластырылған ерітінді дайындалу бойына пайдаланылуы, ал инфузияға арналған ерітінді бөлме температурасында және әдеттегідей жарық жерде 4 сағат ішінде (сағаттық инфузияны қоса) пайдаланылуы тиіс.

Сақтау мерзімі

2 жыл.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші:

Intas Pharmaceuticals Limited. Matoda. Үндістан

ТК ұстаушы:

Accord Healthcare Limited. Middlesex. Ұлыбритания

Қаптаушы кәсіпорын:

Accord Healthcare Limited. Middlesex. Ұлыбритания

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Авицена-ЛТД» ЖШС

050002, Алматы қ., Жангелдин к-сі, 31, 416 кеңсе

тел./факс +7727 3572387/88/89

е-mail: reg@avitsena.kz 

Дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы

ConsultAsia ЖШС

Шевченко к-сі 165 Б,   909 а кеңсе

тел./факс: +77051708876/+77051708825e-mail: pv@consultingasia.kz

 

 

Прикрепленные файлы

088469441477976245_ru.doc 199 кб
192947681477977508_kz.doc 264 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники