Долобене гель
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Долобене гель
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Гель
Құрамы
100 г гельдің құрамында
белсенді заттар: натрий гепарині 50000 ХБ (0,227 - 0,417 г),
диметилсульфоксид 16,660 г 10% су,
декспантенол 2,500 г,
қосымша заттар: карбомерлер (карбопол 98 NF), трометамол, макроголь глицерол гидроксистеараты, изопропил спирті, розмарин майы, биік тау қарағайының майы, цитронелл майы, тазартылған су
Сипаттамасы
Мөлдір немесе сәл бұлыңғырлау түссіз немесе сарғыштау гель.
Фармакотерапиялық тобы
Жергілікті қолдануға арналған құрамында гепарин бар препараттар. Гепарин басқа препараттармен біріктірілімде.
АТХ коды C05BA53
Фармакологиялық әсері
Фармакокинетикасы
Диметилсульфоксидті (ДМСО) теріге жаққаннан кейін барлық биологиялық жарғақшалар арқылы, оның ішінде тері арқылы тез сіңеді. Жартылай шығарылу кезеңі 3-4 сағат. Тіндерде (тері, бұлшықеттер, синовиальді қабық) ДМСО концентрациясы қан плазмасына қарағанда 100-10 есе жоғары. 90 астам ДМСО бүйрек арқылы бөлінеді, 6 жуығы өкпе арқылы тыныспен шығарылады.
Гепарин теріге тез сіңеді: гельді жаққаннан кейін бір сағаттың ішінде-ақ тиісті тіндердегі концентрация 5000 ХБ гепаринді к/і енгізгеннен кейін қол жететін концентрацияларға сәйкес болады.
Декспантенол (В тобының витамині - пантотен қышқылының спирті) тері резорбциясынан кейін пантотен қышқылына тез тотығады. Іс жүзінде жүйелі резорбциясы болмайды.
Фармакодинамикасы
Препараттың әсері оның құрамына кіретін белсенді заттар: диметилсульфоксидке, натрий гепарині мен декспантенолға байланысты.
Диметилсульфоксид қабынуға қарсы, антиэкссудативтік және жергілікті ауыруды басатын әсерге ие. Биологиялық жарғақшалар арқылы, соның ішінде онымен бір мезгілде қолданылатын басқа дәрілік заттардың тіндерге жақсы және барынша терең енуіне ықпал ете отырып, тері арқылы өтеді.
Тіндерде биогендік аминдердің белсенділігі жойылуы нәтижесінде гепарин қабынуға қарсы айқын әсер етіп, жергілікті қан айналымын жақсартады. Гепарин гиалуронидазаның әсерін тежейді және осылайша, дәнекер тіндер регенерациясына тиімді ықпал етеді.
Дексапантенол қабынуға қарсы және дерматопротективтік әсерін байқатады, регенерация үрдістерін көтермелейді. Сіңгеннен кейін А коэнзимнің құрамдас бөлігі бола отырып, көптеген зат алмасу үрдістеріне қатысатын пантотен қышқылына айналады; эпителизация мен грануляция үрдістерінің жақсаруы есебінен терінің зақымданған жерлерінің регенерациясына ықпал етеді және Долобене гелін көтере алушылықты жақсартады.
Қолданылуы
-
соғылулардан, басылып қысылудан, жарақаттардан кейінгі гематомалар және жұмсақ тіндердің, бұлшықеттердің, сіңірлердің, сіңір қынаптарының, байламдардың қабынуында
-
невралгияда
-
байламдар созылуы немесе үзілуі бар буындардың жарақатында
-
иық-жауырын периартритінде, иық эпикондилитінде (“теннисшінің шынтағы”), тендиниттерде (сіңірлердің қабынуы), тендовагиниттерде (сіңір қынаптарының қабынуы), бурситтерде (буындар шырышты қалталарының қабынуы)
-
артриттерде, деформацияланатын остеоартритте (периартикулярлық тіндер зақымданулары болғанда)
-
беткейлік тромбофлебиттерде, созылмалы көктамыр жеткіліксіздігі аясындағы трофикалық ойық жараларда
Қолдану тәсілі мен дозалары
Долобене гель препаратын терінің зақымданған жерлеріне немесе терінің ауыратын (домбығу, ісіну, қабыну) аймақтың терісіне, гельді тікелей жаралар мен сыдырылған жерлерге тигізбеуге тырыса отырып, жұқалап, жеңілдеу қабатпен жағады. Долобене гель препараты жағылатын тері бөлігі кірден, косметикадан, басқа дәрілік заттар мен химиялық заттардан тазартылуы тиіс. Таңғыштар пайдаланған кезде гельді жаққаннан кейін гельдің негізгі массасы сіңгенше және спирт (изопропанол) ұшып кеткенше бірнеше минут күте тұру керек. Бұл әсіресе ауаны нашар өткізетін таңғыштар қолданылған жағдайда маңызды. Гельдің құрамында спирт (изопропанол) болғандықтан, препарттың ашық жараларға тиюі ауырсыну реакцияларын туғызатынын ескерген жөн.
Тізенің соғылған бетін түгел қамту үшін әдетте сықпадан 3-4 см гельді сығып шығару жеткілікті. Ем-шараны 7-10 күн ішінде немесе ауыру, домбығу, ісіну, қабыну сияқты ауру симптомдары жоғалғанға дейін тәулігіне 2-4 рет қайталайды.
Егер 10 күн бойы емдегенде айқын жақсару басталмаса, дәрігерге жүгіну қажет.
Долобене гелі және ионофорез
Бұл препартты ионофорезде қолдануға болады. Препарат құрамындағы гепарин терінің рН қатысты анион ретінде көрініс береді. Препаратты катодты әсермен жағу гепаринің зақымданған аймаққа жоғары көлемде өтуіне ықпал етеді, ал диметилсульфоксид электр тогының әсерімен синергиялық әсерін (ауыруды басу, жергілікті ісінуді азайту) байқатады.
Сақтық шаралары: Электр тогымен өз бетінше емделудің теріні тітіркендіретін жергілікті реакцияларды туғызуы мүмкін екенін ескеру қажет. Сондықтан Долобене гель препаратын қолдану осы жергілікті реакцияларды күшейтпеуі үшін аспап өндірушілерінің нұсқаулығын мұқият ұстану қажет. Электродтардың ылғалды губкамен толық жабылуына әрдайым назар аудару керек.
Долобене гель және ультрадыбыс (фонофорез)
Бұл препарт ультрадыбыспен (фонофорез) емдегенде жақсы жанаспалы гель болып табылады. Гельдің әсер етуші заттары (диметилсульфоксид және гепарин) ультрадыбыстық толқындардың емдік әсерін толықтыра түседі.
Жағымсыз әсерлері
Өте жиі
Үлкен тері бөліктеріне жаққан кезде асқазан бұзылыстары, жүрек айну, диарея түрінде асқазан-ішек тарапынан шағымдардың болуы мүмкін.
Кейде
-
жергілікті тері реакциялары (қызару, күлдіреу, эритема, қышыну және күйдіруді сезіну), фотосенсибилизация
Сирек
-
есекжем және Квинке ісінуі
-
ауыздан сарымсақ иісінің шығуы, дәм сезінудің өзгеруі, бұлар бірнеше минуттан кейін кетеді
Өте сирек
Үлкен тері бөліктеріне жаққанда жүрекке, тыныс алуға, шаршағыштыққа, бас ауыруына, қалтырауға шағымданулар пайда болуы мүмкін
Қолдануға болмайтын жағдайлар
-
гельдің ингредиенттерінің біріне жоғары сезімталдық
-
бауыр және/немесе бүйрек қызметінің ауыр бұзылулары
-
бронх демікпесі
-
жүрек-қантамыр жүйесінің айқын бұзылулары (ауыр стенокардия, миокард инфарктісі, инсульт, айқын байқалған жалпы атеросклероз)
-
жүктілік, лактация кезеңі
-
5 жасқа дейінгі балалар
Препаратты шырышты қабықтарға (көз, мұрын, ауыз), ашық жараларға немесе зақымданған теріге жағуға болмайды (мысалы, сәулеленуден немесе күнге қатты күюден кейінгі жай-күй; операциядан кейінгі жазыла қоймаған тыртықтар).
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Бір мезгілде Долобене гельді және мыналарды:
-
басқа да дәрілік заттарды қолданғанда олардың тері арқылы жергілікті өтуі күшейеді
-
құрамында қабынуға қарсы сулиндак (қабынуға қарсы стероидты емес дәрі) бар дәрілік заттармен ауыр уытты реакциялардың (шеткергі нейропатия) пайда болуы ықтимал.
Айрықша нұсқаулар
Долобенемен емдеу кезінде күн ваннасы мен солярий қабылдамаған дұрыс.
Жүктілік және бала емізу
Долобене гель препаратын жүкті әйелдерге диметилсульфоксидті қолдану тәжірибесінің жеткіліксіздігіне байланысты жүктілік кезінде қолдануға болмайды.
Диметилсульфоксид ана сүтіне өтеді, сондықтан бұл препаратты бала емізу кезінде қолдануға болмайды.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді
Артық дозалануы
Белсенді заттарының жүйелі сіңуінің төмен болуына байланысты артық дозалану мүмкіндігі аз.
Шығарылу түрі және қаптамасы
20 г немесе 50 г препараттан бұрандалы қақпағы бар алюминий сықпада.
1 сықпадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.
Сақтау шарттары
25°С-ден аспайтын температурада сақтау қажет.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
«Меркле ГмбХ», Германия
Қаптаушы
«Меркле ГмбХ», Германия
Тіркеу куәлігінің иесі
«ратиофарм ГмбХ», Германия
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
«ратиофарм Қазақстан» ЖШС, 050040, Алматы қ., Әл-Фараби д-лы, 19, Нұрлы-Тау БО, 1Б, 603 кеңсе, телефон : (727) 311 09 15, Факс : (727) 311 07 34
e-mail : teva@teva.kz