Доктор Тайсс Эвкалипт
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Доктор Тайсс Эвкалипт
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Ингаляция және сыртқа қолдануға арналған жақпамай
Құрамы
100 г препараттың құрамында
белсенді заттар: 7,5 г эвкалипт майы, 7,5 г қарағай қылқаны майы, 5,0 г камфора
қосымша заттар: жүгері майы, қатты май, ара балауызы.
Сипаттамасы
Эвкалипт майы мен камфораға тән иісі бар ашық-сары түсті жартылай мөлдір гомогенді жақпамай.
Фармакотерапиялық тобы
Суық тию симптомдарын жоюға арналған препараттардың басқа да біріктірілімдері.
АТХ коды R05Х
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Ішке қабылдаған кезде эвкалипт майы сіңіріледі. Ол ішінара деммен шығарылатын ауамен және күлгін түске енетін несеп арқылы бөлініп шығады.
Камфора организмде метаболизденеді және глюкурон қышқылының несеппен қосылысымен бірге бөлініп шығады. Камфораның аздаған мөлшері деммен шығарылатын ауаға бөлінеді. Жылдам метаболизмі мен деммен шығарылуы (булануы) камфораның қысқа мерзімді тиімділігімен түсіндіріледі.
Қарағай қылқаны майының жекелеген белсенді компоненттерінің сіңірілуі бақыланған.
Фармакодинамикасы
Эвкалипт майы тыныс алу жолдарының дренаждық қызметі мен қақырық бөлінуін күшейтеді. Бұдан бөлек, эвкалипт майы тегіс бұлшық еттерге жұмсақ спазмолитикалық әсерге ие және сыртқа қолданған кезде жергілікті тітіркендіргіш әсер етеді. Эвкалипт препараттары стрептококктарға, стафилококктарға, күл таяқшаларына, дизентерия қоздырғыштарына, ішек таяқшаларына, кейбір вирустар мен қарапайымдарға және саңырауқұлақтарға қатысты белсенді болады.
Камфора бронхосекретолитикалық және спазмолитикалық әсерге ие. Бұдан бөлек камфора майы стрептококктарға, стафилококктарға және гонококктарға антибактериялық әсерге ие. Камфора орталық жүйке жүйесін күшейтетін, респираторлық және тамыр қозғалтқыш орталығын көтермелейтін қасиеттерге ие.
Қарағай қылқаны майы муколитикалық және бактерияға қарсы қасиеттерге ие. Қарағай қылқаны майының бактерияға қарсы қасиеттері Staphylococcus aureus немесе Salmonella typhimurium-де байқалған. Теріге жаққанда жергілікті тітіркендіргіш әсер етеді және саңырауқұлақтардың өсуін басады.
Қолданылуы
Бронхитті қоса, жоғарғы және төменгі тыныс жолдарының бөлініп шығуы қиын қақырық түзілуімен және жөтелмен қатар жүретін қабыну ауруларын кешенді емдеу құрамында
Қолдану тәсілі мен дозасы
Сыртқа. Ересектер мен 3 жастан асқан балаларға жақпамайды арқасы мен кеуде терісіне жеңіл уқалай отырып жағып, содан кейін жағылған жердің жылуын сақтау үшін жылы мақта-матадан тоқылған сүлгімен жауып қою керек. Емшараны күніне бірнеше рет, әсіресе түнге қарай қайталайды.
Ингаляциялық түрде. Ересектерге. Ыстық ерітіндіні (1 л ыстық суда, бірақ қайнаған емес, 2 шай қасық препаратты ерітеді) дайындайды және 5-10 минут бойы ингаляция жүргізеді.
Емдеу курсы – дәрігердің ұсынысы бойынша.
Жағымсыз әсерлері
- препараттың компоненттеріне аллергиялық реакция болуы мүмкін, жанаспалы дерматит
- бронхтың түйілуі
-ысқырықты тыныс алу (стридор), тыныс алудың қиындауы (демікпе)
Сирек:
- камфораның әсер етуіне байланысты құрысудың дамуы
Өте сирек
- елестеулер
Терінің ауқымды беттеріне жаққанда жүйелі жағымсыз әсерлерінің пайда болуы ықтимал
- улану
- бүйректің зақымдануы
- ОЖЖ зақымдануы
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препараттың компоненттеріне жекелей жоғары сезімталдық
- бронхтық демікпе, көк жөтел, жалған круп
- спастикалық жөтел
- тыныс алу жолдарының жедел респираторлық жұқпасы, жедел пневмония кезінде ингаляция үшін
- тері жабындарының бұзылулары, препаратты жағу көзделген жерде тері ауруларының болуы
- 3 жасқа дейінгі балаларға
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Препараттың басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі байқалмаған.
Айрықша нұсқаулары
Көзге және шырышты қабықтарға, зақымданған теріге, бетке түсуіне жол бермеу керек. Қолданудың алдында науқастардың эвкалипт майын көтере алушылығын тексеру керек.
3-5 күннен аса жалғасатын ауруларда, демікпеде, бас ауыруында, қызбада, іріңді/қанды қақырықта немесе мұрыннан іріңді/қанды бөліністер болғанда емделушілер дәрігерге шұғыл көрінулері қажет. Терінің жақпамаймен өңделген аймақтарымен балалардың жанасуына жол бермеу қажет.Егер сізде осы дәріні қолдану жөнінде сұрақтар туындаса, дәрігермен немесе фармацевтпен кеңесіңіз.
Жүктілік және бала емізу кезеңінде қолдану
Жүктілік пен бала емізу кезеңінде қолданудың жеткілікті деректері жоқ.
Препаратты қолданудан кейін қолды жақсылап жуу керек.
Күйдіру қаупі мүмкін болғандықтан балаларды қараусыз қалдыруға болмайды!
Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе әлеуетті қаупі бар механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері.
Автокөлікті немесе басқа механизмдерді басқару қабілетіне теріс ықпалы байқалмаған.
Артық дозалануы
Осы уақытқа дейін артық дозалануы туралы мәліметтер түспеген.
Шығарылу түрі мен қаптамасы
Бұрандалы қақпағы бар күңгірт түсті шыны банкілерге препарат 50 г-ден салынады. Банкіге өздігінен желімделетін заттаңба жапсырылады.
1 банкі медицина қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынады
Сақтау шарттары
25°С-ден аспайтын температурада, балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек
Қаптама ашылғаннан кейін жақпамайды 6 айға дейін тоңазытқышта сақтау керек.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндірушілер
Др. Тайсс Натурварен ГмбХ
Мишелинштрассе 10, D-66424 Хомбург, Германия
Тел./факс: + 49-6841-709-0/ + 49-6841-709-265
Тіркеу куәлігі исінің атауы мен елі
Др. Тайсс Натурварен ГмбХ, Германия
Қазақстан Республикасының аумағында тұтынушылардан өнімнің сапасы жөніндегі шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:
«Натусана» ЖШС, 050046, Алматы қ-сы, Гайдар к-сі, 198
Тел./факс: 8 (727) 268-31-66