Доктор Мом® растительные пастилки от кашля (фруктовые)

Производитель: Юник Фармасьютикал Лабораториз (отделение фирмы "Дж.Б.Кемикалс энд Фармасьютикалс Лтд.")
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Препараты, применяемые при кашле и простудных заболеваниях
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№020144
Информация о регистрации в РК: 14.06.2019 - 14.06.2024

Инструкция

Саудалық атауы

Доктор МОМ® жөтелге қарсы өсімдік пастилкалары

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Ананасты, апельсинді, құлпынайлы, лимонды, таңқурайлы, жемісті, жидекті пастилкалар

Құрамы

Бір пастилканың құрамында

белсенді заттар:

жалаң мия тамырларының құрғақ сығындысы

15 мг,

дәрілік зімбір тамыр-сабақтарының құрғақ сығындысы

10 мг,

дәрілік эмблика жемістерінің құрғақ сығындысы

10 мг,

левоментол

7 мг,

қосымша заттар:

  • ананасты пастилкалар: сахароза, сұйық декстроза, глицерол, лимон қышқылы моногидраты, метилпарагидроксибензоат, пропилпараги-дроксибензоат, BQ Supra бояғышы (хинолинді сары (Е104) және көк жылтыр FCF (Е133) бояғыштарының қоспасы), жалбыз хош иістендіргіші (жалбыз эссенциясы), ананас хош иістендіргіші

  • апельсиндi пастилкалар: сахароза, сұйық декстроза, глицерол, лимон қышқылы моногидраты, метилпарагидроксибензоат, пропилпараги-дроксибензоат, “күн батар” түстес сары бояғыш (Е110), апельсин хош иістендіргіші, жалбыз хош иістендіргіші (жалбыз эссенциясы)

  • құлпынайлы пастилкалар: сахароза, сұйық декстроза, глицерол, лимон қышқылы моногидраты, метилпарагидроксибензоат, пропилпара-гидроксибензоат, қанқызыл бояғыш (Понсо 4R) (Е124), құлпынай хош иістендіргіші

  • лимонды пастилкалар: сахароза, сұйық декстроза, глицерол, лимон қышқылы моногидраты, метилпарагидроксибензоат, пропилпараги-дроксибензоат, хинолинді сары бояғыш (Е104), лимон майы, жалбыз хош иістендіргіші (жалбыз эссенциясы)

  • таңқурайлы пастилкалар: сахароза, сұйық декстроза, глицерол, метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидроксибензоат, азорубин бояғышы (Е122), таңқурай хош иістендіргіші

  • жемістi пастилкалар: сахароза, сұйық декстроза, глицерол, лимон қышқылы моногидраты, метилпарагидроксибензоат, пропилпараги-дроксибензоат, жүзім бояғышы (азорубин (Е122) және көк жылтыр FCF (Е133) бояғыштарының қоспасы), жеміс хош иістендіргіші

  • жидектi пастилкалар: сахароза, сұйық декстроза, глицерол, лимон қышқылы моногидраты, метилпарагидроксибензоат, пропилпараги-дроксибензоат, азорубин бояғышы (Е122), көк жылтыр FCF бояғыш (Е133), жидек хош иістендіргіші.

Сипаттамасы

Дөңгелек, екі жағы дөңес, жасыл түсті пастилкалар (ананасты).

Дөңгелек, екі жағы дөңес, қызыл сары түсті пастилкалар (апельсинді).

Дөңгелек, екі жағы дөңес, қызыл түстен шие-қызыл түске дейін болатын пастилкалар (құлпынайлы).

Дөңгелек, екі жағы дөңес, жасыл-сарыдан сары түске дейін болатын пастилкалар (лимонды).

Дөңгелек, екі жағы дөңес, қызыл түстен қою қызыл түске дейін болатын пастилкалар (таңқурайлы).

Дөңгелек, екі жағы дөңес, қызғыш-күлгін түстен күлгін түске дейін болатын пастилкалар (жемісті).

Дөңгелек, екі жағы дөңес, қызғылт-қоңыр түстен қоңыр түске дейін болатын пастилкалар (жидекті).

Пастилкаларда ауа көпіршіктері болуы және жиектері тегіс болмауы мүмкін.

Фармакотерапиялық тобы

Салқын тию мен жөтел симптомдарын басуға арналған препараттар.

АТХ коды R05

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Жүйелік сіңуінің төмен болуына байланысты, препараттың фармакокинетикасы жөнінде деректер жоқ.

Фармакодинамикасы

Қабынуға қарсы және қақырық түсіретін әсері бар біріктірілген фитопрепарат. Препараттың әсері оның құрамына кіретін компоненттердің қасиеттері арқылы жүзеге асады.

Мия тамырының сығындысының қабынуға қарсы, ауыруды сездірмейтін, қақырық түсіретін, тыныштандыратын және спазмолитикалық әсерлері бар; дәрілік зімбір тамырсабағының сығындысы қабынуға қарсы және антигистаминдік әсер етеді; дәрілік эмблика жемісінің сығындысының қабынуға қарсы, ыстықты түсіретін әсерлері бар; ментолдың спазмолитикалық, антисептикалық және ауыруды сездірмейтін әсерлері бар.

Қолданылуы

- тыныс алу жолдарының «құрғақ» жөтелмен қатар жүретін жедел және созылмалы ауруларының (фарингит, ларингит, трахеит, бронхит, тыныс жолдарының шырышты қабығының механикалық тітіркенуі) симптоматикалық емінде, тамақ ауырғанда

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектер әрбір 2 сағат сайын 1 пастилканы ауыз қуысында баяу соруы керек.

Ең жоғары тәуліктік доза – 10 пастилка. Емдеу курсы – 5-7 күн.

Жағымсыз әсерлері

- аллергиялық реакциялар

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат құрамына кіретін компоненттерді көтере алмаушылық және жоғары сезімталдық

- туа біткен фруктозаны көтере алмаушылықпен, глюкоза-галактоза мальабсорбциясымен, сукроза-изомальтоза ферменттерінің тапшылығымен тұлғаларға

- 18 жасқа дейінгі балаларға

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Жөтелге қарсы препараттармен бір мезгілде қолданбаған жөн.

Айрықша нұсқаулар

Препараттың 1 пастилкасында 1618 мг (1,618 г) сахароза және 1037 мг (1,037 г) сұйық декстроза бар, мұны қант диабетіне шалдыққан науқастар, сондай-ақ гипокалориялы емдәм кезінде ескеру қажет.

Жүктілік және лактация

Жүкті және бала емізетін әйелдерге қолдану тәжірибесінің жоқ болуына байланысты, препаратты аталған топқа тағайындауға болмайды.

Дәрілік заттың көлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Әсер етпейді.

Артық дозалануы

Препараттың артық дозалану жағдайлары байқалған жоқ.

Шығарылу түрі және қаптамасы

4 пастилкадан баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықсыз қаптамаға салынған. 5 пішінді қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынады.

8 пастилкадан поливинилхлоридті үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған. 2 немесе 3 пішінді қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ жерде, 30 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Юник Фармасьютикал Лабораториз («Дж.Б. Кемикалс энд Фармасьютикалс Лтд.» фирмасының бөлімшесі)

Нилам Сентер, «Б» қанаты, 4 қабат, Хинд Сайкл Роуд, Ворли, Мумбай – 400 030, Үндістан

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

«Джонсон  Джонсон» ЖШҚ, Ресей Федерациясы

Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөнінде шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы

Қазақстан Республикасындағы «Джонсон  Джонсон» ЖШҚ филиалы

050040, Қазақстан Республикасы, Алматы қ-сы, Тимирязев к-сі 42, 23-А павильоны

тел./факс: +7 (727) 2458810, 2458815

электронды поштасы: : safetyru@its.jnj.com

Прикрепленные файлы

923356631477976859_ru.doc 52.5 кб
921951591477978018_kz.doc 57.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники