Доктор Тайсс Мультивитамол

МНН: Аскорбиновая кислота, Декспантенол, Железа лактат, Колекальциферол, Никотинамид, Пиридоксин, Ретинол, Рибофлавин, Тиамин, Токоферол, Цианокобаламин
Производитель: Др. Тайсс Натурварен ГмбХ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Поливитамины с минеральными веществами
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№010385
Информация о регистрации в РК: 11.04.2014 - 11.04.2019

Инструкция

Саудалық атауы

Доктор Тайсс Мультивитамол

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Ішуге арналған ерітінді, 200 мл

Құрамы

100 г препараттың құрамында

белсенді заттар: темір (II) лактаты 10,00 мг, ретинол пальмитаты 1000000 ХБ/г (А витамині) 180,00 мкг, холекальциферол (Д3 витамині) 12,50 мкг, тиамин гидрохлориді (В1 витамині) 4,00 мг, рибофлавин-5'-натрий фосфаты (В2 витамині) 5,00 мг, пиридоксин гидрохлориді (В6 витамині) 5,00 мг, аскорбин қышқылы (С витамині) 300,00 мг, токоферолацетат (Е витамині) 30,00 мг, никотинамид 50,00 мг, декспантенол 25,00 мг, цианокобаламин (цианокешені түріндегі В12 витамині) 2,50 мкг,

қосымша заттар: Кремофор® EL, пропиленгликоль, лимон қышқылы, калий сорбаты, шабдалы хош иістендіргіші, қант шәрбаты, тазартылған су.

Сипаттамасы

Сары түсті өзіне тән иісі және тәтті шабдалы дәмі бар, мөлдір немесе сәл бозаңданатын сұйықтық

Фармакотерапиялық тобы

Витаминдер. Поливитаминдер. Минералдық заттары бар поливитаминдер. Мультивитаминдер және темір

АТХ коды A11AА

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Доктор Тайсс Мультивитамол препаратының әсері оның компоненттерінің біріккен әсері болып табылады, сондықтан клиникалық бақылаулар жүргізу мүмкіндігі жоқ; компоненттердің барлығын бірге маркерлердің немесе био-зерттеулер көмегімен бақылау мүмкін емес. Сол себепті препарат метаболиттерін анықтау мүмкін емес.

Фармакодинамикасы

Доктор Тайсс Мультивитамол – витаминдер және минералдардың кешенінен тұратын біріктірілген препарат.

Әсері препараттың құрамына кіретін витаминдердің қасиеттерімен анықталады.

А витамині (ретинол пальмитаты) бала организмінің дұрыс өсуіне және дамуына ықпал етеді. Иммундық жүйенің қалыптасуында маңызды рөл атқарады, организмнің әр түрлі жұқпаларға қарсылығын арттырады. Көру қызметінің қалыпты болуын қамтамасыз етеді. Ағзаның антиоксидантты қорғанышының маңызды компоненті болып табылады.

Д витамині (холекальциферол) өсіп келе жатқан организмде сүйектер мен тістердің дұрыс қалыптасуын реттейді. Қан плазмасында органикалық емес фосфор мен кальцийдің деңгейін ұстап тұрады және аш ішектегі кальций сіңуін арттырады, рахит пен остеомаляцияның дамуының алдын алады.

С витаминінің (аскорбин қышқылы) дәнекер тіндер, сүйектер, шеміршектер, тістер және терінің құрамына кіретін коллаген деп аталатын ақуыздың түзілуінде маңызы зор. Иммунды жүйе және ақ қан жасушаларының қызмет атқаруы үшін маңызды мәнге ие, организмнің әр түрлі жұқпаларға қарсылығының артуына мүмкіндік береді.

Е витамині (токоферолацетат) иммундық жүйенің жағдайын стимуляциялайды және жақсартады. Бұлшықет жүйесінің қалыпты қызметін жүзеге асырып, оның қызмет жағдайын, денеге түскен жүктемеге деген төзімділігін жақсартады.

В1 витамині (тиамин гидрохлориді) кетоқышқылдың декарбоксилденуі үшін коэнзимнің құрамды бөлігіне кіретін көмірсу алмасуының қажетті құрамдасы болып табылады; ақуыз, көмірсу және май алмасуларында маңызды рөл атқарады, нейромедиаторлар метаболизміне қатысады.

В2 витамині (рибофлавин-5'-натрий фосфаты) көмірсулардың, ақуыздардың және майлардың алмасуында, гемоглобиннің синтезінде маңызы үлкен.

Жарақаттанғанда және кесіп алғанда тіндердің регенерациясына ықпал етеді, шырышты қабықтар мен терінің қалыпты құрылымы мен қызметін сақтайды.

В6 витамині (пиридоксин гидрохлориді) орталық және шеткергі жүйке жүйесінің қызметінің қалыпты болуы үшін қажет.

В12 витамині (цианокобаламин) нормобласты қан түзу үдерісіне және тіндердің генерациясына қатысады, эритроциттер гемолизінің алдын алады, зат алмасуын қалыпты етеді.

Никотинамид жоғары жүйке жүйесін және ас қорыту ағзаларының қызметін реттейді, микроайналымды жақсартады.

Темір қан түзу үрдістеріне қатысады. Жасушалық және жергілікті иммунитеттің толыққанды жұмыс жасауына ықпал етеді.

Декспантенол май қышқылдарының тотығуы мен биосинтезіне, кетоқышқылдары тотығуының декарбоксилденуіне, лимон қышқылының, кортикостероидтардың, ацетилхолиннің синтезіне қатысады.

Қолданылуы

Балалардағы гиповитаминоздың және темір тапшылығының алдын алуда:

- ой еңбегі мен дене жүктемесінің жоғарылауында

- ауыруды өткергеннен кейінгі қалпына келу кезеңінде

- балалардағы қарқынды өсу және даму кезеңінде

Доктор Тайсс Мультивитамол препараты теңгерілген және толыққанды тамақтануды алмастыра алмайды.

Қолдану тәсілі және дозалары

Ішке. 2 -ден 4 жасқа дейінгі балаларға 1шай қасық шәрбат (5 мл) препаратынан күніне 1 – 2 рет, 4-тен 6 жасқа дейін 2 шай қасық шәрбат (10 мл) күніне 1 рет, 7 –ден 14 жасқа дейін 2-3 шай қасықтан (10-15 мл) күніне 1 – 2 рет.

1 шай қасық ішінде 5 мл препараттан, 2 шай қасықта - 10 мл препараттан бар. Өлшегіш стақан пайдалануға болады. Препарат қабылдау ұзақтығын дәрігер анықтайды. Ерітіндіні қолданар алдында шайқау керек.

Жағымсыз әсерлері

Болуы мүмкін

- аллергиялық реакциялар (анафилактикалық шокты, бронх түйілуін, Квинке ісінуін, бөртпені, есекжемді, қышынуды, тері гиперемиясын қоса препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық реакциялары)

- нәжістің қара түске боялуы

Сирек

- гиперкальциемия, гиперурикемия, глюкозаға толеранттылығының бұзылуы, гипергликемия

-бас ауыруы, бас айналуы, ұйқышылдық, парестезиялар

- көрудің бұзылуы

- диспепсия, жүрек айнуы, құсу, кекіру, асқазанның ауыруы, іш қатуы, диарея, асқазан сөлі секрециясының ұлғаюы

- несеп түсінің өзгеруі, гиперкальциурия

- гипертермия, тітіркенгіштік, гипергидроз.

Жағымсыз реакциялар даму жағдайында препаратты қабылдауды тоқтату қажет және дәрігерге қаралу керек.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

- гиперкальциемия, гиперкальциурия, нефролитиаз, бүйрек жеткіліксіздігі,

А, D витаминдерінің гипервитаминозы, ретиноидтарды бір уақытта қабылдау, гемохроматоз, гемосидероз, темір алмасуы бұзылуындағы анемияда (темір рефрактерлі анемия, қорғасындық анемиясы, талассемия)

- қант диабеті, фруктоза жақпаушылығы синдромы, глюкоза-галактоза мальабсорбациясы синдромы

- ағзада темір құрамының жоғары болуы

- 2 жасқа дейінгі балаларда.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Ұсынылған дозаларда қолданылғанда басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі күтілмейді.

А гипервитаминозы дамуы мүмкіндігіне байланысты Доктор Тайсс Мультивитамолды құрамында А витамині бар басқа препараттармен немесе пероральді ретиноидтармен бір уақытта қолдану ұсынылмайды. А витамині бір уақытта қолдануда бетаметазонның әсерін әлсіретуі мүмкін. Неомицин А витаминінің сіңуіне кедергі келтіреді.

Кристаллурияны тойтару үшін сульфаниламидтермен емдеуде С витаминінің жоғары дозаларынан аулақ болу керек. С витамині үшциклді антидепрессанттардың, антикоагулянттардың, флуфеназиннің, изопреналиннің, нитрофурантоиннің әсерін әлсіретуі мүмкін; салицилаттар әсерін күшейтуі мүмкін. Ацетилсалецил қышқылы және индометацин С витаминінің әсерін әлсіретуі мүмкін.

Рибофлавин антибактериялық дәрілердің сіңуіне кедергі болып және тиімділігін төмендетеді. Сондықтан оны антибактериялық дәрілерді қабылдау алдында кемінде 3 сағат бұрын қабылдау керек.

В6 витамині леводопаның метаболизмін жеделдетуі мүмкін, бұл препараттың емдік белсенділігін төмендетеді. Изоникотингидразидті, пеницилламин және циклосеринді бір мезгілде қабылдауда препарат құрамына кіретін В6 витаминінің тиімділігі төмендеуі мүмкін.

Пероральді қабылданған В12 витаминінің сіңуіне колхицин, неомицин, пероральді диабетке қарсы дәрілер, ПАСК, хлорамфеникол, фолий қышқылы бөгет болады. Е витамині ұю факторының синтезінде К витаминінің әсеріне кедергі келтіреді.

Холестирамин барлық майда еритін витаминдердің сіңуін төмендетеді.

Темірді шамадан тыс қабылдау, әсіресе С витаминінің көп мөлшерімен үйлестіре қабылдау ағзада темірдің жинақталуына, іркілісті жүрек жеткіліксіздігінің, бауыр циррозының және диабеттің дамуына алып келуі мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Доктор Тайсс Мультивитамол қабылдау уақытында артық дозалануды болдырмау мақсатында, әсіресе майда еритін витаминдерді (А,Д,Е), соңғысының ағзада жинақталатындығынан басқа поливитаминді препараттарды қабылдау ұсынылмайды.

Ерітіндіні сақтауда препараттың сапасына әсер етпейтін бұлыңғырлану болуы мүмкін.

Басқа витаминді, минералды және/немесе құрамында минералдар бар витамин препараттарын қатарлас қабылдар алдында дәрігермен кеңесу керек. Доктор Тайсс Мультивитамолды 5мл шәрбаттың (1шай қасық) құрамында

3 г қант болатындықтан қант диабетімен науқас емделушілерге қабылдау ұсынылмайды.

Бауыр аурулары, өт-тас аурулары бар, созылмалы панкреатитпен, жедел нефритпен, созылмалы гломерулонефритпен, жүрек жеткіліксіздігімен, аллергиялық аурулармен, идиосинкразиямен, подаграмен, гиперурикемиямен, эритроцитозбен, эритремиямен, тиреотоксикозбен, тромбофлебитпен, тромбоэмболиямен, жаңа түзілістермен, туберкулезбен, саркоидозбен, асқазанның және он екі елі ішектің ойық жарасымен ауыратын емделушілерге (асқазан сөлі қышқылдығын арттыру мүмкіндігіне байланысты) сақтықпен тағайындалады.

Жүктілік және лактация кезеңі

Доктор Тайсс Мультивитамол препараты тек балаларға ғана арналған.

Жүктілік және лактация уақытында қолдану үшін қарсы көрсетілімдер жоқ, бірақ тағайындауда С витаминінің жоғары дозалары түсік тастауды болдыруы мүмкіндігін есте ұстау керек.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері.

Көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозалануы

Симптомдары: бас ауыруы, бас айналуы, құсу (А витамині), тахикардия, күрт туындайтын тершеңдік, тыныс алудың қиындауы, тері бөртпесі (никотинамид).

Емі: препаратты тоқтату, симптоматикалық ем.

Шығарылу түрі және қаптамасы

200 мл препараттан полипропиленді бұралып жабылатын қақпағы бар III типті күңгірт шыны құтыларға құйылған.

Құты 2.5, 5, 10, 15 және 20 мл градуирленген өлшегіш қасықпен және медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Др. Тайсс Натурварен ГмбХ

Мишелинштрассе 10, D-66424 Хомбург, Германия

Тел./факс: + 49-6841-709-0/ + 49-6841-709-265

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

Др. Тайсс Натурварен ГмбХ, Германия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Натусана» ЖШС, 050046, Алматы қ., Гайдар к-сі, 198

Тел./факс: 8 (727) 268-31-66

 

Прикрепленные файлы

887223391477976718_ru.doc 60 кб
641204201477977868_kz.doc 76 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники