Доларен
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Доларен
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Сыртқа қолдануға арналған гель
Құрамы
1 грамм гельдің құрамында
белсенді заттар: диклофенак диэтиламині (натрий диклофенагына баламалы) - 10 мг, ментол - 50 мг, метилсалицилат - 100 мг
қосымша заттар: зығыр майы, бензил спирті, карбопол-940, диэтиламин, пропиленгликоль, динатрий эдетаты, натрий метилпарагидроксибензоаты, натрий бисульфиті, бутилгидрокситолуол, бутилгидроксианизол, гидроксипропилметилцеллюлоза К-15, тазартылған су.
Сипаттамасы
Сары түсті гель
Фармакотерапиялық тобы
Тірек-қимыл аппаратының ауруларын жергілікті емдеуге арналған препараттар. Басқа да препараттар
АТХ коды: М02АХ10
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Жергілікті қолдануға арналған гель тікелей диффузия арқылы теріасты шелмайына, бұлшықет тініне, буын капсуласына және синовиальді сұйықтыққа тереңірек өте отырып, тері арқылы сіңіріледі және ауыруды басатын әсермен қамтамасыз етеді. Препараттың әсері гельді теріге жаққаннан кейін бірнеше минуттан соң басталады және 20-30 минут ішінде ең жоғары әсерге жетеді. Ұзақ емдегенде немесе ауқымды зақымдалу бөліктеріне жаққан кезде диклофенак қан плазмасына өтеді.
Синовиальді сұйықтықтағы концентрациясы жеткілікті түрде тұрақты, ал қан плазмасында тез төмендейді. Диклофенак глюкурон қышқылымен конъюгациялану арқылы бауырда метаболизденеді. Несеппен диклофенактың шамамен 70%-ы экскрецияланады, қалғаны нәжіспен шығарылады.
Фармакодинамикасы
Жергілікті қолданғанда Доларен гелі ауыруды басатын, қабынуға қарсы және ісінуге қарсы әсер көрсетеді. Буындардың ауыруын және қабынуын басады, буындардың таңертең қимылдамай қалуы мен ісінуін төмендетеді, буындардағы қимыл-қозғалыстың көлемінің артуына ықпал етеді.
Диклофенак ҚҚСП (қабынуға қарсы стероидты емес препараттар) тобына жатады, циклооксигеназаны тежейді, қызба, қабыну және ауыру генезінде маңызды рөл атқаратын простагландиндер - эндогенді заттар биосинтезін бәсеңдетеді. Диклофенак ауыруды басады, қабынуды кетіреді.
Ментол салқындату рецепторларының тітіркенуін туғызады. Бұл оны жаққан жерде салқындықты сезіну арқылы қылтамырлардың өткізгіштігінің тарылуымен және азаюымен қатар жүреді. Жергілікті аулақтататын және орташа айқын ауыруды басатын әсер көрсетеді, ментолдың сіңуі елеусіз. Ментол бауырда метаболизденеді және глюконидтер түрінде бүйрекпен және өтпен шығарылады.
Метилсалицилат салицил қышқылының туындысы болып табылады және жергілікті тітіркендіргіш әсерге ие. Тері рецепторларының тітіркенуін туғыза отырып, метилсалицилат ауырсыну сезімдерінің азаюына әкеледі. Бұдан бөлек, метилсалицилат простагландиндер синтезін тежейді, бұл қабынған тіндердің ісінуі мен инфильтрациясын азайтады. Жергілікті қолданғанда жоғары емдік концентрациялар құрай отырып, зақымдалмаған тері арқылы қабыну ошағына терең өтеді. Қабынған тіндерде метилсалицилат гидролизденеді және салицил қышқылының анионына айналады, ол бауырда дегидроксибензой қышқылына метаболизденеді және бүйрекпен шығарылады. Жартылай шығарылу кезеңі 2 сағатты құрайды.
Қолданылуы
-миозит, фиброзитте
-бұлшықет пен сіңірлердің созылуында, тірек-қимыл аппаратының жарақаттануында
-ауыр дене жүктемелері кезіндегі бұлшықет пен буын ауыруында
- жұмсақ тіндердің ревматизмдік зақымдануларында (бурсит, артрит, тендовагинит).
Қолдану тәсілі және дозалары
Гельді зақымдалған бөліктің терісіне жұқа қабаттап тәулігіне 3-4 рет 2-4 г-ден жағады және толық сіңірілгенге дейін сәл ысқылайды. Орташа тәуліктік доза 10г құрайды. Негізгі клиникалық симптомдарының айқындылығының төмендеуі немесе жоғалуы әдетте емнің басынан бастап алғашқы күндері білінеді.
Емдеу курсы дәрігердің кеңесінсіз 10 күннен аспауы тиіс.
Терінің зақымдалған бөлігіне жағуға болмайды
Жағымсыз әсерлері
Сирек
- терінің қызаруы
- қышыну, күйдіру
- терінің құрғауы
- есекжем
Жекелеген жағдайларда
- жайылған бөртпе
-беттің ісінуі түрінде жоғары сезімталдық реакцияларының дамуы (ангионевроздық ісіну)
-тұншығу
-фотосенсебилизация (препаратты терінің ауқымды бөліктеріне жаққан кезде)
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- диклофенакқа және препараттың басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық
-бронх демікпесі
- өршу сатысындағы асқазанның және/немесе он екі елі ішектің пептидтік ойық жарасы
- эпидермистің зақымдалуы, қолданған жердегі ашық жаралар
- жүктілік және лактация кезеңі
-12 жасқа дейінгі балалар.
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Доларен препаратын натрий диклофенагының таблеткаларын пероральді қабылдаумен бір мезгілде қолдануға болады.
Ұзақ қолданғанда және/немесе ауқымды бөліктерде препарат антикоагулянттардың, кортикостероидтардың, литий препараттарының әсерін күшейтуі, қандағы дигоксин концентрациясын арттыруы мүмкін. Доларен фуросемидтың және тиазидтік диуретиктердің әсерін әлсіретеді, сондай-ақ асқазан-ішек жолының шырышты қабығына зақымдаушы әсерін күшейте отырып, басқа да қабынуға қарсы стероидты препараттардың көтерімділігін төмендетеді.
Айрықша нұсқаулар
Гель тек сыртқа қолдануға арналған, препаратты зақымдалған теріге жағуға болмайды. Гельдің ашық жараларға, мұрын мен көздің шырышты қабықтарына түсуін болдырмау керек.
Доларенді қабынуға қарсы стероидты емес препараттарға бұрын жоғары сезімталдығы байқалған пациенттерге, анамнезінде асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасы бар пациенттерге, қан айналымы бұзылған, бауыр немесе бүйрек функциясы бұзылған пациенттерге тағайындағанда сақ болу керек.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді
Артық дозалануы
Препаратты жергілікті қолданғанда артық дозалану ықтималдығы аз.
Шығарылу түрі және қаптамасы
20 г препараттан ақ түсті полипропилен бұрандалы қалпақшалары бар тығыздығы төмен полиэтиленнен жасалған ақ түсті сықпаға салынған.
1 сықпадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салады.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
Наброс Фарма Пвт. Лтд.
Нэйшенел Хайвей, 8, Кхеда 387 411, Үндістан
Тіркеу куәлігінің иесі
Наброс Фарма Пвт. Лтд. (Үндістан)
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнімнің (тауардың) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы:
"Трансатлантик Алматы" ЖШС
Мекенжайы: Алматы қ., 050002, Жангелдин к-сі, 31, "ЖАР-СУ" бизнес орталығы, 415 кеңсе
Телефон: 3572422, 3572423
E-mail: reg@transatlantic.kz