Дормикинд

МНН: Cypripedium pubescens, валериана цинковая, магний карбоникум
Производитель: Дойче Хомеопати-Унион ДХУ-Арцнаймиттель Гмбх и Ко.КГ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие снотворные и седативные препараты
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№022619
Информация о регистрации в РК: 09.11.2021 - 09.11.2031
Номер регистрации в РБ: 9943/12/17
Информация о регистрации в РБ: 26.05.2017 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Дормикинд

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді заттар: Cypripedium pubescens trit. D4 15.00 мгMagnesium carbonicum trit. D10 20.00 мгZincum valerianicum trit. D12 15.00 мг,

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, тальк, лактоза моногидраты, магний стеараты.

Сипаттамасы

Жалпақ цилиндр пішінді, ойығы бар, ақ немесе ақ дерлік түсті таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Басқа да ұйықтататын және тыныштандыратын дәрілер.

АТХ коды N05CМ

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Дормикинд емшектегі нәрестелер мен кіші жастағы балалардың мазасыздық және ұйқысыздық жағдайларын емдеуде жақсы танылған гомеопатиялық біріктірілген препарат. Препараттың белсенді ингредиенттері қозудың жоғарлауы, ашушаңдық, қобалжу сезімі сияқты дағдылы симптомдарға қатысты тиімді.

Гомеопатиялық емнің ауруларды анықтау мен дәрілік препараттарды қолдану жағынан дәстүрлі медицинадан елеулі айырмашылығы бар. Гомеопатиялық дәрілер организмнің дербес қорғаныш механизмдерін көтермелейді және сонысымен өздігінен сауығу қабілетін белсендіреді. Организмнің гомеопатиялық дәріге жауап реакциясы жеке дара. Осыған байланысты нақты дозаларға фармакологиялық сипаттамаларын, фармакодинамикалық немесе фармакокинетикалық сипаттамаларын анықтау мүмкін емес.

Фармакодинамикасы

Әсер етпейді

Қолданылуы

  • емшектегі нәрестелер және мектеп жасына дейінгі балалардың мазасыздық және ұйқысыздық жағдайларында

Қолдану тәсілі және дозалары

Өзге нұсқаулар болмағанда Дормикинд мынадай түрде қолданылады:

6 жасқа дейінгі балалар: 1 таблеткадан күніне 4 ретке дейін.

Таблеткаларды олардың ауызда баяу еруіне мүмкіндік бере отырып, тамақтануға дейін жарты сағат бұрын немесе одан кейін жарты сағаттан соң қабылдау керек. Емшек еметін балаларды емдегенде таблеткаларды шамамен 20 мл (2 ас қасықпен) қайнаған және суыған суда ерітуге болады.

Жағымсыз әсерлері

Жағымсыз әсерлері анықталмаған. Препарат компоненттерінің біріне аллергиялық реакциялар болуы мүмкін.

Егер Сіз Дормикинд препаратын қабылдағаннан кейін Сіздің балаңызда жағымсыз әсерлерінің белгілері байқалып келе жатқанына күдіктенсеңіз, бұл туралы дәрігеріңізге немесе фармацевке айтуыңыз керек.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- белсенді заттардың біріне немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

- галактозаны көтере алушылықтың сирек тұқым қуалайтын бұзылулары

- лопарилер (саамдар) лактаза жеткіліксіздігі немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Басқа дәрілік препараттармен ешқандай өзара әрекеттесуі айқындалмаған. Бұл гомеопатиялық дәрілік препаратты қолдану басқа дәрілік заттардың қолданылуын жоққа шығармайды.

Айрықша нұсқаулар

Препарат құрамында лактоза бар, сондықтан оны қолдануға болмайтын жағдайлар бөлімінде аталған науқастарға тағайындамаған жөн.

Жағдайы жақсармағанда, жай-күйі айқын болмағанда немесе жаңа симптомдар пайда болғанда дәрігерге көрініңіз, өйткені мұндай жағдайда дәрігерлік көмекті қажет ететін аурулар жайында сөз болуы мүмкін.

Гомеопатиялық дәрілік заттарды қабылдау кезінде орын алған жай-күйі уақытша нашарлауы (бастапқы гомеопатиялық асқыну) мүмкін. Мұндай жағдайларда пациенттер препарат қабылдауды тоқтатып, дәрігерге қаралуы тиіс.

Артық дозалануы

Анықталмаған

Артық дозаланған жағдайда симптоматикалық ем.

Шығарылу түрі және қаптамасы

150 таблеткадан алюминий нығыздағыш дискісі және пластик бұрандалы қақпағы бар қоңыр шыны құтыда. 1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілінде жазылған нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл

Контейнер алғаш ашылғаннан кейінгі қолдану кезеңі 12 ай.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Дойче Хомеопати -Унион ДХУ- Арцнаймиттель ГмбХ & Ко. КГ,

Оттоштрассе 24, 76227 Карлсруэ, Германия

Шығарылуын бақылайтын ұйым

Др. Пайтнер КГ нунмер ГмбХ & Ko, Австрия

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы/Дәрілік затты қаптаушы ұйым

Дойче Хомеопати -Унион ДХУ- Арцнаймиттель ГмбХ & Ко. КГ,

Оттоштрассе 24, 76227 Карлсруэ, Германия

Эсклюзивті өкілі

Альпен Фарма АГ

Берн, Швейцария

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Альпен Фарма» ЖШС

Алматы обл., Қарасай ауданы, Елтай ауылдық округі,

Көкөзек ауылы, 1044 учаске

Тел./факс + 7 727 232-34-73,

+ 7 727 232-34-74

Дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты тұлғаның ұялы тел. +7 701 035 70 69.

E-mail: info.kazakhstan@alpenpharma.com

Прикрепленные файлы

Дормикинд_инструкция_рус.doc 0.05 кб
Дормикинд_инструкция_каз.doc 0.05 кб
9943_12_17_p.pdf 0.15 кб
9943_12_17_s.pdf 0.15 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники. «Центр экспертиз и испытаний в здравоохранении» МЗ РБ